Ф-жоокб-01/018 Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі


Ұйымның қаржылық тұрақтылығының абсолютті және қатысты көрсеткіштерін талдау



жүктеу 0,62 Mb.
бет12/21
Дата28.04.2020
өлшемі0,62 Mb.
#30042
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   21
Әбілсерік Махамбет Әбілсерікұлы

2.3 Ұйымның қаржылық тұрақтылығының абсолютті және қатысты көрсеткіштерін талдау
Кәсіпорынның табыстылығы абсолюттік және салыстырмалы көрсеткіштермен сипатталады. Табыстар дегеніміз қаржының келуі немесе активтер құнының өсуі, немесе пассивтердің азаюы түріндегі есепті кезеңдегі экономикалық пайданың ұлғаюы болып табылады. Табыс алмай кәсіпорынның дамуын жүзеге асыру және әлеуметтік мәселелерді шешу мүмкін емес.

Табыстылықтың абсолюттік көрсеткіштеріне:



  1. өнімді өткізуден түсекн табыс

  2. жалпы табыс

  3. негізгі қызметтен алынған табыс

  4. салыққы дейінгі табыс

  5. салықтан кейінгі табыс

  6. таза табыс жатады.

Табыс жинақталған түрде шаруашылық жүргізудің нәтижесін, жөнді және затқа айналған еңбектің өнімділігін көрсетеді.

Табыс өз қызметін тиімді орындай алу үшін келесідей негізгі шарттар қажет болады:



  1. жуықтаудың белгілі бір дәрежесінде, өнім бағасы еңбектің қоғамдық қажетті шығындарын көрсетуі тиіс және ол сондай – ақ еңбек өнімділігінің үздіксіз өсуі мен өзіндік құнның төмендеуін ескеруі қажет;

  2. бұйымдарды калькуляциялау және өнімнің өзіндік құнын анықтау жүйесі ғылыми негізделген болуы керек;

  3. табысты бөлу механизмі белсенді роль атқаруы керек;

  4. табысты тиімді пайдалану тек қалған барлық қаржы тұтқаларының жүйесінде (амортизациялық аударымдар, салық салу, салымдар, пай төлемдері және т.б.) ғана мүмкін.

Табыстылықтың көрсеткіштерін талдау міндеттеріне мыналар жатады:

    • Табыстылықтың абсолюттік көрсеткіштерінің жоспарының орындалуын бағалау;

    • Таза табыстың қалыптасуының құрамдас элементтерін зерттеу;

    • Табысқа әсер ететін факторлардың әсерін анықтау;

    • Табыстың өсу резервтерін анықтау;

    • Табыстылықтың әр түрлі коэффициенттерін және олардың деңгейлеріне әсер етуші факторларды зерттеу.

Табыстылықтың бірінші абсолюттік көрсеткіші өнімді өткізуден түскен табыс. Ол қаржы – шаруашылық қызметінің нәтижесі туралы есепте қосымша құн салығы, акциздер және т.с.с. салықтар мен міндетті төлемдер, сондай – ақ қайтарылған тауарлардың құны, сату шегерімдері және баға шегерімдері алынып көрсетіледі.

«Кокжиде» компаниясының сатылған өнімнен түскен түсімі 2004 жылы 248741214 теңге. Өнімнің өзіндік құны 240703108 теңге.

Табыстылықтың екінші абсолюттік көрсеткіші – жалпы табыс. Ол өнімді өткізудің қаржылық нәтижесін білдіреді және негізгі қызмет нәтижесінде өнімді өткізуден түскен табыс пен өткізілген өнімнің өндірістік өзіндік құны арасындағы айырма ретінде анықталынады. Талданып отырған компанияда жалпы табыс 8038106 теңгені құрайды.

Жалпы табысқа әсер ететін маңызды факторлар:



  1. өндірістік өзіндік құн;

  2. сатылған өнім бағасы;

  3. сатылған өнім саны;

  4. өнімнің құрылымы.

Шаруашылық жүргізудің тұрақты экономикалық жағдайында жалпы табыстың өсуінің негізгі жолы – материалды шығындар бөлігінде өзіндік құнды төмендету.

Кәсіпорын табысы бағаның өсуі есебінен жоғары қарқынмен өседі.

Табыстылықтың келесі абсолюттік көрсеткіші – негізгі қызметтен алынған табыс. Ол сальдоланған қаржылық нәтижені білдіреді және жалпы табыс пен кезең шығындары арасындағы айырма ретінде көрсетіледі. Талданып отырған кәсіпорында негізгі қызметтен алынған табыс жыл соңында 3800000 теңгеге тең.

Жалпы табыс көлемі қаншалықты көп және өткізілген өнімнің өндірістік өзіндік құнына кірмейтін тұрақты шығындарды білдіретін кезең шығындары қаншалықты аз болса, негізгі қызметтен алынған алынатын табыс соншалықты жоғары болады. Сондықтан негізгі қызметтен алынатын табысқа жүргізілетін талдауды маржиналды табыспен үздіксіз байланыста жүргізген дұрыс.

Табыстылықтың салыстырмалы көрсеткіштерін талдау. Табыстылықтың салыстырмалы көрсеткіштеріне нарықтық экономика жағдайындағы кәсіпорының қаржылық қызмет жасау, қаржыландыру көздерін ынталандыру және оларды тиімді пайдалану сияқты мүмкіндіктерін анықтайтын, осы кәсіпорын қызметінің тиімділігін сипаттайтын көрсеткіштер жатады. Олар кәсіпорын қызметін түрлі бағытта белгілейді және олар экономикалық процеске қатысушылардың мүдделеріне сай топтастырылады.

Табыстылықтың салыстырмалы көрсеткіштерін үш топқа бөлуге болады:



    1. жалпы активтер және олардың жекелеген элементтері

    2. өнімдер

    3. ақша қаражаттарының таза ағымы (немесе түсімі негізінде есептелінетін табыстылық көрсеткіштері).

Енді осы көрсеткіштерді талданып отырған кәсіпорын үшін есептеп көрейік:

      1. жалпы активтер табыстылығы = таза табыс / жалпы активтер

      2. сатылған өнім табыстылығы = таза табыс / өнімді өткізуден түскен табыс

      3. ағымдағы активтер табыстылығы = таза табыс / ағымдағы активтер көлемі.

8 кесте «Кокжиде» ЖШС-нің табыстылық көрсеткіштері



Көрсеткіштер

Өткен жыл

Есеп беру жылы

Ауытқу

Таза табыс, мың тг

1712629

2666000

953371

Өнімді өткізуден түскен табыс

752938506

248741214

(504197292)

Меншікті капитал

10022795

10895602

872807

Жалпы активтер құны

333100238

86199317

(246900921)

Ағымдағы активтер құны

254383282

46689702

(207693580)

Жалпы активтер табыстылығы, %

0,51

3,09

2,58

Сатылған өнім табыстылығы, %

0,22

1,07

0,85

Ағымдағы активтер табыстылығы, %

0,67

5,71

5,04

Меншікті капиталдың табыстылығы, %

17,08

24,46

7,38

Көрсетілген көрсеткіштер ішінде неғұрлым маңыздысы ағымдағы активтер табыстылығы. Талданып отырған кәсіпорын үшін ағымдағы активтердің табыстылығы өткен жылмен салыстырғнда 5,04 % - ға көбейген. Тәжірибе жүзінде компания төлемге қабілетті және несиеге қабілетті деп есептелінеді, егер жалпы активтердің рентабельдігінен ағымдағы активтердің рентабельдігі асып тұрса.

Кәсіпорынның меншікті капиталының табыстылығы өткен жылмен салыстарғанда 7,38%– ға өскен. Бұл құрылтайшылардың капиталының тиімді пайдаланылуын көрсетеді.

Сатылған өнім табыстылығы өткен жылмен салыстырғанда 0,85%-ға өскен. Бұл дегеніміз кәсіпорында өткізілген өнімнің 1 теңгесіне таза табыстың мөлшерін көрсетеді.

Талдау жүргізушінің келесі әрекеті баланс активінің құрылу көздерін талдау болады. Бұл кезде кәсіпорын мүлкінің келіп түсуі, оны сатып алу және оның құрылуы да, кәсіпорынның өзінің де, қарызға алынған капиталдың да есебінен жүргізілуі мүмкін екендігін есте сақтау керек. Ал меншікті капитал мен қарызға алынған капиталдың арасындағы қатынас оның қаржылық тұрақтылығын көрсетеді.

Нарық қатынасы жағдайында кәсіпорынның қызметі және оның дамуы көбіне өзін-өзі қаржыландырумен, яғни меншікті капиталдың көмегімен жүзеге асырылады. Тек ол капитал жетпегенде ғана шеттен капитал тартылады. Бұл кезде қиын болса да сырттан тартылған капиталдан қаржылық тәуелсіздік aca маңызды орын алады, бірақ онсыз әрине мүмкін емес. Сондықтан да қаржылық есеп берудің ағымдағы активтерінің құрастырылу көздерін шектеу керек. Оның ең аз бөлігі өндірістік бағдарламаны қамтамасыз ету үшін өзінің кейбір кезеңдерінде ағымдағы активтерге әдеттегіден жоғары, яғни қосымша қажеттілік туғанда, ол банктердің қысқа мерзімді несиелерімен және коммерциялық несиелермен жабылады.

Активтердің қорлану көздерін талдау кезінде меншікті және қатыстырылған капиталдың көрсетілген көлемі белгіленіп, есеп беру кезеңіндегі олардың өзгеру себептері анықталып, оларға баға беріледі. Бұл кезде өз меншігіндегі капиталға басты назар аударылады, себебі өз қаражаттарының қоры болуы оның қаржылық тұрақтылығының барлығын көрсетеді.

Меншікті капиталдың көлемін ғана анықтап қоймай, сонымен бірге капиталдың жалпы сомасындағы оның үлес салмағын да анықтау маңызды. Бұл көрсеткіш арнайы әдебиеттерде әр түрлі атпен берілген (тәулесіздік коэффиценті, автономдық коэффиценті), бірақ оның мәні бір ғана – бұл коэффицентке қарап кәсіпорын сырттан тартылған қаржыдан қаншалықты тәуелсіз екендігін және өз қаражатын қаншалықты жұмсай алатынын көруге болады. Тәуелсіздік коэффициентін меншікті капиталды барлық авансталған капиталға бөлумен анықтайды:


Kтс = Мкк
Мұндағы: Ктс - тәуелсіздік коэффициенті;

Мк - меншікті капитал;

Ак - авансталған капитал (баланс валютасы жиыны, яғни қаржыландырудың жалпы сомасы).

Бұл коэффициенттің өсуі кәсіпорынның қаржылық тәуелсіздігі жоғары екендігін көрсетсе, алдагы уақытта қаржылық қиындықтардың азаятындығын көрсетеді.

Батыс экономистері тәуелсіздік коэффициентінің неғұрлым жоғары деңгейде болғаны дұрыс деп санайды. Себебі бұл қаржы көздерінің тұрақты құрылымын сақтауға мүмкіндік береді. Инвесторлар, несие берушілер дәл осындай құрылымды таңдайды, себебі ол кәсіпорынға өздерінің міндеттемелерінің кепілдігін жоғарылатады. Неғұрлым кәсіпорынның қаражаты көп болса, соғұрлым үздіксіз жұмыс қамтамасыз етіліп, нарық жағдайында алға шығуға көмектеседі. Сондықтан кәсіпкерлер әр түрлі резервтерді құру жолымен және жарғылық қорға бөлінбеген табысты тікелей қосу арқылы өзіндік капиталды көбейтуге тырысады.

Қаржылық талдаудан кітаптардың бірқатар авторлары инвесторлар мен несие берушілерді қамтамасыз ететін, меншікті каниталдың оның жалпы сомасына қатынасының ең аз мәні 0,6 больш табылады деп есептейді. А.Д. Шеремет, Л.М. Ковалев; B.П. Привалов, O.B. Ефимова және тағы басқалар бұл көрсеткіштің 0,5 деңгейдегі мәні кәсіпорынның барлық міндеттемелерін өз қаражатымен жабуды қамтамасыз ете алатын ең төменгі көрсеткіш бола алады (2,18,6) деп санайды.

Құрылған мүліктің жартысын сатып (қарызға алынған қаражаттар салынған, екінші жартысы кейбір себептермен құнсызданған болса да), кәсіпорын өзінің қарыз міндеттемелерін жабуына болады.

Жабдықтаушылар мен сатып алушылар арасындағы келісім-шарттық міндеттемелер қатаң сақталатын және фирманың атағына үлкен мән берілген нарықтық экономикасы дамыған елдерде тәуелсіздік коэффициентіне мұндай жоғары талаптарды қоймайды (Жапонияда оны 0,2-re дейін төмендетуге болады).

Жоғарыда келтірілген меншіктік коэффициентін 0,5-0,6 деңгейінде шектеуді орындау, қарызға берушілер үшін ғана емес, кәсіпорынның өзіне де маңызды. Сондықтан талдаушыға, қаражат көздерін орналастырудың тиімділігін белгілеуге мүмкіндік беретін, құрылымына зерттеу жүргізін баға беру қажет. Нарық жағдайында ол ақпарат ішкі және сыртқы пайдаланушылармен жүзеге асырылады. Ақпаратты сыртқы пайдаланушылар, мысалы, банктер, несие берушілер меншіктік капиталдың авансталынған капиталдың жалпы сомасындағы үлесінің өзгеруін, келісім-шарттарға отырған кездегі қаржылық тәуекелдік жағынан баға береді. Меншіктік капиталдың үлесі төмендегенде тәуекелділік өседі. Кәсіпорын капиталының құрылымын зерттеу оларға кәсіпорын қызметінің кеңейгені немесе қысқарғаны жайлы айтуына мүмкіндік береді. Қысқа мерзімдік несиелердің төмендеуі және меншіктік капиталдың өсуі кәсіпорын қызметінің қысқарғанын көрсетеді. Бірақ бірыңғай мұндай қорытынды жасауға болмайды, себебі бұл қаражаттардың үлесі басқа факторлардың несие үшін және дивидендке пайыздық мөлшерлемелер әсерінен болуы мүмкін. Егер несие үшін пайыздық мөлшерлемелер дивиденттердің мөлшерлемелерінен төмен болса, онда тартылған қаражатты өсірген дұрыс, ал егер керісінше болса, онда меншікті капиталды пайдаланған дұрыс. Әрине, авансталған капиталдың құрылымы жоғарыда қарастырылған жағдайларга тәуелді болады.

Есеп беру жылындағы активтерінің қалыптасу көзі 9406 мың теңгеге немесе 28,9%-ға өскені көрініп тұр. Бұл өсу жылдың соңында 9681 мың теңге болған, яғни 5038 мың теңгеге, немесе жылдың басындағы мөлшермен салыстырғанда 2 ece өскен, қатыстырылған капиталдың өсуінен болған бұл кезеңде тәуелсіздік коэффициенті 0,854-ден 0,769-ға дейін немесе 0,088 пунктке төмендеген. Алайда бұл кәсіпорынның қаржылық жағдайының (тұрақтылығының) төмендегенін дәлелдемейді.

Бұны тәуелсіздік коэффициентіне кері көрсеткіш болып табылатын қатыстырылған капиталдың барлық авансталынган капиталдағы үлес салмағы да дәлелдейді. Оны тәуелділік коэффициенті деуге де болады. Ол мына формулармен анықталады:
Кт = Қкк немесе Кт = 1 - Ктс
Мұндағы: Кт - тәуелділік коэффициенті;

Қк - қатыстырылған капитал;

Ак - авансталған капитал (баланс валютасы, жиыны);

Ктс - тәуелсіздік коэффициенті.


Бұл коэффициент авансталған капиталдың жалпы сомасындағы қарыздың үлесін сипаттайды.

Бұл үлес жоғары болған сайын, кәсіпорынның сыртқы қаржыландыру көздерінен тәуелділігі жоғарылайды. Біздің кәсіпорынымызда оның деңгейі жылдың басында 0,143 (1-0,857), ал жыл соңында 0,231 (1-0,769) болды. Бұл көрсеткіш біршама өскенімен, талданып отырған кәсіпорын өзінің қаржылық тәуелсіздігін жоғалтты деп айтуға болмайды. Жылдың басына және аяғына тәуелсіздік коэффициенті оның қалыпты мәнінен айтарлықтай жоғары.

Келесі, кәсінорынның қаржылық тұрақтылығын сипаттайтын меншікті капиталдың қатыстырылған капиталға қатынасын көрсететін қаржыландыру коэффициенті болып табылады.

Кқ = Мк : Қк


Мұндағы: Кқ - қаржыландыру коэффициенті;

Мк - меншікті капитал;

Қк - қатыстырылған капитал.
Бұл коэффициент жоғары болған сайын, соғұрлым банктер мен инвесторлар қаржыландыруға соғұрлым сенімді кіріседі.

Бұл коэффициент кәсіпорын қызметінің қандай бөлігі өз қаражатымен, ал қандай бөлігі қарыз қаражатымен қаржыландырылатынын көрсетеді. Қаржыландыру коэффициенті <1 болатын жағдай (кәсіпорын мүлкінің көп бөлігі қарыз қаражатымен қалыптасқан) төлем қабілеттілігінің өте қауіпті жағдайға жеткендігін және несие алуды қиындатқанын көрсетеді.

Бұл көрсеткішке ұсынылып жатқан мәнді сөзбе-сөз түсінуден сақ болу керек. "Кейбір жағдайларда, - деп жазады O.B. Ефимова – меншікті капиталдың оның жалпы көлеміндегі үлесі жартысынан да аз болуы мүмкін, бірақ сонда да кәсіпорын айтарлықтай жоғары қаржылық тұрақтылығын сақтай алады. Бұл, бірінші кезекте, қызметі активінің жоғары айналымдылығымен, сатылатын өнімге түрақты сұранысымен, тұрақты жабдықтау және өткізу арналары бар, тұрақты шығындардың төменгі деңгейімен (мысалы, сауда және делдал ұйымдар) сипатталатын кәсіпорындарға қатысты.

Сонымен қатар мақсатты бағыттағы активтерінің айтарлықтай үлес салмағы (мысалы, машина жасау өнеркәсібінің кәсіпорындары) қаражаттар айналымы ұзақ капиталды көп қажет ететін кәсіпорындар үшін қарыз қаражаттарының үлесі 40-50% болуы олардың қаржылық тұрақтылығына өте қауіпті болуы мүмкін.

Батыс фирмаларында қаржыландыру коэффициентінің кері көрсеткіші кеңінен қолданылады, қатыстырылған капиталдың меншіктік капиталға қатынасымен анықталатын қарыз және меншікті қаражаттар қатынасының коэффициенті:

Кқ/м = Ткк


Мұндағы: Кқ/м - қарыз және меншікті қаражаттар қатынасының коэффициенті;

Қк - қатыстырылған капитал;

Мк - меншікті капитал.
Бүл коэффициент кәсіпорын активтеріне салынған меншікті қаражаттың әрбір теңгесіне қанша қарыз қаражатын тартқанын көрсетеді. Біздің кәсіпорынымызда бұл көрсеткіш келесі берілгендермен сипатталады:

жыл басында - 0,166 (4643:27908);

жыл аяғында - 0,231 (9681:32276).

Бұның мәні кәсіпорын есеп беру кезеңінің басында активтерге салынған меншіктік қаражаттардың әрбір теңгесіне қарыз қаражатының 17 тиынын тартқанын дәлелдейді. Eceп беру кезенінің ішінде қарыз қаражаттары меншіктік салымдардың әрбір теңгесіне 23 тиынға дейін көбейген. Демек, кәсіпорын қарыз қаражаттарын пайдалануға көп күш жұмсаған, бірақ өзінің қаржылық тұрақтылығын жоғалтпаған.

Арнайы әдебиеттерде бұл көрсеткіш үшін қалыпты шектеу: Кқ/м<1. Егер оның мәні 1-ден асып кетсе, оңда кәсіпорынның қаржылық тәуелсіздігі мен тұрақтылығы қауіпті нүктеге (жағдайға) жетеді, бірақ жауап әр уақытта бір жақты бола бермейді. Қарыз және меншікті қаражаттар қатынасының коэффициенті салалық ерекшеліктерге, кәсіпорынның шаруашылық қызметінің сипатына және айналым қаражатының айналу жылдамдығына байланысты болады. Материалдық айналым қаражатының айналымдылығының жоғары көрсеткіштері және дебиторлық борыштың одан да жоғары айналымдылығы кезінде коэффициенттің қауіпті мәні бірден де асып кетуі мүмкін, ол сонда да кәсіпорынның қаржылық дербестігіне ешқандай әсерін тигізбейді.

Кәсіпорынның ең төменгі қаржылық тұрақтылығын сақтау үшін бұл коэффициент ағымдағы және узақ мерзімді активтердің қатынас коэффициентінің мәнімен шектелуі қажет.



Кәсіпорынның тәуелсіздік (дербестік) дәрежесін сипаттайтын ең бір маңызды көрсеткіштердің бірі қаржылық тұрақтылық коэффициенті болып табылады немесе оны басқаша инвестицияларды жабу коэффициенті деп атайды. Ол меншікті және ұзақ мерзімді қарыз капиталының жалпы (авансталған) капиталдағы үлесін сипаттайды және мына формуламен анықталады:

Мүндағы: Ккт - қаржылық тұрақтылық коэффициенті;

Ум - ұзақ мерзімді міндеттемелер;

Ак - авансталған капитал;

Мк - меншікті капитал.


Бұл дербестік коэффициентімен салыстырғанда анағұрлым жұмсақ көрсеткіш. Батыс тәжірибесінде бұл коэффициенттің қалыпты мәні 0,9-га тең болуы керек, ал оның 0,75-тен төмендеуі қауіпті.

Жоғарыда келтірілген көрсеткіштер арқылы кәсіпорын капиталының құрылымын сипаттай отырып, бөлек топтар мен көздердін құрылымының өзгерісіндегі әр түрлі тенденцияларды көрсететін жеке көрсеткіштерді де пайдалану керек. Мұндай коэффициенттерге бірінші кезекте қарыз қаражаттарын ұзақ мерзімге тарту коэффициенті жатады. Ол ұзақ мерзімді міндеттемелердің меншіктік капитал мен ұзақ мерзімді міндеттемелердің сомасына қатынасымен анықталады. Көрсеткішті есептеу формуласы келесідей:




Мұндағы: Ку/м - қарыз қаражаттарын ұзақ мерзімді тарту коэффициенті немесе ұзақ мерзімді міндеттемелер коэффициенті;

Мк - меншікті капитал;

Ум - ұзақ мерзімді міндеттемелер.
Бұл коэффициент қаржылық есеп берудің активтерін қаржыландыру үшін меншікті капиталмен қатар тартылған ұзақ мерзімді несиелер мен қарыздардың үлесін көрсетеді, кәсіпорын өндірісті жаңарту мен кеңейту үшін қарыз қаражаттарын қаншалықты интенсивті пайдаланып жатқанына баға береді.

Капиталдың құрылымын қалыптастырудың тиімділігін (қолайлылығын) анықтау үшін жоғарыда келтірілген көрсеткіштермен қатар инвестициалау коэффициентін де қолдану ұсынылады. Ол батыс фирмаларында кеңінен қолданылады және меншікті капиталдың негізгі құралдарға қатынасымен анықталады. Біздің мысалымызда ол жылдың басында 1,497-ге тең (27908:18462), ал соңында 1,655=(32276:19497) болады. Бұл берілгендерге қарап меншікті капитал тек қана негізгі құралдарды сатып алуға ғана емес, кәсіпорынның қаржылық есеп беруініц басқа да активтерін, соның ішінде ағымдағы активтерін сатып алуға да пайдаланылады деуге болады.

Активтерді құрудың ең дұрыс жолы болып, меншікті капитал барлық негізгі капиталды (айналымнан тыс активтер) және айналым капиталының бір бөлігін жабатын кездегі жол саналады. Кәсіпорын, барлық қарыз қаражаттары алынып қойып жатса да өмір сүре беретін болады. Кәсіпорынның капиталын пайдалану туралы тағы бір қызық ой - меншікті капиталды тек қана негізгі құралдарды сатып алуға жұмсап, ал айналым қаражаттары (ағымдағы активтер) келесі жолмен қалыптасуы керек: 1/4 - ұзақ мерзімді қарыздар есебінен, ал 3/4 - қысқа мерзімді қарыздар есебінен. Кәсіпкер, егер өзінің капиталы аз, ал басқанікі көп болса, жақсы жұмыс істейтін болады. Нарықтық қарым - қатынас осы принцип (қағида) бойынша құрылған. Аз ғана капиталың бола тұра, көп табыс алуға болады.

Меншікті, қарыз (қағыстырылған) және жалпы (авансталған) капиталдың қатынасын әр түрлі тұрғыдан сипаттайтын коэффициенттермен қалыптасқан жағдай, меншікті және қатыстырылған капиталдың (міндеттемелердің) құрылымын және оның eceп беру кезеңіндегі өзгерістерін зерттеуді қажет етеді.

Меншікті капиталды талдау. Біздің отандық тәжірибеде кәсіпорынның меншікті капиталының құралу көздері болып мыналар саналған: жарғылық капитал, резервті қор, арнайы бағыттағы қорлар, мақсатты қар-жыландыру мен салымдар (келіп түсулер), жалгерлік міндеттемелер, баланс пассивінің I бөлімінде көрсетілген бөлінбеген табыс, сонымен қатар құрылтайшылармен есеп айырысулар, тұтыну қорлары, алдағы кезең шығындары мен төлемдер резервтері, күмәнді қарыздар бойынша резервтер, 1997 жылы құрылған баланс пассивінің II бөлімінде көрсетілген алдағы кезең табыстары. БЕС-2 сәйкес 1998 жылдың балансында меншікті капиталға жарғылық капитал, қосымша төленбеген капитал, қосымша төленген капитал, резервті капитал және бөлінбеген табыс (жабылмаған зиян) кіреді.

Меншікті капиталды зерттегенде өзіндік айналым қаражаттарындағы болған өзгерістерге ерекше назар аударылады, яғни меншікті капиталдың қандай бөлігі иммобильдік сипаттағы құндылықтарда бекітілмегендігін және осы қаражаттарды неғұрлым азды-көпті еркін жұмсауға мүмкіндік беретін нысанда тұрғандығы анықталады. Меншікті айналым қаражаттарының көлемін аныктау үшін, меншікті капиталдың сомасынан баланс активінің бірінші бөлімінің жалпы сомасын (қорытындысын) алып тастау керек.

Жыл басына меншікті айналым қаражаттарының көлемі 9138 мың тг. (27908 18770) құрады, жыл аяғына -12275 мың тг. (32276-20001), яғни 3137 мың теңгеге, немесе 34,3%-ға көбейген.

Тәжірибе жүзінде күрделі салымдарды қаржыландыру және негізгі құралдарды сатып алу үшін, меншікті капиталға теңестіріліп қосылатын, ұзақ мерзімді несиелер мен қарыздар пайдаланылады. Қаржыландырудың осы қатыстырылған көзі ескеріліп, алдағы көрсеткіштің мөлшері анықталады. Бұл көрсеткіш абсолютті болып табылады, оның динамикадағы өсуі - оң, ал төмендеуі -теріс бағыты ретінде қарастырылады.

Біздің кәсіпорынымызда бұл көрсеткіштің мөлшері меншікті айналым қаражаттарының мөлшеріне тең, себебі ұзақ мерзімді несиелерді кәсіпорын тартқан жоқ.

Талдау кезінде меншікті айналым капиталының абсолюттік мөлшерін анықтаумен қатар, оның жалпы меншікті капиталдағы үлес салмағын да табу керек. Бұл көрсеткіш кәсіпорынның қаржылық тұрақтылығының әлдеқайда нақты сипаттамасы болын саналады. Арнайы әдебиеттерде оны ic жүзінде жұмсау (маневрлық) коэффициенті деп аталады.



Ол кәсіпорынның меншікті қаражаттарының қандай бөлігі, осы қаражаттарды еркін жұмсауға болатын, мобильді нысанда екендігін көрсетеді және келесі формуламен анықталады:

Мұндағы: Кж - жұмсау коэффициенті;

Мак - меншікті айналым капиталы;

Мк - меншікті капитал.

Бұл коэффициентті А.Д. Шеремет, P.C. Сайфуллин, B.B. Негашев осылай анықтайды. Ұзақ мерзімді қарыз қаражаттары негізгі құралдарды алуға және капитал салымдарына бағытталатынын ескере отырып, B.B. Ковалев, Э.А. Маркарьян және Г.П. Герасименко бұл коэффициентті меншікті капиталға ұзақ мерзімді міндеттемелерді қосып есептейді. В.Ф. Палий бұны "дұрыс" десе де біз оған қосыла алмаймыз, себебі сөз жұмыс капиталы жөнінде емес меншікті айналым капиталы жайында болып отыр. Жұмсау коэффициентінің төмен мәні кәсіпорынның меншікті қаражатының көн бөлігі иммобильді сипаттағы құндылықтарда бекітілгендігін көрсетеді, ал олар тез айналатын қаражаттар емес, яғни ақшаға тез айнала алмайды.

Қаржылық көзқараспен айтсақ оның өсуі және жоғары деңгейі кәсіпорынның қаржылық жағдайын оңды деп сипаттайды: бұл кезде меншікті қаражаттар мобильді, олардың көп бөлігі негізгі құралдарға да, айналымнан тыс активтерге де емес, айналым қаражаттарына салынған. Сондықтан жұмсау коэффициентінің өсуі кәсіпорын мүлкінің нақты құрылымындағы мүмкін болатын шектерінде ғана тиімді. Eгep коэффициент негізгі құралдардың құнының азаюынан емес, негізгі құралдарға қарағанда меншікті қаражат көздерінің тез өсуіне байланысты көбейсе, онда коэффициенттің жоғарылауы шыныменен кәсіпорынның қаржылық тұрақтылығының артқанын дәлелдейді.

Оптимальді мөлшері ретінде жұмсау коэффициенті ≥ 0,5 ден алынуы мүмкін, бірақ ic жүзінде көрсеткіштің тұрақты қалыптасқан мәндері жоқ. Бұл көрсеткіштің ұсынылып отырған деңгейі кәсіпорынның менеджері мен оның меншік иелері өз қаражаттарын мобильді және иммобильді активтерге салудың тепе-теңдік принципін сақтау керек екендігін көрсетеді, бұл баланс өтімділігін қамтамасыз етеді.

Жұмсау коэффициентінің мәні, кәсіпорынның қызметінің сипатына байланысты: оның әдеттегі деңгейі материал сыйымдылығы жоғары өндірістерге қарағанда қор сыйымдылығы жоғары өндірістерде төмен болуы керек (себебі қор сыйымдылығы жоғары өндірістерде меншікті қаражатының айтарлықтай бөлігі негізгі өндірістік қорларды жабудың көзі болып табылады).

Кәсіпорынның тауарлы-материалдық қорлары мен шығындарының қалыптасу көздерімен қамтамасыз етілуінің абсолютті көрсеткіштері қаржылық тұрақтылықты талдау үшін басты роль атқаратынына сәйкес, кәсіпорынның қаржылық түрақтылығының басты көрсеткіштерінің бірі болып қорларды қалыптастырудың өз көздерімен қамтамасыз етілу коэффициенті саналады, ол меншікті айналым қаражаттарының тауарлы-материалдық қорлар мен шығындардың құнына қатынасымен анықталады. Бұл көрсеткішті тауарлы-материалдық қорлар мен шығындарды жабу коэффициенті деп атайды. Ол келесі формуламен есептеледі:


Мұндағы: Кк/к* - тауарлы-материалдық қорлардың қамтамасыз етілу коэффициенті;

Мак - меншікті айналым капиталы;

К*тм - тауарлы-материалдық қорлар.


B.B. Ковалев, Э.А. Маркарьян және Г.П. Герасименко оны меншікті айналым және ұзақ мерзімді қарыз қаражаттарының сомасын кәсіпорынның қорлары мен шығыдарының құнына қатынасымен анықтайды.

Материалды айналым қаражаттарын жабу коэффициенті қандай дәрежеде тауарлы-материалды қорлар мен шығындар меншікті қаражаттармен жабылғанын және қарыз қаражаттарын тартуды қажет етпейтінін көрсетеді.

"Шаруашылық тәжірибенің статистикалық орташаланған мәліметтерінің негізіне алынған оның қалыпты мәні, - деп жазады А.Д. Шеремет және P.C. Сайфулин, - келесі түрде болады.
Кк/қ ≥ 0,6-0,8.
Қорлар мен шығындардың меншікті айналым қаражаттарымен қамтамасыз етілудің қалынты коэффициенті, меншікті қаражат көздерімен қажетті қорлар мен шығындарын, қалғандарын қысқа мерзімді қарыздармен жабу назарға алынып анықталады. Бірақ бұл кезде қорлар мен шығындардың көлемі, олардың айналу жылдамдығы жоғарылаған кезде негізделген қажеттілікке сәйкес болу керек. Егер олардың мөлшері негізгі қажеттіліктен асып кетсе, онда меншікті айналым қаражаттары материалдық қорлардың бір бөлігін ғана жаба алады, яғни көрсеткіш <1 болады. Керісінше кәсіпорынның материалдық қорлары үздіксіз жұмыс жасауға жеткіліксіз болғанда көрсеткіш >1 болуы мүмкін, бірақ бұл кәсіпорынның қаржылық жағдайы жақсы екендігін көрсетпейді. Сондықтан материалдық қорлардың меншікті айналым қаражаттарымен қамтамасыз етілу көрсеткішінің деңгейін ең бірінші материалдық қорлардың жағдайына байланысты бағалап қарастыру керек.

Кәсіпорынның қаржылық тұрақтылығын тек қана қаражат кездерінің құрамымен емес, сонымен бірге қаржылық eceп берудің активтеріне салудың дұрыстығымен де сипатталады. Сондықтан меншікті қаражаттардың құрылымын бағалаумен қатар кәсіпорынның қарыз қаражаттарының құрылымы да қарастырылады.

Қатыстырылған капиталды талдау. Талдау жүргізу үшін қарыз қаражаттарының әрбір баптарының eceп беретін көрсеткіштерін топтық қорытындылармен сәйкестендіру қажет, олардың базистік көрсеткіштерден ауытқуларын анықтап, қатысты өлшемдердің өзерістерін көрсету керек. Біздің кәсіпорын есепті жылы ұзақ мерзімді ғана емес, қысқа мерзімді несиелерді де қатыстырмаған (тартпаған). Басқа сөзбен айтқанда, қатыстырылған (қарыз) капитал кредиторлық борыштан тұрады, яғни ағымдағы міндеттемелер кредиторлық борышқа тең, ал оның көлемі жыл соңында 8081 мың теңге, жыл басында 4294 мың теңге болған, яғни 3787 мың теңгеге, немесе 1,9 есеге өскен. Оның құрамында сатып алушылар мен тапсырыс берушілерден алынған аванстар тез өсіп кеткен. Егер жылдың басында оның мөлшері 1018 мың теңге болған болса, жыл аяғында 6391 мың теңге құраған, яғни 6,3 ece көбейген, нәтижесінде есепті жылы баланстың осы бабының үлес салмағы 23,7%-дан 79,1%-ға өскен. Бұдан кейін талдаушы оны дебиторлық борышпен салыстырып талдауы керек.

Дебиторлық және кредиторлық борыштың қатынасы негізінен 2:1 болуы керек деп ұсынылған. Егер кредиторлық борыш дебиторлық борышпен қамтамасыз етілмеген болса, онда бүндай жағдайды жағымсыз деп айтуға болады, себебі ол өзіндік қаражаттың әлдебір етімді бөлігінің ақшаға айналуын бәсеңдетуі мүмкін. Егер кәсіпорынның коммерциялық несиесі дамыған болса, онда дебиторлық борышы қатты өсіп кетуі мүмкін.

Біздің кәсіпорынымызда кредиторлық борыш жыл басында дебиторлық борыштан 3,7 (4294:1165), жыл соңында 4,8 ece көп болады. Мұндай кредиторлық борыштың дебиторлық борышпен өте төмен дәрежеде қамтамасыз етілуі, дебиторлармен де кредиторлармен де арақатынасы тиімсіз болуы да олардың өзара қарыздарын төлемеуінен болады. Кредиторлық борыштың есіп кетуі қаржылық жағдайды нашарлатпайды, себебі кәсіпорын бұл борышты зерттеліп жатқан уақытта қатыстырылған қаражат көздері ретінде пайдаланып жатыр деп айтуға болар еді. Бірақ тауар, жұмыс және қызметтер үшін ғана емес, бюджет пен еңбекақы бойынша eceп айырысуда да үлкен кредиторлық борыштың болуы кәсіпорынның жұмысы мен жалпы оның қаржылық жағдайын тиімсіз жағынан сипаттайды.

Талдаушының келесі маңызды жұмысы - кәсіпорынның қаржылық жағдайын, оның қаржылық тұрақтылыгы дәрежесі бойынша топтауға мүмкіндік беретін абсолютті көрсеткіштерін зерттеу.

Қаржылық тұрақтылықтың абсолютті көрсеткіштері - тауарлы-материалдық қорлардың, олардың қалыптасу көздерімен қамтамасыз етілу дәрежесін көрсететін көрсеткіштер.

Тауарлы-материалдық қорлардың қалыптасу көздерін сипаттайтын үш негізгі көрсеткіш анықталады;

1. Меншікті айналым капиталының бар болуы (Мак). Бұл көрсеткіш меншікті капитал мен (баланс пассивінің I бөлімі) ұзақ мерзімді активтердің (баланс активінің I бөлімі) арасындағы айырма ретінде анықталады. Ол меншікті айналым қаражаттарын сипаттайды. Алдыңғы кезеңмен салыстырғанда оның көбеюі кәсіпорынның қызметінің болашақтағы дамуын көрсетеді. Құрылысына қарай меншікті айналым капиталының бар болуын былай жазуға болады:
Макк – Ұа = ІбІІ – Іб А.
Мұндағы: ІбІІ - баланс пассивінің I бөлімі;

Мк - меншікті капитал;

Іб A - баланс активінің I бөлімі;

Ұа - ұзақ мерзімді актив.


Мак көрсеткіші бірқатар маңызды талдау коэффициенттерін есептеп табу үшін пайдаланылады: кәсіпорынның ағымдағы активтерін жабу коэффициенті (бұл көрсеткіштің нормативті мәні 0,1-ден төмен болмау керек), тауарлы-материалдық қорларды жабу коэффициенті (бұл көрсеткіштің нормативті мәні - 0,6-дан төмен емес) және тағы басқалары.

2. Тауарлы-материалдық қорлардың меншікті және ұзақ мерзімді қарыздың қалыптасу көздерінің бар болуы (Мак/уз).

Бұл көрсеткіш алдындағы көрсеткішті, яғни меншікті айналым капиталының ұзақ мерзімді міндеттемелер сомасына қосу жолымен мына формуламен анықталады:
Мак/уз= Макмз= Мак + ІІбІІ
Мұндагы: Ұмз - ұзақ мерзімді міндеттемелер;

Мак - меншікті айналым капиталы;

ІІбII - баланс пассивінің II бөлімі.

3. Тауарлы-материалдық қорлардың негізгі қалыптасу көздерінің жалпы мөлшері алдыңғы көрсеткішті қысқа мерзімді несиелер мен қарыздар сомасына қосу жолымен, мына формула арқылы анықталады:

НК= Мак/уз+ Қнк
Мұндағы: HK - негізгі көздер;

Қнк - қысқа мерзімді несиелер мен қарыздар.


Тауарлы-материалдық қордың бар болуының үш көрсеткішіне тауарлы-материалдық қорлар мен шығындардың олардыц қалыптасу, көздерімен қамтамасыз етілуінің үш көрсеткіші сәйкес келеді.

1. Меншікті айналым капиталының (Мак) артықтығы (+) немесе жетіспеушілігі (-)

± Мак= Мак – ҚШ
Мұндағы: ҚШ - тауарлы-материалдық қорлар мен шығындар.
2. Тауарлы-материалдық қорлардың меншікті және ұзақ мерзімді қалыптасу көздерінің артықтығы (+) немесе жетіспеушілігі (-) (Мак/уз):
± Мак/уз = Мак/уз – ҚШ
3. Қорлардың неіізгі қалыптасу коздерінің (HK) жалпы мөлшерінің артықтығы (+) немесе жетіспеушілігі (-):
± HK = HK - ҚШ
Тауарлы-материалдық қорлардың, олардың қалыптасу көздерімен қамтамасыз етілуінің үш көрсеткішін есептеу кәсіпорынның қаржылық жағдайын оның тұрақтылық дәрежесі бойынша келесі төрт типке бөлуге мүмкіндік береді:


  1. қаржылық жағдайдың абсолютті тұрақтылығы;

  2. қаржылық жағдайдың қалыпты тұрақтылығы;

  3. тұрақсыз қаржылық жағдайы;

  4. дағдарысты (қауіпті) қаржылық жағдайы.

Қаржылық жағдайдың абсолютті тұрақтылығы мына теңсіздікпен сипатталатын уақытта қалыптасады.
ҚШ < Мак немесе Мак > ҚШ
Бұл теңсіздік тауарлы-материалдық корлар меншікті айналым капиталымен жабылатынын көрсетеді, яғни кәсіпорын сыртқы кредиторлардан тәуелсіз болады. Мұндай жағдай өте сирек кездеседі. Оның үстіне, бұл жағдай ең дұрыс ден қарастырылмауы мүмкін, себебі әкімшілік негізгі қызмет үшін қаражаттың сыртқы көздерін пайдалана алмайды, пайдаланғысы келмейді немеce пайдалануға мүмкіндігі жоқ.

Қаржылық жағдайдың қалыпты тұрақтылығы мына теңсіздікпен сипатталады.

Мак/үз<ҚШ Бұл келтірілген қатынас тиімді жұмыс істеп тұрған кәсіпорын тауарлы-материалдық қорларды жабу үшін әр түрлі "қалыпты" - меншікті және қатыстырылған қаражат көздерін пайдаланып жатқан жағдайға сәйкес келеді.

Тұрақсыз қаржылық және қалыптасқан жағдай келеci теңсіздікпен сипатталады:

ҚШ > HK немесе HK < ҚШ

Бұл қатынас кәсіпорын өзінің тауарлы-материалдық қорларының бір бөлігін жабу үшін "қалыпты емес" болып яғни негізделмеген болып саналатын қосымша жабу кездерін тартуға баруына тура келетін жағдайға сәйкес келеді.



жүктеу 0,62 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   21




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау