МЕББМ «Жоғары инженерлік-технологиялық колледжі»
“Технологиялық” бөлім
1225000-«Ет және ет өнімдерінің өндірісі» мамандығы бойынша 30.03.2020-10.04.2020 аралығында өткен өндірістік оқытудың
ЕСЕБІ
Тақырыбы: «Еңбек,техника қауіпсіздігі және санитария мен гигиена ережелері бойынша нұсқау беру»
Орындаған: ТПМ-931 тобының студенті Дуйсенбаев Б.Б
Тексерген:арнайы пәндер оқытушысы Жумашева А.А
Орал 2020
Жоспар:
І . Кіріспе 3
ІІ. Негізгі бөлім
1. Еңбек қауіпсіздігі 4
2.Техника қауіпсіздігі 6
2.1. Ет және ет өнімдерінің қауіпсіздігіне қойылатын талаптар 6
3. Санитария және гигиена негіздері,өнеркәсіптік санитария 7
III. Қорытынды 12
IV.Пайдаланылған әдебиеттер тізімі 13
I.Кіріспе
Өнеркәсіпте тиімді санитарлы-техникалық жағдайларды жасау-еңбек ұжымдарының денсаулығын, қауіпсіздік жағдайларды, еңбектің өнімділігін және жалпы өндіріс байланысты жоспарлау. Өндірістік бөлмелерге,жұмыс
орындарымен микроклиматқа қойылатын жалпы тазалық сақтау талаптары санитарлы нормалары мен ережелері өнеркәсіп бөлімі үшін арналған санитарлы нормаларында көрсетілген.
Адам ағзасында әсер ететін өндірістік жағдайларды кещенді зерттеу,
сонымен қатар оларды жақсартуда жүргізілетін шараларды өңдеуді және
енгізуді еңбек тазалығы және өндірістік санитария қамтамасыз етеді.
Егер технологиялық үрдіс дұрыс ұйымдастырылмаса, онда жұмысшының денсаулығына және жұмыс қабілетіне өндірістік ортаның зиянды факторлары (температура, ауа ылғалдылығы, өтпе желдер, шу, тербелулер, шаң және т.б.) әсер етеді.
Еңбекті қорғау және санитарлы – сауықтыру шаралардың шарттарын жақсартудың кешенді жоспарын қабылдау және жүзеге асыру кәсіби зиянды факторларды жобаға және еңбек жағдайын жақсартуға анық мүмкіндік береді.
Еңбек тазалығының құрама бөлігі болып еңбек физиологиясы жатады, ол адамның еңбек іс әрекетімен байланысты ағзадағы физикалық үрдістердің жүруін зерттейді. Еңбек физиологиясының мақсаты физиологиялық көз қарас бойынша еңбектің тиімді ұйымдастырылуын табу болып табылады.
Кәсіпорындарда еңбек жағдайларын жетілдіру технологиялық үрдістерді қазіргі заманғы техникамен қамтамасыздандыру, зиянды факторларды тауып оларды жою, және сақтандыру және қорғану шараларын өткізе отырып тиімді ету жолдарымен жүзеге асырылады.
Достарыңызбен бөлісу: |