«Ғылым туралы» Қазақстан Республикасының 011 жылғы 18 ақпандағы №407-iv заңы (2018. 04. 07. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)



жүктеу 0,55 Mb.
Pdf просмотр
бет1/8
Дата19.01.2020
өлшемі0,55 Mb.
#27103
  1   2   3   4   5   6   7   8


Источник: ИС Параграф WWW 

http:///online.zakon.kz

 

 

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ  



ЗАҢЫ 

  

Ғылым туралы 

(2018.04.07. берілген 

өзгерістер мен толықтырулармен

)

 

  



1-тарау. ЖАЛПЫ ЕРЕЖЕЛЕР

 

1-бап. Осы Заңда пайдаланылатын негізгі ұғымдар

 

2-бап. Қазақстан Республикасының ғылым туралы заңнамасы

 

2-тарау.  МЕМЛЕКЕТТІК  ОРГАНДАРДЫҢ  ҒЫЛЫМИ  ЖӘНЕ  (НЕМЕСЕ)  ҒЫЛЫМИ-



ТЕХНИКАЛЫҚ ҚЫЗМЕТ САЛАСЫНДАҒЫ ҚҰЗЫРЕТІ

 

3-бап. Қазақстан Республикасы Үкіметінің құзыреті

 

4-бап. Уәкілетті органның құзыреті

 

5-бап. Салалық уәкілетті органның құзыреті

 

3-тарау. 

ҒЫЛЫМИ 

ЖӘНЕ 

(НЕМЕСЕ) 

ҒЫЛЫМИ-ТЕХНИКАЛЫҚ 

ҚЫЗМЕТ 

СУБЪЕКТІЛЕРІ

 

6-бап. Ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызмет субъектілері

 

7-бап. Ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызметті жүзеге асыратын 

жеке тұлғалар

 

8-бап. Ғылыми ұйымдар

 

9-бап. Жоғары оқу орындарының ғылыми қызметі

 

10-бап. Зерттеу университеті

 

11-бап. Ғылым саласындағы өзге де ұйымдар

 

4-тарау. ҒЫЛЫМИ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРДІ ӘЛЕУМЕТТІК ҚАМСЫЗДАНДЫРУ

 

12-бап. Ғылыми қызметкерлерге еңбекақы төлеу

 

13-бап. Ғылыми ұйымдар қызметкерлерінің демалыстары

 

14-бап. Ғылыми қызметкерлерді әлеуметтік қорғау шаралары

 

15-бап. Ғалымдарды, ғылыми ұйымдардың ғылыми қызметкерлерін көтермелеу 



шаралары

 

16-бап.  Ғылыми,  ғылыми-техникалық  кадрларды  даярлау,  қайта  даярлау  және 



тағылымдамадан өткізу

 

5-тарау. ҒЫЛЫМИ ЖӘНЕ (НЕМЕСЕ) ҒЫЛЫМИ-ТЕХНИКАЛЫҚ ҚЫЗМЕТТІ БАСҚАРУ

 

17-бап.  Ғылыми,  ғылыми-техникалық  және  инновациялық  қызметті  басқару 

және оның қағидаттары

 

18-бап. Жоғары ғылыми-техникалық комиссия

 

19-бап. Ұлттық ғылыми кеңестер

 

20-бап. Мемлекеттік ұлттық ғылыми-техникалық сараптама орталығы

 

21-бап. Мемлекеттік ғылыми-техникалық сараптама

 

22-бап.  Ғылыми,  ғылыми-техникалық  жобалар  мен  бағдарламаларды  және 



ғылыми  және  (немесе)  ғылыми-техникалық  қызмет  туралы  есептерді 

мемлекеттік есепке алу

 

23-бап.  Ғылыми  және  (немесе)  ғылыми-техникалық  қызмет  субъектілерін 



аккредиттеу

 

6-тарау. 



ҒЫЛЫМИ  ЖӘНЕ  (НЕМЕСЕ)  ҒЫЛЫМИ-ТЕХНИКАЛЫҚ  ҚЫЗМЕТТІ 

ҚАРЖЫЛАНДЫРУ

 

24-бап. Ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызметті қаржыландыру

 

25-бап. Базалық қаржыландыру

 

26-бап. Гранттық қаржыландыру

 

27-бап. Бағдарламалық-нысаналы қаржыландыру

 



7-тарау.  ҒЫЛЫМДЫ  ДАМЫТУДЫ  ЭКОНОМИКАЛЫҚ  ЫНТАЛАНДЫРУ  ЖӘНЕ 

ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ЫНТЫМАҚТАСТЫҚ

 

28-бап.  Ғылыми  және  (немесе)  ғылыми-техникалық  қызмет  нәтижелерін 



коммерцияландыру

 

29-бап. Халықаралық ынтымақтастық

 

8-тарау. ҚОРЫТЫНДЫ ЕРЕЖЕЛЕР

 

30-бап.  Қазақстан  Республикасының  ғылым  туралы  заңнамасын  бұзғаны  үшін 



жауаптылық

 

31-бап. Осы Заңды қолданысқа енгізу тәртібі

 

 

 

  



2013.04.07. № 131-V ҚР 

Заңымен

 бүкіл мәтін бойынша «мемлекеттiк-жеке әрiптестiк», 

«мемлекеттiк-жеке  әрiптестiкті»  деген  сөздер  тиісінше  «мемлекеттік-жекешелік 

әріптестік»,  «мемлекеттік-жекешелік  әріптестікті»  деген  сөздермен  ауыстырылды 

(

бұр.ред.қара

)

 

  



Осы  Заң  ғылым  және  ғылыми-техникалық  қызмет  саласындағы  қоғамдық 

қатынастарды  реттейдi,  Қазақстан  Республикасы  ұлттық  ғылыми  жүйесінің   жұмыс 

істеуінің және оны дамытудың негізгі қағидаттары мен тетіктерін айқындайды. 

  

  



1-тарау. ЖАЛПЫ ЕРЕЖЕЛЕР 

  

1-бап. Осы Заңда пайдаланылатын негiзгi ұғымдар 

Осы Заңда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады: 

1)  аккредиттеу  -  нәтижесінде  ғылыми  және  (немесе)  ғылыми-техникалық  қызмет 

субъектілері  өз  қызметінің  Қазақстан  Республикасының  заңнамасында  белгіленген 

талаптар мен стандарттарға сәйкестігін ресми тануды иеленетін рәсім;  

2) ғалым - ғылыми зерттеулерді жүзеге асыратын әрі ғылыми және (немесе) ғылыми-

техникалық қызмет нәтижелеріне қол жеткізетін жеке адам; 

3) ғылым - функциясы табиғи байлықтарды ұтымды пайдалану және қоғамды тиімді 

басқару  мақсатында  табиғат,  қоғам  және  ойлау  заңдарын  зерделеу,  болмыс  туралы 

объективті білімді тұжырымдау және теориялық жағынан жүйелеу болып табылатын адам 

қызметінің саласы; 

4) ғылым жөніндегі ұлттық баяндама  - әлемдік және ұлттық ғылымның жай-күйі мен 

даму  үрдістерін  талдауды,  Қазақстан  Республикасының  ғылыми-техникалық  әлеуетін 

жетілдіру  жөніндегі  ұсыныстарды,  ғылымды  дамытудың  басым  бағыттарын  негіздеуді 

қамтитын жыл сайынғы есеп; 

5)  ғылыми-білім  беру  консорциумы  -  ғылыми  ұйымдар,  жоғары оқу  орындары  және 

басқа  да  заңды  тұлғалар, оның  ішінде  өндіріс  саласында  жұмыс  істейтін  басқа  да  заңды 

тұлғалар 

іргелі, 


қолданбалы 

ғылыми 


зерттеулерді 

жүргізу, 

технологиялық 

инновацияларды  әзірлеу  және  жоғары  білікті  мамандарды  даярлау  үшін  зияткерлік, 

қаржылық  және  өзге  де  ресурстарды  біріктіретін  бірлескен  шаруашылық  және  ғылыми 

қызмет туралы шарт негізіндегі ерікті тең құқықты уақытша бірлестік;  

6)  ғылыми,  ғылыми-техникалық  бағдарлама  бойынша  бас  ұйым  -нысаналы  ғылыми, 

ғылыми-техникалық  бағдарламаны  іске  асыруға  арналған  конкурстың  қорытындылары 

бойынша  мемлекеттік  уәкілетті  орган  айқындайтын  әрі  іргелі  және  қолданбалы 

зерттеулердің  ғылыми,  ғылыми-техникалық  бағдарламасын  іске  асыруды  сүйемелдеуді 

және  орындалатын  бағдарламаның  шеңберінде  орындаушы  ұйымдардың  қызметін 

үйлестіруді жүзеге асыратын заңды тұлға; 

7)  ғылыми,  ғылыми-техникалық  жоба  мен  бағдарлама  -  болжанған  ғылыми-

техникалық  жұмыс  мазмұнын  қамтитын,  жоспарланған  жұмыстарды  жүргізудің 




жүктеу 0,55 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау