Ермекбаева акбопе тонтаевна



жүктеу 7,74 Mb.
Pdf просмотр
бет3/51
Дата09.11.2018
өлшемі7,74 Mb.
#18771
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   51


 
біздің  болашағымыздың  тірегі  дегенді  әркез  айтып  келемін.  Мемлекет  жаңа 
буынның  алдында  барлық  есіктер  мен  жолдарды  ашты!  «Нұрлы  Жол»,  міне, 
біздің креативті ырғақты жастарымыздың күш-жігер жұмсап, құлаш сермейтін 
тұсы  осы!»  дей  келе,  болашақ  жастарға  үлкен  сенім  артып,  олардың  тұлға 
ретінде қалыптасып дамуына барлық мүмкіндіктердің ашық екендігін білдіреді 
[6].
 
Сондай-ақ,  Елбасы  Н.Ә.Назарбаевтың  2015  жылғы  «100  нақты  қадам» 
бағдарламасында  Ұлт  жоспары  –  бес  институционалдық  реформаны  жүзеге 
асыру жөніндегі 100 нақты қадамды жүйелей келе, 79-қадамның басты мақсаты 
–  даярланатын  кадрлардың  бәсекелестік  қабілетін  арттыру  және  білім  беру 
секторының экспорттық әлеуетін көтеру деп көрсетті [7]. 
Қазақстан  Республикасы  Президенті  Н.Ә.  Назарбаевтың  «Қазақстанның 
үшінші  жаңғыруы:  жаһандық  бәсекеге  қабілеттілік»  атты  Қазақстан  халқына 
Жолдауында  Елбасымен  белгіленген  Қазақстанның  үшінші  жаңғыртудың  бес 
негізгі  басымдықтары  көрсетілген.  Төртінші  басымдық  –  адами  капитал 
сапасын жақсарту. Мұнда, ең алдымен, білім беру жүйесінің рөлі өзгеруге тиіс 
делінген. Біздің міндетіміз – білім беруді экономикалық өсудің жаңа моделінің 
орталық  буынына  айналдыру.  Оқыту  бағдарламаларын  сыни  ойлау  қабілетін 
және өз бетімен іздену дағдыларын дамытуға бағыттау қажеттігі айтылады [8].  
Еліміздің  ұлттық  және  әкімшілік-аумақтық  дамуына  білім  алудағы 
әлеуметтік тапсырысты есепке алуға  негізделген. Қазіргі кезеңдегі білім беруді 
дамытудың  ерекшелігі    оқыту  мен  тәрбиелеуде  ұлттық  және  жергілікті 
мүмкіндіктерді пайдалану болып табылады [9]. 
 Егер,  еліміз  жастарға  үлкен  үміт  артатындығын  түсінсек,  жастардың 
білімді  болуы  ол  мектеп  қабырғасынан  бастап-ақ,  жоғары  дәрежелі  педагог 
қауымының алдынан өтіп, сапалы білім мен саналы тәрбие алуына байланысты 
екені  белгілі.  Ол  білім  мен  тәрбиені  болашақтың  иесі  жастардың  бойына 
сіңіретін  мұғалім,  яғни  педагог  қауымы  екені  анық.  Олай  болса,  сол  болашақ 
мұғалімдерді өз деңгейінде білім мен тәрбие беруге дайындайтын жоғары оқу 
орындары.  Сондықтан  да,  жоғары  оқу  орнында  болашақ  педагогтарды  білім 
беруде  практикалық  іс-әрекетке  дайындау  мақсаты  жан-жақты  ізденуді  керек 
ететін мәселелердің бірі. 
Сонымен  қатар,  бізді  қоршаған  табиғи  ортада  туындап  отырған 
экологиялық  қиындықтар  білім  беруде  және    оқушыларды  оқыту  мен 
тәрбиелеуде    экологиялық  мәселелерге  баса  көңіл  бөлуді  де  көздеуде.  Білімді 
экологияландыру тек теориялық түсініктерді меңгертумен жүзеге аспайды. Ол 
үшін  маман  дайындайтын  оқу  орындарында  негізгі  пәндердің  мазмұнын  
өлкелік  компоненттермен  байыта  отырып,  болашақ  мамандардың  өзіндік 
зерттеушіліктерін  күшейту,  өз  өлкесінің  табиғи  ерекшеліктерін,  ондағы 
тіршілік  түрлерінің  соған  қарай  бейімділіктерін  ұғындыру  арқылы  ғана  қол 
жеткізуге  болады.  Мәселен,  мұндай  зерттеушілік  пен  өлкелік  компоненттерді 
ендіруге жаратылыстану циклына жататын пәндер өте қолайлы.  
Осыған орай, биолог мамандарды дайындайтын жоғары оқу орындарында 
биологиялық    пәндердің  оқу  бағдарламаларында  өлкелік  компонентке  10-15% 
уақыт  бөлу  көзделген.  Сондықтан  да,    биолог  мамандарды  дайындауда 



 
мүмкіндігінше  өлкелік  компонентті  пән  мазмұнына  ендіру  арқылы  болашақ 
педагогтарға қойылатын бірнеше  талапты жүзеге асыруға болады:  
-  өлкелік  компонентті    ендіру  болашақ  педагогтардың  зерттеушілік 
дағдыларын қалыптастыруға жағдай жасайды; 
-  болашақ  педагогтар  биологиялық  мазмұнды  жергілікті  материалдармен  
байланыстырудың әдіс-тәсілін меңгереді; 
-  өлкелік  материалдарды  зерттеушілік жұмыстары  студенттердің бақылау, 
тәжірибе  жасау,  эксперимент  қою  т.б.  зерттеудің  түрлерін  пайдалана  отырып, 
өзіндік іс-әрекеттерді  ұйымдастыру қабілеттері дамиды; 
- студенттерде биологияны оқуға деген қызығушылығы артады [10]. 
Қазіргі  таңда  Н.Ә.Назарбаев  зияткерлік  мектебінің  бағдарламаларына  көз 
жүгіртсек, бастауыш буындағы 1-сыныптан бастап-ақ, дүниетану оқулығы «мен 
зерттеушімін»  деген  тақырыптан  басталатынын  көреміз.  Бұл  жаратылыстану 
циклына  жататын  пәндердің  зерттеуге  негізделуін  аңғартса,    сол  зерттеулер 
негізінде  жастарды  нақты  деректер  мен  құбылыстарды  саралай  білуге 
жаттықтырудың керектігін көрсетеді. 
Білім беру жүйесінде халықты экологиялық  сауаттандыру  психологиялық  
үдеріске жатады. Себебі, экологиялық жағдайларды түсіндіру әр адамның білім 
деңгейіне,  жас  ерекшелігіне  сәйкестендіре    отырып,  түрлі  жолдармен  және 
әртүрлі әдіс-тәсілдермен санаға сіңірілетін мәселе [11]. 
Соңғы  кезде  Қазақстан  азаматтарының  өз  халқының  тарихы  мен    табиғи 
ерекшеліктерін  білуге  деген    қызығушылықтары  артуда.    Осыған  байланысты  
ЖОО-да    білім  беру  барысында  өлкелік  компонентті  зерттеу  және  оны  білім 
беру үдерісіне ендіру  басты мақсаттардың бірі болып отыр.  
Өлкелік  компонентерді  білім  беру      үдерісіне  ендіру  бұл  жаңадан  туған 
мәселе  емес.  Қай  кезеңде  де  әртүрлі  пәндерді  оқытуда  жергілікті 
материалдармен  байланыстырудың  маңызын  жоғары  бағалаған  еңбектердің 
жарық көріп отырғандығы анық.  
Өлкетану жұмысы зерттелінетін өлкенің табиғи, экономикалық, әлеуметтік 
және мәдени өзара байланысын көрсететін деректерді қамтиды. Сонымен қатар, 
өлкелік  компоненттерді  біртұтастықта  қарау,  білім  алушылардың  ғылыми 
дүниетанымын,  тіршілік ету ортасының біртұтас бейнесін, ғылыми негізделген 
экологиялық  және  әлеуметтік-мәдени  көзқарастар,  құндылыққа  негізделген 
қарым-қатынастар    жүйесін  ұтымды  ғана  емес,  сондай-ақ  эмоционалдық 
қалыптастырудың ең тиімді жолы [12]. 
Білім  берудегі  өлкетану  мәселесі  аймақтық-өлкелік  және  технологиялық 
ақпаратты синтездеуге мүмкіндік бере алады. Технологиялық ақпарат ғылыми- 
техникалық  жетістіктерге  бағыттауға  септігін  тигізсе,  өлкетанулық  ақпарат 
шынайы қоршаған ортаға бейімделуге септігін тигізе алады [13]. 
Жаратылыстану  пәндерін  оқытуда  білім  беру  мазмұнына    аймақтық 
компонентті  ендіру  мәселесімен  айналысқан  әдіскер-ғалымдардың  қатарында:  
Н.А.Нахова,  Н.Н.Баранский,  А.С.Барков,  Л.Ф.Греханкина,  Ю.С.Репринцева, 
C.B.Васильев,  О.В.Скоркина,  М.Д.Даммер,  С.Н.Игошина,  Ю.В.Кулешова, 
Т.А.Зорина,  Е.Г.Терентьева,  Е.А.Алексеева,  П.В.Гора,  Ю.К.Бабанский, 


жүктеу 7,74 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   51




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау