2. Қыш ісі
Жалпы ақпарат. Қыш ісі – адамдар мыңдаған жылдар бойы айналысып келген өте көне өнердің түрі. Қыш құюшылардың өнімдері көпқырлы танымалдылығымен ерекшеленеді. Қазіргі кезде күнделікті тіршілікте әр адам табиғи ыдыс пайдаланғысы келеді. Түрлі құмыралар, сазбалшықтан жасалған кәдесыйлар ерекше көрінеді. Қыш ісімен айналысатын шеберлер бүгінгі күні көп емес, алайда өнімге деген сұраныс жыл сайын артып келеді. Сонымен қатар, сазбалшық денсаулыққа пайдалы. Осыған орай бұл өнер түріне қызығатындар жыл сайын көбейіп келеді.
Қазақстан нарығында авторлық керамика өнімдері бойынша бәсекелестік байқалмайды. Алайда болашақта бұл сала бойынша бәсекелестердің пайда болуы әбден мүмкін. Жоғары сапа, өзіндік стиль, жарнама сауданы өрге бастырады.
Ғимарат. Шеберхана ретінде көбінесе үйдің жоғарғы бөлігіндегі адам тұрмайтын орнын немесе тұрғын үйдің подвалын қолданады. Гаражды да шеберхана етуге немесе цехтағы кішігірім орынды жалға алуға болады.
Жабдықтау. Қышшы шеңбері – ең басты құрал. Оның пайда болғанына 7 мың жылдай уақыт болды. Сол уақыттан бері оны қолдану әдісі еш өзгермеген. Қыш шеңбері – бұл икемді материалдан (ағаш, пластик, тас, металл, т.б.) жасалған, астынан оське бекітілген кішігірім диск. Осьтің екінші жағында дискінің айналымын жүзеге асыратын арнайы құрылым бар. Алғашқы қыш шеңберлері қолмен жұмыс жасауға арналған. Одан кейін пышақты түрлері пайда болды. Олар шебердің екі қолын жұмыс үшін босататындықтан алғашқыларға қарағанда ыңғайлырақ. Қазіргі қыш шеңберлерінің көбісі электрлік болып келеді. Олар ыңғайлы әрі қолөнершінің жұмысын жеңілдетеді.
Технология. Алдымен сазбалшық араластырылады. Әр өнімге түрлі сорт керек: ақ, қызыл, құм араласқан, т.б. Одан кейін оны тең бөліктерге бөліп, қыш шеңберіне, жабыстыру тақтасына немесе формаларға салады. Бұйым белгілі бір алғашқы қалпына келіп, аздап кепкеннен кейін, оны пешке салады. Пешке салар алдындағы жабыстыру сапасы мен кебуіне қарап, дайын өнімнің бүліну деңгейін анықтауға болады. Орташа есеппен ол 20-30% құрайды, алайда бастапқы кезде 60% құрай алады.
Бір құмыраны дайындау үшін 1-2 сағат кетеді: есу - 10 мин., жабыстыру - 7-10 мин., ал қалған уақыт күйдіруге жұмсалады.
Сату. Стандартты өнімдерге кішігірім сатушылардың сұранысы жоғары. Кішігірім кәдесый дүкендері басшыларымен келісуге болады.
Қыш бұйымдарын тапсырыс бойынша да жасауға болады. Мысалы, жарнамалық кәдесыйлар (тоңазытқышқа арналған магниттер, кеңсе заттарын қойғыштар, т.б.), интерьерді безендіру. Кеңселерді немесе сауда орталықтарын әдемі гүлге арналған құмыралармен безендіру, қыштан жасалған картиналар ілу мен фотосуреттерді қолдан жасалған рамкаларға орналастыру бүгінде үлкен сұранысқа ие. Интерьеріңіз ерекше қайталанбас көрініске ие болады.
Сонымен қатар, мейрамханалар, дәмханалар, қонақ үйлер мен ыдыс дүкендеріне де барып көруіңізге болады.
Болжамды есептеулер.
Шығыстар:
қыш шеңбері (электрлік) – 150 000 теңге.
жарнама – 3 000 теңге.
оқу (курстар) – 35 000 теңге.
саз балшық (12 кг/қорап) – 3 000 теңге.
Барлығы: 191 000 теңге.
Табыс:
қыш құмыра құны – көлемі мен формасына байланысты 500-5000 теңге аралығында.
ерекше дизайнмен жасалған қыш құмыраның құны – 3 000 теңге.
магнит – 200 теңге.
жеке тапсырыс бойынша магнит – 500 теңге.
фотосуреттерге арналған рамка – 400 теңге.
жеке тапсырыс бойынша фотосуреттерге арналған рамка – 1 000 теңге.
Бір қыш құмыраны дайындаудың уақыты – 2 сағат. Күніне 8 сағат жұмыс жасасаңыз, орташа көлемді 4 құмыра жасай аласыз * 3 000 теңге = 12 000 теңге * 24 күн = 288 000 теңге. Сіздің ай сайынғы табысыңыз 300 000 теңгені құрай алады.
Пайдалы сілтемелер:
http://moikompas.ru/compas/goncharnoe_delo
http://www.gonchar.b2s.kz/index.htm
http://handsmaster.net/?page_id=109
http://golden54321.narod.ru/index.htm?/vibor.htm
http://gaspacho.jimdo.com/
http://www.formula-cveta.ru/catalog/gonchar/krugi/
http://www.bi-art.ru/www-poverin/pottery.html
http://olkolon.narod.ru/KERAMIKA/K_SekrG/SekrG.html
Интернет арқылы іздеу. Сіз Интернет арқылы да осы тақырып бойынша көптеген материалдармен таныса аласыз. Ол үшін іздеуге арналған сайттар, мысалы www.google.kz, www.rambler.ru, www.yandex.ru сияқты жүйелерде «қыш ісі» және т.б. кілт сөздерді теру керек.
3. Үйдегі сүрлейтін орын
Жалпы ақпарат. Сүрлеу – өнімдерді (ет, балық, жеміс) жылу арқылы өңдеу әдісі. Сүрлеу арқасында өнім спецификалық иіске бөленіп консервіленеді. Сүрленген өнімдер сүр түтінінің бактериостатикалық заттарын сіңіріп, жартылай құрғап, соның арқасында көп уақытқа дейін сақталып тұрады.
Екі негізгі сүрлеу әдісі бар: суық және ыстық. Кейде тағамдарды металлдан жасалған жылжымалы сүрлеу құралы көмегімен жылдамдатылған әдіспен сүрлейді, алайда мұндай жағдайда өнім пісіріліп-сүрленген болып шығады. Сонымен қатар, сүрленген өнімдерді арнайы концентратты қандыағаш түтінімен өңдеу жолы арқылы да жасауға болады.
Ғимарат. Бұл қызмет түрімен ауылдық жерлерде ғана емес, сонымен қатар саяжай учаскелерінде де айналысуға болады. Сондықтан сізге ғимарат емес, жер учаскесі керек.
Жабдықтау. Сізге сүрлеу құралы керек. Оны жасау қиын емес. Оның бірнеше нұсқаларын мына сілтемелер көмегімен біле аласыз:
http://okafish.ru/kopt/kop1.htm - сүрлеу шелегі;
http://okafish.ru/kopt/kop2.htm - жылжымалы сүрлеу құралы;
http://okafish.ru/kopt/kop3.htm - сүрлеу траншеясы;
http://okafish.ru/kopt/kop4.htm - кептіргіш-сүрлеу құралы;
http://okafish.ru/kopt/kop5.htm - сүрлеу бөшкесі.
Технология. Ыстық әдіс (43-45 °С) майлы емес өнімдерді сүрлеген кезде, ал суық (19-25 °С) әдіс майлы өнімдерді сүрлеу үшін қолданылады.
Сүрлеу сапасы ағаш жанғанда бөлінетін түтінге байланысты. Әсіресе, ағаштардың қатты түрлерін пайдаланған жөн. Ағаштың құрғақ емес дымқыл болғаны жақсы, алайда ылғалды болмауы керек. Ең жақсысы – жапырақты ағаш түрлері: емен, қандыағаш, қартайған алма ағашы, т.б. Ең жаманы – қайың, алайда қайыңды отын ретінде пайдаланар болсаңыз, оны алдын-ала қабығынан тазарту керек. Арша бұтақтары мен шие жапырақтарын жандырған кезде, сүрленетін өнімдер жағымды иіс пен дәмге ие болады. Ал қылқан жапырақты ағаш түрлерін қолданғанда бөлінетін түтін өнімді ластап, оған жағымсыз иіс пен қышқылдау дәм береді.
Ең жақсысы – оттегінің жеткілікті дәрежеде болып, ағаштың толық жанбауы нәтижесінде алынған ашық түтін. Ағаш отын отқа жалмап тұру керек, алайда отқа қатты оранбау керек. Ол үшін пешке жұқа шіркелер мен ағаш үгінділері салынады. Егер өнім от арасынан анық көрініп тұрса, онда түтін керекті деңгейде деген сөз.
Сүрлеуге арналған ағашты жоңқа, үгінді, тамызық, жұқа шыбық түрінде қолданады, олар көп түтін шығарып жану керек. Ылғалды және бұлтты күндері ғана жалынның аз болуы мүмкін.
Бактерицидтік әсер ету және сүрлеу заттарын сіңіру ауаның ылғалдылығы мен температурасына байланысты. Температура неғұрлым жоғары, ал ылғалдылық төмен болса, соғұрлым сүрлеу заттары жылдам сіңеді.
Сүрленген өнім бетінің түсі қара май заттарына байланысты, сонымен қатар ағаш түрі де үлкен әсер етеді. Қызыл ағаш сүрленетін өнімдерге алтын рең, емен мен қандыағаш – сарыдан қоңырға дейін, жөке мен үйеңкі, тағы басқа жапырақты ағаштар алтын сары түс береді.
Сүрлеуден кейін дайын өнімдерді суытып, 10-12 С температура жағдайында 10 тәулік бойы іліп қойып кептіреді. Бұл олардың ылғалдылығын төмендетіп, ас тұзының көлемін арттырады. Кебу соңында салыстырмалы түрде сүрлеу заттарының құрамы көбееді, нәтижесінде өнімдерді ұзағырақ уақыт бойы сақтауға болады.
Сүрлеу уақыты әрқилы, ол өнімнің көлеміне байланысты. Орташа есеппен алғанда 12-24 сағат. Егер балық не құс болса – 12 сағат.
Сату. Жергілікті дәмханаларға барып, тауарды өткізу жайында келісіңіз. Алғашқы уақытта арзан бағамен сатуға болады.
Өнімді кішкентай бөліктерге (100 г - 1 кг дейін) бөліңіз. Полиэтилен пленкаға салыңыз (ол қазіргі таңда ораммен сатылады, пленка өте жұқа әрі мұндай нәрселерге ыңғайлы). Әр бөлігін өлшеп, қағазға жазып немесе принтерден шығарып, оларды пленкаға жапсырасыз. Сөйтіп өніміңізді сата беріңіз.
Болжамды есептеулер.
Шығыстар мен табыстардың қандай болатынын есептеп көрейік:
1 кг жылқы еті 1 100-1 200 теңге (аймаққа байланысты). Егер тұтас бір жылқы алсаңыз, ол арзанға түседі. Тіпті 900 теңгеден табуға болады, 80 кг жас жылқы = 72 000 теңге.
1 кг сүрленген жылқы еті – 1 500 теңге * 80 теңге = 120 000 теңге.
Егер шикізатқа кеткен шығынды есептемесек, бастапқы шығыстар нөлге тең деуге болады. Егер Сіз ауылда тұрсаңыз, онда шаруашылығыңызда шикізат, яғни ет болуы мүмкін. Сондықтан да бастапқы кезде өз шаруашылығыңыздағы шикізатты пайдаланып көруге болады.
Пайдалы сілтемелер:
http://www.hombiz.ru/domashnij-biznes/domashnyaya-koptilnya-dlya-ryby.html
http://www.uspeh4u.com/view_ideasbiz.php?id=25
http://www.smokery.narod.ru/
http://www.goszakup.gov.kz/
Интернет арқылы іздеу. Сіз Интернет арқылы да осы тақырып бойынша көптеген материалдармен таныса аласыз. Ол үшін іздеуге арналған сайттар, мысалы www.google.kz, www.rambler.ru, www.yandex.ru сияқты жүйелерде «сүрлейтін орын» және т.б. кілт сөздерді теру керек.
Достарыңызбен бөлісу: |