ПОӘК 042-14-5-05.20.20/03-2011
|
№ 1 басылым
|
29 беттің -шісі
|
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
ШӘКӘРІМ АТЫНДАҒЫ СЕМЕЙ МЕМЛЕКЕТТІК УНИВЕРСИТЕТІ
|
3-деңгейлі СМЖ
құжаты
|
ПОӘК
|
ПОӘК 042-05-14-5-05.10/03-2012
|
«Қазақ диалектологиясының өзекті мәселелері»
пәніне арналған оқу-әдістемелік материалдар
|
№1 басылым
|
5 В 020500 – «Филология: қазақ тілі» мамандығына арналған
«Қазақ диалектологиясының өзекті мәселелері» пәнінің
ОҚУ- ӘДІСТЕМЕЛІК КЕШЕНІ
ОҚУ-ӘДІСТЕМЕЛІК МАТЕРИАЛДАР
СЕМЕЙ
2013
Мазмұны
1. Глоссарий...............................................................................................................
2. Дәрістер..................................................................................................................
3. Практикалық сабақтар..........................................................................................
4. Курс жұмысы және дипломдық жоба..................................................................
5. Студенттердің өздік жұмысы............................................................................
1 ГЛОССАРИЙ
1 Диалектология- тіл білімінің диалектілер мен говорларды зерттейтін саласы.
2 Диалект- жалпыхалықтық сипат алмаған, белгілі бір жерде ғана қолданылатын
ерекшеліктердің жиынтығы.
3 Говор- жергілікті диалектілердің шағын аймақты қамтитын бөлігі.
4 Наречие- говорлар жиынтығы.
5 Вульгаризм- тұрпайы сөздер.
6 Тума элементтер- қазақ тілі мен оның говорларына тән сөздер.
7 Кірме элементтер- қазақ говорына басқа тілдерден енген сөздер.
8 Сөйленіс- говор сөз (айтылым).
9 Жаргон, арго- шағын ғана әлеуметтік топтарға қызмет ететін, бұрмаланған сөздер.
10 Метатеза- сөз ішінде қатар тұрған дыбыс не буынның өзара алмасу құбылысы.
11 Сипаттама диалектология- тілдегі диалектілер мен сөйленістердің дыбыстық, грамматикалық, лексикалық құрылысын сипаттау, сол жайында түсінік беру.
12 Тарихи диалектология- тілдегі диалектілер мен сөйленістердің диалектілік
ерекшеліктердің пайда болу сырын, тарихын зерттеу.
13 Сәйкессіз диалектілік ерекшеліктер- мағына жағынан сәйкес келетін баламасы, яғни қарама- қарсы құбылыстары болмайды.
2 ДӘРІСТЕР
1-Дәріс. Диалектология – тіл туралы ғылымның дербес саласы
Сабақ мазмұны:
Курстың мақсаты мен міндеттері.
Қалыптасу тарихы.
Ғылымның өзге салаларымен байланысы.
Тіл білімінің диалектілер мен сөйленістерді зерттейтін саласы диалектология деп аталады. Диалект деген термин тілде жалпыхалықтық сипат алмаған, белгілі бір жерде ғана қолданылатын ерекшеліктердің жиынтығын білдіреді. Сөйленіс - жергілікті диалектілердің шағын аймақты қамтитын бөлігі. Жергілікті ерекше-ліктер 3 топқа бөлінеді:
1. Фонетикалық ерекшеліктер. Бұл ерекшеліктер кейбір дыбыстардың өзара алмасуымен, сөздердің жуан-жіңішке айтылуы-мен немесе кейбір дыбыстардың түсіріліп не қосылып айтылуы-мен байланысты. Мысалы: пысқан – піскен, үрмет – құрмет.
2. Грамматикалық ерекшеліктер сөздердің тұлғаларымен, олардың түрленуімен немесе сөздердің тіркесімдік ерекшелікте-рімен байланысты. Мысалы: жатырған – жатқан, барғын – бар.
3. Лексикалық ерекшеліктер бір нәрсенің атауы не оның сын-сапа, қимылының әр жерде әр түрлі аталуымен байланысты бола-ды. Мысалы: таға – нағашы, сым – шалбар, бойлай –үнемі.
Өзін-өзі бақылау сұрақтары:
Диалектологияның мақсаты мен зерттеу нысаны қандай?
Диалектология қандай ғылым салаларымен байланысты?
Жергілікті диалектілерді зерттеудің тіл тарихын зерттеуде маңызы неде?
Ұсынылатын әдебиеттер:
1 Аманжолов, С. Вопросы диалектологии и истории казахского языка/ С. Аманжолов.- 2-е изд., доп.- Алматы: Санат, 2001.- 608 б.
2 Сарыбаев, Ш. Қазақ тiл бiлiмi мәселелерi=Вопросы казахского языкознания/ Ш. Сарыбаев.- Алматы: Арыс, 2000.- 623 б.
3 Мұхамбет-Кәрiм, Х. Диалектология мен қазақ әдеби тiл тарихы мәселелерi: оқу құралы / Х. Мұхамбет-Кәрiм.- Алматы: Қазақ ун-тi, 2001.- 290 б.
4 Русская диалектология: учебное пособие / Под ред. В.В. Колесова.- М.: Высшая школа, 1990.- 207с.
5 Қалиев, Ғ. Қазақ диалектологиясы: оқулық / Ғ. Қалиев; Ш. Сарыбаев.- 3-ші бас.- Алматы: Ана тілі, 1991.- 196 б.
2-Дәріс. Қазақ диалектологиясының зерттелуі жайында ғалымдардың көзқарастары мен кемшіліктері, қайшылықтары
Дәріс мазмұны:
1. Тілдердің диалектілік құрылымының әртүрлі болатындығы.
2. «Диалект» терминінің кең мағынада қолданудың орындығы.
3. Ауыспалы говор ұғымы.
Сөйленістің лексикалық ерекшелігі деп, жергілікті халық тілінде қолданылатын сөздерді, әдеби тілдегі мағынасы ауысып, басқа мағынада жұмсалатын сөздерді айтамыз. Олардың біразы тіліміздің байырғы белгілерінің сөйленісте сақталған ізі ретінде танылса, енді біразы көрші халықтың тілі әсерінен пайда болған.
Қазақ сөйленістерінде әдеби тілдегідей омонимдік, синонимдік, антонимдік, көп мағыналылық құбылыстар көп кездеседі. Мысалы: Баспа. Орталық-солтүстікте шөп жинайтын машинаның педалі, Түрікмен, Орынбор қазақтары тілінде баспалдақ, Жамбыл облысында есіктің ілгегі (омоним). Суағаш – иінағаш – күйенте (синоним). Дырау, нән – күйттей, шікідей (антоним).
Өзін-өзі бақылау сұрақтары:
Қазақ диалектологиясының зерттелуіне қандай ғалымдар үлес қосты?
Қандай ғалымдардың көзқарастары мен кемшіліктерін білесіз?
Ұсынылатын әдебиеттер:
1 Аманжолов, С. Вопросы диалектологии и истории казахского языка/ С. Аманжолов.- 2-е изд., доп.- Алматы: Санат, 2001.- 608 б.
2 Сарыбаев, Ш. Қазақ тiл бiлiмi мәселелерi=Вопросы казахского языкознания/ Ш. Сарыбаев.- Алматы: Арыс, 2000.- 623 б.
3 Мұхамбет-Кәрiм, Х. Диалектология мен қазақ әдеби тiл тарихы мәселелерi: оқу құралы / Х. Мұхамбет-Кәрiм.- Алматы: Қазақ ун-тi, 2001.- 290 б.
4 Русская диалектология: учебное пособие / Под ред. В.В. Колесова.- М.: Высшая школа, 1990.- 207с.
5 Қалиев, Ғ. Қазақ диалектологиясы: оқулық / Ғ. Қалиев; Ш. Сарыбаев.- 3-ші бас.- Алматы: Ана тілі, 1991.- 196 б.
3-Дәріс. Тілдердің диалектілік құрылымының әртүрлі болатындығы
Дәріс мазмұны:
1.«Диалект» терминін кең мағынада қолданудың орындығы.
2. Ауыспалы говор ұғымы.
Көрші халықтың тілі арқылы енген сөздер, әсіресе, Қазақстанның шет аймақтарында кездеседі. Олар: орыс тілінен, түркі тілдерінен, араб-иран тілдерінен, монғол тілінен енген сөздер.
Орыс тілінен енген сөздер Қазақстанның оңтүстік өңірімен салыстырғанда батыс, әсіресе, орталық, шығыс облыстарды мекен еткен қазақтар тілінде мол екенін аңғаруға болады. Мысалы: лесін - баспалдақ, шолан – ас үй, бедре –шелек, әгүршік –қияр. Араб-иран тілдерінен енген сөздер оңтүстік облыстарда жиі кездеседі. Мысалы: кәлла – бас, азанда – таңертең, бәдірең –қияр. Ж. Болатов Баян-Өлгий сөйленісіне монғол тілінен енген мынадай сөз-дерді көрсетеді: бақчы –ұстаз, домбы –шәйнек, тойпы –кірпіш.
Түркі тілдерінен енген сөздер туыстас түркі халықтарымен шектес сөйленістерде кездеседі. Маңғыстау сөйленісінде қарақалпақ, түрікмен тілінен енген сөздер мол. Мысалы: ашар –кілт, жалатай –жылпос. Орал облысында татар, ноғай тілдерінен енген сөздер мол. Мысалы: аданас –туысқан, бәрәңгі – картоп.
Өзін-өзі бақылау сұрақтары:
1. Жергілікті диалектілерді зерттеудің маңызы;
2. Әлеуметтік сипаты бар диалектілер;
3. Жергілікті диалектілерден әлеуметтік диалектілердің айырмашылығы;
Ұсынылатын әдебиеттер:
1 Аманжолов, С. Вопросы диалектологии и истории казахского языка/ С. Аманжолов.- 2-е изд., доп.- Алматы: Санат, 2001.- 608 б.
2 Сарыбаев, Ш. Қазақ тiл бiлiмi мәселелерi=Вопросы казахского языкознания/ Ш. Сарыбаев.- Алматы: Арыс, 2000.- 623 б.
3 Мұхамбет-Кәрiм, Х. Диалектология мен қазақ әдеби тiл тарихы мәселелерi: оқу құралы / Х. Мұхамбет-Кәрiм.- Алматы: Қазақ ун-тi, 2001.- 290 б.
4 Русская диалектология: учебное пособие / Под ред. В.В. Колесова.- М.: Высшая школа, 1990.- 207с.
5 Қалиев, Ғ. Қазақ диалектологиясы: оқулық / Ғ. Қалиев; Ш. Сарыбаев.- 3-ші бас.- Алматы: Ана тілі, 1991.- 196 б.
4-Дәріс. Ұлттық тіл және диалектілер.
Дәріс мазмұны:
1. Әлеуметтік және жергілікті диалектілердің ұқсастығы мен айырмасы. 2.Тайпалық және территориялық диалектілердің пайда болу, қалыптасу, даму, жойылу заңдылықтары.
Сөйленістің лексикалық ерекшелігі деп, жергілікті халық тілінде қолданылатын сөздерді, әдеби тілдегі мағынасы ауысып, басқа мағынада жұмсалатын сөздерді айтамыз. Олардың біразы тіліміздің байырғы белгілерінің сөйленісте сақталған ізі ретінде танылса, енді біразы көрші халықтың тілі әсерінен пайда болған.
Қазақ сөйленістерінде әдеби тілдегідей омонимдік, синонимдік, антонимдік, көп мағыналылық құбылыстар көп кездеседі. Мысалы: Баспа. Орталық-солтүстікте шөп жинайтын машинаның педалі, Түрікмен, Орынбор қазақтары тілінде баспалдақ, Жамбыл облысында есіктің ілгегі (омоним). Суағаш – иінағаш – күйенте (синоним). Дырау, нән – күйттей, шікідей (антоним).
Түркі тілдерінен енген сөздер туыстас түркі халықтарымен шектес сөйленістерде кездеседі. Маңғыстау сөйленісінде қарақалпақ, түрікмен тілінен енген сөздер мол. Мысалы: ашар –кілт, жалатай –жылпос. Орал облысында татар, ноғай тілдерінен енген сөздер мол. Мысалы: аданас –туысқан, бәрәңгі – картоп.
Өзін-өзі бақылау сұрақтары:
1. Әлеуметтік және жергілікті диалектілердің ұқсастығы мен айырмасы туралы айтыңыз.
2. Сөйленістің лексикалық ерекшелігі деп нені айтамыз?
Ұсынылатын әдебиеттер:
1 Аманжолов, С. Вопросы диалектологии и истории казахского языка/ С. Аманжолов.- 2-е изд., доп.- Алматы: Санат, 2001.- 608 б.
2 Сарыбаев, Ш. Қазақ тiл бiлiмi мәселелерi=Вопросы казахского языкознания/ Ш. Сарыбаев.- Алматы: Арыс, 2000.- 623 б.
3 Мұхамбет-Кәрiм, Х. Диалектология мен қазақ әдеби тiл тарихы мәселелерi: оқу құралы / Х. Мұхамбет-Кәрiм.- Алматы: Қазақ ун-тi, 2001.- 290 б.
4 Русская диалектология: учебное пособие / Под ред. В.В. Колесова.- М.: Высшая школа, 1990.- 207с.
5 Қалиев, Ғ. Қазақ диалектологиясы: оқулық / Ғ. Қалиев; Ш. Сарыбаев.- 3-ші бас.- Алматы: Ана тілі, 1991.- 196 б.
5-Дәріс. Әдеби тіл мен диалектілердің арақатынасы.
Дәріс мазмұны:
1. Диалектілік ерекшеліктердің әдеби тілді байытудың бір арнасы екендігі. 2.Әдеби варианты анықталған диалектілік дублеттердің әдеби тілді шұбарлайтындығы.
Тіл дамуының қазіргі сатысында ұлт тілінің жоғары және төменгі формалары бар. Жоғары формасы- қалыптасқан не қалыптасып
келе жатқан әдеби тіл де, төменгі формасы- халық тіліндегі диалектілер мен говорлар. Дүниедегі тілдердің бәрінде де бірінде аз,
бірінде көп мөлшерде диалектілік ерекшеліктер әлі де сақталып келеді. Тіл дамуы осындай кезеңде тұрғанда, диалектілік құрылыстағы өзгерістерді есепке алмай, әдеби тілдің даму, қалыптасу мәселелерін жан-жақты шешу мүмкін емес. Әдеби тіл мен диалектілердің қарым – қатынасы жайында сөз болғанда, негізінен, екі мәселе ескеріледі. Бірінші, әдеби тіл мен диалектілердің бір-біріне тигізетін әсері, әдеби тіл де диалектизмдерді пайдалану жайы;
Бұл мәселелерге тоқтамас бұрын алдын ала бір ескерілетін нәрсе – осылардың қай-қайсысы да қазақ тіл білім інде толық бірыңғай пікірге келіп, ғылыми негізде түбегейлі шешілген мәселелер емес. Бірсыпыра уақыттан бері айтылып, әлі де піків таласы аясынан аса алмай жүр.
Жергілікті халық тілінің байлығын пайдалануда бізде осы күнге дейін әр түрлі түсініліп жүрген жайлар жоқ емес. Кейбір көркем сөз шеберлері, аудармашылар тіл байыту дегенді бір жақты түсініп, кейде жалпы халықтық баламалары бола тұрса да, жергілікті сөздер мен грамматикалық тұлғаларды жиі қолданады. Мәселен, бүкіл халық қолданып, әдеби тілде әбден қалыптасып кеткен келер жыл, лайық, туған, тірілту, көрпе, тебен, сияқты, сену т.б. сөздердің орнына жарын, лайқат, туылған, тіргізу, жуырқан, жуалдыз, сиыяқты, шану деген сөздерді қолданудың қажеті аз. Әдеби тіл қалыптасқан тілдік нормалардың тұрақтану, сөйлеу, жазу үстінде олардың қатаң сақталуын талап ететін ескерсек, сөз қолданудағы мұнай тұрақсыздыққа жол беруге болмайды.
Сөйлеу тілінде бардың бәрін асыл қазына көріп, талғамай, әдебиетке орынды-орынсыз енгізе беретін авторларды сынай отырып , проф. М.Балақаев былай дейді: “Рас , бұдан 20-30 жыл бұрын әдеби тіліміз қалыптасуға бет бұрғанда, қазақ халқының тіл байлығын сарқа пайдалану үшін, оның керегін әдебиет елегінен өткізіп, сұрыптап алу үшін, әркім есіткен-білгенін әдебиетке еркін ендіре берсін деп қарайтын едік. Әдеби тілдің қалыптаса бастаған кезеңдерінде, тіл жұмсаушыларға берілген ондай “еркіндіктің”, расында, көп пайдасы тиді... ” Әдеби тіліміздің тарихы дәл орыс әдеби тілінің даму, қалыптасу тарихындай болмаған мен, ол әлдеқашан “жастықтан” шықты, әдеби тіліміз кемеліне келіп шыңдалады. Оны енді қызғыштай қорғап, ыбырсық сөзден, тым-тырағайлықтан сақтау керек. Мұның өзі – тілдегі сөздерді қолдануда кейбір адамдардың әлі де болса басқаша түсінікте жүргендігінен айтылып отырған пікір.
Өзін-өзі бақылау сұрақтары:
1. Диалектілік ерекшеліктердің әдеби тілді байытудағы алатын орны.
2.Әдеби варианты анықталған диалектілік дублеттердің әдеби тілді шұбарлайтындығы туралы.
Ұсынылатын әдебиеттер:
1. Аманжолов, С. Вопросы диалектологии и истории казахского языка/ С. Аманжолов.- 2-е изд., доп.- Алматы: Санат, 2001.- 608 б.
2 Сарыбаев, Ш. Қазақ тiл бiлiмi мәселелерi=Вопросы казахского языкознания/ Ш. Сарыбаев.- Алматы: Арыс, 2000.- 623 б.
3 Мұхамбет-Кәрiм, Х. Диалектология мен қазақ әдеби тiл тарихы мәселелерi: оқу құралы / Х. Мұхамбет-Кәрiм.- Алматы: Қазақ ун-тi, 2001.- 290 б.
4 Русская диалектология: учебное пособие / Под ред. В.В. Колесова.- М.: Высшая школа, 1990.- 207с.
5 Қалиев, Ғ. Қазақ диалектологиясы: оқулық / Ғ. Қалиев; Ш. Сарыбаев.- 3-ші бас.- Алматы: Ана тілі, 1991.- 196 б.
6-Дәріс. Қазақ тілі – тұтастығын сақтаған диалектілік құрылымы әлсіз, болмашы дамыған тіл.
Дәріс мазмұны:
1. Қазақ тілі говорларының қай-қайсысының да ұлттық тілдің дыбыстық жүйесін, сөздік қорын, грамматикалық құрылысын түгел пайдалатындығы. 2.Тілдердің диалектілік қүрылымы мен халық тарихы арасындағы байланыс.
Диалектілік ерекшеліктерді жинап, зерттеу жолдары әр түрлі. 1. Байқау тәсілі. 2. Сұрақ қою тәсілі. 3. Ауыл-село жайында мәлімет жинау. Аса бір жауапты істің бірі – диалектологиялық материалды дұрыс құжаттай білу. Диалектологиялық жазбада тілдік ерекшеліктер мүмкіндігінше айтылған қалпында дәл берілуі керек. Ол үшін фонетикалық транскрипция пайдаланылады. Тіл ерекшеліктерін лингвистикалық география әдісімен зерттеу қазақ тіл білімінде енді қолға алынып келеді.
50-жылдардың ортасынан бастап қазақ тіліндегі диалектілік ерекшеліктер 4 топқа бөлініп, қарастырылып жүр. 1. Шығыс сөйленістер тобы. Оған Өскемен, Аягөз, Қошағаш, Шыңжаң, Баян-Өлгий сөйленістері жатады. 2. Батыс сөйленістер тобы. Оған Орталық, Маңғыстау, Арал, Қарақалпақстандағы қазақ сөйленісі, Түркіменстандағы қазақ сөйленісі жатады. 3. Оңтүстік сөйленістер тобы. Оған Ташкент, Қызылорда, Шымкент, Шу, Жетісу, Тәжік сөйленісі жатады. 4. Орталық-солтүстік сөйленістер тобы. Оған Солтүстік Қазақстан, Көкшетау, Павлодар, Қарағанды, Қостанай облыстарының қазақтары тілі жатады.
Өзін-өзі бақылау сұрақтары:
1. Диалектілік ерекшеліктерді жинап, зерттеу жолдары.
2. Диалектілік ерекшеліктер неше топқа бөлініп қарастырылады?
Ұсынылатын әдебиеттер:
1. Аманжолов, С. Вопросы диалектологии и истории казахского языка/ С. Аманжолов.- 2-е изд., доп.- Алматы: Санат, 2001.- 608 б.
2 Сарыбаев, Ш. Қазақ тiл бiлiмi мәселелерi=Вопросы казахского языкознания/ Ш. Сарыбаев.- Алматы: Арыс, 2000.- 623 б.
3 Мұхамбет-Кәрiм, Х. Диалектология мен қазақ әдеби тiл тарихы мәселелерi: оқу құралы / Х. Мұхамбет-Кәрiм.- Алматы: Қазақ ун-тi, 2001.- 290 б.
4 Русская диалектология: учебное пособие / Под ред. В.В. Колесова.- М.: Высшая школа, 1990.- 207с.
5 Қалиев, Ғ. Қазақ диалектологиясы: оқулық / Ғ. Қалиев; Ш. Сарыбаев.- 3-ші бас.- Алматы: Ана тілі, 1991.- 196 б.
7-Дәріс. Диалектілік ерекшеліктердің тарылу шегін лингвистикалық география әдісімен зерттеу арқылы анықтау қажеттігі.
Дәріс мазмұны:
1. Диалектілік ерекшеліктер – қай заманда да халықтың жанды ауызекі сөйлеу тіліне тән құбылыс. Бүгінгі күнде де халық тіліндегі ерекшеліктерді жинау ең басты, негізгі, ең сенімді арнасы сөйлеу тілі екені белгілі.
2. Жергілікті ерекшеліктердің ауызекі сөйлеу тілінің белгілі кезеңдегі көрініс түрінде ауыз әдебиеті үлгілерінде, көркем әдебиет туындыларында, жазба жәдігерліктерде кездесетіндігі.
Сөйленістік лексика жалпыхалықтық лексикаға негізделетіндіктен, әдеби тілдің лексикасына жақын. Қазақ сөйленістерінде әдеби тіл лексикасынан оқшау тұрған лексикалық топтар да бар. Диалектілік лексика тіл категориялары тұрғысынан әр түрлі топ-тарға бөлінеді. Диалектілік көнерген сөздер. Бұл топқа әр жерде әр түрлі айтылып, кейін бар заттардың, ұғымдардың жойылуымен байланысты оның аттары да ұмыт болып бара жатқан сөздер жа-тады. Мысалы: Маңғыстау облысында алапа –кәде, ақұн –молда, шам-шар – сауыт, дәлдір – күміс ақша сөздері кездеседі. Диалектілік неологизмдер – бұлар әр жерде қолданылатын жаңа сөздер. Мысалы: базаркүн – демалыс күні, сүзеуік – бульдозер. Диалекті-лік фразеологизмдер. Сөйленістердегі фразеологизмдердің жасалу жолдары, түрлері әдеби тілдегімен бірдей. Мысалы: Метел қылу –кесел жасау, қойға келген ешкідей – жатырқа..
Өзін-өзі бақылау сұрақтары:
1. Диалектілік лексика тіл категориялары тұрғысынан қандай топтарға бөлінеді?
2.Сөйленістердегі фразеологизмдердің жасалу жолдары
Ұсынылатын әдебиеттер:
1 Аманжолов, С. Вопросы диалектологии и истории казахского языка/ С. Аманжолов.- 2-е изд., доп.- Алматы: Санат, 2001.- 608 б.
2 Сарыбаев, Ш. Қазақ тiл бiлiмi мәселелерi=Вопросы казахского языкознания/ Ш. Сарыбаев.- Алматы: Арыс, 2000.- 623 б.
3 Мұхамбет-Кәрiм, Х. Диалектология мен қазақ әдеби тiл тарихы мәселелерi: оқу құралы / Х. Мұхамбет-Кәрiм.- Алматы: Қазақ ун-тi, 2001.- 290 б.
4 Русская диалектология: учебное пособие / Под ред. В.В. Колесова.- М.: Высшая школа, 1990.- 207с.
5 Қалиев, Ғ. Қазақ диалектологиясы: оқулық / Ғ. Қалиев; Ш. Сарыбаев.- 3-ші бас.- Алматы: Ана тілі, 1991.- 196 б.
8-Дәріс. Лингвистикалық карта, атлас жасау тәжірбиесі. Говорлар тобын ажыратудың ғылыми ұстанымдары мен изоглостар шоғырының ролі.
Дәріс мазмұны:
1. Лингвистикалық карта, атлас жасау тәжірбиесі.
2.Говорлар тобын ажыратудың ғылыми ұстанымдары мен изоглостар шоғырының ролі.
Қазақ сөйленістеріндегі морфологиялық ерекшеліктерді мынадай топтарға бөлуге болады: 1.Сөз құрамына байланысты ерекшеліктер. Мысалы: -сыңыз, -сіңіз: ба-расыңыз, келесіңіз.-ғайы, -ге-йі оқығайы, барғайы. 2. Диалектілік сөзжасам. Диалектілік туын-ды сөздердің жасалуына қатысатын жұрнақтар: -мақ, мек отыр-мақ – сауық кеш, -ғы, -гі тұрғы –қоныс, пышқы – ара, -ма, ме ұшпа – қоныс. 3. Қос сөздер мен біріккен сөздер. Мысалы: бәкін-шүкін – майда-шүй-де, азын-шоғын – азын-аулақ, аяққап – аяқ киім. 4.Сөз таптарымен байланысты ерекшеліктер. Зат есім: атжүргіш – қамшы, тепкі –есік ілгегі; Сын есім: жырғал –қызық, ұрт-
қал – тентек, пыштай – кішкентай; Сан есім: еллі –елу, жеті-ленші –жетінші, секкіз –сегіз, Үстеу: дембе-дем –жылдам.
Диалектілік сөз тұлғалары:
Диалектілік туынды сөздер.
Диалектілік күрделі сөздер
Өзін-өзі бақылау сұрақтары:
1. Қазақ сөйленістеріндегі морфологиялық ерекшеліктерді қандай топтарға бөлуге болады?
Ұсынылатын әдебиеттер:
1. Аманжолов, С. Вопросы диалектологии и истории казахского языка/ С. Аманжолов.- 2-е изд., доп.- Алматы: Санат, 2001.- 608 б.
2 Сарыбаев, Ш. Қазақ тiл бiлiмi мәселелерi=Вопросы казахского языкознания/ Ш. Сарыбаев.- Алматы: Арыс, 2000.- 623 б.
3 Мұхамбет-Кәрiм, Х. Диалектология мен қазақ әдеби тiл тарихы мәселелерi: оқу құралы / Х. Мұхамбет-Кәрiм.- Алматы: Қазақ ун-тi, 2001.- 290 б.
4 Русская диалектология: учебное пособие / Под ред. В.В. Колесова.- М.: Высшая школа, 1990.- 207с.
5 Қалиев, Ғ. Қазақ диалектологиясы: оқулық / Ғ. Қалиев; Ш. Сарыбаев.- 3-ші бас.- Алматы: Ана тілі, 1991.- 196 б.
9-Дәріс. Қазақ тілі говорларын топқа бөліп қарастыру мүмкіндігі.
Дәріс мазмұны:
1.Қазақ тілі говорларын төрт топқа бөліп қарастыру мүмкіндігі.
2.Говорлар тобының әрқайсысына тән негізгі фонетикалық, лексикалық, грамматикалық ерекшеліктер, сипатты белгілер.
Кәсіби сөздер жергілікті жерде әр алуан кәсіптің, өндірістің туып дамуымен қалыптасады, соларға байланысты заттардың, еңбек құралдарының, еңбек өнімінің атауларын білдіреді. 1. Балық кәсібіне, теңізге байланысты сөздер.Мысалы: Үкі – қыста мұзды ойып, ау салатын жер, итерқұл –балықты араластыратын құ-рал, әттік – қармақтың тілі. 2. Бау-бақша егісімен байланысты сөздер. Мысалы: аскелді – асқабақ, порми –жүгері, шәкілдеуік –күнбағыс.
Өзін-өзі бақылау сұрақтары:
1. Ұлттық тіл мен әдеби тілдің диалектілік негізі туралы.
2. Кәсіби сөздер. Термин сөздер.
3. Диалектизмдердің әдеби тілге ену шарты.
Ұсынылатын әдебиеттер:
1. Аманжолов, С. Вопросы диалектологии и истории казахского языка/ С. Аманжолов.- 2-е изд., доп.- Алматы: Санат, 2001.- 608 б.
2 Сарыбаев, Ш. Қазақ тiл бiлiмi мәселелерi=Вопросы казахского языкознания/ Ш. Сарыбаев.- Алматы: Арыс, 2000.- 623 б.
3 Мұхамбет-Кәрiм, Х. Диалектология мен қазақ әдеби тiл тарихы мәселелерi: оқу құралы / Х. Мұхамбет-Кәрiм.- Алматы: Қазақ ун-тi, 2001.- 290 б.
4 Русская диалектология: учебное пособие / Под ред. В.В. Колесова.- М.: Высшая школа, 1990.- 207с.
5 Қалиев, Ғ. Қазақ диалектологиясы: оқулық / Ғ. Қалиев; Ш. Сарыбаев.- 3-ші бас.- Алматы: Ана тілі, 1991.- 196 б.
10-Дәріс. Диалектілік ерекшеліктер – қай заманда да халықтың жанды ауызекі сөйлеу тіліне тән құбылыс.
Дәріс мазмұны:
1. Орталық – Солтүстік сөйленістер тобы. Олардың ортақ жеке сөйленістерге тән ерекшеліктері.
2. И.И. Ильминский, В.В. Радлов, П.И. Мелиоранский т.б қазақ тіліндегі диалектілер туралы пікірлері. Қазан революциясынан кейінгі дәуірдегі зерттеу дәрежесі, көзқарастары.
Қазақ диалектологиясы тіл білімінің басқа салаларына қарағанда іргетасы кейінірек қаланған сала. Оның ғылыми мәселелері туралы пікір айту, сөйленістерді зерттеу ісі 1930-жылдардан басталады. Қазан төңкерісіне дейінгі түркологтардың қазақ тіліндегі диалектілік ерекшеліктер мен оның диалектілерге бөліну-бөлінбеу жайындағы пікірлерін 2 топқа бөлуге болады: 1. В.В.Радлов, П.М.Мелиоранский (әуелгі кезде), А.М.Позднеев қазақ тілінің диалектілерге бөлінуін жоққа шығарды.
2.Н.И.Илминский, П.М.Мелиоранский, М.Терентьев т. б. қазақ тілінің диалектілік ерекшеліктері бар екенін мойындайды.
Өзін-өзі бақылау сұрақтары:
1. Орталық – Солтүстік сөйленістер тобының ортақ жеке сөйленістерге тән ерекшеліктері.
2. Ғалымдардың қазақ тіліндегі диалектілер туралы пікірлері.
Ұсынылатын әдебиеттер:
1. Аманжолов, С. Вопросы диалектологии и истории казахского языка/ С. Аманжолов.- 2-е изд., доп.- Алматы: Санат, 2001.- 608 б.
2 Сарыбаев, Ш. Қазақ тiл бiлiмi мәселелерi=Вопросы казахского языкознания/ Ш. Сарыбаев.- Алматы: Арыс, 2000.- 623 б.
3 Мұхамбет-Кәрiм, Х. Диалектология мен қазақ әдеби тiл тарихы мәселелерi: оқу құралы / Х. Мұхамбет-Кәрiм.- Алматы: Қазақ ун-тi, 2001.- 290 б.
4 Русская диалектология: учебное пособие / Под ред. В.В. Колесова.- М.: Высшая школа, 1990.- 207с.
5 Қалиев, Ғ. Қазақ диалектологиясы: оқулық / Ғ. Қалиев; Ш. Сарыбаев.- 3-ші бас.- Алматы: Ана тілі, 1991.- 196 б.
11-дәріс. Халық тіліндегі ерекшеліктерді жинау
Дәріс мазмұны:
1. Халық тіліндегі ерекшеліктерді жинау ең басты, негізгі, ең сенімді арнасы сөйлеу тілі жергілікті ерекшеліктердің ауызекі сөйлеу тілінің белгілі кезеңдегі көрініс түрінде ауыз әдебиеті үлгілерінде кездесетіндігі
2. Халық тіліндегі ерекшеліктерді жинау ең басты, негізгі, ең сенімді арнасы сөйлеу тілі жергілікті ерекшеліктердің ауызекі сөйлеу тілінің белгілі кезеңдегі көрініс түрінде көркем әдебиет туындыларында, жазба жәдігерліктерде кездесетіндігі
Мағыналық белгісіне қарай диалектілік лексика мынадай топтарға бөлінеді: зат, құбылыс атауларын, заттың сынын, қимыл, іс-әрекетті, мезгіл, мекен, амалды білдіретін сөздер. Зат, құ-былыс атауларын білдіретін сөздер сан жағынан ең молы. Мысалы: алқа –құлып, қарәке – ата, дәп – дәстүр, сірне- шұжық. Заттың сынын білдіретін сөздер. Бұл топтағы сөздер көлем жағынан зат атауларынан әлдеқайда аз. Мысалы: дүр – мақтаншақ, шар-қыш – ұрысқақ, арзу –ынтық, әлменді –күшті, дырау-үлкен. Қимыл, әрекетті білдіретін сөздер. Көлем жағынан заттың сынын білдіретін сөздермен шамалас. Мысалы: шегу -өлшеу, бежеру – аяқтау.
Тілдің өзіндік құрылымы бар жүйелі құбылыс екені белгілі. Ал диалект қашан да бүтіннің бөлшегі, яғни жалпыхалықтық тілдің бір тармағы ретінде өмір сүреді.
Дәстүрлі диалектілік құбылыстар. Бұл топқа ертеден келе жатқан, көне тайпа тілдерінің қалдығы ретінде сақталған ерекшеліктер жатады. Мысалы: жандық – ұсақ мал, үріптес - туысқан. Дәстүрсіз диалектілік құбылыстар. Бұл топқа кейінгі замандарда пайда болған, басқа тілден енген сөздер жатады. Мысалы: дәліз – кіреберіс үй,жатыскүн –жексенбі, көрсетпе – нұсқау.
Өзін-өзі бақылау сұрақтары:
1. Сәйкесті, сәйкессіз диалектілік ерекшеліктер;
2 Зат, құбылыс атауларын білдіретін сөздер;
3 Заттың сынын, сыр-сипатын білдіретін сөздер;
4 Қимыл, іс-әрекетті білдіретін сөздер;
Ұсынылатын әдебиеттер:
1. Аманжолов, С. Вопросы диалектологии и истории казахского языка/ С. Аманжолов.- 2-е изд., доп.- Алматы: Санат, 2001.- 608 б.
2 Сарыбаев, Ш. Қазақ тiл бiлiмi мәселелерi=Вопросы казахского языкознания/ Ш. Сарыбаев.- Алматы: Арыс, 2000.- 623 б.
3 Мұхамбет-Кәрiм, Х. Диалектология мен қазақ әдеби тiл тарихы мәселелерi: оқу құралы / Х. Мұхамбет-Кәрiм.- Алматы: Қазақ ун-тi, 2001.- 290 б.
4 Русская диалектология: учебное пособие / Под ред. В.В. Колесова.- М.: Высшая школа, 1990.- 207с.
5 Қалиев, Ғ. Қазақ диалектологиясы: оқулық / Ғ. Қалиев; Ш. Сарыбаев.- 3-ші бас.- Алматы: Ана тілі, 1991.- 196 б.
3 ПРАКТИКАЛЫҚ САБАҚТАР
1-практикалық сабақ. Қазақ диалектологиясы ғылымы, оның салалары.
Сабақ мазмұны:
1. Жергілікті диалектілер және ұлттық тіл.
2. Жергілікті диалектілерді зерттеудің тіл тарихын зерттеуде маңызы.
Сабақтың мақсаты: Қазақ диалектологиясы пәнінің зерттеу нысанасымен, тіл біліміндегі орнымен таныстыру. Әдістемелік нұсқау: Диалектілердің ұлттық әдеби тілге қатысы, диалектілерді зерттеудің қазақ тілі тарихын зерттеуде, мектепте қазақ тілі, әдебиетінен сабақ беруде, қазақ тілі сөздіктерін, диалектологиялық карта, атлас жасауда маңызына тоқталу. Ұсынылатын әдебиеттер:
1. Қалиев Ғ., Сарыбаев Ш. Қазақ диалектологиясы: Оқулық.Үшінші басылым. – Алматы: Ана тілі, 1994.–172 бб.
2. Кәрімов Х. Қазақ диалектологиясының кейбір мәселелері (Лекциялық курс).– Алматы, 1973.– 11 б.
3. Кәрімов Х. Қазақ диалектологиясы (филология факультетінің қазақ тілі мен әдебиеті бөлімі студенттеріне арналған көмекші құрал).– Алматы,1980.– 27 б.
4. Нұрмағамбетов Е. Қазақ говорларындағы кейбір лексикалық ерекшеліктердің пайда болу жолы мен этимологиясы // Қазақ тіліндегі жергілікті ерекшеліктер (жинақ ). – Алматы: Ғылым, 1974.–105 б.
5. Нұрмағамбетов Е. Жергілікті тіл ерекшеліктерінің төркіні.– Алматы: Мектеп, 1985.– 160 б.
2- практикалық сабақ. Дәстүрлі, дәстүрсіз, сәйкесті, сәйкессіз диалектизмдер.
Сабақ мазмұны:
1. Диалект, сөйленістердің құрылымындағы жалпы және айырым белгілер.
2. Қазақ сөйленістеріндегі кірме және тума элементтер.
3. Жергілікті диалектілердің қалыптасып, дамуы.
Сабақтың мақсаты: Дәстүрлі, дәстүрсіз, сәйкесті, сәйкессіз диалектизмдер жайында мағлұмат. Оның қалыптасуы, дамуы жайында қарастыру.
Әдістемелік нұсқау: Диалектілер тіл құрылымындағы ортақ және айырым белгілер, олардың жалпы түркілік сипаты, дәстүрлі, дәстүрсіз, сәйкесті, сәйкессіз диалектизмдер, көркем әдебиет тілінде, ауыз әдебиет, ауызекі сөйлеу тіліндегі диалектизмдер мәселесіне тоқталу.
Ұсынылатын әдебиеттер:
1. Қалиев Ғ., Сарыбаев Ш. Қазақ диалектологиясы: Оқулық.Үшінші басылым. – Алматы: Ана тілі, 1994.–172 бб.
2. Кәрімов Х. Қазақ диалектологиясының кейбір мәселелері (Лекциялық курс).– Алматы, 1973.– 11 б.
3. Кәрімов Х. Қазақ диалектологиясы (филология факультетінің қазақ тілі мен әдебиеті бөлімі студенттеріне арналған көмекші құрал).– Алматы,1980.– 27 б.
4. Нұрмағамбетов Е. Қазақ говорларындағы кейбір лексикалық ерекшеліктердің пайда болу жолы мен этимологиясы // Қазақ тіліндегі жергілікті ерекшеліктер (жинақ ). – Алматы: Ғылым, 1974.–105 б.
5. Нұрмағамбетов Е. Жергілікті тіл ерекшеліктерінің төркіні.– Алматы: Мектеп, 1985.– 160 б.
3-Семинар.
Семинар сабағының мазмұны:
1. Балық кәсібіне байланысты сөздер.
2. Бау-бақша егісімен байланысты сөздер.
3. Ирригацияға байланысты сөздер. Мақта шаруашылығына байланысты сөздер.
Сабақтың мақсаты: Әртүрлі кәсіптерге байланысты сөздер жайында ақпарат.
Әдістемелік нұсқау: Диалектілік сипаттағы кәсіби сөздер, олардың түрлері, диалектологиялық сөздіктің бұрынғы, соңғы басылымдарына шолу, кейбір диалектизмдердің этимологиясына тоқталу.
Ұсынылатын әдебиеттер:
1. Қалиев Ғ., Сарыбаев Ш. Қазақ диалектологиясы: Оқулық.Үшінші басылым. – Алматы: Ана тілі, 1994.–172 бб.
2. Кәрімов Х. Қазақ диалектологиясының кейбір мәселелері (Лекциялық курс).– Алматы, 1973.– 11 б.
3. Кәрімов Х. Қазақ диалектологиясы (филология факультетінің қазақ тілі мен әдебиеті бөлімі студенттеріне арналған көмекші құрал).– Алматы,1980.– 27 б.
4. Нұрмағамбетов Е. Қазақ говорларындағы кейбір лексикалық ерекшеліктердің пайда болу жолы мен этимологиясы // Қазақ тіліндегі жергілікті ерекшеліктер (жинақ ). – Алматы: Ғылым, 1974.–105 б.
5. Нұрмағамбетов Е. Жергілікті тіл ерекшеліктерінің төркіні.– Алматы: Мектеп, 1985.– 160 б.
4-Семинар. Сөз құрамына байланысты ерекшеліктер.
Семинар сабағының мазмұны:
1. Диалектілік туынды сөздер.
2. Диалектілік қос сөздер мен біріккен сөздер.
3. Сөз таптарымен байланысты ерекшеліктер.
Сабақтың мақсаты: Сөз құрамына байланысты ерекшеліктерді анықтау.
Әдістемелік нұсқау: Диалектологиядағы морфологиялық ерекшеліктер, сөз құрамына, сөз таптарына байланысты ерекшеліктер, диалектілік сөзжасам, біріккен сөздер мен қос сөздерге тоқталу.
Ұсынылатын әдебиеттер:
1. Қалиев Ғ., Сарыбаев Ш. Қазақ диалектологиясы: Оқулық.Үшінші басылым. – Алматы: Ана тілі, 1994.–172 бб.
2. Кәрімов Х. Қазақ диалектологиясының кейбір мәселелері (Лекциялық курс).– Алматы, 1973.– 11 б.
3. Кәрімов Х. Қазақ диалектологиясы (филология факультетінің қазақ тілі мен әдебиеті бөлімі студенттеріне арналған көмекші құрал).– Алматы,1980.– 27 б.
4. Нұрмағамбетов Е. Қазақ говорларындағы кейбір лексикалық ерекшеліктердің пайда болу жолы мен этимологиясы // Қазақ тіліндегі жергілікті ерекшеліктер (жинақ ). – Алматы: Ғылым, 1974.–105 б.
5. Нұрмағамбетов Е. Жергілікті тіл ерекшеліктерінің төркіні.– Алматы: Мектеп, 1985.– 160 б.
5-Семинар. Қазақ сөйленістеріндегі грамматикалық ерекшеліктердің жалпы сипаты.
Семинар сабағының мазмұны:
1. Қазақ сөйленістеріндегі морфологиялық ерекшеліктер.
2. Қазақ сөйленістеріндегі синтаксистік ерекшеліктер.
Сабақтың мақсаты: Қазақ сөйленістеріндегі грамматикалық ерекшеліктердің жалпы сипатын қалыптастыру, даму жолдары жайында жалпы түсінік беру.
Әдістемелік нұсқау: Қазақ тіліндегі грамматикалық ерекшеліктердің жалпы сипатына, морфологиялық, синтаксистік ерекшеліктердің сөйленістердің грамматикалық құрылысындағы үлесіне тоқталу.
Ұсынылатын әдебиеттер:
1. Қалиев Ғ., Сарыбаев Ш. Қазақ диалектологиясы: Оқулық.Үшінші басылым. – Алматы: Ана тілі, 1994.–172 бб.
2. Кәрімов Х. Қазақ диалектологиясының кейбір мәселелері (Лекциялық курс).– Алматы, 1973.– 11 б.
3. Кәрімов Х. Қазақ диалектологиясы (филология факультетінің қазақ тілі мен әдебиеті бөлімі студенттеріне арналған көмекші құрал).– Алматы,1980.– 27 б.
4. Нұрмағамбетов Е. Қазақ говорларындағы кейбір лексикалық ерекшеліктердің пайда болу жолы мен этимологиясы // Қазақ тіліндегі жергілікті ерекшеліктер (жинақ ). – Алматы: Ғылым, 1974.–105 б.
5. Нұрмағамбетов Е. Жергілікті тіл ерекшеліктерінің төркіні.– Алматы: Мектеп, 1985.– 160 б.
6-Семинар. Диалектология ғылымының тіл білімінде алатын орны.
Семинар сабағының мазмұны:
1. Диалектілік ерекшеліктер туралы әр түрлі көзқарас.
2. Диалектологияның Кеңес дәуірінде зерттелуі.
Сабақтың мақсаты: Диалектология ғылымының тіл білімінде алатын орны жайында ақпарат беру.
Әдістемелік нұсқау: Қазақ тіліндегі диалектілер туралы орыс түрколог-тарының еңбектері, диалектологияның Кеңес дәуірінде зерттелуі, қазіргі жайы мәселелеріне тоқталу.
Ұсынылатын әдебиеттер:
1. Қалиев Ғ., Сарыбаев Ш. Қазақ диалектологиясы: Оқулық.Үшінші басылым. – Алматы: Ана тілі, 1994.–172 бб.
2. Кәрімов Х. Қазақ диалектологиясының кейбір мәселелері (Лекциялық курс).– Алматы, 1973.– 11 б.
3. Кәрімов Х. Қазақ диалектологиясы (филология факультетінің қазақ тілі мен әдебиеті бөлімі студенттеріне арналған көмекші құрал).– Алматы,1980.– 27 б.
4. Нұрмағамбетов Е. Қазақ говорларындағы кейбір лексикалық ерекшеліктердің пайда болу жолы мен этимологиясы // Қазақ тіліндегі жергілікті ерекшеліктер (жинақ ). – Алматы: Ғылым, 1974.–105 б.
5. Нұрмағамбетов Е. Жергілікті тіл ерекшеліктерінің төркіні.– Алматы: Мектеп, 1985.– 160 б.
7-Семинар. Жергілікті тіл ерекшеліктерін жинау тәсілдері.
Семинар сабағының мазмұны:
1. Диалектологиялық материалдарды құжаттандыру.
2. Фонетикалық транскрипция. Лингвистикалық география.
Сабақтың мақсаты: Жергілікті тіл ерекшеліктерін жинау тәсілдері туралы түсінік.
Әдістемелік нұсқау: Жергілікті тіл ерекшеліктерін жинау тәсілдеріне, жиналған материалдарды құжаттандыру мәселесіне, фонетикалық транскрипция, лингвистикалық география әдістеріне тоқталу.
Ұсынылатын әдебиеттер:
1. Қалиев Ғ., Сарыбаев Ш. Қазақ диалектологиясы: Оқулық.Үшінші басылым. – Алматы: Ана тілі, 1994.–172 бб.
2. Кәрімов Х. Қазақ диалектологиясының кейбір мәселелері (Лекциялық курс).– Алматы, 1973.– 11 б.
3. Кәрімов Х. Қазақ диалектологиясы (филология факультетінің қазақ тілі мен әдебиеті бөлімі студенттеріне арналған көмекші құрал).– Алматы,1980.– 27 б.
4. Нұрмағамбетов Е. Қазақ говорларындағы кейбір лексикалық ерекшеліктердің пайда болу жолы мен этимологиясы // Қазақ тіліндегі жергілікті ерекшеліктер (жинақ ). – Алматы: Ғылым, 1974.–105 б.
5. Нұрмағамбетов Е. Жергілікті тіл ерекшеліктерінің төркіні.– Алматы: Мектеп, 1985.– 160 б.
СТУДЕНТТЕРДІҢ ӨЗДІК ЖҰМЫСТАРЫНЫҢ ТАҚЫРЫПТАРЫ
5.1 Студенттің өздік жұмысының ұйымдастырылуына әдістемелік нұсқаулық
Студент «Қазақ диалектологиясының өзекті мәселелері» пәнінде тәжірибе жүзінде кең қолданылатын, әрі жан-жақты игерілген мәтін талдаудың негізгі әдістерін білуі қажет. Ғылыми ой-өрісті қалыптастыруда диалектілік сипаттағы ғылыми білім ретінде пайда болуы ерекше роль атқарады. Сөздердің диалектілік сипаттағы қолданысы қазіргі тіл білімі ғылымының әр сатысындағы философиялық дүниетаныммен және ғылыми методологиялық таныммен терең байланысын, тіл теориясының әр түрлі мектептерге, бағыттарға және концепцияларға тән процестерге тәуелділігін түсінуге мүмкіндік береді. Қазақ әдеби тілі мен диалектология мәселелері әр кезеңдегі ғылым алдына қоятын қоғамдағы әлеуметтік-мәдени шарттардың шектес ғылымдармен және олардың практикалық шешімдерімен тікелей байланысы постулатын түсінуге көмектеседі.
Реферат тақырыптары
5.2.1Қазақ тілі говорларының лексикалық құрамы
Қазақ тілі говорларының фонетикалық жүйесі
Қазақ тілі говорларының грамматикалық құрылысындағы ерекшеліктер
Лексикалық ерекшеліктердің мағыналық- тақырыптық топтары
Дауысты дыбыстар жүйесі
Дауыссыз дыбыстар жүйесі
Бұйрық райдың тұлғалануына қатысты ерекшеліктер
Қалау райға байланысты ерекшеліктер
-шы,- ші қосымшасы жалғанған шартты райдың 2- жағына байланысты ерекшеліктер
Тұйық райдың тұлғалануына байланысты ерекшеліктер
Ашық рай тұлғаларына байланысты ерекшеліктер
Етіс категориясына байланысты ерекшеліктер
Есімшенің тұлғалануына байланысты ерекшеліктер
Көсемшенің тұлғалануына байланысты ерекшеліктер
Зат есімнің септік, тәуелдік, көптік жалғауларына байланысты ерекшеліктер
Сын есім, сан есім, есімдік, шылау сөздерге байланысты ерекшеліктер
Диалектілік туынды сөздер
Диалектілік күрделі сөздер
Септік жалғауларының бірінің орнына бірі жұмсалуы
Синтаксиситік еркін сөз тіркестері
Морфологиялық, синтаксистік ерекшеліктер арасында сақталған көне дәуір қалдықтары.
Достарыңызбен бөлісу: |