Əдебиеттер:
1. Қ.Жұбанов. Қазақ тілі жөніндегі зерттеулер. Алматы, 1999.
2. С.Аманжолов. Қазақ əдеби тілі синтаксисінің қысқаша курсы.Алматы,1994
3. М.Балақаев.Т.Қордабаев. Қазіргі қазақ тілі (синтаксис).Алматы, 1971.
4. М.Балақаев.Қазіргі қазақ тілі (синтаксис).Алматы, 1992.
5. М.Балақаев.Т.Сайрамбаев. Қазіргі қазақ тілі. Алматы, 2004.
6. Р.Əміров. Жай сөйлем синтаксисі. Алматы, 1983.
7. Р.Əміров.Г.Əмірова. Жай сөйлем синтаксисі. Алматы, 1997.
8. Т.Сайрамбаев. Сөз тіркесі мен жай сөйлем синтаксисі. Алматы, 1992.
9. Т.Сайрамбаев. Қазіргі қазақ тіліндегі күрделі сөз тіркестері. Алматы, 1981.
10. М.Серғалиев.А.Айғабылов.О.Күлкенова. Қазіргі қазақ əдеби тілі.А.,1991.
11.Ə.Аблақов.С.Исаев.Е.Ағманов. Қазақ тіліндегі
сөз тіркесінің дамуы мен
лексикалану процесі. Алматы, 1997.
12.К.Аханов. Грамматика теориясының негіздері. Алматы, 1972.
13.Қазақ тілінің грамматикасы, 2-бөлім. Алматы, 1967.
14.Қазақ грамматикасы. Астана, 2002.
ОСӨЖ:
Қ.Жұбанов – синтаксис туралы біраз еңбек еткен ғалым. Автор «Из
проядка слов в казакском предложении», «О построении речи в казахском
языке», «О формах сочетаний слов в казахском языке»
еңбектері арқылы
едəуір еңбек сіңірді. Сондай-ақ, С.Аманжолов 1932 жылдардан бастап елеулі
еңбек етті деуге болады. Автор ең алдымен мектеп грамматикасын (1939),
онан кейін жоғарғы оқу орындарына «Қазақ тілі ғылыми синтаксисінің
қысқаша курсын» (1940) жазды. Автор сөз тіркесі
мен сөйлем синтаксисі
туралы сөз қозғады. Академик Н.Сауранбаев жай сөйлем туралы ойлармен
бірге
құрмалас сөйлемдерге тоқталса, С.Жиенбаевтың құрмалас сөйлем,
тыныс белгілері туралы ойлары əлі күнге дейін құнын жоймағанын білеміз.
Профессор М.Балақаев зерттеулерінің алатын орны ерекше. Автор 1949
жылы
мектеп грамматикасы, 1954 жылы академиялық грамматикада сөз
тіркесі мен жай сөйлем синтаксисі жайлы жүйелі түрде жазып кетті. Ол бүкіл
түркологияның сөз тіркесі синтаксисінің негізін қалады.
Ш.Сарыбаевтың библиографиялық көрсеткішінің 6-томы жарық көрді.
Бұл
еңбекте
тілші-ғалымдар
Т.Шонанов,
М.Жұмабаев,
Т.Ахметов,
Ж.Барқыұлы,
Н.Төреқұлов,
К.Төлебаев,
Н.Залиұлы,
К.Əлімұлы,
Қ.Кемеңгеров есімдері орын алған. Ғалымдар еңбектерінің
қазақ тіл білімі
үшін белгісіз жылдар мерзімін нақты толықтыратын жəне қазіргі
зерттеулерімізге басшылық болатыны айдан анық.
Аталған ғалымдардың
ішінде синтаксис, оның теориясы туралы Е.Омаров қолтаңбасы анық. Əзірше
ғалымның 1935 жылғы «Сөйлемдегі сөздің орын тəртібі», «Есімдіктерге
қатысты приставка» деген екі мақаласы ғана белгілі болып отыр. Бұл сияқты
еңбектер əлі де жарық көретін болса, біздің ғылымымызға қосылған үлкен
үлес болар еді.
Достарыңызбен бөлісу: