Этнос14. 12. indd



жүктеу 6,97 Kb.
Pdf просмотр
бет3/180
Дата25.05.2018
өлшемі6,97 Kb.
#17595
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   180

7
ЭТНОСАЯСИ СӨЗДІК
лекетке, адамдардың тобына я жеке адамдарға берілген құқық ретінде түсіну-
ге  жол  берілмейтіндігі  туралы  ескертілген (30-бап).  А.Қ.Ж.Д., 1966 жылғы 
16  желтоқсандағы  Экономикалық,  əлеуметтік  жəне  мəдени  құқықтар  тура-
лы халықаралық пакт жəне 1966 жылғы 16 желтоқсандағы Азаматтық жəне 
саяси құқықтар туралы халықаралық пакт – үшеуі бірігіп Адам құқықтары 
туралы Халықаралық Билльді құрайды. Мемлекеттер осыдан соң əлемдік қа-
уымдастық  алдында  алғаш  рет  өз  азаматтарының  құқықтарын  жүзеге  асы-
руға септесу жөнінде заңды міндеттеме қабылдады, халықаралық органдарға 
осы  міндеттемелердің  сапалы  орындалуын  бақылау  құқығын  берді.  Адам 
құқығының  бұзылуынан  жапа  шеккендер  ұлттан  үстем  заңдық  органдарға 
жүгіну мүмкіндігін алды. Адам құқықтары туралы Халықаралық Билль ере-
желері  халықаралық  құқықтың  көптеген  кесімдерінде  (актілерінде)  көрініс 
тауып дамып келеді. Қазақстан Республикасында танылған жəне бекітілген 
бұл ережелер, ҚР Конституциясының 4-бабына сəйкес, елдің қолданыстағы 
құқықтарының жүйесіне енгізіліп, ел заңдарының қатарында басымдыққа ие 
болып тікелей қолданылады.
Қазіргі  уақытта  Қазақстан  Республикасы  адам  құқықтары  саласындағы 
160-тан  астам  халықаралық  актілерге  қосылды,  олардың  қатарында 1966 
жылғы  Халықаралық  пактілермен  бірге  Нəсілдік  кемсітушіліктің  барлық 
түрін жою туралы 1970 жылғы конвенция; Əйелдерге қатысты кемсітушілік-
тің барлық түрін жою туралы 1979 жылғы конвенция; Адамның ар-абыройын
қорлайтын я басқа да қатыгездікпен азаптауларға қарсы 1984 жылғы конвен-
ция; Баланың құқы туралы 1989 жылғы конвенция т.б. бірқатар құжаттар бар.
Алған  міндеттерін  жауапкершілікпен  орындап  отырған  Қазақстан  конвен-
циялық бақылау органдарына əлемдік қауымдастықты елде жасалып жатқан 
қарекет туралы кезең-кезеңімен ұлттық, жиынтық баяндамалар мен басқа да 
құжаттар тапсырып тұрады. Ол баяндамаларды қарастыратын мəжілістерге 
мемлекеттік органдар мен азаматтық қоғам өкілдері қатыстырылады. Алдын 
ала талдау мен жұртшылықтың жария талқылауының нəтижелеріне орай оң 
бағалар беріліп, ұсыныстар əзірленеді.
АДАМ НƏСІЛДЕРІ (ор. Расы человека, ағыл. racial group). Биологиялық 
жəне тарихи жаратылысы жағынан бір негізден шыққан адамдар тобы жал-
пылама түрде ұқсас болғанымен, морфологиялық жəне физиологиялық бел-
гілері жағынан бір-бірінен белгілі бір шамада өзгеше болады.
Адам  нəсілдерін  жалпы  адам  антропологиясының  бір  саласы  ретінде 
«нəсілтану» ғылыми пəні зерттейді. Бұл пəн, негізінен, уақыт өте келе нəсіл-
дік  белгілердің  өзгеруіндегі  нəсілтегі  үдерістерін,  халықтардың  əлеуметтік 
өмірі жағдайының рөлін, халықтардың өмір салты мен басқа да сипаттарын, 
нəсіларалық  будандасуды – əлемнің  түкпір-түкпіріндегі  нəсілдердің  арала-
суын зерттеумен айналысады. Қазіргі нəсілтану адамзат морфологиясы мен 
физиологиясына,  генетика  мен  молекулалық  биологияға  сүйене  отырып, 


8
ЭТНОСАЯСИ СӨЗДІК
нəсілдер классификациясы мəселелерін, олардың шығу төркінін, ғаламшарға 
таралып орналасуын, дамуын жəне адамзат қауымдастықтарының нақты та-
рихына  байланысты  өзара  ықпалдасуын  қарастырады.  Айырып  танытатын 
нəсілдік  белгілерге,  бұл  белгілердің  тұқым  қуалауына  жəне  қоршаған  та-
биғи-графикалық əрі əлеуметтік-мəдени ортаға тəуелділігіне зерттеулер жүр-
гізіліп келеді.
Қазіргі  нəсілтану  нəсілдік  ерекшеліктердің  топтық  сипаты  болаты-
нын  жəне  бұл  ерекшеліктер  жекелеген  адамдарды  емес,  адамдардың  тұтас 
қоғамдастықтарын салғастыра қарағанда ғана əбден айқындалатынын тірек 
етеді.  Нəсілдік  ерекшелік  бірнеше  ұрпақ  бойы  үнемі  атадан  балаға  беріліп 
отырылады,  сондықтан  нəсіларалық  айырмашылықтарды  зерттеу  үшін  ан-
тропогенетикалық мəліметтердің маңызы зор. Түрлі адамдар немесе олардың 
тұтас бір тобындағы қан арқылы берілген, сондай-ақ сыртқы дене бітіміндегі 
ұқсастықтар олардың генетикалық жағынан туыстас, нəсілдік тұрғыдан кел-
генде əлемдегі халықтардың көбінің, тіпті, тілдік семьялардың көпшілігінің 
шығу төркіні бір екендігіне дəлел болады.
Зерттеушілер «нəсіл» ұғымының мазмұнын, жалпы алғанда, əртүрлі зерт-
теушілер  бірдей  мағынада  қабылдайды,  алайда  оның  егжей-тегжейіне  кел-
генде елеулі айырмашылықтар да бар. Антропологтардың түрлі мектебі не-
гізгі нəсілдің төрттен жетіге дейін түрі жəне ондаған кіші антропологиялық 
типі болатынын алға тартады.
Еуропалық нəсіл Еуропадан Оралға дейінгі табиғи аймаққа, Солтүстік Аф-
рика, Оңтүстік-батыс Азия жəне Үндістанда таралған. Бұған арменоидтық,
нордтық, Жерорта теңіздік, фальдық, альпілік, шығысбалтықтық, кавкасион-
дық, динарлық жəне басқа да шағын топтар қосылады. Бұлар өзге нəсілдер-
ден  бірінші  кезекте  ерекше  бет  пішінімен  ажыратылады.  Қалған  белгілері 
ауысып, өзгеріп тұрады. 
Негроидтық нəсілдің табиғи аймағы – Орталық, Батыс жəне Шығыс Аф-
рика. Шығыс шағын тобы (нилоттық тип, бойшаң, қушық денелі) мен батыс 
шағын тобы (негрлік тип, жұмыр басты, орта бойлы) бір-біріне ұқсамайды. 
Ешқайсысына ұқсамайтыны – пигмейлер тобы (негрилльдік тип). Негізгі бел-
гілері – шашының бұйралығы, терісінің қара реңді болуы, кең танаулы, жуан 
ерінді болуы жəне т.б. Негроидтық нəсілдің əдепкі өкілі – байырғы кениялық.
Монғолоидтық нəсіл о баста Шығыс Еуразияны мекендеген, қазіргі Монғо-
лия  территориясында  қалыптасқан.  Сырт  пішіні  ашық  далаға  бейімделген. 
Басты белгісі – көзінің күшті инсоляция, шаң, суық, қармен шағылысқан жа-
рықтан жəне басқа да сыртқы əсерден қалыптасқан қорғалуы. Қабақтарының 
сығыр келуі, қосымша қатпар – эпикантустың болуы, көз реңінің қара болуы 
осындай  қорғаныш  қызметін  атқарады.  Мұнан  басқа  өзіне  тəн  белгілері – 
шашының ұзын, жазық əрі қаралығы, кірпігінің қоюлығы, шықшыттарының 
шығыңқы  болуы.  Қарама-қарсы  екі  топқа  бөлінеді:  солтүстік  топ  (шомбал, 
бойшаң, аққұба өңді, жалпақ бетті жəне бас сүйегі жалпақ) жəне оңтүстік топ 


жүктеу 6,97 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   180




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау