Факультетінің деканы


Дәрістік кешен (дәріс тезистері, көрнекілік, таратылу материалдары, қажетті әдебиет тізімі)



жүктеу 0,83 Mb.
бет7/10
Дата10.11.2018
өлшемі0,83 Mb.
#18791
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10

Дәрістік кешен (дәріс тезистері, көрнекілік, таратылу материалдары, қажетті әдебиет тізімі).

Дәріс 1

Тақырыбы: Пәнге кіріспе

Қарастырылатын сұрақтар:

  1. Пәннің мақсаты мен міндеттері.

  2. Қазақ әдебиетін оқыту әдістемесі ғылымының ғылыми-теориялық негіздері

Мақсаты: Курстың жалпы құрылымын, оқу материалдарының мазмұнын түсіндіру. Қазақ әдебиетін оқыту әдістемесі ғылымының туу, қалыптасу және даму кезеңдері, зерттелу тарихыана мағлұмат беру.
«Ұлттық бәсекелестік қабілеті бірінші кезекте оның білімділік деңгейімен айқындалады. Әлемдік білім кеңістігіне толығымен кірігу білім беру жүйесін халықаралық деңгейге көтеруді талап ететіні сөзсіз» - деген Елбасының Қазақстан халқына жолдауы (19 наурыз 2004) білім беру ісіне үлкен міндеттер жүктейді. Әдебиетті оқыту әдістемесі пәнінің мақсаты: әдебиетті адамзаттың ғасырлар бойы жасалған мұрасы сөз өнері әрі ғылым ретіндегі ерекшеліктеріне сүйене отырып, оны халқымыздың «Көркем тарихы», «Өмір оқулығы» дәрежесінде оқып-үйрету: Әдебиетті өмірмен байланыстыра, өзіндік табиғатын аша отырып, адамзат тарихымен тығыз сабақтастығын айқындау; әдебиетті оқыту әдістемесінің теориялық, методологиялық негіздері. Тарих, тіл білімі, музыка, философия, бейнелеу өнері, әдебиеттану, эстетика, педагогика, психология т.б. ғылым салаларымен байланыстылығы қарастырылды.
Дәріс 2

Тақырыбы: Қазақ әдебиетін оқыту әдістемесінің ғылым ретінде қалыптасуы.

Қарастырылатын сұрақтар:

1. Қазақстандағы оқыту жүйесінің қысқаша тарихы.

2. Қазақтың ағартушы демократтарының халық санасын оятуға қосқан үлесмі.

3. ХХ ғасырдың бас кезіндегі Қазақстанда мектептік білім жүйесінің түрлері.



Мақсаты: Қазақ әдебиетін оқыту әдістемесі ғылымынан қалыптас у тарихына шолу жасау. Ғылыми-теориялық негіздерін талдау.
Қазақстандағы оқыту жүйесіне тікелей Ресейдің отаршылық саясатының әсері. 19 ғ. екінші жартысындағы Троицк, Торғай, Орда, Ырғыз, Қазанда, Перовскіде орыс-қазақ мектептерінің ашылуы. 1876 жылы Қазан мұғалімдер семинариясының директоры И.Н.Ильминскийдің ұсынысымен Ы.Алтынсариннің орыс алфавитімен ауылдық мектептер ашуы. И.Гаспринский негізін салған үлгідегі жәдит мектептері, медреселік білім беру жүйесі, оның прогресшіл жақтары. Жалпы білім беруде дін сабақтарымен бірге басқа пәндердің орын алуы; Ана тілінің үздіксіз оқу мәселесінің көрсетілуі, оқу құралдарын жасауға бағытталуы: ХХ ғасырдың басында Қазақстанда мектеп қажетін өтеудегі оқу материалы ретінде орыс әдебиеті шығармаларына аудармалардың хрестоматиялық оқулықтар түрінде берілуі: Қазақ әдебиеті пәнінің әдеби-білі негіздері қазақ баспасөзі «Айқап» журналы «Қазақ газеттерінде» көрініс табуы.

3 дәріс. Тақырыбы: Әдебиет курсының мазмұны мен құрылысы Қарастырылатын сұрақтар: 1.Әдебиеттің тарихы, теориясы, сыны, оқыту әдістемесі ғылымының кәсіби білімді тереңдету мақсатын көздей отырып, теориялық, методологиялық принциптерге негізделуі. 2.Әдебиет пәні бағдарламасының мемлекеттік құжат ретіндегі рөлі; Бағдарламаның білімділік негізі жоғары мектептің әдебиеттану, педагогика, психология, филология, оқыту әдістемесі т.б. ғылымдардың өзара байланыс, сабақтастығы; Мақсаты: мектептегі әдебиет курсының мазмұныны мен құрылысының теориялық және практикалық маңызын меңгерту

Әдебиеттің тарихы, теориясы, сыны, оқыту әдістемесі ғылымының кәсіби білімді тереңдету мақсатын көздей отырып, теориялық, методологиялық принциптерге негізделуі. Әдебиет пәні бағдарламасының мемлекеттік құжат ретіндегі рөлі; Бағдарламаның білімділік негізі жоғары мектептің әдебиеттану, педагогика, психология, филология, оқыту әдістемесі т.б. ғылымдардың өзара байланыс, сабақтастығы; Әдістеменің даму тарихында қалыптасу, үрдісінде әдеби білім беру негізгі қағида болып табылатын оқу бағдарламаларымен оқулықтар жасау әдебиет сабағын оқытуды жетілдіру сияқты мәселелері әдебиет пәні құрылымын құрайды. Бүгінгі күн талабына сай, білім беру саясатының тұжырымдамасына сәйкес шығармашылық тұрғыда ойлай алатын танымдық мәдениеті биік, ұлттық мәдениетті жете меңгерген жеке тұлғаны тәрбиелеудегі әдебиеттің рөлін дамыту мәселелері. Базалық білім беру және тарихи-әдеби курстар негізіндегі әдеби білім берудің дамыта оқыту (сатылай, сұрыптай оқыту) көрнекілік, саналылық пен белсенділік, жүйелілік пен бірізділік т.б. принциптері. Ерекшелігі әдебиет пәні бағдарламаларын мемлекеттік білім стандарты талаптарына сай жетілдіру, білім мазмұны жаңарту бағытындағы соңғы кездегі әдіскер ғалымдардың ізденістері.

4 дәріс сабақ.



Тақырыбы: Әдебиет курсының мазмұны мен құрылысы Қарастырылатын сұрақтар: Базалық білім беру және таихи-әдеби курстар негізіндегі әдеби білім берудің дамыта оқыту (сатылай, сұрыптай оқыту) көрнекілік, саналылық пен белсенділік, жүйелілік пен бірізділік т.б. принциптері. Әдебиет пәні бағдарламаларын мемлекеттік білім стандарты талаптарына сай жетілдіру, білім мазмұны жаңарту бағытындағы соңғы кездегі әдіскер ғалымдардың ізденістері.Әдебиетке байланысты жүргізілетін лекция, тәжірибелік сабақтардың білімділік, тәрбиелік міндеттерін жетілдіру Мақсаты: мектептегі әдебиет курсының мазмұныны мен құрылысының теориялық және практикалық маңызын меңгерту

Әдебиетке байланысты жүргізілетін лекция, тәжірибелік сабақтардың білімділік, тәрбиелік міндеттерін жетілдіру; Оқу аймағына кіретін әдеби материалдардың мазмұны. Көркем шығарманы оқып-үйренуде оның идеялық-көркемдік ерекшелігіне баса назар аударылатыны. Пәнаралық байланыс.Оның әдеби білім беру процесіндегі шешуші ролі. Жоғары сыныптардағы (Х-ХІ) тарихи-әдебиеттік курстың базалық білім курсымен (Ү-ІХ) тығыз сабақтастығы. Әдебиеттің тарихи курсының аталған сыныптарда кезең-кезеңімен белгілі бір хронологиялық жүйеде оқылатыны. Базалық білім курсынан тарихи-әдебиеттік курсқа өту процесінде әдеби білім көлемінің бірте-бірте ұлғая, күрделене түсетіндігі. Әдебиетті оқытудың шығармашылық сипатын күшейту үнемі жүйелі педагогикалық ықпал жасаудың жолдары, жаңа технологиялардың оқу үрдісіне енуін қамтамасыз ету мәселесі; Ақын-жазушының өмірі, шығармалары, әдебиеттің тарихи курсы белгілі бір кезеңдерге бөлініп хронологиялық жүйемен оқытылатыны; Әдебиет туындыларының идеялық-көркемдік ерекшеліктеріне сай сараланып, жан-жақты талдаулар жасалатыны; Шетел және туыстас халықтар әдебиетін оқытудың өзіндік ерекшеліктері, аударма шығармалардың мәні-маңызы әдеби байланыстар. Көркем шығарманы оқып-үйренуде оның идеялық-көркемдік ерекшелігіне баса назар аударылатыны;


5 дәріс сабақ. Тақырыбы: Жоғарғы сыныптардағы тарихи-әдеби оқу курсы.

Қарастырылатын сұрақтар: Проблмалық оқытудың эпикалық шығармаларды меңгерудегі тиімділігі, іздену, зерттеу, өзіндік жұмыстарының өзіндлік көзқарастарының басымдылығы. Эпикалық шығармаларды оқытудағы тиімді әдістемелік тәжірибелер. Мақсаты: жоғары сыныптардағы әдеби тарихи курстарды оқытудың теориялық негіздерін меңгерту

Х-ХІ сыныптар курсы. Тарихи-әдебиеттік курсты оқытуда Х-ХІ сынып оқушыларының жас ерекшелігін ескеру қажеттігі. Жоғары сыныптардағы (Х-ХІ) тарихи-әдебиеттік курстың базалық білім курсымен (Ү-ІХ) тығыз сабақтастығы. Әдебиеттің тарихи курсының аталған сыныптарда кезең-кезеңімен белгілі бір хронологиялық жүйеде оқытылатыны. Базалық білім курсынан тарихи-әдебиеттік курсқа өту процесінде әдеби білім көлемінің бірте-бірте ұлғая, күрделене түсетіндігі. Ақын-жазушалардың өмірі мен шығармашылығы және нақты шығармасы идеялық-көркемдік ерекшеліктеріне сай сараланып, жан-жақты талданатыны. Х-ХІ сыныптардағы әдеби материалдардың шолу және монографиялық формада болуының негізгі себептері. Х-ХІ сыныптар үшін ұсынылған әдеби шығармаларды мүмкіндігіне қарай тұтастай оқу. ХІ сынып білім мазмұны ХХ ғасырдың басынан бүгінге дейінгі қазақ әдебиеті туралы толық мәлімет береді. Оның салаларының, жанрларының жан-жақты қамтылуы. Жоғары сыныптарда әдебиетті оқытуда әдебиеттану ғылымының жетістіктерін пайдаланудың тиімді жақтары. Шетел және туыстас халықтар әдебиетін оқыту ерекшеліктері.


6 дәріс сабақ.

Тақырыбы: Әдебиетті оқытуда базалық білім курсы мен тарихи-әдеби курсты жоспарлау әдістері.

Қарастырылатын сұрақтар: Сабақта өтілетін көркем шығарманы алдын-ала жоспарлаудың оқушының жүйелі әдеби-эстетикалық түсінігі қалыптастыруындағы ролі. Календарлық, тақырыптық, сабақ жоспарларын жасау әдістемесі. Тақырыптық және сабақ жоспарларының құрылымы. Сабақ түрлері. Мұғалімнің сабаққа әзірлігіне қойылатын талаптар. Мақсаты: Қазақ әдебиетін оқытудағы базалық білім мен тарихи-әдеби курсты жоспарлаудың өзіндік ерекшеліктерін меңгерту.

Сабақта өтілетін көркем шығарманы алдын-ала жоспарлаудың оқушының жүйелі әдеби-эстетикалық түсінігі қалыптастыруындағы ролі. Календарлық, тақырыптық, сабақ жоспарларын жасау әдістемесі. Тақырыптық және сабақ жоспарларының құрылымы. Сабақ түрлері. Жаңа сабақ, қайталау, тексеру, бекіту сабақтары Дәстүрлі емес сабақтар: экскурсия, баспасөз, сайыс, дуэт, кітапханалық, мұражайда өтетін сабақтар т.б. Мұғалімнің сабаққа әзірлігіне қойылатын талаптар. Әдебиет оқулықтары мен оқу құралдарын Олардың педагогикалық-психологиялық, оқыту әдістемесі ғылымдарының соңғы жетістіктеріне сай жетілдіріліп, толықтырылып отыратыны. Оқулыққа енгізілген шығармалардың оқушылардың жас ерекшелігіне, оқырмандық қызығушылығына сәйкестендірілуінің маңызы. Мектептік функционалдық қызметінің толықтығының сақталуы, білімді ізгілендіруі, оқу-тәрбие ісін демократияландыру, әдеби білімнің жүйелілігі мен үзіліссіздігі, ғылымилығы, оқушы жас ерекшелігіне лайықтығы, түсініктілігі, тарихилық ұстанымы, пәнаралық байланыс т.б. Көркем мәтінді меңгертуде мәнерлеп оқи білуге үйретудің маңызы. Мазмұндау, оның түрлері. Мәтінді меңгертудің талдау-жинақтау арқылы жүргізілетіні.

7 дәріс сабақ.

Тақырыбы: Әдебиетті оқыту әдістері

Қарастырылатын сұрақтар: Оқыту әдістемесі бойынша теориялық және практикалық әдістерді жүйелеу; оқыту әдістерінің дәстүрлі және жаңа тәсілдерін меңгеру; Оқыту әдістері мен тәсілдерінің көптүрлілігі. Творчестволық оқу-әдісі; түсіндірмелі-иллюстративті әдіс, проблемалы әдіс, Эвристикалық оқу әдісі; Зерттеп оқу әдісі; репродуктивті әдіс, интеграциялап оқыту, т.б. Теориялық білім алуға бағытталған әдістер; ақпаратты беру және алу жолын қамтамасыз ету; информация; Көркем шығарманы жанрлық ерекшелігіне байланысты оқыту барысындағы әдіс-тәсілдер. Мақсаты: Қазақ әдебиетін оқыту әдістемесі бойынша теориялық және практикалық әдістерді меңгерту

Оқыту әдістемесі бойынша теориялық және практикалық әдістерді жүйелеу; оқыту әдістерінің дәстүрлі және жаңа тәсілдерін меңгеру; Әдебиетті өнер табиғатына сай оқи білу; шығарма әлеміне ену, оны идеялық эстетикалық мән-мағынасына терең бойлап, қабылдай білу мәселелері, И.Я.Лернер, М.Н.Скаткин, Ю.К.Бабанский т.б. ғалымдар ұсынған оқыфту әдістерінің жүйесі, (топтан беру мәселесі) оқытудың ауызекі әдістері; әңгіме, баяндау, лекция, сұхбант т.б.Әдеби білімді бекітудегі ауызша, жазбаша әдеби жаттығулар, баяндама, реценция, реферат қорғау, т.б. рөлі. Оқытудың көрнекілік әдістері, иллюстрация, ауызша әдеби журналдар, телесабақтар, мұражайлық кино – сабақтар т.б. Зерттеу іздендіру бағытындағы проблемалық жүйесі, тапсырмалар қашықтан оқыту, электронды оқулықтарды пайдалану; Оқыту әдістері мен тәсілдерінің көптүрлілігі. Творчестволық оқу-әдісі; түсіндірмелі-иллюстративті әдіс, проблемалы әдіс, Эвристикалық оқу әдісі; Зерттеп оқу әдісі; репродуктивті әдіс, интеграциялап оқыту, т.б. Теориялық білім алуға бағытталған әдістер; ақпаратты беру және алу жолын қамтамасыз ету; информация; Көркем шығарманы жанрлық ерекшелігіне байланысты оқыту барысындағы әдіс-тәсілдер;

8 дәріс сабақ. Тақырыбы: Әдебиетті оқыту әдістері

Қарастырылатын сұрақтар: Білім берудің сапасын арттыруда дәстүрлі әдістер мен қатар тиімді жоғары жаңа педагогикалық технологияның түрлерін дамыту; В.П.Беспалько, М.В.Кларин, Х.С.Сулейменов еңбектеріне шолу; Саралай, дамыта оқыту мәселелері; Нәтижелі оқыту; Модульдік оқыту; Модульдің мазмұны оқу процесінде бірнеше блокқа жіктелетіні; информация блогы; проблмалық тапсырма блогы т.б. Әр модуль бағдарлама мен жұмыстың орындалуына бағыт беретін әдістемелік нұсқаулардан құралуы, модуль бағдарламасы, П.Юцявичене, В.Л.Белова, Г.В.Лаврентьев, М.Чошанов, М.Мусин, Г.Нұрғалиев т.б. еңбектерімен танысу; Мақсаты: Қазақ әдебиетін оқыту әдістемесі бойынша теориялық және практикалық әдістерді меңгерту
Білім берудің сапасын арттыруда дәстүрлі әдістер мен қатар тиімділігі жоғары жаңа педагогикалық технологияның түрлерін дамыту; В.П.Беспалько, М.В.Кларин, Х.С.Сулейменов еңбектеріне шолу; Саралай, дамыта оқыту мәселелері; Нәтижелі оқыту. Модульдік оқыту. Модульдің мазмұны оқу процесінде бірнеше блокқа жіктелетіні; информация блогі, проблемалық тапсырма блогі, қорыту, жинақтау блогы, білім іскерлікті тексеру, бағалау блогы т.б. Әр модуль бағдарлама мен жұмыстың орындалуына бағыт беретін әдістемелік нұсқаулардан құралуы, модуль бағдарламасы, П.Юцявичене, В.Л.Белова, Г.В.Лаврентьев, М.Чошанов, М.Мусин, Г.Нұрғалиева т.б. еңбектерімен танысу; Көркем шығарманы жанрлық ерекшелігіне байланысты оқыту барысындағы әдіс-тәсілдер: ғылыми-зертту сипатындағы әдеби тапсырмалар, Болжам оны дәлелдеу, салыстыру тәжірибе жасау т.б. Білімді толықтыру жаңғырту мақсатындағы өзіндік жұмыстарының ізденушілік, зерттеушілікке бағыттайтындығы;
9 дәріс сабақ. Тақырыбы: Эпикалық шығармаларды оқыту. Дәріс мазмұны: Проблмалық оқытудың эпикалық шығармаларды меңгерудегі тиімділігі, іздену, зерттеу, өзіндік жұмыстарының өзіндлік көзқарастарының басымдылығы. Эпикалық шығармаларды оқытудағы тиімді әдістемелік тәжірибелер. Мақсаты: Қазақ әдебиеті пәнінен эпикалық туындыларды оқытудың тиімді әдіс-тәсілдерін меңгерту

Проблмалық оқытудың эпикалық шығармаларды меңгерудегі тиімділігі, іздену, зерттеу, өзіндік жұмыстарының өзіндлік көзқарастарының басымдылығы. Проблемалық сұрақтардың қызметі, проблемалық ситуацияны шешудегі ой белсенділігі, әр түрлі болжамдарды ғылыми негізде саралау, жүйелеу. Көркем шығарманың ккөркемдік құндылығы жан-жақты шығармашылықпен талдау арқылы ашылатыны. Шығарманың сюжеттік-композициялық желісіне талдау жасаудың жолдары көркем мәтінмен жүргізілетін кіріспе жұмыстар, жай, күрделі, сюжеттік-композициялық, мінездемелік әр түрдегі жоспар құру, әдеби сұрақтар мен тапсырмалар түзу т.б. Эпикалық шығармаларды оқытудағы тиімді әдістемелік тәжірибелер.

10 дәріс сабақ. Тақырыбы: Драмалық шығармаларды оқыту Қарастырылатын сұрақтар: Драмалық шығармалардың жанрлық ерекшеліктеріне және заңдылықтарымен таныстыру; Драмалық туындылардың жанрлық табиғатына сай мәтінмен жүргізілетін жұмыстар; Авторлық идеялық – эстетикалық шешімін табу: Драмалық шығармаларға тікелей қатысты акт, көрініс, монолог, диалог, шегініс, ремарка, тартыс т.б. әдеби-теориялық ұғымдар қызметі. Мақсаты: Қазақ әдебиетін оқытуда дрмалық шығармаларды оқыту жолдары мен әдіс-тәсілдерін меңгерту. Драмалық шығармалардың жанрлық ерекшеліктеріне және заңдылықтарымен таныстыру; Драмалық туындылардың жанрлық табиғатына сай мәтінмен жүргізілетін жұмыстар; Авторлық идеялық – эстетикалық шешімін табу: Драмалық шығармаларға тікелей қатысты акт, көрініс, монолог, диалог, шегініс, ремарка, тартыс т.б. әдеби-теориялық ұғымдар қызметі. Драмадағы кейіпкерлердің іс әрекеті, белгілі бір жүйемен, бір арнаға өрбіп дамуы; Драмалық шығармалардың көркемдік ерекшеліктеріне талдау барысында өткір сюжет, шиеленісті тартыс, қарама-қайшылықтарды драмағ кейіпкерінің табиғатына сай көрсете білу; Драмалық образ, оның көркемдік бітіміне тән ерекшеліктерге назар аударту; Пьесаны сахналық қойылымға айналдырудағы драматург, режиссер, актер, суретші еңбегі. Драмалық қойылымдағы декорация, музыкалық көркемдеу т.б. жұмыстардың пьеса мазмұнын күшейтудегі қызметі. Драмалық шығармаларды оқытудағы әдістемелік тәжірибелер.

11 дәріс сабақ. Тақырыбы: Әдебиет сабақтарында көркем шығармамен жұмыс істеу кезеңдері Қарастырылатын сұрақтар: Көркем шығарманы оқып меңгеруге байланысты жұмыс түрлері, кіріспе сабақтар. Ерекшелігі, сабақ процесіндегі алатын орны. Көркем шығарманың жанрлық ерекшелігіне қатысты мәселелер: Кіріспе әңгіме арқылы көркем туындыға жете назар аудартудың жолдары; Шығарманың тақырыбы мен мазмұнын ұғынуға қажетті мәліметтердің берілуі. Ақын жазушылардың өмірбаянына байланысты жеке деректер, мәліметтер, тарихи фактілердің кіріспе сабақтарда жан-жақты қарастырылуы. Мақсаты: Қазақ әдебиеті оқытуда стеднттерге көркем шығарма мен жұмыс істеу кезеңдерінің теориялық және практикалық кезеңдерін меңгерту Көркем шығарманы оқып меңгеруге байланысты жұмыс түрлері, кіріспе сабақтар. Ерекшелігі, сабақ процесіндегі алатын орны. Көркем шығарманың жанрлық ерекшелігіне қатысты мәселелер: Кіріспе әңгіме арқылы көркем туындыға жете назар аудартудың жолдары; Шығарманың тақырыбы мен мазмұнын ұғынуға қажетті мәліметтердің берілуі. Ақын жазушылардың өмірбаянына байланысты жеке деректер, мәліметтер, тарихи фактілердің кіріспе сабақтарда жан-жақты қарастырылуы. Әдеби материалдарды ұтымды сұрыптап, ең маңызды үлгі-мысалдарды жазушы шығармашылығынад суреттелген кезеңмен байланыстыра қамтып, суреткердің әдебиеттен алатын орнын, азаматтық тұлғасын таныту. Шолу тақырыптарын оқытуда сол дәуірдің тарихи-әлеуметтік жағдайына көркем әдебиеттің сабақтастық байланысына сипаттама беру; Оқылатын тақырыпқа сай қосымша әдебиеттер пайдаланудың тиімділігі; Шолу тақырыптарының түрлері, олар бойынша жүргізілетін жұмыстар, көркем шығармалардың негізгі тақырыптары, идеялық-эстетикалық мазмұны мен маңызы, жанры жайында түсініктердің берілуі; Шолу тақырыптарын өтуде көрнекіліктердің рөлі, теле-сабақтар, мұражайлық сабақтар т.б. шолу тақырыптарын оқыту әдістемесі туралы еңбектерді пайдаланудың жолдары;

12 дәріс сабақ. Тақырыбы: Әдебиет сабақтарында көркем шығармамен жұмыс істеу кезеңдері Қарастырылатын сұрақтар: Шолу тақырыптарын оқытуда сол дәуірдің тарихи-әлеуметтік жағдайына көркем әдебиеттің сабақтастық байланысына сипаттама беру; Оқылатын тақырыпқа сай қосымша әдебиеттер пайдаланудың тиімділігі; Шолу тақырыптарының түрлері, олар бойынша жүргізілетін жұмыстар, көркем шығармалардың негізгі тақырыптары. Мақсаты: Қазақ әдебиеті оқытуда стеднттерге көркем шығарма мен жұмыс істеу кезеңдерінің теориялық және практикалық кезеңдерін меңгерту Әдеби сын зерттеу еңбектерін көркем туындымен бірлікте қарастыру, өзіндік ерекшеліктері, шығарманы оқытуда әдеби-сын еңбектерді пайдаланудың қажеттілігі; Әдебиет теориясынан берілетін ұғымдар; көркем шығарманытанытудың құралы, жазушының сөз қолданыс шеберлігін айқындайтын, әдеби-теориялық ұғымдарды меңгертудің әдіс-тәсілдері. Әдеби-теориялық ұғымдар жүйелі түрде, көркем шығармамен тығыз байланыста оқытылуы. Көркем шығарманың көркемдік компоненттері, тіл көркемдігі мен сөйлем, стиль ерекшеліктері, өлең құрылысы туралы; Қ.Жұмалиевтың 1938 жылы жарық көрген «Әдебиет теориясы» еңбегінің бүгінгі әдебиеттану ғылымының әдебиет теориясына қатысты еңбектердің дамуына негіз болатындығы; Әдебиет теориясын оқытуға қатысты еңбектерге шолу; Көркем мәтімнмен жұмыс түрлері; көркем мәтінді талдау мәселесі; оқыту әдістерінің тлдау нәтижелерінің мазмұнына қарай берілетіні; Қорытынды сабақтар: Бұл сабақтардың кіріспе сабақтармен, көркем мәтімен жұмыс кезеңімен тығыз байланысы; қорытынды сабақтардың көркем шығарманы түсініп талдаудың шешуші кезеңі екендігі; Алдынғы сабақтарда берілген әдеби білімнің қорытынды сабақтарда бекітілетіні; іздену, зерттеу жұмыстары, шығармашылықпен іске асырылатындығы. Әдеби бағыттар. Бұл бағыттардың дамуы мен қалыптасуындағы тарихи-әлеуметтік себептер; әдеби шығармадағы реализм, романтизм ұғымдарының көрінісі;

13 дәріс сабақ. Тақырыбы:Әдебиет пәні мұғалімінің жұмыс жоспарлары Қарастырылатын сұрақтар: Жалпы білім беретін орта мектептердің жылдық немесе жарты жылдық оқу жоспарларының болатындығы. Орта білім беретін оқу орындарының жұмыс жасау ырғағына сай, әдебиет пәні мұғалімінің де өзіндік қызмет тәртібі, іс-жоспарларының жасалатындығы. Оның әдебиет пәні мұғалімінің білім-білік қорына, жоғапры оқу орындарында жүріп, бойына сіңірген педагогтік тәжірибе-дағдыларына, эстетикалық таным-түйсіктеріне тікелей қатыстылығы. Мақсаты: Студенттерге қазақ әдебиеті пәні мұғаліәмінің басты құжаттарының құруды үйрету, олардың мән-маңызын меңгерту Жалпы білім беретін орта мектептердің жылдық немесе жарты жылдық оқу жоспарларының болатындығы. Орта білім беретін оқу орындарының жұмыс жасау ырғағына сай, әдебиет пәні мұғалімінің де өзіндік қызмет тәртібі, іс-жоспарларының жасалатындығы. Оның әдебиет пәні мұғалімінің білім-білік қорына, жоғапры оқу орындарында жүріп, бойына сіңірген педагогтік тәжірибе-дағдыларына, эстетикалық таным-түйсіктеріне тікелей қатыстылығы.

14 дәріс сабақ. Тақырыбы: Лириканы оқыту Қарастырылатын сұрақтар: Лириканы оқыту әдістемесі шығарманың тақырыптық-идеялық мазмұнына, эстетикалық көркемдік қуатына сай белгіленетіндігі; Ақынның өзүні, әуезі, барлық поэзияға құмартушылардың үніне айналуы. Мәнерлеп оқудың лириканы оқып-үйренудегі ызметі.

Мақсаты: қазақ әдебиеті пәнінде лирикалық шығармалардың өзіндік ерекшеліктері мен заңдылықтарын меңгерту, оны оқытудың әдіс-тәсілдерін үйрету Лириканы оқыту әдістемесі шығарманың тақырыптық-идеялық мазмұнына, эстетикалық көркемдік қуатына сай белгіленетіндігі; Ақынның өзүні, әуезі, барлық поэзияға құмартушылардың үніне айналуы; Лириканы қабылдау ұғыну, түсіну, өлең құдіретін пайымдау т.б. (Л.В.Тодоров пікірі). Мәнерлеп оқудың лириканы оқып-үйренудегі ызметі. Лириканың табиғаты, сипаты, түрлері, В.Г.Билинский, Қ.Жұмалиев, З.Қабдолов, Ә.Тәжібаев пікірлеріне шолу; Лириканы оқытудағы мазмұн мен форма бірлігі, идеялық-эстетикалық талдау тұтастығын қамтамасыз ету; өлеңді қабылдадаудағы эмоциялық және логикалық бірлік. Лирикалық қаһарман, лирикадағы әсемдік идея, тақырып, лирикадағы сюжет мәселесінің өзіндік ерекшелігі. Лирикалық шығарманың қадір-қасиетін, азаматтық үн, әлеуметтік мазмұндағы астарлы ой-пікірді тану, эстетикалық-эмоциялық сезінудің оқу арқылы іске асырылуы; мәтінді оқу түрлері (сазына келтіріп мәнерлеп оқу, дауыстап оқу, іштей оқу, рөльдреге бөліп оқу т.б.). Лирикалық өлеңнің ақын шығармашылығымен тығыз бірлікте жан-жақты талданатыны.

15 дәріс сабақ. Тақырыбы: Әдебиет сабағы Қарастырылатын сұрақтар: Егеменді еліміздегі білім беру жүйесін реформалау мәселесінің жүзеге асуы; Сабақ оқу-тәрбие процесінің ең негізгі құрылымдық өлшеуіші екендігі; Әдебиет сабағының көркем шығарманы өнер туындысы ретінде танымдық, тәрбиелік мәнін терең бағалап, танытудағы орны. Әдебиет оқулықтары, оқу құралдарымиен ғылыми-танымдық бағытында жұмыс істей білу; Олардың оқыту әдістемесің, педагогика, психология ғылымдарының жетістктеріне сай үнемі толықтырылып отыратындығы. Дәстүрлі емес сабақ түрлері. Бүгінгі сабаққа қойылатын талаптар. Мақсаты: Әдебиет сабағының жалпы құрылымдық ерекшеліктерін, әр сбақтың өзіндік мақсат-міндеттерін меңгерту Егеменді еліміздегі білім беру жүйесін реформалау мәселесінің жүзеге асуы; Білім беру жүйесін реформалаудың нәтижелі болуы білім беру саласындағы дүниежүзілік тәжірибені игеру, Қазақстандағы білім беру ісіне халықаралық тәжірибені ендірудің педагогикалық жолдары. Сабақ оқу-тәрбие процесінің ең негізгі құрылымдық өлшеуіші екендігі; Жастарды жан-жақты тәрбиелеудегі психологиялық-дидактикалық жүйе болып табылатындығы; Әдебиет сабағының көркем шығарманы өнер туындысы ретінде танымдық, тәрбиелік мәнін терең бағалап, танытудағы орны. Әдебиет оқулықтары, оқу құралдарымиен ғылыми-танымдық бағытында жұмыс істей білу; Олардың оқыту әдістемесің, педагогика, психология ғылымдарының жетістктеріне сай үнемі толықтырылып отыратындығы. Әр сабақтың білімділік, тәрбиелік бағыт-бағдары, үзіліссіз, біртұтас білімдік жүйе екендігі; Дәстүрлі емес сабақ түрлері: кітапханалық сабақ сын тұрғысынан ойлау сабағы, мұражайлық сабақтар т.б. Бүгінгі сабаққа қойылатын талаптар

16 дәріс сабақ. Тақырыбы: Әдебиет сабағы Қарастырылатын сұрақтар: Әр сабақтың білімділік, тәрбиелік бағыт-бағдары, біртұтас білімдік жүйе екендігі. Сабақтың идеялық жағынан терең әрі бүгінгі ғылым деңгейінде болуы, әр сабақтың жастардыадамгершілікке, имандылыққа тәрбиелеу мақсатын көздеу, танымдық қабілетті арттырып, шығармашылық ізденіске ұмтылдыру, ізденушілікке бағыттау; Жаңашыл мұғалімдердің озат тәжірибелерін жинақтау; Проблемалық оқыту, саралап оқыту, дамыта оқыту, топтап оқыту, қашықтан оқыту. Мақсаты: Әдебиет сабағының жалпы құрылымдық ерекшеліктерін, әр сбақтың өзіндік мақсат-міндеттерін меңгерту Әр сабақтың білімділік, тәрбиелік бағыт-бағдары, біртұтас білімдік жүйе екендігі. Сабақтың идеялық жағынан терең әрі бүгінгі ғылым деңгейінде болуы, әр сабақтың жастардыадамгершілікке, имандылыққа тәрбиелеу мақсатын көздеу, танымдық қабілетті арттырып, шығармашылық ізденіске ұмтылдыру, ізденушілікке бағыттау; Жаңашыл мұғалімдердің озат тәжірибелерін жинақтау; Білім беру жүйесін мақсаты мен міндетіне қатысты оқытудың; проблемалық оқыту (М.И.Махмутов), саралап оқыту (И.Э.Унт т.б.), дамыта оқыту (Ю.П.Эльконин), топтап оқыту (В.Н.Дьяченко т.б.), қашықтан оқыту (Г.К.Нұрғалиева, Д.М.Жүсібалиева т.б) сияқты түрлерін оқу процесінде қолданылуы. Сабақтың құрылымындағы өзгерістер оқытудың дамушы және тәрбиелеуші қызметін көрсетуге байланысты зерттеу еңбектеріне шолу; Әдебиет сабағында тіл дамыту жұмыстары мәнерлеп оқу, ауызша мазмұндау, жазба жұмыстарының тіл дамытудағы ролі; Шығармашылық, белсенділік өзінділік ізденістердің дамуы; Тақырыптық, бағдарламалық, публиицистикалық шығарма түрлері; Баяндама, мақала сын-пікір, реферат дайындау; Сөйлеудегі тіл мәдениеті т.б. студенттердің өзіндік ой-пікірін ғылыми негізде жүйелі айта білуге, жаза білуге, ұтымды шешен сөйлеуге төселдірудің жолдары;

17 дәріс сабақ. Тақырыбы: Әдебиет сабағы



жүктеу 0,83 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау