Эшф аж-нің Сүйемелдеу Қызметіне жиі қойылатын сауалдар



жүктеу 317,21 Kb.
бет2/2
Дата14.05.2018
өлшемі317,21 Kb.
#12596
1   2

ЖТ тіркелімі бар жағдайда ЖТны қалай тіркеуге болады

Жеке тұлғаның тіркелімінің бар болуы Заңды тұлғаны тіркеуге кедергі болмайды. Тиісінше, Сіз ЗТ ретінде тіркеуге тұра аласыз, бірақ тіркеуге тұру кезінде ЖТ ретінде тіркеуге тұрарда енгізілген құпиясөзді енгізуіңіз қажет.

Өз жүйеміздің ЭШФ АЖ-мен ықпалдасуы үшін Әзірлеуші толымын жөнелтуіңізді сұраймыз

Сіз API бойынша Құжаттаманы, ЭШФ-ның XML форматтағы Шаблондарын, ЭШФ-ның SOAP үшін Жобасын, Қолтаңбаны құру Қосымшасын, Тестілеу сертификаттарын және Кітапхана Файлдарын Мемлекеттік Кірістер Комитетінің сайтында таба аласыз (Тарау: Қызмет/Салықтық әкімшіліктендіру/«API-интерфейс») тарауы: http://kgd.gov.kz/ru/content/api-interfeys-1

Біздің Жеткізушілеріміз жөнелтуі тиіс шот-фактураларды көрмей тұрмын

«Aлынғандар» тарауына өтуіңізді сұраймыз. «Aлынғандар» тарауында «Қарап шықпағандар» астыңғы фильтріне өтуіңіз қажет. «Қарап шықпағандар» тарауында алушы алса да, әзірге қарап шықпаған шот-фактуралар сақталады. Егер Сіз шот-фактураны ашып, қарап шықсаңыз, аталған шот-фактура тиісті астыңғы тарауға өтеді: Негізгі / Қосымша / Түзетілгендер.

«Aлынғандар» тарауының скриншоты:





Мен қай жерде жаңылыстым, «ЖТның қате сертификаты» жазуы шығып тұр

Тіркеуге тұру кезінде Жүйе Сізден Басшының Жеке тұлғасының Сертификатымен расталуы тиіс Жеке тұлғамен Мәмілеге қолтаңбаңызды қоюды талап етеді.

Өзіңізде Басшының ЖТ Сертификаты жоқ болса, оны алуыңыз қажет болады, өйткені Жүйе ЖТны тіркеуге алумен біруақытта, кәсіпорын Басшысын Жеке тұлға ретінде тіркеуге алады, сол себептен қолданушыларды немесе кәсіпорындарды тіркеуге алу кезінде Басшының Жеке тұлғасының Сертификаты міндетті түрде бар болуы тиіс.

Жеке тұлғаның сертификаты екі файлдан құралады: AUTH_RSA… и RSA…


ЖК тіркелімі бар жағдайда ЖТны қалай тіркеуге болады

Сіздің ЖК ретінде тіркеуге алынғаныңыз ЗТ ретінде тіркеуге тұруыңызға тосқауыл болмайды, бірақ тіркеуге тұру кезінде ЖК ретінде тіркеуге тұрарда енгізілген құпиясөзді енгізуіңіз қажет.

ЭШФ АЖнің шимай нұсқасы деген не

«Шимай нұсқа» статусына қолтаңба қойылып, жөнелту сәтіне дейін редакциялау процесіндегі ЭШФ, сондай-ақ ЭСФ көшірмесін алу жолымен құралған ЭШФ ие болады.

Өзімнің тіркелім деректемелерімді өзгерте аламын ба

Өзіңіздің редакциялау үшін ашық тіркелім деректемелеріңізді өзгерте аласыз.

Мына «Бірегей емес номер+базада сақталған топтамасы бар сақталатын топтамадағы күн» қатесі нені білдіреді

Тапсырыс берушінің талабына сәйкес, Жүйе есепке алу жүйесіндегі номердің бірегейлігін бір күннің ішінде тексереді, былайша ЭШФ шығарылып берілсе, сол күннің ішінде Сіз дәл осы номерді пайдалана алмайсыз, есепке алу жүйесінің номерін өзгертуіңіз қажет, немесе есепке алу жүйесінің осы номерін қолданып, шот-фактураны келесі күні шығартып алуыңыз қажет.

Бөлшек сауда шот-фактурасы қалай және қандай тәртіппен шығарылып беріледі

Тізбеге алынған тауарларды қолма-қол ақшамен сату кезінде, жеке тұлғалар сатып алушыларға бақылау-касса машинасының чегін ұсынады, аталған тауарлардың жеткізушісі бір күннің тұтас айналымына бір ЭШФ шығарып береді, оның «Алушының деректемелері» тарауында келесі деректер енгізіледі:

"F" ұяшығында - "Резидент емес/бөлшек сауда" алаңына белгі қойылады;

18-нші "Алушы" жолында - "жеке тұлғалар" сөздері белгіленеді;

19-ншы "Орналасқан жерінің мекенжайы" жолында - "бөлшек сауда" сөздері белгіленеді;

Сәйкесінше ЖСН/БСН алаңдарын толтыру міндетті емес. Дегенмен, Сіз ЖСН/БСН алаңдарын толтырмақ болсаңыз, 12 символдан тұратын ЖСН/БСН енгізуіңіз қажет.


Импорттау кезінде қате шығады (productSize)

G тарауында (Тауарлар, жұмыстар, қызметтер бойынша деректер) Сіз тауарлардың, жұмыстардың, қызметтердің жайғасымдарын енгізуге арналған ең рұқсатты енгізудің санынан артық енгізіп қойдыңыз. ЭШФ АЖ форматты-логикалық қадағалау жүйесіне сәйкес G тарауында (Тауарлар, жұмыстар, қызметтер бойынша деректер) жайғасымдардың рұқсатты саны 200 бірліктен құралады. Аталған көлемнен асып түссеңіз, шот-фактураларды жөнелту кезінде қателік туындауы мүмкін. Бірнеше ЭШФ шығарып беру арқылы жайғасымдардың санын азайтуыңызды сұраймыз.

Импорттау барысында қосымша шот-фактураны шығарап беру кезінде «Негізгі және қосымша шот-фактуралар белгіленген ережелерге қайшы» деген қателік туралы жазу шығады, ол нені білдіреді және қай алаңдарға түзетулерді енгізуім қажет?

Ережелерге сәйкес, қосымша шот-фактура айналымға түзету енгізу қажет болғанда шығарылып беріледі. Бұл ретте, қосымша шот-фактура G тарауындағы саны мен бағалары көрсетілген алаңдардағы айналымның мөлшеріне ықпал ететін алаңдарда ғана айрықшалануы тиіс. Осылайша, Өз ЭШФ-ңыздың өзге алаңдарында айырмалардың бар-жоғын тексеріп көру үшін негізгі және қосымша ЭШФ-ларыңызды тексергеніңіз жөн. Айырмалары бар алаңдар анықталса, оларды түзетіңіз, түзетілген ЭШФ-ны жүйе қабылдайды.

ТЖҚ жеткізілуін растайтын құжаттың өзге номері мен күнін көрсету жиі орын алатын қателердің қатарында.



Өзім импорттаған шот-фактуралар жөнелтілмейді және "Импортталғандар" тарауында қалып қояды, не істеу керек?

Қолтаңбаңызды қойып, жөнелткен соң шот-фактура форматтық-логикалық зерделеуден өтеді. Бұл дегеніміз, аталған шот-фактура "Импортталғандар" тарауында қалмауы тиіс. ФЛБ тексерілген соң, шот-фактура не "Жөнелтілгендер" тарауына, не "Қателер" тарауына жөнелтіледі. Шот-фактураны қайтадан тексеріп, жөнелтіп көргеніңіз жөн. Егер шот-фактура "Қателер" тарауына жөнелтілсе, шот-фактураның "А" тарауында бұл шот-фактураның осы тарауға қай себеппен келіп түскеніне қатысты қателерді анықтай аласыз.

Қағазбен шығарылған негізгі шот-фактураға қосымша шот-фактураның үзінді көшірмесін шығарып алу мүмкін бе

Егер электронды түрде шығарылып берілмеген негізгі шот-фактураға (ол егер қағаз бетінде ғана шығарылған жағдайда) қосымша шот-фактура шығарылатын болса және егер қағаз бетіндегі негізгі шот-фактура 2014 жылғы 1 шілдеге дейін берілген болса, Жүйе қосымша шот-фактураны электронды түрде (негізгі шот-фактура туралы деректерді енгізусіз) шығарып алу мүмкіндігін ұсынады. Дегенмен, егер негізгі шот-фактура 2014 жылғы 1 шілдеден кейін берілген болса, қосымша шот-фактура да қағаз бетінде шығарылып беріледі, өйткені Жүйеде осындай шектеу белгіленген.

Өз кәсіпорнымның деректемесіне қызметкерді қоса алмадым

Жүйеде қолданушыны кәсіпорынның қызметкері ретінде тіркеу үшін Сіз өз қызметкеріңізге Жеке тұлға сертификатын алып, оны ЭШФ АЖнде Жеке тұлға ретінде тіркеуге тұрғызуыңыз қажет.

Жүйеде тіркеуге ойдағыдай тұрған соң, кәсіпорын Басшысының атынан аталған қызметкерге кәсіпорынға қосылуға шақыруды жөнелтуіңіз қажет. Шақыру қабыл алынған соң, қызметкерге Өзіңіз үшін қажетті уәкілеттілікті оған Қызметкерге сенімхатты шығарып беру жолымен беруңіз қажет болады. Одан кейін аталған қызметкерге ЭШФ АЖнде жұмыс істеу үшін қажетті уәкілеттілік беріледі.

Қызметкерлерді қосу жөніндегі толық нұсқаулықпен Сіз "Жәрдем" модулінде таныса аласыз.


CERTIFICATE_IS_NOT_FOR_ENTERPRISE деген қате нені білдіреді

Бұл қатенің мәні:

CERTIFICATE_IS_NOT_FOR_ENTERPRISE=Заңды тұлғаның Басшысы ЭЦҚны Заңды тұлғаның сертификаты арқылы енгізуі тиіс.

Өзіңіздің ықпалдасу санатыңызды тексеріп алғаныңыз жөн, атап айтқанда құжаттамаға сәйкес http://kgd.gov.kz/ru/content/api-interfeys-1 адресі бойынша ЭШФ АЖ веб сервисіне жүгінуіңіз қажет болады.


Мына қате нені білдіреді - javax.xml.bind.UnmarshalException - with linked exception: [org.xml.sax.SAXParseException; lineNumber: 1; columnNumber: 5790; cvc-complex-type.2.4.b: The content of element 'publicOffice' is not complete. One of '{payPurpose}' is expected.]

Өзіңіз импорттайтын файлда payPurpose тэгы көрсетілмеген ("Төлемнің мақсаттылығы" алаңы).

Мына қате нені білдіреді: javax.xml.bind.UnmarshalException - with linked exception: [org.xml.sax.SAXParseException; lineNumber: 1; columnNumber: 7394; cvc-complex-type.2.4.a: Invalid content was found starting with element 'totalExciseAmount'. One of '{currencyRate, product}' is expected.]

Өзіңіз импорттайтын файлда currencyRate тэгы көрсетілмеген ("Валютаның бағамы" алаңы).

Мына қате нені білдіреді: G тарауы. Тауарлар, жұмыстар, қызметтер бойынша деректер?

"Негізгі және қосымша Шот-фактуралардың "Тауарлардың, жұмыстардың, қызметтердің жанама салықтары есептелген құны" алаңдарының жиынтығы теріс мәнді бола алмайды.

Бұл қателік негізгі және қосымша Шот-фактуралардың жиынтық мәндерінің арасында айырманың туындауы себебінен, Өзіңізде теріс мәндер шығуынан орын алады.

Мысалы, Сіз негізгі шот-фактураны тауардың 5 жайғасымы бойынша қорытынды 100 000 теңге сомаға толтырдыңыз делік. Одан кейін тауардың толығымен қайтарылуы жөнінде қосымша шот-фактураны шығарасыз, бірақ қосымша Шот-фактурада негізгі Шот-фактурадағы сомадан үлкен соманы көрсетесіз (мысалы: - 110 000 тг), сәйкесінше негізгі және қосымша шот-фактураларды жиынтықтау қажет болады – ал қорытынды сома теріс мәнге ие болады. Негізгі шот-фактураның қорытынды мәндерін қарап шығып, артынша қосымша шот-фактураның жиынтық мәндерін қарап шыққаныңыз жөн. Қосымша шот-фактураны шығарып алу кезіндегі қатенің шығу себебі осында.



Сіз осы негізгі ШФда (бұдан алдын жөнелтілуі мүмкін) қосымша ШФлардың бар-жоғын тексеріп алуыңыз қажет. Егер өзге қосымша ШФлар бар болса, бастапқы қателік негізгі және барлық қосымша ШФларды сомаларын қосқанда, жалпы соманың теріс мәнге ие болатынынан туындайды.

«Айналымның күні алдағы уақытта орындала аламайды» деген қателіктің себебі не

Бұл қателік айналым күнінің шот-фактураны шығарған күннен кейін енгізілуінен туындайды.

ЭШФны қайтарып алуды қалай тоқтатуға болады

Егер Сіз ЭШФны жаңылысып қайтарып алған болсаңыз, Сіздің адресат "Алынғандар" - "Қайтарып алынғандар" тарауына өтіп, қажетті ЭШФны таңдап, Қайтарып алудан бас тарту пернесін басады. Тек қана негізгі Шот-фактураны оны шығарған күннен 10 күннен кешіктірмей қайтарып алудан бас тартуға болады.

Басшының екінші кәсіпорнын қалай тіркеуге болады

Егер Басшыда бірнеше кәсіпорын бар болса, екі кәсіпорынның жүйесіне кіру құпиясөзі ортақ бір құпиясөз болады. Былайша, екінші кәсіпорынды тіркеу кезінде алғашқы болып тіркелген кәсіпорынның құпиясөзін енгізу қажет.

Жүйеде жеке тұлға үшін қандай операциялар қолжетімді;

(ЗТ қызметкері болып табылмайтын) Жеке тұлға үшін Жүйеде операциялардың келесі жиынтығы қолжетімді:

  • Шот-фактураны қарап шығу;

  • Шот-фактураны іздестіру;

Жүйеге кіру тәсілдемесі;

Жүйеге кіру үшін Сіз адрес жолында esf.gov.kz адресін теріп/енгізіп, артынша Логин мен құпиясөзді теруіңіз қажет. Одан кейін ЭШФ АЖ ашылып, Сіз тиісті профайлды таңдай аласыз. Егер, кіру кезінде қиындыққа тап болсаңыз, ең алдымен өз техника құралыңызда (ДК, ноутбук, смарт-фон, т.б) тиісті Java қосымшасының жүктелгеніне, java-апплеттерінің әрекетте екеніне көз жеткізіп алуыңыз қажет. Жүйеде жұмыс істеу кезінде браузерлерді күйге келтірудің жадынамасы ҚР ҚМ МКК сайтында орналастырылған: Қызмет/Салықтық әкімшіліктендіру/Электронды шот-фактуралар/Браузерлерді күйге келтірудің жадынамасы қосымша парағында
(http://kgd.gov.kz/ru/content/pamyatki-po-nastroyke-brauzerov-1)

Шот-фактураны қалай шығарып алуға болады;

Шот-фактураны шығарып алу үшін Шот-фактураны әзірлеу пернесін басып, тиісті тараулардың тиісті алаңдарын тиісінше мәндергі енгізіп, толтыруыңыз қажет. Шот-фактураны әзірлеудің толық мағлұматы "Жәрдем" модулінде орналастырылған ("Жәрдем" қосымша парағының жоғарғы бөлігінде). Сілтеме: https://esf.gov.kz:8443/esf-web/resources/public/1488878393000/help/ru/Default.htm#Insrkuktsija_po_rabote_s_ESF/rabota_s_esf/cozdanie_esf.htm

жүктеу 317,21 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау