«Филология» мамандыєына арналєан


Тақырып. Отбасының тәрбиелік мүмкіндігінің диагностикасы



жүктеу 1,74 Mb.
бет7/10
Дата05.01.2018
өлшемі1,74 Mb.
#6988
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10

Тақырып. Отбасының тәрбиелік мүмкіндігінің диагностикасы.

Дәріс жоспары:



1.Отбасының тәрбиелік мүмкіндігінің диагностикалау.

2.Ата-аналармен диагностикалау жұмыстар ұйымдастыру ерекшеліктері.


Дәрістің қысқаша мазмұны.

Психологтың отбасымен жұмыс жүргізудегі басты бағыты оның қазіргі жағдайын анықтай алуы. Біздің ұсынып отырған әдістемелер жүйесі отбасымен жұмыс жасайгын маманға диагностикалық құралдардың көп түрлілігіне көңіл бөле отырып, алдына қойған мақсат - міндеттерге сай тепе-теңдік деңгейлерде қарастыруға таңдау жасап, жүргізуіне ұсынамыз. Берілген диагностикалық шаралар клиникалық және тәжірибелік зерттеулер жүргізуге отбасы құрылымын, ерлі-зайыптылардың жүйе бөлігі жағдайына, отбасы ахуалына әсер ететін жағымды және жағымсыз факгорлар, ата-ана мен бала қатынасындағы ерекшеліктерді анықтауға мүмкіндік береді.

Э.Г. Эйдемиллер «отбасы диагнозы» деген терминді ұсынған [10]. Отбасы диангозы -отбасы өміріндегі бұзылыс деп, қиындықтың енуі мен сақталуы отбасы мүшесінің бірінің немесе бірнешеуінің жеке қызметінің бұзылуына әкеледі. Отбасы диагнозы- отбасы жоспары мен қызметінің бұзылысын анықтай отырып, отбасы татулығын сақтау жұмысына стратегиялық бағытын береді. Отбасы қатынасын анықтауға қолданылатын әлеуметтік -психологиялық диагностикалық әдістер: сұрақ-жауап, бақылау, эксперимент, социометриялық әдіс, сандық-сапалық құжаттык әдіс, тест.
Отбасы кұрылымының психологиялык ерекшеліктері
Ұсынылып отырған әдістер арқылы отбасы құрамын, шегін және құрылымын анықтауда: топтасуын (эмоционалды байланыс, жақындық және отбасы мүшелерінің бір-біріне үйренісуі), иерархия (сатылы), шекара, коммуникация сипаты, отбасының бір -біріне икемділігімен болады.
6.1. Отбасына бейімделу мен топтасу шкаласы. Ғасеs-3 сауалнамасы Отбасына бейімделу мен топтасу шкаласы қалыпқа түсірілген сауалнама, мақсаты-отбасы құрылымын бағалау. Сауалнама авторлары Д.Х. Олсон, Дж Портнер, И. Лави [3]. 1986 жылы алғаш бейімдеуге М. Перре ұсынған

Сұрақнамада отбасы мінез-құлқын үш негізгі шамада: топтасуы, бейімделуі және коммуникациясы жинастыра «дөңгелек моделі» қарастырылады.



Отбасы топтасуы: отбасы мүшелерінің эмоционалды көңіл-күйде бір- бірімен байланысуы, оған мынадай белгіде көрсеткіштер: эмоционалды байланыс, отбасылық шекара, уақыт, шешім шығару, достары, қызығуы мен демалуы қарастырылады.

Отбасы бейімделуі:(Отбасы мүшелері стрестік жағдайға қаншалықты икемді (иілгіш) немесе кертартпалық қасиеттері бойынша бейімделуі

Оның көрсеткіш белгілері: отбасында көшбасшы, бақылаушы, тәртіп, ереже және ролдері.

«Дөңгелек моделі» отбасылық топтасуды 4деңгейде қарастырады: төтенше жағдайдың төмендігінен оның жоғарылауына дейін, осыған сәйкес аталуы: бытырау, бөлектеу, байланысу және тұтасу

Сауалнама авторлары тендестікте және сонғы деңгейдегі отбасы топтасын және бейімделуін анықтауда-отбасы жүйесінде қызметтің жетістігін көрсетеді.

Отбасы суретінің интерпретациясының әрбір көрінісін толық талдайық.


  1. Бала отбасы мүшелерін толығымен салмайды. Ол жанжалдық катынаста болған отбасы мүшелерінің суретін салмайды. Отбасы мүшелерінің орналасуы олардың өзара карым қатынасын көрсетеді. Кейбір кездері отбасы мүшелерінің арасына оларға кедергі болатын бір заттар суреті салынады. Отбасы мүшелерінің бірігіп кызмет істеуі олардың жағымды карым-қатынаста екендігін көрсетеді. Кеңде бірнеше отбасы мүшесі бірігіп кызмет істейтіні бейнеленеді. Бұл отбасында ішкі топтасу бар екендігін көрсетеді.

Отбасының суретін салған кезде, кейбір балалар өзін парақтың астыңғы жағында бейнелейді. Бұл балада бір жетіспеушіліктің барын көрсетеді.

Кейбір суреттерде адамдар емесе заттар, көп жағдайда жиһаз суреттері басым болады. Бұлда баланың отбасы жағдайымен мазасыз екендігін көрсетеді.



  1. Бала суретте ең алдымен өзі жақсы көретін отбасы мүшесін бейнелейді. Егерде бала біреуді үнатпайтын болса, оны суретте толықгырмай, кейде негізгі дене мүшелерін салмай бейнелейді.

Егер бала катынасы жанжал немесе үрейлі болатын болса, ол суретте қарым-қатынасы дамымаған отбасы мүшесін штрихтап салады. Ұқсас жағдайларда өшіру және қайга салуды ангаруға болады.

Сурет салудың бірнеше түрін байқауға болады, ол жасы кіші балаларда ерекше байқалады, бір стильде әкесі мен ағасы, екінші стильде анасы мен әпкесі бейнеленеді. Әсіресе шаш пен киім бейнеленуі ерекшеленеді. Баланың өзінің бейнесін салу, өзін кімге теңейтіні көрінеді және ол баланың жынысына теңбе-тең.



  1. Сурет салу процесін талдау баланың отбасылық қарым-катынасы жөнінде ақпарат беріп қана қоймай, оның жұмыс стилін де көрсетеді. Мектеп оқушылары мен жеткіншектер сурет сала алмайгындығын айтса, оны түсінуге болады. Психолог балаға түсіндіруі тиіс, бұл тапсырмада суретті әдемі салу мақсат емес, отбасы мүшелерінің кызметін ойлап табу мақсат.

Көітгеген сылтаулар, қолмен салған суретін жабу, бұл баланың өзіне өзі сенбеуін, ересек адамнан көмек кажеттілігін көрсетеді.

Бала өзі жақсы көретін отбасы мүшесін бірінші салады. Біртүлғаны салар алдында біраз үзіліс те болады. Кейбір жағдайларда бұл баланың ол отбасы мүшесіне негативті қатынасын білдіруі мүмкін. Түсінік берген кезде баланың отбасы мүшелеріне деген қарым-қатынасы айтылуымүмкін, бірақ тестті орындау кезде психолог баламен әңгімелеспеуі жен.

ЖКС үшін сандық мағыналар жүйесі құрастырылган. 5 симптомдар айқындалады:

1) қолайлы отбасылық жағдай; 2) үрейлік; 3) жанжалдық; і) өзін толықтырылмағанын сезіну; 5) отбасы жағдайындағы дұшпандық.

Балдар сомасы қаншалықгы көп болса, соншалықгы белгінің айқын болғаны. Белгінің айкындалуы 0 ден 3 ке дейін мағаланады. Алынған

нәтижелер психолог үшін психокоррекциондық жұмысқа және бала мен отбасын ары қарай диагностикалауға негіз болады.

Негізгі ұғымдар: отбасы, диагностика, психологиялық ерекшелік, әдістер.

Өзін-өзі бақылау сұрақтары:



  1. Жанұяның мүмкіндігін диагностикалау әдістерін топтасрыңыз.

  2. Ата-аналарға арналған жұмыс түрлеріне сипаттама беріңіз.

Әдебиеттер.

1.Алешина Ю. Индивидуальное и семейное психологическое консультирование. И.,1999.

2.Лиза Х.Макэлрит, Тони Х.Эйзенштадт. Семейная игровая психотерапия в работе с детьми, имеющими отставание в развитии. Питер., 2002.

3.Методики диагностики психических состояний и анализ деятельности человека. М.,1994.



  1. Пэпп П. Семейная терапия и ее парадоксы. М.,1998.

Тақырып. Отбасын зерттеу әдістері.

Дәріс жоспары



  1. Отбасын зерттеу әдістері

  2. Отбасын зерттеу сауалнама түрлері

  3. Пало Алто мектебі

  4. Отбасы терапиялары

  5. Отбасыға кеңес беру

  6. Отбасымен жұмыс жүргізу кезеңдері


Дәрістің қысқаша мазмұны

Психологтың отбасымен жұмыс жүргізудегі басты бағыты оның қазіргі жағдайын анықтай алуы. Біздің ұсынып отырған әдістемелер жүйесі отбасымен жұмыс жасайтын маманға диагностикалық құралдардың көп түрлілігіне көңіл бөле отырып, алдына қойған мақсат - міндеттерге сай тепе-теңдік деңгейлерде қарастыруға таңдау жасап, жүргізуіне ұсынамыз. Берілген диагностикалық шаралар клиникалық және тәжірибелік зерттеулер жүргізуге отбасы құрылымын, ерлі-зайыптылардың жүйе бөлігі жағдайына, отбасы ахуалына әсер ететін жағымды және жағымсыз факторлар, ата-ана мен бала қатынасындағы ерекшеліктерді анықтауға мүмкіндік береді.

Э.Г. Эйдемиллер «отбасы диагнозы» деген терминді ұсынған. Отбасы диангозы -отбасы өміріндегі бұзылыс деп, қиындықтың енуі мен сақталуы отбасы мүшесінің бірінің немесе бірнешеуінің жеке қызметінің бұзылуына әкеледі. Отбасы диагнозы- отбасы жоспары мен қызметінің бұзылысын анықтай отырып, отбасы татулығын сақтау жұмысына стратегиялық бағытын береді. Отбасы қатынасын анықтауға қолданылатын әлеуметтік –психологиялық диагностикалық әдістер : сұрақ-жауап, бақылау, эксперимент, социометриялық әдіс, сандық-сапалық құжаттық әдіс, тест

Ұсынылып отырған әдістер арқылы отбасы құрамын, шегін және құрылымын анықтауда: топтасуын(эмоционалды байланыс, жақындық және отбасы мүшелерінің бір-біріне үйренісуі), иерархия (сатылы), шекара, коммуникация сипаты, отбасының бір –біріне икемділігі мен болады.



  1. Отбасына бейімделу мен топтасу шкаласы қалыпқа түсірілген сауалнама, мақсаты-отбасы құрылымын бағалау. Сауалнама авторлары Д.Х. Олсон, Дж Портнер, И. Лави [3]. 1986 жылы алғаш бейімдеуге М. Перре ұсынған

Сұрақнамада отбасы мінез-құлқын үш негізгі шамада: топтасуы, бейімделуі және коммуникациясы жинастыра «дөңгелек моделі» қарастырылады.

Отбасы топтасуы:отбасы мүшелерінің эмоционалды көңіл –күйде бір-бірімен байланысуы, оған мынадай белгіде көрсеткіштер : эмоционалды байланыс, отбасылық шекара, уақыт, шешім шығару, достары, қызығуы мен демалуы қарастырылады.

Отбасы бейімделуі:Отбасы мүшелері стестік жағдайға қаншалықты икемді (иілгіш) немесе кертартпалық қасиеттері бойынша бейімделуі

Оның көрсеткіш белгілері : отбасында көшбасшы, бақылаушы, тәртіп, ереже және ролдері.



«Дөңгелек моделі» отбасылық топтасуды 4деңгейде қарастырады: төтенше жағдайдың төмендігінен оның жоғарылауына дейін,осыған сәйкес аталуы: бытырау, бөлектеу, байланысу және тұтасу

Сауалнама авторлары теңдестікте және соңғы деңгейдегі отбасы топтасын және бейімделуін анықтауда-отбасы жүйесінде қызметтің жетістігін көрсетеді.

Алдымен сауалнаманы жүргізбес бүрын зерттеуші мен қатысушы арасында өзара сенім қалыптасу қажет. Егер сауалнаманы отбасы мүшелері бірге отырып, жұмыс жасай толтырса, ол психологқа қосымша мәлімет алуға: коммуникациясын, мінез-құлық ерекшеліктерін бақылауға септігін тигізеді.

Сауалнаманы жүргізер алдында түсіндіріп өтеді. Ал орындаубарысында кездескен сауалнамадағы түсініксіз жерлерді, психолог қосылмай өзара түсіндіруіне мүмкіндік туғызғаны жақсы.

Нұсқау:Бүл әдістемені 12 жастан жоғары отбасы мүшелерінің бәріне жүргізуге болады.Зерттеуді отбасы мүшесінің бәрімен толық жүргізгені абзал, ол коммуникацияерекшелігін жан-жақты бағалауға мүмкіндік береді.

Әдістеме сипаттамасы: Сауалнаманың жауабын бекітуі 5 ұпайды шкаладан тұрады.



  • Ешқашанда

  • Сирек

  • Оқтын-оқтын

  • Жиі

  • Барлық уақытта

Бұл әдістеме екі рет қолданылады: біріншіде сіз «шынайы» өміріңізде отбасы мүшелерін қалай бағалайсыз, екінші қандай болса деп өзгеруін армандайсыз «идеалды»деңгейде бағалауға әкелдіру, екеуінде де осы сұрақнама беріледі.

  1. «Отбасылық социограмма» тесті телімелі тесттердің қатарына жатады. Оның авторлары Э.Г.Эйдемиллер және О.В.Черемисин болды. Ол субъектінің тұлғааралық қатынастағы орнын анықтауға, отбасындағы коммуникация сипатын - тікелей немесе аралық , анықтауға мүмкіндік береді.

Әдістеменің мазмұны. Сыналушыларға диаметрі 110 мм. болатын шеңбер салынған бланк парағы беріледі. Содан соң нұсқау беріледі: «Парақ бетінде шеңбер салынған оның ішіне өзіңізді және отбасы мүшелерін дөңгелектер үлгісінде бейнелеңіз де, аттарын жазып қойыңыз». Отбасы мүшелері бұл тапсырманы бір – бірімен кеңеспестен орындайды.

Нәтижелерді талдау. Авторлар ұсынған критерийлер бойынша тестілеудің бағалауы жүргізіледі:

  1. Шеңбер аймағына енген отбасы мүшелерінің саны;

  1. Дөңгелектердің көлемі;

  1. Дөңгелектердің орналасу қатынасы;

  2. Арасындағы қашықтық;

Бірінші критерий нәтижелері бойынша, зерттеуші сыналушының бейнелеген отбасы мүшелерінің санын шынайы санымен салыстырады. Мүмкін, бұл сыналушының қақтығысты қатынастағы отбасы мүшесі болуы мүмкін, ол үлкен шеңберге кірмей қалады, «ұмытылып» кетеді. Осы арада басқа бір жануар, зат немесе адам отбасы мүшесі ретінде бейнеленеді.

Содан соң біз дөңгелектердің көлеміне назар аударамыз (2-ші критерий бойынша). «Мен» дөңгелегі басқаларға қарағанда үлкен болса, жоғары немесе жеткілікті деңгейдегі өзіндік баға, ал көлемі кішкентай болса, өзіндік бағаның төмен деңгейінің белгісі. Басқа отбасы мүшелерінің көлемі сыналушы көзқарасымен олардың мәнділігін білдіреді.

Келесі кезекте дөңгелектер шеңбердің шекарасына қатысты және бір – біріне қатысты орналасуына назар аудару қажет (3-ші критерий). Сыналушының өз дөңгелегін шеңбер ортасына орналастыруы тұлғаның эгоцентрикалық бағыттылығын білдіреді, ал өзін басқа отбасы мүшелерінен төмен немесе шет жағында бейнелеуі эмоциялық шеттелуді уайымдауына сілтейді.

Неғұрлым маңызды отбасы мүшелері үлкен дөңгелектер бейнесімен шеңбердің жоғарғы аймағында немесе орталық бөлігінде бейнеленеді.

Төртінші критерий бойынша дөңгелектер арасындағы арақашықтықты талдау арқылы да көп мәлімет алуға болады. Бір дөңгелектің басқалардан қашықтау орналасуы отбасында қақтығыстық қатынастарды, сыналушының эмоциялық шеттетілуін сипаттайды. Дөңгелектердің бір-бірімен қиылысуы «Мен» құрылымының дараланбағанын, симбиотикалық байланысты білдіреді.

«Отбасылық социограмма» тестін қолдану аз уақытта, «қазір және осы жерде» отбасындағы қарым-қатынас туралы түсініктерді байқауға болады.

Бұл әдістемені жүргізудің әртүрлі нұсқалары бар. Мысалға, И.М. Никольская отбасылық диагностика барысында сыналушыға отбасылық социограмманың бірнеше нұсқасын салуды ұсынады:

1. Стандартты социограмма, онда сыналушының өзі және отбасы мүшелері бейнеленген.

2. нақты отбасы мүшелері бейнеленбеген немесе отбасына қатысы жоқ адамдар және объектілердің бейнеленуі көрінген социограммалар.

3. отбасы өмірінің әртүрлі кезеңдеріне қатысты социограммалар.

Бұл әртүрлі отбасы құрамындағы шынайы қарым – қатынас жүйесінің ерекшеліктерін анықтауға мүмкіндік береді. Алынған социограммаларды салыстыру және біріктіре отырып талдау психолог пен отбасы мүшелеріне мәселені жан – жақтан көруге мүмкіндік береді, оның нәтижесінде нақты диагноз қоюға және қиын жағдайдан тиімді түрде жол табуға ықпал етеді.


  1. Телімелі суретті тесті «Отбасының кинетикалық суреті»

Телімелі тест зерттеленетін баланың оқиғаны субъективті қабылдауы туралы мол ақпарат береді. Ол баланың отбасы мүшелеріне қатынасын, сурет салушыны үрейлендіретін отбасылық қарым-қатынастарды, өзінің отбасындағы орнын қалай қабылдайтынын айқындайды.

Бұл телімелі тесті қолданған кезде ескеру қажет: әр сурет баланың отбасын қабылдауы ғана емес, оның қарым-қатынастарды талдауға, қайта ойлануға көмектесетін творчестволық жұмыстың нәтижесі. Бұл мағынанда отбасы суреті қазіргі кездегі отбасы түрін емес, болашақтағы қатынасын көрсетеді.

Телімелі тест 2 бөліктен тұрады: отбасы суретін салу және суретті салып болғаннан кейін әңгімелесу. Тесті орындау үшін балаға бір парақ қағаз, қалам және өшіргіш таратылуы қажет.


  1. «Отбасындағы балалардың арасындағы бәсекелестік деңгейін анықтау шкаласы»

Әдістеменің мақсаты – отбасындағы балалардың өзінің кіші бауырына қызғаныштық дәрежесінің, бір – біріне бәсекелестік деңгейінің диагностикасы. Берілген сұрақнама мектепке дейінгі, кіші мектеп жасындағы және орта мектеп жасындағы балаларға арналған.

А нұсқауы: «Төменде келтірілген сұрақтарға «иә» немесе «жоқ» деген нұсқада өз жауабыңызды беріңіз. Жауап нұсқасының астын сызып қойыңыз»
1 Сұрақнама бланкісі

Егер саған байланысты болса, онда сен.........



  1. Әрдайым кіші бауырыңмен (қарындасы,сіңлісі) бірге ойнар едің - иә, жоқ.

  1. Өзіңнің жақсы көретін ойыншықтарыңды берер едің – иә, жоқ.

  1. Оны өзіңмен бірге серунге алып шығар едің – иә, жоқ

  2. Оны басқалардан қорғап жүрер едің – иә, жоқ

  3. Оны қарайтын едің – иә, жоқ

  4. Оны анаң мен әкеңе мақтайтын едің – иә,жоқ

  5. Оның бар болғанына қуанар едің – иә, жоқ

  6. Ол үйде жалғыз қалмасын деп, жанында отырар едің - иә, жоқ

  7. Ертегі оқып берер едің - иә, жоқ

  8. Оны бала бақшаға немесе мектепке алып барар едің - иә, жоқ


Нәтижелерді өңдеу және талдау. Барлық сұрақтарға жауап берілгеннен кейін, «иә» және «жоқ» нұсқасындағы жауаптардың жалпы саны есептеледі. «Жоқ» жауаптарының басымдылығы, баланың өз кіші інісіне немесе қарындасына қызғанышты қатынасын білдіреді. «Жоқ» жауабының 6-дан жоғары болуы немесе 60%-ті құрауы бала үшін ерекше қолайсыз жағдай.

Үлкен бауырларына қызғаныш сезімі мен балалар арасындағы бәсекелетік деңгейінің әртүрлі жастарға арналған сұрақнамасы арқылы анықтауға болады.



Нұсқау Б сұрақнаманың әр пунктіне бала нақты иә немесе жоқ деп жауап беруі қажет

№ 2 сұрақнама бланкісі

Егер саған байланысты болса, онда сен....


  1. Өзіңнен үлкен бауырыңның бар болғанына мақтанасың-иә, жоқ

  1. Одан үлгі алып жүруге ынталысың- иә, жоқ

  1. Онымен жақсы дос болар едің- иә, жоқ

  2. Үлкен ағаң бар екені жайлы барлығына айтар едің- иә, жоқ

  3. Оны анаң мен әкеңе мақтар едің- иә, жоқ

  4. Сабағын дайындауға кедергі келтірмейтін едің- иә, жоқ

  5. Ата-анаңа ол жайлы шағымдар айтпайтын едің- иә, жоқ

  6. Үйде барлық шаруаларды орындауға көмектесер едің-иә, жоқ

  7. Онымен барлық тәттіні бөлісер едің- иә, жоқ

  8. Барлық жақсыны соған берер едің- иә, жоқ

Нәтижелерді өңдеу және талдау: Барлық сұрақтарға жауап берілгеннен кейін , «иә» және «жоқ» жауаптарының жалпы санын есептеу қажет. «Жоқ» жауаптарының саны неғұрлым көп болса, соғұрлым баланың үлкен ағасына немесе әпкесіне қызғаныш сезімінің деңгейі жоғары екенін көрсетеді. әсіресе «жоқ» жауаптары 6 немесе 60%-дан көп болса, қиын жағдайды болжайды.



  1. Ата-ананың балаға деген қарым-қатынасының тест-сауалнамасы (А.Я.Варға, В.В.Столин)

Ата-ананың қарым-қатынасының тест-сауалнамасы – бұл психодиагностикалық құрал, ол балаларды тәрбиелеу және олармен қатынасу сұрақтарымен психологиялық көмек сұрап келген адамдардың ата-аналық қарым-қатынасын айқындауға арналған.

Ата-аналық қарым-қатынас дегеніміз, балаға қатысты түрлі сезімдердің, іс-әрекет стереотиптерінің, баланы түсіну және қабылдау ерекшеліктері.



Пало Алто мектебі

Пало Алто мектебінің өкілі Джей Хейли, «мәселені шешу терапиясы» әдісінің авторы. Ол М.Эриксонмен бірнеше тәсілдерді бірге қарастырды. Хейли айтуынша отбасы қатынасы ерлі-зайыптылардың отбасы мүшелерінің арасын бақылау деңгейіндегі күрес болып табылады. Нышаны - қоршаған орта мінез-құлқын бақылау тәсілі. Джей Хейлидің пікірінше психотерапия міндеті әсер етудің басқа тәсілін қолдануына адамдарға мүмкіндік беру. Отбасы терапиясында емдеу мәнді болсын десеңіз, терапевтік кездесуге отбасы мүшелерінің бәрінің келуі абзал. Хейли отбасы терапиясына бірнеше директивтер (тарсырма) қосқан. Тапсырманы орындай отырып, отбасы мүшелерінің әрқайсысы өз ойын тепе-тең деңгейде айтуға немесе орындауға мүмкіндік алады. Психотерапевт кездесу кезінде және үйге де тапсырма беріп отырады. Тапсырма мақсаты:

-отбасы мүшелерінің мінез-құлқын өзгерту;

-психотерапевт отбасы мүшелерімен қатынас құруда қосымша ынталандыратын тәсілдер табу;

-тапсырманы орындау барысында отбасы мүшелерінің әрекетін зерттеп білу;

-отбасы мүшелеріне қолдау көрсетіп отыру, себебі тапсырманы орындау барысында психотерапевт көрінбейтін деңгейде қатысып отырады.Хейли сондай-ақ метафралық және парадоксалды тапсырмаларды да қолданатын еді. Алғашқы жолда жағдай мен әрекет арасындағы ұқсастықты табуда, көз-қарастар әр түрлі болып келді, екіншіде нұсқау бойынша әрект етуде қарсыласу байқалады, бірақ әркім өз мінез-құлқын қажетті бағытқа бұра отырып өзгереді. Пало Алто мектебінде кесек дене бітімді Мюррей Боуэн отбасы терапиясы бойынша АҚШ-та негізін салушылардың бірі. ХХғасырдың 60 жылдарының ортасында отбасы психотерапиясының әдісін, оның төрт ұстанымын құрасытырды:

1. Қатынасты анықтау және түсіндіру:

2.«Үшбұрышқа қатыстырмау» (Боуэн ұсынысы бойынша психотерапевт қақтығысқа эмоционалды қатыспау, назарын тек қатынас процесіне аудару;

3. Ерлі-зайыптылардың мәнді эмоциоаналды қарым-қатынасты меңгеруі;

4. «Мен-көз-қарасы» сабағы.


Психоаналитикалық отбасы терапия.

Психоаналитикалық отбасы терапиясының мақсаты - қатысушылардың өткен қатынастағы саналы түсінбеуі емес, бүгінгі шындық негізінде бүтін сау тұлға деңгейінде өзара әрекетке түсу жағдайы, жеке басының өзгеруі болып табылады. Психоаналитикалық бағыттағы терапевтер басқалаларға қарағанда олар да директивке жақын. Осы терапевтік бағытта қолданылатын техникалар төмендегідей:клнфрантация, интерпретация және тәжірибені қайта өңдеу, коммуникативті қабілетті көтеруге техникалар, «еркін ассоциация» техникасы. Психоаналитиктердің сұрақтарды бос талдағанды тез тоқтатып, тыңдау мен бақылауға ықылас қояды.



Отбасы жүйелі терапиясы

Бұл бағыттың көрнекі қайраткерлері-Мара Сельвини-Палацциоли, Клу Маданес, Сальвадор Минухин және басқалар болды.Қазіргі таңда жүйелі деген бағыт кең қолданыста келешегі, экономикалық мақсаттылығы және отбасы терапиясындағы мәнді терапевтік бағыт Жалпы теориялық деңгейде бағыттың дамуына көп еңбегі сіңген Ильи Пригожин болды.

Отбасы бұл бағытта бүтін жүйе деңгейінде қарастырылып, эволюциялық қалыптасқан байланысты сақтауға арналады.Отбасы барлық даму кезеңдерінде заңды дағдарыстан (некеге отыру,отбасынан бөлініп шығу, жүктілік, баланың өмірге келуі, баланың бала-бақша, мектеп мекемесіне баруы, мектеп бітіріп, өмірге өз таңдуын жасауы, ата-анасынан бөлініп шығуы, ата-анасының зейнеткерлікке шығуы) өтеді. Отбасы осындай кезеңдерде жаңа мәселелерді бұрынғыдай шеше алмайтын қабілет көрсетіп, бейімделу әрекетін күрделендіру қажеттігін түсінеді. Жүйелі отбасы психотерапиясының негізгі қадамдары төмендегідей көрінеді:

1.Психотерапевтің отбасымен бірігуі, отбасы құрылымында ұсынылған ролге қосылу.

2.Психотерапевтік тапсырысты құрастыру.

3.Отбаылық қатынасты қайта құру.

4. Психотерапияны қорытындылау және бөліну.

Мара Сельвини –Палаццоли жұмысқа мынадай ұстаным енгізді, терапевт құрамы отбасымен жұмыс жүргізіп жатқанда, келесі тобы бір жақты –мөлдір әйнектен олардың әрекетін бақылап отыруы қажеттігін түсіндірді. Отбасының барлығы бірлі жарым жағдайда ғана кездесуге түгелдей қатысуы кездесетінін айта кетіп, айына бір мәрте кездесуге келісу және барлығы көп дегенде он реттен аспауы қажеттігін ұсынды.Оның әдістері қысқа әрі тұтқиылдан болды, ол әдістерді күтпеген жағдайларды өзгертуге шешуші қимыл болып табылатын тұстарды көре білді.Кездейсоқ тапсырмалар ( басқаша айтқанда өзгермеушілік белгілер) өте тыңғылықты отбасындағы қалыптасқан қиялы және тоқталған ережелерді қарама-қайшы деңгейі ескеріліп, отбасы мүшелерінің бәрі қатысуына қажетті қимылдар қарастырылады.



Отбасы стратегиялық психотерапиясы.

Отбасы терапиясында бұл бағытты «мәселені шешуші», «қысқа» негізі мәселе шешу әдістері деп аталады.Бұл бағыттағы танымал тұлғалар –Джей Хейли, Карл Уитекер, Клу Маданес. Психотерапевтер кездесу кезінде отбасы мүшелерінің жеке бас даму ерекшеліктеріне көңіл бөлмейді. Ықпалдың ерекше сипаты отбасына онша қызықпай, тек жағдай белгісіне назар аударуды жөн көреді.Бұл бағыт 1970 жылдары кең қолданысқа түсті. Басты идеялардың көбін М.Эриксон тәжірибесіндегі әдістерден алып қарастырды.Оның тәжірибесіндегі екі ықпалдың сипаты: қолданылған қосымша әдістердің әсері және кленттің ұсынғандарының бәрін қабылдау болып табылады.Стратегиялық ықпалдың мазмұны отбасында маңызды өзгеріс, оның бұзылу себебін анықтау емес, мәселені шешудің жолдарын қарастыру деп түсіндіреді. Стратегиялық терапевтер мәселеге тұрақтылық беретін факторларды зерттей отырып, отбасында қалыптасқан өзарақимылды қолдау арқылы, мәселеге негізделген мінез-құлықтан қосымша күшті табуды қарастырады.Стратегиялық терапевтердің көбі қалыпты отбасы қызметі,- деп жағдайға байланысты белгілерден қаша білетін және талаптарға сәйкес өзгере алатын қызметті атайды.



жүктеу 1,74 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау