«Филология» мамандыєына арналєан


Дәріс 4 тақырыбы: Жүйелі жанұялық терапия



жүктеу 1,72 Mb.
бет3/8
Дата08.02.2018
өлшемі1,72 Mb.
#9086
1   2   3   4   5   6   7   8

Дәріс 4 тақырыбы: Жүйелі жанұялық терапия

Құрылымдық бағыт. Теоретикалық конструктілер және негізгі идея. Жанұя базисті адамдық жүйе ретінде. Дисфункциональды жанұялар.

Құрылымдық жанұя психотерапия практикасы. Құрылымдық жанұя психотерапиясының тиімділігі.

Стратегиялық бағыт. Теоретикалық конструктілер және негізгі идея. Құрылымдық жанұя психотерапия практикасы. Жанұялық қатынастың бағасы. Құрылымдық жанұя психотерапиясын қолдану. Құрылымдық жанұя психотерапиясының тиімділігі.



Бағдарламалық отбасылық психотерапия. Бұл отбасылық психотерапияның әдісі “мәселені шешуші” деп аталады. Өз жұмысында бұл бағыттың психотерапевтері отбасы мүшелерінің жекелік ерекшелігіне шоғырланбайды. Бұл ыңғай белгі бөліктері мен отбасыға аз қызығушылыққа шектен тыс зейінмен сипатталады. Бағдарламалық бағыттың мәні мәселені шешу үшін бағдарламаны өңдеу болып табылады, себебі отбасындағы өзгеріс бұзылыстың себептерін түсіну отбасында маңызды.

Жанұяның имплицитті теориясы: Жанұяны әртүрлі тұрғыдан қарстыру немесе кеңес беруде жанұяның әртүрлі теориялық моделіне сүйенеді. Дегенменде, бұл модельдер ашы түрде көрініп, тұрмайды, бірақ ауытқуы мен қалыптылық осыларға байланысты болады. Л.Г. Люсик жанұялық терапияға әртүрлі жол табатын “Жанұялық теория” мақсатында үлкен зерттеу жүргізілді. Жанұяны зерттеушінің құрған кеңесі немесе болжамы жанұялық теориялық моделінен ғана емес, ондағы қалыптасқан жанұяның имплицитті моделіне де байланысты. Бұл психотерапияның тиімділігі бұл мақсаттар мен интерпритациялар клиенттер үшін қаншалықты қалыпты болып саналады соған байланысты. Бірақта вербальді деңгейде біз өзіндік мақсаттың, стереотиптің, клиенттің тұлға екендігінде деген сыйластықтың жоқтығын, сонымен қоса өмірлік тәжірибесі бар, өз мақсаты мен құндылықтарын әрқашанда ұғына бермейтін тірі одан болып қала береді.

Жанұяны қатаң ғылым объектісі ретінде қарастыратын әлеуметтанушылардың өздері де “жанұялық өмірдегі тұлғалық тәжірибе сыналушылардың шынайы еместігі мен өз өзін қоғауы жанұялық қарым-қатынасты зерттеуге құлшыныс білдіруге кедергі жасайды “ деп айта кетеді.



Психолог – кеңесінің жұмысы жемісті болу үшін әрбір жанұядағы жанұялық теорияны ондағы бағытты, жұмыс техникасын өзінше жорамалдап қоймай жанұяның өзіндік концепциясын ұғынып, өзі жұмыс істейтін жанұяда қандай мәдениеттің басымырақ екенін түсінуі қажет. Жанұяға еніп кеткен мәдениет екінші бір тері сияқты: біз онда дағдылы түрде өсеміз де оның бар екендігін байқамай да қаламыз. Дегенменде оның біздің мінез-құлқымызға әсері көп екеніне таң қалмауға да болады. Бұл біздің жатырда пайда болғаннан бастап өміріміз, яғни, анамыздың жүкті кезінде өзін қалай сезінгені, нәресте кезімізде бізді қалай күтті, бізді оқытқанмен өсіп жатқандағы тіл мен дыбыстар”.

Адам өз жанұясының бір бөлігі болып табылады, ол онда туды, соның ішінде дамыды, адамдар мен әлемді өзінің жанұялық тәжірибесін негізге ала отырып талқылайды. Біреулер үшін бұл басты құраушы ұқсастық. Үстелге берілетін тағам, өмірлік жағдайлар мен мейрамдарды қалай атап өту керек; жанұяныың құндылығы қандай, балаларды күту, оларды руханиялыққа, жауапкершілікке, билікке, тәуелсіздікке, уақытқа қарым-қатынасы қандай. Осының бәрі олардың жанұялық мұрагерлігі мен мәдениетін көрсетеді. Эмоционалдық жүйемен бағалап отыру арқылы жанұя балада әлеуметтік әлемдік бейнені құрады. П.Бергер мен Т. Лукманның ойынша әлеуметтенудің ерте сатысында бала үшін әлемнің мәні, мағынасы бола бастайды. әлеуметтік роль мен қарым-қатынас туралы түсінік туындайды. Онымен қоса жанұя өзіндік қажетті жеке құндылықтар ретінде санасып, қоғамның құндылығы мен нормасын көрсетеді. Осылайша баланың әлеуметтік әлемді интерпретациялау типіқұрылады. Г. М. Андреевтің көптеген зерттеулеріне жүгінесек “әлеуметтік ақпараттық барлық жұмыстың тәсілдері” қалай десек те балалық шақ та жанұялық шақта құрылады: белгісі тек әсіресе скрипта немесе тұлғаның имплицитті теориясы өте ертедегі өмірлік тәжірибеден өседі. Әлемді тану әлеуметтік танудың жемісі ғана емес, оның шығушы бөлігі: жанұяда баладағы тану мен мінез –құлық схемасы әлемдегі бейнеде бар белгілі бір нәрседен берліген. Бірақта, Д.Фрименмен келісетін болсақ, некелік жанұя құру әлеуметтену процесінің алғашқы сатысы болып табылады. Нәтижесінде жұбайлардың құндылықтарымен қатынастарының белгілі бір жүйеде өңделу болып табылады. Бұл процесс мінез-құлықта реттеліп отыратын үміт пен мақсатта қалыптасу мен көзге көрінеді. өзінің жиынтығында олар жанұялық нормалар деп аталып, жанұя мүшесінің әрқайсысының мінез-құлқына және жанұялық жүйеге өз ықпалын тигізеді. Бұл өз кезегінде жанұя мәдениетінің сипатын және әлеуметтік бақылау қызметін орындауда жанұя мүшелері қандай мінез-құлықты дұрыс, ненің бұрыс деп айтатынын анықтайды. Жанұя феномені сияқты күрделі әлеуметтік мәдениетті зерттеуде әртүрлі ғылыми тәсілдер бар: функционалды, империкалық, саментистикалық. Жанұядағы өзара қарым-қатынасты түсіну мен зерттеу өз кезегінде жанұяға психологиялық көмек көрсетудің тәсілін ұсынады. Олардың ішінде: құрылымдық, коммуникативті, психоаналитикалық, гуманистік бағыт, биолого- психологиялық. Біз бәрінен бұрын жанұяның тұтасорганизм ретінде қарастырған жүйе ретінде қарастырғымыз келеді. Жанұяның жүйелілік түрде қарастыруды М.Боэн ұсынды, ол адам мінез-құлқының табиғи-ғылыми теориясын дамытты. Оның көзқарастары Беарталансидың ұсынылған жалпы теориялық жүйемен негізделді. А.В. Черниковтың айтуынша тура осы теория психотерапевтік практикада өзіндік терапевтік бағытта жанұяның терапияның жақсылап дамуына көп еңбегін тигізді. Жанұялық жүйені келесі бағалаулық көрсеткіштермен сипаттауға болады. Мысалы, ұқсастық (жанұя мүшелерінің эмоционалды байланысы), иерархия, (шешімді қабылдау билігі), шегаралар (жанұя мүшесінің өзара қарым-қатынасымен, жанұяның әлеуметтік қоршаған ортамен қарым-қатынасы). Жүйелік теориясында иерархиялықтан басқа логикалық түсінік деңгейі де бар, оның бар болуы В. Рассельдің логикалық типімен байланысты. Жүйе салыстырмалы жоғарғы логикалық деңгейде және төменгі логикалық деңгейде айтылады.

Біз Н+1 деңгейіндегі түсінікті Н деңгейінің көрінісі немесе түсінігі ретінде қолданамыз. Сонымен қоса Н+1 деңгейіндегі жүйе Н деңгейіндегі жүйелік модель мен картаны көрсетеді. Біз объектіні көрсететін жүйені помтулаттап әртүрлі логикалық деңгейде жүйелейміз. Мұндай жағдайда жүйе белгілі бір түсінікті, затты, бейнені көрсетеді. сОл арқылы өзіне автопортретті қосатын әлеуметтік жүйедегі модельді ұғынуға болады. Оны былай айтуға болады: жанұя әлеуметтік жүйе бола отырып, өзіне автопортретті қосуы қажет. Мұнда жанұяның әрбір мүшесі өзі туралы біліп қана қоймай, өзсеріктесін бөлек бірлік ретінде қарастырып, өз өмірінің ағысында өзара іс-әрекет тұралы көріністі қалыптастырады.

Н. Аккарман екі түсінікті қарастырады – “ұқсастық” немесе “жанұяның тұрақтылығы”, “Жанұяляқ ұқсастықты”. Жанұялық орындау процесінде олардың өзара ролді толықтыруы немесе құндылық, мақсат экспктация қобалжу және проблемаға бейімделуді жанұя мүшелерінің бөлісуі. Л.Б. Шнеллердің пікірінше жанұялық ұқсастық бұл – жанұяға берілген эмоционалды және когнитивті “Біз”. Жанұялық ұқсастық тұлғаның өзін-өзі ұғынуымен байланысты немесе “Мен” және “Біз” қосылу деңгейімен сипатталады немесе қарама-қарсы. Жанұяның тұрақтылығын нақтырақ анықтағанда “Өзгрісті қалай сақтауға болады” деп айтуға болады, яғни дау дамайды бақылауға алу және жанұяның өзгеруге қабілеттілігі немесе одан әрі дамуы.

С.Минухиннің көзқарасы бойынша жүйелік жанұялық терапияға құрылымдық бағытталу, - жанұя бұл табиғи топ, мұнда уақыт өте жанұяның құрылымын құратын өзара әрекеттік стереотип туындайды, бұл олардың мүшелерінің қызметін анықтап, олардағы өзара әрекетті жеңілдетеді. Біз білетініміздей жанұя мүшелері бұл жанұялық құрылымның белгілі бір бөлігінде сезінбейді. әрбір адам өзін бір бөлек бірлік ретінде санайды, бірақ, өзінің жанұясымен әрекет ете отырып “жанұя картасын” қолдануды қабылдайды.

Өз кезегінде Э.Г. Эйдемиллер мен В. Юстицкис “жанұяның ішкі көрінісі” деген терминді болжап шығаруды онда жанұяның күнделікті өмірдегі жағдайларды бірінен үстінен бірін қайталауы, яғни ояну, бірнен соң бірі тұру, таңертеңгі ас ішу. Бұл жанұялық көріністі қайталау олардың ойынша жанұяның өткені мен олардың болашақтағы жоспары мен байланысты.

Ол жанұя мүшелерінің ойша көз алуынан өтеді, онда біреулері қандай да бір жағдайларда жанұялық дау дамайдың шешу жолдарын іздестіреді.жанұялық көрәнәстің негізінде өзара жақсы сезім пайда болып проблемалар туындайды және шешіледі.

Жанұялық психотерапияда жүйелік тәсіл қолдануда жанұялық көріністі білдіретін түсінік бар. Бұл: “Жанұялық мифтер, күрделі жанұялық білім, жанұяға басқа бір адамның енуіндегі маңыздылығы; және “жанұя картасы” – жанұяда қабылданған тәртіптер әрекеттер қатары және басқалар. Бір жағынан олар жанұялық раикада туындаған өзара әрекеттерді сипаттаса, екінші жағынан онда бұл әрекеттің бір деңгейі ғана сипатталады. Психотерапевтер жанұялық мифті топтық білім формасында емес, ол қандай да бір өтірік, зиянды білім ретінде қарастырады. Сонымен жанұялық көріністі әртүрлі бағытта зерттеу маңызды. Дегенменде бұл көріністі білдіретін жалғыз көріністі және оның негізгі мазмұны әлі де шешілген жоқ. Авторлардың жанұялық имплицитті теорияны жан-жақты ашуын ұсынбас бұрын әлеуметтік әлеуметтік танудағы психологтық түсігіне назар аудардайық.

Әлемнің бейнесі: А.Н.Леонтьев іс-әрекеттік теорияда “әлем бейнесі түсінігін” қарастырды. Әлем бейнесі модельдеудің нәтижесі болып табылады (кодтау). Әлемдік бейненің субъективтік шындығы адам өмірінің жағдайына байланысты. Бұл Руссердің философиясыдағы “әлем көрінісі”, семиотикадағы “әлемнің моделі”, Брунердегі болжау мен Найссердің схемасы. Бұл терминдердің барлығы әлеуметтік танудағы субъективтің басында суреттер ғана болмай жалпы жүйелік мәдениет пен әлеуметтік ортаның талап ететін жоспары мен ақпараттар жиынтығы туындайды.

Скрипт – сол жағдайға сәйкес әрекеттің қайталануй және қандай да бір мақсатты ұйымдастыруды сипаттау. Олар тәжірибенің моделін белгілейді.



Имплицитті теория: Тұлғаның имплицитті теориясын 1954 жылы Дж. Брунер мен Р. Тагиури ұсынды, Аистың болжауынша адамда мінез-құлықтың әртүрлі стпаты бар. Одан әрі бұл түсінік кеңейіп дәстүрлі және альтернативті деген екі тәсілге ие болды.

Дәстүрлі-тәсіл тұлғадағы имплицитті теорияны барлық адамда бар, яғни, басқа адамның психологиялық ұйымдастыруын бақылау (белгісіз бақылаушы ретінде жүру).

Сендірудің имплицитті әлеуметтік теориясы қандай да бір әлеуметтік топтың немесе әлеуметтік құбылыстың өзара қатынасын қалыптастыру. Ол бір ғана адам емес, топтың мақсаты болуы мүмкін.

Альтернативті тәсіл – Келлидің жүргізген “конструкт” түсінігі мен байланысты. Конструкт – биполярлы белгі, қарама-қарсы қарым-қатынас немесе мінез-құлық тәсілі. Бұл өз бетінше мағыналы білім, - объектілерді дифферециялау тәсілі. Конструкттің екі қызметі бар: арақатынас, ұқсастық табу және қарсы қою қызметі. Егер біз бір нәрсені айқын көрсетіп, соған седіретін болсақсол сәтте маңызды белгі, бір нақты нәрсені айтамыз. Конструкт жүйені белгілейді және оның арасында жүйелік сапаларды қамтиды: байланыстылық иерархиялық және т.б. конструкты жүйе – бұл қандай да бір әлеуметтік феноменнің имплицитті теориясы болып табылады. Ол белгілі бір адамның әлеуметтік қарым-қатынастағы күрделі әлемді қалай қабылдайтынын көрсетеді. Конструкт теория негізінде мынадай эксплицитті идея жатыр: “әрбір адам зерттелуші”. Келлидің айтуынша біз өзіміздің кезігетін жағдайымызда өзіміздің де шарынның да мәнін табуға тырысамыз. Ол үшін біздің әрқайсысымыз жақсы ма жаман ба біздің тұлғалық конмтрукты жүйемізді құрайтын әртүрлі ипмлицитті теорияны қайта құрамыз. Осы жүйемен байланысты біз өмір сүреміз, жағдайды болжаймыз, өз құқымызды құрамыз,басқаларға және өзімізге әртүрлі сұрақтар қоямыз. Конструкт-бұл ерекше референтті ось, осы арқылы адамдар өзінің мінез-құлқын әртүрлі қиығынан көрсетіп, өзінің психологиялық кеңістігін тәртіптейді. Бұл теорияда адамның әлем бейнесін ашық, қарсы емес, мәніне жету арқылы түсіну қажеттігі бар. Онымен қоса әлеуметтік көрініс бөлек адамның пікірі емес. әлеуметтік көріністе алынған бірнеше шынайы статусберетін құрылымдық ұжым немесе процестер қатары.



  1. Имплицитті теория адамның қоршаған ортаны қабылдауы, жағдайға сәйкес әрекет етумен жағдайды бақылауға тырысу тәсілдері арқылы маңызды өріс болып табылады. Жанұяның имплицитті теориясы әлемдік бейненің фрагменті сияқты жанұяның шынай түрде қабылдауын ұйымдастырып, ондағы мінез-құлықты реттеп іске асырып отырады. Жанұяның имплициттік теориясының жекелік негізінде жанұяның әрбір мүшесі өзі қандай, жанұясы ше, онда ол қандай орын алады, сол туралы біраз біліп қалады. Жанұя туралы өзінше елестету адамның дүниетанымының бір бөлігі болып есептеліп, жанұялық сферадағы өзара қарым қатынастың шынайылығын анықтайды.

2. Имплицитті теория адамда өз тәжірибесін “айтып беру” немесе түсіндіру, қорытындылау немесе ұғыну үшін қолданылады.

  1. Бұл жүйе анық емес көріністі, жағдайды дұрыс ұқпаған, немесе мүлдем ұқпаған дегенменде адамның мінез-құлқын реттеуші кезінде байқалады.

  2. Жанұяның имплицитті теориясы имплицитті әлеуметтік теорияның разрядына қатысты, осыған сәйкес ол бір адамды болуы емес, толық топ болуы мүмкін.

Имплицитті теорияның мазмұны тәртіп бойынша әкспериментальды психосемантика тәсілімен зерттеледі. Бұл Москва Университетінде 70 жылдардың басында туындаған Кеңес психологиясының салыстырмалы жаңа аймағы. Психосемантиканың міндетіне өзі және басқа адамдарды қабылдауы, тұлғалық жүйелік мәнін зерттеу немесе реконструкциялау. Психология аймағында басты түсінік мән және мағына болып табылады. Маңызды түсініктері әлемдік бейне, субъективті тәжірибенің құрылымы, категория жүйесі, тұлғалық конструкт, имплицитті теория, тұлғалық кеңістік.

“Мән және мағына”. А.Н.Леонтьевтің пікірінше бұл сөздер арасындағы түсініктер туысқан-түрлік, яғни, мән-туысқандық,ал мағына-түрлік болып табылады. Мән-объективті шындықты белгінің көмегімен көру. Мағына субъектінің мәнді “Мен үшін деген” белгі арқылы игеріп, қабылдауы. Мағыналық құрылымдар адамның тұңғиық, интимді, саналық құрылымы болып табылады. Мән мен мағынаның арақатынасы туралы сұрақ пен жауапқа бірдей өзара түсінушілік пен адамдық қарым-қатынасты шектеулі мүмкіндіктер туралы сұрақтар бар.

Д.А.Леонтьев пен Е.Л.Доценконың психосемантикалық зерттеуі мен ғылыми рефлекциясы көрсеткендей осы түсініктер арасындағы қарым-қатынастың алмасқанын көрсетеді. Мән-ойдың жеке түрі ретінде түсініле бастады. Мағына – адам тәжірибесі элементтерінің объективті тәуелділікке негізделген субъективті арнайы мақсатқа бағытталған байланыс, ал мән басқалардың ойын" айқын түсіндіру. Адамның қабылдауы және әлемді ұғынуы, ес процесі, ойлауы және қиялы қарулы немесе басқа мәдениетте, әлеуметтік қоғамда өзінде қоғамдық тәжірибенің жиынтығы бар нақты тарихи жүйелік мәнде шектеулі. Бұл жүйенің жалпы адамдық инварианты жалпы адамдық мәдениетпен басталатынәртүрлі қоғам мен халықтың өмірлік іс-әрекетінің ұқсастығымен шарттасады.

Лингвистика бойынша мамандар тілде көрінген идеалды мәндер басқа мәнге қарағанда жүйелірек болып келеді. Тілге қатысты бұл шарт өз-өзін көрсету қасиеті болып табылады. Осы ғана оған тәуелсіздік пен бірліктік береді. Жеке тұлғаға енген мағына тұлғалық немесе субъективтік түсінікте психологиялық табиғаты бар. Бірақта өзіміз білетіндей тұлғалық мағынаның тілдік бірліксіз аналогиясы жоқ. Онда адамдардың барлығы әртүрлі тілде айта бере еді. Адамдар тек мағынасына қарай таңдап мәдени тілдік схемаға кірген сөзді айтады. Жеке тұлғалық санада екі жүзділік бар: бірінші жағынан қоршаған ортадағы шындық субъектілердің уайымы мен сезімі түрінде көрініс береді.


Дәріс 5 тақырыбы: Тәжірибеге негізделген жанұялық психотерапия

Теоретикалық конструктілер және негізгі идея. Баға, мақсат, техника.

Тәжірибеге негізделген жанұялық психотерапия. Карл Витакер техникасы. Вирджинии Сатир техникасы. Тәжірибеге негізделген жанұялық психотерапияның эффективтілік техникасы

К. Роджерстің психотерапиясы

Карл Роджерс терапияны шығарған және сондай-ақ гуманистикалық психологияның атасы деп те айтады. Оның әсері тек қана психологиямен шектеліп қана қоймай, оның көптеген түрлі жұмыстарының арқасында басқару жүйесінде, әскери ұжымдарда, әлеуметтік жұмыстардың практикасы туралы, басқаларды тәрбиелеу туралы және сабақ беру тәсілдері жайлы, діни жұмыстар және т.б. өзгерте білді. Роджерстің пікірінше, біздің әрбіреуімізде компоненттің бір бөлігі болуға талпынамыз. Яғни, бұдан барып педагогиканың, психотерапияның, бейнелеуді басқарудың негізгі мақсаты ол біздің еліміздің ішкі күштеріміздің дамуын оята білуге, яғни бұл адамды сәттілікке әкеледі.

Адамның өміріндегі дамуындағы негізгі рөлді адамның өзі туралы ойлары негізгі болып табылады. Яғни, оның «Мен концепциясы» Роджерс бойынша адам өзі туралы ойлайтын ойларға сәйкес әрекет жасайды, сондай-ақ ол қандай екенін тек өзі ғана талқылай алады.

«Мен концепциясы» - адамның өзі туралы ойлар жүйесін, яғни оның осы әрекетімен ойларына эмоционалды қарым- қатынасы болып табылады.

Сондай- ақ «мен концепциясы», мысалы: өзін жаманмын деп санайтын адам өзі туралы ойларға әркез сеніп, соған сәйкес келетін бейнемен әрекет жасайды. Керісінше де өзін жақсымын деп сезінсе, осы ойларына сәйкес қайта- қайта әрекеттер жасайтын болады.

Адамның өз-өзінің объективті образы болмайды, яғни негізгі эталонның негізінде қолданылатын. Бірақ та актуалды өмірлік тәжірибелер де бар (мысалы, осы немесе басқа да ситуацияларда және оның нәтижелері), яғни «мен концепциясының» негізіне қарсы тұрады. Мұндай жағдайларда неконгруэнттілік (қарсы сәйекес келмейтін) өзі туралы ойлары мен актуалды тәжірибенің өзгеруіне әкелетін өзі туралы модификация жолымен.

Негізінен «мен концепциясы» әсер ететін адамдарға байланысты болады, яғни ең жақын, авторитетті адамдар, олар ең алдымен ата- аналары болып табылады.

Бихевиоризм мен психоанализ теорияларына тікелей қарсылығымен танылған бір бағыттардың және бірі- бұл гуманистік психология.

Гуманистік психологияның негізін қалаушылардың алдына қойған мақсаты- бихевиоризм мен психоанализді дәріптеушілердің адам мәселесіндегі ауытқуларын орнына келтіріп, шындыққа жақындау, өміршең психологияны таңдап алу еді. Өз зерттеулерінің объекті ретінде гуманист- психологтар салауатты, шығармашыл жеке адам түсінігін таңдады. Мұндай міндетті бұл уақытқа дейін ешбір психологиялық  ғылыми мектеп өз мойнына артқан емес. Бұл талдауындағы жеке адамның мақматы- өзін-өзі кемелдендіру және мүмкіндіктерін өз күшімен ашып жая білу. Гуманистік бағыттың көрнекті өкілдерінің бірі- Абраха-ам Маслау. Ол жеке адам психологиясын есі ауысқандарды зерттеумен білу мүмкін еместігін қадап айтқан. Маслау адам іс- әрекетінің, адамның мінезі мен қылығының негізі сол адамның өзін- өзі таныту мен өз мүмкіншіліктерін ашуға (самоактуализация) деген қажеттілік бірнеше қызметпен байланысты.  



Біріншіден, мұндай гуманистік ұмтылу (адам табиғатынан қайырымды) Ч. Дарвин теориясын өзінше түсінген Маслау жануарлардағы өз ұрпағын жалғастыруға деген инстинкт адамдағыдан кем еместігін, ал сол инстинкт оларды бір-біріне көмектесуге мәжбүрлейтінін баса айтқан.

Екіншіден, адам өз болмысына орай кемелденуі тиіс, яғни адам өзінің барша мүмкіндіктері мен қабілеттерін орнымен пайдаланып, өзіне жүктелген жоғарғы адамгершілік борышты атқаруға міндетті. Мұндай міндетті атқару қажеттілігі тек дені сау, салауатты адамдарда туындайды.

Гуманистік психология тұжырымының өзегі: адам өз бойында алғашқыдан қаланған, қолынан келетінінің бәрін жүзеге шығаруы тиіс. Өз мүмкіншілігін ашу- тума құбылыс, адамның табиғи қасиеті әрбір адам қайырымдылық, адамгершілік, тілектестікке деген қажетсінуінен дүниеге келеді.

Маслау бірінен-біріне күрделене ауысып отыратын адам қажеттіліктерін жіктеп, көрсетіп берді:


  1. Физиологиялық қажеттіліктер;

  2. Қорғаныс қажеттіліктері;

  3. Қорек- тағамдық қажеттіліктер (осылардың бәрінен жоғары- адамгершілік);

  4. Шындық, қарапайымдылық, әділдікті керек ету.

Осылардың бәрі өз мүмкіншіліктерін өз белсенділігімен іске асыруына байланысты адамда көрінетін жалпы қажеттіліктердің мазмұнын құрайды.

Маслау теориясының кемшілігі- оның биологизаторлық (адам болмысы- табиғаттан) пікірден ала алмағандығында; біздің қайырымды, игілікті болып дүниеге келетініміз, жаман болу біздің еркімізде еместігі - әрқайсымыздың көңілімізге қонымды. Бірақ инабаттылық қасиеттері табиғаттан берілмейтіндігін мойындаған жөн. Бәрі өмір барысында қалыптасады. Адамгершілік, этикалық қасиеттерді тума құбылыс деп тану- биологизациялық дағдарысқа тіреудің басы.



Фокустық терапия

Терапевт әр түрлі сұрақтар қоюы мүмкін әке-шешесінің ауруы, қашан, қалай өлгені, ол нешінші бала жанұяда, ата-ана қай баланы жақсы көрді т.с.с. Бала кезінде қандай қиындықтарды бастан кешірді (ұялшақтық, достарды табудағы қиындықтар)

Әр түрлі аурулары жайлы сұрақтар қойылуы мүмкін. Клиенттің қорқыныштары туралы жыныстық қатынастар туралы (бабалық, ересектік шақтағы) сұрақтар қойылаы. Соңғы мақсаттарды анықтау үшін психотерапевт: «Сіздің кім болуға жаралғансыз?» деген сұрақ қояды, яғни оған қандай іс-әрекет қызықты және кәсібі болар еді, егер де белгілі бір қиындықтар туындамағанда оған не кедергі болды.

Жекелей психология баланы зерттеудегі негізгі бағыттардың сызба нұсқасын жасады. Ол бірнеше бөлімнен тұрады.

1. Бірінші бөлімдегі сұрақтар арқылы қашан және қандай жағдайда проблемалар туындай бастады. Бала қалыптасқан жағдайды зерттеу кезінде қоршаған ортаның өзгеруіне көңіл бөлінеді. Ауруларға, бауыр-сіңілдерінің тууына, мектептегі сабақтардың басталуына, жаңа достардың пайда болуына бірнеше көңіл бөлінеді.

2. Екінші бөлімдегі сұрақтар жауластық бағдарды, басымдылық сезімдерді анықтауға және олардың тұлғаның мінез-құлқында, қылық-әрекетінде қалай көрінетіндігін көруге көмектеседі. Балада ерекше уайымдар, қайғылар болды ма (әлсіздік, ыңғайсыздық сезімі, тастандылық, керексіздік, жалғыз болғысы келетін сезімі, қызғаншақтық т.с.с.). Қана уақыт басқаларға тәуелді болады. (Киінуде, тамақтануда, біреуге жақын байланысқандық, бірдемеден қорқу т.с.с)

3. Үшінші бөлімде баланың инстинктивті белсенділігі, басымдылыққа талпыну шектелді ме дегендерді ұғуға көмектеседі. Бұл үшін бала көп әурелікті тудыра ма, түнде көп жылады ма, энурез немесе энкопреза белгілері байқалды ма, қай ата-анамен бірге ұйықтағысы келеді, аямшақ болды ма, бірдемеден қорықты ма.

Психотерапевтің ерекше маңызды сұрақтары: бала басқа балаларға барғысы келеді ме, қандай балаларды мықтыларды ма, немесе әлсіздерді ме. Баланың икемсіз алаңғасар, мазақтаушы болғанын анықтау өте маңызды.

4.Бұл бөлімдегі баланың қарым-қатынасының ерекшелігін, оның әлеуметтік қызығушылықтарын анықтауға көмектеседі. Психотерапевтің сұрайтыны бала достарды қаншалықты жеңіл табатын, балаларлы немесе жануарларды қинады ма, лидер болды ма, әлде шетте қалуды қалады ма, өзінен кіші балалармен ойнағысы келді ме, әлде қарама – қарсы жыныстағы балалармен ойнағысы келді ме т.с.с

5. Бесінші бөлімде алдыңғы бөлімдегі мәселелерді аша, тереңдете түседі. Қазіргі кездегі қоршаған ортадағылармен  қандай қарым-қатынаста. Бала мектепте өзін қалай ұстайды, әрекет етеді.

6. Жанұя жағдайы туралы мәліметтер, жанұядағы қарым-қатынас нормалары бала позициясын ұғынуға көмектеседі. Жанұя мүшелерінің ауруға, өлімге, алкоголизмге ұшырауы баланың қалыптасуындағы маңызды фактр ретінде қарастырылады.

7. Баланың басқа адамдар мен қарым-қатынасын оның нешінші болып туғанын білу арқылы ұғуға болады.

8. жеке психолог үшін үміт пен күтулер болжамдар қызықтырады: бала өзінің таңдауы туралы не ойлайды, ол ата – аналарының кәсібі мен байланысты ме, ол келешек жанұя өмірін қалай көреді, бұл адамдар қарым-қатынасына қалай байланысты.

9. Психотерапевт баладан оған қандай кейіпкерлер ұнайды, армандауды, қиялдағанды жақсы көре ме деп сұрайды.

10. Ерте есте қалған естеліктер жиі қайталанатын түстер арқылы әр түрлі проблемалар анықталады.

11. Бала өзіне назар аудару үшін өзін күлкілі, балаша, ақымақ ретінде көрсетуі мүмкін. Терапевт осындай жағдай туралы білуге тырысады.

12. Жеке психолог физиологиялық кемістіктерді анықтайды. (дене бітімінде, сөйлеуінде, көруінде) Өйткені олар өз-өзін кем сезіну сезімін тудырады.

13. Баланың көмексіз, әлсіз болуы, онда өзін қабілетсіз, жұмысқа, өмірге икемсіз сезімдерін, өз-өзіне қол жұмсау ойларын тудырады

14. Психотерапевт баланы жаңадан бағдарлау үшін оның позитивті жетістіктерімен, мүмкіншіліктері, психологиялық функциялардың даму ерекшеліктерімен әр түрлі сферадағы тәжірибесімен танысады.

Жасалған мақсаттарды зерттеу Психотерапевт клиентті алғашқы жіберілген қателіктерге көңіл аударуға тырысады. Ол үшін ол оның мимика мен понтамимикасын бақылайды. Егер клиентте бір қайталанатын әрекеттері болса және психотерапевт: «ол неге солай істейді?» деген сұрағына «бұл әдет» деп жауап берсе, онда бұл «Бұны өзгертуге тырысыңыз» дегендей көрінеді немесе «Бұл жайлы әңгіме көңі-күйімді түсіреді»дегені «Бұл жөнінде сөйлеспей-ақ қояйық» дегенді білдіреді. Осындай қылық-әрекеттер, вербалды және вербалсыз қарым-қатынас интерпритациялау арқылы оның өмір стилі туралы білуге болады.

Психотерапевт невроз себептері туралы болжамдар жасайды, содан соң ақырындап, зертту барысында, оны дәлелдейді немесе кері шығарады. Көптеген қылық-әрекет көріністерінен, айтқандарының түстердің, қиялдардың талдауынан қате апперцептивті жүйелер алынады. Жекелей психологияда клиенттің өзінің функцияларын түсінуі, оның жалған екендігін ұғуы, оларға негізделіп жасалған өмір стилі де бұзылады.

Психодинамикалық психотерапияның мақсаты инсайтқа жету болып табылады – невроздың себептеріне интелектуалды және эмоционалды  ену. Психотерапевт  невротиктің фиктівті мақсаттарына негізделген уайымдар мен іс-әрекеттерді тапқанда, талдағанда, тіпті болжаған кезде, клиент олардан бас тартқаннан кейін жаңа невроздар жасайды. Мұнда күрес психотерапевтен басым түсуге талпынушылықтан болады. Сондықтан себептердің мағынасын ашумен қатар психотерапевт келесі әрекеттердің мотивтерінің күші туралы ойлайды.

Адлер бойынша психотерапиялық қарым-қатынастар клиент үшін жаңа әлеуметтік байланыс моделі болуы керек. Адамдар мен өнімді қарым-қатынасы туралы тәжірибесі  жоқ. Невротик психотерапевті өзінің ойына електіріп әкеткісі келеді, оған әке, мұғалім, құтқарушы т.с.с. рольдерді ойнауға мәжбүрлік береді. Пациент психотерапевтке: «Мен көптеген дәрігерлерде емделдім, сіз менің соңғы үмітімсіз» бұл санасыз түрде дәрігерді жеңуге бағытталған. Адлердің жауабы: «Жоқ, соңғы емес. Мүмкін соңғы, бірақ үміт. Сізге көмектесе алатын басқалар бар». Мұнда пациенттің тактикасын бұзу мақсат болды. Жекелей психологияда клиентке психологиялық тіреуге, көмекке үлкен көңіл бөлінеді. Ол тым жоғары да болмау керек, өйткені клиент ауруға адаптацияланып, емделу мотивациясынан бас тартуы мүмкін. Түсінудің, тіреу болудың аздығы да кері әсер етеді, емделгісі келмей, өзінің қиындықтарында батып қала береді. Көмек, тіреу болу көптеген фактілерге байланысты: емдеу этаптарына, проблеманың күрделілігіне тұлғаның оны шешу мүмкіндіктері, емделу мотивация т.с.с. Әлеуметтік қызығушылықты дамыту. Адлер бойынша кез келген проблема әлеуметтік болып табылады. Жекелей психологияның барлық процедуралары мақсатты анықтауға және клиентті әлеуметтік қызығушылыққа бағдарлауға бағытталған. Жекелей психологияның нәтижесі адамда сену, жақсы көру, өнімді еңбек ету қабілеттерін дамыту болып табылады.

ХХ жылдардан бастап жекелей психологияда топтық әдістер қолданыла бастады. Топ, көмек, тіреуді және терапевтік эффекті жоғарлатады. Жанұялық психотерапия жұптарға жүргізіле бастады, бұрынғыдай бөлек емес. Интерпритация жекелей психологияда үлкен роль атқарады. Ол арқылы психотерапевт ол өз өмірін қалай жасауда қандай жетістікке жеткенін, қате операцепциялық жүйелер қалай істеуде, қандай мақсаттары бар екенін көрсетеді.

Адлер концепциясында әлеуметтік қызығушылық адамзат қоғамдағы эволюция факторы ретінде көрсетіледі. Қате оперцептивті жүйелермен жұмыс танымдық және рационалды – эмоционалды психотерапияның техникаларының модельдерін жасауға түрткі болады.


жүктеу 1,72 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау