Философия, оныњ пєні, негізгі баѓыттары, функциясы жєне зерттеу объектісі



жүктеу 1,29 Mb.
бет6/7
Дата19.11.2018
өлшемі1,29 Mb.
#20782
1   2   3   4   5   6   7
Педагог:Менің берген белгім бойынша, жүректі толтырыңдар.Мысалы, мен оқығанды жақсы көремін, пиязды жақсы көрмеймін.

3 бекет – «Талқылау» Оқушылар қағаздағы «Аяқталмаған сөйлем» анкетасын толтырады:

- бастауыш мектепте маған бәрінен бұрын ұнағаны...

- бесінші сыныпта маған бәрінен бұрын ұнағаны...

- бастауыш мектепте маған ұнамағаны...

- егер мен директор болсам, мектепте бұдан да жақсы болу үшін мынаны істер едім...

- егер мен сынып жетекшісі болсам, сыныпта қызықты болу үшін мынаны істер едім...

4 бекет – ойындық. «Хайуанаттар бағы» ойыны. Балалар шеңбер болып отырады.Қазір балалар, әрбіреуіңе хайуанаттар аттары жазылған карточкалар таратылады. Менің нұсқауым бойынша, сендер қағаздарыңда жазылған хайуан бейнесін жесттер мен дыбыстар көмегімен көрсетесіңдер. Әр қатысушының міндеті – сыныптастарың қай хайуанды сомдап тұрғанын табу.Ойын барысында сөйлеуге тыйым салынады.

Сосын балалар жұп болып екі қатарға тұрулары тиіс; бірінші қатардағы балаларға жануардың аты жазылған карточкалар беріледі және балалар оны сомдайды, ал екінші қатар хайуанның атын табады.Нәтижесінде тұтас сынып ондағы оқушылар санына байланысты 4-5 адамнан топтарға бөлінеді. Осындай құрамда балалар партаға отырып келесі бекетке сапар шегеді.

5 бекет – «Нағыз бесінші сыныптағы оқушы»

1 тапсырма. Өзіне ат таңдау.

2 тапсырма. Сұрақтарға жауап беру

- сендерге сабақ беретін мұғалімдерді алдымен жазып сосын атап беру;

- нағыз бесінші сынып оқушысының 5 қасиетін атау;

6 бекет – «Ақырғы». «Қарым-қатынастың түрлі-түсті тесті» әдістемесі қолданылады. Қос беттің соңғы бетінде төрт шаршы салынған.

Педагог:Балалар шаршыларды өздерің мыналарды қалай деп көресің, сол түстермен бояп шығыңдар:


  • мұғалім;

  • ана;

  • сыныптасың;

  • мектеп;

Бекітуші саты: «Менің жанұям» атты суретті тест жүргізіледі.

Сабақ нәтижесін шығару:балалар сендерге сабақта не ұнады және не ұнамай қалды?

Қоштасу.

5-сынып оқушыларының сынып ішілік қарым-қатынасын жақсартуға арналған тренинг

«Біз және біздің сынып»

Мақсаты: сынып ішілік қарым-қатынасты жақсарту

Сабақ барысы.

1. Ең алдымен оқушыларға ұсынылады: оң жағында отырған көршісіне, сол жақтағы көршісіне қарап күлімсіреп, қолынан қысып, СӘЛЕМ деулері керек.
2. Сынып жетекшісі барлығы бір уақытта айғайлап, өз мекен-жайларын айтуларын өтінеді. Кейіннен кез келген оқушыдан басқа оқушының мекен-жайын сұрап, не себепті ақпаратты дұрыс түсінбегендіктерінің себептерін айтып, қарым-қатынастың ережелерін енгізеді:

  • Басқа біреудің сөзін бөлуге болмайды!

  • Сені басқа біреудің тыңдағанын қаласаң, өзің тыңдап үйрен!

3. Сынып жетекшісі дискуссия ұйымдастырады, аяқталмағын сөйлемдерді оқиды, ал оқушылар соған сәйкес сыныптастарының атын мен тегін айтады.

  • Біздің сыныпта өз бетінше жұмыс істейтін оқушы…

  • Мені жиі таңқалдыратын оқушы...

  • Өмір деген қиын нәрсе, бірақ біздің сыныпта қиындыққа төзе білетін оқушы...

  • Бұзақыға қиын соғады, егер ол біздің ... кезіктірсе.

  • Біздің сыныптағы ең дарынды тұлға ...

  • Сыныпта бәрінен де жақсы тыңдай білетін, түсінетін, қолдау көрсете білетін...

  • Егер сыныпта көңілсіз болса, демек сыныпта... жоқ.

  • Маған …тақтада жауап бергені қызықты.

  • Жақын арада…үздік оқушы атануы мүмкін.

  • Менің түсіме жиі кіретін оқушы…

  • Тапқырлық…тән.

  • Сыныптық кештердің сәні…

  • Сыныптағы ең мейірімді оқушы деп …айта аламын.

  • Саясатқа қызығатын оқушы…

  • Біздің сыныптағы жомарт оқушы …

  • Қарапайымдылығы ерешелеп тұратын оқушы…

  • Сыныпта …келгенде көңілдірек.

4. Оқушыларға оқу жылындағы ең басты жетістіктері туралы айтып беру ұсынылады. Әрбір айтылған жетістікке қалған барлық оқушылар хормен «Тамаша!» деп айғайлап, бас бармақтарын жоғары көтереді.

5. Сергіту жаттығуы

Өзіңді келесі категорияға жатқызатын болсаң, қолыңды шапалақта:



  • Барлығымыз шапалақтаймыз;

  • Тек қана қыздар;

  • Дәмді тамақтанғанды ұнататындар;

  • Сабаққа кешігетіндер ғана;

  • Жақсы оқитындар ғана;

  • Жазғы демалысты жақсы көрмейтіндер ғана;

  • Тәттіні жақсы көретіндер ғана;

  • Футбол ойнағанды жақсы көретіндер ғана;

  • Көңіл-күйі көтеріңкілер ғана.

6. «Менің бейнем күн сәулесімен шағылысуда» жаттығуы

Әрбір оқушыға парақ таратылады. Парақтың дәл ортасында шеңбер ішінде «Менің шамам келеді!» деп жазылған. Оқушылар күннің шашып тұрған сәулесін салып, әрбір сызыққа өздерінің басқа біреу үшін не істей алатындарын жазады. Жазбалардың кейбіреулері оқылады.



7. Оқушыларға алты бұрышты формадағы қағаз, түрлі түсті қарындаштар таратылады. Әрқайсысына өзінің елтаңбасын салу тапсырмасы беріледі және ол елтаңбада міндетті түрде аты және бір жағымды қасиеті жазылу керек екенін ескертеді. Елтаңба әдемі безендірілуі керек. Кейіннен оқушылар үлкен алты бұрышты формадағы ортақ шаблонға өз елтаңбаларын жабыстырады. Елтаңбалалар бір-біріне тығыз жанасып тұратындай етіп жабыстырылуы керек. Шаблонда кейінірек «БІЗ» деп жазу үшін орын қалтырылуы керек. Ватманға алдын алты бұрышты фигура салынып, ілінеді. Әрбір оқушы тақтаға келіп осы алты бұрышқа өз елтаңбасын жапсырады. Мұғалім олардың ортақ елтаңбасының араның ұясына ұқсайтындығына назарларын аударады. Аралар өте еңбекқор келеді және олар бірігіп берік үй құрастырады. Оқушыларға әрбір «МЕН» жиналып келіп «БІЗ»ді құрайтындығын түсіндіру керек. «БІЗ» сөзі бос орынға жазылады. Қорытындыда «БІЗ»дің «МЕН»сіз бола алмайтындығы туралы айтылады.

Барлық оқушылар хормен «Біз бәріміз» деп айтады да, бір бала әрбір елтаңбадағы жағымды қасиеттерді оқиды. Мысалы, біз бәріміз әдеміміз, ақылдымыз.


8. Рефлексия.

Оқушыларға қағаз ұялы телефон арқылы бүгінгі тренинг қалай өтендігі жайлы хабарлап досына SMS-хат жолдау тапсырмасы беріледі


Бекітуге арналған сұрақтар:

1. Орта мектеп буынында оқуға дайындықты қандай түсініктер арқылы көрсетуге болады?

2. Бастауыш мектеп оқушылары орта буынға ауысуында қандай қиыншылықтар кездеседі?

3. Орта буынға бейімделдің қандай ерекшеліктері бар?

4. 5-сынып оқушыларына ата-аналар мен мұғалімдер қандай көмек көрсете алады?

5. Оқушылардың қызығушылығын арттыру үшін қандай ұсыныстар беріледі?

6. 5-сынып оқушыларына қандай тренинг жаттығулар жүргізуге болады?
Дәріс 6. Ақыл-ой кемістігі бар балаларды үйрету


  1. Шет елдердегі ХХ ғасырдың ортасына дейінгі ақыл-ой кемістігінің көрінуіне байланысты әдістердің өңделуі.

  2. Шетелдегі ақыл-ойы кем балаларды зерттеудің заманауи жағдайы.

  3. Ақыл-ой дамуында артта қалған балаларға психология-педагогикалық сипаттама.

  4. Ақыл-ой кемістігі бар балаларға жүргізілетін коррекциялық жұмыс

  5. Мүмкіндігі шектеулі, ақыл-есі кем оқушылардың танымдық қызығулығын ойын арқылы арттыру.

  6. Үйден оқытылатын психикалық дамуы тежелген балалардың сауаттылығын арттыру

  7. Ойлау қабілеті мен танымдық белсенділігі төмен оқушылармен тренинг сабақ


Шет елдердегі ХХ ғасырдың ортасына дейінгі ақыл-ой кемістігінің көрінуіне байланысты әдістерлің өңделуі.

Психологиялық толық жетілмеу туралы сұрақтармен ең алғаш психиатр-дәрігерлер айналыса бастады. Француз дәрігерлері Ж.Э.Д.Эскироль (1772-1840) мен Э.Сегеннің (1812-1880) ақыл-ойы кемдерге жүргізген алғаш зерттеулеріне кейбір дифференциялды-диагностикалық критерилер беріледі. Ж.Э.Д. Эскироль интеллектуалды дамудың көрсеткіші сөйлеу жағдайына байланысты деп есептеді. Және бұл кейін жүргізілген тестілеудің тілдік сипаттамасына әсер етті. Э.Сеген сенсорлық және еріктік үрдістерің жағдайына көп мән берді.

ХІХ ғасырдың ортасына дейін ақыл-ойдың төмендігі медицинаның маңызды мәселесі болып келді.

Көптеген мемлекеттерде қарапайым мектептерде оқуға шамасы келмейтін балаларды анықтаудың тәжірибелік қажеттілігі туды. Сондықтан ХІХ ғасырдың 60-жылдарында алғаш рет ақыл-ойы кем балаларға арналған арнайы мектептер мен көмекші сыныптар ашыла бастады. Көмекші сыныптарға үлгермейтін, себепсіз үлгермеушілікті тудыратын балаларды да жіберіп тұрды. Ақыл-ойы кемдікті қалыптастыру психологиялық-педагогикалық мәселеге айналды. Психологтар балаларды зерттеуде әмбебеп, объективті жене компактті жолдары іздестіре бастады.

Кейбір психологтар ақыл-ойдың кемістігінің мәнін дұрыс түсінбей, оны бала тұлғасының дамуындағы сандық артта қалушылық ретінде қарастырды. Олардың зерттеулері диагностикада белгілі қателіктерге әкелетін зерттелушінің «сандақ ақылын» өлшеумен бекітілді.

Алғаш тестілеуді жүргізгендердің бірі ағылшын биологы Ф. Гальтон (1822-1911) болды. Ол жекелей айырмашылықтарды зерттеуге оңай тәжірибелерді сұрыптады. Осыған орай ол ақыл-ой қабілетінің басты көрсеткішін адамның сенсорлық қызметінің жағдайы деп есептеді: есту мен көру өткірлігі, психикалық реакция жылдамдығы және т.б. Гальтон Бине ұсынған тест ұғымын алі қолданбаған болатын.

Физикалық және ақыл-ой қабілеттерін тест әдісімен зерттеу американдық психолог М. Кеттелдің еңбектерінде өзіндік шешімін тапты. Оның есімімен психологиялық әдебиеттерде кездесетін «интеллектуалдық тест» терминінің пайда болуы тығыз байланысты. Кеттел жекелей айырмашылықтарды құру үшін қарапайым қызметтерді, психикалық реакциялардың жылдамдығын анықтауға бағытталған тесттік зерттеулердің серияларын дайындады.

Э. Крепелин (1856-1926) – күрделі психикалық үрдістерді (қабылдау, ес т.б) анықтауға және бағалауға мүмкіндік беретін тесттік зерттеулірдің серияларын дайындаған неміс психологы. Ол психикалық ауру адамдарға зерттеу жүргізді және өзіндік психикалық тестілеудің алғышартын енгізгендердің бірі болды.

Француз психологы А. Бине (1857-1911) « естің өлшемдік жартасын», яғни баланы зерттеу үшін оның «ақыл-ойының жасы» есепке алынады деп есептеген. Сонымен қоса Бине алдына жоғарғы психикалық үрдістерді (ойлау, ес, қиял т.б.) зерттейтін тесттерді шығару мақсатын қойды. Т.Симонмен бірге Бине «Метрическая скала умственных способностей» деп аталатын тесттердің нақты жүйесін құрды.

«Метрическая скала умственных способностей» тестінің алғашқы нұсқасы 1905 жылы жарияланды. Ол қиындығына байланысты өсіп отыратын 30 тестен құралды. Тесттер балалардың сөз құрылымдарын түсінулерін, естерінің түрлерін т.б. анықтауға бағытталды. Бұл тест нұсқасында жасерекшелік көрсеткіштер болмады.

1908 жылы «Метрическая скала умственных способностей» тестінің екінші нұсқасы жарық көрді. Онда тестілер 3 пен 13 жас аралығындағындағы балаларды зерттеу үшін топтастырылған. Әрбір жасқа 3-тен 8-ге дейін теттер даярланған.

Үшінші нұсқасы 1911 жылы шығарылды. Онда А. Бине мен Т. Симон 3-тен 16 жасқа дейігі балаларды зерттеуді ұсынды. Тесттер қиындығына байланысты топтастырылды, әрбір жасқа 5 тапсырмадын.

«Өлшемдік жартастың» кемшілігі, онда тестің 80 пайызы сөздік түрде болды. Ол тілінде ақауы бар балаларды зерттеуде қиындықтар туғызды.

Бине мен Симонның әдісі көбіне шетелдерде қолданылған. 60-тай авторлар Бине-Симон шкаласын жергілікті жағдайларға бейімдеу мақсатында өзгертулер енгізді: О. Декорля (1910), Бельгия;Декедр, Швейцария;В. Штерн, Э. Мейман (1915, 1917), Германия; Х. Годдард, Л. Термен (1910, 1916), АҚШ.

1916 жылы АҚШ-та Л. Термонның Стенфорд университетінде дайындаған Бине-Симон шкаласының нұсқасы, психологтардың пікірінше, ең «жарамдысы» болды. Жүйені модернизациялау кезінде табылған тендендияның бірі – сөздік тестердің азайып, тесттік (вербалды емес) әрекеттердің жоғарылауы.

Термон алғаш болып Штерн енгізген «интеллектуалдық коэффицент» терминін қолданған (ІQ):


ІQ = 

Шетелдегі ақыл-ойы кем балаларды зерттеудің заманауи жағдайы

Соңғы жартыжылдықта ақыл-ойы кем болудың мәнін, сондай-ақ ғылыми жетістіктермен байланысты әдістерді қолдануды анықтау үшін жаңа тенденциялар белгіленді. ХХІІІ Халықаралық конференцияның мәліметтері ақыл-ой дамуы артта қалған оқушыларға арнайы мектептердің әр түрлі ұйымдастырылған формада екендігін көрсетеді.

Көптеген елдерде іріктеу сұрақтарымен жеке мұғалімдер немесе дәрігерлер, не психологтар емес, ал аталған мамандардың біріккен топтары айналысады.

Мысылы, АҚШ-та ақыл-ойы кем балаларды іріктеу құрамына дәрігерлер, мектеп психологтары, дефектолог-мұғалімдер, медбикелер, сөйлеу мен есту жұмыстарының мамандары, мектеп әкімшілігінің өкілдері кіретін қабылдау комиссиясы арқылы өткізіледі. Олар әр түрлі сауалнамалар мен проективті әдістемелер қолданды.

Ақыл-ой кемістігінің негізгі көрсеткіші интеллектуалды коэффицент (ІQ) пен әлеуметтік коэффиценттің (SQ) көлемі деп есептелді. SQ ұғымына баланың тұрақтала алу қабілеті, коммуникативтілігінің деңгейі кіреді. ІQ зерттеу кезінде, яғни оқуға деген қабілетін тексеруде:


  • Оқи алу деңгейі

  • Санай алу деңгейі

  • Сурет салуының дамуы зерттеледі.

Англияда 5 жастан бастап барлық балалар қарапайым мектептерге жіберіледі. Егер олар 1,5-2 жыл ішінде бағдарламаны меңгере алмаса, мұғалімнің арнайы мінездемесі арқылы психоневропатологқа жіберіліп, психолог тексеруінен өтеді. Үлгермеушіліктің себебін баланың 7 жасқа дейін санап үйренбегендігі деп есептейді. Психологтар баланы тесттің көмегімен зерттейді.

Егер балада 6 жасында ақыл-ой кемістігінің белгілері анық байқалатын болса, онда оны арнайы мектептерге жібереді.

АҚШ-тағы секілді Англияда да ақыл-ой кемістігінің өзіндік түсініктері тараған. Оның қатарына нашар дамыған, психофизикалық нашар дамыған, педагогикалық босаңсыған т.б. оқушыларды жатқызады.

Ақыл-ой кемістігінің негізгі көрсеткіші ІQ көлемі болып табылады. Осыған орай бала құрдастарынан 20%-ға қалып отырса, оны арнайы сыныптар немесе көмекші мектепте оқыту мүмкін деп есептейді. Егер ол 50%-дан жоғары үлгермесе, онда оны оқытуға келмейтін деп есептейді және әлеуметтік қамтамасыздандыру арқылы арнайы интернаттарға орналастырады.

1908-1910 жылдары энтуизист-дәрігерлер (Е.В. Герье, В.П. Кащенко, М.П. Чехов және т.б.) мен педагог топтары үлгермеушілігі интеллектуалды жетіспеушіліктен болған Мәскеу мектептерінде оқитын балалардың үлгермеушілік себептерін анықтауға топтық зерттеу жүргізді.

Зерттеу бала туралы анкеталық берілулер, педагогикалық мінездемелерді қарау арқылы, үйдегі тәрбие жағдайы және дәрігерлік зерттеудің нәтижелерін жинақтау жолы арқылы жүргізілді.

Г.И. Россолимо (1860-1928) ресейлік ірі невропатолог, психологиядағы экспериментальды зерттеулердің жақтауышысы, тесттік әдістерді қолдаған. Ол зейін мен ерікті, көріп қабылдаудың дәлдігі мен мықтылығын, ассоциативті үрдістерді зерттеген.

А.Н Шуберт (ХХ ғасырдың 20 жылдары) 1923 жылы Бине-Симон тестін орыс тіліне аударды. Ол психиканың басты ақауын ұзақ уақыт жоспарлы бақылау кезінде ғана анықтауға болады деген. Сол себепті қалыпты және қалыпты емес балаларды зерттеудің клиникалық және психологиялық салыстыру мәліметтері ерекше маңызды.

Л.С Выготскиий бала тұлғасының дамуына тәрбие, оқыту және қоршаған орта әсер етеді деп қарастырған. Ғалым 1931 жылы бала психикасын зерттеудің келесі нұсқасын ұсынды:


  • Баланың өзінің, ата-анасының, оқу орны тәрбиешісінің шағымдарының жиынтығы;

  • Бала дамуының тарихы;

  • Педагогикалық диагноз;

  • Бала дамуының сипаттамасының болжамы;

  • Педагогикалық және емдік-педагогикалық бекітулер;

Ақыл-ой дамуында артта қалған балаларға психологиялық-педагогикалық сипаттама.

Ақыл-ойдың артта қалуын тек олигофренопедагогика емес, сонымен қатар психологтар, невропатологтар, психиатрлар, генетиктер және эмбриологтар зерттейді. Бүкіл әлемдік санақ бойынша, бұндай аномалиясы бар адамдар саны азаяр емес. Осыған орай, дамуында ауытқуы бар балаларды коррекциялау проблемасының өзектілігі пайда болды.

А.С.Выготский, А.Р. Лурия, К.С. Лебединская, В.И. Лубовский, М.С.Певзнер, Г.Е.Сухареваның және басқа ғалымдардың зерттеулері ақыл-ойының дамуы артта қалған деп тек, «ақыл-ойдың аз болуы емес», бұл психиканың сапалық өзгеруі, жеке адамның толық өзгеруін айтқан. Ақыл- ойының дамуы артта қалған балаларда шартты рефлекстің өзгеруі, қозу мен тежелу үрдісінің тепе-теңдігінің болмауы, сигналдық жүйенің өзара әрекеттестігінің бұзылуы байқалады.

Баланың психикалық дамуының аномалиясы келесілерді біріктіреді:



  • Танымдық үрдістердің артта қалуы, соның ішінде – қабылдау бөліп көрсетіледі;

  • Ойлаудың жүйесіздігі. Бұнда заттардың ерекше көзге көрінетіндері бөлінеді, заттар арасындағы ортақ байланыс орнатылмайды;

  • Естің бұзылуы;

  • Қабылданған образдарды қайта жаңғырту кезіндегі қиындықтар;

  • Сөйлеу дефектісі (фонетикалық, лексикалық, грамматикалық), дыбыс-әріптік анализ бен синтездің тежелуі, сөйлеуді қабылдау мен түсінудің бұзылуы, сөйлеудің қарым-қатынаста қажеттілігінің төмендеуі;

  • Зейіннің жетіспеушілігі;

  • Эмоционалдық еріктік аймақтың ауытқуы

Балалардың бұндай ерекшеліктері тұрақты сипатқа ие, себебі әр түрлі даму кезеңіндегі органикалық бұзылулардың нәтижесі ретінде саналады (генетикалық, босану кезендері т.б).

Ақыл-ойдың артта қалуы мен соған ұқсас қалыптарды ажырата білуіміз қажет:



  • Мектептегі үлгермеушілік ақыл-ойдың артта қалуының адекватты еместігі, өйткені мектептегі үлгермеушіліктің көп таралған себебі – балалардың мектепте оқуға дайын еместігі;

  • Отбасында өмір сүру жағдайының болмауы, бұл да үлгермеушіліктің себебі болуы мүмкін;

  • Баланың астеникалық күйі, тез шаршауы, ес пен қабылдаудың нашарлауына әкеледі;

  • Психикалық дамудың тежелуі, бұл да мектептегі алғашқы жылдарда үлгермеушілікке әкелуі мүмкін;

  • Анализатор әрекеттерінің бұзылуы балалардың танымдық әрекетінде қиындық тудырады. Соның арқасында үлгермеушілік пайда болады (көру, есту дефектсі, дальтонизм).

Ақыл-ойдың артта қалуын нақты анықтау қиындығы мынада, көз көрмеуі мен құлақ естімеуімен салыстырғанда, ақыл-ойдың артта қалуының абсолютті-объективті критерий жоқ, яғни оны қандай да бір шкаламен өлшей алмайсың.

Ақыл-ой кемістігі бар балаларға жүргізілетін коррекциялық жұмыс.

Балалармен жүргізілетін әдістер мен жұмыс мазмұны арнайы маманмен анықталады. Ол баланың жекелей ерекшеліктерін және оның жасын міндетті түрде ескереді.

Баланың жоғарғы психикалық функциясын дамыту үшін, келесі түрдегі жұмыстар жүргізілуі қажет.


  • Баланың қимыл-қозғалысын дамыту: қол бұлшық еттерін, қол саусағының моторикасын шынықтыру; резеңке допты қысу, ермексаз бен кыштан жапсырмалар жасау; түйіншектерді шешу; құмыраларды ашып-жабу, қатты қағазды нүктелер және пунктир сызығы арқылы тесу; контур және трафарет үстімен сызу; бояу; қию; қағазды бүктеу; саусақтармен жаттығулар;

  • Кеңістіктегі бағдарлануды дамыту: өзінде, айнадағы бейнесінде және суретте оң және сол жақты анықтау; балаға қатысты заттардың координаталарын анықтау; жазық қағаз бетінде бағыттану (сол жағында, оң жағында, үстінде, астында, ортасында); заттарды симметриялы бояу; таяқшалардан фигураларды, сызықтарды үлгі көмегімен және есінде сақтау арқылы құрау.

  • Есті жақсарту үшін келесідей ойындар пайдаланылады: өрнекті есте сақтауы бойынша салу; сөздерді және сандарды қайталау; алдын-ала есте сақтауды жаттықтыру;

  • Ойлаудың барлық түрін дамыту үшін сурет салу, жапсырмалар жасау, аппликациялар қолданылады.

Бұл жаттығулар баланың сенсорлық қабілетін дамытады және танымдық қабілетін арттырады.

Барлық жаттығулар барысында балалардың сөйлеуін коорекциялау қажет. Коррекциялық жұмыс жекелеген психикалық процестерді емес, жеке адамға толық бағытталуы қажет. Коррекциялық жұмыс топтық, жекелей формада болуы мүмкін және келесідей әдістерден тұрады:



  • Интеллект дамыту

  • Адекватты темпте дамыту

  • Еңбек әрекетін және дағдыны дамыту

  • Коррекциялық жұмыс өткізілген бағдарламамен дамыту

  • Интеллект дамытатын әр түрлі әрекеттерге қызықтырып, тарту (ойын)

  • Құрдастары арасында өздерін жайсыз сезінуді жою

  • Материалдарды қызықты түрде түсіндіру

  • Толық отбасында тәрбиелеу (басқа балалармен)

  • Стандартты емес түрдегі оқыту.

Жеке түзету-тәрбиелеу жұмысы.

Дефектолог мұғалім ақыл-ой артта қалған мектеп жасына дейінгі балалармен түзету-тәрбиелеу жұмысы кешенін жеке сабақтардың маңызы зор. Оңалту орталығына балалар аптасына 2-3 рет дефектологтың сабақтарына қатысады. Сабақтарда қатысады. Сабақтарда дефектолог әрбір баланың жеке ерекшеліктерін есепке алады, психикалық дамуындағы тек оған тиісті спецификалық ауытқуларды көреді, оларды максимальді түрде жеңу және бәсеңдету үшін әдістемелік тәсілдерді таңдайды; жеке түзету-тәрбиелеу жұмыстарының тиімділігін айтуға және бағалылығы мен қажеттілігін мойындауға болады. Ақыл ойы артта қалған мектеп жасына дейінгі балалармен жеке жұмыстар күтілетін нәтижелерді беруі үшін, жалпы сабақтарда оқыту барысында байқалған спецификалық қиындықтарды жеңу мен бәсеңдетуге мүмкіндік тудыруы үшін ол міндетті түрде балалардың даму ерекшеліктерін мұқият және жан жақты зерттеу негізінде жасалуы керек. Мұндай зерттеу баладағы олигофренияның этиологиясын ашатын клиникалықт диагнозды қаратыру тұрғысынан сияқты мұқият психологиялық педагогикалықзерттеу негізінде жүргізіледі.

Ақыл-ойы артта қалған мектеп жасына дейінгі баламен жеке жұмысты ұйымдастыру мен өткізудің бастапқы кезеңі оны жан-жақты психологиялық-педагогикалық зерттеу. Ол бала оңалту орталығына түсетін кезде өткізіледі, зерттеу оның маңызды әрекет түрлерін меңгеру, қабылдауының дамуы, қарапайым операцияларды орындай алу деңгейін анықтауға бағытталған. Баланың сөйлеу тілінің дамуын талдауға, оның деңгейін табуға, мүмкін болатын сөйлеу мүкістерін анықтауға басты назар аудару керек.

Зерттеу барысында дефектолог ақыл-ойы артта қалған баланың мінез-құлқын талдайды, үлкендермен және құрдастарымен байланыс орнату мүмкіндіктерін, мақұлдау мен кінәлауға реакйиясын, қиындықтарға қарым-қатынасын, көрсетілген көмекті пайдалана алу ептілігін, әрекеттің бір түрінен келесі түріне ауысу қабілетін бағалайды. Педагог ақыл-ойы артта қалған балаға арналған түрлі тапсырмалар ұсына отырып және олардың орындалу барысын бақылай отырып, басты назарды нәтижеге емес, баланың әрекет ету әдістеріне ( орындады-орындамады) аударады. Бір тапсырманы шешуге бала мақсатты байқау, көру арқылы бейімделу сияқты айтарлықтай «жоғары» әдістермен әрекет етуі, немесе қимыл және бейберекет әрекеттер деңгейіне дейін түсуі мүмкін. Баланың тапсырмаларды орындау әдістерін бағалай отырып, дефектоглог психикалық дамудың жас ерекшелік талаптарына сай олардың арақатынасын белгілеу керек, осыған сәцкес ондағы тану әрекетінің белгілі жақтарының қалыптасуы туралы қорытынды жасауы керек. Ақыл-ойы артта қалған баланың психикалық дамуының шынайы деңгейін анықтау үшін оның даму деңгейін ғана емес, таяу арадағы даму аймағын, яғни тапсырманы үлкен адаммен бірге орындауын есепке алу маңызды талап болып табылады. Дефектолог зерттеу барысында бала үйренуге белгілі мүмкіндіктерді көрсете алатын жағдайларды жасағанда ғана оның психикалық дамуының нақты деңгейі анықталатынын атап өту керек. Л. С. Выготскийдің дамудың екі зонасы туралы ережесіне сүйену арқылы ақыл-ойы артта қалған мектеп жасына дейінгі баланың бүгінгі жетістіктерін анықтаумен қатар, болашағын көруге мүмкін болып отыр.



Мүмкіндігі шектеулі, ақыл-ойы кем оқушылардың танымдық қызығулығын ойын арқылы арттыру.

Нәтижеге бағдарланған білім моделінде «Мұғалім оқытуды ұйымдастыру шарты ретінде оқыту процесін шығармашылық қарастыруға жауапты» - деп көрсетіледі, яғни оқу процесін ұйымдастыруда «оқушыны қалай оқыту емес» оқушыны оқуға қалай үйрету қажеттілігін ойластыруды талап етеді. «Ұстаз оқушының танымдық іс-әрекетін жақсы ұйымдастырушы, баланың табысына қатты ынта қоятын, олардың рухани өсуіне мүдделі, ықиятты да қамқор адам».

Көптеген зерттеулер бойынша танымдық қызметтің толық жетіспейтіндігі қосалқы мектеп оқушыларына тән қасиет екендігі дәлелденген.

Дәннің өсіп жетілуі топырағына, күтіміне байланысты болытыны сияқты, бала ақыл-есінің қалыптасуы да өскен ортасына, алған тәрбиесіне, білім алған мектебіне байланысты.

Ақыл-есі кем дамыған балаларға білім беру, оларға қарапайым түсініктерді жеткізу оңай шаруа емес. Оларды оқытып қана қоймай, көкейіне тоқыту үшін көп тер төгуге тура келеді. Кейбір ата-аналар баласының кемістігін бетіне басып, ұрысып, кекетіп, кемсітіп ұрып соғады. Бұл әрине дұрыс емес. Бұл баланың психологиясына кері әсер ететіндігін түсінбейді.

Ақыл-ойы кем балаларға таныту, үйрету машақаттың машақаты, оған шыдамды төзім, оқушыларға деген махаббат, азаматтық парыз, имандылық, парасаттылық керек. Ақыл-ойы кем балалардың түсіну ұғыну, есінде сақтау, ойлау қабілетінің және тілінің бұзылғандығы оларды ақыл-ойы жетілген балалардан айырып тұрады. Жетістікке қол жеткізу үшін мұғалім алдында отырған шәкірттерінің мінез-құлқын, сана сезімін, жетілу дәрежесін, танымдық процестерінің (қабылдау, зейңн, қиял, ес, ойлау) дұрыс қалыптасқандығын қадағалап отыру керек.

Көрнекті педагог В.А. Сухомлинский: «Сабақ жасөспіріпдердің интеллектуалды өмірінде құр ғана сабақ болып қоймас үшін, ол қызықты болуы керек. Осыған қол жеткенде ғана «мектеп – жасөспірімдер үшін рухани өмірдіңтілеген ошағын, мұғалім осы ошақтың құрметті иесі мен сақтаушысына, кітап – мәдениеттің баға жетпес қазынасына айналады» - деген екен.

Сондықтан, ақыл-ойы кем балалармен өткізілетін әрбір сабақты балалар өз күштеріне сенімділігін сезінетіндей етіп, олардың оқуға деген ықыластарын оятып, қызықтыратындай етіп ұйымдастыру қажет.



Шәкірттерге әсер ету жолдары түрліше. Ұстаз ізденісі әр баланың жан-дүниесіне үңілуден бастайды. Өзі оқытып жүрген шәкірттерінің өзіндік ерекшеліктерін жете зерттеп, біліп алған соң, әдіс тәсілдерді деңгейіне қарай іріктеп талдап қолданады. «Өзгерегн қай әріп?» ойыны оқушыларға дыбыстар мен әріптердің айтылу мен жазылу ерекшеліктерін меңгерту үшін қолданады. Ойын барысында сөз ішіндегі әріптерді дұрыс жазылуына, бір әріптің өзгеруінен сөздің басқа мағынаға ауысып кететіндігіне оқушылардың назарын аударуға болады.

Бер – жер Тақта – мақта Бала – шала

Көл – шөл Көз – бөз Жас – тас



«Ойлан тап» ойыны арқалы сөздердің мағынасын ажыратқызуға болады. Ойын тәртібі: Оқушылар «мұғалімдер» және «оқушылар» болып екіге бөлінеді. «Мұғалімдер» әр түрлі мағынасы бар сөздерді айтады, ал «оқушылар» осы сөздердің мағынасын түсіндіреді. «Мұғалімдер» мен «оқушылар» өз рөлдерін ауыстырады. Мысалы:

Қой – жануар Үй – зат Түс – зат

Қой – қимыл Үй – қимыл Түс – қимыл.
«Қай сөздерді жоғалттым?». Бұл ойын сөз және сөйлем тақырыптарын өткен кезде жүргізіледі. Мысылы: ... еріді. ... жылынды. Гүл ... Бұлбұл ... Ол ... оқыды. Құстар ... келді.

«Көрші – көрші» ойыны. Ойынның мақсаты: 10 көлеміндегі сандардың ретін меңгерту.

Ойынның мазмұны: Мұғалім бір санды атайды, мысалы: 7 дейді. Жеті саны тағылған бала ілгері шығып, тақтаның алдына тұрады. Мұғалім: бұл санның көршілері қатарға тұрыңдар.

6,7,8 сандарын құрады. Одан соң 6 және 7 сандарын салыстырады. 6-ның 7-ден біреуі кем, 6-ға бірді қоссаң 7 болады.

«Топтай біл» ойынын алатын болсақ, бұл оқушылардың ой-өрісін кеңейтіп, заттарды белгілі бір тақырып бойынша топтай білуге, олардың не үшін қажеттігін ажыратуға дағдыланады. Мысалы: сәбіз, қияр, алма, түйе, жылқы, жүзім, картоп, сиыр, түлкі, қасқыр, алша, т.б. Оқушылар бұл сөздердң топтап жазады. Түйе, жылқы, сиыр – үй жануарлары.

Бастауыш сынып оқушыларының білімге деген ынтасын, мүмкіншіліктерін толық пайдаланып, алған білімдерін практикада қолдану дағдыларын қалыптастыру үшін әр түрлі психологиялық жаттығулар, суретті кесетелр, танымдық ойын түрлерін пайдалану ақал-есі кем балалардың ой-өрісін, дүниетанымын, зейінін, есте сақтау, қабылдау, қиялдауын дамытумен бірге танымдық қабілеттерін дамытуға да көмектеседі.



Үйден оқытылатын психикалық дамуы тежелген балалардың сауаттылығын арттыру
Қазіргі уақытта ортамызда болып жатқан әлеуметтік мәселелері: отбасылық, экологиялық, экономикалық дағдарыстар жүйке жүйелері бұзылған, психологиялық ауытқулары бар әр түрлі жастағы балалардың көбеюіне әкеліп соқтырды. Қазақстанда кемтер болып туылатын нәрестелердің саны жыл сайын көбеюде. Біздің міндетіміз - түрлі ауытқулары бар балалардың сауаттылыған арттыру және әр алуан психокоррекциялық әдіс-тәсілдерді қолдана отырып ойлау процесін дамыту. Ресейдегі дамуы кенже қалған балалардың диагностикасы мен коррекциясын алғаш зерттегн П.Я. Трошин дені сау бала мен дамуы кенже балаларды салыстыра сараптап: «Негізінде дені сау бала мен дамуы кенже балалардың арасында еш айырмашылық жоқ, ол да бұл да адам, ол да бұл да бала, оның да бұның да дамуы бір заңдылықпен жүреді. Айырмашылығы даму тәсілінде ғана», - деп жазды.

Психикалық дамуы тежелген, яғни үйден оқытылатын баланың сауаттылығынарттыру мен ойлауын қалыптастыруда психолог – маман мен пән мұғалімдері бірлесе әрекет еткенде ғана нәтиже болады. Пәндерден алған білімін одан әрі бекіту үшін психокоррекциялық жұмыстардың пайдасы зор. Төмендегі кестеде балаларға психокоррекциялық жұмыстар мен пәндер бойынша сауаттылығын арттыруда біршама әдіс-тәсілдердің үлгісі жинақталған

Жоғарыда атап өткен балалардың ойлау процесінің дамуы көрнекілік бейнелер: сурет салу, лабиринттен өту өту арқылы ғана жүрмейді, сонымен қоса сөздік нұсқау өзіндік әрекет арқылы жүзеге асады, онда ол құрастырудың объектісін ойлап табады, содан кейін өз бетінше іске асырады.

Психикалық дамуы тежелген балалардың психокоррекциялық жұмысында ерекше қызығушылық туғызып жүрген әдіс-тәсілдердің бірі А.Р. Лурия мен оның шәкірттері ойлап тапқан құрастыру әдісі. Бұл әдістің мәні мынада: балаға ақ қағазға жапсырылған үлгі-өрнектер беріледі, енді бала құрастыру үшін алдымен үлгі өрнектерді зерттейді, қажетті бөлшектерді таңдайды, яғни үлгі-өрнектер балаға белгілі бір тапсырманы ұсынады, бірақ оның шешілу әдісін көрсетпейді.




Әдіс-тәсілдері

Мазмұны

Сенсорлық процестер

Ойлау процестері

Пәнаралық байланыс

1.Балада заттардың орналасу ретін анықтауға: «Грамматикалық жүйені қалыптастыру» ойыны. (ойын түріндегі)

Балаға тапсырмалар беріп, «кітапты үстелдің үстіне (астына, жанына, тартпасына) қой, «аюдың оң (сол, артына, алдына жанына) қоянды орналыстыр», т.б.

«Үстінде», «астында», «жанында», «сол жағында», түсініктерін қалыптастыру, сол сияқты заттарды салыстыра білуге үйрету: «үлкен-кіші», «жуан-жіңішке», «ауыр-жеңіл», т.б.

Заттардың өзара байланысын түсіндіру (заттардыорналастыру)

Ана тілі пәніне әңгіме құрастырғанда заттарды дұрыс орналастыра білуді үйренеді.

2.Сандарды бір-біріне қостыра отырып, ойын элементтерін пайдаланып, баланың жыл мезгілдері жөніндегі білімін пысықтау. (сұрақ-жауап түріндегі)

Сырғанақта 8 бала ойнап жатыр еді, 3 бала үйларіне кетті. Сырғанақта неше бала қалды? (көрнекіліктерді міндетті түрде пайдалану) Балалар қай мезгілде сырғанақ тебеді? Қыз мезгілінің айларын ата: желтоқсан, қаңтар, ақпан.

Тапсырма арқыла 8 баланың сұлбасынан 3 баланың сұлбасын алып, қалған балаларды санату.Сол арқылы есепті шығарту, қыс мезгілдерін жаттату (сол сияқты басқа жыл мезгілдері туралы да білімін бекітуге есептер үлгісін ойлап табуға болады)

Балада қосса көбейеді, алса азаяды түсінігінқалыптастыру.

Ойын элементтерін пайдаланып есепті де шештіру, жыл мезгілдері туралы түсінік беріп өту.

3.Ертегі айтқызу арқылы сөздерді байланыстыру және сөздік қорын молайту. (әңгімелесу түрінде).

«Шалқан» ертегісін айтып беру,

-Ата не отырғызды?

– ата шалқан отырғызды.

–шалқан деген не?

– жерде өсетін өнім.

–шалқан қандай болып өсті?

–шалқан үлкен болып өсті, т.с.с.


Әңгімелесуде төмендегі жаттығуларды да пайдалануға болады:

-үлкендер оқыған әңгімені немесе ертегіні айтып беру;

-көрген мультфильмді айтып беру;

-өткен күндердің әңгімесін әңгімелеу;

-экскурсия, қызықты серуендерді әңгімелеу;

-үлкендердің бастаған әңгімесін аяқтау (содан соң не болуы мүмкін);

-соңы біткен әңгіменің басын бастау (одан бұрын не болуы мүмкін) және т.б.


Ертегі терапия арқалы баланы еңбекке баулу, күнделікті тұрмысқа қажетті заттарды адам өз еңбегімен табуы тиіс екенін түсіндіру.

Ертегі мәтінін оқу арқылы түсінігін айтқан бала, ана тілі сабағында кез-келген мәтіннен түсінігін айта біледі.

Психокоррекциялық сабақтарды алдына қойылған тапсырмаларына сәйкес жеке, сол сияқты топпен де өткізуге болады. Мысалы, «Сөйлемді құра» ойыны.

Мақсаты – балада әр алуан, ал кейде мүлде кездейсоқ қабілеттерді тез айқындау, күнделікті заттардың өзара байланысынан, жекелеген дара элементтерлен жаңа тұтас шығармашылық түрде бейнедлерді құрастыру.

Балаға байланысы жоқ үш сөзді айтуды тапсырамыз,, мысалы, «көл», «қалам», «аю». Осы үш сөзді кірістіріп көбірек сөйлем құрауы қажет. Жауаптары жүйесіз ( «Аю көлге қаламын түсіріп алды»), жаңа объектілерді кіргізіп және ситуацияладың шегінен шыққан күрделі ( «Балақалам алып, көлге шомылып жатқан аюдың суретін салды») және осы заттардың стандартсыз байланысы ( «Қаламдай жұқа бала көлдің жағасында тұрып аю сияқты ақырды») болуы мүмкін.

Тиімді жұмыс атқару үшін маман өзінің беретін пәнін, ір түрлі әдіс-тәсілдерді жетік білуі қажет.

Көмекші құрал ретінде қолданылатын ойындар арқылы түзету жұмыстарының алатын орны ерекше екені сөзсіз. Дегенмен, психолог маманның алдында жалпы білім беретін пәндер мен оқу дағдарысын еңбек пәнімен байланыстыра қолдану аса тиімді.


Ойлау қабілеті мен танымдық белсенділігі төмен оқушылармен тренинг сабақ

Мектеп психологының сөзі:

Сәлеметсіздер ме, Құрметті қонақтар! Құрметті оқушылар!

Бүгінгі біздің сабағымыздың І бөлімі психодиагностикадан басталады. ІІ бөлімі психокоррекциялық жұмыстарға арналады.

І. Танысу тренингі:



Мақсаты: оқушылар арасында жағымды есте сақтау қабілетін орнату.

Нұсқау: Қазір, балалар, сіздер 1-ші (партадағы) оқушыдан бастап өз есімдеріңе жақсы сөзбен мақтау немесе мадақтау (сөзін қосып танысу аяқталғанша алдындағы қағаздарына жазып) айтып шығамыз.

1-ші оқушы «Менің есімім .............» деп бастап, 2-ші оқушы жалғастырады, әрі қарай танысу аяқталғанша жалғастырады. Сонымен, танысып болған соң, есімдері жазылған парақты алдына қояды.



Не өзгерді?

Мақсаты: баланың танымдық белменділігін ояту, зейінін және ес процесін дамыту.

Құралы: бірнеше ойыншық

Нұсқау: Үстелдің үстіне бірнеше ойыншық қойылады. Балаға үстелде тұрған ойыншықтарды есіне сақтау ұсынылады. Содан кейін «Көзіңді жұм! Деп нұсқау беріледі. Осы кезде жүргізуші 1 ойыншықты алып қояды. Жоғалғанын табу ұсынылады.

Сандарды есіңе сақта

Мақсаты: баланың есту арқылы қысқа мерзімде есте сақтауының көлемін анықтауға арналған.

Нұсқау: қазір мен саған сандарды айтамын, ал сен, жүйелі түрде сандарды жоғарыдан төменқарй оқуың керек (2 секунд ішінде).
9,4,6,5,9,3,8,3 3,9,4,2,1,3,7,5 2,1,7,0,1,8,9,5

Сөздерді жаттап ал

Мақсаты: жаттап алу прцесінің динамикасы анықталады.

Нұсқау: балаға 12 сөзден тұратын қатарды жаттап алу және қатесіз еске түсіру тапсырмасы беріледі.

Сөздер: ағаш, қуыршақ, гүл, құс, шаш, сурет, адам, кітап, қалам, киім, алма.

Жүргізуші сөзді бірінен соң бірін 3 рет оқиды. Әрбір қатарды еске түсіріп қағаз бетіне түсіреді. Содан соң оқытылып тыңдалады.



Мен жақсы көремін ойыны

Ойын шарты:

Дөңгеленіп тұрып, бір-бірімізге доп лақтырамыз. Доп кімнің қолына түссе, сол оқушы кімді жақсы көретінін айтады. Мысалы, мен анамды жақсы көремін. Өйткені, ол менің ең жақын адамым. Немесе мен Айнұрды жақсы көремін. Өйткені ол сыпайы және т.б. ойынның соңында доп жүргізушінің қолына тиеді.



Сәлемдесу

Ойын шарты: екі оқушы ортаға шығып, бірі інісі, бірі ағасы болып бір-бірімен сәлемдесуі қажет. Інісі ағасына қандай жақсы сөздер айтуы мүмкін? Ағасы інісіне қандай жақсы сөздер айтуы мүмкін?



Бір-бірінің жақсы қылықтарын айтып, мадақтау

Ойын шарты:

Балалар дөңгеленіп отырады. Жүргізуші «Сиқырлы таяқшаны! Отырған оқушылардың біріне ұсынады. Ол жанында отырған баланың жақсы жақтарын айтып мадақтайды ды, таяқшаны оған береді. Ол таяқшаны осы тәртіппен келесі балаға ұсынады. Ойын осылай жалғаса береді.

Айтылған жағымды сөздер мынадай болуы мүмкін: Айгүл сенің дауысың қандай көркем! Гүлнар сенің жүзің сондай мейірімді көрінеді! Марат маған сенің ақкөңілділігің ұнайды және т.б. соңында балалар бір-біріне рақмет айтысып ойынды аяқтайды.

Психолог қорытындысы

Біріншіден, мұндай ойындар балалардың қызығушылығын тудырып, оқу іс-әрекетіне танымдық ынтасын арттырады.

Екіншіден, баланың қабілеттерін дамытады (зейінін бір жерге шоғырландыру, зейінді болуға керекті жерде қажетті нәрсені есте сақтау мен ойлап табуға үйренеді).
Бекітуге арналған сұрақтар


  1. Интеллектуалдық дамудың көрсеткіші сөйлеу жағдайына байланысты деп кім есептеген?

  2. Ақыл-ой қабылдауының басты көрсеткіші адамның сенсорлық қызметінің жағдайы деп айтқан және алғаш тестілеуді жүргізген ағылшын биологы?

  3. Т. Симон және А. Бине қандай тесттің нақты жүйесін құрды?

  4. «Өлшемдік жартас» тестінің кемшілігі неде?

  5. АҚШ-та ақыл-ойы кем балаларды іріктеуге арналған комиссия құрамына қандай мамандар кіреді?


Дәріс 7. Жасөспірім және жеткіншек жастағы тәрбиелеу мен оқыту мәселелері

  1. Педагогикалық қолдау - объективті шындық ретінде.

  2. Жеткіншектердің мінез-құлқының кері жақтары.

  3. Жеткіншектердің адекватты емес мінез-құлқының алдын алу мен түзету.

  4. Жеткіншектерді қайта тәрбиелеу ерекшелігі.

Педагогикалық қолдау – объективті шындық ретінде

Педагогикалық қолдау – бұл уақыт талабы болып табылады. Сондықтан да педагогика ғылымы мен практикасының тапсырмасы –педагогикалық қолдауды енгізу. Бұндай енгізулер дамып келе жатқан жеке тұлға маңызы үлкен.

Педагогикалық қолдаумен қамтамассыз ету принциптерін О.С. Газман мен Т.В.Анохин былай жіктеп көрсетті:


  • Көмек көрсету мен қолдауға баланың келісімі;

  • Потенциалды жеке мүмкіндіктері мен нақты күшіне тірек болу;

  • Мүмкіндіктерге деген сенімділік;

  • Бірлесіп,қызметтесіп көмек көрсету;

  • Конфиденциалдық (анонимдік);

  • Мейірімділік, бағаламау;

  • Қауіпсіздік, денсаулық сақтау, адами құндылықтарының құқықтары;

  • «Зиян келтірмеу» реализациялық пікірі;

  • Рефлексивті – аналитикалық үйлесім процесінің нәтижесі.

Жеткіншектердің тәрбие, оқу және оның жетістікке жету жолындығы олардың дамуына кедергі жасау қиындықты болдармау үшін педагогикалық қолдаудың мақсатын құру қажет.

Т.В. Анохин қиындықтың (әлеуметтік, субъективті, материалдық) түрлері мен оның шығу тарихын былай бөліп көрсетті.

Педагогикалық қолдаудың келесі түрлері:


  • Диагностикалық – баланың немесе жеткіншектердің мәселелері қалыптастырылады.

  • Ізденушілік – мәселенің себебін педагогпен бірлесіп қарастыру.

  • Іскерлік – баламен және үлкендердің арасындағы қарым-қатынас арасындағы мәселенің шешімі бойынша «қорытындыға» келісім жасау.

  • Іс-әрекетті – баланың өзіндік қалыптасуы мен іс-әрекетін үлкендер тарапынан ынталандыру.

  • Рефлексивті – тәрбиеленуші мен үлкендердің өмірлік іс-әрекетіндегі мәселелерді шешу фактісін қолдану.

Педагогикалық қолдану қазіргі кезде өте кең қолданыс тапқан жоқ. Ғалымдармен педагог-практиканттардың қарастыратын ең басты мәселесі болып оқушлардың оқудағы қиындықтары.

Педагогикалық қолдауды іске асыру мынадай төмендегі жағдайларға байланысты деп қарастырды А.Асмалов.



  • Оқушының қарым-қатынасын және өзіндік пікірін қолдау,

  • Баланың жекелей өсуіне қолдау көрсету.

Жеткіншектердің мінез-құлқының кері жақтары

Балалық шақтан ересектікке өту кезеңі дене, ақыл –ой, адамгершілік, әлеуметтік дамудың барлық жақтарынан негізгі өзара тән ерекшеліктері болып табылады, барлық бағыттарда жаңа құрылымдар қалыптасып организмнің, сана-сезімнің үлкендермен, жолдастарымен қарым-қатынастары олармен әлеументтік іс-әрекеті,әдістері мүдделердің танымдық және оқу іс-әрекетінің мінез-құлқына іс-әрекеттері қарым қатынасқа арқау болатын моральдық, этикалық нормалар мазмұнының нәтижесесінде ересектік элементтер пайда болады.

Жеткіншектік кезеңнің маңыздылығы адамның моральдық және әлеуметтік негіздерді қолдану және қалыптастыру болып табылады.

Жеткіншектік –қиын және сыналатын кезең деп саналады. Осы уақыттың сапалық өзгерістеріне байланысты бұл өзгерістер бұрынғы ерекшеліктері мүдделі қарым-қатынас түбірінен өзгеретін сипатта болады. Мұның өзі біршама қысқа мерзімде болуы мүмкін көбінесе күтпеген жерден болады.

Осы кезеңіндегі өзгерістер бір жағынан жеткіншектің өзінде әр түрлі елеулі субъектілердің болуымен қалыптасады, ал екінші жағынан тәрбиелеудегі қиыншылықтармен байланысты. Жеткіншек үлкендердің ықпалына көнбейді, тіл алмау, қарсылық пен наразылықтардың әртүрлі формалары кездеседі : тентектік, дөрекілік,тұйықтық.

Мысалы: «Маған өмір сүру қиын,-деп он бес жастағы қыз бала айтады.-Ата -анам құрбыларыммен бірге жүргенге рұқсат етпейді»,- Ал енді тағы бір қыз «Мен киноға,не би кешіне бармаймын», өйткені менің ата-анам ешқайда босатпайды. Мен темір торда өмір сүріп жатқандаймын,-дейді».Сондықтан да осындай жағдайда үлкендер тарапынан өзара қарым-қатынасқа түсу басты роль атқарады.

Баланың қиындықтарының көбісі оның жекелей ерекшелігінің қалыптасуынан туындайды.


  1. Өзгенің өзіне деген сенімінің болмауы;

  2. Не нәрсені жүрегіне жақын қабылдау;

  3. Құрбыларымен тіл табыса алмау.

Осындай тіл табыса алмау негізінде жеткіншек отбасыдан, мектептен тыс қарым-қатынас формаларын іздейді.

Өкінішке орай қазіргі жағдайда жеткіншектер мен жасөспірімдердің мінез-құлқы кері әсер етуші факторлардың әсерінен алуан түрлі өзгеріп жатады. Оларға әсер ететін факторлар:



  • Отбасындағы келіспеушілік;

  • Шамадан тыс еркелету;

  • Ата-аналар тарапынан бақылаудың болмауы;

  • Отбасындаға баланың орны;

  • Талап қоюдың жиілігі мен дәйектілігінің болмауы;

  • Қоршаған ортаның теріс ықпалы;

  • Әлеуметтік-психологиялық қараусыздық.

Жеткіншектер мен үлкендер арасындағы позиция типтері:

Авторитарлық позиция. Бұл позиция бойынша жеткіншекке қатаң талап қойылады. Оған барлғына рұхсат етілмейді. Жеткіншектердің пікірі ескерілмейді, шешімді үлкендер қабылдайды

Демократиялық позиция –тең дәрежедегі үлкендер мен жеткіншектер қарым-қатынасы.

Либералды позиция – бұнда таңдау құқығына жеткіншектер ие болады. Осы позиция бойынша жеткіншектер шешемді әрдайым өздері қабылдайды ал үлкендер өздерінің көзқарастарын білдіреді.

Ысырып тастау позициясы –бұл типте жеткіншектер өмірінде үлкендердің болмауы.

Жеткіншектердің адекватты емес мінез-құлқының алдын алу мен түзету

Жеткіншектер мен балаларды тәрбиелеуде ата-ананың, тәрбиешінің, мұғалімнің, сынып жетекшінің атқаратын жұмыстары басты роль атқарады. Жеткіншекті тәрбиелеуде мұғалімдер, тәрбиеші, сынып жетекшілер тарапынан әр түрлі тәрбие сағаттарын,ашық сабақтар,ойын сабақтарын, тренинг сабақтарын жүргізу маңызды.

Мінезі ауыр балаларды қиын бала деп атайды. Қиын балалармен жұмыс жүргізу кезінде қатаң талап қойылады. А.С.Макаренко тәрбиеленушінің өзіне деген қатынасын құрмет көрсетумен байланыстырды.

Үлкендердің талабын жеткіншектер жүзеге асыру үшін, төмендегідей қағидаларды орындауы керек.



  • Талаптарды орындау сатысында, өзінің жекелей ерекшеліктерін жетілдіру;

  • Мейірімділік, сыпайылық көрсету;

  • Қосымша аргументтік талаптар;

  • Уақытты дұрыс пайдалану;

  • Талаптың қиындауы;

  • Орындауға бақылау жасау.

Бала мінез-құлқы қиындығының себептерін жалпы мынадай топтарға жатқызуға болады:

* Әлеуметтік-педагогикалық тұрғыдан қараусыз қалу, бұл арада бала өзінің тәрбиесінің жетімсіздігінен өзін дұрыс көрсете алмайды;

* Отбасындағы психологиялық жағдайдың терістігі, топтағы құрбы-құрдастарымен өзара қатынасының жараспауы, балаға ата-ана, тәрбиеші, оөытушы тарапынан әділетсіз қатынас жасалуы салдарынан көрінеді;

* Қараусыздық, қоршаған ортаның теріс ықпалы.



Жеткіншекті қайта тәрбиелеу ерекшелігі

Баланың тәртібінен қарсы іс-қимыл жасауынан өзіне назар аударту үшін, кек қайтару үшін, билік, сәтсіздіктен байқауға болады. Демек, бала ата-анасымен қарым-қатынасқа зәру, ата-анасына жақын болғысы келеді,яғни жан азабынан қорғанады.

Баланы үнемі сынап отырса, ол жек көріп өседі, егер кінәлап отырса, ол өзін кінәлі сезініп өседі, мысқылдап отырса, тұйықталады. Еш уақытта баланы басқа баламен салыстырмаңыз!

Егер бала байсалды, сабырлы болып өссін десеңіз, оған үнемі көңіл бөліңіз, жақсы қылығы үшін мақтап, қиын жағдайда көмек көрсетіп, әр табысын көрсетіп, мақтап отырыңыз.

Тәрбиедегі ауытқушылық отбасында көрініс береді және оның себептері отбасы құрылымында болады, сондай-ақ ата-ананың балаға қарым-қатынасынан туындайды.

Отбасы жағдайындағы кейбір мәселелер бала мінез-құлқының бұзылуына, олардың тууына себепші болатындығын көрсетеді. Егер ата-аналар өз жеке проблемаларын дер кезінде шешіп отырса, бала психологиясының бұзылуына жол бермейді.

Қиын балалардың көпшілігі мейірім,жылылықты жиі сезінбейді. Сондыттан осындай жеткіншектермен жұмыс жүргізетін мұғалімдер мынадай сөздерді жиі қолданулары керек:


  • Қолдау ( « Өте жақсы», «Осы қалпыңнан тайынба!»).

  • Мадақтау («Сен бүгін жақсы жұмыс жасадың!»).

  • Қарым-қатынас барысында мейірімділік көрсету, көңіл бөлу.(«Мына оқулықтарды балаларға беріп жіберші»).

  • Сенім көрсету(«Мен кілтті саған сеніп тапсырдым»).

  • Баланың өзіне деген сенімін қалыптастыру.



Дәріс 8. Жеткіншектердің қауіпті әрекеттері

  1. Жеткіншектердің қауіпті әрекеттері.

  2. Жасөспірімдердің топтағы қарым-қатынасын қалыптастыруға арналған тренингтер

  3. Жеткіншектерге арналған сабақ жоспарының үлгісі

Адамдардың өмірінде шарықтау сәті бар, ол оны қолынан шығарып алады, бұдан кейінгі күні «тар жол, тайғақ кешумен ұласады» деп ұлы ойшыл Шекспир айтпақшы адамға шыншыл да, ең қымбатты – ол оның мәні де, сәнді өмірі. Ал, осы өмірінің мәні де, сәнді өтуіне оның басты байлығы – денсаулығы тікелей әсер етеді.

«Денсаулық – зор байлық», «Дені саудың – жаны сау» деп халқымыз бекер айтпаса керек еді. Өкінішке орай, адамзатпен XXIғасырға аузын арандай ашқан аждахадай сұм ажалдың төресі «нашақорлық», «ішімдік», «темекі», бірге аяқ басты.Анашаның Қазақстанда және бақа елдерде таралғаны баршамызға мәлім. Анашаның тарихы бұдан 15 жыл бұрын адам баласы анашаны білген.XX-XXI ғасырда қатерлі, улы өсімдіктерді аузына салып шайнап көрген,темекі түрінде тартқан.1975 жылы клиникалық норкология емханасы ашылды. Бір рет тартқаннан-ақ,басы ауырып,жүйке - жүйесін уландырады, бұлшық еттері шаншиды. Анашаны қолданған адам мида сақтау қабілеті тежеледі, соның салдарынан адам тез көріксізденеді ағзаның дамуы тоқталады.



Алкоголь ол есірткі. Адам ағзасын улап қана қоймайды, ол қоғамға да тигізер зияны өте көп. Сондықтан әр түрлі қоғамда жат қылықтар болып жатады. Мысалы: қазір жеткіншектер теледидардан әр түрлі кино фильмдер ұрлық, зорлық, тонау, кісі өлтіру сияқты нәрселерді көріп, сана сезімдері уланады. Екіншіден, үйде болатын ата анасының ұрыс жанжалы баланың тәрбиесіне кері әсерін тигізіп қана қоймай оның келешек өмірінің дамып жетілуіне балта шабады. Бала үйден алатын жылылықты көшеден іздейді. Соның әсерінен әр түрлі жағыдайларға тап болады. Үшіншіден қасындағы достарына еліктеуі мүмкін.Қаншама бейкүнә адамдар осылардың құрығына түсіп, дүние салып, талай ауруларға ұшырады. Сондықтан да, елімізге салауатты өмір сүруге дабыл қағып, әртүрлі шаралар ұйымдастырылып жатыр. Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаев « Халық денсаулығы » атты мемілекеттік бағдарлама халықтың денсаулығын атап көрсеткені баршамызға белгілі. Бағдарламаның басты мұрты – халық. Денсаулығын сақтау, демографиялық ахуалын жақсарту. Шығыстың әйгілі данышпаны Әл – Фараби « Жас жеткіншектеріңізді көрсетіңіз, мен сіздердің болашақтарыңызды айтып беремін, » - деген екен.

Нашақорлық – есірткілердің мемлекеттік тізіміне енгізілген, адамды психикалық, кейде физикалық тәуелділікке және өздеріне деген төзімділікке, сонымен қатар медициналық - әлеуметтік зардаптарға алып келетін заттарды құтұнудан туындалған аурулар. Бүгінде нашақорлықтың бүкіл әлем бойынша кең жайылып, талай жанның, әсіресе жас буынның өмірін тым ерте қиып жатқандығы баршаға мәлім. Бұл қасірет біздің елімізді де жай қалтырған жоқ. Сондықтан осы мақаланы жазудағы мақсат – адам санасын улайтын бұл дерттен жастарымыздың бойын аулақ ұстауына жәрдемдесу. Ал «дұшпанды» жеңе білу үшін ол туралы мағлұматтың неғұрлым мол болғаны жақсы. Сонымен адам нашақорлыққа қалай ұрынады?

Есірткіге тәуелділіктің қалыптасу механизмдері. Нашақорлықтың пайда болуы және қалыптасуы бас миының эмоциялық – позитивті орталықтарына есірткінің әсер етуіне байланысты. Есірткілік заттың әсерінен пайда болған көңіл – күйдегі ауытқулар өз кезегінде « рефлекстік мақсаттарды», яғни адам іс - әрекетінің кезекті рет жағымды көңіл – күйді іздеу ркфлексін, туындатады. Демек, оның дәмін татып көрген жанның алғашында көңіл – күйі керемет көтеріліп, «рахат» сезімге бөленеді де осы сезімді тағы да бастан кешіргісі келіп, нашаны қайдан тапсам екен деп аласұра бастайды. Осы мақсатта қол жеткізген сайын, яғни есірткі жиі тұтынған сайын адам тұрақты паталогиялық жағыдайға ауысады., басқаша айтқанда оның есірткіге тәуелділігі арта түседі.

Нашақорлық клиникасы. Психикалық тәуелділік – физикалық тәуелділік – есірткіге төзімділік.

Психикалық тәуелділік – үнемі немесе ара - тұра есірткі қабылдауға ұмтылу. Бұл кезеңде адамды есірткі туралы ойлар мазалайды, оны тұтынғанда көңіл – күйдің көтерілуі, есірткі болмағанда көңіл – күйдің күрт төмендеуі байқалады.

Физикалық тәуелділік дегеніміз ағзаның бүкіл қызметтерінің қайта құрылуы кезіндегі жағыдай. Есірткі әсері тоқтаған кезде дөрекі психикалық және соматикалық бұзылыстар туындайды. Абстинентті синдорм пайда болады, ол кезекті есірткі қабылдаған соң жеңілдейді немесе тоқтайды.

Апиын нашақорлығы. Бұл топтағы нашақорларға көкнәрдан алынатын заттарды тұтынатын адамдар жатқызылады.

Апин және оның түрлері:

1. Морфий – ақ түсті кристалл ұнтақ, түймедақ түрінде және ампулалар шығарылады.

2. Кодеин – тұтқырлығы әр түрлі қарақошқыл түсті сұйықтық, капсула және түймедақ түрінде өндіріледі.

3. Героин – түсті ақтан бастап қоңыр түске дейін ауытқитын ұнтақ.

4. Омнопон – апиын анальгетигі, ампуладағы ертінді. Осы топқа сонымен бірге дионин, тебаин жатқызылады.

Морфиннің аз ғана мөлшері психикалық үдерістер ағымында өзгерістер тудырады. Шалықтау ( эйфория ) пайда болады, қиял жандана түседі, қабылдау артады, жеңіл ой және дене еңбегі жеңілдік иллюзиясын тудырады, бірақ зейін қою қиындайды, қандайда бір қызметке деген қажеттілік төмендейді, еңбек өнімділігі, көлемі мен қимыл белсенділігі төмендейді.

Опиаттарға деген тәуелділік тез дамиды. 2-3 рет қабылдаған соң – ақ психикалық тәуелділік туындайды. Есірткі туралы ойлар адамды жаулап алып, бір сәт те босатпайды. Дене тәуелділігі де тез дамиды.

Морфий абстиненциясы ахуалы бұлшық еттердің, ішкі ағзалардың жанға бата ауыруымен, қан аралас нәжіспен, жүрек – қан тамыры қызметінің төмендеуімен, жүрек соғысы және тыныс алу бұзылысымен, буындардың, аяқ - қолдың ауыруымен, көздің жасасаурауымен, тұмаумен, түшкіркмен, жөтелмен, есінеумен қатар жүркді. Абстиненция құбылыстары 5 – 6 күнде азаяды, алайда науқас бір айдан кейін және ем басталған соң ұйқының бұзылуына шағымданады.



Амфетаминдік тип нашақорлығы. Амфетаминдер қоздырғыш құралдарға, психостимуляторлар тобына жатады. Ең белгілі амфетаминдер – амфетамин, фенамин, ритали, экстази. Оларды ішеді және тамырға егеді. Амфетаминдердің жіті улану белгілері: көңіл - күйдің көтерілуі, дене сергектігі, ойлаудың жылдамдауы, жағымды психикалық сергектік.

Амфетаминдерді жүйелі түрде қабылдаған жағыдайда абстиненцияның ауыр көріністері байқалмайды. Психикалық және физикалық шаршаудан, организмнің жүдеп жадауынан науқас адам есірткілік заттардың мөлшерін көбейтеді. Көру және есту елестері, сөйлеу қозғыштығы, сандырақ идеялар, т.б. пайда болады.Әсіресе белсенді қозғалыс мысалы, билегенде экстази қабылдау организмнің шапшаң сусыздануына және естен тануға алып келеді.

Нашақорлық адам өмірі үшін де, қоғам үшін де аса қауіпті проблема екендігі белгілі.Нашақорлық залалсыздандырылмаған және ортақ пісектерді қолданатындықтан оларды В.С гепатиттері, ЛИТВ/ЖИТС , тіндердің өлеттенуі сепсис дамиды. Тазартылмаған героиын, қоюлығы жоғары есірткі қабылдаған жағыдайда адам өлімге душар болады, сондай ақ есірткі мөлшері шамалап артық болғанда қалшылдап, қомаға ұшырайды немесе өледі.

Нашақорлық – емделуі өте қиын қауіпті дерт. Алаңғасар, сенгіш жастардың өз ортасына біреудің жетегіне еріп, жаман жолға түсіп кетуі оп - оңай. Сондықтан ата – ананың, ұстаздардың, туыстардың сақтығы аса қажет.Өйткені есірткінің дәмін татып көрген адамның одан бас тартып кетуі аса қиын. Сонымен бірге бүгінгі заманда нашақорлықтың неекендігін білу әр азаматтың міндеті десек артық айтқандық емес. Темекі тарту

Жеткіншектер көбісі темекі тартуды есейіп, ақылдары артқанынын дәлелдейді, нағыз өмірге қадам басқандай көреді. «Ересек өмірге өту» мектеп дәретханаларының бірінде, қалтарыс – қуыстарда жүзеге асатыны жасырын жайт емес. Мектеп оқушыларының зиянды әдетке бой ұруларының алдын алу үшін мектептегі тәрбие сағаттарына осы негіздегі тақырыптар тереңінен талданып, пікір алысулар өткізіліп тұру қажет.

Жасөспірімдер арасында есірткіге бейімделу себептерін 4 топқа бөліп қарастыруға болады.



  • Әлеуметтік

  • Әлеуметтік – психологиялық

  • Отбасылық

  • Жеке басына байланысты

  1. Үйреншікті әдет иірімі

Уақыт өте келе көптеген жандар үшін темекі тарту жылдардан желі тартқан ескі әдетке айналады. Темекінің түтінін құшырлана бір сұрмаса, өзін қоярға жер таппай қиналатындарды сондай беймазалыққа түсіретін қандай күш? Ащы темекі түтінінің дәмі ме? Осындай сұрақ ойландырған ғалымдар тәжірибе жасап та көрген екен. Темекі түтініне тұншыққан бөлмеде темекімен «ұзақ жылдық достығы бар» шылымқорларды біраз отырғызғаннан кейін – ақ олардың бастары айналып, әлсіреп, жүректері айныған. Кейбірі тіпті есіне танып қалған.

  1. Темекі түтінінің құрамы қандай

Бұл 400- ға жуық түрлі химиялық заттардан – Менделеев кестесінің элементтерінен, және күрделі қосындылардан тұратын улы қоспа. Бірнешеуін ғана атар болсақ: аммоний, бензол, ацетон, бензин, никотин, қорғасын, никель, марганец, сынап, хром... Қатерлі тізім осылай жалғасып кете береді. Улы қойыртпақтың құрамында кремнийден, кальцийден, титан, стронций, полонийден бөлінетін радиоактивті заттар да бар. Осындай улы заттардан құралатын темекі түтінін құштарлана жұту арқылы шылымқор өз ағзасын өндірістік қалдықтарды қайта қорытатын зауытқа айналдыратынын білеме екен? Нақты дәйекке сүйенсек, бір қорап темекі тарту арқылы шылымқор 0,0012 г.синиль қышқылын, 0,0013 г.күкірт сутегін, 0,18г. Никотин, 0,64 г.аммиак, 0,92 г. Иісті газ, темекі қарамайының түрлі шоғырының қосылымының грамын қабылдайды екен. Ал, темекі қарамайының таза құрамының 1 грамы жылқыны да сұлатып салатыны анықталғаны қашан. Адам үшін темекі қарамайы қатерлі ісік жасушаларының өршіп - өсуіне әсер ететіндігімен қауіпті.

Темекі тартудан әсіресе, тыныс мүшелері және жүрек - қан тамырларжүйесі аса зардап шегеді. Созылмалы бронхит, өкпе, тамақтың қатерлі ісігі, яғни «жаман ауру», атерросклероз, жүрек аурулары – темекінің «ерінбей еңбектенгенінің» нәтижесі. Темекі тартудан шаш талшықтары да зардап шегеді.Өйткені,никотиннің күшімен қан айналымының бұзылуынан түбірлері толық қоректенбейді.Содан шаш түсе бастайды.Шылымқорлар темекі түтінін өздері жұтумен бірге,сол түтінмен дем алған айналасындағы адамдардың да денсаулығына зиян келтіреді.

Алкагольді ішімдіктер өте ерте замандарда пайда болған екен.Ал кейбір халықтарда арақ шарап өндірумен тұтыну ұлттық салтының ажырамас бөлшегіне айналған.

Балалардың көбі жеткіншектік кезеңде ересектік өмірге тезірек өтуге жанталаса ұмтылады.Егер кемелдену шағында балаңыз оғаш қылықтар танныта бастаса,танданбаңыз.Басбостандығын алуға арпалыс, жора жолдастарынан шеттеп қалмау,мектептегі, үйдегі іш пыстырар тәрбиелік әңгімелерден құтылып,өз өмірінің қожайынына айналу,үлкендер орнатқан ережелерге қарсылық көрсету, кей баланың өзін үлкен сезінуге тырысудағы әрекеттері.Әрине, жеткіншектер темекі тартып,ішімдіктің дәмін татуға 20-30жыл,жарты ғасыр бұрында ұмтылған.

Жеткіншектер мен жасөспірімдердің тәрбиелеу және оқыту мәселелері ең алдымен отбасы жағдайына байланысты. Отбасы жағдайындағы кейбір мәселелер бала мінез-құлқының бұзылуына, олардың тууына себепші болатындығын көреміз. Егер де осындай жағдайлар барысында ата-аналар, тәрбиешілер, мұғалімдер өзжеке мәселелерін дер кезінде шешіп отырса, бала психологиясының бұзылуына жол берілмейді.

Жасөспірімдердің топтағы қарым-қатынасын қалыптастыруға

арналған тренингтер

1 Жаттығу: «Бұдан да жылдамырақ бола ма?»(15минут).



Мақсаты: Аз уақыттын ішінде топтың есімдерін есте сақтау.

  1. Ойыншылар көздерін жауып, бөлмеде ақырындап жүре бастайды.

(бір-бірінің аяқтарын баспай, қолдарын сермемей, қатты итеріспей, мұқият болуларын сұрау). Топта барлығы жақсы араласқан соң, «Тоқта» дейсіз.

  1. Бәрі көздерін жұмып тұрады. Сіз өзіңіз ойынды бастайсыз, бір ойыншының есімін атап, иығынан жанап өтесіз. Ол көзін ашып, біреуге қолын тигізіп, оның есімін атайды, және т.с.с. ойынға тартылмай және барлығының есімі аталмай қалмауын қадағалаңыз. Енді топқа: «сіз уақытты белгілеп қойдыңыз, белгіленген уақыттан да жылдам ойнаңыздар» деп айтыңыз.

  2. Ол үшін ойыншыларға мынадй кеңес беру керек: есімі аталған ойыншы тізерлеп отырады. Бұл – оның есімі аталып кетті деген сөз. Сөйтіп ойын қыза түседі және есімдер қайталана бермейді.

  3. Ойынның әр рауындынан кейін қорытындысын жасаңыз: осы раунд үшін ойыншыларға қанша уақыт қажет екенін айту керек, ол уақытты алдағы қорытындымен салыстырамыз да рекордтық мерзімін айтыңыз.

Нұсқаулар: ойыншының біреуі басқасының есімін атаған соң, оның қолын алу керек. Әрі қарай оларға үшінші, төртінші және т.с.с ойыншылар қосылады. Ойынның артықшылығы сонда, есімі аталмағандар бірден көзге түседі. Ойыншылардың барлығы қолдарын алып біткен соң ғана ойын аяқталады.


Талдау:

  • Жаттығу ұнады ма?

  • Қандай әсер алдыңыздар?

2Жаттығу. «Біздің даусымыз біз».

Мақсаты: Топ мүшелерін ынтымақтастыққа тәрбиелеу.

Жүргізуші: Бірнеше минуттың ішінде біздің топтан бірнеше кезең арқылы ынтымақты қауым құрайық. Бірінші кезең: бәріміз тұрамыз да, бір үлкен шеңбер жасаймыз (қатысушылар көп болса, онда бір шеңбердің ішінен екінші шеңбер жасауға болады). Шеңбер бойымен тұрудың өзі біздің топтың бірігуіне ықпалын тигізеді, бәрінің иықтары иықтарымен тиісіп тұрады \бірліктің болуына әкеледі\, ортада тұрған адамға, яғни маған, соқтыңысқан (қатысқан) дұрыс... Енді шеңбердегі орындарды ауыстырамыз, бәрі ұл-қыз «арқылы» тұратын болады.

Келесі адам – өз арамыздағы қашықтықты азайту. Бір-бірімізге өте жақын тұрамыз және қолдау көрсетеміз. Әркім өзіне ыңғайлы болатындай, қолдарынан,иықтарынан, белдерінен ұстайды.

Әрі қарай қауымдастығымызды сезініп көрейік, Аздап тербеліп, бірге қозғалайық. Біздің шеңберіміз тағы не істеуге болады? Мен аздап әндетуді ұсынамын, оның бір шарты-сөзін бәрі білу керек. Қандай өлеңді білеміз? (топ өлең таңдайды). Сонымен бастайық....

Соңында қолымызды ажыратпай тұрып, барлық өзіміздің шеңберімізбен ортақ би билеп көрейік.

Талдау: ынтымақтастықтың әр кезеңінен соң талдау өткізіледі.

Қазір өзімізді қалай сезінудеміз? Сіздерге «жылырақ» болды ма? Біздің қауымды аз да болса біз осы жаттығуды орындаған соң не өзгерді?

Енді не сезінеміз?

Үлкен шеңберде жүргізуші топты 5-10 адамнан тағы топқа бөледі. Шеңберде қала отырып, әр топ бір уақытта өлең айтады. Соңында ортақ өлең айтылады.

3.Жаттығу « Алфавит » 20 минут

Мақсаты: Өзінің және өзгенің даралығын бақылауға, өзін-өзі құрметтеуге мүмкінддік туғызу, ынтымақтастықты нығайту.

Есімдерді есте сақтау үшін көптеген ойындар бар. Ұсынылатын ойындар үрдісінде топқа тапсырмалар шешуге тура келеді. Олар « команда сезімін » жасауға және зейінді дамытуға ықпал етеді. Топтың көпшілігі тапсырманы тез шешеді.

Командалық шешім қабылдау үшін топқа тапсырма дайындағаныңызды хабарлыңыз. Ол тапсырма қатысушыларды бір-бірімен танысуларына көмектеседі. Бірінші адам әркім өз есімін дауыстап және анық айтады.

Жүргізуші: есімдеріңізді қатты, нақты, мақтаныш сезіммен айтуға тырысыңыздар. Егер кімде-кім біреудің есімін ести алмай қалса, онда: «Тағы да қайталағызшы» деу керек. Әркімнің есімі нақты естілуі өте маңызды.

Бәрі есімдерін атап болған соң тапсырманы айтыңыз. Барлығы алфавит бойынша бір қатарға, келесі ережені сақтап тұруы қажет: есімдері алфавиттегі әріптердің орны бойынша, яғни есімі алфавиттегі бірінші әріптен басталса, бірінші орынға, екінші әріптен басталса, екінші орынға, соңғы әріптен басталса, соңғы орынға тұру керек. Қатарға тұру кезіндегі сөйлеуге, жазуға, есімдерінің әріптерін ыммен көрсетуге немесе ауада салуға болмайды. Есіміңіз жазылған ешқандай құжаттарды көрсетуге болмайды. Қатысушылардың кейбіреуіне ғана өз орындарынан тұру үшін орындарын ауыстыруға белгі беруге болады.

Жаттығудың мақсаты, тапсырманы өте жылдам орындау екенін қатысушыларға айтыңыз. Тапсырма орындалып болған соң тексеру жүргізіледі, барлығы өзінің есімдерін қатты дауыстап айтады. Егер орындарына дұрыс ретпен тұрмаса, бәрі қайта қайталанады. Қатысушылардың бәрі араласып, алфавит бойынша қайта тұруға тырысады.

Жаңылыспай алфавит бойынша бір қатарға тұру үшін топқа неше рет әрекет жасау керек?



Талдау: Тапсырма ұнады ма? Қазір өзімізді қалай сеземіз? Топ бірлігін біз сезе алдық па?

4.Жаттығу: « Рулетка » 10 минут



Мақсаты: Топ мүшелерінің бір-бірлерінің есімін есте сақтауын дамыту.

Бұл жаттығу топ мүшелерінің бір-бірлерінің есімін қаншалықты жақсы білетіндіктерін білуге мүмкіндік береді. Ойынға қызығу екі команданың арасында жарыс туғызады.

Топты екі командаға бөлу. Олар екі шеңбер құрып бір-бірлерінің жанына арқаларын беріп тұрады ( топта 16 адамнан болған лазым, өйтпегенде ойын қарқынды түрде өтпейді).

Шеңбердің дұрыс болғаны маңызды, себебі, дөңгелене отыра айналу керек және бір-біріне өте жақын, қиылыспағаны абзал. Ойыншылар дұрыс шеңберді ұстап тұру үшін бір-бірінің қолдарын алады. Ойынды бастау туралы сіз белгі берген соң, екі шеңбер айнала бастайды, біреуі-сағат тілімен, екіншісі-сағат тіліне қарсы. Екі команда алдын-ала , қай бағытта қозғалатынын шешіп алсын.

« Тоқта » дегенде орнында қатып қалады. Әр командада шеңберлердің жанасу нүктесінде тұрған бір ойыншы болады. Олар бір-біріне арқа жақтаын беріп тұруы керек, ал сіз олардың бір-біріне қарамауын қадағалаңыз.

Сіз «Толық айналыңдар!» дегенде, осы жанасу нүктесінде тұрған екеулері 180 градусқа бұрылып бір-бірлеріне қарайды. Қайсысы бір-бірінің есімін бұрын атаса, сол оны өз шеңберіне алады және ойын жалғасады.



Талдау: Жаттығу ұнады ма? Не қиындық келтірді? Қандай әсер алдыңыздар?

5.Жаттығу: « орынынды иемдену ».



Мақсаты: көңіл-күйді көтеру.

Ортада тұрған ойыншы бос орындыққа отыра алмауы үшін, қатысушылар шеңбер бойымен орындықтан-орындыққа орын ауыстырады.



Нұсқау: Ортадағы ойыншы өзі орын алу үшін, отырғандарды өзінің бұйрығы бойынша орындарынан ауыстырады (Қолында сағаты барлар орындарын ауыстырады, кім түнде қорылдайды орындарын ауыстырады және т.б.).

Талдау: Не ұнады? Алған әсерлеріңіз қандай?

6.Жаттығу: «Жіп».



Мақсаты: Қатысушылардың көңіл-күйіне ұнамды әсер ету.

Нұсқау: Екі қатысушы алынады. Олар 1-5 м, қашықтықта, бір-бірлеріне арқаларын беріп отырады. Жүргізуші еденге бір қатысушыдан екіншісіне қарай жіп тартып қояды. Жіптің ұштары екі орындық аяқтарының ортасына жату керек. Кім бірінші болып жүргізушінің бұйрығы бойынша жіпті өзіне таотып алса, сол жеңімпаз атанады.

Талдау: жаттығу ұнады ма? Өзімізді қалай сезінуіміз керек?

7.Жаттығу: «Жыпылықтату»



Мақсаты: Оқушылар арасында жағымды сезім тудыру.

Қатысушылар жұптарымен шеңбер бойымен орналасады. Жұптың біреуі орындықта отырады, екіншісі орындықтың артында тұрады. Тағы бір ойыншы бос орындықпен тұрады да, отырғандарға білдіртпей кім-кімге жымиып белгі береді. Сол адам оның орындығына келіп отыруы керек. Ал оның артында тұрған ойыншы өз жұбының орнынан тұруына кедергі жасайды. Жұбынан айырылып қалса, бос орындықпен қалған ойыншы жүргізуші болады.



Талдау: Не ұнады? Не ұнамады? Қандай қиындықтарға тап болдың? Қазір не сезіп тұрсын?

8.Жаттығу: «Допты шеңберден шығару».



Мақсаты: Қатысушылардың көңіл-күйіне ұнамды әсер ету.

Ойыншылар қолдарын тізелеріне қойып, шеңбер бойымен бір-біріне өте жақын тұрады. Ортада – жүргізуші. Оның міндеті- допты шеңберден шығару.

Допты аяқпен созуға және допты соққанға дейін тізеден қолды алуға тыйым салынады. Допты өткізіп жіберген ойыншы жүргізуші болады. Егер доп қатысушылардың арасынан өтіп кетсе, онда оң жақтағы ойыншы жүргізуші болады.
Жеткіншектерге арналған сабақ жоспарының үлгісі

1.Тақырыбы: Жеткіншектердің қиын әрекеттер

2. Мақсаты: Салауатты өмір салтын қалыптастыру

3. Міндеттері:

1) Нашақорлық,алкоголь, темекі шегудің фиологиялық салдары жайлы ақпарат беріп, бейнелеу;

2) Зиянды әрекетте жайлы теріс пікір қалыптастырып, дұрыс шешім қабылдауға баулу;

3)Өз денсаулығына жауапкершілікпен қарауға тәрбиелеу.

4.Сабақтың түрі: Лекция

5. Сабақтың әдісі: ой қозғау, әңгімелеу,түсіндіру ойын ойнату, сұрақ жауап.

6. Көрнекілік: кесте, схема, суреттер.

Сабақтың барысы:

Ұйымдастыру кезеңі:

1. Оқушылармен амандасу;

2. Түгелдеу.

7. Ми шабуыл Ассоциоция ойыны

Енді сол темекі деген сөзді естігенде сіздерде қандай ассоциация пайда болады.



Жағдаяттарды шешу:

Студенттерді үш топқа бөліп,Ситуациялық карточкалар ұсынылады, студенттер ұсынылған ситуацияларды талқылайды,өз араларынан көшбасшы сайлайды,ол топтың жауабын хабарлайды.

1. Сен құрбыларыңмен туған күнге шақырылдың,сенің досың анашаны шегуді ұсынды, сенің іс әрекеттің қандай болады?

2. Сен досыңның темекі шегетінін немесе есірткі қолданатынын білдің, сенің іс әрекетің?

3. Сенің достарың дискотекада саған алкогольдік ішімдік ұсынды, не істейсің?

Ішімдікке уақытым жоқ деп айта аласыңба?Сенің іс әрекетің?

Студентерден төмендегі сұрақтарға жауап алынып,сабаққа қорытынды жасалады.

1 Уақытты босқа өткізбеу дегенді қалай түсінесіздер?

2 Өмірде өкінбеу үшін не істеу керек?

3 Сіздердің қазір алып жатқан білімдеріңізге, таңдаған мақсаттарыңызға көңілдеріңіз толады ма?

4 Салауатты өмір не үшін қажет?

5 Бүгінгі сабақтан нендей ой түйдіңіздер.

Жағдаяттарды шешу:

Қорытынды сөз.

Дәл қазір, біздің жас кезімізде болашақ түрлі түсті кемпір қосақ болып көінеді,сондықтан біз өмірде күтіп тұрған қауіпті ұмытамыз.Кейде зиянды әрекеттерді үгіт жүргізу өте немқұрайлы сипатта болады.Мысалы: Бір тамшы никотин бір жылқыны өлтіреді –деген сөз тіркесіне Мен жылқы емеспін ғой –деп қыңыр жауап береді.Бұлда адам психикасы қасиеттерінің бірі,бір жағынан бәріне белгілі ақпараттымеңгеруге қабілеттсіз, екінші жағынынан ол қайғы қасірет мені айналып өтеді деп ойлайды.Міне осындай немқұрайлық бағасы болашақта қымбат болуы мүмкін.Әрине, барлық мәселелердің шешімі оңай табыла кетпейді.Бірақ,біз сіздерден алған білімдеріңізді өмір жағдайларында қолданып,зиянды әрекеттерден аулақ болып, салауатты өмір сүруді насихаттайды деген үміттеміз.


Бекітуге арналған сұрақтар:

1. Педагогикалық қолдаудың маңыздылығы қандай?

2. Жеткіншектерді тәрбие мен оқытудың кері жақтары?

3. Жеткіншектермен жасөспірімдерге қандай түзету жұмыстары жүргізіледі?

4. Жеткіншектерді қайта тәрбиелеудің ерекшеліктері?

5. Жеткіншектердің қауіпті әрекеттерін ата?




жүктеу 1,29 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау