11. Бройлер үй тауықтарын өсіру
1. Жалпы ақпарат. Бройлер – қарқынды өсуімен, тез пісетіндігімен, жем шығынының төмендігімен ерекшеленетін жұмсақ, дәмді ет беретін етті балапан. Бройлерді таза салмағы 1,5-2 кг. жеткенде, 6-9 апталық кезінде сояды. Бройлер еті – 22,5 пайызға дейін ақуыздан (ақуызы 92 % алмастыруға келмейтін аминоқышқылдан) тұратын диеталық өнім.
2. Бройлер өсірудегі тауық тұқымдары
Корнуэльдік тауықтар төбелескіш ескі ағылшын тұқымдарын малайлық және төбелескіш азиль тұқымымен будандастыру арқылы Ангияда шығарылған.
Етті-жұмыртқалы плимутрок тауық тұқымы АҚШ-тан шыққан. Оның қауырсын түсі бойынша жолақ ала, қара, қуқыл-сұрғылт, ақ және басқа да бірнеше түрлері бар. Бұлар бройлер өсіру үшін қолданылатын ең басты екі тұқым болып табылады. Сонымен қатар кучиндік мерейтойлық, панциревтік, род-айланд, нью-гемпшир,бірінші мамырлық және т.б. түрлері де бар.
3. Бройлер үй тауықтарын асырау. Тауықтарға арналған лайықты қора – олардың денсаулығы мен өнімділігінің жақсы болуы үшін ең басты алғышарт. Тауыққора тауықтар еркін қозғалуы үшін кең (қолайсыз ауа райы кезінде, қыс мезгілінде тауықтар үнемі қорада болатындықтан), қолайсыз ауа райы ықпалынан қорғау үшін шатыры, қабырғалары мен едені жетерліктей ылғал мен жылу өткізбейтін, сонымен қатар жарық, жақсы желденетін және оңай тазаланатын болуы керек.
4. Бройлер үй тауықтарына жем беру. Тауық – қысқа ас қорыту жолы бар тамақ талғамайтын құс. Ол ең алдымен, азотты заттарға бай концентрацияланған дәндер, жануарлардың ақуызы және т.б жемдерді қажет етеді. Құнарландырылған жемдер тауықтардың тамақтануының үштен екісін, ал қалған бөлігін тамақ қалдықтары мен минералды заттар құрағаны жөн. Жұмыртқалау кезінде тауық кальцийді көп мөлшерде қажет етеді. Егер оның қорегінде кальций аз болса немесе сіңімді болмаса тауықтар сылақты, ең жаманы жұмыртқаны шоқи бастайды. Жұмыртқаламайтын кезеңде ересек тауықтар үшін дән мен үй шаруасының қалдықтары іспетті қорек жеткілікті. Ал жұмыртқалау кезінде жұмыртқа шығаратын тауықтарға арналған құрама жем қажет. Жаз мезгілінде тауықтарды сыртқа шығару үшін арнайы алаң қарастыған жөн, ал қыстыгүні жоңышқа, қалақай ұндарымен, тамырлы жемістермен қоректендірген дұрыс. Қыс мезгілінде жасыл жемнің орнына тауықтар дұрыс қоректену үшін тамырлы түйнекті жемістерді азығына (картоп, қызылша, сәбіз және т.б.) қосу керек. Жұмыртқалау кезінде тауықтарға дәннің бір бөлігін өскін түрінде беру қажет.
5. Бройлер балапандарын өсіру. Бройлерді өсіру үшін көп жағдайда бройлерлі құс фабрикаларынан немесе құс өсіру станцияларынан балапанның етті түрін таңдап алу қажет. Балапандарды 1 тәулік пен 3 тәулік аралығындағы жас шамасында алу қажет. Балапан өсірудің өнімді әрі тиімді жүйесі – торда ұстау. Торлық жүйеде бройлерлер салмақты жылдам жинайды және кеңістіктің тар болуы себебінен жемді аз жейді.
Торды қолдан дайындауға да болады: еден мен алдыңғы есік ретінде шыбықтардан жасалған торды пайдалануға болады. Әр балапанға ұзындығы кемінде 3 см. болатын жемдеу орны беріледі. Міндетті түрде жемдеу орнында жем үнемі болуын қадағалап отыру қажет. Ең дұрысы дәндер қоспасымен толтырылатын цилиндр тәрізді аспалы жемдеу ыдыстарын пайдалану. Сонымен қатар әр балапанға 1,5 см. есебімен су ішетін ыдыс қажет.
Балапандар қатайғаннан кейін оларды құс қораға ауыстырады. Балапандардың дұрыс өсуі мен дамуын қамтамасыз ету үшін тауыққораның бірқалыпты температурасын ұстап тұру қажет. Интенсивті жемдеп, дұрыс күтіп-баптаса бұл тауық өсіру әдісі 48-70 күнде 1,5 кг. салмақ мөлшерінде құс етін алуға мүмкіндік береді.
Бройлерлерге жем ретінде құрамында барлық дәрумендер мен минералды заттары бар арнайы құрғақ қоспалар берген дұрыс. Балапан-бройлерлерді толық рационды құрама жеммен қоректендіреді, сонымен қатар, жем мен су тәулік бойы үзілмей берілуі тиіс. Жас шамасына байланысты құрама жемнің үш түрін мына тізбек түрінде пайдаланады: алғашқы (1-4 күн), негізгі (5-30) және мәрелік (31-56 күн).
6. Өткізу нарығы. Бұл өндірістен пайда тек өткізу нарығын дұрыс жолға қойғанда ғана түседі. Сондықтан, қай сауда нүктелерінде бұл өнімді өткізуге болатынын анықтаңыз. Өткізудің тағы бір жолы – мейрамхана, дәмхана басшыларымен көтерме бағамен жеткізу туралы келісу.
Болжамды есептеулер.
Шығыстар:
балапандарды сатып алу - 30 дана * 300 теңге = 9 000 теңге.
жем сатып алу 5-30 күнге - 40 кг * 67 теңге = 2 680 теңге; 31-56 күнге = 40 кг * 72 теңге = 2 880 теңге = 5 560 теңге.
Барлығы: 14 560 теңге.
7.2. Табыс:
Бір балапанның етін сату = 1 000 тенге * 30 балапан = 30 000 тенге.
8. Пайдалы сілтемелер:
http://yesyes.ru/business-98-page-3.html
http://subscribe.ru/archive/food.yhastok/201001/03121233.html
http://webfermer.narod.ru/broiler_doma.htm
Интернет арқылы іздеу. Сіз Интернет арқылы да осы тақырып бойынша көптеген материалдармен таныса аласыз. Ол үшін іздеуге арналған сайттар, мысалы www.google.kz, www.rambler.ru, www.yandex.ru сияқты жүйелерде «бройлер тауықтары» және т.б. кілт сөздерді теру керек.
12. Күрке тауық өсіру
Жалпы ақпарат. Күрке тауық тауық тұқымдас құстардың ішіндегі ең ірісі болып табылады. Күрке тауық өсірудің рентабелділігі жоғары көрсеткіштермен ерекшеленеді. Оның еті дәмді, жұмсақ, әрі оның құрамында холестерин мөлшері өте төмен. Олар да мамық пен қауырсын береді. Бұл құстар қызыққыш, ақылды, адамдарға тез үйреніп кетеді. Олар жем талғамайды және де жаз мезгілінде көбінесе жайылымда болады.
Күрке тауық өсіру бойынша шағын бизнес идеясының тартымдылығы – бұл бизнесті үй шаруашылығындағы бизнеске айналдыруға болатындығында. Яғни, барлық отбасы мүшелерін осы бизнеске тарту арқылы жалдамалы жұмысшыларға кететін жалақыны үнемдеуге болады.
2. Тұқымдары. Талап етілген өнімділікке байланысты күрке тауықты өсіру мен көбейтуді тұқымдарды таңдаудан бастау қажет. Бұл құстардың қола түсті кең кеуделі күрке тауық және ақ кең кеуделі күрке тауық деген екі түрі бар.
Қола түсті кең кеуделі күрке тауықтар – өздерінің жоғары көрсеткіштерімен ерекшеленеді, дұрыс тамақтанатын болса, аталығының салмағы 9-11кг. дейін жетеді. Орташа есеппен күрке тауық балапанының туғаннан кейінгі 13 аптадағы салмағы 4,4 кг., 17 аптадағы салмағы – 6,6 кг. болады.
Ақ кең кеуделі күрке тауықтардың етінің сапасы жақсы, сыртқы түрі өте әдемі (терісі сарғылт түсті) болып келеді. Қола кең кеуделі күрке тауықпен салыстырғанда еті тез піседі, жұмыртқа салуы 90 пайыздық ұрықтану көрсеткішімен шамамен 85 жұмыртқаны құрайды. Инкубацияға салынған барлық жұмыртқалардан балапан шығару көрсеткіші орташа есеппен 60 - 70 пайыз аралығын қамтиды.
3. Күрке тауықтарды асырау. Күрке тауық ірі құс болғандықтан оны басқа құстардан бөлек ұстау қажет. Құстарды орналастыру тығыздығын дұрыс есептеу қажет: 1 м²-ге екі үлкен күрке тауықтан артық болмайды. Жас балапандарын үлкендерінен бөлек ұстау қажет. Күрке тауықтар аязға, әсіресе жел мен сызға төзімсіз болғандықтан олардың ересектеріне арналған қора мықты қабырғалардан тұрғызылуы тиіс.
4. Жем беру. Күрке тауықтардың салмағын арттыру үшін оларға ақуызды тағамдар көбірек қажет. Қыс мезгілінде 3 рет, ал көктем айларында 4-5 рет жем беру керек. Тамақтану рационында дәнді-дақылдар әр күрке тауыққа 250-300 г-нан келуі тиіс.
Жем беру шырынды (картоп, қызылша, орамжапырақ, асқабақ, әр түрлі көк жемдер мен сүрленген шөп), дәруменді қоспалар (шикі сәбіз, асқабақ, бұршақ шөптері, шөптің және қылқан жапырақтың ұны) және дәнді дақылды азық (арпа, жүгері, тары, бидай кебегі) болып үшке бөлінеді.
Жаз мезгілінде күрке тауықтарға жем беру оңайлатылады. Егер құс жайылымда болса, онда ол әртүрлі көк шөптерді, жәндіктерді және т.б. өзі тауып жейді. Егер жайылымға шығару мүмкіндігі болмаса, арнайы алаңдар жасап, оларды жем беру ақырларымен, суару науаларымен, көлеңке қалқалармен жабдықтап, алаңға шөп сеуіп қояды. Қыста сыртқа шығаратын алаңды қардан тазартып, сабан төсейді және уыстап жем шашады. Жемді құстар оны іздеп үнемі қозғалыста болсын деп уыстап шашады. Егер сырттағы температура -10°С-ден төмен болса, онда құстарды сыртқа шығармайды.
5. Өсіру. Күрке тауықтарды көбейтуді олардың ұрғашыларын жұмыртқаға 27-30 күн бастыру арқылы немесе жұмыртқаларды пайдалана отырып инкубаторда да жүзеге асыруға болады. Егер көбейтудің бастапқы кезеңінде инкубаторлық станциялар мен құс фабрикаларынан бір тәулік болған балапандарды алсаңыз, қиындықтар да аз болады. Немесе оларды инкубациялық жолмен де өсіруге болады.
Балапандарды күрке тауықсыз шығарған кезде алдын ала лайықты орын дайындау қажет. Ең дұрысы – полиэтилен қаптамамен қапталған (төбесі мен алдынан басқа) тор. Жылыту үшін 250 Вт. лампаны қолданып, температураны 36°С-ден төмен түсірмеу қажет. Жем беретін ыдысын, су беру науасын және майда ойығы бар май шамды тордың суық жеріне орналастыру қажет. Төсенішті (ең дұрысы сабан немесе пішен) – күнделікті ауыстырып тұру қажет. 2-2,5 айдан кейін күрке тауық балапандарын құс қорасына ауыстыруға болады. Онда жел болмауы керек, жылытқыш шам қою қажет.
Күрке тауық балапандарын алғашқы күндері ұсақтап туралған піскен жұмыртқалармен қоректендіреді. 5-10 күн аралығында азығына ұсақтап туралған ет, құмырсқа жұмыртқасын, жасыл пияз бен салат, тәтті ірімшік қосады. Оныншы күннен бастап өсіп қалған балапандар азығын қаймағы алынбаған сүтке араластырылған піскен картоп пен бидай кебегіне, буға піскен тарыға, бидайға, ұсақталған арпаға, ірімшікке, әртүрлі ас үй қалдықтарына, үстеме қосу керек болса әртүрлі көк шөптерге ауыстырады. Қаймағы алынбаған немесе алынған сүтті, жылы, бөлме температурасындағы суды (суға жұмыртқаның сарысын араластырып жіберсе пайдалы болады) 5-6 күннен бастап беруге болады.
6. Өнімді сату. Өндірістен түсетін табыс өткізу нарығын дұрыс жолға қойғанда ғана болады. Ең алдымен, сіздің тұратын қалаңыздың немесе жақын маңдағы аудан (облыс) орталығының қай сауда нүктелерінде осы өнімді өткізуге болатынын анықтаңыз.Сонымен қатар сіздің қалаңызда немесе жақын елді мекендерде күрке тауық өсірумен айналысатын адамдардың бар-жоқтығын біліңіз. Егер бәсекелестер бар болса, олардың өткізу нарығы қалай ұйымдастырылғанын зерттеңіз.
7. Болжамды есептеулер.
7.1. Шығыстар:
инкубациялық жұмыртқаларды сатып алу (150 дана 80 теңгеден) = 12 000 тенге.
тұрмыстық инкубаторды сатып алу – 20 000 теңге.
бір жылға азық сатып алу – 30 000 теңге.
Барлығы 62 000 теңге.
7.2. Табыс:
Жұмыртқа сату. Жұмыртқа туу –жылына 50-100 дана * 50 күрке тауық = 2 500 жұмыртқа * 80-100 теңге (бір жұмыртқаның бағасы) = шамамен 200 000 теңге.
Ет сату. 1 күрке тауықтың салмағы шамамен 5-7 кг. * 1200 теңге (1 кг бағасы) = 6 000 теңге, ал егер 10 немесе 20 күрке тауық сататын болсаңыз, онда табыс айтарлықтай көп болады.
8. Пайдалы сілтемелер:
http://prohoz.ru/soderzhanie-cyplyat-indeek/
http://alwaystop.ru/post.php?id=55
http://www.fermer.ru/node/2905
http://www.forum-grad.ru/forum236/thread7168.html
http://indogu.narod.ru/indvz.html
http://www.fugl.ru/domashnyaya-ptitsca/indeika/porody-indukov.html
Интернет арқылы іздеу. Сіз Интернет арқылы да осы тақырып бойынша көптеген материалдармен таныса аласыз. Ол үшін іздеуге арналған сайттар, мысалы www.google.kz, www.rambler.ru, www.yandex.ru сияқты жүйелерде «күрке тауық өсіру» және т.б. кілт сөздерді теру керек.
Достарыңызбен бөлісу: |