Бағалы дерек
“Еркін талқылау” әдісі
«Бәйтерек» поэмасында автор қалай қөрінеді?
Автор сөзін қай жақта баяндайды?
Идеяны стилистикалық тұтастырушы ретінде авторға қандай баға бересіңдер?
Дескриптор:
- Автор бейнесінің идеялық-стилистикалық тұтастырушы ретіндегі рөлін түсінеді;
-«Бәйтерек» поэмасындағы көтерілген мәселені біледі;
Ықтимал жауап Н.Айтұлы бабалардың арманы жүзеге асып, тәуелсіз еліміз әлемдік қауымдастықтан мәртебелі орын алып, жаңа елорда Астананың бой түзеп сәулеті артқанын «Бәйтерек» поэмасы арқылы қапысыз мүсіндейді. Ақынның суреттеуінде «Бәйтерек» – елорданың ғана емес, күллі Қазақ елінің арман-мұратын әйгілеген рәміз, тәуелсіздігіміздің асқақ миуалы мұнарасы. Артық болмас білгенің - Бәйтерекетің негізгі идеясы Елбасы Н. Ә. Назарбаевтың ой-қиялынан туды. Президент осы алып ескерткіштің эскиз-нобайын бір түннің ішінде өзі ойлап шығарды. Оның айтуынша, монументтің негізгі идеясы бейбіт өмір мен келісімге ұмтылған барлық қазақстандықтардың ғұмырлық мұратын білдіреді. Бәйтеректің негізгі ұстыны Бейбітшілік дарағы болып есептеледі. Ежелгі түпкі ұғымында «бәйтерек» деген сөздің өзі «өмір ағашы» деген мағынаны білдіреді. Міне, осы жапырақ жайған алып ағашқа ертедегі ертегілерде кездесетін қасиетті құс – Самұрық айқара жазылған кең қанаттарымен айналасын тұтас жауып ұшып келеді. Ол өмірдің өзегін өркендетіп, үміттің үзірін үкілейтін алып алтын жұмыртқа – Күнді салу үшін Өмір ағашы – Бәйтерекке ұмтыла түскен.
“ Түртіп ал”
Ақын стиліне сүйене отырып, «Тұғырлы тәуелсіздік » тақырыбына қарасөзбен немесе өлеңмен шағын шығарма жазыңыз.
Дескриптор:
- Автор стиліне сүйене отырып шығармашылық жұмыс жасайды.
-«Бәйтерек» поэмасындағы көтерілген мәселені жаңғыртады.
Ақын Несіпбек Айтұлы қазіргі қазақ қоғамында қалыптасқан өзекті мәселелер, ұлтымыздың жарқын болашағы мен бүгінгі күніне әсер ететін елеулі оқиғалар туралы сергек пікір білдіріп, шұғыл ойларын жариялап отыратын еркін ойлы қаламгер. Ана тілі, ата ділі, ұлттық құндылықтар, әсіресе рухани өмірімізде толғағы жеткен түйткілді дүниелер ақынның назарынан тыс қалған емес.
Астары терең, поэма жазып, жыр сүйер қауымды жалт қаратқан Н.Айтұлы келе – келе қазақ лирикасының айтулы тұлғасына айналды. Шығыс пен Батыс әдебиетінің ақ қайнарынан сусындаған, тілі шұрайлы, ойы құнарлы сезімі сергек, көркем образға бай, серпінді, еркін өлең тынысты өлеңдері мен толғау-дастандары арқылы қазақтың өлең өнерін өрелі биікке көтеріскен ат төбеліндей дарындардың қатарынан өз орнын ойып алды.
Қорытынды
Бүгінгі сабақта:
Автор бейнесінің идеялық мазмұнын білдіңіздер.
Автор бейнесінің идеялық-стилистикалық тұтастырушы ретіндегі рөлін түсіндіңіздер.
Автор стиліне сүйене отырып, қазақ халқының өткен тарихы мен бүгінгі заманын салыстыра отырып шығарма жаздыңыздар.
Қосымша тапсырма:
«Бәйтерек символының мифтік сипаты» тақырыбына әдеби эссе жазыңыздар
Достарыңызбен бөлісу: |