27
ЭТНОСАЯСИ СӨЗДІК
лы, мистикалық негізбен, мінез-құлықтың ережелері, нормалары шығатын
құдайлық болмыспен байланыстырады. Бұл нормалардың əдепкі адамгер-
шілік нормалардан өзгешелігі сонда, бұлар канондарда, қасиетті жазбалар
мен өсиеттерде, құдайлық, рухани құндылықтарға деген қатынастың жазыл-
маған, бақыланбайтын ережелерінде белгіленеді.
Д.с. жүйесі жанама түзілімдерге, жеке адам өзінің болмысы туралы түсінік-
терді адами ғұмыр кешу мақсатымен байланыстыратын киелі əлемге негізде-
леді. Д.с-дің өзіндік ерекшелігі жеке адам мұнда өмірдің мəні туралы түсіні-
гін бейнелейді жəне өзінің рухани əлемін қалыптастырады, бұл əлемде «іс
əлемі» мен «сөз əлемі» діни түсініктерге лайық адамгершілік қылықтармен
сəйкесуге тиіс. Д.с. кемел қоғамдастық бейнесін жасауға, адами тұрғылардың
ұжымдық өмірге қосылуының модусы ретіндегі мистикалық ұжымдылықты
жасауға мүмкіндік береді.
Д.с.-дің негізгі функциясы – тиянақталған утопия көмегімен діни норма-
лар, құндылықтар мен үлгілерге кеңістіктік-уақыттық координаттарының
конъюнктурасынан тəуелсіз, өзгермейтін, абсолютті адами болмысқа, əлеу-
меттік институттарға т.с.с. ие болатындай сипат беру, адами мəдениетті транс-
ценденттікпен нығайтуға жету.
- Е -
ЕГЕМЕНДІК (ор. суверенитет, анг. Sovereignty) – дербестік жəне тиесілі
билікті (мəртебені, қызметті, құқықтылықты немесе мүмкіндіктерді) жүзеге
асырудағы біреудің (халыққа, мемлекетке, ұлтқа) дербестігі мен тəуелсіздігі.
Егемендік түрі сəйкесінше халықтық, мемлекеттік жəне ұлттық болып бөлінеді.
Халықтық Е. – мемлекеттік биліктің жалғыз қайнар көзі ретіндегі (жоғарғы
рухани жан иесі де, монарх немесе президент те, саяси партия немесе басқа
да қоғамдық бірлестік те, территориялық өзін-өзі басқару орындары жəне
т.б. мұндай бола алмайды) халықтың айрықша парызы; халық қалауы тікелей
жəне өкілдік демократияның түрлі формаларының көмегімен Конституцияға
жəне басқа да заңдарға, саясат пен мемлекеттік аппараттың барлық қызметі-
не ауысады; халықтың тікелей немесе жанама түрде өзі сайлаған мемлекеттік
қызметкерлердің жұмысын бақылауға жəне оның тиісті құқықтық салдарла-
рына алып келетін нəтижесін бағалауға мүмкіндігі болады.
ЕУРАЗИЯЛЫҚ ИДЕЯ (ЕУРАЗИЯШЫЛДЫҚ) (ор. евразийская идея,
ағыл. Eurasian idea) – философиялық-саяси қозғалыс, мұны идеялық-саяси
жəне философиялық дербес ағым ретінде де қарастыруға болады. Бұл ағым-
ның даму жолында бірнеше кезең бар. Еуразиялық идея тарихы екі шешуші
кезеңге əрі екі полюске бөлінеді: біріншісі – 1920-1930 жылдар, екіншісі
1990-2000 жылдар. Еуразияшылдықтың бірінші кезеңінің негізі орыс имми-
28
ЭТНОСАЯСИ СӨЗДІК
гранттары ортасында 1920-1930 жылдары қаланған болатын. Еуразияшыл-
дықтың пайда болған мерзімі 1921 жылдың тамызы болып саналады, дəл
осы күндері жаңа қоғамдық-саяси ойдың негізін салушы төрт автор «Исход
к Востоку. Предчувствия и свершения. Утверждение евразийцев» деген жал-
пы атпен тұңғыш ұжымдық еңбек шығарған еді. Қозғалыс жас философтар
мен көсемсөзшілер Н.С.Трубецкойдің, П.Н.Савицкийдің, Г.В.Флоровскийдің
жəне П.П.Сувчинскийдің «Исход к Востоку» (София, 1921 ж.) атты жинақ
шығарған күнінен басталды.
Еуразияшылдық қозғалыс өз маңайына жоғары білімді зияткерлерді топ-
тастырды, олардың айналысатын салалары экономикалық жағрапия, этногра-
фия, тіл білімі, философия, тарих, дін, шығыстану, география, музыка т.с.с.
əртүрлі болды. Ал оларға ортақ негізгі идея – еуразиялық өркениет күрделі
құрамды, онда табиғи толерантты түрде славяндық жəне түркілік халықтар,
мұсылмандар мен христиандар өзара ықпалдастықта болды дейтін идея. Бұл
ағымның өз ішінде белгілі бір қайшылықтары да болды: отарлауға қарсы
болғандар да, империяны жақтағандар да бар еді.
Еуразияшылдықтың дамуына Л.Н.Гумилев айрықша үлес қосты (қар.
Этногенез). Еуразия туралы пайымдағанда Л.Н.Гумилев оны континент деп
қана қарамайды, сонымен қатар мұның орталығында қалыптасқан суперэт-
нос туралы да мəселе қозғайды. Оның «Каспий маңындағы мыңжылдық»
атты еңбегі Еуразия ойкуменінің б.д.д. ІІІ ғасырдан бастап б.д. ХІІ ғасыры-
на шейінгі 1500 жылдық тарихын тарихи-этнологиялық тұрғыдан зерттеуге
арналған. Автордың дəлелдеуінше, Еуразияның тарихи орталығы, этностық,
тарихи, саяси жəне мəдени мүдделерінің тоғысқан жері Каспий болған. Ең-
бекте ғасырлар бойы шиеленісті оқиғалардың сахнасы болған Каспий төңіре-
гіндегі орасан үлкен кеңісікте этностардың пайда болуы мен өшуі туралы
баяндалады. Каспий айналасында қалыптасқан ерекше өркениеттің шығуы
мен дамуы, оның бастау көздері мен дүние жүзілік тарихи үдерістегі рөлі
туралы айтылады.
Қазіргі кезеңде еуразияшылдықты дамытып, оған жаңа көзқарастар енгіз-
ген Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ə.Назарбаев болып отыр. 1994
жылдың көктемінде М.В.Ломоносов атындағы Мəскеу мемлекеттік универ-
ситетінде оқыған дəрісінде ол Еуразиялық одақ құру туралы идеясын жария
етті, сол уақыттан бастап саяси лексиконнан еуразияшылдық, еуразиялық
кеңістік, еуразиялық интеграция деген ұғымдар берік орын алды. 1920-1930
жылдардағы еуразияшылдықпен салыстырғанда, Н.Ə.Назарбаевтың еуразия-
лық доктринасының тарихи маңызы сонда, бұл еуразияшылдықтың өрісінің
өзін, дискурсын, мəнмəтінін елеулі мөлшерде кеңейтті. Жаңа еуразияшыл-
дық Қазақстанмен ажырағысыз байланыста: мұнда Еуразия құрлығындағы
барлық ел үшін қатысым жасауға жол ашылған. Еуропа Еуразияның бөлін-
бес бөлшегіне айналған. Еуразияшылдықтың болашағы ұлттық аспектілерді
оңтайлы сабақтастыру жолындағы ізденісте (қар. Еуразиялық интеграция).
Достарыңызбен бөлісу: |