4. Мемлекеттік жоғары оқу орындары Қазақстан Республикасының заңнамасында
белгіленген тәртіппен ғылыми зертханаларды, ғылыми-зерттеу институттарын,
тәжірибелік
өндірістерді,
инновациялық
инфрақұрылымның
мамандандырылған
субъектілерін, жобалау-конструкторлық ұйымдарды, сондай-ақ ғылыми-білім беру
консорциумдарын құруға құқылы.
5. Қазақстан Республикасының Үкіметі уәкілетті органның ұсынысы бойынша жоғары
оқу орындарына зерттеу университеті мәртебесін бере алады.
10-бап. Зерттеу университеті
1. Зерттеу университеті Қазақстан Республикасының Үкіметі бекіткен университетті
дамыту бағдарламасын іске асыратын әрі іргелі және қолданбалы ғылыми зерттеулерді
және
өзге
де
ғылыми-техникалық,
тәжірибелік-конструкторлық
жұмыстарды
ұйымдастыруға және жүргізуге қатысатын жоғары оқу орны болып табылады.
2. Зерттеу университетінің негізгі міндеті жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі
білім берудің барлық деңгейінде ғылыми қызмет пен білім беру процесінің интеграциясы
болып табылады.
3. Зерттеу университеті жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім берудің білім
беру бағдарламаларының стандарттарын өз бетінше әзірлейді және іске асырады. Білім
беру бағдарламаларын іске асыру шарттарына және меңгеру нәтижелеріне қойылатын
талаптар жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім берудің мемлекеттік
стандарттармен белгіленетін тиісті бағдарламаларынан төмен бола алмайды.
4. Зерттеу университеті жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру
бағдарламалары бойынша оқуға қабылдау кезінде бейiндiк бағыттың қосымша
талаптарын белгiлеуге құқылы.
11-бап. Ғылым саласындағы өзге де ұйымдар
Қызметінің негізгі түрі ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызмет болып
табылмайтын ұйымдар өздерінің құрылтай құжаттарында бекітілген міндеттерді шешу
мақсатында өз құрылымында ғылыми бөлімшелер құруға құқылы.
4-тарау. ҒЫЛЫМИ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРДІ ӘЛЕУМЕТТІК ҚАМСЫЗДАНДЫРУ
12-бап. Ғылыми қызметкерлерге еңбекақы төлеу
1. Ғылыми зерттеулер жүргізуге арналған мемлекеттік тапсырысты мемлекеттік
бюджеттен орындайтын мемлекеттік ғылыми ұйымдардың және мемлекеттік жоғары оқу
орындарының ғылыми қызметкерлеріне еңбекақы төлеу Қазақстан Республикасының
Үкіметі белгілеген тәртіппен және негіздерде жүргізіледі.
2018.04.07. № 171-VІ ҚР
Заңымен
2-тармақ өзгертілді (
бұр.ред.қара
)
2. Ғылыми-зерттеу және тәжірибелік-конструкторлық жұмыстарға арналған
мемлекеттік тапсырманы немесе мемлекеттік тапсырысты мемлекеттік бюджеттен
орындайтын ғылыми қызметкерлерге ғылыми дәрежелері, дәрежелері үшін ғылым
кандидатына, философия докторына (PhD), бейіні бойынша докторға бір айлық ең төменгі
жалақы және ғылым докторына екі айлық ең төменгi жалақы мөлшерiнде ай сайын
қосымша ақы белгiленедi.
3. Ғылыми зерттеулерді Қазақстан Республикасының аумағында аккредиттелген
ғылыми ұйымдармен немесе жоғары оқу орындарымен бірлесіп орындайтын шетелдік
ғалымдарға, сондай-ақ өз қызметін шетелде жүзеге асыратын қазақстандық ғалымдарға
еңбекақы төлеу олардың біліктілігі ескеріле отырып, шарт негізінде жүзеге асырылады.
13-бап. Ғылыми ұйымдар қызметкерлерінің демалыстары
1. Мемлекеттік ғылыми ұйымдардың және мемлекеттік ғылыми ұйымдарға
теңестірілген ғылыми ұйымдардың ғылыми қызметкерлерiне өздерінің еңбекақы төлеуге
арналған қолда бар қаражаты шегінде сауықтыру үшін бір лауазымдық жалақысы
мөлшерінде жәрдемақы төленіп, ғылым докторларына ұзақтығы - күнтiзбелiк елу алты
күн, ғылым кандидаттарына, философия докторларына (PhD), бейіні бойынша
докторларға - күнтiзбелiк қырық екі күн, өзге де ғылыми қызметкерлерге - күнтізбелiк
отыз бес күн ақы төленетін жыл сайынғы еңбек демалысы беріледі.
Ұжымдық шартта белгіленген жағдайларда, мемлекеттік ғылыми ұйымдарға
теңестірілген ғылыми ұйымдардың ғылыми қызметкерлеріне өздерінің еңбекақы төлеуге
арналған қолда бар қаражаты шегінде сауықтыру үшін екі лауазымдық жалақысы
мөлшерінде жәрдемақы төленіп, ұзақтығы күнтізбелік отыз күн ақы төленетін жыл
сайынғы демалыс берілуі мүмкін.
2. Мемлекеттік ғылыми ұйымдардың ғылыми қызметкерлерiне жетекші жоғары оқу
орындарында, ғылыми орталықтарда және зертханаларда, оның ішінде шетелде
біліктілігін арттыру, тағылымдамадан өту мақсатында бір жылға дейінгі мерзімге демалыс
беріледі. Бұл ретте, демалыс уақытында бұл адамның жалақысы сақталмай, жұмыс орны
мен лауазымы сақталады.
Демалыс берудің тәртібі мен шарттары мемлекеттік ғылыми ұйымдардың ішкі
құжаттарында айқындалады.
14-бап. Ғылыми қызметкерлерді әлеуметтік қорғау шаралары
1. Мемлекеттік ғылыми ұйымдардың, мемлекеттік ғылыми ұйымдарға теңестірілген
ғылыми ұйымдардың, мемлекеттік жоғары оқу орындарының, дауыс беретін
акцияларының (жарғылық капиталға қатысу үлестерінің) елу және одан да көп пайызы
мемлекетке тиесілі жоғары оқу орындарының, сондай-ақ дауыс беретін акцияларының
(жарғылық капиталға қатысу үлестерінің) елу және одан да көп пайызы мемлекетке
тиесілі заңды тұлғаларға дауыс беретін акцияларының (жарғылық капиталға қатысу
үлестерінің) елу және одан да көп пайызы тікелей не жанама түрде тиесілі жоғары оқу
орындарының ғылыми қызметкерлерінің Қазақстан Республикасының заңнамасында
белгіленген тәртіппен және шарттармен тұрғын үймен қамтамасыз етілуге құқығы бар.
2. Мемлекеттік ғылыми ұйымдардың, мемлекеттік ғылыми ұйымдарға теңестірілген
ғылыми ұйымдардың, мемлекеттік жоғары оқу орындарының, дауыс беретін
акцияларының (жарғылық капиталға қатысу үлестерінің) елу және одан да көп пайызы
мемлекетке тиесілі жоғары оқу орындарының, сондай-ақ дауыс беретін акцияларының
(жарғылық капиталға қатысу үлестерінің) елу және одан да көп пайызы мемлекетке
тиесілі заңды тұлғаларға дауыс беретін акцияларының (жарғылық капиталға үлестерінің)
елу және одан да көп пайызы тікелей не жанама түрде тиесілі жоғары оқу орындарының
тұрғын үй жағдайын жақсартуға мұқтаж ғылыми қызметкерлеріне жеке тұрғын үй
құрылысы үшін жер учаскелері тегін беріледі.
3. Мемлекеттік ғылыми ұйымдардың ғылыми қызметкерлері және олармен бірге
тұратын отбасы мүшелері тиісті денсаулық сақтау ұйымдарында белгіленген тәртіппен
медициналық қызмет көрсетуді пайдаланады.
4. Ғылыми қызметкерлерді зейнетақымен және әлеуметтік қамсыздандыру Қазақстан
Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.
15-бап. Ғалымдарды, ғылыми ұйымдардың ғылыми қызметкерлерін көтермелеу
шаралары
1. Көтермелеу мақсатында ғылым мен техниканы дамытуға үлес қосқан ғалымдар,
ғылыми ұйымдардың ғылыми қызметкерлері:
1) Қазақстан Республикасының Президенті тағайындайтын Ғылым мен техника
саласындағы Қазақстан Республикасының мемлекеттік сыйлығын алуға ұсынылуы;