Филология ғылымдарының докторы А. Р. Бейсенбаев филология ғылымдарының кандидаты, доцент А. Ф. Зейнулина педагогика ғылымдарының кандидаты, доцент А. Ш


ЖЕКЕ КЄСІПОРЫННЫЊ ЖАРЃЫСЫНЫЊ ‡ЛГІСІ



жүктеу 369 Kb.
бет3/3
Дата23.11.2018
өлшемі369 Kb.
#23475
1   2   3

ЖЕКЕ КЄСІПОРЫННЫЊ ЖАРЃЫСЫНЫЊ ‡ЛГІСІ




Кәсіпорынның иесі _______________________________________

Кәсіпорынның атауы______________________________________

Заңды адресі_____________________________________


Павлодар қ. 200- жылғы ---------- ---

1. Жалпы ережелер:

1.1. «______» жеке кєсіпорыныныњ /бұдан былай кєсіпорын/ құрылтайшысы ҚР азаматы______________, кєсіпорын оның жеке меншік құқығында, кұрылтайшы кєсіпорынның міндеттемелелеріне өзінің құрылтай капиталына қосқан салымының шегінде жауап береді;

1.2. Кєсіпорын өзінің қызметінде ҚР заңдарын басшылыққа алып әрекет етеді;

1.3. Кєсіпорын мемлекеттік тіркеуден өткен күннен заңды тұлға құқығын алады;

1.4. Кєсіпорын толық шаруашылық есебінде жұмыс істейді, оныњ жеке балансы, банкіде есеп және басқа шоттары, өзінің атауы бар мөрі, бланкілері болды;

1.5. Кєсіпорын өз әрекеттері үшін, өзіне алған міндеттері үшін, бюджеттік міндеттеріне, банкілердің, әріптестерінің, еңбек ұжымының алдында заңдарға сәйкес жауап береді;

1.6. Мемлекет кєсіпорынның міндеттері бойынша, кәсіпорын мемлекеттің міндеттеріне жауап бермейді;

2. Кєсіпорынның қызметінің мақсаты мен нысаны. Кєсіпорынның құқықтары:

2.1. Кєсіпорын тұрғындардың және халық шаруашылығының тауарға, қызметке деген сұранысын өтеу үшін, тұрғындардың қоғамдың пайдалы еңбекпен айналысуын қамтамасыз ету үшін және кєсіпорын жұмыскерлерінің тұрмыс деңгейін көтеру маќсатында құрылды;



    1. Кєсіпорын ќ±ќылы:

- өз қызметін өзі жоспарлауға;

- µзініњ филиалын және тағы басқа құрылымдық бөлімшелерін, заңға сәйкес ережелерін, жарғыларын бекітуге;

- ұзақ және қысқа мерзімдік кредиттер алуға;

- бағалы қағаздар шығаруға;

- сауда орындарын ашуға;

- өз өнімдерін, жұмысын, қызметін сатуға;



  1. Басқару және бақылау органдары, олардың міндеттері:

3.1. Кєсіпорынныњ жұмысына басшылықты директор жасайды. Директорды құрылтайшы тағайындайды және қызметінен ала алады. Құрылтайшы мен директордың арасында келісім жасалады. Келісімде директордың құқықтары мен міндеттері, келісімніњ мерзімі көрсетіледі;

3.2. Кєсіпорын директоры сенімхатсыз кєсіпорынныњ атынан жұмыс істей алады, µзініњ ж±мысында кєсіпорынның мүддесін қорғайды, кєсіпорынның мүлкін пайдаланады, келісімдер жасайды, сенімхат береді, банкілерде есепшот ашады, штатты бекітеді, бұйрық шығарады, Кєсіпорынның жұмыскерлерінің бәріне қатысты нұсқау береді;

3.3. Кєсіпорынның қызметіне бақылауды Құрылтайшы жасайды;

4. Пайданы бµлу және қор құру:

4.1. Кєсіпорынның мүлкі Құрылтайшының салымдары есебінен, шығарылған өнімдердіњ, жұмысты, қызметті, бағалы қағаздарды сатудан, банкіден алынған кредиттен тағы басқа заңды түсімдер есебінен алынады. Құрылтайшы __________ теңге көлемінде құрылтай капиталын құрайды;

4.2. Материалдық және оған теңестірілген шығындардан, соның ішінде еңбекке, банкілер мен бюджетке тµленген төлемдерден қалған пайда мына қорларға бөлінеді:

- өндірістік даму;

- әлеуметтік даму;

- резервтік;

- басқа ќорлар;

4.3. Кєсіпорын ақшалай қаржысын банкілердің есептік және басқа шоттарында сақтайды, кассалық және есептік операцияларды заңдарда белгіленген тєртіпке сәйкес жүргізеді;



5. Кєсіпорын жұмыскерлеріне кепілдеме:

5.1. Кєсіпорынның еңбек ұжымын оның ж±мысын еңбек келісімі бойынша атқаратын барлық азаматтар құрайды;

5.2. Кєсіпорын жұмыскерлерді заңмен белгіленген көлемдегі минималды еңбекақымен қамтамасыз етеді, жұмыскерлердің денсаулығы мен еңбеке жарамдылығына келтірген нұсқан үшін заңдарда белгіленген тәртіппен жауап береді;

6. Кєсіпорынды қайта құру мен жоюдың шарттары:

6.1. Кєсіпорынның қызметін тоқтатуы оны жою немесе қайта құру (қосу, бµлу т.б.) түрінде жүзеге асырылуы мүмкін;

6.2. Кєсіпорынды қайта құру мен жою:

- меншік иесінің еңбек ұжымымен келісімі бойынша;

- сот шешімі бойынша жасалады;

6.3. Кєсіпорын мынандай жағдайларда жойылады:

- банкрот болып танылғанда;

- сот құрылтай құжаттарын және кєсіпорынды құру туралы басќа шешімдерді жарамсыз деп таныѓанда;

- заңмен қарастырылған басқа негіздемелерге байланысты;

6.4. Кєсіпорын қайта құрылғанда немесе жойылғанда жұмыстан босатылатын жұмыскерлерге олардың құқықтары мен мүдделері заңға сәйкес сақталатынына кепілдік береді;


3.28-қосымша

БАСЌАРУ ОРГАНЫНЫЊ Ќ¦РЫЛЫМДАЌ Б¤ЛІМШЕСІ ТУРАЛЫ ЕРЕЖЕНІЊ ‡ЛГІСІ

Е Р Е Ж Е





  1. Жалпы бөлім

1.1. Әкімшіліктің жалпы бөлімі әкімнің, оның орынбасарларының, бөлімдер мен басқармалардың ұйымдық-техникалық қажеттілік-термен жедел түрде қамтамасыз етілуі үшін, басқару құжаттарын жүргізу мақсатында құрылды;

1.2. Жалпы бөлімді бөлім меңгерушісі басқарады. Бөлім меңгерушісін әкім сайлайды және орнынан ала алады. Жалпы бөлім өз қызметінде ҚР Конституциясын, ҚР Заңдарын, ҚР Президентінің нұсқаулары мен µкімдерін басшылыққа алады;

1.3. Жалпы бөлімде ҚР гербінің кескіні мен өз атауы жазылған мөр, сонымен бірге бөлімнің құрылымдық бөлімшелерінің атауы жазылған мөрлер болады;


  1. Негізгі функциялары, құқықтары:

2.1. Жалпы бөлімнің негізгі қызметі:

- әкімшілікте іс жүргізуді ұйымдастыру;

- құрылдық бөлімдердегі іс жүргізуге әдістемелік басшылық жасауды жүзеге асыру;

- құжаттарды тіркеу, оларды орындаушыларға жіберу, олардыњ орындалған мерзімін есепке алу;

- мәжілістердің хаттамаларын, стенограммаларын жүргізу;

- әкімшіліктің бөлімдерін баспасөз материалдарымен қамтамасыз ету;

- әкімшілікке түсетін құжаттардың барлық түрлерін есепке алу жұмысын ұйымдастыру, олардың орындалу мерзімін бақылау, «Құпия», «Аса құпия» грифтері бар құжаттар сақталатын сейфтердің, шкафтардың, арнаулы сақтау орындарының, мөр, мөртабандардың барлық түрлерінің есебін жүргізу;

- азаматтардың хаттарының орындалу мерзімін есепке алу;

- азаматтарды жеке сұрақтары бойынша қабылдау ісін ұйымдастыру, ауызша айтылған өтініштерін есепке алу және бақылау жүргізу;

- құжаттар жиынтығын мемлекеттік мұрағатқа бекітілген ережелерге сәйкес өткізуге дайындау;

- құжаттардың типтік бланкілерін, түрлерін жасау, бланкілердің дұрыс ресімделуін бақылау;

- құжаттар мен азаматтардың өтініштері бойынша аналитикалық жұмыс жүргізу;

- жалпы бөлімнің меңгерушісінің бір орынбасары болады.Ол – бірінші бөлімнің бастығы. Оны жұмысқа алатын және босататын әкім. Бөлімнің басқа жұмыскерлерін жұмысқа алатын және жұмыстан босататын - жалпы бөлімнің меңгерушісі;
Жалпы бөлімнің меңгерушісі: қолы /тегі/

ІС ЖҮРГІЗУ САЛАСЫНДА ҚОЛДАНЫЛАТЫН СӨЗДЕР МЕН СӨЗ ТІРКЕСТЕРІНІҢ ТҮСІНДІРМЕЛІ СӨЗДІГІ


Азаматтық қал актілері – мемлекеттің арнайы органдарының туу, өлу, неке құру, ажырасу т.б. фактілері туралы жазбасы.
Әкімшілік – мекеменің, ұйымның, кәсіпорынның басқарушы органы.
Әріптес –бірге жұмыс істейтін немесе мамандығы бір адамдар.
Баған – қағаз бетіне екі вертикаль сызықпен белгіленген жол.
Бастық – мекемені, бөлімді басқарушы тұлға.
Бланк - негізінен А4 немесе А5 форматты, құжатты құрастырушы заңды тұлғаның атауы алдын-ала жазылған қағаздың таза беті.
Деректер – белгілі бір шешімге, қортындыға қажетті мәліметтер.
Директор – кәсіпорынның, мекеменің немесе оқу орнының басшысы.
Еңбек ұжымы – ортақ жұмыспен, ортақ мақсатпен біріккен адамдар тобы.
Еңбек сіңірген жылдары – қосымша жеңілдіктерді пайдалану құқығын беретін, белгілі бір жағдайда, белгілі бір лауазымда атқарған еңбек әрекетінің кезеңі.
Жалпы бланкі – мекеменің өз ішінде қозғалатын құжаттарға арналған бланкі.
Жеделхат – телеграф арқылы берілген хабар және осындай хабар жазылған бланкілер.
Жеке тұлға – азаматтық құқықтар мен міндеттерге ие тұлға.
Жеңілдік – жеке немесе заңды тұлғалардың заңмен белгіленген жалпыға ортақ ережелерді сақтаудан, қандай да бір міндеттерді орындаудан толық немесе жартылай босатылуы.

Жөнелтпе құжат – басқа жаққа жөнелтілген жүкке, беріп жіберілетін тауарға қоса берілетін құжат.

Жөнелтуші – ақпаратты немесе құжатты басқа орынға жіберуші тұлға.
Заңды тұлға – азаматтық құқықтар мен міндеттерге ие тұлға.
Келісімді ақы – атқарылған жұмыстың санына немесе көлеміне қарай төленетін ақы.
Кеңсе – кәсіпорынның әкімшілік-кеңселік бөлімдерінің жалпы атауы немесе жеке бөлімдерінің, сондай-ақ осындай бөлімдер мен мекемелердің орналасқан жері.
Кепілділік – жеке немесе заңды тұлғаның өзіне жауапкершілік алуы.

Күн тәртібі – алқалық органның мәжілісінде талқыланатын сұрақтар тізбесі.


Куәландыру – лауазым иесінің құжаттың дұрыстығын мөрмен және қолымен растауы.
Кіріс нөмірі – мекемеге түскен құжатқа берілетін рет саны.
Құжат айналымы – 1. Құжаттардың мекемеге түскеннен немесе онда құрастырылған уақытынан орындалғанына немесе басқа жаққа жіберілгеніне дейінгі қозғалысы. 2. Мекеменің белгілі бір уақыт мерзіміндегі түскен, мекемеде құрастырылған және мекемеден шыққан құжаттарының жалпы саны.
Құрылтай құжаттары – жарғы, филиал туралы ереже, құрылтай келісімі сияқты ұйымдастыру құжаттарының жалпы атауы.
Лауазымдық нұсқаулар – кәсіпорынның қызметкерлерінің міндеттері мен құқықтары жазылған құжат.
Мәжіліс – қандай да бір ұйымның, ұжымның қандай да бір мәселелерді талқылау мақсатында жиналуы.
Меңгеру – мекемені, кәсіпорынды немесе бір бөлімді басқару.
Нотариус – түрлі заң актілерін, құжаттарды ресімдеуге, куәландыруға өкілетті лауазым иесі.
Нұсқау – белгілі бір істің жүзеге асырылуының жолы мен тәртібін белгілейтін ережелер жиынтығы.
Орган – мемлекеттік немесе қоғамдық мекеме, ұйым.
Серіктестік – тең құқылы қатысушылардан тұратын өндірістік, сауда т.б. ұйымы.
Сөгіс – ұйымның, кәсіпорынның немесе мекеменің әкімшілігінің жұмыскерге еңбек тәртібін бұзғаны үшін қолданатын жазасы.
Тәжірибе – іс жүзінде алынған білімнің, дағдылардың жиынтығы.
Тұжырымдама – құжаттағы негізгі ой.
Төраға – мәжілістің, жиналыстың, ұйымның немесе алқалық мекеменің басқарушысы.
Факс- арнайы ақпараттың (телефакстің) көмегімен телефон каналдары арқылы жіберілген құжаттың көшірмесі.
Шағым – жеке немесе заңды тұлғалардың мемлекеттік немесе қоғамдық орындарға заңмен қорғалатын құқықтарының бұзылғаны туралы ауызша немесе жазбаша жасайтын өтінімдері.
Штат – мекеменің тұрақты қызметкерлер құрамы.
Іс жүргізуші – мекемедегі, ұйымдағы, кәсіпорындардағы құжатты құрастыру, жіктеу, тіркеу ісімен, құжаттардың қозғалысы мен сақталуымен және оларды есепке алу ісімен айналысатын лауазым иесі.

Әдебиеттер

1. Алдашева А., Ахметжанова З., Қадашева Қ., Сүлейменова Э.

Ресми іс қағаздары. – Астана, 2000.-216 бет

2. ГОСТ 2.105-95 «ЕСКД. Общие требования к текстовым документам»

3. Делопроизводство в Республике Казахстан. /Составители: Скала В.И., Скала Б.В., Скала Н.В.-Алматы: «LEM», 2001. с.216.

4. Екі тілде іс жүргізу: Сөздік-анықтамалық.-Алматы: Атамұра

Қазақстан, 1994.-224 бет

5. Кирсанов М.В., Аксенов Ю.М. Курс делопроизводства: Документационное обеспечение управления: Учебн. пособие.-5-е изд., испр. и доп.- М.:ИНФРА-М; Новосибирск: Сибирское соглашение, 2003. 320 с.- (Серия «Высшее образование»)

6. Қазақстан Республикасындағы тіл саясаты:Құжаттар жинағы. -Астана: -Елорда,1999.-216 бет

7. Қазақша-орысша, орысша-қазақша терминологиялық сөздік: Іс жүргізу мен мұрағат ісі/жалпы редакциясын басқарған пед. ғ.д., профессорА.Қ. Құсайынов-Алматы: Республикалық мемлекеттік «Рауан» баспасы, 2000-265 бет.

8. Облыс әкімінің аппаратында қолданылатын нұсқаулық-әдістемелік құжаттар. Павлодар.-1999

Мазмұны
Алғы сөз 3


  1. Мемлекеттік тілде құжат дайындаудың маңызы

және ерекшеліктері

    1. Қазақстан Республикасындағы тіл туралы

Қазақстан Республикасының негізгі заң актілері.

Мемлекеттік тілде іс жүргізудің маңызы 5



    1. Жазылатын және басу құралдарымен дайындалатын

құжаттарға қойылатын талаптар 9

1.3 Құжаттарды ресімдеудің ережелері 13

2 Құжаттардың түрлері және оларды жіктеу

2.1 Құжат түрлері 22

2.2 Жеке адамдардың құжаттары 24

3 Ұйымдастыру-реттеу құжаттары

3.1 Жеке құрамның құжаттары 26

3.2 Анықтамалық-ақпараттық құжаттар 30

3.3 Қызметтік хаттар 32

3.4 Реттеу құжаттары 35

3.5 Ұйымдастыру құжаттары 36

Қосымшалар 39

Іс жүргізу саласында қолданылатын сөздер мен сөз

тіркестерінің түсіндірмелі сөздігі 61



Әдебиеттер 64
жүктеу 369 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау