Физика әлемі пӘндік энциклопЕдИя



жүктеу 6,54 Mb.
Pdf просмотр
бет141/265
Дата25.05.2018
өлшемі6,54 Mb.
#17438
1   ...   137   138   139   140   141   142   143   144   ...   265

Ж

104

ЖАЗЫҚТЫҚ – ЖЫЛУ ТАСЫҒЫШ



352

353


жарықтың қанаттарға түсу бағытын өзгертуге мүмкіндік берген. Құрылғының 

жалпы  құрылысы  мен  өлшеу  әдісі  жарықты  шағылдыратын  немесе  жұтатын 

қанаттардың жарық қысымын анықтауға кедергі келтіретін радиометрлік күштерді 

мүмкіндігінше кемітуге мүмкіндік берді, осының нәтижесінде қанаттар бұралып 

жіпті ширататын (иіретін) болған. 1907 – 10 жылдары Лебедев газдағы жарық 

қысымын өлшеген, бұл қысым қатты денедегі жарық қысымынан жүз есе аз болған. 

Лебедевтің кемелдендірілген тәжірибелерінің нәтижелері Максвеллдің есептеп 

тапқан нәтижелерімен толықтай үйлескен. Осы жайт жарықтың электрмагниттік 

теориясын  растайтын  тағы  бір  дәлелі  болды.  Осы  теория  бойынша  жазық 

электрмагниттік толқынның дененің бетіне ықпал (тік бағытта) ететін қысымы дене 

бетіне түсетін электрмагниттік энергияның тығыздығына тең. Осы энергия денеге 

түсетін және денеден шағылатын толқындардың энергияларының қосындысынан 

құралады. Егер дене бетінің 1 см

ауданына түсетін электрмагниттік толқынның 



қуаты  Q  (эрг/см

2

·сек),  ал  шағылу 



коэффициенті  R  болса,  онда  дене 

бетіне жақын аймақтағы энергияның 

тығыздығы u = Q(1+R)/cек-қа тең бола-

ды. Дененің бетіндегі жарық қысымы 

осы шамаға тең болады: p = Q(1+R)/

cек (эрг/см

2

 немесе Дж/м



3

). Мысалы, 

Күннің Жерге келетін сәулесінің қуаты 

1,4·10


6

 эрг/см


2

·сек немесе 1,4·10

3

 Вт/м


2

сондықтан абсолют жұтушы бет үшін 



4,3·10

–5

 дин/см = 4,3·10



–6

 Н/м


2

. Жерге 


түсетін Күн сәулесінің жалпы қысымы 

5·10


13

 дин (6·10

8

 Н), бұл қысым Күннің 



тарту күшінен 10

13

 есе аз.



Жарық  қысымының  болуы  сәуле 

ағынының тек энергиясы (сондықтан 

массасы  да  болады)  ғана  болмайды, 

оған  қоса  импульсінің  де  болаты-

нын  көрсетеді.  Кванттық  теорияның 

көзқарасы бойынша жарық қысымы –  

жарықтың  жұтылу  немесе  шағылу 

үрдісі (процесі) кезінде денеге фотон-

дар  импульсін  дарытудың  (берудің) 

нәтижесі.



Лебедев  тәжірибесінің  сұлбасы:  В  –  жарық 

көзі  (көмір  доғасы);  С  –  конденсатор;  D  – 

металл диафрагма; К – линза; W – жарықсүзгі; 

S

1

 және S

G

 – айналар; L

1

 және L

2

 – линзалар; 

R  –  қанаттардағы  (D)  диафрагмалардың 

бейнелері  (суретте  әйнек  баллонның  (G) 

ішіндегі  қанаттар  көрсетілмеген);  Р

1

  және  

Р

2

 – әйнек пластинкалар; Т – термобатарея; 

R

1

  –  диафрагманың  (D)  термобатарея 

бетіндегі бейнесі


Ж

104

ЖАЗЫҚТЫҚ – ЖЫЛУ ТАСЫҒЫШ



352

353


Жарық  қысымы  масштабтары  біріне-бірі  қарама-қарсы  екі  құбылыста  – 

астрономиялық  және  атомдық  аймақтарда  маңызды.  Астрофизикада  жарық 

қысымы газдар қысымымен қатар жұлдыздардың орнықтылығын (гравитациялық 

сығымдау күшіне қарсы әсер етіп қамтамасыз етеді. Атомдық аймақтағы жарық 

қысымының эффектісіне жарық қысымының өз импульсінің бір бөлігін жоғары 

энергиялы фотондарға (γ-кванттарға) немесе сәуле шығару және жұту үрдістері 

кезінде кристалл атомдарының ядроларына беру құбылысы жуық келеді (Мёссба-

уэр эффектісі).

Жарық  қысымын  жердегі  қолданбалық  бірқатар  мәселелерді  шешу  үшін 

пайдалану лазерлердің пайда болуынан кейін мүмкін болды. Лазерлік сәулені 

радиусы толқын ұзындығына жуықтау даққа тоғыстауға (фокустауға) болады. 

Жарық энергиясының шоғырлануы нәтижесінде жарық қысымының күші ұсақ 

бөлшектерді (0,1 – 100 мкм) ауада немесе өзге бір ортада ұстап тұруға [о п т и к а- 

л ы қ жеңілдеуге (левитацияға)], тіптен оларды қозғалтуға жеткілікті болады. Бір 

заттың әртүрлі мөлшері бөлшектері әрқилы жарық қысымына ұшырап әралуан 

жылдамдықпен қозғалатын болады. Осы қысым күшімен бөлшектерді әртүрлі 

сыну көрсеткіштері бойынша ажыратып топтауға болады.



ЖАРЫҚ МОДУЛЯЦИЯСЫоптикалық сәуле модуляциясы – оптикалық 

сәуленің  тербелістерінің  амплитудасының  (қарқындылығының),  жиілігінің, 

фазаларының немесе полярлануының уақыт бойынша берілген заңы негізінде 

өзгерту.  Оптикалық  сигналдар  арқылы  ақпарат  тарату  немесе  белгілі  бір 

параметрлі жарық ағындарын тудыру үшін қолданылады. Қандай сипаттаманың 

өзгертілуіне  тәуелді  түрде 



амплитудалық,  фазалық,  жиіліктік  немесе 

полярланған модуляцияларға ажыратылады. Сәулені қарапайым таратқыштар 

(атомдар, иондар) шығарған кезде жарықтың 



табиғи модуляциясы пайда бола-

ды; фотондардың осындай сәуле таратқыштарды шығару тәуелсіздігі және осы 

фотондардың жиіліктерінің әртүрлі болуы сәуленің жиіліктер жиынтығының бо-

луына әкеп соқтырады және амплитуда бойынша ұйытқуларға ұшыратады, яғни 



амплитудалық-жиіліктік модуляцияланған болып табылады. Табиғи жиіліктік 

жарық модуляциясы молекулаішілік тербелістердегі жарықтың серпімсіз шашы- 

рауы  (жарықтың  комбинациялық  (шашырауы)  және  конденсацияланған 

орталардағы серпімді толқындарда да (

Мандельштам – Бриллюэн шашыра-

уы) пайда болады. Осы екі жағдайда да шашыраған жарықтың құрамында түс- 

кен жарықтың жиілігінен айырмашылығы болатын жиілік те болады.

Оптикалық сәуле көзінің өзінде тікелей пайда болатын жарық модуляциясы – 

ішкі жарық модуляциясы, ал сәуле параметрлері жарық көзінен шыққан соң  

м о д у л я т о р арқылы өзгертілетін жарық модуляциясы – 

сыртқы жарық мо- 



жүктеу 6,54 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   137   138   139   140   141   142   143   144   ...   265




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау