80
адам өміріндегі маңызын зерттей отырып, антропогендік әсердің жыландардың
түрлік құрамы мен популяция санына қатынасын ашып көрсету.
Қазақстанның Қызыл кітабына енгізілген жыландардың түрлік құрамын
және алуантүрлілігін ашу. «Қазақстанның биологиясы және экологиясы»
профильдік пән болып саналады, ол биологиялық, экологиялық, географиялық
және әдістемелік пәндермен тығыз байланысты. Таңдау курсының ерекшелігі
биолог мамандар оқитын биологиялық пәндердің бәрімен де байланыстылықта
қарастырылуында.
Таңдау курсына енгізілген әрбір тақырып мына пәндерден алған
білімдерімен тығыз байланыста қаралды: «Омыртқалылар зоологиясы»,
«Өсімдіктер мен жануарлар экологиясы», «Адам және жануарлар физиология
асы»,
«Қазақстан
биоресурстары»,
«Қазақстан
биогеоценоздары»,
«Эволюциялық ілім».
2.2 ЖОО биолог мамандарды дайындауда өлкелік компонентті ендіре
отырып оқытудың әдістемесі
Жоғарыда аталған курстың әдістемесін ұсынуда біз білім беруді
биологиялық ғылымдардың байланысы арқылы оқытуды қарастырдық.
Оқыту әдістері сөздік (ауызша баяндау, әңгімелесу, түсіндіру, кітаппен
жұмыс); көрнекі (көрсетілімдер, иллюстрациялар, табиғи және жасанды
түрлері, бейнелі көрнекіліктер); практикалық (бақылау, тәжірибе, эксперимент),
жағдаят туғызу (проблемалық) әдісі.
Білім беру барысында ұйымдастырылатын жұмыс түрлері: топпен өзіндік
іс-әрекеттерді ұйымдастыру, жұппен жұмыстар, дала тәжірибесі жағдайында
лабораториялық-практикалық жұмыстар; мәселелік-ізденушілік, мәселелік
баяндау, бөлшектік-ізденушілік, зерттеушілік.
Оқыту құралдары - көрнекі құралдар, оқулықтар, дидактикалық
материалдар, жыландар бойынша түрлерді анықтағыш оқулықтар, түрлі
анықтамалықтар,
техникалық
құралдар
(ТОҚ),
құрал-жабдықтар,
лабораториялық жабдықтар. Сондай-ақ, оқытудың құралдары ретінде біз
табиғи объектілерді және ылғалды препараттарды пайдаландық. Сонымен
қатар, дала практикасы кезінде жинастырған нақты материалдарды
пайдаландық. Оқыту құралдарының түрлерін пайдалану дидактикалық
талаптардан, тақырыптың мазмұны мен мақсатынан туындады. Осыларға
байланысты оқытудың әдістері де өзгеріп отырды.
Оқытудың формалары: компьютерлік оқыту құралдары (КОҚ),
аудиториялық: дәрістер, сарамандық сабақтар, лабораториялық жұмыстар;
аудиториядан тыс орындалатын жұмыстар мен топ саяхаттар түрінде болды.
Жаңа технологиялардан: деңгейлеп оқыту,
мәселелік оқыту, жобалық
оқыту түрлері қолданылды.
«Қазақстан жыландарының биологиясы және экологиясы» пәнін оқу
нәтижесінде
студенттер мына мәселелерді білуі тиіс болды:
1. Жыландар
отряд
тармағы
мысалында
биологиялық
тұқым
қуалаушылықтың негізгі кезеңдерінің дамуын;
81
2. Қазақстанның Қызыл кітабына енгізілген жылан түрлері мен олардың
тіршілік
ету ерекшеліктерін;
3. Әртүрлі жылан популяцияларының санының азаю мәселесі мен оларды
сақтап қалу жолдарын;
4. Жылан популяциясы санын реттеудің экологиялық перспективаларын
болжамдауды;
5. Қазақстан жыландарының биологиясы мен экологиясы саласындағы
өткен замандағы және болашақтағы зерттеулер.
Студенттердің өздігінен орындайтын жұмыстары:
1. Анықтамалық құралдар көмегімен жылан түрлерін анықтау;
2. Лабораториялық сабақтарда улы және усыз жыландар түрлерін анықтау;
3. Әртүрлі жыландар бойынша экологиялық тізбектер мен экологиялық
пирамидалар құру;
4. Меңгерген білімдері мен біліктерін оқу іс-әрекетінде
пайдалану;
5. Әрбір тақырыпқа байланысты практикалық тапсырмаларды орындау.
Таңдау курсын ендіру арқылы биология пәнінің мазмұндық тұстарын
тереңдетіп қана қоймай, болашақ мамандардың әдістемелік шеберліктерінің
деңгейін көтеруге мүмкіндік туды. Себебі, әрбір тақырыпты оқыту барысында
жергілікті материалдарды пайдаланудың және білім алушылардың өзіндік
жұмыстарын ұйымдастырудың түрлері мен әдіс-тәсілдерімен студенттер
таныстырылып отырылды. Осы арқылы олар биологиялық білім алуда
жергілікті материалдың мәнін түсінді, жергілікті материалдарды зерттеуде
белсенділіктері артты, жобалық жұмыс атқару және зерттеушілік іс-әрекеттері
дамыды. Мұндай жұмыстардың студенттердің интеллектуалдық дамуына әсер
ететіні белгілі.
Бүгінде биология мұғалімін ғылым мен мәдениеттің бір бөлігі, бүтін
феномен ретінде дайындау маңызды, ол адам мен қоршаған ортаның қарым-
қатынастары мәселелеріне шектеулі түрде құмарландырады, әсіресе туған
өлкенің табиғатындағы ерекшеліктер және әлемді ұғынудың өмірге маңызды
практикалық міндеттерден құралады.
Қазіргі заманғы ғылымда «кәсіби дайындық» ұғымы кәсіби оқытумен
байланыстырылып және кәсіби қызметке қажетті білім, іскерліктер мен
дағдыларды игеру үдерісін сипаттайды. Алайда мұндағы басты атап өтетін
жайт, кәсіби іс-әрекетке дайындық болашақ мамандармен биологиялық
ғылымның жалпы негіздерін, кәсіби іс-әрекеттің процессуалдық жағын
меңгерумен шектеліп қана қоймайды. Сондай-ақ, таңдалған іс-әрекеттің
тиімділігін қамтамасыз ететін кәсіби және құнды-тұлғалық сапалық
қасиеттердің қалыптасуы мен дамуы бойынша мақсатқа бағытталған іс-әрекет
маңызды. Сол себептен біз, ЖОО-да студенттердің кәсіби дайындығын біртұтас
педагогикалық жүйе ретінде қарастырамыз, оның қызмет атқаруы
биологиялық-педагогикалық салада болашақ маманның тұлғасының дамуына
қажетті шарттарды жасауды ұйғардық.
Педагогикалық
еңбектерде
болашақ
маманның
педагогикалық
шеберліктерін қалыптастыруда олардың орындайтын жұмыстарының мақсаты