4 (74) 2017 | Адам әлемі 141
пікірдің астарында бір кішкене тастың таудан кішкентай болуы және
таудың сол кішкене тастан үлкен болуының мүмкін еместігіне бір ишарат
бар. Себебі, бұлардың бөлшектері шексіз емес. Бұл түсініктегі адамдардың
ойынша шексіз болған екі заттың бір бірінен аса үлкен немесе бір-бірінен
аса кішкентай деп айтыла алады ма? Қарсыластардың пікірінше жоққа
шығаруға сүйенілген сипаттарда ортақ нәрсе басқа тараптардан келген си-
паттарда ортақ болуы (ортақтық) қажет емес. «Тас арад емес, сол секілді
ағаш та акциденция емес» деген кезде бұл жерде «тас ағаш» немесе «ағаш
тас» болмаса «араларындағы бір сипат арқылы ортақ» деп айта алмаймыз.
Сол секілді «Алланың сипаттары акциденция» немесе «айн Алланың си-
паты», болмаса «араларындағы бір сипат арқылы ортақ» деп айту керек
емес деген қарсы пікірге қарсы тақырыпты түсіндіреді: Ас-Сығанақидың
келтірген мысалдары ан-Насафидің айтқандарына ұқсамайды. Бұл жер-
де қарсы пікірге сүйенген сипаттарда ортақ болуға қатысты түсіндірілген
басқаша жағдай қозғалып отыр. Сондықтан бір нәрсе басқа нәрселерден
белгілі бір ерекшеліктерде басқа бола алады және олармен ортақ бола ал-
майды. Мәселен, тас акциденция болмағаны үшін немесе айн болмағаны
үшін тас деп атала алмайды. Бәлки, өзіне қатысты бір айны және өзіне
қатысты бір сипаты бар болғаны үшін тас деп аталады. Тасқа бұл атауды
басқа айндардан бөлек болсын деп тас деп атаған. Сол секілді ағашқа да
өзіне қатысты жерде өсетін бір айн және бұтақтары бар секілді белгілі бір
сипатқа ие болғаны үшін оған ағаш деген атау берілген. Алланың сипатта-
ры және айн тақырыбы да осыған ұқсайды.
Таудың мүсін болуымен (бейнесі арқылы) тас бөлшектерден үлкен
болуы мәселесіне келер болсақ таудың құрамындағы бөлшектер тас
бөлшектерінен өте көп. Нәтижесінде көптік пен аздық деген мәселе пайда
болады. Шексіздік тұрғысынан көп болу мен аз болу белгілі бола алмайды.
Көптік пен аздық және шексіз бен шектеулі тақырыбын жіктеу
мақсатында Табсиратул-Адилләдан бір үзінді арқылы тақырып жалғасады:
Алланың білетіндері – Оның күші жететіндерден көп. Себебі ол за-
тын біледі. Бірақ білімі мен күш құдіреті шексіз болса да, оның заты күші
жететін нәрсенің түрінен емес. Бұл сөздің нәтижесінде соңы (шегі) болмаған
нәрсенің басқа бір шегі болмаған нәрседен өте көп бола алатындығын айта
аламыз.
Алланың білген нәрселері мен күші жететін нәрселері қамтылған
нәрселерге байланысты – Алланың олар жайында білімі өте көп деген
пікірді ан-Насафи мақұлдай қоймайды. Алайда, Алланың білімі мен күш
құдіретінде шек жоқ. Сондықтан екеуіне (білім мен күш құдірет) бірі басқа
бірінен өте көп деп айтылмайды.
Аздық пен көптік бар болуға (ужуд) сүйенген екі қасиет және жоқ
болулары суреттелмейді. Қарама-қарсы артықтық пен көптік тау мен тас
бөлшек хаққындағы мысалдағыдай бар болуы (ужуд) тақырыпқа арқау
Таджибаев С., Керім Ш. Хұсам Ад-Дин Ас-Сығнақидың «Иләһият» танымындағы...
142 Адам әлемі | 4 (74) 2017
болған нәрселер үшін де жарамды. Әрқайсысы да шектеулі және соңы бар
нәрсе. Соңы жоқ болған нәрсе үшін аздық пен көптік деген мәселені қозғай
алмаймыз.
Хұсам ад-Дин Ас-Сығнақи Табсиратул-Адилләда келген бір тар-
тыс төңірінде де әңгімесін жалғай түседі. Бұл жерде қозғалған мәселе
материялардың бір жерге жиналуы (топталуы) өздігінен бе, әлде Алла
Тағаланың жаратуынан ба деген тақырып аясында өрбиді.
Егер материялардың бір жерге жиналуы өздігінен жүзеге асады десек,
олардың ажыраулары (ифтирақ) ойға да келмейді. Ал егер бір араға жи-
налуы Алла Тағаланың жаратуынан десек, Алла бір жерде болуы орнына
ажырауын жаратады ма? деген сұрақ туады. Жоқ, бұған күші жетпейді де-
ген жағдайда, онда Алла Тағала әлсіз деген болар еді. Яғни, оған қауқарсыз
болғаны. Ал, күші жетеді десек бөлінбейтін бөлшек мақұлданар еді. Бұл
жағдайдан шығуды қалаған адам былай деуі керек: бар болуы ақылға кел-
меген нәрсенің кұдіреті жоқ болып есептелуі жағдайының ұлылығы себепті
әлсіздігі мақұлдана алмайды. Мысалы, іс-әрекет пен тыныштықтың (су-
кун) арасын біріктіру, жисмдердің бүтін бөлшектерінің ажырауын және
біріктіруін жарату осыған мысал бола алады.
Ас-Сығнақи тартысқа арқау болған бөлінбеген бөлшектер тақырыбында
ажырау (ифтирақ) мүмкін бе? әлде мүмкін емес пе? деген сұрақтар қояды.
Егер рұқсат (жайз) деген болса, онда Алла Тағаланы құдіретті деген болар
еді. Ал басқаша жауап берсе, Алла Тағаланы әлсіз деп сипаттаған болар еді.
Бұл мүмкін емес деп жауап берсе қарсы шыққан бөлінбеген тілім (бөлшек,
кесек, кесінді) түсінігін қабыл еткен (мақұлдаған) болар еді. Ас-Сығнақи
«бөлшектелмеген» сөзі арқылы бөлшектелудің мүмкін емес екенін астын
сыза түседі. Қарсы тарап бөлінудің мүмкін екенінің дәлеліне қатысты мы-
надай мысалды бір әдіс қолданады: «Екі монада арасына бір монада орна-
ласа алады. Жәуһәрдың оң жағына келген жағы сол жағына келген жағынан
басқаша болады. Нәтижесінде ортадағы монада оң және сол түрінде екі
бөлікке бөлінген болады. Бұл кішкентай монада болса да бөлшектелінеді
(бөлінеді). Ас-Сығнақи болса бұл әдіс арқылы монаданың бөлінбейтінін
айтады. Себебі бұл екі жағы да акциденция және монадамен бірге болып
табылады. Бұл екі жағының монаданың оң және сол жағы болып сипатта-
лады. Басқа жағынан алып қарасақ бір бірінен басқа акциденциялардың бір
монадада (жәуһәри фард) жиналуы (бірігуі) мүмкін. Мысалы, бір монада
іс-әрекетсіз (сакин) және (һәм) ақ түсті бола алады. Қардың бөлшектерінде
ақтық пен суықтық секілді екі түрлі акциденциялардың да бола алатыны
осыған да бір мысал бола алады [Ас-Сығнақи, 1207, б. 18а].
Ас-Сығнақи бөлінудің шексізге қарай жалғасуын емес, бір нүктеде
(жерде) бітуін білдірген «бөлінбеген тілімнің (нәрсе, кесінді, кесек, бөлшек)
(түрікше парша)» бар болуы тақырыбындағы тартыстарын сенім (иғтиқади)
тұрғысында және күнделікті тіршілікте (өмірде) көрініс табуының не
Дінтанулық және исламтанулық зерттеулер
Достарыңызбен бөлісу: |