«Филология» мамандыєына арналєан



жүктеу 1,72 Mb.
бет4/8
Дата08.02.2018
өлшемі1,72 Mb.
#9086
1   2   3   4   5   6   7   8

Когнитивті терапия

Когнитивті психотерапияның негізгі 60-жылдары Альберт Эллис және Аран Бектің жасауымен тығыз байланысты. Кейіннен бұл идеялар бихевиоризмнің негізін құраса, қазіргі кезде бірыңғай когнитивті әрекет- қылықтық терапия деп аталады. Бұл саланың негізгі мақсаты- адамның ойлауындағы, яғни дисфункционалды сендіруін өзгерту болып табылады.

Когнитивтіліктің түп тамырлары  психологиялық проблемаларды шешудегі философтарды да айтып өтуге болады (Эпиктет, Сенеки, Цицерон және т.б.). Олардың ойынша, біз нақты жағдайлардан емес, керісінше біз не ойлаймыз, содан зардап шегеміз. «Барлығы субъективті пікірге байланысты». Біз өзіміздің пікірлерімізден зиян шегеміз (Сенеки Луцияно).  Когнитивті элементтер екі деңгейде болуы мүмкін: ақпараттармен байланысты автоматты образдар мен ойлар, базалық посылка- тұлғаның өзі туралы және қоршаған орта туралы терең ойлар жүйесі.

Автоматты ойлар – рефлекторлықпен, тез және санасыздықпен сипатталады. Олар өте тез сеніп қалатын балалардың ата- аналарының сөздеріне байланысты. Базалық – бұл ұстанымдар, яғни тұлғаның өмірлік философиясындағы санасыздық тұрақтылықпен және көбінесе сол және автоматты ойларды анықтайды. Осы базалық ұсыныстармен автоматты ойларды байланыстыратыны когнитивті процестер болып табылады. А. Бек депрессиядағы типтік логикалық қателерін атап көрсетті:

1. Шартты ой қорытынды – факторларға қарама- қайшылық.

2. Селективті абстрагирлеу – ситуациядағы бір элементінің, яғни оның басқа да аспектілеріндегі пациенттің өмірге көзқарасы.

3. Полярлы (немесе «қара- ақ») ойлау – депрессивті ауру адамдардың әрқашан- ешқашан, бар- жоқ, жақсы- жаман, т.б.

4. Персонификация – фактілерсіз нейтралды жағдайларды тұлға өзіне тән қасиет деп санауы.

5. Максимизация- минимизация- депрессивті ауру адамдар өзіндік жағымды тәжірибесін кенеттен сәтсіздік деп санауы.

Ашық дағдарыс кезеңдерінде пайда болып, кейін елеулі өзгерістерге кезіккен теориялық бағыттар 60 жылдардың басында өздерінің бұрынғы абыройынан айырыла бастады. Әрекет- қылық пен психиканы түсіндірудегі теориялық ішкі қайшылықтар позицияларын қайта қарауды талап етті. Бұл дағдарыстың негізгі себебі: экспериментальді зерттеулер мен теориялар саласында жаңа өнімді көзқарас, бағыттардың туындауынан болды; танымдық іс- әрекет зерттеулері аймағында – когнитивтік психология, гуманистік психология, нейрофизиология, нейроморфология, нейорпсихология, қанат жайған жаңа бағыт- адам психологиясы.

Қазіргі заман психологиясының аса маңызды артықшылығын танытқан, ғылыми ағым- когнитивтік психология болды. Бихевиористердің әрекет- қылық талдауында психологиялық элементтерді елемеуі мен танымдық дамуы ескермеуіне қарсылық білдірген. Адам организмі жүйелі құрылым деген танымды жалғастырды, яғни адам әрқилы ақпараттарға ықпалды әсер етуге қабілетті: бөтен таңбалар (код) формасына келтіре алады, одан әрі өңдеу үшін өз қажетіне керек ақпаратты бөліп алады немесе керексіз мәліметті жүйеден бүтін дей аластайды. Когнитивтік психология өкілдері: Дж. Брунер, Д. Норман, Л. Фестингер, Ф. Хайдар, У. Найсер, П. Лиднсей, Г. Саймон. Бұл бағыттың бірнеше бағыттары бар; ең танымал болғаны- есептеу варианты. Мұнда танымдық процестер шектен тыс механистік негізде түсіндіріледі: психика сигналдарды өзгеріске келтіруші тұрақты қабілетке ие тетік (аппарат) күйінде қарастырылады. Әсіресе таным процесіндегі ішкі когнитивтік құрылымдар мен ізденуші организм белсенділігіне аса мән беріледі.

Когнитивтік психологияның негізгі зерттеу аймағы танымдық процестер- ес, тіл мен сөздің психологиялық қырлары, қабылдау, ойлау, зейін, қиял және танымдық даму. Бұл таным психологиясының әдістері жеке адамның көңіл- күйі (эмоция) мен себеп- түрткілерін (мотив), сонымен бірге әлеумет психологиясын зерттеуге де қолданылды. Адам танымының барлық формалары электрондық есептеу машиналарына (ЭВМ) ұқсастығымен ақпарат жинау және өңдеудің бір ізді блоктары ретінде бағаланды. Адамның ақпарат өңдеу, сақтау және пайдалануына байланысты танымдық белсенділігінің белгілі деңгей дәрежесінде көрінетіні туралы пікір болды. Ес, қабылдау процестері, зейін, ойлау мен оның сөзбен не сөзден тыс берілетін бірліктері (компоненті) көптеген құрылымдық модельдерге келтірілді. Субъект проблемасынан алшақ тұрумен когнитивтік психология психологиялық әрекеттің иесі деп әсіреленген бір дерексіз бастаушыны (гомункулюс) мойындау керек болды.


Дәріс 6 тақырыбы: Трансгенерациональды жанұялық психотерапия

Теоретикалық конструктілер және негізгі идея. Трансгенерациональды жанұялық психотерапия практикасы. Баға, мақсат, техника. Ата-анасымен тұратын жанұялармен жұмыс. Трансгенерациональды жанұялық психотерапия тиімділігі.

80 ж. Басында Берн университетінен шыққан швейцария психотерапевтері Блазер, Хайм, Рингер, (Blaser A, Heim E., Ringer Ch., Thommen M.) әзірлеген мәселелі – бейімделу психотерапиясы психотерапияның жеке қысқа мерзімді интегративтік әдісін сипаттайды. Оған включающий элементы психологиялық талдау, когнитивтік – мінез құлық психотерапиясы, гештальт-терапияжәне дене бейімделупсихотерапия элеметтері кіреді. Бұл әдіс неғұрлым көп науқастарға көмек көрсете алатын белсенді, құрылымдық және құныжағынан қымбат емес психотерапияға деген қажеттіліктің өсуінен Маланның және Манның қысқа мерзімді психодинамикалық псиотерапиясы негізінде дамыды. Авторлар жаңа мектеп негізінің қалануын талап етпейді.

Олар психотерапиялық тәжірибенің негізгі құрайтын элементтерінежәне прагматикалық және шаблондық емес оның даму барысында туындайтын шешімдер мүмкіндіктеріненазар аударады.

Психотерапияның нақты проблеманы шешетін айқын бағыттылық сияқты айрықша емес факторының маңыздылығы атап көрсетіледі. Сондықтан психотерапияның осы әдісінің мақсаты науқастың өз мәселелерін шешудегі қабілеттерін жақсарту. Ол оған психотерапия соңында өзіне-өзі психотерапевт болуға көмектеседі.

Мәселелі – бейімделу психотерапиясының келесі негізгі принциптері бар:



  1. Мәселеге деген бағыттылық;

  2. Науқасқа деген бағыттылық;

  3. Әдістер плюрализмі;

  4. Құрылымдық;

Мәселеге деген бағыттылық. Авторлар мәселені науқастың бейімделу мүмкіндіктеріне қойылатын талаптар көптігі деп түсіндіреді. Белгілер мәселенің бір аспектісі ретінде ғана сипатталады. Мәселеге бағыттылық дегеніміз психотерапия мақсаты белгілерді ғанаемес, монымен қатар оның артындағы мәселені де жоюға бідіреді. Әдетте науқастар өмірлеріндегі көптеген қиындықтарға шағымданып келеді. Мәселелі көзқараста психотерапевт науқаспен бірге шектеулі уақыт ішінде шешілетін немесе оны шешу үшін стратегия әзірленетін, шешуі кейін болатын басты мәселені анықтайды.

Науқасқа деген бағыттылық. Бұл қағида психотерапиялық жұмыс ең алдымен науқастың мәселесі сипатына, оның мәселені ұғынуын, оның психотерапия мақсатын түсінентіне байланысты құрылатынын білдіреді. Психотерапевт науқаспен ұсынылатын түсіндіру үлгісіне жете ойланып, онымен бірге талдап, содан кейін мәселенің анықтамасын , оны шешудің нақты стратегия мазмұнын ұсынуы керек.  Психотерапиялық үдеріс науқас үшін анық болғаны маңызды.

Әдістемелік плюрализм қағидасы көптеген психотерапиялық әдістергеқатысты ретсіз қатынасын емес, ол олардың жеке мәселелерді шешу үшін дифференциальды қолдануды білдіреді. Психотерапевт өз жұмысында психотерапиялық бағытын кез келген теориясын басшылыққа алмайды, ең алдымен тәжірибелік міндетті шешді: қысқа мерзімді психотерапияға берілетін қысқа уақыт ішінде науқаспен бірге қабылданған психотерапияның реалистік мақсаттарға сәйкес өзгерістерге қаншалықты жақсы жету керек.

Құрылымдық қағидасы сыртқы, сонымен қатар психотерапия үдерісінің ішкі аспектілерінде айқындалады. Сыртқы құрылымдық уақыт шегімен байланысты, психотерапия 15-20 минут сессияларымен шектелген, аптасына 1 рет, ұзақтығы 25-тен 50 минутқадейін жасасқан шартқа сәйкес болады.

Ішкі құрылымдыққа негізгі құрайтын немесе психотерапия үдерісінің сатылары кіреді:


    1. Психотерапевт – науқас қатынасы;

    2. Науқастың мәселесін түсіну;

    3. Мәселені талдау

    4. Мәселені анықтау

    5. Мәселені өңдеу

    6. Психотерпияның аяқталуы

Психотерапиялық үдеріске үлгілік сатылық жоспар түріндегі белгілі құрылымды белгілеу психотерапевтке өз әрекеттерінде бейімделуге көмектеседі, және тәжірибеде психотерапиялық үдеріс әртүрлі болса да, нақтыөзгерістерді жүзеге асыруғажеткілікті уақытқалғаны үшін және психотерапияны уақытында аяқтау үшін психотерпия курсының ортасында 5-ші сатыға жету керек (мәселені өңдеу). Төмен психотерапияның жеке сатыларының қысқа сипаттамсы беріледі:

1ші саты- тұрақты қатынастарды және науқас пен психотерапевт арасында құрылымдық жұмыс қатынастарды құру. Қатынастардың (сапа) бірнеше деңгейлері бар. Қатынас сапасының бірінші көрсеткіші – дағдылы(қалыпты) өзара қатынастар, рольдік ойыныны тәуелсізеркін, олар қысқа мерзімді, спорадикалық  және сыртқы әсерсіз болады, әдетте  психотерапияның шартпен , басқа  сөзбен айтқанда, науқас және  психотерпевт ойнайтын рлбдермен  анықталады. Қатынастың үшінші деңгейі  – мәселелер деңгейі, оны әдетте  ауыстыру және контрауыстырумен  байланыстырады.

Қатынастардың психоаналитикалық тұжырымдамасы (ауыстыру контрауыстыру) осы терапияда сәл  өзгерген күйінде сипатталады. Науқас мәселесінің бөлігі оның өткен тәжірибесі психотерапевтқа әсер етіп, және ол иррационалды, анахроникалық және танылмайтын реакцияларда түіндіру шектеулі көлемде қолданылады. Одан басқа авторлар психотерапевт реакцияларын осы деңгейде контрауыстыру ретінде қарастырудан бас тартады.

Бұл психотерапевтіңрефлексияға тартуға талпынуы мүмкін сезімдер болар. Төртінші деңгей – жағдайлардың тоғысу деңгейі.

Бұл деңгейде қатынастар психотерпевтке  науқас және оның ауыстыруымен мәселе болып табылатын  нәрселерді байланыстыратын  жағдайлар орын алады. Жағдайлардың тоғысу деңгейінде психотерапевтің  өткне тәжірибесі психотерапевтке  кедергі болады. Контрауыстыру термині  тек осы мағынада қолданады.

2-ші  саты – науқас мәселе туралы  өх ойларын баяндайды. «Сырқаттың субъектілік теориясы» ұғымы ұсынылады. Терапияның орталық элементерінің  бірі, әсіресе олар оның мәселелі жағдайымен байланысты болса, науастың теориялық тұжырымдамаларына назар салу болып табылады. Психотерпиялық араласу науқаспен жасалған құрылымға енгенде ғана тиімді екендігі атап көрсетіледі. «Сырқаттың субъектілік териясы» ішкі байланыстарын түсіну маңызды, себебідәл соларда оны тежейтін және жүзеге асырмайтын нағыз мәселе жатады.

3-ші саты мәселенің талдауы. Мәселені талдауды келесі схнма бойынша жасау керек:


    1. Қазіргі уақыттағы жағдайлар (актуалды тудыратын жағдайға, емделуші және оның айналасындағылар мәселесінің салдарына көңіл  аударылады);

    2. Емделуші өмірінің тарихы. Бұл мәселе талдауының бөлігі көбінесе емделуші мәселесінің бірінші көрінуіне сәйкес өмір кезеңіне, сонымен қатар одан кейінгі басталған кезңге бағытталған;

    3. Қызметтік мәні. Мәселесінің мәні деген сұрақа жауапты өзара ішкі жеке кикілжіңдер саласына ену талпынысында емес; нақты, айқын жеке қатынастарда осында және қазір, серіктестік байланстарда, отбасыларда, жұмыста іздеу керек.

4 ші саты – мәселені анықтау, мақсатты және психотерапияны жоспарлау . Емделушінің пікірлері мен сырқаттың себебін түсіндіруге негізделетін мәселенің анықтамасы жалпыға түсінікті тілмен құрылуы керек.Психотерапияның мақсаты айқын, жедел, яғни барлық қажетті әрекеттерге нұсқаулары  бар және 15-20 психоттерапиялық сессиялы шегі есебімен реалистік болу керек. Терпапияның негізгі тұжырымдамасына сәйкес әртүрлі әдістемелік көзқарастарды аралас қолдану қарсы ешқандай қарсылық жоқ.

5-ші саты – мәселені өңдеу және алынған өзгерістерді психотерапия шегінен тыс шындық өмірге ауыстыру. Мәселемен жұмыс жасаған кезде психотерапияның бір немесе бірнеше әдістер қолданылады. Сонымен бірге екі беталысты ұстану керек:



    1. Психотерапия проблематикасының кеңеюі;

    2. Емделушінің басты мәселені талқылаудан қашу. Жұмыстың  басты мақсаты- емделуші мәселесінің сондай түсінігіне жету және психотерапия аяқталған соң, қиындықтармен одан жақсы тойтарыс беріп, өз мәселелерімен жеке жұмыс мүмкіндік беретін жеңудің стратегияларын игеру.

6-шы саты психотерапияның аяқталуы. Психотерапия курсының аяқталуы мен емделуші мен психотерапевтің қоштасуы соңғы үш-төрт сессиясының басты тақырыбы болады. Егер емделушінің мәселесі саналы және ашық өңделсе, онда ол оған үлгі болатын психотерапевт мінезіне бейімделеді. 

Мәселені бейімделу психотепиясы үшін танылатын себептермен туған барлық бұзулар көрсетілген. Ең алдымен оған егер олар антикризистік шаралармен жойылмайтын болса, өткір торығу, қорқыныш жағдайды, үрей ауыр жүктемерге деген өткір реакциялар, еесірікті және қызметтік психосоматикалық бұзылулар, сондай-ақ «жүйке күйзелісі» жатады. Бұл терапияның түрі адамның маңызды нәрсеге қол жеткізе алмауы, өзіндік мәнділік сезімінің жоқтығы, асқан конфоризм, өз мұқтаждықтары мен қажеттіліктерін тани алмайтындық тәрізді «мінез-құлық кемшілігінде» сипатталатын бірқатар бұзулар жағдайында көрсетілген.

Оның негізінде психотерапия стратегиясы әзіленеді –психотерапиялық мақсатқа жету үшін бір немесе бірнеше әдістерді қолдануды анықтайтын басқарушы желі болып табылады. Психотерапиялық әдістердің қолайлы эклектикалық таңдауында оның емделушінің жеке тұлғасы мен мүмкіндіктері, психотерапевтке берілетін уақыт көлемі сияқты факторларға назар аударылады.

Мәселені – бейімделу психотерапияда жүзеге асатын әдістердің плюрализм қағидпсы келесіні тұжырымдайды:

1)Сананың қарқындылығы;

2)Ойлау мен мақсат шаблондарының өзгеруі;

3)Мәселені шешу;

4)Мінез-құлықтың өзгеруі;

5) күйзелістің белсенділігі;

6) емделушінің өз денесін қабылдауды жеңілдету және босаңсу;

7)қолдау;

8) жүйкелік өзгерістер.

Егер психотерапевт таңданған стратегияда сананың белсенділігі әдісін қолдану ұсынылса, терапия шегінде ең алдымен түйсіктермен байланысты аспектілерді түсіну емес, қарым-қатынастағы танылмайтын кикілжіңдерді анықтау, әлеуметтік мотивтер туралы немесе қатынастыр кестесін түсіндіру туралы сөз естіледі.

Терапияның  бұл түрінде мәселелерді шешу үщін қолданылатын ойлау мен мақсаттардың үйреншікті кестелері өзгеруінің когнитивтік  әдістеріне көңіл бөлінеді. Ақпаратты  беруден басқа тану және ойлаудың кедергі жасайтын кестелер мен сәйкес емес мақсаттардың өзгеру әдістері  қолданылады.

Ойлаудың  кедергі болатын кестелері мен  сәйкес емес ұғымдар саналы когнитивтік  үдерістер өзгертілуі мүмкін. Ол үшін келесі қадамдар жасау керек:


    1. Ең алдымен автоматтық ойларды тану;

    2. Вербалдану;

    3. Талдау( эмпирикалық, логикалық, прагматикалық)

    4. Өзгерістер;

Мақсаттың өзгеруі кезінде, оны мәселені шешудің  жаңа стратегияларын қолданумен тәжірибеде сынауға болады.

Бұл үдерістілогикалық бірізділікте орналасқан қадамдарға бөлу керек:



    1. «мәселе шешілуі мүмкін» позитивтік мақсатты жасау;

    2. Емделуші мәселесін  субъективтік баяндау;

    3. Мәселенің жүйелік талдау;

    4. Мәселені дифференциалды жедел анықтамасы әдетте мәселенің бұрынғы дыбысталуының нақтылануы, қайта құрылу болады);

    5. Баламалы шешімдердің бағасыз іздестіруі ( бағытталған ерікті ұқсастықтар) қолдану;

    6. Баламалардың реалистік бағасы ( шынайы мүмкіндіктерді таңдау);

    7. Шешімді қабылдау және жүзеге асыру;

    8. Нәтижелерді тексеру.

Әдістемелік плюрализм негізінде емдеу  міндеттерін  шешу барысында классикалық келісідгендік, операнттық келісілгендік және үдгілеуге  негізделген мінез-құлық психотерапиясының  әдістеріқолданылуы мүмкін . Күйзеліс белсенділігі мен эмоциялар айқындалуы әдістерінің интеграциясы сырқат пен жұмыс істейтін адамға өз жеке өсуін сезінуге  мүмкіндікті ұсынуды  мақсат етеді. «Жұмсақ» әдістермен қатар гештальт терапияда  әзірленген тәсілдер де қолданылады.
Дәріс 7 тақырыбы: Жанұялық кеңестегі біріншілік психодиагностика

Психодиагностика – нақты міндеттерді шешуге арналған практикалық немесе теориялық меңгеру операцияларының біртекті амалдарының жиынтық әдісі. Практикалық психологияның өзіне тән ерекше әдістері бар. Ол диагностикалық әдістер, кеңес беру, терапевттік түзету әдістері және ұйымдастыру мәселелерін шешуде қолданылатын әдістер. Бұлар психологтың клиентке ықпал ету қарқындылығының , шешілетін міндет күрделігінің негізінде құрылған. Психодиагностика клиенттің психологиялық проблемасын шешу үшін оған өзін едәуір тереңірек түсінуге және хал - жағдайы мен мінез құлқын өзгертуге, адамның ішкі мүмкіндіктерін табуға жәрдемдеседі. Практикалық психологияның әдістері психодиагностикалық, кеңес беруші, түзетуші - терапевттік әдістерге жіктеледі.

Психодиагностика – психологтың клиентпен немесе топпен жұмыс жасайтын мәселелеріне тереңдеп енетін бағыт.

Психодиагностика екі жақты мәртебеге ие. Біріншіден, ол практикалық психологияның салыстырмалы дербес бағыты болып табылады, яғни психолог кеңес беруде немесе психотерапияда маманданған өзге психологтардың тапсырысы бойынша күрделі диагностикалық жұмыстарды орындап, сол салада мамандана алады. Екіншіден, психодиагностика психологтың клиентпен жүргізілетін жұмыстарының маңызды кезеңін құрайды. Екі жағдайда да психодиагностика адамдардың психологқа шағымдана келетін өмірлік қиындықтарының себеп - салдарын анықтауға мүмкіндік беретін ұстанымдардың, әдістердің, әдістемелік тәсілдері мен үрдістердің кешенін анықтайды. Психодиагностиканың өзіне тән теориялық негізі бар. Оның негізінде психодиагностиканы теориялық пән ретінде қарастырады. Идеялардың теориялық психологиядан тәжірибелік психологияға едәуір жақындауына ықпал етіп, психодиагностиканың теориялық негізі қалыптасады.



Диагностикалық әдістердің бірнеше түрлері бар:

Бақылау – анықталған құбылыстың ерекшеліктерін сипаттайтын іріктелген мәселелерді( бірліктерді, көрсеткіштерді, белгілерді) тіркеудің негізінде зерттелінген объектіні бір жүйе бойынша қабылдау. Практикалық психологиядағы бақылау – клиенттің психологпен қарым- қатынасындағы вербалды және вербалды емес мінез- құлқын мақсатты, жүйелі түрде қабылдау.

Әңгімелесу – психологтың сыналушымен серіктес қарым-қатынасының барысында сыналушы тұлғасы жайлы диагностикалық маңызды ақпаратты алу тәсілі. Бұл әдіс психологиялық көмек көрсету кезіндегі терапевттік әңгімелесу ретінде анықталатын клиникалық сұхбаттасу деп аталады. Әңгімелесу барысында клиент сезінген эмоциялы күйлерге ену, сезіну арқылы клиент тұлғасын және оның сөздері арқылы алынған ақпараттың барлығын сынамай қабылдайды, яғни түсіну қабілетіне негізделген эмпатиялық тыңдау әдісі қолданылады.

Практикалық психологтың іс-әрекетіндегі психодиагносикалық әдістер клиенттің қиын мәселелерін анықтауға бағытталған. Осы мақсатта стандартталған және тереңдетілген сұхбаттасу, бақылау, өзіндік бақылау, тесттер, проэктивті әдістемелер, рөлдік ойындар қолданылады.

Диагностикалық әдістер психокоррекция мен психотерапия арқылы белгілі болған мәселенің нәтижелерін бағалауда да жәрдемдеседі.

Диагностикалық үрдістер практикалық психологияның әр түрлі бағыттары мен мектептерінде қолданылады. Әрбір мектеп клиенттің проблемаларын, оларды шешудің мақсаттары мен мүмкіндіктерін өз бетінше ерекше бағытпен шешеді.

Сұхбаттасу практикалық психологияның барлық мектептерінде әртүрлі варияцияларда қолданылатын негізгі диагностикалық міндетті құрал. Сұхбаттасудың клиент жайлы ақпаратты жинауда қолданылатын сызба – нұсқаны қарастырып көрейік. Сызбада клиенттің шағымына байланысты мәліметтердің тізімі бар.

Клиент шағымының анализі. Шағым құрылымы. Локус (субъективті және объективті). Өзіндікдиагноз. Мәселе. Сұраныс. Сюжет.

Психологиялық болжам — жанұяны психологиялық зерттеудің басты нәтижесі.

Практикалық психодиагностика – психологтардың кәсіби іс-әрекетіндегі өте күрделі және жауапты бөлім. Психодиагност білімді, кәсіби шебер және жауапты болуы керек. Аталған талаптарға орай психологтарға бірқатар әлеуметтік –әтикалық талаптар ұсынылады. Олардың бірқатары практик-психологтың әтикалық кодексіне енгізілген, ал қалғандары қосымша талқылауды қажет етеді. Олардың ішінде – психодиагностика құпияларын сақтау, психодиагностикалық әдістемелердің ғылыми негізделуі, сыналушыларға зиян келтіру, тұжырымдардың нақтылығы және ұсынылған практикалық сипаттамалардың өнімділігі. Осы аталған талаптарды психодиагностиканың ұстанымдары түрінде қарастырайық.

Құпияны сақтау ұстанымы – сыналушының келісімсіз диагностика нәтижелерін жарияламау. Бұл ұстаным көбінесе ересек адамдарға қатысты. Егер зерттелуші кәмелетті жасқа толмаған болса, мысалы мектеп жасындағы балалар, онда психодиагностикалық зерттеу нәтижелерін жариялау үшін міндетті түрде ата-аналарының немесе олардың орнына жауапты тұлғалардың келісімдері қажет. Тек ғылыми мақсат бойынша әксперименталды зерттеудің бір бөлімі ретінде ғана психодиагностикалық зерттеу нәтижелерін жариялауға болады, бірақ бұл жағдайда да басылымдарды сыналушылардың нақты аты –жөндерін көрсетіп сипаттауға болмайды.

Психодиагностикалық әдістемелердің ғылыми негізделуі туралы ұстаным зерттеу әдістерінің неғұрлым берікті және сенімді болуын талап етеді.

Зиян келтірмеу ұстанымы бойынша жүргізілетін тесттердің нәтижелері ғылыми негізделуін талап етеді, яғни тұжырымдардың қандай да бір субъектінің пікірі емес, керісінше нақты бір сенімді және берікті әдістеме қорытындысы болуы керек.

Өнімділік ұстанымы. Психодиагностикалық зерттеу көрсеткіштері бойынша сыналушыларға берілген міндетті түрде пайдалы болуы тиіс.

Психодиагностикамен айналысатын адамдарға ерекше квалификациялық талаптар қойылады. Оардың негізгілері: жақсы теориялық даярлық, психодиагностикалық әдістемелер және оларды пайдалану ережелерін түпкілікті білу.
Дәріс 8 тақырыбы: Жанұяға кеңестік психологиялық көмектің психотерапевтикалық моделі

Баланың даму психологиясы және ата-аналарының қарым-қатынасы және балалар кеңестік практиканың теоретикалық негізі ретінде. Бала дамуының объективті және субъективті детерминанттары. Ата-аналық құрылым. Ата-аналық құрылым детерминациясы және тәрбиелеу стилдері. Ата-аналар қарым-қатынасы және балалар бала дамуының детерминанты ретінде.


ХХІ ғасырдың соңғы тоқсанында түрлі психикалық бұзылыстардың “отбасылық диагностикасы” мен “отбасылық емдеу” туралы оқу пайда болды. Ресейдегі әлемде алғаш отбасы терапиясын нағыз негізін салушы И.В.Маляревский болып есептеледі, ол 1882 жылы Санкт-Петербургте психикалық ауру балалар мен жасөспірімдер үшін дәрігерлік –тәрбиелік мекеменің қалаған, оның қызметкерлері психикалық аурулардың отбасындағы өзара қатынасты анықтау мен есі ауысқандардың сол немесе басқа көріністердің қалыптасуында дисгормониялық тәрбмелеудің роліне көп көңіл бөлген. Ауру балалардың туысқандары мен қазіргі отбасы терапиясының бейнесі болып таблатын “отбасылық тәрбиелеу” өткізіледі.

Екінші әлемдік соғыс аяқталғаннан кейін 20 ғасырдың 40 жылдарынан бастап, отбасылық терапияға деген қажеттілік өсті. Қазіргі уақытта отбасы терапияда бірнеше бағыттарды бөледі: психодинамикалық, жүйелік және бағдарламалық, сонымен қатарэклетикалық. “Кішкентай Ганс” оқиғасынан Фрейд талдауынан туындаған психодинамикалық бағыт тарихи бірінші болды. Сол кезде психодинамикалық ыңғайдың негізгі белгілерін әсіресе отбасы мүшелерінің тарихи өткенін олардың ұғынбаған (жете түсінбеген) тілектерін, психологиялық мәселелері мен өзара проекцияларын талдап қисынға келді.

Психотерапияның тапсырмалары (міндеттері) – инсайтқа жету, яғни өткен өмірдегі шешілмеген мәселелердің қазіргі уақытта отбасындағы өзара қатынасқа қалай әсер ететіндігін, мұндай бұзылған қарым-қатынастың контекстен невротикалық белгілер мен оның кейбір мүшелерінің өмірге бейімделуінің конструктивті емес тәсілдері қалай пайда болғандығын саналы меңгеру. Қазіргі уақытта психотерапевтің жағынан да, отбасы мүшелері жағынан да, көптеген күш салуды талап ететін мұндай ыңғай жоғары тиімді болғанымен экономика аз мақсатқа бағытталған болып есептеледі. Қазіргі уақытта отбасылық психотерапевтің жартысынан көбі жүйелік отбасылық теропия ағымында жұмыс жұмыс істейді, төрттен бірі психодинамикалық бағытты ұсынады. Эклетикалық бағыттың өкілдері психотерапевтік жұмыста емдік механизмдер бойынша түрлі әдістерді: гипноз, аутогенді жаттықтыру, медитация, қылықты модификациялау бойынша үй тапсырмасы, өзара қатынастың талдауы мен қорытылуы, топтық дискуссия және т.б. біріктіреді.

Шетелдік отбасы терапиясының мектептері мен бағыттары жайында. Пало Аято мектебінің өкілі Джей Хейли “мәселені шешуші терапия” әдісінің авторы болды. Оның көптеген әдістемелері Милтон Эриксоннан алынған. Хейлидің пікірінше, отбасындағы қатынас отбасының басқа мүшелерін басқару таласының нәтижесімен анықталады. Белгі – қоршағандардың қылығын басқару тәсілдерінің бірі. Джей Хейлидің көзқарасынша, психотерапияның міндеті адамдардың басқа әсер теу тәсілін ұсынудан тұрады. Отбасы терапиясы емдік тиімділігі, егер терапиялық сессияда отбасының барлық мүшелері жиналса, айталықтай артады. Отбасы терапияға Хейлидің үлесі отбасы түрлі дерективтер (тапсырмалар) беруі болды. Тапсырмаларды орындау теңдікті қамтамасыз ететін әрбір отбасы мүшесі өз пікірін айтуға немесе бір нәрсе істеуге құқылы болды. Психотерапевт шанс уақытында да, үйге де тапсырма береді. Пало Алто мектебінде басқа ірі фигура Мюрри Бауэн болды. Оны АҚШ-тағы отбасы терапиясының негізін қалаушылардың бірі деп есептейді. Ххғасырдың 60 жылдарында отбасы психотерапиясының әдісін жасап шығарған:

Қатынастарды айқындау және анықтау. “Үшбұрышқа кіргізілмеу” (бауэн психотерапевтерге қақтығыстарға эмоционалды берілмей, өз зейіннің қатынас процесіне шоғырлануды ұсынған);

Отбасылық психоаналитикалық терапия: Психоаналитикалық отбасы терапиясының мақсаты психотерапия қатысушыларының жеке тұлғаларының өткен бейсаналы қатынастар базасында емес, қазіргі шындыққа негізделіп бүтіндік толыққанды тұлғалар сияқты әрекеттесу жағдайында болатындай етіп өзгеруі болып табылады. Психоаналитикалық бағытталған терапевтер басқа мектептерге қарағанда аз дерективтенген. Бұл терапевтикалық бағытта келесі техникалар қолданылады: конфронтация, кларификация, интерпретация және тәжірибелі өңдеу, коммуникативті қабілеттерді жақсарту техникалары, “бос асссоциациялар” техникасы. Психоаналитиктер бос талқылауды кенеттен сұрақтар мен тоқтатып, бақылау мен тыңдауды таңдайды.

Отбасылық жүйелік терапия: Бұл бағыттың ірі өкілдері - Мара Сельвини Палаццай, Клу Маданес; Сальвадор Минухин және т.б. қазіргі уақытта жүйелілік бағыт ең кең танылған перспективті, экономикалық орынды және отбасы терапиясының терапевтикалық тиімді бағыттарының бірі болып есептелінеді. бҰл бағыттың дамуынша айтарлықтай әсер көрсеткен Илья Пригожиннің жалпы жүйенің теориясы жағдайы болатын. Жеке отбасы теропиясында отбасы құралған байланыстарды сақтау мен эволюциясына талпынатын бүтіндік жүйе ретінді қарастырылады. Отбасы пайда болуы (тіршілігі) бойында дамудың заңдылығы дағдарыстан өтеді (некеге тұру, ата-аналық отбасынан бөлу, жүктілік, баланың туылуы, баланың мектепке дейінгі мектеп мекемесіне түсуі, олардың мектепті бітіруі және өзінің өмір жолын таңдауы, ата-аналардан ажырау, ата-анасының зейтеақыға кетуі т.б.). әсірісе осы тіршіліктің бөлігінде отбасы бұрынғы тәсілдер мен жаңа мәселелерді шешуге қабілетсіз болғандықтан өздерінің бейімделуші реакцияларын күрделендіру қажеттілігінің алдында тұрады.

Жеке отбасының негізгі қадамдары келесідей:

- психотерапевті отбасымен біріктіру;

- психотерапевтикалық сұранысты тұжырымдап айту;

- отбасылық қатынастарды реконструкциялау;

- психотерапияның аяқталуы мен бөлінуі.

Мара Сельвини Паллацоли түрлі жыныстағы терапевтер бригадасы отбасымен жұмыс істейтін, ал қалғандары олардың жұмыстарын бақылайтын бір жақты мөлдір айнаның артында жұмыс істейтін принципті ұстанған. Психотерапияның бірлігі бір үйде тұратын отбасы мүшелерінің барлық сессияға қатысуы болып табылады. Кезсесулердің жиілігі айына бір рет, бар болғаны он ақ сессияға дейін. Оның әдісі қысқа және кенет болатын, ал кенет шешуші қозғалыспен отбасында өзгерістің туғызуы тырысатын. Пародоксальді тапсырма өте мұқият өңделіп, отбасындағы регидті ережелер мен аңыздарға қарсы тұратын оң барлық мүшелерін әрекеттер сериясына тартатын.

Бағдарламалық отбасы терапиясы: Отбасы терапиясының бұл әдісі мәселені шешуге бағытталғандықтан “мәселені шешуші” “қысқа” деп аталады. Бұл бағыттың ең танымды тұрғалары – Джей Хейли, Гари Уитер, Клу Маданес. Өз жұмыстарында психотерапевтер отбасы мүшелерінің тұлғалық ерекшеліктерін шоғырлатпайды. Берілген ыңғай белгінің бөліктеріне үлкен көңіл бөлумен, ал отбасыға қызығушылықпен сипатталады. Бұл бағыт әйгілігін 1970 жылы ие болды. Бұл әдістің идеяларын көптеген өкілдері Милтон Эриксонның жұмыс тәжірибесінен алып пайдаланған. Оның тәжірибесіне екі ыңғай тән: әсер етудің жанама әдістерін қолдану және клиент ұсынғанның барлығын қабылдау. Бағдарламалық ыңғайдың мәні отбасындағы өзгеріс, бұзылыстың себебін түсінуден маңыздырақ болғандықтан мәселені шешуүшін бағдарламаларды өңдеу болып табылады. Бағдарламалық терапевтер мәселенің тұрақтылығын қамтамасыз ететін факторларды зерттейді. Көптеген бағдарламалық психотерапевтердің пікірінше қалыпты жұмыс істейтін отбасы – бұл белгілерден қашатын және өзгермелі жағдайлардың талабына сәйкес жұмыс істей алатын отбасы.

Отбасы қылықтық психотерапия: Отбасы қылықтық психотерапия өзінің негізгі принципі ретінде қылықты салдармен біріктіруде көрінеді, осыдан қылықтың паттерні жағымды салдар туынданғанға дейінгі барлық жағдайдағы өзгерістерге қарсы тұрады. Бұл бағыттың өкілдерін қылықтардың жүйелілігінің талдауы қызықтырады. Некедегі қанағаттанушылық бір-бірне тұғызған қанағаттанудың көмегімен емес, өзара фрустрациялардың жоқтығымен айтарлықтай көп мөлшерде шартталу жағдайы негізге алынады. Жиі қолданылатын техникалардың бірі ата-аналардың қылықтық тренингі болып табылады. Психотерапияның процесі терапевт клиенттің мәселесінің мәні мен оны шешу жолдары көзқарасын өзгертуден басталады. Қылықтың психотерапевтер емдеуге бүкіл отбасын емес тек баланы және ата-ананың бірін шақыратын кейбіреулердің бірі. Ата-аналар қылықтар тренингі балаларды тәрбиелеу, эмоционалдық қылықтың әсер ету, тану және модификациялау сұрақтарында олардың іскерлігін жоғарылату мақсаты бар. Басқа бағыттар: Отбасылық коммуникативті терапия Пало Алто бағытынан бөлініп шықты. Оның жүргізуші өкілдері П. Вацианик,Д.Джексон және басқалары болып табылады.

Отбасы коммуникативті терапия мақсаты коммуникация тәсілдерінің өзгеруі немесе интеракцияның жұмыс істейтін үлгілерін өзгеру мақсатымен саналы әрекеттер болып табылады. Алғашында бұл бағыттың өкілдері, мысалы, Вирджиния Сатир, жәй отбасындағы коммуникацияны жақсартуды мақсат етіп қойды, содан соң бұл идея блегіні қолдайтын коммуникацияның тәсілдерін өзгертуге дейін кішірейді. Отбасы коммуникация негізгі техникалар тобы келесілері болып табылады, отбасы мүшелерін анық коммуникацияның ережелеріне үйрету; отбасында коммуникацияны талдау және интерпретациялау; әртүрлі тәсілдер мен ережелердің көмегімен отбасындағы коммуникацияны манипулыциялау. Бұл психотерапияның түрлі жоғары тиімділіктегі әдіс ретінде дәлелдене алады.

Тәжірибеге негізделген отбасы психотерапия бағытының өкілдерінің бірі ең танымалдары Карл Уйткейер және Огаст Напри. Бұл әдіс “тәжірибе” мен “сапалы мәнге” негізделген. Ерлі-зайыпты психотерапия: Ерлі зайыпты психотерапия отбасылық жұпқа бағытталған психотерапияның формасын атайды. Ол отбасылық жұпқа отбасылық қатығыстар мен дағдарысты жағдайларды бастан кешіруге, өзара қақтығыста үндестікке жетуге, қажеттіліктерді өзара қанағаттандыруды қамтамасыз етуге көмектеседі. Ол өз бетінше әдіс ретінде де, отбасы психотераипя кезеңі ретінде де жұмыс істей алады. Жұмыс ерлі-зайыптылармен немесе психотерапевтің қабылдауына келген серіктестің бірімен өткізіледі. Ерлі-зайыпты психотерапия мұндай вариантында психотерапевтпен күйеуі (әйеләнің) мәселелері емес, оның ерлі-зайыптылығы жөніндегі ойлары, сезімдері, уайымдары ғана талқыланады. Қазіргі уақытта ерлі-зайыпты психотерапияда динамикалық, қылықтық және гуманистік ыңғайлары ең кең тараған. Динамикалық ыңғайда ерлі-зайыптының қолайсыздықтың екі серіктестіктің ішкі қылық мотивация көзқарасымен қарастырылады. Тұлғалық қатынастардың динамикасы мен олардың психикалық процестердің динамикасымен байланысы қарастырылып отырады. Ерлі-зайыпты психотерапияның қылықтың ыңғайының мақсаты серіктестерінің қылығының өзгеруі бәрінен бұрын болып табылады. Отбасы терапиясында қазіргі уақытта қылықтық бағыт ең кең тараған. Оның ең әйгілі формалары – ерлі-зайыптының шарттарды жасау, коммуникативті тренинг, конструктивті талас, мәселелерді шешу тәсілдері және т.б. қазіргі уақытта көптеген мамандар бәрінен жиі когнитивті –қылықтық терапия мен жүйелі психотерапияны байланыстыра интегративті ыңғайды қолданады.

Шарт негізінде қылық терминінде өздерінің талаптары мен өзіне алынған жағдайларды оның ерлі-зайыптылар анықтайтын келісім шарт жатады. Талаптарды формулағанда келесі тәртіпті қолдау ұсынылады: жалпы наразылық, оны нақтылау, одан кейін жағымды сөздер (ұсыныстар), соңында әрбір жұбайдың әрқайсысының міндеттерін тізу мен шарт. Гуманистік бағытта ерлі-зайыптының қатынасын психологиялық түзетуде үйлесімді неке негізінде ашықтық, аутогендік, толеранттылқ, басқаға тиімділік пен әрбірінің тұлғалық тәуелсіз дамуы түсінігі маңызды болып табылады. Бұл ыңғай динамикалық қарама-қарсылық ретінде дамыған. Ол зайыптының тарихи өткенінің әсеріне, шектен тыс манипулятивті қылықтық ыңғайға бағытталған.



Отбасылық кеңес беру: Отбасылық кеңес беру – бұл отбасылық терапияның бір түрі, оның өзіндік терапевтикалық қатысудың ерекшелейтін белгілері мен шектері бар. Отбасылық кеңес беру, отабасылық терапиямен бірге параллельді дамып, бір –бірін өзара байытты. Отбасылық кеңес берудің алдында тұрған мақсаты – отбасындағы әрекеттестікті өзгерту мен жеке тұлғалық өсу мүмкіндігін қамтамасыз етуүшін отбасы мүшелерінің мәселелерін зерттеу болып табылады. Отбасы кеңес беру мен отбасы терапиясы немен өзгешеленеді? Біріншіден, отбасы кеңес беру аурудың тұжырымдамасын қабылдайды. Екіншіден, отбасындағы ролдік әрекеттестік жағдай мен аспектісін талдауға екпін қояды. Үшіншіден, ол кеңес беру субъектілерінің жекелік ресурстарын іздеу мен жағдайды шешудің тәсілдерін талқылауға көмек беруге шақырылған. Отбасы кеңес берудің басты теоретикалық тұжырымдар санының ішіне когнитивті – қылықтық терапия, рационалды-эмоционалды терапия және басқа келтіріледі. Мұнымен оның арсеналында бар әдістер мен тәсілдердің түрлілігі қамтамасыз етілген. Отбасы кеңес берудің негізгі принциптері мен ережелері келесі бөлімдерге келеді. Байланысты орнату және кеңес берушінің клиентке қосылуы. Оптималды қатынасқа мүмкіндік туғызатын конструктивті арақашықтықты сақтаудың көмегімен, сонымен қатар кеңес берушімен кеңес алушының мимикалары мен тыныс алуларын синхронизация тәсілдерін, өзінің отбасылық мәселелері жайында хабарлаушының басым репрезативті жүйесін бейнелейтін сөздік формасн кеңес берушінің қолдауымен қол жетеді. Мета-модельдеу (НЛП) және терапевтикалық метафорлар тәсілдерін қолдану мен клиенттің мәселелері туралы ақпаратты жинау. Бұл мақсатқа жету үшін кеңес беруші мынадай нақтылайтын сұрақтарды қоя алады: “мынадай нәтижеге қол жеткізе аласыз ба?”, “сіз нені қалайсыз?”, “ол жайында жоқ деген жағымсыз, бөлшексіз, яғни жағымды нәтижені суреттейтін сөздермен айтуға тырысыңызшы”. Психотерапевтикалық келісім шартты талқылау отбасына кеңес берудің маңызды міндеттерінің міндеті болып табылады. Бұл кезеңде клиент пен оның кеңес берушісінің арасындағы жауапкершілік қалай бөлінетіндігін талқылау жүргізіледі. Мысалы: отбасы кеңес беру қауіпсіздік жағдайларына, клиенттің мәселелерін шешуге жету технологиясына кеңес беруші жауап береді. өз кезегінде клиент өзі белсенділігі, өзінің ролдік қылығын өзгерту тілегінде шынайылығын және т.б. үшін жауапты болады. Бұл фазаны сәтті өткеннен кейін қатысушылар жұмыстың ұзақтығы (3-6 сағат) бір сеансты өткізу ұзақтығымен терапевтикалық кездесулердің кезеңдігі (мысалы, алғашында аптасында 1 рет, кейіннен 2-3 аптада бір рет) жайында келіседі. Соңында төлем ақы шарттары мен келісім шарт жағдайларын екі жақ бұзу санкциялары талқыланады. Кейіннен клиенттің мәселесін нақтылау, сонымен қатар жалпы отбасының және оның мүшесінің әрқайсысының ресурстары анықталады. Бұған мынандай сұрақтар қойылуға мүмкіндігін туғызады: “сіз бұрын қиындықтармен қалай күрестіңіз?”, “сізге онда не көмектесті?”, “сіз қандай жағдайларды мықты болдыңыз?” ,”сіз өз күшіңізді қалай қолдандыңыз?”. Кеңес берушінің өзінің қылығы мұнда клиентке кеңес беру процедурасының қауіпсіздігі мен сәттілігіндегі үмітін нығайту керек: “Сіздің тілегіңіз өзгерісті, сіздің бұрынғы тәжірибеңізді, белсенділік пен шынайылықты кеңес берушінің сізбен бірге қызмет істеуге тілектестігімен бірігу, оның профессионалды қасиеттері мен жұмыс тәжірибесі жұмыстың сәттілігінің кепілдігі болады”. Кеңес берудің қатысушылар мен құлықтың қалыптасқан стереотиптерінің жағымды және жағымсыз жақтары талқыланады. Мысалы, мына сақтардың көмегімен: “ сіздің пікіріңізше, құралған жағдайда ең жағымсызы не? Ал бұл жағдайларда ең жағымдысы не?” құлықтың жаңа шаблондарын бірігіп іздеу жүзеге асады. Кеңес беруші келесі сұрақтарды ұсыналы: “ Сіз мәселені шешу үшін әлі не істеген жоқсыз?”, “сіз үшін маңызды адамдар ұқсас жағдайда өздерін қалай ұстайды? Сіз солай істей алар ма едіңіз?” немесе “сізге осындай істі істеуге не көмектеседі?” кеңес беруші визуализация тәсілдерін қолдана алады: клиенттер транста болып, туындайтын кенестетикалық сезімдерді белгілеп жаңа жағдайларың бейнесін құрайды. “Экологиялық тексеру”. Кеңес беруші отбасылық мүшелеріне ұқсас жағдайда 5-10жылдан кейін өзін елестетіп, өзінің күйін зерттеуді ұсынады. Отбасы кеңес берудің соңында жақындап, кеңес беруші нәтижелерді “қауіпсіздігі” бойынша күш сала бастайды. Кейде клиенттерге жаңа қылық шаблонын меңгеруде сенімділік алуға көмектесетін әрекеттерді қажет етумен байлаысты. Олар кеңес берушіден алынған нәтижелерді талқылау үшін үй тапсырмасы мен бірнеше уақыт өткеннен кейін қайта кеңес алуға шақыру ала алады. Қазіргі уақытта отбасы кеңес беру Ресей аймағы даласындағы кең тараған психотерапевтикалық көмектің түрі болып табылады. Мұндай процедура жағдайлар қатарында қажетті болған, мысалы, әдебиеттерде “пародаксальді тапсырмалардың” көмегімен Джей Хейли қалай істегені жайында суреттеледі, оны нақты орындау теріс нәтижеге алып келеді, өзінің сезімдерін көрсету жайында кеңес беру өткізілген жас ерлі-зайыптылар өздерінің “эмоционалды әсер беруді тексеру үшін” күніне бір сағат ұрысу ұсынылған. Хейли саналы түрде ешкім өзіне кесірін тигізе алмайтынын біліп, адами табиғатын осылайша ескерген. Ерлі-зайыпты тапсырманы орындауға тырысып, оны тастап кетті, оларда бір-бірін бағалау тілегі күшейіп, “ақымақ кеңес беруші” кеңесінен бас тартып, осылайша “бөліну” болды.

Қазіргі уақытта кейбір отбасындағы қатынастарды психотерапевтикалық түзету. Отбасы терапиясында психотерапевт отбасын зерттеп, отбасылық бұзылысты анықтап, олардың өмірлерінде тілекті өзгерістерге жету мақсатымен отбасы мен оның жеке мүшелерінің әсерін ұйымдастырудан басталады. Онда мәселелер мен міндеттер туындайды, оларды шартты үш топқа бөледі, отбасы терапиясы отбасының дұрыс қарым-қатынасының қалыптасуы, терапияны жүргізудің жалпы сұрақтары, соңында отбасы психотерапия әдістемелері. Отбасы психотерапиясына жағымды қатынасты қалыптастыру, ұйымдастырушы эмоционалды және интелектуалды себептердің салдарынан отбасы мүшелерімен оның қатысушылары үшін қиын болғанымен қажетті, сондықтан психотерапевтке психотерапияға қатысудың күшті және тұрақты мотивациясын қалыптастыру қажет. Ереже бойынша, бірінші кездесу болашақты анықтау болып табылады – оның уақытысында психотерапевт соқтығысатын мәселесін күрделілігі анықталады, ол клиенттер (отбасы мүшелері) отбасы психотерапиясы жайында алғашқы түсініктерді алады және онда қатысуын жалғастыру керек пе екендігі анықталады. Жалпы алғашқы кездесу барысында қысқа уақыт ішінде клиенттің күрделі және ұзақ жұмыс қажеттігі мен психотерапияның сәттілігі үшін жауапкершілік сезімі мен белменділігін түсінуге терапевт көмектесу міндеті бар, содықтан, отбасы мүшелері мен алғашқы кездесудің жақсы өңделген жоспары қажет. Басында психотрапевт клиенттің мәселесімен танысу отбасы отбасымен т.б. мен байланысты оның эмоционалды уайымдарын көкейкестіру, клиент күнделікті өмірде кездесетін фрустрациялардың жиынтығы көруді беру керек. психотерапевтің одан кейінгі міндеті - клиентте отбасы психотерапиясы оның мәселелерін шешуін табуға көмектесетін түсінігін құру. Психотерапевт клиенттің көңіл –күйін психотерапияға қатысуға мотивін құру, сонымен қатар, аз емес маңызды қатысуға қарсы тұратын мотивтерді өңдеу, болашақ қиындықтарды көру мәселесі шешудің жолдарын табу үшін қолдануы керек. Бұл кездесудің тағы бір маңызды аспектісі – клиент психотерапевтен көмекті енжар күтетін болашақ жағдайды болдыртпау үшін онда психотерапевтикалық іс-әрекеттің мазмұнына белсенді қызығушылықты қалыптастыру. Оның орнында ол психотерапевтің көмегімен өзінің отбасы мәселелерді шешуді белсенді істеуге бағытталады. Отбасы психотерапевт өзінің жұмысын ұйымдастыруда түрлі түрдегі мәселелерді шешуге тура келеді.

Отбасылық дискуссия әдісі – отбасы психотерапия тәжірибесінде кең қолданылады. Оны өткізу уақтысында отбасы мүшелері олардың өміріне қатысты мәселелердің кең шеңбері және түрлі отбасылық сұрақтарды шешу жолдары талқыланады. Дискуссия көптеген мақсаттарды анықтауы мүмкін: мысалы, отбасылық әрекеттестік жайындағы қате түсініктерді жөндеу немесе отбасы мүшелерін дискуссия әдістеріне үйрету. Дискуссияны басқару психотерапевт пен қажетті іскерлікті талап етеді. Отбасы дискуссияларын өткізуде қолданылатын негізгі амалдардың қатарынаүндемеуді тиімді пайдалану, тыңдай алу қабілеті, сұрақтардың көмегімен оқыту, қайталау, талдап қорыту, нақты пірікмен конфронтация және т.б.

Соңында сәтті отбасылық өмірге қажетті іскерлікер мен дағдылар отбасы мүшелерінде жеткіліксіз екендігі анықталады; отбасы психотерапия барысында бұл жетпейтін дағдылар түрлі психотерапивтикалық техникалар, арнайы жаттығулар мен тренировкалардың көмегімен қалыптасады. Олардың жалпы принципі отбасы мүшесінің алдында нақты міндет тұрады, мысалы, ол қалыптастыруы керек, іскерлік пен дағды түрінде, және тапсырманы орындай алған, алмағаны жайында сынауға болатын критерий айтылады.



Отбасылық психоаналитикалық терапия: Психоаналитикалық отбасының терапияның қатысушыларының тұрғасының (қазіргі шындық негізінде) бұрынғы бейсаналы қатынастар негізінде емес, толыққанды сау тұлғалар ретінде әрекеттесуге дайын болатындай етіп өзгеруі болып табылады. Психоаналитиктер бақылау мен тыңдауды таңдап, бос талқылауды кенет сұрақтармен тоқтатады.

Отбасы жүйелі психотерапия: Қазіргі уақытта жүйелі бағытталу ең кең ұсынылған перспективті, экономикалық мақсатқа бағытталған және терапевтикалық тиімді отбасы терапия бағыты болып есептеледі. Жүйелі отбасы психотерапиясында отбасы құрылған байланыстарды сақтау мен эволюцияға талпынатын бүтіндік жүйе ретінде қарастырылады. Отбасының пайда болуы дамудың заңдылықты дағдарысынан өтеді (некеге тұру, ата-ана отбасынан айырылуы, жүктілік бланың туылуы, баланың мектепке дейінгі / мектеп мекемелеріне түсуі, олардың мектепті бітіруі және өзінің өмір жолын таңдауы, ата-аналардан ажырау, ата – анасының зейнетақыға шығуы және т.б.) әсіресе осы тіршілігінің бөлігінде отбасы бұрынғы тәсілдер мен жаңа мәселелерді шешуге қабілетсіз болғандықтан өздерінің бейімделуіне реакцияларын күрделендіру қажеттілігінің алдында тұрады.

Жаңа отбасы психотерапиясының негізгі қадамдары келесідей:

1. Психотерапевті отбасымен бітіру;

2. Психотерапевтикалық сұранысты тұжырымдап айту;

3. Отбасылық қатынастарды реконструкциялау;

4. Психотерапияның аяқталуы мен бөлінуі.

Бағдарламалық отбасылық психотерапия. Бұл отбасылық психотерапияның әдісі “мәселені шешуші” деп аталады. Өз жұмысында бұл бағыттың психотерапевтері отбасы мүшелерінің жекелік ерекшелігіне шоғырланбайды. Бұл ыңғай белгі бөліктері мен отбасыға аз қызығушылыққа шектен тыс зейінмен сипатталады. Бағдарламалық бағыттың мәні мәселені шешу үшін бағдарламаны өңдеу болып табылады, себебі отбасындағы өзгеріс бұзылыстың себептерін түсіну отбасында маңызды. Жанұяның имплицитті теориясы: Жанұяны әртүрлі тұрғыдан қарстыру немесе кеңес беруде жанұяның әртүрлі теориялық моделіне сүйенеді. Дегенменде, бұл модельдер ашы түрде көрініп, тұрмайды, бірақ ауытқуы мен қалыптылық осыларға байланысты болады. Л. Г. Люсик жанұялық терапияға әртүрлі жол табатын “Жанұялық теория” мақсатында үлкен зерттеу жүргізілді. Жанұяны зерттеушінің құрған кеңесі немесе болжамы жанұялық теориялық моделінен ғана емес, ондағы қалыптасқан жанұяның имплицитті моделіне де байланысты. Бұл психотерапияның тиімділігі бұл мақсаттар мен интерпритациялар клиенттер үшін қаншалықты қалыпты болып саналады соған байланысты. Бірақта вербальді деңгейде біз өзіндік мақсаттың, стереотиптің, клиенттің тұлға екендігінде деген сыйластықтың жоқтығын, сонымен қоса өмірлік тәжірибесі бар, өз мақсаты мен құндылықтарын әрқашанда ұғына бермейтін тірі одан болып қала береді. Жанұяны қатаң ғылым объектісі ретінде қарастыратын әлеуметтанушылардың өздері де “жанұялық өмірдегі тұлғалық тәжірибе сыналушылардың шынайы еместігі мен өз өзін қоғауы жанұялық қарым-қатынасты зерттеуге құлшыныс білдіруге кедергі жасайды “ деп айта кетеді.

Психолог – кеңесінің жұмысы жемісті болу үшін әрбір жанұядағы жанұялық теорияны ондағы бағытты, жұмыс техникасын өзінше жорамалдап қоймай жанұяның өзіндік концепциясын ұғынып, өзі жұмыс істейтін жанұяда қандай мәдениеттің басымырақ екенін түсінуі қажет. Жанұяға еніп кеткен мәдениет екінші бір тері сияқты: біз онда дағдылы түрде өсеміз де оның бар екендігін байқамай да қаламыз. Дегенменде оның біздің мінез-құлқымызға әсері көп екеніне таң қалмауға да болады.


жүктеу 1,72 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау