34
ЭТНОСАЯСИ СӨЗДІК
- білім беру мен бұқаралық ақпарат құралдары жүйесіне патриоттық сана
жəне ұлттық-мемлекеттік сəйкестікті қалыптастыруға бағытталған стан-
дарттар енгізу жөнінде ұсыныстар əзірлеу;
Қазақстанға тұрақты тұруға көшіп келгендер үшін қазақстандық құн-
дылықтарды сөзсіз мойындауды, тарих пен толеранттылық нормаларын
білуді көздейтін арнайы талаптар əзірлеу жəне енгізу» (қар. Тарихи сана, ҚР
Конституциясы, Патриотизм).
ЖЕР АУДАРУ /ДЕПОРТАЦИЯ/ (лат. deportatio – қуу, жер аудару, ор.
депортация, ағыл. deportation) – жеке тұлғаны немесе адамдардың тұтас бір
санатын басқа мемлекетке немесе басқа жерге мəжбүрлеп жер аудару (қар.
Көші-қон /Миграция/, Этностық көші-қон /миграция).
Д. термині 18-19 ғасырларда Францияның қылмыстық заңнамасында жер
аударудың айырықша түрлерін атау үшін пайда болған. Д. əкімшілік жол-
мен елден қуумен тегі бір болғанмен, соңғысы елдің аумағында заңды түрде
жүріп көші-қонға қатысты құқық бұзған шетелдікті жазалау шарасы болса,
ал Д. – елдің аумағында заңсыз жүрген шетелдікті жер аударудың арнайы
шарасы. Д. ережелері халықаралық құқық нормаларымен жəне ұлттық заңна-
мамен белгіленеді. Д.-ның ерекше түрі – халықтарды депортациялау – мем-
лекеттің жүргізетін ұлттық саясатының нəтижесі, бұл, əдетте, жағымсыз си-
патта болады жəне ұлттар арасындағы қақтығыстарға жол ашады. Халықара-
лық қылмыстық соттың 1998 жылдың 17-шілдесіндегі «Д. немесе халықты
мəжбүрлеп орын ауыстырту» Рим статусының 7-бабына сəйкес, Д. адамзатқа
қарсы қылмыстар қатарына жатады жəне халықаралық қылмыстық жауап-
кершілікке тартылады.
ЖЕРГІЛІКТІ ӨЗІН-ӨЗІ БАСҚАРУ (ор. местное самоуправление, ағыл.
local self-government) – Қазақстан Республикасында жергілікті деңгейдегі
мəселелерді шешу мақсатында əр түрлі арнайы сайлау органдары арқылы не-
месе тікелей өз жауапкершілігімен халықтың өздігінен əрекет етуі. Ж.Ө.Б.
жұмысы 2001 ж. 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті
мемлекеттік басқару жəне өзін-өзі басқару туралы» ҚР Заңында жəне басқа
нормативтік құқықтық кесімдерде белгіленген тəртіптерге сүйенеді. Ж.Ө.Б.
институты елдің даму деңгейімен, дəстүрлерімен, мемлекеттік биліктің ұйым-
дасуымен, билікті орталықсыздандырумен, басқарудағы демократиялық
негіздердің дамуымен, жұрттың өміріне жайлы жағдайлар туғызумен тікелей
байланысты.
ҚР Конституциясында жұрттың жинақы тұратын аумағын қамтитын жер-
гілікті қауымдастықтардың өзін-өзі басқаруы қарастырылған. Негізгі Заңда
Ж.Ө.Б. органдарына мемлекеттік функцияларды орындауды табыстау мүм-
кіндігі көрсетіліп, Ж.Ө.Б. органдарына өздерінің заңда белгіленген өкілеттігі
(89-бап) шегінде дербес əрекет етуге кепілдік беріледі.
35
ЭТНОСАЯСИ СӨЗДІК
2007 жылғы конституциялық реформаға орай Ж.Ө.Б. дамуының жаңа
кезеңі басталды. Аталмыш Заң 2009 жылы 9 ақпанда алты баптан (39-1 –
39-6) тұратын 3-1. «Азаматтардың жергілікті өзін-өзі басқаруға қатысуы»
тарауымен толықтырылды. Бұл тараудың баптары арқылы мынадай істер
реттелетін болды: азаматтардың Ж.Ө.Б. қатысуының негізделуі; жергілікті
қауымдастық мүшелерінің құқықтары мен міндеттері; жергілікті қауымдас-
тықтың жиындары мен жергілікті қауымдастықтың жиналыстары; Ж.Ө.Б.
органдарының міндеттері; мемлекеттік органдардың Ж.Ө.Б. органдарымен
өзара қатынастары; Ж.Ө.Б. органдарының жауапкершілігі.
2012 жылы 28 қарашада ҚР Президентінің №438 Жарлығымен бекітілген
«Қазақстан Республикасындағы жергілікті өзін-өзі басқаруды дамыту тұжы-
рымдамасында» бірқатар нақты шаралар қарастырылып жүзеге асуда.
2013 жылдың тамыз айында тəуелсіз Қазақстан тарихында алғаш рет
елдің 8 миллион халқы тұратын жауапты аймақтарындағы əкімдердің 91%-
дан астамы сайланды. Ауыл мəслихаттары мен əкімдеріне 67 жаңа функ-
ция заңды түрде жүктеліп, ол деңгейдегі қызметке қосымша 5000 орын
бөлінді.
ҚР Президентінің 2014 жылғы 25 тамызындағы «Қазақстан Республика-
сында мемлекеттік басқару деңгейлері арасындағы өкілеттіктерді межелеу
жөніндегі шаралар туралы» Жарғысында Қазақстан Республикасында мем-
лекеттік басқару деңгейлері арасындағы қызметтер мен өкілеттіктерді ме-
желеуге, орталық жəне жергілікті атқару органдарының дербестігі мен жауап-
кершілігін арттыруға, сондай-ақ мемлекеттің функцияларын мемлекеттік
емес сектор саласына беруге негізделген мемлекеттік басқару қағидаттары
айқындалды. Орталықтан жергілікті жерлерге жер қатынастары мен жер қой-
науын пайдалану, табиғи монополиялар, экология, көлік, туризм жəне юсти-
ция салаларындағы 95 қызмет берілді.
Бұл үдеріс елдің қоғамдық құрылысының дамуымен қатарласа кезең-ке-
зеңімен жүргізіліп жатқан мемлекеттік билікті орталықсыздандыру мен
шоғырландырмау арнасымен, барынша таразыланып, елді басқару тиміділігін
кемітпей жүргізіліп келеді (қар. Мемлекет, Конституция).
ЖЕРГІЛІКТІ ТІЛ (ор. местный язык, ағыл. local language) – белгілі бір
жерде қолданылатын (локалды) тіл; тілдің заңнамалық актілерде үнемі құп-
тала бермейтін ерекше мəртебесі. Ж.т. көбінесе жазуы жоқ тілдер болып не-
месе қолданылуы Этностық топтардың шеңберімен шектелген жазба тіл-
дер болып келеді. Солай бола тұра Ж.т. бастауыш білім беруде, жергілікті
радиохабарда, теледидарда, газет-журналдарда қолданылуы мүмкін. Ресми
түрде мұндай мəртебесі бектілмегенмен, Қазақстанда, мысалы, дүнген жəне
ұйғыр тілдерін Ж.т. жатқызуға болады (қар. Автохтон, Автохтондық тіл,
Тұрғылықты этнос, Тұрғылықты тіл, Этностық тіл, Тіл, Диаспора тілі,
Қазақстан тілдері, Тілдік құқық ).
Достарыңызбен бөлісу: |