4 (74) 2017 | Адам әлемі 25
«Мемлекет қайраткерінің афоризмдері», «Азаматтық саясат» атты
еңбектері кемелдену процесінде идеалды болатын азаматтық қоғам құру
мәселесіне арналған. Ізгілікті немесе надан қалалардың пайда болуы
қоғамның моральдық мазмұны бойынша әртүрлі саяси көрініс болып та-
былады. Кейбір қоғамда моральдық сана қалыптасса, басқаларында –
надандық қалыптасады. Ізгілікті қаланың негіздері – моральдық дәстүр,
ағартушылық, білім. Мұндай қоғамдағы басшының рөлі – адамгершілік
идеологиясын қалыптастыруды көздейді.
Кемелденген мемлекет қандай болу керек? Фарабидің пікірі бойын-
ша, біріншіден, ол тарихи жағынан табиғи және адам болмысына қайшы
келмейтін жетілген иерархиялық құрылым. Бұл мемлекетте әрбір адам
«басшы бола тұрып немесе басқара отырып өзіне тән бір өнермен айналы-
сады және бір жұмысты орындайды...» [Сатыбекова 1975].
Сондықтан, мемлекет – бұл қоғамның қорғаушысы, халықтың еркі мен та-
лаптары, осы мемлекеттің қалыптасу шарттары болып табылады. Бұл қоғамда
сөз жоқ, әдеп-ғұрыптарды, жақсы дәстүрлерді, қоғамдық моральді тарата-
ды және оның іс-шараларының дұрыстығы мемлекет арқылы анықталады;
бірақ мемлекет өз ісінде халыққа қажет емес тұстарын зорлық-зомбылықпен
жүктеуге, сақтауға, қолдануға құқығы жоқ. Керісінше: «...мемлекет адамдарға
белгілі бір тәртіппен осы жақсы дәстүрлердің жоғалып кетпеуіне, сақталуына
(онда да қоғам пайдасына) ынталандыруы тиіс» [Хатами 2002].
Жоғарыда айтылғандарға байланысты, мемлекет пен халықтың
арақатынасы тирандық немесе еріксіз күшпен анықталмайды. Мемлекеттің
міндеті – халықты оқытып және тәрбиелеу, жақсы және қайырымды қадамдар
жасауға қызығушылығын тудырып, ынталандыру қажет. Сонымен «...
мұндай мемлекет халық үшін қолайлы қызметтері мен артықшылықтарының
арқасында, халықтың қолдауы арқылы пайда болуы мүмкін. Бұл қызмет
басқару немесе халық таңдауы арқылы қорытындыланады. Саясат – осын-
дай қызметтің нәтижесі» [Гафуров & Касымжанов 1975].
Сондықтан мемлекет қандай да артықшылықтарымен ерекшеленуі
тиіс және оның миссиясы – халыққа қызмет ету. Мұндай мемлекет болған
жағдайда, халық өз еркімен қабылдайды, сонда ғана қоғамдық жүйенің
«еркімен» мойынсұнып, бағынатын басқа да құрамдас бөлігі пайда бола-
ды. Сонымен, мемлекет нығаймайынша, оның «тамырлары азаматтардың
өз еріктерімен соққанда» ғана өркениетті қоғам жасауға болады. Сол
сияқты қаладағы адамдар да әртүрлі болса да, қала басшысына бағынып,
бір-бірімен келісіп іс-әрекет жасап, өмір сүрулері керек. Мұны тұрғындар
армандаған қоғамды өзіне бағындыруға қабілетті «басқарма» қызметі деп
атауға болады. Әл-Фарабидің пікірінше, саясат – өркениетті, утопиялық
қоғамның халыққа қызмет етуі болып табылады.
Әл-Фараби мемлекетпен басқарылатын орталықты жақтады, анар-
хия мен тәртіпсіздікке жиіркенішті қарады. Ол осыған қарамастан барлық
Нүсіпова Г. Әл-Фараби іліміндегі мемлекеттік биліктің дискурсы
26 Адам әлемі | 4 (74) 2017
надан қалалардың ішінде «ұжымдық» қаланы қалайды. Өйткені оның
қайырымды қалаға айналуына жақсы мүмкіндігі бар, бірақ, қала сырты-
нан анархиялық одақтың жекелеген бөліктері ретінде «түрлі-түсті неме-
се түрлі-түсті әшекейлерді» еске салғанымен, мұндай қаланың басшыла-
ры өздерінің әртүрлі, әділетсіз талаптарын қанағаттандырды. Бірақ сол
қалаға халықтың ағылу себебі ол – төзімділік. «Осы қалада әртүрлі адамдар
өмірге келеді, некелер қиылады және түрлі қарым-қатынастар орын алады,
әртүрлі балалардың тегі дүниеге келеді, тәрбиеленеді» [Аль-Фараби 1973].
Сондықтан әл-Фарабидің уақыт өте келе ұжымдық қаладан лайықты адам
шығатынына мүмкіндік бар деп есептеді.
Әл-Фарабидің ақыл-оймен қоғамдық өмірді қайта құруға деген
ұмтылысы өзімен өзі утопиялық немесе идеалистік емес. Қоғамның
дамуының түпкі себебін шын түсіну қиын болса да, адам өмірін қалай
өзгертуге болатын ұсынысы алдамшы екенін біле тұра, осы ұмтылыстың
өзі, оның нақты мазмұнының алға жылжуын көрсетеді. Алдыңғы барлық
тарихи дамудағы «Ақыл-ой патшалығының идеясы» орындалмайтын арман
екенін көрсетті.
Әл-Фарабидің бұл идеялары белгілі бір дәрежеде жаңа Қазақстанның
мемлекеттік құрылысының заманауи болмысында көрініс табады.
Қазақстанның қазіргі жағдайында билік-мемлекет-қоғам қарым-
қатынасының жаңа мүмкіндіктері ашылып, модернизациялық процес-
тер жүруде. Әсіресе, мемлекет басшысы Н.Ә. Назарбаевтың «Болашаққа
бағдар: рухани жаңғыру» атты мақаласы терең стратегиялық мәселелерді
көтереді [Назарбаев 2017].
Қайырымды қала басшысы – әл-Фарабидің ойынша, мінсіз билеуші,
ол этикалық нормаларға негізделген әділетті билікті жүзеге асырып, ізгі
қасиеттерімен көрінуі тиіс.
Егер қазіргі заманғы саяси биліктің конструкцияларын параллельді
қарайтын болсақ, Қайырымды қаланың басшысы – бұл заманауи сипаттағы
президент үлгісі.
Қазіргі әлеуметтік-саяси болмыста президенттік институт, яғни әділетті
билеуші институты өзгеруде, кемелденуде және жаңғыруда. Мысалы,
Қазақстанды дағдарыстан алып шығатын және тұрақты дамудың жолдарын
жасайтын күшті биліктің қажеттілігі объективті түрде қалыптастырылды.
Бұл қажеттілікке белгілі бір себептерге байланысты тек президенттік
биліктің тармақтары ғана жауап бере алды. Оның басымдылығы заң
шығарушы тармақтарына қарағанда келесі міндеттерден тұрды:
- Президенттің анықтауымен саяси еркіндіктердің бірлігі;
- атқарушы билік аппаратының қатаң иерархиясы;
- басқарма кадрлары тізімінің жақсы іріктелуі;
- халықтың алдында мемлекетті басқаруда нағыз билік иесі болып
көрінетін атқарушы биліктің тікелей болуы;
Қазіргі заманның философиялық мәселелері
Достарыңызбен бөлісу: |