В
43
∑
ВАВИЛОВ ЗАҢЫ – ВОЛЬТМЕТР
184
185
ВАРМЕТР (вар «вальт-ампер реактивті» + «метрео – өлшеймін») – айнымалы
токтың электр тізбектеріндегі реактивтік қуатты (Q) өлшеуге арналған аспап: Q=UІ
sin φ, мұндағы
U-кернеу,
I – электр тогының күші, φ – синусоидалы өзгермелі ток
пен кернеу арасындағы фазалық бұрыш. Өндірістік жиіліктік (50 гц) айнымалы
ток үшфазалы тізбектерде қолданылады. Варметрдің тізбекке қосылу сұлбасы
ваттметрдің қосылуына ұқсас. Варметрдің негізін электрөлшеуіш механизмдер
құрайды.
ВАТТ (Вт, W) – механикалық қуаттың, сондай-ақ электр тізбегінің активті
қуатының, жылулық ағынның немесе сәулелер ағынының Халықаралық бірліктер
жүйесіндегі (СИ) өлшеу бірлігі. 1 Вт механикалық қуатқа эквивалентті бірлік;
ағылшын өнертапқышы Джеймс
Уаттың (1736–1819) құрметіне аталған. 1 Вт
қуат 1 секундта істелетін 1 Дж жұмысқа тең; 1 Вт=10
7
эрг/сек=0,102 кг күш∙м/
сек=1,36∙10
–3
ат күші (а.к.).
ВАТТМЕТР (
ватт + ...
метр) – электр тізбегіндегі қуатты өлшеуге [ал айны-
малы ток тізбегінде – активті қуатты – р =UI cos φ (мұндағы U-кернеу, I – электр
тогының күші, φ – синусоидалы өзгеретін ток пен кернеу арасындағы фаза-
лық бұрыш] өлшеуге арналған аспап. Аспаптың негізгі бөлігі электрөлшеуіш
тетік.
ВАТТ-САҒАТ (Вт∙сағ, W∙h) – жұмыс пен энергияның техникада пайдаланы-
латын жүйеден тыс өлшеу бірлігі. Ватт-сағаттың шамасы 1 Вт-қа тең қуаттың 1
сағатта өндіретін жұмысына тең. Ватт-сағат пен жұмыстың (энергияның) басқа
бірліктерінің байланысы: 1 Вт·сағ = 3600 Дж, 1 киловатт сағ·сек = 3,6·10
6
Дж.
ВЕБЕР (Вб, Wb) – магниттік ағын мен ағындық ілінісудің Халықаралық
бірліктер жүйесіндегі (СИ) өлшеу бірлігі. Бұл атау неміс физигі Вильгельт
Вебердің
(1804–1891) құрметіне аталған. 1 Вб – 1 м
2
аудан арқылы тік (нормал) бағытта
өтетін 1 тесла (Тл) индукция кезінде біртекті магнит өрісі тудыратын магниттік
ағынға тең. 1 Вб = 1Кл∙Ом = 1В∙сек = 1Тл∙м
2
= 10
8
максвелл.
ВЕКТОР (латынша – тасығыш) – сан мәнімен және бағытымен сипатталатын,
түзу кесіндімен бейнеленетін шама.
Векторлық шама – сан мәнімен және кеңістіктегі бағытымен сипаттала-
тын физикалық шама; координаттар жүйесінің біреуінен өзге координаттар
жүйесіне ауысқан кезде кесінді бағытының проекциялары ретінде түрлендіретін
координаттық осьте анықталады.
Күштер жүйесінің бас векторы – жүйеге енетін барлық күштердің векторлық
қосындысына тең вектор.
Магниттік вектор – жарық толқынындағы магнит өрісінің кернеулік векторы.
В
43
∑
ВАВИЛОВ ЗАҢЫ – ВОЛЬТМЕТР
184
185
Магниттелу векторы – заттардың біраз көлеміндегі микробөлшектердің
магниттік моменттері қосындысының осы көлемнің шамасына қатынасына тең
вектор.
Толқындық вектор – шамасы толқындық санға тең, ал бағыты толқынның
таралу бағытымен үйлесетін вектор.
Умов – Пойнтинг векторы – электрмагниттік өрістің энергия ағынының
тығыздық векторы. Бұл вектор орыс физигі Николай
Умов (1846–1915) пен
ағылшын физигі Джон
Пойнтингтің (1852–1914) құрметіне аталған.
Электрлік вектор – жарық толқынындағы электр өрісінің кернеулік векторы.
ВЕКТОРЛЫҚ ӨРІС – кеңістіктің әрбір нүктесінде вектор (немесе
төртөлшемді вектор) болып табылатын функциямен сипатталатын физикалық
өріс. Электрдинамикадағы
векторлық потенциал осыған мысал бола алады.
Өрістің кванттық теориясында спині 1-ге тең (мысалы, фотон, болжалды глюондар
және аралық векторлық бозондар) бөлшектер векторлық өрістің кванты болады.
Кеңістіктік инверсия кезінде векторлық өріс таңбасын өзгертеді, яғни векторлық
өріске сәйкес келетін бөлшектер теріс ішкі жұптылыққа ие болады (және векторлық
деп аталған; бұған фотон, ρ-, ω-, φ-мезондар, ψ- және γ – бөлшектер т.б. жатады).
ВЕКТОРЛЫҚ ШАМА – сан мәніне қоса кеңістіктегі бағытымен сипатталатын
физикалық шама;
ВЕНТИЛ (немісше – қақпақ) – электр тогының бағытына тәуелді жоғары
(тура бағыттағы токтар үшін) өткізгіштігі болатын электрлік аспап. Осы
ерекшелігі вентильдерді ток түзеткіштер, инверторлар, жиілік түрлендірушілер,
коммутациялық құрылғылар ретінде пайдалануға мүмкіндік берген. Вентильдік
эффект металл және электролит (электролиттік вентиль), металл және газ (газраз-
рядты вентиль) шекараларында пайда болады.
ВИБРАТОР (латынша «вибраре – тербету, теңселту; дірілдету») – тербеліс
қоздыра алатын жүйе.
ВИДЕМАН ЭФФЕКТІСІ – ұзын бойлық магнит өрісінде орналастырылған
электр тогы өтіп тұрған ферромагниттік шыбықта бұралу деформациясының пайда
болуы. 1858 ж. неміс физиктері: Густав
Видеман (1826–1899) мен Р.Франц ашқан.
Видеман эффектісі бойлық магнит өрісі мен электр тогы тудыратын дөңгелек
магнит өрісінің қосылуынан туындаған өрісте магнитстрикцияның пайда болуы
болып табылады. Егер электр тогы (немесе магнит өрісі) айнымалы болса, онда
шыбықта бұралу тербелісі қоздырылады.
ВИДЕМАН-ФРАНЦ ЗАҢЫ – металдар үшін жылуөткізгіштік коэффициен-
тінің ( ) меншікті электрөткізгіштігіне (ϭ) қатынасы бірдей температура кезінде