Физика әлемі пӘндік энциклопЕдИя



жүктеу 6,54 Mb.
Pdf просмотр
бет18/265
Дата25.05.2018
өлшемі6,54 Mb.
#17438
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   265

ЕЛЕУЛІ ЖАҢАЛЫҚ АШҚАН ФИЗИКТЕР

55

ФУКо Жан Бернар Леон (1819 – 1868) – француз физигі. 1850 ж. айналма-

лы  айналар  (Фуко  әдісі)  арқылы  жарық  жылдамдығын  өлшеу  әдісін  жасап, 

жарықтың  ауадағы  және  судағы  таралу  жылдамдықтарын  өлшеген.  Фуконың 

анықтауы  бойынша,  жарықтың  судағы  жылдамдығы  жарық  жылдамдығының 

3/4 үлесіне тең болды. Осы жайт 



жарықтың толқындық теориясын біржолата 

растаған. 1851 ж. 



маятник (Фуко маятнигі) арқылы тәжірибе жүзінде Жердің өз 

осінен айналатынын дәлелдеген. 1855 ж. тұтас металл дененің индукциялық ток 

әсерінен қызатынын 

(Фуко тогы) анықтаған және оның шамасын кеміту тәсілін 

ұсынған. 1849 ж. алғаш болып спектрдің сәулені жұту және шығару сызықтары 

арасындағы байланысты анықтаған.

ХАГА Герман (1852 – 1936) – нидерланд физигі. 1899 ж. алғаш болып рентген 

сәулесінің толқындық табиғатын дәлелдеген.

ХАЛБАн Ханс ( 1908 – 1964) – физик. 1936 ж. өзгелерге тәуелсіз нейтрон- 

дардың дифракциясын ашқан. 1939 ж. Ф. Жолио-Кюри және Л. Коварскимен 

бірлесіп, уран ядросының бөлінуі кезінде екінші реттік нейтрондардың (бірден 

артық)  шығатынын  анықтаған  және 

тізбекті  ядролық  реакцияны  болжаған. 

1940 ж. Л. Коварскимен бірге уран-ауыр су жүйесінде тізбекті реакцияның өтуі 

мүмкін  екендігін  дәлелдеген, 

тізбекті  реакцияны  реттеу  үшін  жылжытыл- 

малы 


кадмий шыбықтарын пайдалануды ұсынған.

ХАн Луис (1921 ж.т.) – американ физигі. 1950 ж. ядролық магниттік резо-

нанс бойынша ғылыми тәжірибеден 



спиндік жаңғырық эффектісін ашқан және  

оны түсіндірген.



ХАнКЕЛЬ Вильгельм (1814 – 1899) – неміс физигі. 1834 ж. сұйықтардың 

электр өткізгіштігінің температура артқанда жоғарылайтынын анықтаған.

ХАнСЕн Уильям Вебстер (1909 – 1949) – американ физигі. 1938 ж. клистрон-

ды ойлап тапқан. 1946 ж. С. Ф. Болхпен бірге 



ядролық магниттік резонансты 

ашқан.


      о.Френель             я.И.Френкель              Ж.Фуко                       Л.Хан


ЕЛЕУЛІ ЖАҢАЛЫҚ АШҚАН ФИЗИКТЕР

56

ХАРКИнС  Уильям  Дрэнер  (1873  –  1951)  –  американ  физигі.  1920  ж. 

нейтронның және 

ауыр сутек-дейтерийдің болатынын алдын ала болжаған

1932  ж.  нейтронның  әсерінен  туындайтын  ядролық  реакцияларды  алғаш  жү- 

зеге асырушылардың бірі.

ХЕВЕШИ  Дьердь  (Георг)  (1885  –  1966)  –  химик,  физик  әрі  радиобиолог.  

1913 ж. Ф. Панетпен бірлесіп6 



таңбаланған атом әдісін тұжырымдаған. 1934 

жылдан  бастап  таңба  ретінде  радиоқорғасын  және  радиофосфор  пайдаланған. 

1923 ж. Д. Костермен бірге 

гафнийді ашқан. Химия ғылымы саласы бойынша 

Нобель сыйлығының иегері (1943 ж.).



ХЕВИСАЙд Оливер (1850 – 1925) – ағылшын физигі. 1886 ж. Дж.Рэлейге 

қатыссыз 



скин-эффект  теориясын  тұжырымдаған.  Атмосфераның  электрмаг- 

ниттік толқындарды шашырататын иондалған қабаты болатынын болжаған.



ХЕЛЛУоРт  Роберт  Уиллис  (1930  ж.т.)  –  американ  физигі.  1968  ж.  еріксіз 

комбинациялық шашыратылу негізінде лазер (комбинациялық лазер) жасаған.



ХЛАднИ Эрнст Флоренс (1756 – 1827) – неміс физигі. 1787 жылы «акустика- 

лық пішіндерді» ашқан және сипаттаған. 1796 ж. қатты денелердегі дыбыстың 

ауадағы  жылдамдыққа  қатысты  жылдамдығын  анықтаған. 

Жаңғырықты 

түсіндірген.



ХоКИнГ Стивен Уильям (1942 ж. т.) – ағылшын физигі. 1971 – 72 жылдары 

қара апан динамикасының екінші заңын орнықтырған. 1974 ж. қара апанның 

«булануының» кванттық үрдісін алдын ала болжаған.



ХоЛЛ Эдвин Герберт (1855 – 1938) – американ физигі. 1879 ж. гальванима-

гниттік құбылыстардың маңызды біреуін – магнит өрісіне орналастырған ток өтіп  

тұрған  өткізгіште  токтың  және  магнит  өрісінің  бағыттарына  перпендикуляр 

бағытталған электр өрісінің пайда болатынын (Холл эффектісі) ашқан.



цВЕЙГ  Джордж  (1937  ж.  т.)  –  американ  физигі.  1964  ж.  М.  Гелл-Маннға 

қатыссыз 



кварктер болжамын ұсынған. 1969 ж. адрондар қарапайым құраушы 

      д.Хевеши                 э.Хладни                   С.Хокинг                   э.Холл


ЕЛЕУЛІ ЖАҢАЛЫҚ АШҚАН ФИЗИКТЕР

57

бөліктер кварктерден құралған күрделі құрылым: бариондар үш кварктен, мезон-



дар  кварктен және антикварктен құралған адрондар моделін ұсынған.

цЕЛЬСИЙ Андере (1701 – 1744) – швед астрономы әрі физик. 1742 ж. нөл 

градус ретінде қалыпты атмосфералық қысымда судың қайнау температурасы, ал 

жүз градус ретінде – мұздың еру температурасы алынған жүз градустық межелі 

(шкалалы) термометрді ұсынған. Оған дейін 1694 ж. итальян физигі Карло 



Ре-

нальдини (1615 – 1698) осындай температураны ұсынған болатын. цельсийдің 

қазіргі кездегі межесі кейін енгізілген.

ЧЕдВИК  Джеймс  Чадвик  (Чедвик)  (1891  –  1974)  –  ағылшын  физигі.  

1932 ж. берилийді альфа-бөлшектермен сәулелеген кезде шығатын сәулені зерт-

тей отырып, ол сәуленің электрлік бейтарап бөлшектер – 

нейтрондардың ағыны 

болып табылатынын анықтаған. 1934 ж. М. Гольдхабермен бірлесіп, алғаш рет 

гамма-квант  әсерінен  ядроның  бөлшектенетінін  байқаған  (Ядролық  фотоэф-

фект). Алғашқылардың бірі болып 



уран -235-тің кризистік массасын есептеп 

анықтаған.



ЧЕМБЕРЛЕн  Оуен  (1920  ж.  т.)  –  американ  физигі.  1955  ж.  Э.  Сегремен 

бірлесіп 



антипротонды ашқан. Нобель сыйлығының иегері (1959 ж.).

ЧЕРЕнКоВ  Павел  Алексеевич  (1904  –  1990)  –  кеңес  физигі.  1934  ж. 

гамма-сәуле  тудыратын  әдеттегі  люминесценциямен  қатар  люминесценция-

лық жарықтан өзгеше бір жарқыраудың пайда болатынын (Вавилов-Черенков 

сәулесі), 1936 ж. осы сәуленің қасиетін ашып, оның бағытын анықтаған. Заттың 

асқынжарық жылдамдықты зарядталған бөлшектердің әсерінен жарқырауы 

Ва-

вилов – Черенков эффектісі деп аталған. Нобель сыйлығының иегері (1958 

жыл).


ШАРЛЬ Жак Александр Цезар (1746 – 1823) – француз физигі. 1787 ж. тұрақты 

көлем  кезінде  берілген  идеал  газдың  массасының  температурасы  өзгергенде 

қысымының өзгеретінін анықтайтын заңды ашқан (Ш а р л ь  з а ң ы).

      дж.цвейг                 А.цельсий                дж.Чедвик            п.А.Черенков



жүктеу 6,54 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   265




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау