78
I Бөлім: Саясат жасау, жоспарлау жəне жүзеге асыру
қолданылады. Графикалық нысандар, кесте, карта жəне басқа да көрнекі формалар əлі де
жеткіліксіз деңгейде қолданылып жүр. Баяндамалар елеулі деңгейде əлі күнге дейін
сипаттаушы мəнге ғана ие болып отыр. 2006 ж. дейін олар тек компакт дискілермен ғана
берілді. Осыдан кейін баяндамалар шектеулі тиражбен басылып шығарылып (150 д. 2007ж.),
түрлі деңгейдегі билік органдарының арасына ғана таратыла бастады. Олардың шектеулі
тиражбен шығарылуына жəне министрлік вэбсайтына орналастырылмауына байланысты,
жұртшылықтың баяндамаларға қатысты қолжетімділігі де шектеулі болды. Баяндамалар
министрлік
алқасының
талқылауына
ұсынылады.
Дегенмен
оның
құрамындағы
қорытындылардың экологиялық саясатты өңдеу барысында қолданылатындылығы жөнінде
ешқандай дерек жоқ.
«Казгидромет» сатылымға түсетін жəне кең оқырмандар аудиториясына ұсынылатын ай
сайынғы журналын шығарады («Гидрометеорология жəне экология»). Кəсіпорын сонымен
қатар ҚР қоршаған ортаның ластануы туралы мерзімді (айына, тоқсан сайын, жарты жылда
жəне жылына) бюллетендер; жерүсті суларының күйі туралы жылдық есеп; Мемлекеттік су
кадастры; негізгі су ағыстарының ауыр металдармен ластануы жəне Балқаш, Каспий теңізі мен
басқа да өзен бассейндерінің экологиялық жағдайы туралы, сондай-ақ Алматыдағы ауаның
ластануы туралы күнделікті бюллетень жариялап отырады. Жыл сайын ҚОҚМ бекітілетін
жөнелтілімдер тізіміне сəйкес, мемлекеттік органдарға тек Республикадағы қоршаған ортаның
ластануы жөніндегі ай сайынғы жəне тоқсан сайынғы бюллетеньдер ғана беріледі.
Басқа
мекемелер немесе жеке тұлғаларға келетін болсақ, «Қазгидромет» оларға өздерінің ақпараттық
өнімін ақылы негізде беріп отырады. Азаматтардың ақпарат алу сұраныстарына қатысты
құқықтық нормаларға сəйкес, «Қазгидромет» жазбаша сұраныстарға орай жұртшылық
өкілдеріне соған сəйкес мəліметтер мен ақпараттарды тегін таратады.
Жалпы, қоршаған орта мониторингінің нəтижелері мен жинақталып отырған мəліметтер
мемлекеттік жəне облыстық деңгейдегі кешенді экологиялық баға дайындау үшін жеткіліксіз
қолданылады. Сондай-ақ олар шешім қабылдау, саясат жасау мен Қазақстандағы
жұртшылықтың ақпараттылығын арттыруда əлі тиімді қолданыс тапқан жоқ.
3.4
Жұртшылықтың қатысуы
Азаматтық қоғам жəне ақпараттылықты арттыру
Мəдениет жəне ақпарат Министрлігі жүргізетін, ҮЕҰ мемлекеттік тізімдемесіне тіркелген
ҚОҚМ бағалауына сəйкес, 2007 ж. қоршаған орта мəселелері бойынша Қазақстанның 131
қоғамдық ұйымы айналысты. Ең белсенді ҮЕҰ арасынан «ЭКО-Форум» (алпыс ҮЕҰ бірігуі),
«Экообраз», «Экошкола», «Экообразование» жəне «Табиғат» атауға негіз бар.
ҮЕҰ факультативті экологиялық білім беруде елеулі рөл атқарады. Олар бюллетень жəне
мерзімді басылымдар шығарады. Кейбір ұйымдар, мысалы Тұрақты өндіріс жəне қолданыс
орталығы мен Тұрақты дамуға арналған іскери топтардың қазақстандық кеңесі кəсіпкерлер мен
өнеркəсіп иелерінің экологиялық мəселелер туралы шешім қабылдауға қатысуға деген назарын
өзіне ерекше аудартып келеді. Осы аталған екі ҮЕҰ қазақстандық компанияларды
кəсіпорындардың қоршаған орта мониторингін жетілдіру жəне министрлердің «Еуропаға
арналған қоршаған орта» алтыншы Конференциясымен (Белград, 2007 ж.)
мақұлданған
экологиялық есеп беруді жақсарту жөніндегі ЕЭК БҰҰ Нұсқауына дайындалуға шақырды.
2006 ж. ҚОҚМ ақпараттық қолдау көрсетуінің барысында жалпы мемлекеттік жаңа газет
(«Эколог») айналымға шықты. Барлық облыстардан орта есеппен экологияға қатысты 1-2
мерзімді басылым табу аса оңай мəселе. Ерекше аталатыны үш облыс жəне Астана қ.
Алматылық теледидар арқылы күнделікті қазақ жəне орыс тілдерінде «Эко» экологиялық
бағдарламасы көрсетіледі.