Е
15
∑
ЕГІЗДЕР ПАРАДОКСЫ – ЕРІКСІЗ ТЕРБЕЛІСТЕР
318
319
фазасы, полярлануы және таралу бағыты сыртқы толқындардың сәйкес сипатта-
маларымен толықтай үйлеседі. Еріксіз сәуле шығарудың сыртқы әсерсіз пайда
болатын өздігінен сәуле шығарудан принципті айырмашылығы бар. Еріксіз сәуле
шығаруды 1916 жылы Альберт
Эйнштейн (1879 – 1955) жылулық сәуле шығаруды
талдау кезінде кванттық теория көзқарасы бойынша постулаттаған болатын,
соңынан бұл ғылыми тәжірибе жүзінде дәлелденген.
Еріксіз сәуле шығару –
жұтуға кері үрдіс: Эйнштейннің коэффициенттерімен
анықталатын еріксіз сәуле шығару және жұту үрдісінің (процесінің) ықтималдығы
өзара тең, ал шығарылатын фотонның еріксіз шығарылатын фотоннан ешбір
айырмашылығы жоқ, сондықтан еріксіз сәуле шығару кейде т е р і с ж ұ т ы л у
деп те аталады. Әдеттегі жағдайларда жұту еріксіз сәуле шығарудан артық бола-
ды. Бірақ та егер затта кез келген екі энергия деңгейінің толымдылық инверсиясы
болса, онда бұған әсер етуші сәуленің жиілігі осы деңгейлер арасындағы кванттық
ауысудың жиілігімен сәйкес болатын кезде, еріксіз сәуле шығару сәуле жұтудан
артық және қарқындылығы өздігінен сәуле шығарудың қарқындылығынан едәуір
күшті болады. Осы жайт кванттық электроникада пайдаланылған.
ЕРІКСІЗ ТЕРБЕЛІСТЕР – кез келген жүйеде сыртқы ауық-ауық (периодты) әсер
ететін күштер (мысалы, айнымалы магнит өрісі әсерінен телефон мембранасының
тербелістері, айнымалы жүктеменің әсерінен құрылымның механикалық тербелістері)
әсерінен туатын тербелістер. Еріксіз тербелістің сипаты сыртқы күштермен де,
сол секілді жүйенің өзінің қасиеттерімен де анықталады. Периодты әсер ететін
сыртқы күштердің сипаты алғашында уақытқа сәйкес өзгереді, еріксіз тербелістер
сипаты, белгілі бір уақыт өткен соң ғана
жүйеде сыртқы күштердің периодына тең
еріксіз тербелістер орнығады (орныққан
еріксіз тербелістер). Дербес жағдайда,
жүйенің меншікті жиілігіне жуықтау жиілікті
сызықтық тербелісті жүйелерде сыртқы
күштерді қосқан кезде, жүйеде бір мезгілде меншікті (еркін) тербелістер пайда
болады және еріксіз тербелістердің амплитудалары алғашқы сәтте тең, ал фаза-
лары қарама-қарсы болады (сызбаға қараңыз). Меншікті тербелістер біртіндеп
өшкен кезде жүйеде тек орныққан еріксіз тербелістер ғана қалады. Сол себепті осы
жүйедегі меншікті тербелістердің өшуі (сөнуі, тоқтауы) қаншалықты үлкен болса,
тербелісті жүйедегі еріксіз тербелістер соншалықты тез орнығатын болады. Еріксіз
тербелістердің амплитудасы әсер етуші күштің амплитудасымен және жүйенің
өшуімен анықталады. Сыртқы күштің жиілігі жүйенің меншікті жиілігіне жуықтаған
кезде еріксіз тербелістердің амплитудасы кенеттен артып, резонанс басталады.
Еріксіз тербелістердің орнығу графигі
321
320
321
ЖАЗЫҚТЫҚ – біркелкі тегіс бет.
Кристалдардың бас жазықтығы – кристалдың ішінде жүргізілетін оптикалық
ось және жарық толқынының фазалық жылдамдығының бағыты арқылы өтетін
жазықтық.
Оптикалық жүйенің бас жазықтықтары – сызықтық ұлғаюы 1-ге тең
оптикалық жүйенің түйіндес жазықтықтары.
Оптикалық жүйенің түйіндес жазықтықтары – зат орналасқан және оның
кескіні орналасқан жазықтық.
Оптикалық жүйенің фокустық (тоғысу) жазықтықтары – оптикалық
жүйенің бас фокусы арқылы осы жүйенің бас оптикалық осіне перпендикуляр
өтетін жазықтықтар.
Полярлану жазықтығы – жарық толқындарының электрлік векторының
тербеліс жазықтығы.
Сырғанау жазықтығы – кристалл қабаттарының пластикалық деформация
кезінде бір-біріне қатысты параллел ығысу жазықтығы.
Тербелістер жазықтығы – көлденең толқынды сипаттайтын осы толқынның
жылдамдық векторының бағыты және тербелмелі физикалық шаманың векторы
арқылы өтетін жазықтық.
Фокустық (тоғысу) жазықтық – идеал оптикалық жүйенің фокустары
орналасқан осы жүйенің осіне перпендикуляр жазықтық.
Фазалық жазықтық – бір еркіндік дәрежесі болатын динамикалық жүйенің
күйімен анықталатын нүктелер координаттарының жазықтығы.
ЖАҚЫНӘСЕР – денелер арасындағы өзараәсерлесу физикалық өріс арқылы
жүзеге асырылады және өзараәсерлесудің таралу жылдамдығы шекті болады
делінетін түсінік.
ЖАЛҒАН КҮН – Күн айналасында пайда болатын Күн дискісіне ұқсас, жарық
дақтар. Ол гало тобындағы атмосфералық-оптикалық құбылысқа жатады. Жалған
Күн күн сәулесінің бұлт құрамындағы мұз кристалдарынан сыну және шағылысу
Ж
104
∑
ЖАЗЫҚТЫҚ – ЖЫЛУ ТАСЫҒЫШ
322
323
құбылыстарына ұшырауы нәтижесінде пайда болады. Мұндай құбылыс Ай
төңірегінен де байқалады.
ЖАЛТЫРАУ – жарық сәулені
шағылдырушы бет қасиетінің сипаттамасы.
Жалтырау жарық сәуленің көпшілік бөлігі бір мезгілде шашыратылып (диф-
фузиялық) әрі
айналы шағылудың салдарынан болады. Адамның көзі жарық
сәуленің айналадағы айналық және диффузиялық шағылысуын қабылдайды және
жалтыраудың мөлшерлік бағамы осы сәуленің әлгі
шағылуларының арасындағы
қарқындылықтарының қатынасымен анықталады. Кейде сапалық белгілер бойын-
ша да сипатталады, мысалы, металдық жалтырау, алмастық жалтырау, әйнектік
жалтырау деген секілді айтылады.
ЖАНАСПА, э л е к т р л і к – электр өткізгіштік қасиеті болатын, электр
тізбегінің құрама бөліктерінің жанасушы (байланыстырғыш) беті немесе осындай
жалғастыруды жүзеге асыратын тетік. Ток өткізгіш жанаспалар (механикалық
жанаспа) және жартылай өткізгіш (металл-жартылайөткізгіш) және жартылай-
өткізгіш – жартылайөткізгіш жанаспалар болып топталған.
Джозефсондық жанаспа – екі асқынөткізгішті бір-бірінен ажырататын
диэлектриктік жұқа қабат. Ағылшын физигі Брайан
Джозефсонның (1940 жылы
туған) құрметіне атаған.
Оптикалық жанаспа – беттері жақсы жалтыратылған жарық толқынының
ұзындығынан едәуір жақын аралыққа жақындатылған екі қатты дене.
ЖАНАСПАЛЫҚ ҚҰБЫЛЫСТАР – екі қатты денелердің өзара жанасу
аймақтарында пайда болатын электрлік құбылыстар. Жартылайөткізгіш –
жартылайөткізгіш жанаспаларында немесе металл – жартылайөткізгіш жанаспала-
рында болатын құбылыстар мысал бола алады. Егер әртүрлі екі өткізгіш бір-бірімен
жанастырылатын болса, онда бұларды ажыратып тұрған
шекаралар арасында
электрондардың диффузиясы себебінен электрондар алмасады. Жанасушы
денелердің электрондар шығару жұмыстарының шамаларының айырмашылығынан
олардың бір-бірімен қарсы кездесуші диффузиялық ағындары бірдей болмайды.
Осының нәтижесінде ажыратылу шекарасының екі жағында шамалары бойын-
ша тең және таңбалары бойынша қарама-қарсы орны толтырылмаған зарядтар
(шығару жұмысы аз болатын дене оң зарядталады, ал шығару жұмысы көбі – теріс
зарядталатын болады) пайда болады. Жанасу аймағында электр өрісі пайда болып,
оның әсерінен ажыратылу (бөліну) шекарасы арқылы электрондар ығып (яғни
шекара арқылы) өтетін болады. Жанасушы денелердің
Ферми деңгейлерінің
үйлесуімен сипатталатын термодинамикалық тепе-теңдік күйде ыққан және
диффузиялық ағындар теңгеріледі де бір-бірінен ажыратылу шекарасы арқылы
өтетін қорытқы ағын нөлге тең болады. Өткізгіштер арасында
потенциалдар