Этнос14. 12. indd



жүктеу 6,97 Kb.
Pdf просмотр
бет5/180
Дата25.05.2018
өлшемі6,97 Kb.
#17595
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   180

11
ЭТНОСАЯСИ СӨЗДІК
тұлғаларға Қазақстан Республикасында тұрақты тұруға рұқсат беру жəне тір-
кеу» «Қазақстан Республикасының азаматтығын қабылдау мен одан шығуды 
тіркеу»; «Қазақстан Республикасында босқын дəрежесін беру жəне ұзарту». 
Осыған  орай,  Ішкі  істер  министрінің 2014 жылғы 11 наурыздағы  №152 
бұйрығымен «Қазақстан Республикасында тұрақты тұратын азаматтығы жоқ 
тұлғаларға  куəлік  беру  жəне  шетелдіктерге  мекендеу  қағазын  беру»; «Ше-
телдіктерге  жəне  азаматтығы  жоқ  тұлғаларға  Қазақстан  Республикасында 
тұрақты тұруға рұқсат беру жəне тіркеу» «Қазақстан Республикасының аза-
маттығын қабылдау мен одан шығуды тіркеу»; «Қазақстан Республикасында 
босқын  атын  беру  жəне  ұзарту»  мемлекеттік  қызмет  көрсетудің  регламенті 
бекітілген.   
АЗАМАТТЫҚ  СƏЙКЕСТЕНДІРУ  (ор.  идентификация  гражданская, 
ағыл.  identifi cation  civil)  –  индивидтің  (топтың)  əлеуметтік-мəдени  өлшем-
дер арқылы өзін қоғаммен байланыстыруының нəтижесі, осының арқасында 
ол өзін мемлекетпен, қоғаммен, елмен бірдейлестіреді; өзін «өзімдік» жəне 
«бөтен» топтармен қатыстырудың бағдарлары, межелері мен өлшемдерінің 
жиынтығын қалыптастыру (қар. Сəйкестендіру). Азаматтық сəйкестікті қа-
лыптастырудың басты бағыттары - «азамат» санатының эмоционалдық-когни-
тивтік жəне əлеуметтік-саяси мазмұнын дамыту; негізгі азаматтық құқықтар, 
міндеттер мен рөлдерді меңгеру; азаматтық жəне топаралық сəйкестіктердің 
басымдықтарын  орналастыру;  ел  дамуының  мүдделеріне  тартылу;  қоғам 
мен мемлекетке қатысты жеке белсенділіктің маңызын арттыру. Азаматтық 
сəйкестікті  қалыптастыру  мен  дамытудың  негізгі  тетіктері – бірдейлесудің 
сипаттарына  еліктеу,  ол  сипаттарды  міндетті  əрі  саналы  түрде  қабылдау. 
Мазмұндық  жағынан  А.С.  жұрттың  мемлекетпен  ниеттестігін  білдіреді,  ал 
мұндай  ниеттестік  болу  үшін  билік  пен  азамат  арасындағы  құқықтар  мен 
міндеттер рəсімделеді, елге шынайы сезіммен етене болу əрі барлық типтік 
əлеуметтік-мəдени өлшемдер (тіл, діл, əлем бейнесі, əлеуметтік-мəдени құн-
дылықтар,  қылық  нормалары)  арқылы  елдің  азаматтарымен  өзін  теңестіру 
қажет, бұл ниеттестік өзін-өзі саяси жəне қоғамдық тұрғыдан ұйымдастыру-
мен бекиді (қар. Сəйкестендіру, Этникалық сəйкестендіру, Тілдік сəйкестен-
діру, Діни сəйкестендіру, Мəдени сəйкестендіру).
АЗ ҰЛТТАРДЫҢ ҚҰҚЫҚТАРЫ (халықаралық стандарттар) (ор. Пра-
ва национальных меньшинств, ағыл. Rights of ethnic minorities, international 
standarts)  –  ерекше  этностық  топтарға  жататын  адамдарға  олардың  ар-
найы  сұраныс-қажеттіліктерін  қанағаттандыру  мақсатымен  халықара-
лық-құқықтық кесімдер арқылы ұсынылатын қосымша мүмкіндіктер.
Халықаралық қоғамдастық аз ұлт деген ұғымға барша жұрт мойындайтын 
анықтама əзірлеп шығарған жоқ. Мамандар мынадай критерийлер ұсынады: 
мүдделі тұлғаның дара өзіндік таңдауы, этностық топтың өздерін аз ұлтқа 


12
ЭТНОСАЯСИ СӨЗДІК
теңдестіруі; оның шыққан тегі; айқын көрінетін əлеуметтік, мінез-құлықтық 
жəне  мəдени  сипаттары,  ең  алдымен,  ортақ  тілдерінің  болуы;  сол  топтың 
ішіндегілермен жəне жұрттың басқа топтарымен ықпалдасуға мүмкіндік бе-
ретін əлеуметтік ұйымның болуы. А.ұ. деп танудың негізі ретінде олардың 
сан мөлшері анықталған жоқ.
Пікірлерде елеулі алалық болуына байланысты А.ұ.қ. 1948 жылғы Адам 
құқықтарының жалпыға ортақ декларациясына енгізілмеді. Азаматтық жəне 
саяси құқықтар туралы халықаралық пактінің (1966 ж.) 27-бабында, геноцид, 
апартеид жəне нəсілді кемсітушілік конвенцияларында А.ұ.қ. бірқатар кепіл-
діктер берілген. 1978 жылы БҰҰ-ның білім, ғылым жəне мəдениет мəселе-
лері жөніндегі Бас конференциясында Нəсіл жəне нəсілшілдік соқыр сенім 
туралы декларация қабылданды.
БҰҰ  Бас  Ассамблеясының  ұлттық  я  этностық,  діни  я  тілдік  азшылыққа 
жататын адамдардың құқықтары туралы 1992 жылғы декларациясы өткен ға-
сырдың 90-жылдарының бірінші жартысында бірқатар елдерде этносаралық 
қайшылықтардың шиеленісуіне қарсы жауап болды. Осы жылы ЕҚЫК (Еу-
ропалық қауіпсіздік жəне ынтымақтастық келісімі) Аз ұлттар істері жөнінде-
гі жоғарғы комиссар қызметін тағайындап, бірқатар кеңестер əзірленді.
Еуропалық Кеңес Өңірлік тілдер хартиясын (1992 ж.) жəне Аз ұлттарды 
қорғау  туралы  шектік  конвенцияны  қабылдады (1995 ж.),  бірақ  жекелеген 
мемлекеттердің бұл құжаттар туралы ұстанымы əр басқа болды. 1994 жылы 
ТМД елдері аз ұлтқа жататын адамдардың құқығын қамтамасыз ету конвен-
циясын қабылдады.
Аталған құжаттардың бəрінде шиеленістердің халықаралық стандарттар-
ды сақтау арқылы алдын алудың бағыттарын ұсынды. Ол стандарттар: жал-
пыазаматтық  құқықтарды  қамтамасыз  ету  жəне  аз  ұлтқа  қатысты  белгісіне 
байланысты  кемсітуге  жол  бермеу;  өзінің  этностық,  тілдік,  мəдени  не  діни 
дербестігін жеке өзі я бірлесе кедергісіз білдіруге, сақтауға жəне дамытуға
өзгеше құқықтылық; түрлі ұйымдар құруға (ассоциациялар, жерлестік ұйым-
дар  т.с.с.)  құқықтылық;  ел  ішінде  жəне  шетелдердегі  ұқсас  ұйымдармен
кедергісіз қарым-қатынас жасауға құқықтылық; білім алуда, ақпарат алмасу-
да ана тілін қолдануға, тіпті туған тілінде БАҚ ашуға дейін құқықтылық; ана 
тілін өмірдің басқа салаларында да, мемлекеттік органдармен қарым-қатынас 
жасауда да пайдалану құқығы.
Қазақстан  Республикасында  мемлекеттік  ұлттық  саясат  елде  ратифика-
цияланған  Азаматтық  жəне  саяси  құқықтар  туралы  халықаралық  пактінің 
(1966 ж.) қағидаларымен жəне нормаларымен, Нəсілді кемсітушіліктің бар-
лық  түрін  жою  туралы  халықаралық  конвенциямен (1965 ж.)  толық  сəйке-
седі. Еліміз БҰҰ-ның арнайы құрылымдарына берілетін есептердің талабын 
орындап отыр. 
Елдің  мұндай  жұмысы  БҰҰ,  ЕҚЫҰ,  ТМД  адами  өлшемдер  мен  мəдени 
мұра жөніндегі басқа халықаралық жəне өңірлік ұйымдардың өзге де құжат-


жүктеу 6,97 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   180




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау