14
15
14
15
Бірлескен
қорытынды
ойлар
Әдіс
Кішігірім стимуляция «Эко-
мед» емханасындағы репро-
дуктологтардың тағы бір үлкен
жетістігі. Бұл сұрақпен айналысып
жүргенімізге 5 жыл болды. Бірақ
осы жолғы акция өте ауқымды бол-
ды деуге болады. Дәрігер Ницшке
келеді деп сәуір айында арнайы
әйелдер тобы дайындалған бо-
латын. Жүзге жуық адамды Мар-
кус өзі «жүктілікке үміті жоғары»,
«жүктілікке азғантай үміті бар» және
«мүлде үміті төмен» - деген топтарға
бөлді. Бұл топтарға 35 жасқа дейінгі
кез-келген әйел адам қатыс алды.
Үміті барлардың қатарынан орта-
ша нәтижемен 35% сәтті циклмен
аяқталды. Бұл өте жақсы көрсеткіш.
Аз немесе өте аз стимуляция
болған жағдайда орташа шығынмен
жас әйелден екі, үш аналық ұрықты
алуға болады. Біздің акцияда
барлық қатысам деушілерге есік
ашық болды. Медициналық тұрғыда
Маркустың өзі үміті барларға
жатқызған топ жәйлі нақты айта-
тын болсақ, бұл жерде жетістікке
жеткендердің саны көбірек бо-
лып 45%-ға жетті. Бұл өте жақсы
көрсеткіш. Егер жас әйелдің гормон-
дарында ешқандай ауытқулар бол-
маса, еркектің шәуеті, яғни аталық
ұрықтары көрсеткіштері дұрыс
болса, мұндай емделушілерде 2-3
әрекеттен кейін-ақ нәтижеге қол
жеткізуге болады.
Емдеудің дұрыс жолын таңдау
үшін көптеген факторларға мән
беру керек. Қазақстанда бұл
географиялық жағдайға да байла-
нысты. Мысалы кейбір емделушілер
демалыс алып, бізге алыстан
аз уақытқа келсе, онда біз бар
күшімізді салып, уақыт жоғалтпай
жұмыс істеуіміз қажет. Әрине бұл
жерде классикалық стимуляцияның
үлгісін қолданамыз. Біз қолдан кел-
генше неғұрлым көп аналық жа-
сушаларды алуымыз керек. Сонда
біз әрі қарай сол қормен жұмыс
істей аламыз. Ал егер жұп ЭКО
орталығынан алыс тұрмаса, бізге
жиі келуге мүмкіндіктері болса,
онда біз кішігірім стимуляция жо-
лын таңдай аламыз. Тіпті табиғи
циклда жұмыс істеуге тырысамыз.
Егер әйелдің жасы жас болса
және тұрғылықты мекен ететін жері
жақын болса, ДТҰ-ны табиғи циклда
жасағанды дұрыс - деп санаймын.
Егерде бірнеше амалдардан кейін
ол нәтиже бермесе, онда күрделі, әрі
қаражаты қымбат жолдарға көшуге
тура келеді.
Кішігірім стимуляция деген не? Ол қалай жұмыс істейді? Кімге ол әдіс болады? Осы
және өзге сұрақтарға Салтанат БАЙҚОШҚАРОВА жауап береді. Біз ол кісімен «ЭКО-
МЕД» емханасының мерейтойына арнайы Алматыға келген дәрігер Маркус Ницшкенің
Қазақстандағы арнайы топтан құралған әйелдермен жұмыс істеп болғанан кейін
әңгіме құрып отырмыз. Маркус НИЦШКЕ сол саланы жетік білетін, әлем мойындаған
білікті мамандардың бірі.
БІЗДІҢ АНЫҚТАМА
Мамандар табиғи цикл мен кішігірім стимуляция
барлық мәселенің шешімі,- деп ойламайды. Нәтижесі
бойынша бұл стимуляция түрлерінің классикалық
түрінен ешқандай айырмашылығы жоқ. Ең басты-
сы бұл стмуляция түрлерінің арзандығы және әйел
денсаулығына қауіпі төмен болуы. Ол үш жағдайда
рұқсат етіледі. Біріншіден жұптың стимуляцияның
классикалық түріне қаражаты болмаса. Екіншіден
әйелдің аналық қорынын төмен болып нәтиже екі
жолдада бірдей болатын болса, яғни аналық жасу-
ша біреу-ақ шығатын болса. Қалай болғанда да бұл
ұрық сапасы жағынан әлде қайда жақсырақ болады
және одан үмітте көп болады (кішігірім сттмуляция
кезінде дәрігер 4-5 жуық аналық ұрық алады, ал жал-
пы стимуляцияда 15 жуық ұрық алады). Ал үшіншісі
әйелдер ағзасына дәрі-дәрімекті аз қолданғысы кел-
ген жағдайда қолданылады.
БІЗДІҢ АНЫҚТАМА
Классикалық ДТҰ жасалған кезде гормоналды
дәрі-дәрімектің арқасында бір циклда аналық без-
ден бірнеше фолликулдарды өсуін ынталанды-
рады. Әрине ол жерде дәрі-дәрімек қолданғаннан
кейін оның кем жақтарыда болады. Мұндай
әрекеттің арқасында аналық без дәрігерлер күткен
нәтижесін береді. Бірақ бұл жерде гиперстимуляция
синдромының болу қауіпі жоғарлайды. Оның үстіне
ағзада өзгерістер болып, жатырдың шырышты
қабаты ұрықты қабылдайтын уақыты өтіп кетеді.
Есесіне эмбрионды дұрыс қабылдай алмайды. Егер
біз аналық ұрықты максималды көп алмай, табиғи
цикілда тек екі, үш аналық ұрықты алсақ, әрине бұл
жағдай да бағдарламамыз арзан болады (ондай кез-
де қымбат ынталандырғыш дәрілер қажет емес),
және аналық бездің гиперстимуляция болу қауіпі
төмен болады сонымен қатар эмбрионның жатырға
жабысуға үлкен мүмкіндік туады.
Репродуктология - ғылыми-көпшілік журнал
17
Шын мәнінде
Назарларыңызға алыңыз!
Оқиғалар
Сабыр түбі сары алтын
Әлия мен Раим үйлену той-
ларынан соң көп ұзамай біздің
клиникаға келді, себебі дәрігерлер
бұл жұпқа табиғи жолмен бала
көтеру мүмкіндігінің төмен екендігін
айтқан болатын. Ерлі-зайыптылар
өз таныстарының ұсынысымен
келген, қаражаттары жеткілікті
және ДТҰ жайлы әдебиеттермен
таныс отбасылардың бірі бола-
тын. Дәрігерлер бұл жұпқа шетел
клиникаларының біріне барып
емделіп көруді ұсынды. - Шетел-
де емделуге отбасының жағдайы
жететін, оған қоса, ішкі дауысым
емделушілердің мұндай қадамға
дайын емес екендігін айтып
тұрды, - деп баяндайды Салтанат
Берденқызы. - Кейде емделушілер
тарапынан ақша төлесем болды,
дәрігерлер енді бір ғажап жаса-
сын дегендей орынсыз талап бо-
лады. Қысқасы, бұл отбасы біздің
орталыққа әртүрлі ДТҰ клиника-
ларында жасалған сәтсіздікпен
аяқталған ДТҰ бағдарламасынан
соң қайта оралды. Енді олар
ешбір еркеліксіз, орынсыз
қазымырлықты тастап, жұмыс
істеуге дайын еді. Бірінші сәтсіз
талпыныстан соң ағза демалып,
қалпына келуі үшін уақыт берілді.
Бір мезетте дәрігерге эмбриондар-
ды жатыр қуысына жалпы наркоз-
бен енгізу керек деген бір ой келді.
Себебі, алғашқы жолы катетер жа-
тыр мойнынан қиындықпен өткен
болатын. Мұндай спазм қайдан пай-
да болуы мүмкін? - Жұмысқа барар
жолда - ақ Әлияға телефон шалып,
бір шешім табылғанын түсіндірдім
және келесі бағдарламаны баста-
уды ұсындым. Дәрі-дәрмек пен
ем алудан демалып, ораза ұстап
жүрген Әлия таңырқап қалды.
Cонда да, ол түс болмай клиникаға
келіп, маған деген сенімін білдіріп,
бағдарламаны бастауға дайын
екенін айтты. Әдетте, эмбрион-
дарды жатыр қуысына енгізу нар-
козсыз жасалады және де анау
айтқандай ауырсыну сезімінсіз
өтеді. Осы жағдайға не себеп
болғаны белгісіз, психологиялық
фактор ма, әлде физиология ма?
Бірақ, аз уақытқа берілетін нар-
коз барысында ағза эмбрион-
дарды өз бойына оңай қабыл
алды. Нәтижесінде көптен күткен
жүктілікке қол жеткіздік және
бірbемес үш ұрықты жүктілік дами
бастады. Үш қызды өсіріп-бағу де-
ген үлкен сынақ болар, бірақ, ДТҰ
бағдарламасын басынан өткерген
жұп үшін емес. Ал төрт жылдан
кейін осы жұп біздің орталыққа
қайта келді... Ұл балалы болу үшін.
Дәрігерлер тексерілген әдіс бой-
ынша жұмыс жасады және сәттілік
серік болып - енгізуге лайықты бір
ғана ұрық еркек жынысты бо-лып
шықты. Бұл жолы жүктілік бірінші
талпыныстан соң-ақ болып кетті.
ДТҰ-ның айналасында көптеген аңыздар айтылады, оларды талқылап көрейік
1-ШІ АҢЫЗ: ДТҰ
БАҒДАРЛАМАСЫ ЖҮКТІЛІККЕ
ӨТЕ АЗ МҮМ КІНШІЛІК БЕРЕДІ.
Шындығына келсек: ДТҰ-
бағдарламасының нәтижелілігі
30- 40 процентті құрайды. Бұл өте
үлкен мүмкіншілік.Табиғи жол-
мен көтерген жүктілікте шама-
мен әрбір оныншы әйел жүктілігін
жоғалтатынын білесіз бе?! Кейде ол
ерте мерзімінде үзілгендіктен, әйел
тіпті көтергенін де сезбеуі мүмкін.
Сондықтан, ДТҰ бағдарламасы
сиқырлы таяқша емес, тек қосымша
мүмкіншілік екенін білген жөн.
2-ШІ АҢЫЗ: ЕНДІ, ДТҰ ПАЙ-
ДА БОЛҒАНДА ЖҮКТІ БОЛУҒА
АСЫҒУДЫҢ ҚАЖЕТІ ЖОҚ,
СЕБЕБІ ӘЙЕЛ КЕЗ- КЕЛГЕН ЖАСТ
А ЖҮКТІ БОЛА АЛАДЫ!
Шындығына келсек: Қазіргі
кез- де әйелдер бала босану жайын-
да кешірек ойланады және өкінішке
орай, репродукция мәселесімен ай-
налысатын арнайы орталықтарға
кешірек келеді. Нәтижесінде ДТҰ-
ға емделуші әйел 35-40 жаста,
әбден шаршап, үмітін жоғалтуға аз
қалғанда келеді. Және сол уақытқа
дейін тым құрыса ең негізгі
зерттеулерді - жатыр түтікшесінің
өткізгіштік қабілетін, овуляцияны,
күйеуінің денсулығын тексермей
келеді. Қандай жағдай болмасын
әйелдің жасы үлкейген сайын, оның
жүкті болу мүмкіншілігі де азаяды.
Дәрігерлер ол туралы қайталап
айтудан жалықпайды. Мысалға,
43 жастағы әйелдердің өз аналық
ұрығымен жүктіvболу мүмкіншілігі
шартты түрде 5-7 процент, ал
жүктілігін аяғына дейін жеткізіп
дені сау бала босану мүмкіншілігі
одан да аз. Теориялық тұрғыдан
айтсақ, қазіргі медицинаның
ғажайып мүмкіншіліктері бар,
ал практикалық тұрғыда әйел
жасы үлкен болған сайын, оның
жүкті болу, оны аяғына дейін
жеткізу және дені сау бала босану
мүмкіншіліктері де төмен болады.
3-ШІ АҢЫЗ: ЕГЕР СІЗ ДТҰ
БАҒДАРЛАМАСЫ АРҚЫЛЫ
ЖҮКТІ БОЛСАҢЫЗ, МІНДЕТТ І
ТҮР ДЕ КЕСАР ТІЛІГІН ЖАСАУ
АРҚЫЛЫ БОСАНАСЫЗ.
Шындығына келсек: ДТҰ
бағдарламасы кесар тілігін жасатуға
тікелей көрсеткіш емес. Отаның өз
көрсеткіштері бар: әйелдің жасы
30- дан асса, жүктілік ағымында
бір асқынулар болса, болашақ
ананың акушерлік-гинекологиялық
анам
незіндегі асқынулар (хиру-
ргиялық шаралардың жүр
гі-
зілуі, түсік тастау, болған гине-
кологиялық аурулары сияқты)
болса жүргізіледі. Айтқандай, ДТҰ
бағдарламасын жасы 30-дан асқан,
гинекологиялық және басқа да ау-
рулары бар әйелдер жасайтынын
ескеру қажет.
4-ШІ АҢЫЗ: ОВУЛЯЦИЯ-
НЫ ЫН ТАЛАНДЫРУ ӘЙЕЛДІҢ
АҒЗАСЫНА ҚАУІПТІ, ОЛ КЛИ-
МАКСТ ЫҢ БАСТ АЛУЫН
ТЕЗДЕТЕДІ.
Шындығына келсек: Оған
ешқандай дәлелдемелер жоқ.
Бірақ шыныменен ДТҰ-мен бай-
ланыссыз климакстың басталуы
жасарып келеді. Бұрынғы кезде
менопауза орташа 50 жасқа қарай
болатын болса, қазір 44-45 жастағы
әйелдерде менопауза болып жата-
ды. Себептері көп: қазіргі әйелдер
бұрынғылармен салыстырғанда
көп жүкті болып босана бермейді,
созылмалы күйзелістері көп,
сыртқы экологиялық әсерлер және
зиянды әдеттердің болуы сияқты
көптеген себептер бар.
5-ШІ АҢЫЗ: ДТҰ БАҒДАР-
ЛАМАСЫНАН ЖАСАЛҒАН НӘР
ЕСТ ЕЛЕР ДҮНИЕГЕ АУРУ БОЛЫП
КЕЛЕДІ.
Шындығына келсек: Реп-
родуктологтардың айтуы бой-
ынша бұл әдістің қолдануымен
дүниеге келетін балалар ақылды,
сүй кімді және талантты боп өседі.
Ден
саулығындағы өзгерістер та-
биғи жолмен ұрықтанған бала-
лардың денсаулығында болатын
өзгерістермен бірдей жиілікте
кездеседі. Бірақ ата-аналардың
денсаулығындағы ақаулар мен
жүктіліктің ауыр ағымының
арқасында статистика жоғарылауы
мүмкін (ол жиі ата-ананың жасына
да байланысты).
6-ШІ АҢЫЗ: ДТҰ ЭТИКАЛЫҚ
ЕМЕС ӘДІС, ЭМБР ИОНДАРМ ЕН
ЖҮРГІЗІЛЕТІН БАРЛЫҚ ШАРА-
ЛАР АДАМНЫҢ ҚОЛЫНАН КЕЛЕ
БЕР ЕТІН ІС ЕМЕС.
Шындық: Дәрігерлер жүктілік
алу үшін бірнеше аналық ұрықтарды
өсіріп, ішінен ең жақсыларын таңдап
ұрықтандырады. Ең өмір сүруге
бейімділері әйелдің жатырына са-
лынады, қалған жақсы ұрықтанған
эмбриондар ерлі-зайыптылардың
ақпараттық келісімімен қатырып
қойылады. Оларды келесі ДТҰ
бағдарламаларында (теріс нәтиже
болғанда) немесе аман-есен
босанған соң кейініректеу қайтадан
балалы болғысы келсе қолдана
алады. Қатырылған эмбриондарын
қолданатын болса әйелге қайталап
аналық бездерді ынталандыру үшін
дәрі қолданудың және фолликул-
дарды пункциямен алудың қажеті
жоқ.
Бұл кейіпкерге дәрігерлер: «мүлде
бала туа алмайсың, үміттенбе» - де-
ген екен. Альбинаның жасы сол
кезде қырыққа таяп қалған еді. Ал
тұрған жері экологиялық лас жер
болғандықтан денсаулығына сыр
беріп, өзінің аналық жасушалары
жүкті болуға мүмкіндік бермеген.
Сөйтіп дәрігерлер емделіп жүрген от-
басына балалы бола алмайсыздар,
тағдырдың жазғанына көну керек,
- деп шындықтың бетін ашты. Оның
үстіне бұл күйеуінің екінші некесі екен.
Ал бірінші әйелінен балалары өсіп
қалыпты. Сәбиді қатты туғысы кел-
ген әйел ол сөздерден үмітін үзбеді.
Тағдырмен күреседі. Ол өзінің туған
қаласына қайтады. Осылайша ол
барлық ақ халаттыларға қаралып,
оның бала көтеруге ешқандай со-
зылмалы аурулардың жоқ екенін
айтып, керек анықтамаларды алып
келеді. Мұндай анықтамаларға ре-
продуктологтар қарсы шыға алмай,
оған бір мүмкіндік берді. Бірақ ДТҰ
үшін донорлық аналық жасуша-
ны қолдануға тура келді. Дегенмен
Альбинаның одан көңілі түскен жоқ.
Ол тіпті 9 ай бойы емханада жатып ем-
делсемде, көптен күткен баланың үнін
естігім келеді, - деп ағынан жарылды.
Үмітін үзбеген...
Репродуктология - ғылыми-көпшілік журнал
16