3. Егер Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шартта осы
Заңдағыдан өзгеше қағидалар белгiленсе, онда халықаралық шарттың қағидалары
қолданылады.
2-тарау. МЕМЛЕКЕТТІК ОРГАНДАРДЫҢ ҒЫЛЫМИ ЖӘНЕ (НЕМЕСЕ)
ҒЫЛЫМИ-ТЕХНИКАЛЫҚ ҚЫЗМЕТ САЛАСЫНДАҒЫ ҚҰЗЫРЕТІ
3-бап. Қазақстан Республикасы Үкіметінің құзыреті
Қазақстан Республикасының Үкіметі:
1) ғылым және ғылыми-техникалық қызмет саласындағы мемлекеттік саясаттың
негізгі бағыттарын әзірлейді және оның жүзеге асырылуын ұйымдастырады;
2) әлеуметтік-экономикалық дамудың басымдықтарына сәйкес ғылыми, ғылыми-
техникалық және инновациялық қызметтің басым бағыттарын, сондай-ақ Қазақстан
Республикасындағы стратегиялық, іргелі және қолданбалы ғылыми зерттеулердің басым
бағыттарын айқындайды;
3) Қазақстан Республикасының Президентіне ғылым жөніндегі жыл сайынғы ұлттық
баяндаманы енгізеді;
4) ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызмет субъектілерін аккредиттеу
қағидаларын
бекітеді;
5) Қазақстан Республикасының Үкіметі жанындағы Қазақстан Республикасының
Жоғары ғылыми-техникалық комиссиясын (бұдан әрі - Жоғары ғылыми-техникалық
комиссия) құрады және оның
ережесі
мен
құрамын
бекітеді;
6) ғылым бағыттары бойынша ұлттық ғылыми кеңестерді құрады, ұлттық ғылыми
кеңестердің
тізбесін
,
ережесі
мен
құрамын
бекітеді;
7) Мемлекеттік ұлттық ғылыми-техникалық сараптама орталығын құрады;
8) зерттеу университеті мәртебесін береді және оның даму бағдарламасын бекітеді;
9) мемлекеттік ғылыми-техникалық сараптаманы ұйымдастыру және жүргізу
тәртібін
бекітеді;
10) ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызметті базалық, гранттық және
бағдарламалық-нысаналы қаржыландыру
тәртібін
бекітеді;
11) базалық қаржыландыру субъектілері болып табылатын ұйымдардың
тізбесін
бекітеді;
12) ғылым саласындағы
сыйлықтарды
, мемлекеттік ғылыми стипендияларды
тағайындайды және оларды беру
тәртібін
бекітеді;
13) ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызметті қаржыландыратын заңды
тұлғаларды
айқындайды
;
14) ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызметті базалық қаржыландырудың
нормаларын
бекітеді;
15) 2014.29.09. № 239-V ҚР
Заңымен
алып тасталды
(
бұр.ред.қара
)
16) 2014.29.09. № 239-V ҚР
Заңымен
алып тасталды
(
бұр.ред.қара
)
17) Қазақстан Республикасының
Конституциясында
, Қазақстан Республикасының өзге
де заңдарында және Қазақстан Республикасы Президентінің актілерінде көзделген өзге де
өкілеттіктерді жүзеге асырады.
4-бап. Уәкілетті органның құзыреті
Уәкілетті органның
құзыретіне:
1) 2014.13.01. № 159-V ҚР
Заңымен
алып тасталды
(
бұр.ред.қара
)
2) мемлекеттік бюджеттен қаржыландырылатын іргелі және қолданбалы ғылыми
зерттеулердің ғылыми, ғылыми-техникалық жобалары мен бағдарламаларын үйлестіру;
3) Қазақстан Республикасындағы іргелі және қолданбалы ғылыми зерттеулердің
басым бағыттарын әзірлеу;
4) Жоғары ғылыми-техникалық комиссияның қызметін қамтамасыз ету;
5) мемлекеттік бюджет есебінен іске асырылатын іргелі және қолданбалы ғылыми
зерттеулердің ғылыми, ғылыми-техникалық жобалары мен бағдарламаларын әзірлеуді
және олардың қалыптастыру, орындау және аяқтау сатыларында іске асырылуын жүзеге
асыруды ұйымдастыру;
2014.29.09. № 239-V ҚР
Заңымен
5-1) және 5-2) тармақшалармен толықтырылды
5-1) мемлекеттік бюджеттен қаржыландырылатын ғылыми, ғылыми-техникалық
жобалар мен бағдарламаларды мемлекеттік есепке алу
қағидаларын
және олардың
орындалуы жөніндегі есептерді бекіту;
5-2)
ғылыми
зерттеулерді
және
тәжірибелік-конструкторлық
жұмыстарды
мемлекеттік-жекешелік әріптестік негізінде ұйымдастыру және жүргізу тәртібін бекіту;
6) мемлекеттік ғылыми-техникалық сараптаманы ұйымдастыру және жүргізу
қағидаларын әзірлеу;
7) ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызмет субъектілерін аккредиттеу
қағидаларын әзірлеу, сондай-ақ оларды аккредиттеуден өткізу;
8) 2014.13.01. № 159-V ҚР
Заңымен
алып тасталды
(
бұр.ред.қара
)
9) ұлттық ғылыми кеңестердің қызметін үйлестіру;
10) салалық уәкілетті органдардың ғылыми, ғылыми-техникалық жобалар мен
бағдарламалар шеңберінде жүзеге асыратын жұмысын үйлестіру;
11) мүшелерін сайлау тәртібін қоса алғанда, ғылыми ұйымның консультативтік-
кеңесші органы туралы
үлгі ережені
бекіту;
12) ұжымдық пайдаланымдағы ғылыми зертханалар туралы
үлгі ережені
бекіту;
13) диссертациялық кеңес туралы
үлгі ережені
бекіту;
2018.04.07. № 171-VІ ҚР
Заңымен
14) тармақша өзгертілді (
бұр.ред.қара
)
14) дәрежелер беру
тәртібін
бекіту;
15) ғылыми атақтар (қауымдастырылған профессор (доцент), профессор) беру
тәртібін
бекіту;
2018.04.07. № 171-VІ ҚР
Заңымен
16) тармақша өзгертілді (
бұр.ред.қара
)
16) философия докторы (PhD), бейіні бойынша доктор дәрежесін алу үшін қорғалған
диссертацияларды мемлекеттік тіркеу
тәртібін
бекіту;
17) ұлттық ғылыми кеңестер туралы ережені әзірлеу;
18) ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызметті базалық, гранттық және
бағдарламалық-нысаналы қаржыландыру тәртібін әзірлеу;
19) ғылыми зерттеулерді және тәжірибелік-конструкторлық жұмыстарды мемлекеттік-
жекешелік әріптестік негізінде ұйымдастыру және жүргізу тәртібін әзірлеу;
20) ғылыми, ғылыми-техникалық бағдарлама бойынша бас ұйымды айқындау;
21) өз құзыреті шегінде мемлекеттік ғылыми ұйымдардың басшыларын лауазымға
тағайындау және лауазымнан босату;
22) мемлекеттік бюджеттен қаржыландырылатын ғылыми, ғылыми-техникалық
жобалар мен бағдарламалардың және олардың орындалуы жөніндегі есептердің
мемлекеттік есепке алынуын ұйымдастыру;
23) мемлекеттік бюджеттен қаржыландырылатын, орындалған ғылыми, ғылыми-
техникалық жобалар мен бағдарламалардың есептерін бекіту;
24) осы Заңда, Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында, Қазақстан
Республикасы Президентінің және Қазақстан Республикасы Үкіметінің актілерінде
көзделген өзге де өкілеттіктерді жүзеге асыру кіреді.
5-бап. Салалық уәкілетті органның құзыреті
Салалық уәкілетті органның құзыретіне:
1) ғылым және ғылыми-техникалық қызмет саласында ұсыныстар әзірлеуге және
мемлекеттік саясатты іске асыруға қатысу, тиісті салада ғылыми зерттеулер жүргізу
жөніндегі жұмысты үйлестіру;