ЕУРОПАЛЫҚ ЭКОНОМИКАЛЫҚ КОМИССИЯ
Экологиялық саясат жөнінддегі комитет
ЭКОЛОГИЯЛЫҚ
ҚЫЗМЕТТІҢ
НƏТИЖЕЛІЛІГІ
ТУРАЛЫ
ШОЛУЛАР
ҚАЗАҚСТАН
Екінші шолу
БІРІККЕН
ҰЛТТАР
ҰЙЫМЫ
Нью-Йорк жəне Женева, 2008 жыл
Э
кологиялық қызметтің нəтижелілігі туралы шолулардың
топтамасы
№ 27 саны
ЕСКЕРТУ
Біріккен Ұлттар Ұйымы құжаттарының шартты белгілері жазба əріптерден жəне цифрлардан
(сандардан) тұрады. Осындай белгі мəтіннен кездескен кезде, ол Біріккен Ұлттар Ұйымының
сəйкес құжатына сілтеме жасауды көрсетеді.
Осы басылымда қолданылатын белгілер мен материалдың мазмұндары елдің, аумақтың,
қаланың немесе ауданның немесе олардың биліктерінің (өкіметтерінің) құқықтық мəртебесіне,
немесе шекараларын делимитациялауға қатысты қандай да пікір болмасын, Біріккен Ұлттар
Ұйымы Хатшылығының тарапынан айтылған пікірді білдірмейді.
ECE/CEP/142*
* Уақыттың тапшылығына байланысты Қазақстандағы БҰҰДБ
жəне БҰҰ ЕЭК осы құжатты аударуды өз міндеттеріне алды
БІРІККЕН ҰЛТТАР ҰЙЫМЫНЫҢ
БАСЫЛЫМЫ
Сатылымдағы No. 08.II.E.11
iii
Cөз басы
Өтпелі экономикалық елдер үшін экологиялық қызметтің нəтижелілігі туралы Шолуларға
(ЭҚНШ) қоршаған ортаны қорғау министрлері “Еуропаға арналған үшін қоршаған орта" екінші
Конференциясында ұйытқы болды, ол 1993 жылы Люцернде (Швейцария) өтті. Соның
нəтижесінде БҰҰ ЕЭК экологиялық саясат жөніндегі Комитеті ЭҚНШ-ны өзінің тұрақты
бағдарламасының бөлігі жасау туралы шешім қабылдады. Шолулардың бірінші циклы 1994 жылы
басталды жəне ол 2004 жылға дейін БҰҰ ЕЭК аймағындағы 24 елде жүргізілді.
2003 жылы "Еуропа үшін Қоршаған Орта" бесінші Конференциясында (Киев) министрлер ЭҚНШ-
бағдарламасын қолдау туралы өз пікірлерін растады жəне шолулардың екінші циклын өткізу
арқылы бағдарламаны жүзеге асыруды жалғастыру жөнінде қаулы шығарды. Осы қолдау тағы да
"Еуропаға арналған Қоршаған Орта" алтыншы конференциясында (Белград, 2007 жыл) тағы да өз
жалғасын тапты. ЭҚНШ бағдарламасы өтпелі экономикалы елдер үшін маңызды құрал болып
саналады. Осы екінші циклдың аясында бірінші шолу жүргізілген уақыттан бері қол жеткен
прогресстің қорытындысы қатар шығарылады жəне оны жүзеге асыруға, интеграциялауға,
қаржыландыруға, қоршаған ортамен əлеуметтік-экономикалық өзара ықпалдастық жүргізуге
ерекше назар аударылады.
ЭҚНШ-ны сараптық зерделеу мен алқалы қарау да сондай-ақ БҰҰ ЕЭК мүше-елдері арасындағы
диалогқа жəне бүкіл аймақ бойынша қоршаған ортаны қорғау саласындағы жағдайлар мен саясатты
үйлестіруге септігін тигізеді. Ерікті іс-шара болып табылатын ЭҚНШ тиісті елдің өтініші бойынша
ғана жүзеге асырылады.
Зерттеулерді аймақтағы халықаралық сарапшылар тобы, шолу жүргізілетін елдің ұлттық
сарапшыларымен тығыз ынтымақтастықта жүзеге асырады. Топтар сондай-ақ Біріккен Ұлттар
Ұйымының Даму бағдарламасын қоса атағанда, Біріккен Ұлттар Ұйымы жүйесінің басқа да
органдарымен, экономикалық ынтымақтастық жəне даму ұйымымен тығыз ынтымақтастықта
алынған нəтижелерді пайдаланады.
Осы Есеп БҰҰ ЕЭК жариялайтын Қазақстандағы екінші ЭҚНШ болып табылады. Есепте 2000
жылы ел туралы жүргізілген бірінші шолудан бергі уақытта қоршаған ортаны басқаруда Қазақстан
қол жеткізген прогресстің қорытындылары шығырылады. Ол бірінші шолудың ұсыныстарының
орындалуына баға
береді (I қосымша). Есеп
сондай-ақ саясат əзірлеуге, жоспарлау мен жүзеге
асыруға қатысты Қазақстан үшін маңызды тоғыз мəселені; қоршаған ортаны қорғау саласындағы
саясат пен жобаларды қаржыландыруды; сондай-ақ экологиялық пайымдарды экономика
секторына, атап айтқанда энергетикаға, минералды ресурстарды өңдеуге жəне су ресурстарын
басқаруға интеграциялауды қамтиды. Есеп əсіресе, тұрақты дамуды көтермелеуге ерекше назар
аударады, өйткені Қазақстан мұны басым мəселе деп есептейді.
Мен, осы Екінші Шолудың саясат жасаушылар мен азаматтық қоғамның өкілдері үшін, олардың
табиғат пайдалануды басқаруды жетілдіру жəне Қазақстандағы тұрақты дамуды одан əрі
көтермелеу жөніндегі күш-жігерлеріне пайдалы жəрдем болатынына, сараптық зерделеу мен
алқалы қарау үдерісінен алынған сабақтардың да сондай-ақ БҰҰ ЕЭК өңіріндегі басқа елдерге де
көмектесетініне сенім артамын.
Марек Белька
Атқарушы хатшы
Еуропалық экономикалық комиссия
v
Алғы Сөз
Қазақстанның
экологиялық
қызметінің нəтижелілігі туралы екінші шолуды (ЭҚНШ) дайындау
2007 жылы сəуірде дайындық миссиясын жүргізуден басталды, соның барысында есептің
түпкілікті құрылымы талқыланды жəне бекітілді. Шолу жөніндегі миссия 2007 жылы 10-19
қыркүйекте өтті. Халықаралық сарапшылардың тобына Италияның, Финляндияның,
Францияның жəне Швецияның, Біріккен Ұлттар Ұйымы Еуропалық экономикалық
комиссиясының (БҰҰЕЭК) хатшылығы мен экономикалық ынтымақтастық жəне даму
ұйымыынң (ЭЫДҰ) сарапшылары кірді.
ЭҚНШ есебінің орыс тіліне аударылған жобасы ескертулер дайындау үшін Қазақстанға жəне
экологиялық қызметтің нəтижелілігі жөнінде қарау үшін арнайы сарапшылар тобына
наурызда берілді. 2008 жылғы 17 жəне 18-ші сəуірдегі отырыстың барысында сарапшылар
тобы Қазақстан үкіметінің өкілдері болған сарапшылармен бірге есепті егжей-тегжейлі
талқылап, атап айтқанда, халықаралық сарапшылар жасаған қорытындылар мен ұсыныстарға
зейін аударды.
Сарапшылар тобы ұсынған түзетулермен ЭҚНШ ұсыныстары содан кейін БҰҰ ЕЭК
экологиялық саясат жөніндегі Комитетінің он бесінші сессиясына 2008 жылы 21-ші сəуірде
алқалық қарауға берілді.
Алқалық қарау отырысына Қазақстаннан жоғары деңгейдегі делегация қатысты. Комитет осы
есепте мазмұндалатын ұсыныстарды бекітті.
БҰҰ ЕЭК экологиялық саясат жөніндегі Комитеті жəне БҰҰ Шолу жүргізу жөніндегі тобы
Қазақстан Үкіметіне де, сондай-ақ оның халықаралық сарапшыларымен бірге жұмыс істеген
жəне мағлұматтар мен көмек беру түрінде жəрдемдескен сарапшыларына да ризашылық
білдіреді. БҰҰ ЕЭК Қазақстан үкіметіне, осы екінші шолудың ұсыныстарын орындауды қоса
атағанда, табиғат Қорғау саласындағы мақсаттарына жету жолындағы міндеттерді жүзеге
асыруда табыстан-табысқа жете беруін тілейді.
БҰҰ ЕЭК сондай-ақ Австрия, Болгария, Германия, Нидерланды жəне Эстония үкіметтеріне
қаржылай салымдары үшін, Италия, Финляндия, Франция жəне Швеция үкіметтеріне осы
шолуды жүргізу үшін сарапшылар бергені үшін, сондай-ақ ЭЫДҰ-ға, Еуропадағы қауіпсіздік
пен ынтымақтастық жөніндегі ұйымға, Біріккен Ұлттар Ұйымының Даму бағдарламасына
ЭҚНШ бағдарламасына, осы шолуды жүргізуге көрсеткен көмектері үшін шынайы алғыс
айтады.
Достарыңызбен бөлісу: |