Этнос14. 12. indd



жүктеу 6,97 Kb.
Pdf просмотр
бет7/180
Дата25.05.2018
өлшемі6,97 Kb.
#17595
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   180

15
ЭТНОСАЯСИ СӨЗДІК
лекеттік тілде, орыс тілінде жүргізіледі, қажет жағдайда əрі мүмкіндік болса 
басқа  тілдер  де  пайдаланылады.  Білім  беру  мекемелерінде  мемлекеттік  тіл 
мен орыс тілі міндетті оқу пəніне жатады да білім туралы құжаттағы пəндер 
тізіміне енеді.
«Ана тілінде білім алу құқығы тиісті білім беру ұйымдарының мүмкіндік-
тері  болған  жағдайда  сыныптар,  топтар  құрумен,  сондай-ақ  олардың  жұмыс 
істеуіне жағдай жасаумен қамтамасыз етіледі» (2007 ж. 27 шілдедегі №319-ІІІ 
«Білім туралы» ҚР Заңы, 9-бап, 3-тармақ). Осыған орай мемлекеттік тілде оқы-
татын біліми мекемелер, сыныптар, топтар ашу басым бағыт болып саналады.
Тəрбие бағдарламалары отансүйгіштікті, азаматкершілікті, интернациона-
лизмді, асқақ адамгершілікті қалыптастыруға арналған. Білім беретін мекеме-
лерде жалпы мойындаған халықаралық құқық пен гуманизмге қайшы келетін 
нəсілшілдік, этностық, əлеуметтік ымырасыздық пен тəкаппарлықты насихат-
тауға, соғысшылдық жəне басқа идеяларды таратуға тыйым салынады.
Конституция мен заңдарда белгіленген жайттар іске асырылуда.
Барлық  мектептердің  саны 7402, олардың  ішінде 1394 мектепте  оқыту 
орыс тілінде жүргізіледі (894658 оқушы). Ұлттық тілдерде оқытатын мектеп-
тер саны 214 (95339 оқушы), олардың ішінде: өзбек, ұйғыр жəне тəжік тіл-
деріндегі толық мектептер – 76, аралас мектеп – 138. Бұлардың қатарында: 
өзбек тілінде – 60 толық жəне 79 аралас мектеп (77082 оқушы), ұйғыр тілінде 
– 14 толық жəне 46 аралас мектеп (14364 оқушы), тəжік тілінде – 2 толық 
жəне 10 аралас мектеп (3893 оқушы).
2009  жылдан  бастап  барлық  ұлттық  мектептердің 5-11 сыныптарында 
қазақ тілі мен əдебиетін оқыту қазақ мектептерінің бағдарламасы бойынша 
жүргізіледі. 
 Жергілікті бюджет есебінен өзбек, ұйғыр жəне тəжік тілдерінде оқулықтар 
əзірленіп баспадан шығарылады, көмектің басқа түрлері де көрсетіледі.
Қазақстан халқының түрлі тілдерін сақтау əрі қолданылу аясын кеңейту 
үшін, этностардың Қазақстанда ана тілдерінде тілдесуі мен ақпарат алу мүм-
кіндігін жақсарту үшін 15 тілде 37 ұлттық басылым жұмыс істейді. Респуб-
ликалық этностық газетттердің ішіндегі анағұрлым ірілері мемлекеттің қол-
дауымен жұмыс істейді («Украински новини», «Дойче альгемайне цайтунг», 
«Коре  ильбо», «Уйгур  авази», «Ватан», «Ак  барс», «Ahiska-Ахыска»  газет-
тері). ҚР Ұлттық академиялық кітапханасында Қазақстан халқы ассамблея-
сының ресми депозитарийі ашылған. ҚХА-ның арнаулы веб-порталы бар.
4 республикалық телеарнада жалпы көлемі аптасына 2 сағат 40 минут бо-
латын 5 тұрақты телебағдарлама/айдар бар, олар этносаралық тақырыптарға, 
ҚХА-ның қызметін көрсетуге арналған. «Аста на» радиосы жəне «Қазақ радио-
сы» жалпы эфирлік көлемі аптасына 5 сағат болатын 8 тұрақты бағдарлама 
жүргізеді. 9 республикалық газетте тұрақты түрде 22 айдар шығып тұрады.
 Азаматтардың өз ана тілінде мəдениет жетістіктерін пайдалануға мүмкін-
дігі бар. Мемлекеттік театрлардың ішінде қазақ жəне аралас екі театрмен қатар 


16
ЭТНОСАЯСИ СӨЗДІК
14 ұлттық театр – орыс, неміс, корей, ұйғыр жəне өзбек театрлары бар. Бұлар-
дың  үшеуі  ТМД  аумағындағы  жалғыз  ғана  театр  болып  есептеледі.  Театр-
ларда қазіргі заманғы қойылымдарды былай қойғанда, класссикалық қордан
жəне Қазақстан халықтары туындыларынан дайындалған спектакльдер сах-
наланады. Бұған қоса, тарихи-этнографиялық мұражайлар да жұмыс істейді.
Мұражайларға қазіргі Қазақстан аумағында түрлі этностардың мекен еткен 
уақытынан бергі бірегей экспонаттар жинақталған. 
Республикада 351 тіл оқыту орталығы жұмыс істейді, оның  89-ы мемлекет-
тік,  262-сі жеке меншік. Соңғы үш жылда орталықтарда  122 995 азамат  мемле-
кеттік тілді оқыту курсынан өтті. Қазақ тілін оқыту курстарында 38 мың басқа 
ұлт өкілдері қамтылған. ҚХА мен этномəдени бірлестіктердің 2 мыңнан астам 
мүшесі қазақ тілін меңгерген. Ассамблея қызметімен қамтылған этностар жас-
тарының 427135-і қазақ тілінде сөйлейді. Түрлі этностардың 40 мыңдай бала-
лары қазақ мектептерінде білім алады (қар. Этносаралық толеранттылықтың 
жəне  қоғамдық  келісімнің  қазақстандық  үлгісі,  Қазақстандық  этносаясат 
принциптері).
АНТИСЕМИТИЗМ (нем. тілінен Antisemitismus, ор. Антисемитизм, ағыл. 
Antisemitism) - этностық немесе діни топ ретінде еврейлерге қарсы дұшпан-
дық  қарым-қатынас  түріндегі  ұлттық  төзбеушіліктің  бір  түрі.  Ырымшыл-
дыққа негізделеді жəне ксенофобияның бір түріне жатады. Термин семит тіл-
дері тобының барлық халықтарына емес, тек еврейлерге жəне/немесе яһуди-
лерге қарсы дұшпандық қарым-қатынасты ғана білдіреді. Антисемитизмнің 
«өз»  халқын  асқақтатып, «бөтендерді»  жек  көретін  ұлтшылдықтың  кейбір 
түрлерінен айырмашылығы сонда, тек бір ғана «бөтен» семит халқы еврей-
лерге төзбеушілікті тудыру мен оларды қудалауға арандатады. 
Тарих барысында негізінен тұрмыстық қарым-қатынаста байқалатын діни 
жəне психологиялық теріс ұғымдар мен сегрегациядан бастап мемлекеттік ор-
гандардың жүргізген саясаты мен еврейлерді зорлықпен қоныс аудартуға жəне 
тіпті көздерін жоюға дейінгі антисемитизмнің түрлері болды (қар. Геноцид). 
Антисемитизмнің тарихы – этностық немесе діни топ ретінде еврейлерге 
қарсы дұшпандық қарым-қатынасқа байланысты оқиғалар тізбегі. Антисеми-
тизм антиктік кезеңде пайда болып, бірқатар жалған нанымдарға негізделген 
болатын. Кейін келе христиан əлемінде антисемитизмнің негізіне діни уəж 
алынды. 19 ғасырдың 70-жылдарының соңында Германияда тұтас идеология-
ға жəне салмақты саяси қозғалысқа айналмас бұрын антисемитизмнің тари-
хи жолы ұзақ болды. Еврейлердің эмансипациясын ескергенде, ХХ ғасырда 
Холокост жылдары еврейлерді жаппай қыруға негіз болған нəсілшілдік анти-
семитизм пайда болды. 
ХХ ғасырдың аяғында – ХХІ ғасырдың басында антисионизммен тығыз 
байланысты  еврей  мемлекетін  құру  идеясын  қабылдамау,  Израильде  өзін 
қорғауға қолданып жатқан шараларды айыптау, сонымен бірге шамадан тыс 
сатисфакция талаптары мен Холокост тақырыбында спекуляцияларын айып-
тауға келіп саятын «жаңа антисемитизм» тарала бастады.


жүктеу 6,97 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   180




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау