Философский и общественно гуманитарный журнал



жүктеу 1,76 Mb.
Pdf просмотр
бет56/61
Дата21.12.2019
өлшемі1,76 Mb.
#24767
1   ...   53   54   55   56   57   58   59   60   61

4 (74) 2017 | Адам әлемі     131
әдістермен  бөлісу  және  арнайы  жиындар  өткізу.  Контртеррорлық  коми-
тет  қызметіне  КТК  атқару  директораты  жетекшілік  жасап,  әрбір  елдің 
хал-ахуалына  эксперттік  баға  беру  және  мүше  елдердің  контртеррорлық 
қызметіне  техникалық  көмек  беру  жолдарын  үйлестіреді.  КТК  қызметтік 
аясы  төмендегідей:  терроризмді  қаржыландыру  бойынша  қылмыстық 
жауапкершілікке  тарту  және  терроршыларға  баспана,  көмек  және  қолдау 
көрсетпеу, терроризммен күрес мақсатында үкіметаралық ақпараттарды ал-
масу, терроршыларды іздеп табу, тұтқындау және қудалау, тергеу бойынша 
үкіметаралық ынтымақтастық. 
Батыс  еуропа  елдерінде  террорлық  радикализацияға  күрес  бойынша 
жұмысқа әйелдердің белсенді қатысуын қолдауға арналған жобалар дайын-
далуда. Әйелдердің қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге қатысуының 
себебі,  экстремизм  және  террорлық  радикализацияға  жетелейтін  сасяси, 
экономикалық, мәдени немесе білім беру бағдарламаларын анықтау және 
шешуге  өзгеше  пікір-пайымдарды  ұсынады.  Әйелдер  экстремистік  және 
террорлық  радикализацияға  ұшыраған  қыз-келіншектер  мен  жастарға 
тиімді әрі нәтижелі ықпал жасауы мүмкін. Бұл ұстаным радикализация және 
терроризмнің  алдын-алу  және  күрес  шараларының  гендерлік  қырларын 
дұрыс түсінуге және мониторинг жүргізуге септігін тигізеді. Бұл жұмыста 
тұрақтылық  пен  бірізділік,  нәтижелерді  үнемі  бағалауда  маңызды.Терро-
ризммен тиімді күресу үшін қоғам тарапынан қолдауға ие болу өте маңызды. 
Сондықтан  еуропалық  мемлекеттер  үкіметтік  емес  сектордың  қолдауына 
сүйеніп және азаматтық қоғам институттарымен әріптестік қатынас орна-
ту жолымен бірлесе әрекет жасайды. Тероризмнің алдын алу және күресте 
қоғаммен  бірлескен  іс-шаралар  мемлекет  пен  жеке  сектор  әріптестігінің 
үлгісі  болып  табылады.  Радикализациялану  және  діни  экстремизмнің  ал-
дын  алу  шараларына  діни  бірлестіктер  және  дін  лидерлерін  тарту  да 
қарастырылған. Түрлі қайнар көздерден алынған деректерді жинау, бағалау 
және  талдау  радикалды  топтардың  іс-қимыл  әдістерін  және  ұйымның 
мақсатын анықтауға мүмкіндік береді.
1978 жылы Францияда контртеррорлық дайындықтың ұлттық жүйесі 
La  Plan  Vigipirate  құрылды.  Солшыл  террорлық  топтар  ұйымдастырған 
террорлық әрекеттерге қарсы құрылған ұлттық жүйенің негізгі екі мақсаты 
–  халықты,  инфрақұрылымды  және  институттарды  қорғау,  террорлық 
шабуылға  дайындықты  арттыру.  Ұлттық  жүйе  тікелей  премьер-минис-
трге бағынышты. Ұлттық жүйенің төрт қағидаты: террорлық қауіпті үнемі 
талдауға негізделген қырағылық; қоғамның барлық салаларындағы қауіп-
қатерді кешенді талдау және табу; мемлекеттік орган және жеке компани-
ялар, қоғам өкілдерін тарту; террорлық қауіп-қатерге мемлекеттің даярлық 
денгейін анықтау;
Террорлық  қауіптің  төрт  денгейі  және  тиісті  іс-шаралар:  сары-
қырағылықты  арттыру  шаралары;  қызғылт-сары  деңгейдегі  террорлық 
Бейсенов Б. Постсекулярлы әлем: дін және қоғам


132     Адам әлемі | 4 (74) 2017
әрекеттің алдын-алу шаралары; қызыл-бір немесе бірнеше белгілі террорлық 
әрекет  қатерінің  алдын-алу  іс-шаралары;  күлгін:  бір  немесе  ыдыраңқы 
түрдегі ауқымды террорлық әрекеттің алдын-алу шаралары.
Оңшыл бағыттағы терроризм-неонацистік, неофашистік, нәсілшіл топ-
тар ұстанатын идеология. Қазіргі кезде оңшыл бағыттағы терроршылдардың 
іс-әрекеті-мигранттар мен шетелдіктерге қарсы бағытталады. Оңшыл тер-
роршылдар еуропа елдерінде таралған. Солшыл бағыттағы терроризм-сол-
шыл  радикалдар  ұстанатын  (большевизм,  троцкизм,  маоизм)  идеология.
Солшыл  бағыттағы  терроризмнің  тамыры  билік  жолында  бақталастық 
және  қантөгістен,  анархизм  және  халықшылдар  ілімінен  бастау  алады. 
Қазіргі солшыл бағыттағы терроризмнің бастауы - 1968 жылғы мамыр ай-
ында  Париждегі  студенттер  көтерілісі  болып  табылады.  Соңғы  жылдары 
ақпараттық қауіпсіздік және киберқауіпсіздік ұғымдары ғаламдық тұрғыда 
көкейкесті мәселеге айналды. Себебі кибер шабуылдар мемлекеттің маңыз-
ды  және  сыни  инфрақұрылымдарына  қарсы  бағытталады.  Соңғы  жыл-
дары саяси мінез-құлыққа діннің ықпалы өскен. 2011 жылғы араб көктемі 
аймақтық жобасы аясында Тунис, Мысыр, Ливия, Йемен елдерінің жастары-
ның санасын шарпуында Facebook and Twitter желілері өзіндік рөл атқарды.
Кейбір  елдерде  түрлі-түсті  төңкерістер  және  террактілерде  билік 
Facеbook және Twitter қызметін және аумақтағы әлеуметтік желілерді же-
дел  түрде  тоқтатады.  Кибертерроризм  қаупі  ақпараттық  қауіпсіздік  іс-
шараларын барынша күшейтуді талап етеді.
Қорытынды
Халықаралық  тәжірибеде  киберқалқан  іс-шарасы  барысында  ақпа-
ратты  жаппай  жинау  мен  өңдеу,  талдау  терактілердің  алдын  алуға  және 
экстремистерді анықтауға көмектеседі. Telegram мессенджеріндегі террор-
лық  ұйым  ДАИШ-тің  (Қазақстанда  тыйым  салынған)  ақпараттық  кана-
лында  экстремистік  идеялар  насихатталады.  Радикал  ұйымдар  көбіне 
Tor  анонимді  браузерін  және  VPN  қызметін  қолданады.  Қазіргі  уақытта 
ғаламтор мен әлеуметтік желілердегі ақпараттық материалдарды сүзгіден 
өткізе білуге үйрететін дағдыны қалыптастыру тәсілдерін даярлау өзекті. 
Елбасы «киберқылмыспен күрестің өзектілігі барған сайын арта түсуде»-
деп еліміздің киберқалқанын құруды тапсырды. Сондықтан жастарымызды 
зайырлы мәдени ұстаным мен аналитикалық және сыни ойлау мәдениетін 
қалыптастыратын  гуманитарлық  пәндерді  оқыту  әдістерін  жетілдіру 
маңызды.
Библиография
Назарбаев, Н. ‘Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру’. Қазақ әдебиеті. 14.04.2017.
Дінтанулық және исламтанулық зерттеулер


жүктеу 1,76 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   53   54   55   56   57   58   59   60   61




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау