СЕМЕЙ ҚАЛАСЫНЫҢ ШӘКӘРІМ АТЫНДАҒЫ МЕМЛЕКЕТТІК УНИВЕРСИТЕТІ
ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ФАКУЛЬТЕТІ
ПЕДАГОГИКА КАФЕДРАСЫ
|
СМЖ 3 - деңгейдегі құжаты
|
ПОӘК
|
УМКД 042- 1830-2013
|
«Коррекциялық педагогика» пәнінің оқу-әдістемелік кешені
(оқу әдістемелік материалдар)
|
№3 – басылым
|
КОРРЕКЦИЯЛЫҚ ПЕДАГОГИКА
ОҚУ-ӘДІСТЕМЕЛІК КЕШЕНІ
(Педагогика және психология мамандығына арналған)
ОҚУ-ӘДІСТЕМЕЛІК МАТЕРИАЛДАР
Cемей - 2013
1.ӘЗІРЛЕГЕН:
Құрастырушы: 28.08.2013
2.ТАЛҚЫЛАНДЫ:
2.1. Шәкәрім атындағы Семей мемлекеттік университетінің Педагогика кафедрасының мәжілісінде қаралды.
Хаттама № 1 04.09.2013ж.
Кафедра меңгерушісі: ______________ /Джанбубекова М.З./
2.2. Педагогика факультетінің оқу-әдістемелік бюросының отырысында.
Хаттама № 1 «05» 09.2013ж.
Төрағасы: ________________ /Ахметова Т.Ш./
3. БЕКІТІЛДІ:
Шәкәрім атындағы Семей мемлекеттік университетінің Оқу-әдістемелік кеңесінің отырысында мақұлданған және басып шығаруға ұсынылды.
Хаттама №1 18.09.2013ж.
ОӘК төрағасы: ____________ /с.ғ.д. Искакова Г.К./
4. АЛҒАШ РЕТ ЕНГІЗІЛГЕН (Хаттама №1, 18.09.2013ж. басылымның орнына)
МАЗМҰНЫ
Коррекциялық педагогика пәні бойынша негізгі түсініктер (глоссарий).
Коррекциялық педагогика пәні бойынша дәрістер кешені.
Коррекциялық педагогика пәні бойынша семинар тапсырмалары.
Студенттердің өздік жұмыстары.
Коррекциялық педагогика пәні бойынша негізгі түсініктер (глоссарий).
Авторитарлық қарым-қатынас - мұғалімнің оқушылар пікірімен санаспай,қызығушылықтарын ескермей шешім қабылдауы,тек өзінің айтқанын орындауға бағытталуы.
Аксиалды қарым-қатынас - ақпаратты бір адамнан екінші бір адамға жеткізу процесі (мұғалім және жеке бір оқушы арасындағы қатынас).
Аксиология (грек тілінің «ахіа» - құндылық және «logos»-ілім) - құндылықтардың табиғаты жайлы және дүниедегі құндылықтар жүйесі туралы философиялық ілім.
Антипатия - адамда басқа бір адам туралы теріс көзқарастың қалыптасуы,оны жақтырмауы.
Әлеуметтік фрустрация-адамдардың болашақтың белгісіздігіне алаңдаушылығы,мақсатқа жете алмауындағы торығып күйзелуі,жеке тұлғаның өзін дәрменсіз,ешкімге қажетсіз сезінуі,балалар мен ересектердің әлеуметтік қорғаныссыздығынан абыржуы,уайымға салыну сияқты психологиялық жағдайы.
Вербальды қарым-қатынас - бір адамнан екінші адамға не болмаса бір топ адамдар арасындағы сөз арқылы ақпараттармен алмасу процессі.
Вербальсыз қарым-қатынас - мимика,ым-ишара,пантомима (дене қозғалысы,қол қимылдары) арқылы жасалатын сөзсіз қарым қатынас.
Гуманизм - адам тұлғасын ең жоғарғы құндылық ретінде қабылдауға негізделген көзқарастар жиынтығы;тұлғаның құқығы мен бостандығын қорғауға бағытталған жане тұлғаның жан-жақты үйлесімді дамуын қарастыратын ілім.Гуманизм-адамның өмірлік ұстанымы,ол адамның адами қасиеттерін сақтап қалуға,тек жағымды,жақсы істерге бағыттайды.
Даралылық - адамды басқа адамдардан ерекшеліндіріп тұратын айрықша қасиеттері,ешкімге ұқсамастығы,оның қайталанбастығы.
Демократиалық қарым-қатынас - оқушы білімді іздестіруде қарым-қатынаста тең құқылы субьект ретінде қарастырылады.Оқушылар мен мұғалім ынтымастық қарым-қатынаста болады.
Жеке тұлға - индивидтің әлеуметтік маңызды сапалар жүйесі,оның әлеуметтік құндылықтарды меңгеруі және сол құндылықтарды меңгеруі және сол құндылықтарды іске асыру қабілеттері.Жеке тұлға ретінде адам өзінің санасының даму деңгейімен,өз санасын қоғамдық санамен сәйкестендіруімен сипатталады.Жеке тұлға-қоғамдық мәні бар адам.Кез келген адам өмірге индивид болып келіп,тек саналы қоғамдық және еңбек іс-әрекеттері арқылы ғана жеке тұлғаға айналады.
Индивид - адамды адамзат тұқымының жеке бір өкілі ретінде,биологиялық тіршілік иесі ретінде қарастыратын ұғым. Индивид-жекелік,яғни көп адамдардың біреуі.
Педагогика – адам тәрбиесі жайлы ғылым.
Педагогикалық үрдіс- оқу мен тәрбие бірлігі арқасында орындалатын білімдену мақсатынан оның нәтижесіне қарай болған іс-әрекет,ілгері қозғалыс.
Құндылық – кез келген индивид, топ, ұжым, этнос, т.б. үшін өмірлік маңызы жоғары материалдық немесе рухани нысаналар.
Өзін-өзі тәрбиелеу - өзіндік адамгершілік сапаларды қалыптастыру бойынша тұлғаның саналы іс-әрекеті,бір мақсатқа сәйкес адамның өз тұлғасын өзі қалыптастыруы.
Шығармашылық – жаңа сапалы материалдық және рухани құндылықтарды жасаудағы адамның іс-әрекеті.
Профессиограмма – маманның кәсіби даярлығына қойылатын талаптар жүйесі; мұғалімнің, оқытушының, сынып жетекшісінің, педагогтың идеалды үлгісі, эталоны, моделі.
Педагогикалық парадигма дегеніміз нақты педагогикалық міндеттерді шешудегі үлгі,стандарт,модель ретінде ұстанатын, негізгі қалыптасып қалған ғылыми жетістіктер,әдістер,теориялар,көзқарастар жүйесі.
Педагогикалық іс-әрекет - педагогикалық процесте жас ұрпақты оқытып,тәрбиелеп,дамытуға,өздерін өздері іске асыруға және еркін шығармашылық тұрғыдан өздерін таныта алуларына қолайлы жағдай жасауға бағытталған кәсіби іс-әрекет.
Рефлексия – адамның өзін-өзі зерттеуі, түсінуі, өзін басқалардың қалай қабылдайтаны жайлы өзін бағалауы.
Симпатия – бір адамның екінші адамға оң,жағымды көзқарасының қалыптасуы.
Эмпатия – мұғалімнің оқушылардың психикалық жағдайын, көңіл-күйлерін түсінуі, өзін басқа адамның орнына қоя алуы.
Перцептивті қарым қатынас – басқа адамның ішкі жан дүниесін сезіне алу (perceptio – қабылдау,сезіну).
Ретиалды қарым қатынас – ақпаратты бір адамнан бір топ адамға жеткізу процесі (мұғалім және сынып оқушылары арасындағы қатынас).
Интерактивті қарым қатынас – адамдардың өзара тығыз әрекетте болуларын, тығыз байланыста,көпшілік ішінде жұмыс істей алуға бейімделуіне бағытталған қарым-қатынас.
Қарым-қатынас - өзара іс-әрекеттер қажеттіліктернен туындайтын және ақпараттармен алмасу,адамды адам қабылдау,түсінудіқамтитын адамдар арасындағы байланыстарды орнату және дамытудың күрделі процесі.
Құзірет - тұлғаның табысты іс-әрекетке даярлығы, қойылған мақсатқа қол жеткізу үшін ішкі және сыртқы ресурстарын тиімді жұмсай алу қабілеті.
Құзіреттілік- оқушылардың әр-түрлі іс-әрекеттер түрлерін меңгеруімен анықталатын білім беру нәтижесі.
Діл (менталитет) - тұлғаның, адамдар тобының немесе белгілі бір социум дүниетанымның, дүниеге деген көзкарастарының және мінез-құлықтарының терең жатқан негіздері болып табылатын мәдениеттің мазмұны. Мәдениеттану және философиялық әдебиеттерде діл белгілі бір кезеңдегі, географиялық аймақтағы және әлеуметтік ортадағы адамдар қауымы көзқарастарының, сезімдерінің жиынтығы, тарихи және әлеуметтік үрдістерге ықпал ететін қоғамның ерекше психологиялық салты ретінде түсіндіріледі. Діл - рухани кұбылыс.
Педагогикалық жүйе- жеке, дара тұлғаны жетілдіруге, қалыптастыруға бағыттау мен белгілі бір мақсатқа жету жолындағы арнайы педагогикалық ықпалды ұйымдастыруға қажетті өзара байланысқан әдістердің, құралдарының жиынтығы.
Білім беру процессі - мұғалімнен, оқытушыдан балаға, студентке ақпаратты жеткізу.
Педагогикалық шығармашылық - мұғалімнің, өз ісін сүйіп, оған барлық ынта-ықыласымен кірісіп, әр шәкіртінің жан-жақты дамыған тұлға болып қалыптасуына неғұрлым тиімді, қолайлы жағымды жағдай жасай алуы.
Профессиограмма - мұғалімнің, оқытушының, сынып жетекшісінің, педагогтың идеалды үлгісі, эталоны, моделі.
Әміршіл-әкімшіл(авторитарная) педагогика - көзсіз бағыну тәрбиесін алға тартқан педагогика.
Ізгілікті (гуманистическая) педагогика – шәкіртті педагогикалық үрдістің субъекті ретінде танып, адам менмдам арасындағы қатынасты ұлықтай білген педагогика.
Дарынды балалар – жалпы және арнайы дарындылығын (музыкаға, сурет салуға,техникаға т.б.) байқатқан балалар.
Оқу – оқушының алдағы іс-әрекеті үшін білім, білік, дағдыларды мақсатты түрде меңгеру процесі.
Коррекциялық педагогика – психофизикалық дамуында түрлі ауытқушылықтары бар балаларды оқыту және тәрбиелеу мәселесімен айналысатын педагогиканың ерекше бір саласы. Коррекциялық педагогика мінез- құлқында, психикалық дамуында ауытқушылығы бар жасөспірімдер мен балаларды тәрбиелеу және психологиялық-педагогикалық тұрғыдан білім беру мен оқыту заңдылықтарыy қарастырады.
Шынайы үрей – қауіп – қатерге және сыртқы өмірдің шынайы қаупіне эмоционалды жауап(мысалы: балаға үлкен ит, ал жеткіншекке – мектептегі сыныптан сыныпқа көшу емтиханы); шынайы үрей өз - өзін қорғауды қамтамасыз етуге көмектеседі және жойылады.
Жүйкелік үрей – бұл белгілі инстинкттер нақты болу қауіпіне эмоционалды жауап. Ол, бала инстинктінің туындауын бақылай алмай, артынан ауыр салдары болу мүмкіндігінен қорқумен аңықталады. Жүйкелік үрей көбіне шынайы үрей сияқты әсер етеді, өйткені жазалау сыртқы көздерден шығады, содан соң ғана инстинкттік импульстар өзін - өзі басқарудан өту қаупі болады, жүйкелік үрей пайда болады.
Рухани үрей – төменгі инстинкттер әдепсіз ойлар мен іс - әрекеттер формасында белсенді көрінгенде, ал баланы ұят, өзін - өзі алдау, өзін кінәлі сезіну сезімдері билегенде үнемі пайда болады. Үрей өткен немесе қазіргі күнәларын өтеуді тосу мен өлім қорқынышына өседі.
Базалық үрей – жағыздық сезімі мен өшпенділік әлемінде оқшаулану.
Базалық өшпенділік – баланың, яғни оған теріс айналғандар (ата - ана) немесе онымен жаман сөйлескендерге байланысты ашу,ыза сезімдері.
Абулия (гр. a-болымсыздық жұрнағы, bule-ерік) әрекеттерді психикалықреттеудің потологиялық бұзылуы.
Аграфия (гр. a-болымсыздық жұрнағы, grako-жазамын) сөйлеудің әр түрлі жағдайында пайда болатын жазудың бұзылуы не жазу қабілетін толық жоғалтудан немесе сөздерді өрескел бұрмалаудан, буындар мен әріптерді тастап кетуден, әріптер мен буындарды сөз етіп қосуға қабілетсіздіктен т.б. көрінеді.
Аграмматизм аурудың салдарынан сөздерді байланыстыра алмауы.
Аменция туа пайда болатын жан ауырулары
Аномалия қалыпты жағдайдан және жалпы заңдылықтан ауытқу, бұрыстық.
Аномалды балалар (гр. anomalio-ауытқу, дұрыс еместік) қалыпты физикалық дамудан ауытқуға душар болған, сол себепті дамудың жеткіліксіздігін коррекциялауды және оның орнын толтырудың қамтамасыз ететін арнайы жағдайларда тәрбиелеу мен оқытуды қажетсінетін балалар.
Астения (гр. astheneia-дәрменсіздік, әлсіздік) өте қатты шаршап шалдығу, жадап-жүдеу т.б. байқалатын жүйкелік – психологиялық әлсіздік.
Аутизм (гр. autos - өзім) - адамның сырткы дүниеден оқшауланып, өзімен-өзі болып, іштей сары уайымға салынған кездегі көңіл күйі. Бұл терминді 1912 жылы Э. Блейлер адамның ішкі эмоциялық кажеттіліктерімен реттелетін және шынайы әрекеттерге тәуелділігі шамалы аффективтік саланың айрықша түрін белгілеу үшін енгізген.
Афазия (гр.аударғанда пайда болу) жүйке жүйелерінің кейбір бөліктерінің зақымдануынан адамның сөйлеу қабілетінің жартылай немесе толық жоғалуы.
Аффект «жан толқуы» деген латын сөзі. Бұл адамның психологиялық күйініш, сүйініш сезімдері үстіндегі көңіл-күйінің айқын көрінісі. Бұрқ етіп бір сәтті сананың бақылауынан шығып кететін күй.
Балалар кірпіияздығы (капризі детей) баланың ересектерді тындамай өз әректін ғана жөн көретін еркелігі.
Дактиология (гр.daktylos-саусақ, .... ғылым, ілім) керең – мылқаулардың бір немесе екі қолының саусақтары арқылы сөйлеуі.
Девиация қайсы бір нормадан ауытқу. Қарым-қатынас, мінез-құлық, әдетте ауытқуы.
Деменция (лат.ессіздік) жоғарғы психикалық функциялардың жете дамуының немесе семуінің салдары болып табылатын кемақылдық.(жүре пайда болады)
Дефектология (лат. Кемпейілділік) аномалиялы балалардың дамуның психологиялық физиологиялық ерекшеліктері, оларды оқыту мен тәрбиелеу заңдылықтары туралы ғылым.
Импульсивтілік адам мінез-құлқының ерекшелігі сыртқы ықпалдың әсерінен немесе эмоцияның әсерінен әрекет ету.
Коррекция нормадан тыс балалардың физикалық және психикалық дамуындағы кемшіліктерді зерттейтін арнайы тәсілдер мен шаралар жүйесі бар педагогиканың көмегімен түзету деп анықталған.
Психоз жеке адамды тоқыраушылыққа ұшырайтын психикалық қызметінің ауытқушылығы немесе психикалықс науқастық.
Психоәлеуметтік дағдарыс индивидуум өміріндегі физиологиялық даму және әлеуметтік талаптармен негізделетін дағдарыс кезеңі; позитивті де, негативті де аяқталуы ықтимал.
Психологиялық коррекция бұл адам психологиясы мен мінез-қылығы кемшіліктерді мақсат қоя отырып түзетуге бағытталған іс-шаралар жүйесі.
Коррекциялық педагогика пәні бойынша дәрістер кешені.
Дәріс 1. Коррекциялық педагогика пәні, міндеттері
Оқыту мәселесінің тұжырымдамалық негізі.
В.П. Кащенко – коррекциялық педагогиканың негізін салушы.
Бала дамуы бұзылуының түрлері.
Психикалық дамуы тежелген, тірек- қимыл аппараты және есту қабілеті бұзылған балаларды түзете отырып дамыту жұмыстарының ерекшеліктері
Психикалық дамуы тежелген балаларға арналған тренинг жаттығулар
Дамуында түрлі ауытқушылықтары бар балалардың танымдық процестерін дамытуға арналған ойындар
Оқыту мәселесінің тұжырымдамалық негізі.
Коррекциялық педагогика – психофизикалық дамуында түрлі ауытқушылықтары бар балаларды оқыту және тәрбиелеу мәселесімен айналысатын педагогиканың ерекше бір саласы. Коррекциялық педагогика мінез- құлқында, психикалық дамуында ауытқушылығы бар жасөспірімдер мен балаларды тәрбиелеу және психологиялық-педагогикалық тұрғыдан білім беру мен оқыту заңдылықтарыy қарастырады.
Ауытқушылығы бар балалар категориясына оқу бағдарламаларын меңгеруде қиындық тудыратын түрлі биологиялық, әлеуметтік себептерден ақыл-ойында (интеллектісінде), естуінде, көру қабілетінде және қозғалыс сферасында бұзылуы бар балалар жатады. Бұл категориядағы балалардың орталық жүйке жүйесінің қызметінде сәл ауытқушылығы бар болуы, сондай-ақ олар мектептік және әлеуметтік бейімделу кезінде жағымсыз әсер қалдырулары мүмкін. Сол себептен осындай категориядағы балаларды дамыту, тәрбиелеу, оқыту мақсатында, бұл балаларды оқыту ,тәрбиелеу мен дамытуды барынша жекелендіріп, уақытында мінез-құлқындағы және дамуындағы бұзылуларды анықтайтын, алдын алатын және олармен күресетін арнайы тиімді әдіс-тәсілдер мен құралдар жасап, қамтамасыз етіп отыру қажет.
Коррекциялық педагогиканың пәні тәрбиеленушілердің(оқушыларды) жағымсыз мінез-құлықтарын тәрбиелеуге көмектесетін, ата-аналар мен педагогтардың алдын-ала ойластырған іс-әрекеттері болып табылады.
Коррекциялық педагогиканың төмендегідей атқаратын міндеттері бар:
Балалар мен жасөспірімдердің дамуындағы кемшіліктерді, мінез- құлықтарындағы түрлі ауытқушылықтарды, сондай- ақ олардың пайда болу себептері мен шарттарын анықтау;
Коррекциялық педагогикалық іс- әрекеттердің даму деңгейін бақылап отыру;
Балалар мен жасөспірімдердің мінез-құлқында, дамуында көрінетін ауытқушылықтар мен бұзылуларды түзету және алдын-алу бағдарламаларын жасау;
Баланың психофизикалық дамуында байқалатын әлеуметтік педагогикалық факторларды айқындау;
Ауытқуы бар балалар категориясына жататын баланың тұлғасына коррекциялық - педагогикалық әсер ететін түрлі әдіс-тәсілдер мен құралдар жасау;
Ауытқуы бар балалармен жұмыс жасайтын педагогтарға коррекциялық- педагогикалық жұмыс бойынша оқыту әдістемесін құру;
Тәрбиеленушілер тарапынан түрлі жағдайлардың тууына жүйелі бақылау жүргізіп отыру;
Балардың жеке тұлғасын және мінез- құлқын зерттеуге арналған арнайы әдістемелерді таңдау;
Түрлі деңгейдегі тұйық, қиын типтегі агрессивті балалар мен жасөспірімдердің себебін анықтап, олардың жан дүниесін түсіне білу;
В.П. Кащенко – коррекциялық педагогиканың негізін салушы. Әйгілі орыс дәрігері, әрі педагог В.П. Кащенко өткен ғасырдың 20 - жылдары жеке адамның даму барысындағы кемшіліктердің коррекциясы - үлкен әлеуметтік маңызды мәселе және оны мемлекеттік саясат дәрежесінде қарастыру керек деп айтқан. Бұл үндеу бүгінгі күнге дейін маңызын жоғалтқан жоқ. В.П. Кащенко кеңестік дефектологияның негізін салушылардың бірі. В.П.Кащенко 1909 жылы Мәскеуде жалға алынған үйде дефектісі бар балаларға мектеп – санаторий ашқан. Мұндай балаларға арналған мекеме педагогикалық, емдеу және зерттеу функциясын атқарған, өзінің мақсаты мен міндетіне орай, мұндай мекеме Ресейде ғана емес, бүкіл әлемде алғашқы болды. Бұл мекемеде орталық жүйке жүйесінде бұзылуы бар және дамуы артта қалған балалар оқып, тәрбиеленген.
Кащенко өзінің практикалық және ғылыми жұмысында оқыту – тәрбиелеу үрдісінің әдістемелік жағына көп көңіл бөлген. Ол тәрбиелеу жүйесіне және оқыту бағдарламасына бала емес, керісінше олар балаға бейімделу қажет деген. Осыған орай, мектеп мүмкіндігінше оқушының жекелей ерекшеліктерін ескеру қажет деген талап пайда болды. Талапты орындамаған жағдайда мектеп оқушыға шамасы келмейтін талаптар қойып,оның қабілеттері мен мүмкіншіліктерін толық пайдаланбай, дамытпай, оқушыны жалықтырып жіберуі мүмкін. Осыдан барып әрбір оқушының ерекшеліктерін толық зерттеу қажеттілігі пайда болды. 1918 жылы Кащенконың мектеп – санаторийі Наркомпросса жүйесіне енді. Ол зерттеу үйіне айналды.
Медициналық - педагогикалық кеңес берулер барысында педагогикалық клиника дамыды. Мұндай клиника алғаш қолданыста болды. 1920 жылы І Бүкілресейлік балалар дефектісімен күрес съезді өтті. Сол жылы Кащенко балалар дефектологиясының педагогикалық институтын ашты. 1924 жылдан бастап ІІ Мәскеу мемлекеттік университетінің педагогика факультетінде дефектология бөлімі ашылды.
В.П. Кащенко басқарған институтта келесі бөлімдер жұмыс жасады:
Интеллектуалды дефективтік;
Қиын тәрбиеленетін балалармен жұмыс;
Сурдопедагогика (есту қабілетінде кемшілігі бар, естімейтін не болмаса мүлде естімейтін балаларды оқыту мен тәрбиелеу);
Тифлопедагогика (көруінде кемістігі бар балаларды оқыту және тәрбиелеу);
Баланы әлеуметтік заң жүзінде қорғау.
Бұл жоғары оқу орындарымен бір уақытта Петроград қаласында қалыпты және дефекивті бала педагогикалық институты ашылды. Бұл екі жоғары білімді педагог- дефектолог мамандарын даярлауға негіз болды.
1928 – 1932 жылы В.П.Кащенко мен Н.А.Семашко профессор Каннабихпен бірге «ашуланшақ бала, жалғыз бала» тақырыбында топтық, көпшілікке арналған клубтар мен радио көмегімен лекция өткізді. 1928 жылдан бастап «Дефектология сұрақтары» журналы жарық көрді. В.П. Кащенконың мектеп-санаторийы дефектологияның кеңестік ғылымның жеке психологиялық-педагогикалық бағыты ретінде мемлекеттік ұйымдастырылуына көп септігін тигізді.
Бала дамуы бұзылуының түрлері.
Адамның даму үрдісі бүкіл өмір барысында жүріп отырады. Әсіресе, ол балалық шағында қарқынды дамиды. Міне, сондықтан қазіргі уақытта «балалық шақ» қоғамның рухани байлығы болып саналады және осы жас шамасындағыларға әр түрлі ғылым мамандары көп көңіл бөледі. Бала кезінде адамның қоршаған ортаны тануға деген ұмтылысы белсенді болады. Даму әрқашанда дәл және баяу жүрмейді. Ол жылдам темппен, мақсатқа жетушілікпен мазмұндалуы мүмкін. Л.С.Выготский бала дамуының дөңгелек кезеңі деген атауды бөліп көрсетті:
Нәрестелік дағдарыс;
Бір жас дағдарысы;
Үш жас дағдарысы;
Жеті жас дағдарысы;
Он үш жас дағдарысы.
Қазіргі уақытта балалардың дамуының бұзылуы көп жағдайда өмірдегі, елдегі, отбасындағы тұрақсыздықпен байланысты. Инфекциялық аурулармен ауыратын және орталық жүйке жүйесі ауруларымен ауыратын балалар саны көбейіп келеді. Отбасындағы экономикалық жағдай төмендейді, рухани және мәдени құндылықтарға әрқашан бағдарлана бермейді. Ата – аналардың өз балаларына қамқор болуы уақыттары жетпеуіне байланысты төмендейді. Олар ең алдымен нан табуға тырысады. Баланың денсаулығы мен дамуы мәселесін кеінші орынға ысырып тастайды. Сондықтан дағдарыс шағындағы балаларға аса көңіл бөлу керек, көп ата – аналар әр түрлі себептермен көңіл бөле бермейді.Көптеген зерттеушілер бала дамуының және бұзылуының түрлерін былайша топтастырады:
Құлағы естімейтін, көзі көрмейтін, сөйлей алмайтын, тірек қимыл аппаратында ауытқуы бар балалар;
Психикалық дамуы тежелген балалар;
Астеникалық жағдайдағы және конфликтілі қайғыруы бар балалар;
Психопатиялық мінез-құлық формасы бар балалар;
Ақыл-ойында ауытқушылығы бар балалар(деблиьдік, имбецильдік, идиотия дәрежелеріндегі олигофрендер);
Психикалық аурлардың бастапқы көрінуі бар балалар.
О. Н. Усанова ауытқушылықтың басқа классификациясын ұсынады:
Ағзалық бұзылуларға байланысты дамуында ауытқушылығы бар балалар;
Функционалды жетілмеушілікпен байланыс салдарынан туындаған ауытқушылығы бар балалар;
Психикалық аурулар әсерінен дамуында ауытқуы бар балалар.
В.А. Лапшин және Б.П. Пузанов дамуында ауытқушылығы бар балалар тобын төмендегідей бөліп көрсетеді:
Сенсорлық бұзылуы бар балалар (есту және көру қабілеті бұзылған);
Интеллектуалдық бұзылулары бар балалар (ақыл-есі кем және психикалық дамуы артта қалған балалар);
Тіл кемістігі бар балалар;
Тірек-қимыл аппаратында кемістігі бар балалар;
Дамуында кешенді дефектісі бар балалар;
Дисгармондық дамуы бар балалар;
В.П. Кащенко барлық дамуында бұзылуы бар балаларды үлкен екі топқа бөлді:
1. Мінез- құлқында кемшілігі бар, ерекше эмоционалды сипаттағы балалар:
тұрақсыздық, қайшылықтылық;
ашуланшақтық, аффектіге бейімділік;
адамдарды ұнатушылық пен жек көрушіліктің жітілігі;
әрекет қылығының импульсивтілігі;
ызақорлық;
қорқақтық;
ақ көңілділік, енжарлық;
енжарлық және шектен тыс көңілді болу;
педантизм;
аса қызығушылықпен оқу.
2. Мінезінде кемшілігі бар, белсенді-еріктік сәттерге негізделген балалар:
интенсивті езбелік;
үнемі рахаттануға құмартушылық;
нақты мақсаттың жоқтығы;
тұрақсыздық;
алаңғасарлық;
мақсатсыз өтірік;
мағынасыз ұрлық;
жан-жануарларды азаптау;
қоршаған адамдарға қиянат көрсету;
негативизм;
диспотизм;
шектен тыс салақтық;
тұйықтық;
кезбелік, қаңғыбастық;
Балалардың дамуына баланың құрсақта дамуы кезінде, туғаннан кейін және туғанда әр түрлі факторлар әсер етуі мүмкін. Оларға генетикалық ауытқушылықтар, жүкті ананың ішімдік, есірткі қолдануы, жүйелі шылым шегуі, психикалық және физикалық түрлі жарақаттар алуы, жұқпалы немесе созылмалы аурулармен ауруы, тұрмысы жағдайынының нашар болуы жатады. Бала дамуының бұзылуы ми ауруларына, бас сүйегінің зақымдануына, жүйке жүйесінің ауытқуына әкеп соқтыруы мүмкін. Баланың өсіп, дамуына тамақтану режимінің бұзылуы, анасының ұйқысының дұрыс қанбауы, отбасындағы түрлі жағымсыз атмосфералар (күнделікті ұрсыс керістер, айғай-шулар) кедергі келтіреді. Балалар мен жасөспірімдердің дамуына әсер ететін жағымсыз әрекеттердің көрінуі ата- аналардың, үлкендердің тарапынан көңіл бөлмеушіліктерінің салдарынан болады. Мысалы:
балаға жүйелі түрде бақылау жасамау;
дәрігерлердің нұсқаулары мен кеңестеріне жүгінбеу;
моральдық сапаларды қалыптастырмау;
эмоционалды еріктік сфераны дамытпау;
балаларға рухани және физикалық қиындықтар туындату;
баланың жеке мәселесіне көңіл бөлмеу;
тіл кемістігі бар балалармен арнайы жұмыстар жүргізбеуі жатады[1,20].
Сол себептен бала дамуындағы бұзылуларды ерте кезден анықтап, оның пайда болу себебін бейтараптандыру қажет.Сонымен қатар күнделікті өмірде «қиын бала» ұғымы да кеңінен таралған. «Қиын» оқушылар классификациясын Ростов мемлекеттік педагогикалық университетінің доценті А.И. Белов ұсынған болатын. Оның жүйесі «қиындық» түсінігін түсінуге және де педагогикалық коррекцияның адекватты формасын таңдауға аса көп негізделген.
Схема 1
А.Е.Белов бойынша бейімделе алмайтын балалар классификациясы
Қазіргі таңда педагогикалық әдебиеттерде «нормадан ауытқыған мінез- құлықты балалар» (девиантты мінез- құлықты балалар) термині әр түрлі түсіндірілуде. Оны В.П. Баженов, Г.П. Давыдов, Г.П Медведев «педагогикалық тәрбиеден босаңсыған балалар», ал М.А Алемаскин, А.И. Кочетов «қиын тәрбиеленуші жасөспірімдер» деп түсіндірсе, Э.Г. Костяжкин, А.Ф. Никитин «қиын бала» деп түсіндірді.
Достарыңызбен бөлісу: |