Физика әлемі пӘндік энциклопЕдИя



жүктеу 6,54 Mb.
Pdf просмотр
бет183/265
Дата25.05.2018
өлшемі6,54 Mb.
#17438
1   ...   179   180   181   182   183   184   185   186   ...   265

КАВИТАЦИЯ – КЮРИ НҮКТЕСІ

452


453

к

178



КАЛЕЙДОСКОП  (грекше  «калос  –  сұлу»  +  «ейдос  –  түр»  +  «скопео  – 

қараймын») – тез алмасатын симметриялы түрлі түсті өрнектерді байқауға мүмкін 

болатын, айна пластинкалы және әртүрлі түсті әйнек сынықтары бар түтік.



КАЛОРИЯ (латынша «калор – жылу») (кал, cal) – жылу мөлшерінің жүйеден 

тыс бірлігі. 1 кал = 4,1868 Дж; термохимияда қолданылған калория 4,1840 Дж-ға 

тең болған. Алғашқы кезде калория – 1 г суды 1°С-қа жылытуға қажетті жылу 

мөлшері ретінде қабылданған.



КАМЕРА (латынша – бөлме), ф и з и к а д а – аспаптардың жабық қуыс бөліктері 

және фото-, кино- және видео- (латынша – қараймын, көремін) аппараттарының 

жалпылама атаулары.

Вильсон камерасы – зарядталған бөлшектердің траекторияларының бойында 

аса қаныққан будың конденсациясының нәтижесінде пайда болатын иондардың 

іздерін бақылауға арналған аспап.

Диффузиялық  камера  –  зарядталған  бөлшектердің  траекторияларындың 

бойында қаныққан будың конденсациясының нәтижесінде тұрақты түрде пайда 

болатын иондардағы  іздерін бақылауға арналған аспап.

Иондағыш камера – жұмыс істеу принципі ядролық бөлшектердің газды ион-

дау қасиетіне негізделген осы бөлшектерді зерттеуге әрі тіркеуге арналған аспап.



Көпіршікті камера – жұмыс істеу принципі бөлшектердің траекторияларының 

маңында аса ыссы сұйықтың қайнауына негізінде бөлшектердің іздерін тіркеуге 

арналған аспап.

Люминесценциялық камера – люминофорларда зарядталған бөлшектердің 

іздерін бақылауға әрі тіркеуге арналған аспап.



Пропорционалдық камера – бір жазықта және көбінесе бір газды көлемде 

орналасқан көптеген пропорционалдық есептегіштерден құралған құрылғы.



Реверберациялық камера – дыбыстың қоршаулық беттерден мүмкіндігінше 

толық шағылатын, барлық нүктелеріндегі дыбыстық қысым іс жүзінде бірдей 

болатын жағдайда акустикалық өлшеулер жүзеге асырылатын бөлме.

Рентгендік камера – рентген сәулесінің дифракциясы салдарынан үлгіде пай-

да болатын суретті тіркеу тәсілімен осы үлгінің атомдық құрылымын зерттеуге 

арналған аспап.

Стримерлік камера – ұшқындық камераның ұшқындар тез сөнетін және ка-

мера арқылы өтетін зарядталған бөлшектердің іздері тар жарқырауық арналардың 

(стримерлер) тізбектері ретінде байқалатын бір түрі.

Тректік камера – камера көлемі арқылы өтетін зарядталған бөлшектердің 

тректерін (іздерін) көрінетін кескінге түрлендіретін құрылғы.



Ұшқындық камера – әсері газда бөлшектер траекторияларының бойында 


к

178

КАВИТАЦИЯ – КЮРИ НҮКТЕСІ



454

455


ұшқындық разрядтардың пайда болуына негізделген, зарядталған бөлшектерді 

бақылауға әрі тіркеуге арналған аспап.



Эмульсиялық камера – жұмысы зарядталған бөлшектер іздерін фотографиялық 

эмульсиялардың жарық сезгіш молекулаларын иондау негізінде тіркеуге арналған 

аспап.

КАНДЕЛЛА (латынша – шам) (кд, сd) – Халықаралық бірліктер жүйесіндегі 

(СИ)  жарық  күшінің  бірлігі;    сәуле  шығарғыштық  платинаның  қатаю  темпе- 

ратурасына (2042 К) тең болатын және 101325 Па (Паскаль) қысым кезіндегі, 

1/600000 м

2

 қима ауданына перпендикуляр бағытта шығарылатын жарықтың күші.



КАОНДАР – К-мезондар кейде осылай аталады.

КАПИЛЛЯР (латынша «капиларис – қылдай») – өте жіңішке түтікше.

КАПИЛЛЯРЛЫҚ – өте жіңішке, өте жұқа; капиллярлық қасиет.

КАПИЛЛЯРЛЫҚ ҚҰБЫЛЫСТАР (латынша «капиллариус – өте жіңішке, 

қылдай») – бір-бірімен араласпайтын орталардың шекарасында беттік керілудің 

әсерінен пайда болатын физикалық құбылыстар. Басқа сұйықпен, газбен немесе 

өзінің  буымен  шекаралас  сұйық  бетінің  иілуі  (ойыс  немесе  дөңес  болуы)  де 

капиллярлық құбылысқа жатады.

Сұйық бетінің иілуі салдарынан, онда қосымша капиллярлық қысым (∆р) пайда 

болады. Бұл қысымның шамасы беттің орташа қисықтығы Лаплас теңдеуімен 

байланысқан: ∆р = р

1

 – р



2

 = 2σ

12

/r, мұндағы 



σ

12

  –  екі  ортаның  шекарасындағы  беттік 



керілу, р

1

 және р



2

 – сұйықтағы 1-ортадағы 

және онымен жанасқан 2-ортадағы қысым, 

r  –  беттің  орташа  қисықтық  радиусы. 

Сұйықтың  ойыс  бетінің  (r<0)  астындағы 

қысым  теріс  таңбалы  (∆р<0),  ал  дөңес 

бетінің (r>0) астындағы қысым оң таңбалы 

(∆р>0) болады. Шекаралық бет жазық (r=∞) 

болса, сұйыққа қосымша қысым әсер етпейді 

(∆р=0).  Бұл  құбылыс 

молекулааралық 

өзараәсерлесу  күші  мен  сыртқы  күш 

(негізінен ауырлық күші) әсерінен болатын 

сұйық бетінің тепе-теңдігі мен қозғалысының 

кейбір  түрлерін  де  қамтиды.  Сыртқы 

күш әсер етпесе немесе ол басқа күшпен 

теңгерілсе, 



сұйық  беті  жазық  болмай, 

а  –  капиллярдың  жұқтыраратын  қа- 

бырғасындағы  сұйықтың  жоғары  кө- 

терілуі;  б  –  капиллярдың  жұқтырмай- 

тын  қабырғасымен  сұйықтың  төмен 

түсуі


КАВИТАЦИЯ – КЮРИ НҮКТЕСІ

454


455

к

178



әрқашан қисықталған дөңес болады. Мысалы, салмақсыздық жағдайындағы 

шектелген 

сұйық  көлемі  беттік  керілудің  әсерінен  шар  тәрізді  пішінді 

қабылдайды.  Бұл  жағдайда  сұйық  орнықты  тепе-теңдікте  болады.  Өйт- 

кені, көлемдері бірдей геометриялық денелердің ішіндегі 

бет ауданы ең кіші 

болатын  дене  –  шар.  Едәуір  мөлшерде  алынған  тұтқырлығы  аз  сұйық,  өзі 

құйылған ыдыстың пішінін қабылдайды. Тартылыс күші беттік керілудің әсерін 

жеңетіндіктен, мұндай сұйықтың бос беті ж а з ы қ болады. Бірақ сұйықтың массасы 

кеміген сайын беттік керілудің әсері артады. 

Сұйықты газ ішіне бүріккенде немесе газды 

сұйықпен араластырғанда ш а р  т ә р і з д 

і ұсақ тамшылар немесе көпіршіктер пайда 

болады.


Қатты денемен жанасқан сұйық бетінің 

пішініне  жұғу  құбылысының  едәуір 

әсері  болады. 

Сұйықтың  қатты  денеге 

жұғуы  үшін,  сұйық  пен  қатты  дене 

молекулалары  арасындағы



  ілінісу  күші 

сұйық молекулаларының өз арасындағы 

ілінісу күшінен артық болуы қажет. Сұйық 

қатты дене бетімен (капиллярмен, ыдыспен) 

өзінің бетіндегі газбен салыстырғанда күшті 

өзараәсерлесетін болғандықтан, қатты дене 

мен сұйықтың молекулаларының арасында 

әсер ететін тартылыс күштері 



сұйықтың ыдыс қабырғасы бойымен жоғары 

көтерілуіне  ықпал  етеді,  осыдан  сұйықтың  ыдыс  қабырғасына  жанасатын 

тұсында сұйық бетінің қисықтануы пайда болады. Осы жайт т е р і с  қ ы с ы м 

(капиллярлық) тудырады. Бұл қысым о й ы с (майысқан) беттің әрбір нүктесінде 

дәлме-дәл  қосымша  қысымды  теңгереді,  осы  қосымша  қысымды  сұйықтың 

жоғары көтерілген деңгейі тудырады. 1-сызбада ыдыстың қабырғасына жұғатын 

сұйық бетінің пішіні бейнеленген. Сұйықтың ыдыстағы (капилляр түтіктегі) беті 

о й ы с болады. Қатты денеге жұқпайтын сұйықтың капилляр түтіктегі деңгейі 

кең ыдыстағы сұйық деңгейінен төмен және оның беті д ө ң е с болады. Капилляр 

түтіктегі сұйықтың ойыс беті мениск деп аталған. Жұғатын сұйықтың менискісі 

о й ы с, жұқпайтын сұйықтың менискісі дөңес болады. Ойыс менискі астындағы 

капиллярлық қысым теріс болғандықтан, түтіктегі сұйық салмағы капиллярлық 

қысыммен (∆р) теңгерілгенше, сұйық жоғары көтеріледі. Тепе-теңдік күйде (ρ

1



а  –  капиллярлық  қысымдар  айырымы 



әсерінен  капиллярдағы  сұйықтың  ара- 

ласуы  (r

1

> r

2

);  б  –  капиллярлық  қысым- 

дардың қысу әсері (мысалы, эластикалық 

қабырғалы капиллярда)


жүктеу 6,54 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   179   180   181   182   183   184   185   186   ...   265




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау