Физика әлемі пӘндік энциклопЕдИя



жүктеу 6,54 Mb.
Pdf просмотр
бет45/265
Дата25.05.2018
өлшемі6,54 Mb.
#17438
1   ...   41   42   43   44   45   46   47   48   ...   265

А

79

АБСОЛЮТ БЕЙТАРАП БӨЛШЕК – АЭРОСТАТИКА



118

119


Атомның  сыртқы  қабықшасындағы  электрондар  сыртқы  әсерлерге  оңай 

ұшырайды. Атомдар бір-бірімен жақындасқан кезде күшті өзараәсерлесу туады 

(алмаспалы өзараәсерлесу деген де қосылады), осының нәтижесінде 

молекулалар 

түзіледі. Сыртқы қабықшадағы электрондар химиялық байланыстарға қатысады. 

Екі атомның әлсіз электрстатикалық өзараәсерлесуі әлгілердің өзара полярлану-

ында – элекрондардың ядроға қатысты ығысуынан байқалады. Атомдар арасындағы 

тартылыс күштерінің полярлануы пайда болады. Атомдардың полярлануы сыртқы 

электр өрісінде жүзеге асырылады; нәтижесінде энергия деңгейлері ығысады, бұл 

жайт қайта туған энергия деңгейлерінде өте маңызды, олар ыдырайтын болады 

(Штарк эффектісі). Атом жарық сәуленің электрлік өрісінің әсерінен поляр-

лана алады; полярлану жиілік пен сыну көрсеткішіне тәуелді болады. Атомның 

оптикалық сипаттамасының оның электрлік қасиеттерімен тығыз байланысы, оның 

оптикалық спектрінен айқын байқалады. 

Атомның  магниттік  қасиеттері  сыртқы  электрондарымен  анықталады.  Қа- 

бықшалары электрондармен түгелдей толтырылған атомның магниттік моменті, 

толық механикалық момент ретінде нөлге тең. Электрондармен түгелдей тол- 

тырылмаған  сыртқы  қабықшалы  атомның  магниттік  моменті  нөлге  тең  емес; 

мұндай  атом  парамагниттік  атом  болып  табылады.  Сыртқы  магнит  өрісінде 

магниттік моменттері нөлге тең емес атомдардың бүкіл деңгейлері ыдырайтын 

болады (Зееман эффектісі). Барлық атомдар сыртқы магнит өрісінің әсерінен 

магниттік моменттері (индукцияланған момент деп аталған) пайда болатын диа-

магнетизм қасиетіне ие болады.

Қозған атом – атомның негізгі күйдегі энергиясымен салыстырғанда артық 

энергиялы күйі.



Сутекке ұқсас атом – сыртқы қабықшасында бір ғана электроны болатын атом.

Дүмпулік атом, т е б у л і к  а т о м – ядросы радиоактивтік түрлену кезінде атом 

орналасқан ортаның бөлшектерінің жылулық қозғалыс энергиясынан айтарлықтай 

артық энергия алған атом.

АТОМАРАЛЫҚ ӨЗАРАӘСЕРЛЕСУ – құрамына еркін және бір немесе әртүрлі 

молекулалар, кристалдар енген атомдар арасындағы өзараәсерлесу. Атомаралық 

өзараәсерлесулер коваленттік, иондық, металдық, сутегілік және ван-дер-ваальстік 

түрлерге топталған. Осы аталғандардың алғашқы үшеуі химиялық байланыстар- 

дың себептері болса, сутегілік байланыс молекулалар ішілік және әртүрлі мо-

лекулалар арасында екі теріс электрлі атомдар арасында оң электрлі Н атомы 

болған жағдайда жүзеге асырылады; ван-дер-ваальстік атомаралық өзараәсерлесу 

молекулааралық өзараәсерлесуді тудырады. Коваленттік, иондық және метал- 




А

79

АБСОЛЮТ БЕЙТАРАП БӨЛШЕК – АЭРОСТАТИКА



120

121


дық, атомаралық өзара әсерлесудің энергиясы ~10

2

 кДж/моль, сутегілік байланыстың 



энергиясы ~10–50 кДж/моль және ван-дер-ваальстік энергия ~0,1–1 кДж/моль. 

Коваленттік атомаралық өзараәсерлесу көршілес атомдардың жұп элек- 

трондарының ортақтастырылуынан туындайды. Бұл әсерлесу көбінесе 



алмасу 

әсерлесуі деп аталған. Бұл әсерлесу жай газдардың (Н

2

, СІ



2

) молекулаларының, 

әртүрлі  қосылыстардың  (Н

2

О,  NН



3

),  көптеген  органикалық  молекулалардың 

(СН

4

, Н



3

С–СН


3

) түзілуіне себепші болып табылады. 



Иондық атомаралық өзараәсерлесу валенттілік электрондарды бір атом-

нан өзге атомға ауыстыруға және иондардың осы ауысулары нәтижесінде пайда 

болған электрстатикалық өзараәсерлесуді тудырған. Бұл байланыс металдар мен 

металойдтар қосылыстарына [(NaCI, CaCI

2

, AI


2

O

3



) және иондық кристалдарға 

NaCI, C


s

CI] тән.


Металдық атомаралық  өзараәсерлесу таза металлдар мен олардың қос- 

паларының өзара байланысына және металл торында еркін қозғалатын өткізгіш- 

тік электрондардың болуына тәуелді. Осы электрондар металдың оң зарядталған 

атомдарымен өзараәсерлесіп бір-бірімен бірігеді. Осы әсерлесудің коваленттік 

және иондық атомаралық өзараәсерлесуден өзгешелігі бұлар оқшауланбаған әрі 

бағытталмаған. 



Сутектік атомаралық өзараәсерлесу – электрлік теріс атомдар (электронға 

«туыстас» атомдар. Мысалы, О, N, F) аралығында Н атом болған жағдайда пай-

да болады. Н атомындағы электрон протонмен әлсіз байланысқан, сондықтан 

электрондық тығыздық электрлік теріс атоммен араласқан. Осының нәтижесінде 

протон «жалаңаштанатын» болады және О... О, О...N атомдардың жақындасуына 

кедергі келтірмейді, осы атомдардың арасы Н-тің атомы жоқ болған кездегіден 

гөрі жақын бола түспек.

Ван-дер-Ваальстік атомаралық өзараәсерлесу – атомдардың электрондық 

қабықшаларының қайтадан жабылуы және дисперстік тартылысы салдарынан 

болатын тебілулердің жиынтығы. Атомдар өзара жақындасқанда қарама-қарсы 

бағытталған спинді атомдар бірінен-бірі тебіледі. Электрондараралық тебілулер 

нәтижесінде өзараәсерлесетін екі атом ядросы арасындағы кеңістіктегі электрон- 

дық тығыздық кемитін болады, осы жайт ядроаралық тебілулер энергиясын арт-

тырады. Сонымен, атомдардың ван-дер-ваальстік тебілулері олардың жақында- 

суы кезіндегі электрондардың тебілулерінен және ядролардың электрстатикалық 

тебілулерінен,  электрондардың  өзараәсерлесулерінің  салдарының  жиынтығы  

болады. Ван-дер-ваальстік атомаралық өзараәсерлесу нақты газдардың идеал газ-



дардан айырмашылығының себебі болған. 


жүктеу 6,54 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   41   42   43   44   45   46   47   48   ...   265




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау