Еуропалық экономикалық комиссия экологиялық саясат жөнінддегі комитет



жүктеу 4,05 Mb.
Pdf просмотр
бет82/115
Дата30.12.2019
өлшемі4,05 Mb.
#25563
1   ...   78   79   80   81   82   83   84   85   ...   115

166
 III 
Бөлім: Экономикалық секторлар қызметіндегі экологиялық пайымдардың есебі жəне тұрақты дамуды 
көтермелеу 
 
 
Минералды отын шығару  
 
Мұнай жəне газ секторы  
 
Қазақстандағы  мұнай  қорларының  көлемі 9-17,6 миллиард  баррель  шамасында,  ал,  газ 
конденсатының  қорлары  шамамен 700 миллион  тоннаға  тең  мөлшерде  бағаланады.  Бұл 
құрылықтағы  жəне  теңіздегі  кен  орындардың  бəрін  қоса  есептегендегі  көрсеткіштер. 
Энергетика  жəне  минералдық  ресурстар  министрлігінің  мəліметтеріне  сəйкес, 2007-ші  жылы 
елдегі  мұнай  өндірісінің  жалпы  көлемі 64,8 миллион  тонна  болды  (бұл 2006-шы  жылғы 
көрсеткішпен  салыстырғанда 8 миллион  тонна  артық).  Ал 2007-жылғы  газ  өндірісі 32 
миллиард м

болған (бұл 2006-шы жылмен салыстырғанда шамамен 4 миллиард м

көп). Бүгінгі 
күні Қазақстан əлемдегі ең ірі мұнай өндірушілер тізімінде 18-ші орынға ие. Өндірісі 2015-ші 
жылы толыққанды басталады деп көзделіп отырған тағы бір жаңа кен орны іске қосылғаннан 
кейін  елдің  дүниежүзілік  нарықтағы  ролі  одан  сайын  артады  деп  күтілуде.  Өндірілген  мұнай 
жəне  газдың  басым  бөлігі  экспортқа  шығарылады.  Елдің  жыл  сайынғы  ішкі  қажеттіліктерін 
қанағаттандыруға 3 мұнай  өңдеу  зауытына  тасымалданатын 10 миллион  метрикалық  тонна 
шикі  мұнай  жəне  шетелден  əкелінетін  мұнай  өнімдерінің  шағын  көлемі  жетеді.  Мұнай  елдің 
бес  аймағында  өндіріледі:  Ақтөбе,  Атырау,  Қызылорда,  Маңғыстау  жəне  Батыс  Қазақстан 
облыстарында. Қазақстандағы ең ірі мұнай мен газ кен көздері – Теңіз, Қарашығанақ, Қашаған 
жəне Құрманғазы кеніштері.  
 
Теңіз  кен  орны 1979 жылы  Атырау  облысында  ашылды.  Ол  əлемдегі  ең  үлкен  кен 
орындарының қатарында 6-шы орында. Осындағы өндірістік қорлар 6 – 9 миллиард баррельге 
тең деп бағалануда. Ал жуырда өткізілген сейсмикалық зерттеуге сəйкес, бұл көрсеткіш тіпті 9 
- 13,5 миллиард баррель шамасында болуы мүмкін. Теңіздегі мұнай өндірісі 1994-ші жылғы 2 
миллион  тоннадан 2006-шы  жылғы 14 миллион  тоннаға  дейін  өсті.  Ашылуы 2009-шы  жылға 
көзделіп  отырған  жаңа  мұнай  өңдеу  орны  іске  косылғаннан  кейін    кен  орнындағы  мұнай 
өндірісі екі есе өседі деп күтілуде.  
 
1979-ші  жылы  ашылған    Қарашығанақ  кен  орны  Батыс  Қазақстан  облысында,  Ресей 
шекарасымен іргелес орналасқан. Мұнда мұнай, газ кондесаты жəне табиғи газ шоғырланған. 
Мұнай  қорларының  көлемі 1,2 миллиард  тонна,  газ  конденсатының  қорлары 8,8 миллиард 
баррель жəне табиғи газ қорларының көлемі 500 миллиард м

деп бағалануда. Осы есептеулер 
жасалған  кезде  Қарашығанақтың  тереңде  жатқан  геологиялық  құрылымдарының  кейбірі 
есепке алынбағандықтан, бұл кен орны болашақта өсуі мүмкін деген болжам бар.  
 
Жуырда  ашылған  көмірсутек  кен  орындардың  ішінен  ең  көп  үміт  күттіретіні – ол  теңіз  асты 
Қашаған  кен  орны.  Қашағандағы  қорлардың  көлемі  Теңіздегі  қорлардан  үш  есе  көп  деген 
болжам  бар,  ол  Таяу  Шығыс  өңірінен  тыс  жатқан  мұнай  кен  орындарының  ең  үлкені  болуы 
ықтимал. Каспий теңізінің  бетінен 4500 метр тереңдіктегі 5000 км
2
-лік осы көмірсутек блогын 
игеріп  жатқан  консорциумның  құрамына  жеті  халықаралық  мұнай  компаниясы  кіреді.  Игеру 
жұмыстары  күрт  қиындап  кетуінің  салдарынан,  жұмсалып  жатқан  шығындар  көлемі  де 
шамадан тыс ұлғая түсті. 2008-ші жылы өңдіріс басталып, мұнай өңдіру көлемі күніне 75000 
миллиард баррельге жетеді деп күтілгенімен, 2007-ші жылдың ақпан айында өндірістің 2010-
шы жылдың үшінші тоқсанына дейін басталмайтыны туралы жарияланды.  
 
Құрманғазы  кен  орны  Қазақстанның  Ресей  Федерациясымен  Каспий  теңізіндегі  шекарасы 
бойында орналасқан. 1998-шіжылғы келісім мен 2002-ші жылғы хаттама бойынша, Қазақстан 
Құрманғазы кен орнын иеленуге құқық алып, Ресей Федерациясы жақын жердегі тағы екі кен 
орнын  өз  иелігіне  алды.  Оның  үшеуі  де  өнімді  жартылай  бөлу  қағидаты  бойынша  игеріледі. 
Кен орындарындағы мұнай қорларының көлемі 1 миллиард тоннамен  бағаланады. Сондай-ақ, 
жуық  арада  Қытаймен  шекаралас  Шығыс  Қазақстан  облысында  Қарабұлақ  жəне  Сарыбұлақ 
атты екі кен орны табылды.  
 


 
8 Тарау: Минералды ресурстар менеджменті жəне қоршаған орта
   167 
 
 
«Қазмұнайгаз» (ҚМГ)  ұлттық  компаниясы  АҚ – Қазақстанның  ұлттық  мұнай  компаниясы 
болып табылады. Ол Қазақстандағы ең ірі мұнай өндірушілері қатарында үшінші болып келеді 
жəне оған 2000-шы жылдан бері жасалған жобалардың барлығының дерлік бақылау пакеттері 
тиесілі. Қалғандарындағы меншіктік үлесі əлдеқайда аз. Компания жəне оның бөлімшелерінде 
34  мыңнан  аса  адам  жұмыс  істейді. 2005-ші  жылы  ҚМГ  өзінің  коммерциялық 
операцияларынан түскен табысының көлемін 4,8 миллиард доллар деп хабарлады.  
 
Қазақстанда  қазіргі  жəне  алда  жоспарланып  отырған  мұнай-газ  өндірісіне  қажет  құбырлар 
жүйесі жетіспейді. Сондықтан да, Қазақстан Атырау-Саранск-Самара құбыры, Каспий Құбыры 
Консорциумы,  Ақтау-Баку-Тбилиси-Жейхан  құбыры  сияқты  жаңа  экспорттық  маршруттарды 
дамыту ұйғарылды. Қытайға тікелей мұнай таситын құбыр салынып жатыр.     
 
8.2 Кесте: Қазақстанда мұнай, газ жəне көмір өндіру, 2002–2005 жж. 
 
2002
2003
2004
2005
Көмір (мың тонна)
73,7
84,9
86,9
86,6
Мұнай (мың тонна)
42,1
45,4
50,7
50,9
Газ конденсаты (мың тонна)
5,2
6,1
8,0
10,6
Табиғи газ (мың тонна)
14,1
16,6
22,1
25,0
 
Дерек көзі: Қазақстанның статистикалық жылдық есебі, 2006ж. 
 
Көмір 
 
Қазақстанда  Орталық  Азиядағы  өндіріске  қолайлы  ең  үлкен  көмір  қорлары  шоғырланған. 
Негізінен антрациттік жəне тас көмірден тұратын осы қорлардың көлемі 37,5 миллиард тоннаға 
тең. 2005-ші  жылы  Қазақстан 86,6 миллион  тонна  көмір  өндірді.  Бұл 2002-ші  жылмен 
салыстырғанда 15 пайызға  артық.  Көмір  өндіру  көлемі  бойынша  Қазақстан  əлем  елдері 
арасынан сегізінші орында келе жатыр. Елде табылған 40-тан астам көмір депозиті ашылды.  
  
Көмір  секторы  негізінен  елдің  солтүстік-шығыс  аймағындағы  Қарағанды  жəне  Екібастұз 
бассейндерінде  шоғырланған  (Карта 8.1). Қарағанды  бассейні  көбіне  жоғары  сапалы  коксті 
таскөмір  өндіретін  жерасты  көмір  шахталарынан  құралған.  Сондағы  күлдің  құрамы 10-35 
пайызға тең. Бассейн газдың көптігімен ерекшеленіп, кезінде мұнда метан көптеп шығарылған 
болатын.  Елдегі  ең  ірі  көмір  өндіруші -  «Арселор  Миттал»  халықаралық  металлургиялық 
компаниясы. «Арселор Миттал» көмірді өзінің болат өндіретін зауытына пайдаланады. 
 
1990-ші жылдан бері Қарағанды бассейніндегі кейбір шахталар жабылып, оларды мемлекеттік 
«Қарағандыликвидшахт» компаниясы басқаруға алды. Бұл компания жойылған шахталардағы 
метан  қорларының  көлемін  өлшеп,  шахталарды  қауіпсіз  жабу  ісімен  жəне  мүмкін  болған 
жағдайда метанды шығарумен белсенді айналысады. Екібастұз бассейні Астанадан солтүстік-
батыстағы Павлодар облысында орналасқан. Мұнда Қазақстандағы метанға бай көмірдің ашық 
карьерлері  шоғырланған.  Екібастұз  бассейнінің  еншісіне  Қазақстандағы  өндірілетін  көмірдің 
ең үлкен үлесі тиеді. Карьерлерді басқаруға алған мемлекеттік компания («Богатырь-Акцесс») 
елде өндірілетін көмірдің 35 пайызын шығарады. Екібастұз көміріндегі күлдің құрамы жоғары, 
35-50 пайыз аралығында болады. Мұндай көмір көбіне үй шаруашылығында жəне жылу электр 
станцияларында қолданылады (7-ші бөлімді қараңыз).  
 
Уран 
 
Қазақстан  табылған  уран  қорларының  көлемі  жағынан  əлемде  екінші  орында  тұр.  Мұнда 
дүниежүзіндегі    уран  ресурстарының 20 пайызы  шоғырланған.  Қазақстандық  қорларды  алты 
аймаққа  бөліп  топтастыруға  болады:  Шу-Сарысу,  Сырдария,  Солтүстік  Қазақстан,  Каспий 
теңізі,  Балқаш  көлі  жəне  Іле  өзені  өңірі.  Мемлекет  иелігіндегі  «Қазатомөнеркəсіп»  ядролық 
холдингтік  компаниясы  əлемдегі  ең  ірі  уран  өндірушілерінің  қатарында  төртінші  орынға  ие. 
2006-шы  жылы  Қазақстандағы  уран  өндірісі 5300 тонна  болса,  соның 3000 тоннасын 
«Қазатомөнеркəсіп» өндірген. 2007-жылғы өндіріс көлемі 6937 тоннаға жетуі тиіс. 


жүктеу 4,05 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   78   79   80   81   82   83   84   85   ...   115




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау