Еуразиялық экономикалық одақ туралы шарт


мемлекетаралық беруді жүзеге асыру әдіснамасы



жүктеу 3,03 Mb.
бет33/46
Дата14.11.2018
өлшемі3,03 Mb.
#19756
1   ...   29   30   31   32   33   34   35   36   ...   46

мемлекетаралық беруді жүзеге асыру әдіснамасы

1. Өтінімдер беру және электр энергиясын (қуатын) өндіру мен


тұтынудың болжамды теңгерімдеріне енгізілуге жататын, оның
ішінде табиғи монополиялар субъектілерінің көрсетілетін
қызметтерінің тарифтерін есептеу кезінде ескерілетін электр
энергиясын (қуатын) мемлекетаралық берудің жылдық болжамды
көлемін қалыптастыру тәртібінің негізгі ережелері

      1.1. Беларусь Республикасының аумағында.


      1.1.1. Беларусь Республикасының ұлттық электр желісі бойынша электр энергиясын (қуатын) мемлекетаралық берудің (бұдан әрі - МАБ) жылдық болжамды көлемдерін оны жүзеге асыруға уәкілетті ұйым берілген өтінім негізінде айқындайды.
      1.1.2. Алдағы күнтізбелік жылға арналған өтінім алдыңғы жылдың 1 сәуірінен кешіктірілмей беріледі. Өтінімде МАБ пен ең жоғары қуаттың жылдық көлемі айлар бойынша бөлініп көрсетіледі.
      1.1.3. Өтінімді қарау кезінде Беларусь Республикасының уәкілетті ұйымы осы Әдіснамаға сәйкес айқындалатын қолда бар техникалық мүмкіндіктің шамасын басшылыққа алады.
      Жалпы алғанда жыл бойы немесе жылдың қандай да бір айында МАБ-тың мәлімделген шамасы қолда бар техникалық мүмкіндік шамасынан асып кеткен кезде, Беларусь Республикасының уәкілетті ұйымы өтінім берген ұйымға дәлелді бас тарту хатын жібереді.
      1.1.4. Беларусь Республикасының уәкілетті ұйымымен келісілген МАБ-тың мәлімделген көлемі электр энергиясын беру шартына қосымша ретінде ресімделеді және электр энергиясын беру жөніндегі көрсетілетін қызметтердің тарифтерін есептеу кезінде ескеріледі.
      1.1.5. МАБ-қа ұйғарылып отырған электр энергиясының көлемі МАБ жоспарланған жылдың алдындағы жылдың 1 қарашасына дейін мүше мелекеттердің уәкілетті ұйымдарының келісуі бойынша түзетілуі мүмкін.
      1.2. Қазақстан Республикасының аумағында.
      1.2.1. Қазақстан Республикасының ұлттық электр желісі бойынша МАБ-тың жылдық болжамды көлемі МАБ-ты жүзеге асыруға уәкілетті ұйымның МАБ-ты жүзеге асыру үшін Қазақстан Республикасының жүйелік операторына берген өтінімі негізінде айқындалады.
      1.2.2. Алдағы күнтізбелік жылға өтінім алдыңғы жылдың 1 сәуірінен кешіктірілмей беріледі. Өтінімде МАБ-тың жылдық көлемі айлар бойынша бөлініп және Қазақстан Республикасының шекарасында электр энергиясын қабылдау нүктелері мен беру нүктелері атап өтіле отырып көрсетіледі.
      1.2.3. Қазақстан Республикасының жүйелік операторы өтінімді қарау кезінде осы Әдіснамаға сәйкес айқындалатын қолда бар техникалық мүмкіндіктің шамасын басшылыққа алады. Жалпы алғанда жыл бойы немесе жылдың қандай да бір айында МАБ-тың мәлімделген шамасы қолда бар техникалық мүмкіндік шамасынан асып кеткен кезде, Қазақстан Республикасының жүйелік операторы өтінім берген ұйымға дәлелді бас тарту хатын жібереді.
      1.2.4. Қазақстан Республикасының жүйелік операторымен келісілген МАБ-тың мәлімделген көлемі электр энергиясын беру шартына қосымша ретінде ресімделеді және электр энергиясын беру жөніндегі көрсетілетін қызметтердің тарифтерін есептеу кезінде ескеріледі.
      1.2.5. Қазақстан Республикасының Біртұтас энергетикалық жүйесі (бұдан әрі - Қазақстан БЭЖ) бойынша электр энергиясы мен қуатының болжамды теңгерімін қалыптастырғаннан кейін жоспарланған жылдың алдындағы жылдың 15 сәуіріне дейін екіжақты мемлекетаралық шарттар бойынша электр энергиясын жеткізу көлемі айқындалады және көтерме сауда нарығының субъектілерімен келісіледі.
      1.2.6. МАБ-қа ұйғарылып отырған электр энергиясының көлемі жеткізу жоспарланған жылдың алдындағы жылдың 1 қарашасына дейін МАБ-ты ұйымдастыруға және жүзеге асыруға уәкілетті субъектілердің ұсынысы бойынша түзетілуі мүмкін.
      1.3. Ресей Федерациясының аумағында.
      1.3.1. Ресей Федерациясының субъектілері бойынша Ресей БЭЖ шеңберінде Жиынтық болжамды теңгерімді қалыптастыру тәртібіне сәйкес уәкілетті ұйым (Ресей Федерациясының біртұтас ұлттық (жалпы ресейлік) электр желісін (бұдан әрі - БҰЭЖ) басқару жөніндегі ұйым) жеткізу жоспарланған жылдың алдындағы жылдың 1 сәуіріне дейін Ресей Федерациясының Тарифтер жөніндегі федералдық қызметіне (Ресейдің ТФҚ) және Ресей БЭЖ жүйелік операторына мүше мемлекеттердің ұлттық электр желісін басқаруды жүзеге асыратын уәкілетті ұйымдарымен келісілген ұсыныстарды жібереді.
      1.3.2. Келісілген ұсыныстарды Ресей ТФҚ қарайды және Ресей Федерациясының заңнамасында көзделген мерзімдерде келесі күнтізбелік жылға Ресей Федерациясының субъектілері бойынша электр энергиясын (қуатын) өндіру мен тұтынудың жиынтық болжамды теңгерімін қалыптастырған кезінде ескеріледі.
      1.3.3. Жеткізілетін жылға Ресей Федерациясының субъектілері бойынша электр энергиясын (қуатын) өндіру мен тұтынудың жиынтық болжамды теңгерімі көрсеткіштерінің құрамында бекітілген, МАБ-қа ұйғарылып отырған электр энергиясы мен қуатының көлемдері электр энергетикасындағы табиғи монополиялардың көрсетілетін қызметтеріне бағаларды (тарифтерді) есептеу кезінде ескеріледі.
      1.3.4. МАБ-қа ұйғарылып отырған электр энергиясы мен қуатының көлемі мүше мемлекеттердің уәкілетті органдарымен (ұйымдарымен) келісілген болған жағдайда БҰЭЖ басқару жөніндегі ұйымның ұсынысы бойынша жоспарланған жеткізу жылының алдындағы жылдың 1 қарашасына дейін электр энергетикасындағы табиғи монополиялардың көрсетілетін қызметтеріне белгіленген бағаларға (тарифтерге) тиісті түзету енгізе отырып, түзетілуі мүмкін.

2. Жоспарлау үйлестірушісінің функциялары мен өкілеттіктерін


айқындайтын ережелерді қоса алғанда, электр энергетикалық
жүйелердің жылдық, айлық, тәуліктік және тәулікішілік жұмыс
режимдерін жоспарлау негізінде техникалық мүмкіндіктерді және
МАБ-тың жоспарланған көлемін айқындау тәртібі

      2.1. Терминология.


      Осы Әдіснаманың 2-бөлімінің мақсаттары үшін мынадай ұғымдар пайдаланылады:
      Бақыланатын қима мүше мемлекеттердің электр энергетикалық жүйелері жүйелік операторларының диспетчерлік орталықтары айқындайтын электр беру желілерінің (ЭБЖ) және электр желісінің басқа да элементтерінің жиынтығы, бұлар арқылы қуат ағындары электр энергетикалық жүйелердің орнықты жұмысын, сенімділігі мен беріктігін қамтамасыз ету мақсатында бақыланады.
      Қуаттың ең жоғары қолжетімді ағыны - қалыпты режимдерге қойылатын барлық талаптарды қанағаттандыратын, желі қимасындағы аса көп ағын.
      Мемлекетаралық қима - мүше мемлекеттердің электр энергетикалық жүйелерінің жүйелік операторлары айқындайтын, көрші мемлекеттердің электр энергетикалық жүйелерін (жекелеген энергетикалық аудандарын) жалғап тұратын мемлекетаралық ЭБЖ-да (-ларда) орналасқан, қатарлас жұмыстың электр энергетикалық режимдерін жоспарлау және басқару міндеттерімен технологиялық тұрғыдан негізделген жеткізу нүктесі немесе жеткізу нүктелерінің тобы.
      Өзге де пайдаланылатын ұғымдар Баға белгілеу мен тарифтік саясат негіздерін қоса алғанда, электр энергетикасы саласындағы табиғи монополиялар субъектілерінің көрсетілетін қызметтеріне қол жеткізуді қамтамасыз ету туралы хаттамада (Еуразиялық экономикалық одақ туралы шарттың № 21 қосымшасы) айқындалған мағынаға ие болады.
      2.2. Жалпы ережелер.
      2.2.1. Жоспарлау кезеңдерінде шешілетін міндеттер:
      - жылдық жоспарлау: экспорт-импорт қимасын шектейтін электр желілік жабдықтарды жөндеудің жылдық жоспарланған графиктерін есепке ала отырып, электр энергиясын (қуатын) өндіру мен тұтынудың болжамды теңгерімдерінде ескерілетін, мүше мемлекеттердің арасында электр энергиясын (қуатын) жеткізудің және мүше мемлекеттер арасындағы МАБ-тың мәлімделген көлемдерін іске асырудың техникалық мүмкіндігін тексеру және қажет болған кезде оларды түзету;
      - айлық жоспарлау: экспорт-импорт қимасын шектейтін электр желілік жабдықтарды жөндеудің айлық жоспарлы графиктерін есепке ала отырып, электр энергиясын (қуатын) өндіру мен тұтынудың жылдық болжамды теңгерімдерінде ескерілген, мүше мемлекеттер арасындағы жеткізілімдер мен МАБ-тың мәлімделген көлемдерін іске асырудың техникалық мүмкіндігін тексеру және қажет болған кезде оларды түзету;
      - режимдерді тәуліктік жоспарлау және тәулікішілік түзету: электр желілік жабдықтардың нақты схемалық-режимдік ахуалын, экспорт-импорт қимасын, мүше мемлекеттер арасындағы жеткізілімдер мен МАБ-тың көлемдерін шектейтін жоспарлы, жоспардан тыс және авариялық ажыратылуын есепке ала отырып, мүше мемлекеттер арасындағы бір тәулікке ілгері мәлімделген жеткізу мен МАБ-тың сағаттық көлемдерін іске асырудың техникалық мүмкіндігін тексеру.
      2.2.2. Жоспарлау (мүше мемлекеттер арасындағы МАБ-тың жоспарланған көлемдерінің іске асырыла алатынын есептеу Ресей БЭЖ бен Қазақстан БЭЖ арасында және Ресей БЭЖ бен Беларусьтің Біріккен энергетикалық жүйесі (Беларусьтің БЭЖ-і) арасында қатарлас жұмыс істейтін электр энергетикалық жүйелердің есептік моделін (бұдан әрі - есептік модель) пайдалана отырып жүргізіледі).
      2.2.3. Есептік модель Ресей БЭЖ-дің, Қазақстан БЭЖ бен Беларусь БЭЖ-дің технологиялық жағынан өзара байланысты бөліктерінің жоспарлауға қажетті көлемдегі математикалық моделін білдіреді және:
      - электр желісін алмастыру схемасының бағандары мен параметрлерінің;
      - активті және реактивті тораптық жүктемелердің;
      - тораптардағы активті және реактивті генерацияның;
      - генерацияның ең төмен және ең жоғары активті және реактивті қуатының;
      - желілік шектеулердің сипаттамаларын өзінде қамтиды.
      2.2.4. Есептік модель мүше мемлекеттердің электр энергетикалық жүйелерінің жүйелік операторларымен келісілген алмастыру схемасы негізінде, әдетте, қысқы жүктеме максимумы мен минимумының және жазғы жүктеме максимумы мен минимумының келісілген сағаттарына сәйкес келетін базалық режимдер (базалық есептік схемалар) үшін қалыптастырылады. Егер олар мемлекетаралық жеткізілімдерге (алмасуларға) елеулі түрде әсер ететін болса, өзіне тән схемалық-режимдік ахуалдар үшін бақыланатын мемлекетаралық қималардағы, сондай-ақ ішкі бақыланатын қималардағы ең жоғары жол берілетін ағындар көрсетілуге тиіс.
      2.2.5. Ресей БЭЖ жүйелік операторы жоспарлау үйлестірушісі болып табылады.
      2.2.6. Жоспарлау сатыларының әрқайсысы үшін есептік модельдер мен жаңартып отырылатын ақпарат құрамы, оның ішінде есептік модельге енгізілетін энергетикалық объектілер мен электр энергетикалық жүйелердің (электр энергетикалық жүйелер баламаларының) тізбелері, оларды қалыптастыру мен жаңартып отыру тәртібі және оның уақыт регламенті, электр энергетикалық жүйелердің жылдық, айлық, тәуліктік және тәулікішілік жұмыс режимдерін жоспарлауға арналған деректерді алмасу форматтары мен тәсілдері Ресей БЭЖ жүйелік операторы және Беларусь БЭЖ жүйелік операторының функциясын орындайтын ұйыммен бірге БҰЭЖ-ді басқару жөніндегі ұйым және Қазақстан БЭЖ жүйелік операторы бекітетін құжаттарда белгіленеді.
      2.3. Жоспарлау үйлестірушісінің және мүше мемлекеттердің электр энергетикалық жүйелерінің қалған жүйелік операторларының функциялары мен өкілеттіктері.
      2.3.1. Жоспарлау үйлестірушісі:
      - негізгі есептік модельдер қалыптастыруды;
      - Беларусь БЭЖ жүйелік операторы функциясын орындайтын ұйыммен, Қазақстан БЭЖ жүйелік операторымен жоспарлау мақсатында ақпарат алмасуды ұйымдастыруды;
      - Беларусь БЭЖ жүйелік операторы функциясын орындайтын ұйымнан, Қазақстан БЭЖ жүйелік операторынан жоспарлау мақсатында алынған деректер негізінде электр энергетикалық режимдерге есептеу жүргізуді;
      - егер есептеу кезінде электр режимдерінің іске асырыла алмайтыны немесе жеткізілімдер мен МАБ-тың мәлімделген көлемдері кезінде есептік модельдің бақыланатын қималарындағы ең жоғары жол берілетін ағындардың артып кеткені анықталған жағдайда, Баға белгілеу мен тарифтік саясат негіздерін қоса алғанда, электр энергетикасы саласындағы табиғи монополиялар субъектілерінің көрсетілетін қызметтеріне қол жеткізуді қамтамасыз ету туралы хаттаманың (Еуразиялық экономикалық одақ туралы шарттың № 21 қосымшасы) 4-тармағының 2-тармақшасында айқындалған:
      1) электр энергетикалық жүйесі арқылы МАБ-ты жүзеге асыру жоспарланып отырған мүше мемлекеттің ішкі қажеттіліктерін қамтамасыз етудің;
      2) мүше мемлекеттің электр энергетикалық жүйесінің бір бөлігінен оның басқа бөлігіне электр энергиясының (қуатының) МАБ-ын шектес мүше мемлекеттің электр энергетикалық жүйесі арқылы қамтамасыз етудің;
      3) бір мүше мемлекеттің электр энергетикалық жүйесінен басқа мүше мемлекеттің электр энергетикалық жүйесіне электр энергиясының (қуатының) МАБ-ын мүше мемлекеттің электр энергетикалық жүйесі арқылы қамтамасыз етудің;
      4) Одаққа кірмейтін үшінші мемлекеттердің электр энергетикасы субъектілеріне қатысты міндеттемелерді орындау мақсатында мүше мемлекеттің электр энергетикалық жүйесі арқылы электр энергиясының (қуатының) МАБ-ын қамтамасыз етудің;
      - Беларусь БЭЖ жүйелік операторы функциясын орындайтын ұйымның, Қазақстан БЭЖ жүйелік операторының назарына жоғарыда көрсетілген есептеулердің нәтижелерін жеткізудің басымдығы қағидаттарын қамтамасыз етуді есепке ала отырып, мүше мемлекеттердің электр энергетикалық жүйелері (электр энергетикалық жүйелерінің бөліктері) арасындағы мемлекетаралық ағындарға түзету енгізуді жүзеге асырады.
      2.3.2. Егер есептеу кезінде электр режимдерінің іске асырыла алмайтыны немесе есептік модельдің бақыланатын қималарындағы ең жоғары жол берілетін ағындардың артып кеткені анықталған жағдайда, жоспарлау үйлестірушісі Беларусь БЭЖ жүйелік операторының функциясын орындайтын ұйымға, Қазақстан БЭЖ жүйелік операторына және БҰЭЖ-ді басқару жөніндегі ұйымға электр энергетикалық жүйелердің сальдо-ағындарының (теңгерімдерінің) шамаларына енгізілетін қажетті түзетулер шамасын жібереді.
      Беларусь БЭЖ жүйелік операторы функциясын орындайтын ұйым, Қазақстан БЭЖ жүйелік операторы және БҰЭЖ-ді басқару жөніндегі ұйым барлық шарттар бойынша электр энергиясы (қуаты) жеткізілімдерінің, оның ішінде МАБ-тың көлемдерін жоғарыда көрсетілген басымдықтар негізінде түзетеді не жоспарлау үйлестірушісі есептеу қорытындылары бойынша анықтаған, бақылау қималарындағы жол берілетін ағындардың бұзушылықтарын жою жөнінде өзге де шаралар қолданады.
      Мүше мемлекеттер арасындағы барлық шарттар, оның ішінде МАБ бойынша электр энергиясы (қуаты) жеткізілімдерінің түзетілген шарттық көлемі туралы ақпаратты Беларусь БЭЖ жүйелік операторы функциясын орындайтын ұйым, Қазақстан БЭЖ жүйелік операторы және БҰЭЖ-ді басқару жөніндегі ұйым жасалған шарттар бойынша мүше мемлекеттердің ішкі электр энергиясы нарықтары субъектілерінің назарына жеткізеді.
      2.3.3. Жоспарлау үйлестірушісі Беларусь БЭЖ жүйелік операторы функциясын орындайтын ұйымнан, Қазақстан БЭЖ жүйелік операторынан жоспарлауға арналған өзекті деректерді алмаған не техникалық қателіктері бар деректерді немесе көрінеу анық емес деректерді алған жағдайда, мазмұны мен қолданылу тәртібі Беларусь БЭЖ жүйелік операторы функциясын орындайтын ұйым, Қазақстан БЭЖ жүйелік операторы және Ресей БЭЖ жүйелік операторы бекітетін құжаттарда белгіленген орнын алмастыратын ақпаратты пайдалануға құқығы бар.
      2.4. Жылдық жоспарлау.
      2.4.1. Жылдық жоспарлау Беларусь БЭЖ жүйелік операторы функциясын орындайтын ұйым, Қазақстан БЭЖ жүйелік операторы және Ресей БЭЖ жүйелік операторы айқындайтын мерзімдерде және тәртіппен орындалады.
      2.4.2. Беларусь БЭЖ жүйелік операторының функциясын орындайтын ұйым, Қазақстан БЭЖ жүйелік операторы және Ресей БЭЖ жүйелік операторы жоспарланатын күнтізбелік жылға электр желілік жабдықтарды жөндеу графиктерінің жобаларын жасайды және оларды жоспарлау үйлестірушісіне ұсынады. Жоспарлау үйлестірушісі жоспарланатын күнтізбелік жылға электр желілік жабдықтарды жөндеу графигін келіседі және оны Беларусь БЭЖ жүйелік операторының функциясын орындайтын ұйымға, Қазақстан БЭЖ жүйелік операторына және БҰЭЖ-ді басқару жөніндегі ұйымға жібереді. Жөнделуі жылдық (сондай-ақ айлық) жөндеу графигі шеңберінде келісілуге жататын электр желілік объектілердің тізбесін және оны жасаудың уақыт регламентін Беларусь БЭЖ жүйелік операторының функциясын орындайтын ұйым, Қазақстан БЭЖ жүйелік операторы және Ресей БЭЖ жүйелік операторы белгілейді.
      2.4.3. Беларусь БЭЖ жүйелік операторының функциясын орындайтын ұйым, Қазақстан БЭЖ жүйелік операторы жоспарлау үйлестірушісіне өздері жұмыс күніне тән максимумның бір сағатына арналған электр энергиясының, қуатының болжамды теңгерімдеріне негізделе отырып қалыптастырған тиісті ұлттық электр энергетикалық жүйе (тұтыну, генерация, ағындар сальдосы, желілік жабдықтарды жөндеу) бойынша жылдық жоспарлау үшін ақпарат береді.
      2.4.4. Ресей БЭЖ - Қазақстан БЭЖ және Ресей БЭЖ - Беларусь БЭЖ ағындары сальдосының нақтыланған болжамды мәні жоспарлау нәтижесі болып табылады.
      2.4.5. Жоспарлау үйлестірушісі режимдерге есептеу жүргізіп, есептеу нәтижелерін Беларусь БЭЖ жүйелік операторының функциясын орындайтын ұйымға, Қазақстан БЭЖ жүйелік операторына жібереді.
      2.5. Айлық жоспарлау.
      2.5.1. Айлық жоспарлау Беларусь БЭЖ жүйелік операторының функциясын орындайтын ұйым, Қазақстан БЭЖ жүйелік операторы және Ресей БЭЖ жүйелік операторы белгілейтін мерзімдерде және тәртіппен жылдық жоспарлау бойынша секілді схемада, ай бөлінісінде деректер мен нәтижелерді алмаса отырып, орындалады.
      2.6. Тәуліктік және тәулікішілік жоспарлау.
      2.6.1. Тәуліктік және тәулікішілік жоспарлау Беларусь БЭЖ жүйелік операторының функциясын орындайтын ұйым, Қазақстан БЭЖ жүйелік операторы және Ресей БЭЖ жүйелік операторы белгілейтін мерзімдерде және тәртіппен орындалады.
      2.6.2. Тәулік сайын Беларусь БЭЖ жүйелік операторының функциясын орындайтын ұйым, Қазақстан БЭЖ жүйелік операторы жоспарлау үйлестірушісіне 24 сағаттық (сағат 00:00 бастап 24:00 дейін) жаңартылып отыратын деректер жинағы түрінде жоспарланған тәулікке (бұдан әрі - X тәулік) есептік модельді жаңартып отыруға арналған деректер береді, онда мыналар қамтылады:
      - электр энергетикалық жүйенің 220 кВ және одан да жоғары электр желілік жабдығы элементтерінің жоспарлы жөнделуі;
      - электр энергетикалық жүйе бойынша жинақтап алғанда тұтыну мен генерациялаудың сағаттық графиктері (оның ішінде есептік модельдің құрамын қалыптастырған кезде Беларусь БЭЖ жүйелік операторының функциясын орындайтын ұйым, Қазақстан БЭЖ жүйелік операторы және Ресей БЭЖ жүйелік операторы белгілеген жекелеген энергетикалық аудандар бойынша);
      - ағындар сальдосының сағаттық графиктері (электр энергетикалық жүйе ағындарының оң сальдосы үшін оның тапшылығы алынады).
      БҰЭЖ-ді басқару жөніндегі ұйым жоспарлау үйлестірушісіне шарттардың барлық түрлері бойынша Ресей БЭЖ-і, Қазақстан БЭЖ-і мен Беларусь БЭЖ-і арасында электр энергиясын жеткізу, оның ішінде мүше мемлекеттердің арасындағы МАБ көлемдерінің сағаттық графиктерінің Беларусь БЭЖ жүйелік операторының функциясын орындайтын ұйыммен, Қазақстан БЭЖ жүйелік операторымен келісілген жиынтық мәнін береді.
      2.6.3. Егер Беларусь БЭЖ жүйелік операторының функциясын орындайтын ұйым, Қазақстан БЭЖ жүйелік операторы жоспарлау үйлестірушісіне есептік модельді жаңартып отыруға арналған деректер берілмеген болса, онда соңғысы Беларусь БЭЖ жүйелік операторының функциясын орындайтын ұйым, Қазақстан БЭЖ жүйелік операторы және Ресей БЭЖ жүйелік операторы есептік модель құрамын қалыптастырған кезде өзара келісу бойынша белгіленген орнын алмастыратын ақпаратты пайдаланады.
      2.6.4. Жоспарлау үйлестірушісі есептік модельді жаңартып отыру мен электр режимдерін есептеуді жүзеге асырады.
      2.6.5. Жоспарлау үйлестірушісі режимдерге есептеу жүргізеді және есептеу нәтижелерін Беларусь БЭЖ жүйелік операторының функциясын орындайтын ұйымға, Қазақстан БЭЖ жүйелік операторына келісілген форматта береді.
      2.6.6. Егер мүше мемлекеттер арасындағы жеткізу және МАБ көлемдерінің мәлімделген мәндері іске асырыла алмайтындай болса, Беларусь БЭЖ жүйелік операторының функциясын орындайтын ұйым, Қазақстан БЭЖ жүйелік операторы және БҰЭЖ-ді басқару жөніндегі ұйым осы Әдіснаманың 2.3.1-тармағында айқындалған басымдықты есепке ала отырып, жеткізілімдер мен МАБ көлемін түзету бойынша шаралар қолданады.
      2.6.7. Егер электр тұтынудың және/немесе схемалық-режимдік шарттардың болжанбаған өзгеруі нәтижесінде және/немесе жеткізу шарттарының талаптары өзгерген кезде мүше мемлекеттер арасындағы жоспарлы жеткізу және МАБ көлемдеріне жедел тәулік ішінде түзету енгізу талап етілген жағдайда, Беларусь БЭЖ жүйелік операторының функциясын орындайтын ұйым, Қазақстан БЭЖ жүйелік операторы жоспарлау үйлестірушісіне:
      - жоспарлау мақсатында бір тәулікке ілгері берілетін ақпаратқа сәйкес келетін көлемде X тәуліктің қалған сағаттарына сағаттық жаңартылып отыратын деректер жинағы түрінде ағымдағы тәуліктерге есептік модельді жаңартып отыруға арналған деректерді;
      - мүше мемлекеттер арасындағы жеткізудің және МАБ-тың жоспарлы көлемдерін өзгерту көлемдері ұсынылған өтінім береді.
      2.6.8. Тәулік ішінде әр уақыттық кезең үшін деректер берудің («қақпаларды жабу уақыты») және есептеу нәтижелерін жеткізудің шектеулі уақыты белгіленеді. Деректерді «қақпаларды жабу уақытынан» кейін беруге рұқсат берілмейді. Жоспарлау үйлестірушісі есептік модельді жаңартып отырады және X тәуліктің қалған сағаттарына электр режимдерін есептеуді орындайды.
      2.6.9. X тәуліктің қалған сағаттарына мүше мемлекеттер арасындағы жеткізу және МАБ көлемдерінің нақтыланған жоспарлы сағаттық графигі жоспарлау нәтижесі болып табылады. Режимдерді тәулікішілік түзету уақытынан кейін схемалық-режимдік шарттардың өзгеруі себепті нақтыланған жоспарлы сағаттық графиктерді орындау мүмкін болмаған жағдайда, мүше мемлекеттер арасындағы жеткізу және МАБ көлемін өзгертуге мүше мемлекеттердің уәкілетті шаруашылық жүргізуші субъектілері арасында электр энергиясын жеткізуге арналған тиісті арнайы шарттарға сәйкес авариялық көмек беру немесе электр энергиясын мәжбүрлі жеткізу жағдайында рұқсат етіледі.

3. Мүше мемлекеттердің МАБ-ты ұйымдастыруға және жүзеге асыруға


уәкілетті субъектілерінің, МАБ-ты қамтамасыз ету шеңберінде
әрбір ұйымның орындайтын функциялары көрсетілген тізбесі

      3.1. Беларусь Республикасының аумағында.


      3.1.1. Беларусь Республикасының аумағында МАБ-ты ұйымдастыру және жүзеге асыру Беларусь БЭЖ-ін басқару функциясын жүзеге асыратын ұйымға және Беларусь БЭЖ-і жүйелік операторының функциясын орындайтын ұйымға, бұл ретте оларға мына функцияларды орындай отырып жүктеледі:
      - жеткізетін электр желісі бойынша электр энергиясын беру жөніндегі қызметтерді көрсету (Беларусь БЭЖ-ін басқару функциясын жүзеге асыратын ұйым жалпы үйлестірген кезде Беларусь БЭЖ-ін басқару функциясын жүзеге асыратын ұйымға бағынысты ұйымдар);
      - МАБ-ты техникалық диспетчерлендіру жөнінде қызметтер көрсету (Беларусь БЭЖ-і жүйелік операторының функциясын орындайтын ұйым);
      - шектес мемлекеттердің электр энергетикалық жүйелерімен қатарлас жұмысты басқару және орнықтылықты қамтамасыз ету бойынша өзара іс-қимыл жасау (Беларусь БЭЖ-і жүйелік операторының функциясын орындайтын ұйым).
      3.2. Қазақстан Республикасының аумағында.
      3.2.1. Қазақстан Республикасының аумағында МАБ-ты ұйымдастыру және жүзеге асыру жүйелік операторға, оған мына функцияларды орындай отырып жүктеледі:
      - Ұлттық электр желісі бойынша электр энергиясын беру жөнінде қызметтер көрсету;
      - электр энергиясын желіге жіберу мен тұтынуды техникалық диспетчерлеу жөнінде қызметтер көрсету;
      - электр энергиясын өндіруді-тұтынуды теңгерімдеуді ұйымдастыру жөнінде қызметтер көрсету;
      - шектес мемлекеттердің электр энергетикалық жүйелерімен қатарлас жұмыстың режимдерін басқару және олардың орнықтылығын қамтамасыз ету бойынша өзара іс-қимыл жасау.
      3.3. Ресей Федерациясының аумағында.
      3.3.1. Ресей Федерациясының заңнамасына сәйкес Ресей БЭЖ-і арқылы мүше мемлекеттер арасындағы МАБ-ты қамтамасыз ету мыналарға:
      3.3.1.1. Электр энергетикасында жедел-диспетчерлік басқару бойынша, оның ішінде Ресей БЭЖ-і мен басқа мүше мемлекеттердің электр энергетикалық жүйелерінің қатарлас жұмыс режимдерін басқару, электр энергиясын (қуатын) ауыстыруды және үйлестірілген жоспарлауды қамтамасыз ету бойынша қызметтер көрсетуге;
      3.3.1.2. Бірыңғай ұлттық (жалпыресейлік) электр желісі бойынша, оның ішінде мүше мемлекеттер арасындағы МАБ-ты қамтамасыз ету үшін электр энергиясын беру (өткізу) жөнінде қызметтер көрсетуге;
      3.3.1.3. Ресей Федерациясы электр энергиясы мен қуатының көтерме сауда нарығындағы, оның ішінде электр энергиясының тең көлемдерін Ресей Федерациясының мүше мемлекеттермен шекарасында (шекараларында) орналасқан әртүрлі жеткізу нүктелері арқылы Ресей БЭЖ-ге өзара байланысты және бір мезгілде жеткізілуін және одан берілуін қамтамасыз ету қажеттігі жағдайында электр энергиясы мен қуаты айналымының ерекшеліктеріне байланысты іс-қимылдар кешенін жүзеге асыруды білдіреді.
      3.3.2. Мүше мемлекеттер арасындағы МАБ-ты мына уәкілетті ұйымдар:
      3.3.2.1. Ресей БЭЖ-і жүйелік операторы - Ресей БЭЖ-нің Қазақстан БЭЖ-імен және Беларусь БЭЖ-імен қатарлас жұмыс режимдерін ұйымдастыру мен басқару бөлігінде;
      3.3.2.2. БҰЭЖ-ді басқару жөніндегі ұйым - Ресей БЭЖ-і арқылы мүше мемлекеттер арасындағы МАБ және Ресей БЭЖ-інің Қазақстан БЭЖ-імен және Беларусь БЭЖ-імен қатарлас жұмысты ұйымдастыру кезінде электр энергиясын өткізуге (ауыстыру қағидатын пайдалана отырып) байланысты қызметтер көрсету, оның ішінде МАБ-ты жоспарлау (жылдық, айлық, сағаттық) жөніндегі шетелдік уәкілетті ұйымдармен өзара іс-қимыл жасау, Ресей Федерациясы мен мүше мемлекеттердің мемлекеттік шекарасы арқылы өткізілген электр энергиясының нақты сағаттық көлемдерін коммерциялық келісімшарттар бойынша түзетілген жоспарлы көлемді есепке ала отырып тарату; Ресей Федерациясы мен мүше мемлекеттер арасында мемлекеттік шекара арқылы өткізілген нақты көлемнің жоспардағыдан сағаттық ауытқуларын анықтау; мүше мемлекеттердің ортақ шекараларында орналасқан жеткізу нүктелерінде электр энергиясын коммерциялық есепке алуды жүзеге асыру бөлігінде;
      3.3.2.3. Коммерциялық оператор - электр энергиясының, қуатының және көтерме сауда нарығына айналымға жіберілген өзге де тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің көтерме саудасын ұйымдастыру жөніндегі функцияны жүзеге асыратын ұйым;
      3.3.2.4. Көтерме сауда нарығына қатысушылардың талаптары мен міндеттемелерін есептеу бойынша қызметтер көрсету жөніндегі функцияларды жүзеге асыратын ұйым;
      3.3.2.5. Коммерциялық агент - электр энергиясы мен қуатының көтерме сауда нарығындағы қарым-қатынастарда мүше мемлекеттер арасында МАБ-ты қамтамасыз ету үшін мәлімделген электр энергиясы (қуаты) көлемінің қатысуына және ағымның нақты сальдосының жоспарланған сальдодан ауытқуына байланысты қатынастарды реттеуге қол жеткізуді ұйымдастыру бөлігінде экспорт-импорт операцияларын жүзеге асыратын, электр энергиясы мен қуатының көтерме сауда нарығының қатысушысы.

4. МАБ-ты жүзеге асыру кезінде табиғи монополиялар


субъектілерінің тарифтеріне енгізілетін құрауыштар тізбесі

      4.1. Беларусь Республикасының аумағында.


      4.1.1. Мүше мемлекеттер арасындағы МАБ-ты жүзеге асыру кезінде табиғи монополиялар субъектілерінің тарифтеріне енгізілетін, Беларусь Республикасының жеткізетін желі (бұдан әрі - ЖЖ) бойынша МАБ жөніндегі көрсетілетін қызметтерге арналған Шжелі шығындар мына формула бойынша есептеледі:

      Шжелі = Ш (1+ИҚ) (1+РП) (1+С), мұнда:



      Ш — уәкілетті мемлекеттік орган белгілеген тәртіппен айқындалатын, мүше мемлекеттер арасындағы МАБ-ға жатқызылатын ЖЖ-ны күтіп-ұстауға және пайдалануға арналған жалпы шығындар;
      ИҚ - инновациялық қорға аударымдар үлесі;
      РП - Беларусь Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен айқындалатын пайдаға аударымдар үлесі;
      С - салыққа аударымдар үлесі;
      Ш жалпы шығындарға: пайдалану-жөндеу қызметін көрсетуге; жалақыға; амортизациялауға арналған шығындар; басқа да ақшалай шығыстар (қосалқы материалдар, сырттан жеткізілетін энергия, әлеуметтік сақтандыру аударымдары және т.б.); электр энергиясының ысырабын өтеуге арналған шығындар кіреді.
      4.1.2. Беларусь БЭЖ-і желілері арқылы МАБ бойынша көрсетілетін қызметтерге арналған тариф мына формула бойынша есептеледі:
      Т = Шжеліт, мұнда:
      Т - Беларусь БЭЖ-і желілері арқылы МАБ бойынша көрсетілетін қызметтерге арналған тариф;
      Эт - Беларусь БЭЖ-і желілері арқылы мүше мемлекеттер арасындағы МАБ-тың жиынтық көлемі.
      4.2. Қазақстан Республикасының аумағында.
      4.2.1. Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес электр энергиясын жеткізу, оның ішінде электр энергиясын жеткізуді жүзеге асыратын, тұтынушылар үшін қолданылатын мүше мемлекеттер арасындағы МАБ, оның ішінде ұлттық электр желісінің (бұдан әрі - ҰЭЖ) желілері арқылы жеткізу жөніндегі көрсетілетін қызметтерге арналған тариф мына формула бойынша есептеледі:
      T = Z+P/Wжиынт (теңге/кВт.с), мұнда:
      Т - электр энергиясын жеткізу, оның ішінде электр энергиясын жеткізуді жүзеге асыратын, тұтынушылар үшін қолданылатын мүше мемлекеттер арасындағы МАБ, оның ішінде ҰЭЖ желілері арқылы жеткізу жөніндегі көрсетілетін қызметтерге арналған тариф (теңге/кВт.с);
      Z - Қазақстан Республикасы ҰЭЖ-дың электр энергиясын жеткізу, оның ішінде МАБ жөніндегі көрсетілетін қызметтерге жұмсалатын, заңнамада белгіленген тәртіппен айқындалатын жалпы шығындары (млн. теңге);
      P - электр энергиясын жеткізу, оның ішінде МАБ жөніндегі қызметтерді көрсету кезінде ҰЭЖ-ның тиімді жұмыс істеуі үшін қажетті, Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен айқындалатын пайда деңгейі (млн. теңге);
      Wжиынт - шарттар мен келісімшарттар бойынша мәлімделген ҰЭЖ-дың электр энергиясын жеткізудің жиынтық көлемі (млн. кВт.с).
      4.2.2. Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес ҰЭЖ арқылы электр энергиясын жеткізу жөніндегі көрсетілетін қызметтерге арналған тарифті есептеу кезінде тарифтік кіріске ҰЭЖ арқылы электр энергиясын жеткізу жөніндегі көрсетілетін қызметтерге жұмсалатын жалпы шығындар мен электр энергиясын жеткізу жөніндегі қызметтерді көрсету кезінде тиімді жұмыс істеуі үшін қажетті пайда деңгейі кіреді (қатыстырылған активтер негізге алына отырып айқындалады).
      Электр энергиясын жеткізу жөніндегі көрсетілетін қызметтерге арналған тарифке енгізілетін шығындар Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес айқындалады.
      4.3. Ресей Федерациясының аумағында.
      4.3.1. Жалпы ережелер.
      Ресей Федерациясының заңнамасына сәйкес БҰЭЖ арқылы электр энергиясын жеткізу жөніндегі қызметтерді көрсетуге арналған тариф 2 мөлшерлеме түрінде белгіленеді: электр желілерін күтіп-ұстауға арналған мөлшерлеме және БҰЭЖ-дегі электр энергиясының ысырабын өтеуге арналған мөлшерлеме.
      Осыған ұқсас мүше мемлекеттер арасындағы МАБ бойынша Ресей БЭЖ-і арқылы қызметтер көрсетуге арналған тарифке енгізілетін құраушылар шығыстарды мүше мемлекеттер арасындағы МАБ бойынша көрсетілетін қызметтер тарифінің БҰЭЖ объектілерін күтіп-ұстауға арналған шығыстарын құрауыш және мүше мемлекеттер арасындағы МАБ бойынша көрсетілетін қызметтер тарифінің БҰЭЖ-дегі электр энергиясы мен қуатының ысырабын өтеуге арналған шығыстарды құрауыш болып бөлінеді.
      4.3.2. Мүше мемлекеттер арасындағы МАБ-ты жүзеге асыру кезінде табиғи монополиялар субъектілерінің тарифіне енгізілетін шығыстарды айқындау.
      4.3.2.1. Мүше мемлекеттер арасындағы МАБ бойынша көрсетілетін қызметтер тарифінің БҰЭЖ объектілерін күтіп-ұстауға арналған шығыстарды құрауыштар тізбесі.
      Мүше мемлекеттер арасындағы МАБ-қа мәлімделген, электр желілері арқылы мүше мемлекеттер арасындағы МАБ жүзеге асырылатын, мемлекеттің электр энергетикалық жүйесінен электр энергиясы ағынының «шығу нүктесінде» айқындалатын қуатқа БҰЭЖ объектілерін күтіп-ұстауға арналған мөлшерлеме бойынша ақы төленеді.
      БҰЭЖ объектілерін күтіп-ұстауға арналған мөлшерлемені есептеу кезінде ұлттық реттеуші орган тиісті есептік кезеңге белгілеген мынадай экономикалық тұрғыдан негізделген шығыстар есепке алынады:
      - операциялық шығыстар;
      - бақыланбайтын шығыстар;
      - инвестицияға арналған инвестицияланған капиталды қайтару (амортизациялау аударымдары);
      - инвестицияланған капиталға арналған кіріс.
      4.3.2.2. Мүше мемлекеттер арасындағы МАБ бойынша көрсетілетін қызметтер тарифінің БҰЭЖ-дегі электр энергиясы мен қуатының ысырабын өтеуге арналған шығыстарды құрауыштар тізбесі.
      БҰЭЖ-дегі электр энергиясы мен қуатының ысырабын өтеуге арналған шығыстар электр энергиясының тепе-тең бағаларында ескерілген электр энергиясы ысырабының көлеміне азайтылған БҰЭЖ-дегі электр энергиясының нормативтік ысырабына және тиісті ұлттық нарықтың инфрақұрылымдық ұйымдары көрсететін қызметтерінің құны есепке алына отырып, электр желілері арқылы мүше мемлекеттер арасындағы МАБ жүзеге асырылатын, мемлекеттің электр энергетикалық жүйесінен электр энергиясы ағынының «шығу нүктесіне» сәйкес келетін МТС жөніндегі әрбір есеп айырысу кезеңінің қорытындылары бойынша көтерме сауда нарығында қалыптасқан электр энергиясы мен қуатын сатып алу бағасына негізделе отырып айқындалады.

5. Табиғи монополиялар субъектілерінің тарифтеріне


жүктеу 3,03 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   29   30   31   32   33   34   35   36   ...   46




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау