Жалпы ақпарат. Қазақстанда ұлттық қол өнер шеберлері, яғни зергерлер, қыш құюшылар, нақыштаушылар, ағаш кесушілер қашанда болған. Олардың өнер түрлері бүгінге дейін сақталған, алайда бәріне қарағанда киіз, яғни түйе терісінен өнім өндіру өнері ерекше және үлкен сұранысқа ие болып есептеледі. Киіз кілем беті мен киімдерді сонымен қатар, көшпенділердің мекені - киіз үй дайындауда қолданылған. Киіз үй киізбен сыртынан және ішінен қапталады. Ал оның табиғи қасиеттерін (жылу ұстап тұрғыштығы, төзімділігі) көптеген әлем елдері мойындаған.Киізді декоративті бағытта қолдануға болады. Декоративті киізбен жұмыс жасайтын шеберлер арқасында ол сән трендіне айналды. Қазіргі дизайнерлер оны киім үлгілерінің бөліктеріне қолданып қана қоймай, одан жеке костюмдер тігетін болды. Соңғы кездері киізден жасалған сырғалар, алқалар, білезіктер кең тарауда. Сонымен қатар, сөмкелерді, ұялы телефондарға арналған қапшаларды, аяқ киімдерді, т.б. да атауға болады.
Технология. Киіз өндірісі – белгілі бір шеберлікті қажет ететін күрделі үдеріс.
Киіз өнімдерінің бірі – киіз шұлықтар. Киіз шұлықтар жасау үшін арнайы жұқа, жұмсақ, ақ және қоңыр түсті киіз қолданылады. Әр шұлықты біркелкі киізден пішеді. Табаны мен қонышы бір тігіспен тігіледі. Үстін қара түсті мақта матадан тігу керек.
Сыйлық және кәдесый өнімдерін табиғи материалдардан (қой терісі) дайындайды, олар кестеленіп әдемілеп тігіледі.
Киіз ұлтарақтар ыңғайлы, төзімді әрі жылы болып келеді. Ондай ұлтарақтар суық мезгілде далада жұмыс істейтіндерге (балықшылар, аңшылар, құрылысшылар, шахтерлер, геологтар мен әскерилерге) арналған. Киіз ұлтарақтары қан айналымды реттеп, аяқтың шаршағандығы мен ауырғандығын басады, суық тию мен түрлі аурулардың алдын алады. Оларды түрлі өлшемде жасайды.
Киізден жасалған жабық тұмсықты байпақ жылы болады. Оларды пішу үшін үлгі ретінде үйдегі ескі аяқ киімдер жарайды. Тігістерін сөгіп, жеке бөлшектерін қағазда түсіріп, киізге аударыңыз. Тұтас киіз қолданған дұрыс. Табан, ұлтарақ пен ұйықтың үстіңгі және астыңғы бөлігін жекелеп дайындау керек. Ұйықтың екі бөлігін бір-біріне жабыстырып, үстіңгі бөлігін ораңыз. Оларды кантпен өңдеуге болады. Үстіңгі бөлік кант немесе аң терісімен өңделеді. Аң терісінен де ұлтарақ жасауға болады. Табаны мен ұлтараққа поролон салып жабыстырыңыз. Бәрін қосып, ұштарын айналдырып ораңыз.
Киізден бас киім де тігуге болады. Әйелдерге арналған қалпақтарды жасау оңай. Олар үшін көлемі жағынан үлкен киіздер қолданылады. Бөліктер біркелкі материалдан тігіледі. Үлгі бойынша қалпақтың үстіңгі бөлігін дайындаймыз. Үстіңгі бөлік айналдырылып тігіледі. Қалпақтың жиектері де оралып тігіледі. Әйелдерге арналған қалпақтардан бөлек, моншаға арналған қалпақтар, кілемшелер тігуге де болады.
Жоғарығы екі бөлікке де астар керек. Іштегі жолдарды спилкадан кесіп алған дұрыс. Олардың жан-жағын кант не тері белдікшемен өңдеуге болады. Ол үшін теріден жасалған қалыңдығы 2 см болатын жиекті, әлде қалыңдығы 3-4 мм, ұзындығы сызық көлемінен 2-3 есе ұзын белдікшені алдын ала дайындап алу керек. Қалпақ жасауды сыртқы жағындағы жиектерді біріктіруден бастаған жөн. Шеткі бөлікті айналымдағы сақина тігіспен біріктіру қажет. Оны түбімен біріктіріп, тігістерді іште қалдыру керек. Астарды да алдын ала дайындап алған дұрыс. Сосын оны негізгі тігістер бойынша ішке тігу керек. Жиектерді шеткі сақинаға шеттерін жауып тігіңіз. Астына тігілетін бөлікті қалпақтың түбінен тігіп тастаңыз.
Болжамды есептеулер.
Шығыстар:
1 кг киіз – 400 теңге (ені 2 м, қалыңдығы 0,5 - 2,5 см).
3.2. Табыс:
бір киіз шұлық құны – 1 000 теңге.
бір жұп ұлтарақ құны – 100 теңге.
Пайдалы сілтемелер:
http://www.gold-fox.ru/04-01-03-01.php
http://www.rusher.ru/cat/rukavic.htm
http://www.gold-fox.ru/04-01-03-01.php
http://bankreferatov.kz/history/319-odejda-kazahov.html
Интернет арқылы іздеу. Сіз Интернет арқылы да осы тақырып бойынша көптеген материалдармен таныса аласыз. Ол үшін іздеуге арналған сайттар, мысалы www.google.kz, www.rambler.ru, www.yandex.ru сияқты жүйелерде «киіз өнімдері» және т.б. кілт сөздерді теру керек.
34. Қолдан тоқылған бұйымдар
Жалпы ақпарат. Қолдан бұйымдар тоқу бизнесімен айналысу ләззат сыйлаумен қатар, аздап пайда да әкеледі. Ал онымен үйде отырып айлалысу өндіріс шығыстарын біршама қысқартып, көбірек ақша табуға мүмкіндік береді.
Ғимарат. Қолмен тоқыма бұйымдарын жасайтын фирмалар үшін ғимарат кішігірім болса да болады. Мәселен, 10 м² алаңды жалға алу жеткілікті. Кеңістікті жалға алмаса да болады, бірақ клиенттермен қалай және қай жерде кездесуді, модельдердің қай жерде көрсетілетіндігін алдын ала шешіп алу керек. Ескеретін жайт, кішігірім әдемі безендірілген ателье бизнеске деген қызығушылықты жоғарылатып қана қоймай, алдын ала тапсырыссыз заттарды сатуға да мүмкіндік береді.
Жіп және ши. Қазіргі уақытта нарықта түрлі өндірушілердің, сан алуан түрлі жіптері бар. Бірақ жүн жіптердің түрлерінің өздеріне тән қасиеттері бар екенін кәсіпорын басшылары да, қатардағы тігіншілер де білуі қажет. Мысалы, Ресейлік өндірушілердің альпаха және мохер деген тоқыма жіптерінің айтарлықтай айырмашылығы бар және олар өнімге әр түрлі нәтиже береді. Тігін моделдерін батыс журналдарынан көптеп кездестіруге болады, бірақ қазіргі таңда олардың қолданатын жіптері біздің нарықта әзірге жоқ. Сондықтан да жіптің ерекшелігін зерттеу және оны білу бұл бизнеспен айналысатын адамдарға міндетті шаруа.
Ал шиға тоқталатын болсақ, оның әр түрлі түрлері әр тігіншінің қолында болу керек. Тігіншілер тапсырысты бастан аяқ жеке өздері немесе технологиялық шынжыр принципі бойынша істесе болады. Мәселен, бір тігіншіге толық бұйымды емес, оның белгілі бір бөліктерін ғана тоқытса болады, ал бұйымды құрастыру мәселесін тәжірибесі мол маманға тапсырған дұрыс.
Технология. Нарыққа шығу үшін өзіңіздің эксклюзивті модельдеріңіз болуы тиіс. Тауарыңызға деген сұраныс тігістің сапасына, декоративті қосымша заттар мен аксессуарлардың қаншалықты дәрежеде қолданылуына байланысты. Мәселен, екі бірдей модельдің ортасында теріден жасалған элементі бары тезірек сатылып кетуі мүмкін, себебі бұл екіншісіне қарағанда әсерлі көрінеді. Сондықтан да бұл бизнесте затты ерекшелеу өте маңызды.
Қызметкерлер. Бұл бизнестің дамуы үшін бұйымдарға деген сұраныспен қатар, үйлерінде отырып жақсы жұмыс істейтін және де бұл іске ерекше қызығушылықпен қарайтын адамдар керек. Әріптестерді газетке жарнама беру немесе кадрлық агенттік арқылы табуға болады. Сондықтан бұл істің бір артықшылығы - тауар өндіру үшін жұмыс орнының қажет еместігі. Фирмамен әріптестік жасайтын жұмысшылар заттарды үйлерінде отырып жасап, ательеге дайын болған кезде келіп өткізеді. Бұл жұмысты істейтін негізгі адамдар тобы – жас балалары бар аналар мен зейнеткерлер. Бір күнде 3 сағат жұмыс істеу өзінше бір еңбек терапиясы болып табылады. Мұндай іспен айналысу үшін ең бастысы жұмысты тиянақты орындау, тәртіп пен еңбексүйгіштік керек. Жасалған заттың бағасын клиенттің қанша төлей алатындығына байланысты белгілеуге болады. Бұйым бағасына жүн жіптің немесе басқа жіптердің бағасы және жұмыстың өзіндік құны кіреді. Тігіншілердің орташа жалақысы айына шамамен - 8000-10000теңге. Көптеген тоқымашылар үшін бұл негізгі жұмысынан бөлек, қосымша табыс көзі бола алады.
Өткізу. Бұл бизнесте жеке немесе шағын кәсіпкерлік ретінде тіркелуден бұрын әріптестер, потенциалды клиенттер, тым болмағанда фирманың әрі қарай даму жоспары болуы керек. Сондықтан да нарықты зерттеу – тіркелуден бұрын жасалынатын нәрсе.
Болжамды есептеулер.
7.1. Бір бұйымға кететін шығыстар.
Бір өнімге жұмсалатын жүн (500-600 г.) – 2 500-3 000 теңге;
Бір өнімді жасау құны – 1 500-3 500 теңге;
Бір өнімнің сатылатын бағасы – 6 000-8 500 теңге.
Жалпы: 10 000-15 000 теңге.
7.2. Табыс. Бір бұйымның өзінен кем дегенде 2000 теңге табыс табуға болады.
8. Пайдалы сілтемелер:
http://www.bishelp.ru/svoe_delo/otrasl/proizvodstvo/biz_na.php
http://www.openbusiness.ru/html/dop3/klubok.htm
Интернет арқылы іздеу. Сіз Интернет арқылы да осы тақырып бойынша көптеген материалдармен таныса аласыз. Ол үшін іздеуге арналған сайттар, мысалы www.google.kz, www.rambler.ru, www.yandex.ru сияқты жүйелерде «қолдан тоқылған бұйымдар» және т.б. кілт сөздерді теру керек.
Достарыңызбен бөлісу: |