Ерғалиева А. Х., Айсабаева Р. М. Бейорганикалық химия зертханалық сабақтарға арналған



жүктеу 3,12 Mb.
бет1/4
Дата25.11.2017
өлшемі3,12 Mb.
#1896
түріСабақ
  1   2   3   4



Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі


А.Байтұрсынов атындағы Қостанай мемлекеттік университеті

Биология және химия кафедрасы




Ерғалиева А.Х., Айсабаева Р.М.

БЕЙОРГАНИКАЛЫҚ ХИМИЯ




Зертханалық сабақтарға арналған

әдістемелік нұсқаулар


Қостанай, 2007



ББК 24.1 я 73

Е 65

Құрастырушылар:

Ерғалиева Айжан Халиуллаевна – х.ғ.к., доцент

Айсабаева Раушан Мұсаевна – аға оқытушы


Рецензенттерi:

Абдықалықова Қ.А. – х.ғ.к., Қостанай мемлекеттiк педагогика институтының химия кафедрасының меңгерушісі

Алишева Р.Қ. А.Байтұрсынов атындағы Қостанай мемлекеттiк университетінің биология және химия кафедрасының аға оқытушысы

Ергалиева А.Х., Айсабаева Р.М.



Бейорганикалық химия: Зертханалық сабақтарға арналған әдiстемелiк нұсқаулар. Қостанай: А. Байтұрсынов атындағы ҚМУ, 2007. – 64 б.
Әдiстемелiк нұсқауларға енгізілген: химиялық зертханада қаупсіздік сақтау ережелері, жұмыс iстеу ережелері, химиялық реактивтердің сұрыпталуы, химиялық ыдыстардың түрлері, әрбiр тақырыпқа арналған қысқаша теориялық бөлiм, зертханалық жұмыстарды орындау сипаттамалары, бақылау тапсырмалары, анықтамалық бөлім.

Әдiстемелік нұсқаулар келесі мамандықтардың 1 курс студенттеріне арналған: 050801 - Агрономия, 050802 – Зоотехния, 050727 - Азық-түлік өнімдерінің технологиясы, 050728 - Өңдеу өндірістерінің технологиясы, 050732 - Стандарттау, сертификациялау және метрология, 050607 - Биология, 050608 – Экология.


ББК 24.1

Аграрлық-биологиялық институтының әдістемелік кеңесінде бекітілді:

24.11.2006 ж., Хаттама № 3

© А.Байтұрсынов атындағы

Қостанай мемлекеттік университеті

МАЗМҰНЫ





Кіріспе ...................................................................................................................

5

Алғашқы бөлім ...................................................................................................

6

1

Химиялық зертханада жұмыс iстеу ережелері ...........................................

6

2

Химиялық зертханада қауiпсiздiк сақтау ережелерi ................................

8

3

Химиялық реактивтердің квалификациялары ............................................

11

4

Химиялық ыдыстар........................................................................................

12

5

Химиялық ыдыстарды жуу ережелері .........................................................

17

6

Зертханалық жылытқыш құралдар ..............................................................

18

Негізгі бөлім.........................................................................................................

19

1

Зертханалық жұмыс № 1. Бейорганикалық қосылыстардың негізгі кластары .......................................................................................................

19





1.1

Жалпы мәліметтер .................................................................................

19




1.2

Тәжірибелік бөлім .................................................................................

19




1.3

Бақылау тапсырмалары .........................................................................

21

2

Зертханалық жұмыс № 2. Химиялық реакцияның жылдамдығы. Химиялық тепе-теңдік ................................................................................

23





2.1

Жалпы мәліметтер .................................................................................

23




2.2

Тәжірибелік бөлім .................................................................................

24




2.3

Бақылау тапсырмалары ........................................................................

26

3

Зертханалық жұмыс № 3. Берілген проценттік концентрация бойынша ерітінді дайындау ......................................................................

28





3.1

Ерітінділердің концентрациясын сипаттайтын әдістер .....................

28




3.2

Тәжірибелік бөлім .................................................................................

34




3.3

Бақылау тапсырмалары ........................................................................

37

4

Зертханалық жұмыс № 4. Электролиттердің ерітінділерінің қасиеттері ......................................................................................................

38





4.1

Жалпы мәліметтер .................................................................................

38




4.2

Тәжірибелік бөлім ..................................................................................

39




4.3

Бақылау тапсырмалары .........................................................................

41


5

Зертханалық жұмыс № 5. Тұздардың гидролизі .....................................

42




5.1

Жалпы мәліметтер .................................................................................

42




5.2

Тәжірибелік бөлім ..................................................................................

42




5.3

Бақылау тапсырмалары .........................................................................

43

6

Зертханалық жұмыс № 6. Тотығу-тотықсыздану реакциялары ........

45




6.1

Жалпы мәліметтер .................................................................................

45




6.2

Тәжірибелік бөлім .................................................................................

45




6.3

Бақылау тапсырмалары .........................................................................

48

7

Зертханалық жұмыс № 7. Комплексті қосылыстар ...............................

50




7.1

Жалпы мәліметтер .................................................................................

50




7.2

Тәжірибелік бөлім .................................................................................

51




7.3

Бақылау тапсырмалары .........................................................................

52

Анықтамалық бөлім ..........................................................................................

54

Қосымша А. Кейбiр элементтердiң салыстырмалы электртерiстіктерi ................

54

Қосымша Б. Кейбiр заттардың түзiлуiнiң стандартты энтальпиясы ΔН0298, энтропиясы S0298 және Гиббстiң еркiн энергиясы ΔG0298 .....................................

55


Қосымша В. Натрий хлоридiнің ерiтiндiлерiнiң проценттiк концентрациялары және тығыздықтары ..............................................................................………….

57


Қосымша Г. Логарифмдер таблицасы ( екi таңбалы мантиссалар) ...........................

57

Қосымша Д. Әлсiз электролиттердiң стандартты жағдайдағы диссоциациялану константалары КДисс ..............................................................…………………...

58


Қосымша Е. Стандартты тотығу-тотықсыздану потенциалдары Ео ......................

59

Қосымша Ж. Комплексті иондардың тұрақсыздық константалары ...................

61

Қосымша К. Қышқылдардың, негіздердің ерiтiндiлерінiң проценттік концентрациялары мен тығыздықтары ................................................................

62


Пайдаланылған әдебиеттер тізімі ...................................................................

64



КIРIСПЕ
Бейорганикалық химия курсын меңгеру процесi дәрiстер тыңдаудан, зертханалық жұмыстарды орындаудан және қорытындылаудан, практикалық (семинарлық) сабақтардан және студенттердiң өздiндік жеке тапсырмаларын орындаудан тұрады. Студенттiң пәнді меңгеру деңгейi ең бірінші оның ынта-жігеріне, екіншіден келесі факторларға байланысты:

пәнге арналған оқу-әдістемелік кешенді (УМК) пайдалана білуіне;

• дәрiстердi қаншалықты ұқыпты тыңдап түсiнiп жазып алуына;

• зертханалық және практикалық сабақтарға қатысу белсенділігіне;

• өзбетімен оқулықтармен жұмыс істеу алу қабілетіне;

• анықтамалықтарды пайдалана бiлуiне;

• химиялық есептерді шығара білу қабілетіне;

• ағынды және шепті бақылаулардан дер кезінде өтуіне.

Зертханалық сабақтарды өту кезiнде студент теориялық бiлiмiн тереңдетедi және химиялық эксперименттi орындау iскерлiгiн меңгередi. Теорияны қаншалықты бiлгенмен эксперимент жүргiзе алмайтын студент алдағы уақытта жан – жақты бiлiмдi ауылшаруашылық маманы бола алмайды. Эксперимент жасап үйренуден қорықпау керек, ол практикамен келетiн қабiлет. Экспериментсiз құр таза теория есте ұзаққа сақталмайды, тез ұмытылады.

Студент жоғары оқу орнында эксперимент жасау iскерлiгiн жақсы меңгерсе алдағы уақытта мамандық иесi болған кезде кез- келген тапсырманы орындауда алғырлық және тапқыштық таныта бiледi, қойылған талапты қысқа жолмен тез жылдам орындай алатын болады.

Ұсынылып отырған әдiстемелiк нұсқаулар бойынша бiрiншi курс студенттерi “Бейорганикалық химия” пәнiнен жеті тақырып бойынша зертханалық жұмыстар орындайтын болады. Практикалық сабақтарда (семинарларда) теориялық сұрақтар талқыланады, есептер шығарылады, үйге берiлген тапсырмалар тексерiледi. Ал СОӨЖ сабақтарында СӨЖ тапсырмаларын орындау жөнінде және түсініксіз сұрақтар бойынша консультациялар беріледі

Дәріс сабақтарына өз алдына жеке дәптер арналады. Зертханалық сабақтар мен практикалық сабақтарға да жеке дәптер арнау керек. Бұл дәптер жұмыс дәптерi деп аталады. СӨЖ тапсырмаларына да жеке дәптер арнаған жөн. Дұрыс жүргiзiлген жұмыс дәптерi алдағы уақытта шептік бақылауларға, емтиханға дайындалғанда көп көмегін тигiзедi.

Студенттiң сабаққа қатысу белсенділігі, зертханалық және практикалық сабақтарға арналған жұмыс дәптерiн жүргiзуi, СӨЖ тапсырмаларын дер кезінде тапсыруы семестрлік рейтингті есептегенде ескерiледi.
АЛҒАШҚЫ БӨЛІМ


  1. Химиялық зертханада жұмыс істеу ережелері


1.1 Зертханалық жұмыстарға дайындалу
Зертханалық жұмыстар кезiнде тәжiрибелердi ойдағыдай орындау үшiн сабаққа ынта қойып дайындалу керек. Ол үшiн мына ережелердi есте ұстану керек:

- Берiлген тақырыпқа қатысты теориялық материалды алдын ала оқулықтан, әдiстемелiк нұсқаудан мұқият оқып түсiну қажет.

- Зертханалық жұмыстың орындалу барысымен танысып бақылау сұрақтарға жауап беру керек.

- Жұмыстың мақсатын, орындалу ретiн анық түсiнбей тұрып тәжiрибенi бастауға болмайды.

- Тәжiрибелердiң орындалу барысын, байқалған өзгерiстердi жұмыс дәптерiне бiрден жазып отыру керек.


  • Приборлар пайдаланылған болса, дәптерге олардың суретiн салу керек.

  • Зертханалық жұмыстардың нәтижелерiн есептеу жолдарын көрсетiп

жазып отыру керек. Графиктер болса сызып отыру керек.

- Есептеулер жүргiзу үшiн анықтамалық бөлiмнiң мәлiметтерiмен бiрге логарифмдiк таблицаны да пайдалана бiлу қажет.


Ескерту: Зертханалық жұмыстың нәтижелерiн, есептердiң шығару жолдарын жеке парақтарға жазуға болмайды, барлық мәлiметтер жұмыс дәптерiне жазылуы керек. Өйтпеген жағдайда салақтыққа, ұқыпсыздыққа жол берiледi.
1.2 Жұмыс дәптерiн дұрыс жүргiзу үшiн мына үлгiнi ұсынуға болады:
1. Сабақ өткiзiлген күндi жазу.

2. Сабақтың тақырыбын және номерiн жазу.

3.Тәжiрибенiң тақырыбын, номерiн, орындалу барысын жазу.

4. Бақылау нәтижелерiн, реакция теңдеулерiн, есептеулер жолын жазу, таблицаларды толтыру, прибор схемасын, графиктердi сызу.

5. Тәжiрибе нәтижесiн қорытындылау.

Жұмыс дәптерiн тәжiрибелердi жасау барысында қорытындылап отырып толтыру керек, ертеңге қалдыруға болмайды. Жұмыстың нәтижесiн ойланып қорытындылау керек, түсiнбей қорытынды жазуға болмайды. Түсiнбесеңiз, есте ештеңе сақталмайды.

Жұмыс дәптерiнiң сыртқы бетiне (не iшкi бетiне) студенттiң аты- жөнi, топ номерi, мамандығы, факультетi, практикумның атауы жазылады. Жұмыс журналын әр уақыт оқытушы тексерiп бағалап отырады.

1.3 Жұмыс iстеу ережелерi
1.Химиялық зертханада жұмыс iстегенде алдынан түймеленетiн мақта матадан тiгiлген халат кию керек.

2. Лабораторияда тыныштық және тәртiп сақтау керек.

3. Бiр столдың басында екi студент жұмыс iстеуi керек. Жұмыс орнын таза ұстау қажет, столдың үстiнде бөгде заттар (сумка, сырт киiм) болмауы керек.

4. Егер столға сұйық реактив төгiлсе, құрғақ реактив шашылса, столды сол сәтте сүртiп тазарту керек.

5. Ыстық заттарды столға қоюға болмайды, асбест сеткаға қою керек.

6. Химиялық реактивтер әдейi арналған жерде жабық банкаларда, құтыларда сақталады. Әрбiр банканың және құтының сыртына реактивтiң формуласы және концентрациясы жазылған этикетка жапсырылады. Тығыны жоқ құтыларда, қақпағы жоқ банкаларда реактивтi сақтауға болмайды.

7. Өте улы реактивтер жеке сейфте сақталады.
Химиялық реактивтермен жұмыс iстегенде келесi ережелердi ұстану керек:

-сұйық және құрғақ реактивтер салынған құтылар әрқашанда тығындаулы болуы керек. Құтыларды тек реактив керек болған кезде ашып реактивтiң керектi мөлшерiн алғаннан кейiн iлезде жауып қою керек;

- құтылардың тығындарын ауыстырмау керек. Әр құтыны өз тығынымен жабу қажет. Бұлай етпеген жағдайда реактивтер бiр- бiрiмен араласып сапасы төмендеп, тәжiрибе жасауға жарамсыз болып қалады;

- егер реактив құтыдан керектi мөлшерден артық алынса, артық мөлшерiн кейiн құтыға қайта құюға болмайды, себебi құтыдағы таза реактивтiң сапасының төмендеу қаупi туады;

- пайдаланылатын реактивтердi жеке жұмыс столына алып кетуге болмайды;

- сұйық реактивтердi құтының этикеткасын жоғары қаратып құю керек, сонда реактив этикеткаға тимейдi, этикетка бүлiнбейдi;

- реактив алу үшiн құтыны ашқанда тығынды қолда ұстау керек, не болмаса тығынның құтыға қарайтын жағын жоғары қаратып стол үстiне қоя тұру керек;

- тәжiрибе жасағанда пипеткамен реактивтiң аз мөлшерiн (1-3 тамшы) алуға тырысу керек. Тек әдейi көрсетiлген жағдайларда ғана бiрнеше мл алуға болады;

- реактивтердiң дәмiн көруге болмайды, себебi көп реактивтер улы заттар.

- күмiс тұздарының ерiтiндiлерiнiң қалдықтарын әдейi арналған ыдыстарға құйып жинау қажет. Себебi күмiс тұздары өте қымбат реактивтерге жатады. Артынан қалдықтар жиынтығынан күмiс катионы тотықсыздандырылып металл күйiнде бөлiнiп алынады;

- сiлтiлер мен қышқылдарды қалың қабырғалы шыны ыдыста сақтау керек. Жұқа қабырғалы шыны ыдыста сақтауға болмайды, себебi қышқылдар мен негiздердiң әсерiнен шыны желiнiп жұқарып сынып кетуi мүмкiн.

Зертханалық жұмыс орындалғаннан соң мына тәртіппен жұмыс орнын қалпына келтіру керек:

- әрбiр зертханалық сабақта екi студент кезекшi болады.

- пайдаланылған қағаздарды, фильтрлердi, сынған ыдыстарды әдейі арналған қыш ыдысқа немесе қоқыс шелегiне тастау керек.

- концентрлi қышқылдардың қалдығын әдейi арналған ыдыстарға құю керек.

- пробиркадағы сұйықты арнайы арналған сыртына СЛИВ (ҚАЛДЫҚ) деп жазылған банкаға құйып, ыдыстарды жуып, жұмыс орнын тәртiпке келтiру қажет.

Тәжiрибе ойдағыдай шықпаған жағдайда жақсылап ойланып, оқытушымен ақылдасып, тәжiрибенi қайта жасау керек.


2 Химиялық зертханада қауiпсiздiк сақтау ережелерi
1. Химиялық зертханада мiндеттi түрде болулары керек:

- өртсөндiргiш;

- құм салынған жәшiк;

- киiз немесе асбест жапқышы;

- дәрi - дәрмектер салынған жәшiк.
2. Көптеген газдар (сутегi, көмiртек (II) оксиді, күкiрттi сутек, метан, этан, пропан, ацетилен) ауамен өздiгiнен қопарылыс беретiн қоспалар түзедi. Сондықтан мұндай газдармен жұмыс iстегенде өте ұқыпты болу керек.

3. Концентрлi қышқылдарды сұйылтқанда, әсiресе концентрлi күкiрт қышқылын, қ ы ш қ ы л д ы с у ғ а қ ұ ю к е р е к, керiсiнше суды қышқылға құюға болмайды, себебi су қышқылмен араласқанда көп мөлшерде жылу бөлiнетiндiктен, су қайнап қышқылмен бiрге шашырап көзiңiз, бетiңiз күйiп қалуы мүмкiн.

3. Сiлтiлiк металдар (литий, натрий, калий) құрғақ керосин қабатының астында сақталады, с i л т i л i к м е т а л д а р ғ а с у т и м е у i к е р е к. Дымқыл қолмен ұстағанның өзiнде бұл металдар бiрден тұтанады, сондықтан қолдың терiсi қатты күйiп қалуы мүмкiн. Тәжiрибе жасағанда сiлтiлiк металдардың түйiршiктерiн құрғақ қысқышпен ғана алу керек. Жұмысты тартпа шкаф (тяга) астында орындау керек. Сiлтiлiк металдардың қиындыларын қоқыс шелегiне, канализацияға тастауға болмайды.

4.Спирт шамында қыздырғанда пробирканың аузын өзiңнен ары қаратып ұстау қажет, өйтпеген жағдайда пробиркадағы сұйық қайнап бетiңiзге шашырауы мүмкiн.


2.1 Химиялық зертханада өрт шығу қауiптiлiгi
Химиялық зертханада мына жағдайларда өрт қауiпi туу мүмкiн:

- қауiпсiздiк ережелерiн сақтамағанда;



- жылытқыш приборлардың дұрыс еместiгiнен;

- электр желiлерiнiң дұрыс еместiгiнен;

- тез тұтанғыш сұйықтармен (эфирлер, спирттер, бензин, керосин, ацетон, т.б.) жұмыс iстегенде жiберiлген қателiктерден.
Ең үлкен қауiп тез тұтанғыш сұйықтардың көп мөлшерiн еденге төгiп алғанда туады. Себебi: тез тұтанғыш сұйықтар iлезде түгел тұтанады. Өте қауiптi жәйт - майлы еденге сұйық оттектi төгiп алу. Мұндай жағдайда оттегi қопарылыс бередi.
2.2 Алғашқы өрт сөндiру құралдары
1 Киіз және асбест жапқыш өрттiң аумағы кiшкентай болғанда пайдаланылады.

2 Құрғақ құм тез тұтанғыш сұйықтардың аз мөлшерi жанған кезде пайдаланылады. Құм салынған жәшiктiң жанында мiндеттi түрде күрек болуы керек.

3 Су

3.1 Сумен араласатын сұйықтар (спирттер, органикалық қышқылдар, ацетон, т.б.) жанған кезде ө р т т i с у м е н с ө н д i р у г е б о л а д ы.

3.2 Сумен араласпайтын сұйық жанған кезде ө р т т i с у м е н с ө н д i р у г е б о л м а й д ы. Бұл жағдайда керiсiнше су өрттi одан сайын өршiтедi. Себебi- көптеген сумен араласпайтын тез тұтанғыш сұйықтар (бензол, эфирлер, бензин, т.б.) судан жеңiл, сондықтан олар су бетiнде қалқып жүредi де, судың аумағы көбейген сайын олардың да жану аумағы ұлғая түседi.

3.3 Ток көзiнен ажыратылмаған жанып жатқан электр приборларын, электр желiлерiн және сумен реакцияға түсетiн заттарды (сiлтiлiк металдарды, кальцийдiң карбидiн, металдардың гидридiн) с у м е н с ө н д i р у г е б о л м а й д ы.

4 ӨРТСӨНДIРГIШТЕР. Химиялық зертханада қолға ұстайтын өртсөндiргiштер (көбiктi, көмiрқышқылды, көмiрсутектердiң галоидты туындыларының негiзiнде өртсөндiргiш құрамды бөлiктерi бар) қолданылады.

4.1 Көбiктi өртсөндiргiштердiң (ОП-5 және ОП-М) зарядының массасы 10 кг болады, зарядтың шығу уақыты 55-70 секунд. Өртсөндiргiштiң толық салмағы 14,5-15 кг. Көбiктi өртсөндiргiштердiң өрт сөндiру қабiлетi өте жоғары, бiрақ зертханадағы бүкiл приборлар құрамында күкiрт қышқылы, натрий сульфаты бар көбiктiң астында қалады, сондықтан олардың коррозияға ұшырау қаупi күшейедi. Көбiктi өртсөндiргiштердi қолданудан бұрын электр тоғының көзi сөндiрiлуi қажет.

4.2 Көмiрқышқылды өртсөндiргiштердiң типтерi мынандай: ОУ-2, ОУ-5, ОУ-8, көлемдерi 2; 5 және 8 литрлiк болады. Химиялық зертханада көбiнесе ОУ-5 өртсөндiргiшi қолданылады. Таза сұйық СО2 –ден тұратын зарядының массасы 3,5 кг, барлық заряды 15 секундта шығып бiтедi. Көмiр қышқыл газының қарлы ағынының ұзындығы 4,5 метрге жетедi. Өртсөндiргiштiң толық салмағы 13,5 кг болады. Бұл өртсөндiргiштi қолданғанда ағынды төменнен жоғары қарай бағыттау керек. Көмiр қышқыл газының қарлы шығы аппаратураға ешқандай зақым келтiрмейдi және электр тоғын сөндiрмей- ақ өрттi сөндiре беруге болады.

4.3 Құрамы бромды метилге негiзделген өртсөндiргiштердiң (ОУБ-3, ОУБ-6) эффективтiлiгi көмiрқышқылды өртсөндiргiштерден 3,5 есе жоғары.


2.3 Жанып жатқан киiмдi сөндiру

Киiм жанған кезде жанған киiмдi судың көп мөлшерiн құйып немесе жерге аунау арқылы сөндiруге тырысу керек. Егер үстiндегi киiмi жанған адам не iстерiн бiлмей сасқалақтаса, жерге күшпен жатқызып, үстiн киiзбен тұмшалап жауып киiмнiң жануы тоқтағанша киiздi алмау керек.



2.4 Алғашқы көмек

Химиялық зертханада оңай қол жететiн жерде керектi дәрi –дәрмектер салынған жәшiк тұруы қажет. Дәрi – дәрмек салынған жәшiкте мына заттар болуға тиiстi:

- залалсыздандырылған бинт және мақта;

- 5 % йод ерiтiндiсi;

- 3 % натрий гидрокарбонатының ерiтiндiсi;

- күйiкке жағатын май;

- лейкопластырь;

- 3 % калий перманганатының ерiтiндiсi;

- 3 % сiрке қышқылының ерiтiндiсi;

- 3 % бор қышқылының ерiтiндiсi;

- 96 % этил спиртi;

- көзге дәрi тамызатын пипеткалар;

- пинцеттер, шыны таяқшалар, қайшы.

Химиялық зертханада мынадай келеңсiз жағдайлар орын алуы мүмкiн:

- шынымен кесiлген жарақат алу;

- термиялық және химиялық күйiктерге ұшырау;

- улы заттардың булары дем алу органдарына кездейсоқ түскеннен улану; - электр тоғына түсу.

Шынымен кесілген жарақат алған жағдайда ең алдымен спиртпен жуылған пинцетпен жарақаттағы шынының көзге көрiнетiн түйiршiктерiн алып тастау керек. Осыдан кейiн 3%-тiк калий перманганатының (КМnО4) ерiтiндiсiмен жуып, йодтың (I2) спирттегі 5%-тiк ерiтiндiсiн жағып, бинттеп тастау қажет.

Термиялық күйікті калий перманганаты немесе спирт ерiтiндiсiмен ақырындап сүртiп, үстiне күйiкке арналған майды жағып орау керек.



Қышқылдардың және фенолдардың әсерінен химиялық күйікке ұшыраған жағдайда, күйген жердi крандағы судың көп мөлшерiмен жуып, ас содасының (NаНСО3) 3%-тiк ерiтiндiсiмен шаю керек.

Сілтілердің әсерінен химиялық күйікке ұшыраған жағдайда күйген терiнi крандағы судың көп мөлшерiмен жуып, 3%-тiк сiрке қышқылымен немесе 3% -тiк бор қышқылымен шаю керек.



Көз химиялық күйікке ұшыраған жағдайда, бiрден көзді судың көп мөлшерiмен жуып, қышқыл шашыраған болса - 3%-тiк натрий гидрокарбонатының ерiтiндiсiмен, сiлтi шашыраған болса - 3%-тiк бор қышқылының ерiтiндiсiмен шайып, мiндеттi түрде дәрiгерге көрiну керек.

Улы заттар буы кенеттен тыныс алу органдарына түскен жағдайда, уланған адамды дереу таза ауаға шығарып, киiмдерiнiң түймесiн ағытып, басын жоғарылау қылып шалқасынан жатқызып дәрiгер шақыру керек.



Электр тоғына түскен жағдайда бiрден электр тогының рубильнигiнің СТОП (қызыл кнопканысын) басу арқылы сөндiру керек, не болмаса қорғағыш тығындарды (предохранительдердi) бұрап алып тастау қажет. Бұл екi жағдайды орындауға мүмкiндiк болмаса, ағаш таяқпен электр желiсiн ұрып үзiп тастау қажет. Электр тоғына түскен адамды электр тоғы сөнбейiнше жалаңаш қолмен ұстауға болмайды. Мiндеттi түрде қолға резина перчатка киiп тоқ соққан адамды электр тоғының желiсiнен тартып шығаруға болады. Егер тоқ соққан адам есiнен танып қалған болса, электр тоғы сөндiрiлгеннен кейiн дәрiгердiң келуiн күтпей-ақ, дереу жасанды түрде дем алдыруға кiрiсу керек.


  1. Химиялық реактивтердің квалификациялары

Тазалық деңгейi бойынша химиялық реактивтер келесi квалификацияларға (маркаларға) бөлiнедi:


Реттiк нөмiрi

Реактивтiң квалификациясы

Қысқартылып жазылу түрi

Қоспалар мөлшерi

Қазақша

Орысша







1

Техникалық

Технический

техн.

> 5%

2

Тазартылған

Очищенный

оч.

>2%

3

Таза

Чистый

ч.

< 2%

4

Анализ үшiн таза

Чистый для анализа

ч.д.а.

< 1%

5

Химиялық таза

Химически чистый

х.ч.

< 0,1%

6

Ерекше таза зат

Особо чистое вещество

ос.ч

< 10-5 %

Тәжiрибелер жүргiзу үшiн ч, ч.д.а., х.ч. маркалы реактивтер пайдаланылады.

Химиялық зертханада реактивтердiң көлемi 0,5 -1 литр ерiтiндiлерi алдын ала дайындалып, қалың қабырғалы шыны ыдыстарға құйылып, тартпа шкафтың (тяганың) астындағы жәшiктерге қойылады. Этикеткасына реактивтiң формуласы, концентрациясы жазылады. Қышқылдар, сiлтiлер, тұздар ерiтiндiлерi жеке-жеке жәшiктерге қойылады.

Құрғақ реактивтер зауыттан шыққан ыдыстарында қоймада сақталады. Этикеткасында реактивтiң атауы, формуласы және маркасы көрсетiлген. Зертханалық жұмысты орындауға құрғақ реактив қажет болған жағдайда, тығыны бар кiшiрек ыдысқа құрғақ реактивтiң шамалы мөлшерi салынып, жұмыс столына қойылады. Ыдыстың сыртына реактивтiң формуласы жазылады. Тәжiрибенi орындауға қажет реактивтiң мөлшерi ыдыстан арнайы қасықшамен алынады.

Жұмыс столының үстiне реактивтер ерiтiндiлерiнiң күнделiктi қажет мөлшерлерi ғана (10-15 мл) тамшылатқыш пипеткасы бар кiшiрек құтыларға құйылып қойылады. Тәжiрибенi орындауға қажет реактив ерiтiндiсi пробиркаға пипеткамен тамызылады. Ұшы сүйiр пипеткамен тамызылған 20 тамшының көлемi 1 мл болады.

4 Химиялық ыдыстар


Зертханалық тәжiрибелер жоғары температураға төзiмдi мөлдiр түссiз шыныдан жасалған ыдыстарда жүргiзiледi. Мұндай ыдыстар көбiнесе құрамында 81% SiO2, 5% Na мен K оксидтерi, 13% B2O3 бар п и р е к с ш ы н ы с ы н а н жасалады. Пирекс шынысының температура әсерінен ұзару коэффициенті өте аз шама, сондықтан пирекс шынысынан жасалған химиялық ыдыстар жоғары температураға төзiмдi, температураның 150-180 0С-қа ауытқуына төтеп бередi, жарылмайды және химиялық реактивтердiң әсерiне де шыдамды болады.

Сонымен қатар зертханалық жұмыстар жасау үшiн ф а р ф о р ы д ы с т а р д а пайдаланылады. Ж ұ қ а фарфор ыдыстар ( сурет 1а) жоғары температураға төзiмдi, ал қ а л ы ң фарфор ыдыстар (сурет 1б) жоғарғы температураға төзiмсіз, морт жарылады.

Жұқа фарфор ыдыстар келесі мақсаттар үшін қолданылады:

- ерiтiндiлердi буландырып концентрлеу;

- ылғал заттарды құрғату;

- қатты заттарды күйдіріп қыздыру.



Жұқа фарфор ыдыстар температураның 150о-1800С-қа ауытқуына шыдайды, ал ауытқу бұл мәннен жоғары болса, жарылады. Жұқа фарфор табақшаға құйылған ерiтiндiнi тек құм моншасында, не асбест төселген плитка үстiнде буландыру керек, кәдiмгi плиткада (t0 ≈ 3000С) немесе спирт шамының жалынында (t0 ≈ 5000С) буландыруға болмайды. Судың қайнау температурасы 1000С болғандықтан, плиткада температураның ауытқуы 2000С шамасында, ал спиртовкада 4000С шамасында, сондықтан фарфор табақша жарылады.
Жұқа фарфор ыдыстарды муфель пештерінде 10000С-қа дейiн қыздыруға болады. Ыстық фарфор ыдысты темiр қысқышпен ұстауға болмайды, жарылып кетедi. Сондықтан темір қысқыштардың ұщ жағына резина түтiкше кигiзiледi.

Сурет 1. Фарфор ыдыстар

а – жұқа қабырғалы: 1 – стакан, 2 – тиглдер, 3 – буландырғыш табақша, 4 – ожау;

б – қалың қабырғалы: 1 – күрiшкелер, 2 – үккiш, 3 –қатты заттарды алуға арналған қасық пен шпатель; в – қалың қабырғалы Бюхнер воронкасы.

Химиялық зертханада қолданылатын шыныдан жасалған ыдыстарға жатады:

- әртүрлi колбалар (сурет 2),

- цилиндрлер, мензуркалар, градуирленген пробиркалар (сурет 3);

- бюреткалар (сурет 4);

- пипеткалар (сурет 5).

- өлшеуiш колбалар ( сурет 6);

- әртүрлi воронкалар (сурет 7),

- эксикаторлар (сурет 8).


Шыныдан жасалған мына ыдыстар зертханада жиi қолданылады:
- пробиркалар;

- стакандар;

- жалпақ түптi конусты колбалар;

- дөңгелек түптi шар тәрiздес колбалар және т.б. (сурет 2).





А Б

Сурет 2. Колбалардың түрлерi
А – жұқа қабырғалы колбалар: 1 – дөңгелек түптi, 2 – жалпақ түптi, 3- дөңгелек түптi қос мойынды, 4 - конус тәрiздi (Эрленмайер колбасы), 5 - түтiкше бүйiрлi дөңгелек түптi колба (Вюрц колбасы); Б – қалың қабырғалы Бунзен колбасы.
Сұйықтың жуық көлемiн өлшеп алу үшiн қолданылады:

- цилиндрлер;



- мензуркалар;

- градуирленген пробиркалар.
Бұл ыдыстар көбiнесе жоғары температураға төтеп бере алмайтын шыныдан жасалады. Сондықтан цилиндрлердi, мензуркаларды қыздыруға, ыстық ерiтiндi құюға болмайды. Сонымен қатар жоғары температураға қалың шыныдан жасалған ыдыстар да шыдамайды. Өлшеуiш цилиндрлердiң сыйымдылығы 10 миллилитрден 2 литрге дейiн болады (сурет 3).



Сурет 3. Өлшеуiш ыдыстар

а, б – өлшеуiш цилиндрлер; в, г, д – мензуркалар; е, ж – градуирленген пробиркалар.

Сұйықтың дәл көлемiн өлшеп алу үшiн қолданылады:



- бюреткалар (сурет 4);

- пипеткалар (сурет 5).





Сурет 4. Бюреткалар

а – кранымен; б – қыстырғышымен;

в – оливiмен.

Сурет 5. Пипеткалар



Пипеткалардың екi түрi болады:
1.Сұйықтың әртүрлi көлемiн өлшеп алуға арналған градуирленген пипеткалар.

2.Сұйықтың белгiлi бiр көлемiн өлшеп алуға арналған шектелген сыйымдылығы көрсетiлген пипеткалар. Олар: 5, 10, 15, 20, 25, 50, 100 миллилитрлiк болады.



Бюреткалар көбiнесе аналитикалық химияда титриметриялық анализде титрлеуге кеткен титранттың дәл көлемiн анықтау үшiн пайдаланылады.
Өлшеуіш колбалар (сурет 6) судың белгілі көлемінде заттың дәл массасын еріту арқылы титрі белгілі ерітінді дайындау үшін қолданылады. Өлшеуіш колбалардың бүйірінде олардың сыйымдылығы көрсетілген: 50, 100, 200, 250, 500, 1000 миллилитрлік. Өлшеуіш колбалар титриметриялық анализде стандартты ерітінделер дайындау үшін пайдаланылады.


Сурет 6. Өлшеуiш колбалар
Химиялық зертханада шыныдан жасалған әртүрлi воронкалар (сурет 7) кең қолданылады:

- конусты воронкалар;

- ұнтақтық воронкалар;

- бөлгіш воронкалар.



Конусты воронкалар пайдаланылады:

- с ұ й ы қ т ы жiңiшке мойынды аузы тар ыдысқа қ ұ ю ү ш i н;

- с ү з у ү ш і н, яғни ерiмейтiн затты сұйықтан бөлiп алу үшiн.

Ұнтақтарды аузы тар ыдысқа ұнтақтық воронкалар көмегiмен көшiредi. Араласпайтын сұйықтар бiр-бiрiнен бөлгiш воронкалар көмегiмен бөлiнiп алынады.




Сурет 7. Воронкалар

1 – конустық , 2 – ұнтақтық , 3 – тамшылатқыш, 4 – бөлгiш.



Эксикаторлар (сурет 8) кептiргiш пеште құрғатып кептiрiлген заттарды құрғақ күйiнде сақтау үшiн қолданылады. Эксикатор торының астына құрғатқыш салынған астауша орналастырылады. Құрғатқыш ретiнде концентрлi H2SO4, сусыз CaCI2, Р2О5, силикагель, цеолиттер және т.б. су буын жақсы сіңіретін заттар пайдаланылады.



Сурет 8. Эксикатор

1 – қақпағы, 2 – сыртқы қабырғасы, 3 - тор, 4 - адсорбент салынған астауша




5 Химиялық ыдыстарды жуу әдiстерi

Зертханалық жұмысты орындағаннан кейiн пайдаланылған ыдыстар iшiндегi заттарды Қалдық ( с л и в) деп жазылған банкаға төгiп, iлезде ершпен жуып, бiрнеше рет дистильденген сумен шайып, кептiргiшке қою керек. Өйтпеген жағдайда ыдысты жуу қиынға соғады. Себебi ыдыстардағы ерiтiндiлердiң суы ұшып құрғайды. Құрғаған заттар шыны ыдыстың қабырғасына жабысып қатып қалады.



Ыдысты жуу әдiсi оның қандай заттармен ластанғанына байланысты. Ластағыш заттар суда жақсы еритiн, суда ерiмейтiн, майлы және суда еру үшiн тотықтыру реакциясына түсiрудi қажет ететiн заттар болуы мүмкiн.

1 Жуу оңайға түседi, егер ыдыс суда ерiгiш затпен ластанса, онда ыдысты ерщпен жуып; дистильденген сумен 2 – 3 рет шаю керек. Ыдыс таза жуылған деп есептеледi, егер ыдыстың iшкi қабырғаларында су тамшылары тұрып қалмай, қабырғамен бiркелкi ақса.

2 Ыдыс майлы заттармен ластанған болса, 10 % Na2CO3, 5-10 % NaOH ерiтiндiлерiмен, не болмаса күнделiктi тұрмыста қолданылатын кiр жуғыш ұнтақтармен щеткалап жуып, жақсылап шаю керек.

3 Кей уақытта ыдыстарды тазарту үшiн ластайтын заттарды тотықтыру керек. Ол үшiн көбiнесе концентрлi күкiрт қышқылынан және калий бихроматынан тұратын өте күшті тотықтырғыш қасиетке ие хром қоспасын қолданады. Хром қоспасын дайындау үшін 96% H2SO4-ның 100 миллилитрiне 10 г K2Cr2O7 ұнтағын (кристалдарын) қосып араластырады. Қоспаны қалың қабырғалы аузы жақсы жабылатын ыдыста сақтайды. Дайындалған хром қоспасы ыдыстарды тазартуға талай мәрте қолданылады.

Тазартылатын ыдысқа хром қоспасын құйып 15-20 минутке қойып қояды. Көрсетiлген уақыт өткеннен кейiн тазартылатын ыдыстағы хром қоспасын кейiн өз ыдысына қайтарады. Осыдан кейiн ыдысты сумен тазалап жуып, бiрнеше рет шаяды. Кейбiр жағдайларда хром қоспасымен жуған ыдысты калий бихроматының тотықсыздануы нәтижесінде түзілген Cr3+-иондарынан тазарту қиынға соғады. Жасыл түстi Cr3+ -иондарынан арылу үшiн ыдысқа 1% трилон Б (комплексон ІІІ) ерiтiндiсiн құйып 2 сағатқа қойып қояды. Осы уақыт iшiнде Cr3+-иондары комплексонмен реакцияға түседi, осыдан кейiн ыдысты сумен бiрнеше рет шайып тазартып алуға болады. Тазартылып жуылған ыдыстар кептiргiш шкафта 100-1200С-та кептiрiледi.




  1. Зертханалық жылытқыш құралдар

Химиялық зертханада әртүрлі жылытқыш құралдар (электр плиткалары, кептіргіш шкафтар, моншалар, муфель пештері, спирт шамдары, т.б.) қолданылады.



Спирт шамы аз уақыт қана жылыту қажет болғанда пайдаланылады. Спирт шамында қыздырғанда пробирканың ауызын өзіңе қарама-қарсы жаққа бағыттау керек. Екі бүйірге бағыттаған болсаңыз сұйық қайнап жаныңда тұрған басқа студенттерге шашырауы мүмкін.

Су моншасы – химиялық тәжірибе жүргізгенде комната температурасынан жоғары температураны алу үшін және оны тұрақты ұстап тұру үшін қолданылатын құрал. Су моншасы беретін ең жоғарғы температура 100оС. Жүз градустан жоғары температура алу үшін қолданылатын моншалардың түрлері:



- май моншалары (100-300оС);

- металл моншалары (150 – 500оС);

- тұз моншалары (150 – 500оС);

- құм моншалары (200 – 300оС).
Муфель пештерін затты қатты қыздыру үшін (1000оС-қа дейін) қолданады. Сандық анализдің гравиметриялық анализінде кептірілген тұнбаға түсірілген форманы муфель пешінде массасы тұрақтанғанша қатты қыздырады өлшенетін форма алу мақсатымен.
Кептіргіш шкафтар 100-300оС аралығында температура береді. Кептіргіш шкафтарда затты құрғағанша (суынан арылғанша) кептіруге болады.

НЕГІЗГІ БӨЛІМ

Зертханалық жұмыс № 1

Бейорганикалық қосылыстардың негізгі кластары
Жұмыстың мақсаты: Бейорганикалық қосылыстардың әртүрлi кластарына жататын заттардың алу жолдарымен, қасиеттерiмен танысу, реакциялардың теңдеулерiн жазып үйрену. Оксидтердiң, гидрооксидтердiң, қышқылдардың, тұздардың генетикалық байланыстылығына көз жеткiзу.
1.1 Жалпы мәліметтер
Барлық бейорганикалық қосылыстар екi топқа бөлiнедi:

- қарапайым заттар;

- күрделi заттар.

Молекулалары бiр элементтiң атомдарынан тұратын қосылыстар қарапайым деп аталады. Қарапайым қосылыстар металдар және бейметалдар болып екiге бөлiнедi. Молекулалары әртүрлi элементтердің атомдарынан тұратын қосылыстар күрделi деп аталады. Күрделi қосылыстар төрт класқа жiктеледi:

- оксидтер;

- негiздер;

- қышқылдар;

- тұздар.



1.2 Тәжірибелік бөлім
1.2.1 Оксидтердi алу
Тәжiрибе 1

Мыс сымды спиртовка жалынында ұстаңдар. Сымның түсi қалай өзгердi? Мыс ауаның құрамына кiретiн қандай газбен әрекеттеседi ? Реакция теңдеуiн жазып, реакцияға түскен және алынған өнiмдердi атаңдар.


Тәжiрибе 2 Тартпа шкафта орындау керек!

Темiр қасыққа аздап күкiрт салып, оны спиртовка жалынында ұстандар. Абайлап бөлiнiп жатқан газды анықтаңдар. Бейметалдың ауаның құрамындағы оттекпен әрекеттесу реакциясының теңдеуiн жазыңдар. Реакцияға түскен және түзілген заттарды атаңдар.


Тәжiрибе 3

Пробиркаға 5 – 6 тамшы AgNO3 ерiтiндiсiн және осындай көлемде NаОН ерiтiндiсiн құйыңдар. Қандай зат тұнбаға түстi? Реакция тендеуін жазыңыз. Мүмкіндік болса тұнба бетiндегi сұйықты төгiңдер. Пробиркада қалған тұнбаны қарайғанша қыздырыңдар. Қандай реакция жүрдi ? Реакция теңдеуiн жазыңдар. Алынған және түзiлген заттарды атаңдар.


1.2.2 Негiздердi алу
Тәжiрибе 1

Зертханада бар реактивтерден 4 түрлi тұз ерiтiндiлерiне сiлтi қосу арқылы 4 түрлi ерiмейтiн негiздер алыңдар. Алынған негiздердiң ерiтiндiлерiнiң түстерiн байқап, реакция теңдеулерiн молекула-ион түрiнде жазыңдар. Алынған негiздердiң қайсысы амфотерлi қасиет көрсететiнiн тәжiрибе арқылы дәлелдеңдер. Амфотерлi негiздiң қышқылмен және сiлтiмен әрекеттесу реакцияларының теңдеулерiн жазыңдар. Түзiлген заттарды атаңдар.


Тәжiрибе 2 Тартпа шкафта орындау керек!

Фарфор тостағаншаға 5 - 10 мл дистильденген су құйып, оған 1 – 2 тамшы фенолфталеин индикаторының ерiтiндiсiн қосыңдар. Абайлап сорғыш қағазбен натрий металлының қiшкене кесегiн құрғатып алыңдар. Сонан сон натрийдi суға салыңдар. Қандай құбылысты байқадыңдар ? Реакция теңдеуiн жазыңдар. Заттарды атаңдар. Қорытынды түрiнде құбылысты түсiндiрiңдер.


1.2.3 Қышқылдарды алу
Тәжiрибе 1

Таза пробиркаға (№ 1) 2–3 мл дистильденген су құйып, үстiне 2 тамшы метилоранж индикаторын қосып дайындап алыңдар.

Газ шығатын түтiгi бар тығынмен жабылатын № 2 пробиркаға аздап натрий хлоридiн салып, 10–15 тамшы концентрлi күкiрт қышқылын қосып, тез тығынмен жауып, түтiктiң ұшын № 1 пробиркадағы суға батырыңдар. Қандай құбылысты байқадындар ? Реакция теңдеуiн жазып, заттарды атаңдар. Байқаған өзгерiстердi қорытынды түрiнде жазыңдар.
Тәжiрибе 2

Пробиркаға аздап құрғақ натрий ацетатын салып, 3-4 тамшы сүйытылған күкiрт қышқылының ерiтiндiсiн құйындар. Иiсi арқылы бөлiнген затты анықтаңдар. Реакция теңдеуiн жазыңдар.


1.2.4 Тұздарды алу
Тәжiрибе 1

Пробиркаға 5 – 6 тамшы AgNO3 ерiтiндiсiн және осындай көлемде КСI ерiтiндiсiн құйыңдар. Қандай өзгерiстi байқадыңдар ? Реакция теңдеуiн жазып, заттарды атаңдар.




Тәжiрибе 2

Пробиркаға 5 – 6 тамшы ВаСI2 ерiтiндiсiн құйып, оған 5 – 6 тамшы күкiрт қышқылының ерiтiндiсiн қосыңдар. Қандай өзгерiс байқалады ? Реакция теңдеуiн жазындар. Әрекеттескен және түзiлген заттарды атаңдар.


Тәжiрибе 3

Пробиркаға 5 – 6 тамшы NаОН ерiтiндiсiн және 2 тамшы фенолфталеин қосып, сосын 5 – 6 тамшы күкiрт қышқылын құйыңдар. Индикатор түсiнде қандай өзгерiс болды ? Реакция теңдеуiн жазыңдар. Әрекеттескен және түзiлген заттарды атаңдар.


Тәжiрибе 4

Алдымен бірінші пробиркаға 2-3 мл барит суын Ва(ОН)2 құйып дайындап қойындар. Газ шығатын түтiгi бар тығынмен жабылатын екінші пробиркаға 2 – 3 кесек СаСО3 – тын (мрамор, бор) салып, оған 10 – 15 тамшы концентрлi тұз қышқылын қосыңдар. Тез пробирканы тығынмен жауып, түтiктiң ұшын бірінші пробиркадағы барит суына батырыңдар. Қандай өзгерiс байқалады ? Реакция теңдеуiн жазып, қорытынды құрыңдар.


1.3 Бақылау тапсырмалары:
1. Электролиттiк диссоциация теориясының тұрғысынан қышқыл, негiз және тұз дегенiмiз не ? Мысал келтiрiп, анықтамаларын берiндер.
2. Қышқылдарды алу әдiстерiн атап, мысалдар келтiрiңдер. Реакция теңдеулерiн жазыңдар.
3. Негiздердi алу әдiстерiн атап, мысалдар келтiрiндер. Реакция теңдеулерiн жазыңдар.
4. Мына тұздардың графикалық формулаларын жазып, аттарын атаңдар: Ca(HCO3)2, K3PO4, Al(OH)2Cl, (CuOH)2SO4, NaH2PO4, K2HPO4, AlOHCl2.
5. Мына өзгерiстердi жүзеге асыратын реакция теңдеулерiн жазыңдар:

Fe2O3 → FeСI3 → Fe(ОН)3 → Fe(NO3)3 → Fe2O3

H2SO3 → SO2 → Na2SO3 → SO2 → H2SO4

Ca(HCO3)2 → CaCO3 → CaO → CaCl2 → CaCO3

P → P2O5 → H3PO4 → Ca3(PO4)2 → Ca(H2PO4)2
6. Мына теңдеулердi аяқтаңыз:

а) H3PO4 + КОН → ? б) H3PO4 + 2КОН → ? в)H3PO4 + 3 КОН→ ?

Түзiлген тұздарды атаңыз және әрбiр реакциядағы фосфор қышқылының эквиваленттiк массасын есептеңiз.

7. Мына теңдеулердi аяқтаңыз:



а) Fe (OH)3 + HCI ? б) Fe (OH)3 + 2HCI ? в) Fe (OH)3 + 3 HCI ?

Түзiлген тұздарды атаңыз және әрбiр реакциядағы темiр гидрооксидiнiң эквиваленттiк массасын есептеңiз.


8. Натрий гидрокарбонатын орта тұзға айналдыру үшiн қандай затпен әрекеттестiру керек?

а) NaHCO3 + H2CO3 ? б) NaHCO3 + NaОН ?


9.Темiрдiң (III) гидрооксохлоридiн орта тұзға айналдыру үшiн қандай затпен әрекеттестiру керек?

а) FeOHCI 2 + HCI ? б) FeOHCI 2 + NaОН ?


10. Мына негiздердiң қайсылары негiздiк тұздар түзе алмайды?

Zn (OH)2, Cr (OH)3, NaОН , Pb (OH)2, AI(OH)3, KOH, NH4OH


11. Мына қышқылдардың қайсылары қышқылдық тұз түзе алмайды?

HCl ,H2SO4 ,H2CO3, H2SO3 ,HNO3 ,H3PO4, HCIO4, CH3COOH

12. Хлор қышқылына (HCIO4) қандай оксид сәйкес келедi,

CI2O, CI2O3, CI2O5, CI2O7



13. Хлорлылау қышқылына (HCIO) қандай оксид сәйкес келедi?

CI2O, CI2O3, CI2O5, CI2O7

14. Қай топтағы оксидтер бiр – бiрiмен әрекеттесiп тұз түзедi?

а) Na2О + CaO б) BaO + CO2

в) SO3 + Mn2O7 г) Cr2O3 + K2O


15. Қай оксидтер (CaO, Fe2O3, АI2O3, NO2, CO2, ZnO) сумен әрекеттеседi? Реакция теңдеулерін жазыңыз.
16. Мына заттардың (Cu, MgO, SO2, Cu(OH)2, H3PO4, ZnOHCI) нешеуi тұз қышқылымен әрекеттеседi?

А) 2 В) 3 С) 4 D) 1 Е) 5


17. Мына заттардың (AgNO3, HNO3, Fe2O3, BaO, Mn2O7, Zn (OH)2) нешеуі натрий гидроксидімен әрекеттеседі?

А) 2 В) 3 С) 4 D) 1 Е) 5


18. Мына заттардың (HСl, HNO3, H2O, HBr, H2SO4) нешеуі темір (III) оксидiмен әрекеттеседі?

А) 2 В) 3 С) 4 D) 1 Е) 5




Зертханалық жұмыс № 2
Химиялық реакцияНЫҢ жылдамдығы

Химиялық тепе-теңдік

Жұмыстың мақсаты: Химиялық реакцияның жылдамдығына концентрацияның, температураның және катализатордың әсерiн бақылау. Химиялық тепе-теңдiктiң ығысуына әрекеттесушi заттардың және реакция өнiмдерiнiң әсерiн анықтау.
2.1 Жалпы мәліметтер
Химиялық реакцияның жылдамдығы зат концентрациясының белгiлi бiр уақыт аралығында өзгеруiмен сипатталады. Жалпы түрде жылдамдықтың өрнегi былай жазылады:

υ =

Реакция жылдамдығының концентрацияға тәуелдiлiгiн ә р е к е т т е с у ш i м а с с а л а р з а ң ы (ӘМЗ) сипаттайды: Тұрақты температурада химиялық реакцияның жылдамдығы әрекеттесушi заттардың молярлық концентрацияларының көбейтiндiсiне тура пропорционал.



Гомогенді реакцияның mА + nВ = pС жылдамдығы ӘМЗ бойынша тең болады:

υ = k∙ [A] m · [B] n,
осындағы: [А], [В] - әрекеттесушi заттардың молярлық концентрациялары; k – жылдамдық константасы; m, n – әрекеттесуші заттардың реакция теңдеуіндегі стехиометриялық коэффициенттері.

Жылдамдық константасы (k) әрекеттесушi заттардың табиғатына, температураға тәуелдi, ал концентрацияға тәуелдi емес.



Гетерогенді реакциялар фаза аралық бөлу бетінде жүреді, сондықтан гетерогенді реакцияның жылдамдығы тек қатты заттың бет ауданына тәуелді, ал барлық массасына тәуелді емес, сондықтан жылдамдықтың өрнегіне қатты заттың мөлшері енбейді. Мысалы, мына гетерогенді реакцияның (г) + nВ (қ.з.) = pС жылдамдығын анықтайтын өрнек былай жазылады:
υ = k∙ [A] m ·SВ немесе υ = k∙ [A] m ,
осындағы SВ - қатты заттың бет ауданы, реакцияның аяғына дейін тұрақты болып қала береді, сондықтан жылдамдықтың өрнегіне енгізбеуге болады.

Қайтымды реакцияның тепе-теңдiгiнiң ығысу бағытын Ле-Шателье принципi анықтайды: Тепе-тендiкте тұрған системаның бiр параметрi өзгерсе, системада осы өзгерістi азайтуға бағытталған процесстер жүредi.



2.1 Тәжірибелік бөлім
Тәжiрибе 1 - Әрекеттесушi зат концентрациясының реакция жылдамдығына әсерi

Тәжірибе натрий тиосульфатының күкiрт қышқылымен әрекеттесу реакциясын бақылауға негізделген:

Na2S2O3 + H2SO4 = Na2SO4 + SO2 + H2O + S↓

ақ лай


Үш пробиркада натрий тиосульфатының концентрациясы әртүрлi болатын ерiтiндiлерiн дайындау керек. Ол үшiн таза 3 пробирка дайындаңдар. Әрбір пробиркаға кестеде көрсетілген мөлшерде тиосульфат ерітіндісін және дистилденген су құйыңдар.


Пробирка нөмерi



Көлем, мл

Натрий

тиосульфатының салыстырмалы

концентрациясы

Реакцияның

жүру уақыты

∆t, сек


Реакцияның шартты

жылдамдығы

Na2S2O3


H2O


H2SO4



1

8

-

2

1







2

4

4

2

0,5







3

2

6

2

0,25






Осыдан кейiн әр пробиркаға 2 мл 1М Н24 ерiтiндiсiн қосып араластырып, күкiрттiң ақ сүт сияқты коллоидты ерiтiндiсiнiң пайда болу уақытын секундомермен анықтаңдар. H2SO4 қосқан сәттен бастап секундомердi iске қосыңдар. Әр пробиркада реакцияның жүруiне кеткен уақытты кестеге жазыңдар.

Әрекеттесушісі зат концентрациясының реакция жылдамдығына әсерін сипаттайтын график сызыңдар. Ол үшін ордината осiне жылдамдықты, ал абцисса осiне натрий тиосульфатының концентрациясын белгiлеңдер. Натрий тиосульфаты концентрациясының реакция жылдамдығына әсерi жөнiнде қорытынды жазыңдар. Осы тәжірибеде жүргізілген реакцияның жылдамдығының өрнегін жазыңыздар.
Тәжiрибе 2 - Температураның химиялық реакция жылдамдығына әсерi

Алдымен таза 6 пробирка дайындап алындар. Үш пробирканың (1, 2, 3) әрбіреуіне 2 мл 1М Na2S2O3 ерітіндісін және 6 мл су құйыңдар. Қалған үш пробирканың (1*, 2*, 3*) әрқайсысына 2 мл 1М Н24 ерiтiндiсін құйыңдар.



1 және 1* екi пробиркадағы ерiтiндiлердi бөлме температурасында бiр-бiрiне қосып, секундомермен ақ лайдың пайда болған уақытын анықтап кестеге жазыңыз. Термометрмен бөлме температурасын өлшеп кестеге жазып қойындар. Осыдан кейiн реакцияның шартты жылдамдығын есептеңіз.

2 және 2* екi пробирканы бөлме температурасынан 100–200С-қа жоғары жылытылған суы бар стаканға 3–5 минутке орналастырыңдар. Стакандағы судың дәл температурасын кестеге жазыңдар. Әрi қарай тәжiрибенi алдыңғы тәжiрибе сияқты орындап, кестенің графаларын толтырыңыз.

3 және 3* екi пробирканы бөлме температурасынан 30 - 400 С-қа жоғары жылытылған суы бар стаканға 3-5 минутке орналастырыңдар. Стакандағы судың дәл температурасын кестеге жазыңдар. Әрi қарай тәжiрибенi алдыңғы тәжiрибелер сияқты орындап, кестенің графаларын толтырыңыз.


Пробиркалар

номері

Реакция температурасының

дәл мәні, 0C

Реакцияның жүру уақыты ∆t, сек



Реакцияның шартты жылдамдығы,

1 + 1*










2 + 2*









3 + 3*










Температураның әсерiнен жылдамдық қалай өзгеретiндiгiн сипаттайтын график сызыңдар, ол үшiн кестедегi нәтижелер бойынша ордината өсiне шартты жылдамдықты, ал абцисса өсiне температураны белгiлеңдер. Температураның реакция жылдамдығына әсерi жөнiнде қорытынды жазыңыз. Жылдамдықтың температуралық коэффициентін есептеңіздер.


Тәжiрибе 3 - Марганец (IV) оксидiнiң әсерiнен сутек пероксидiнiң каталитикалық ыдырауы

Пробиркаға 6-8 мл 10% Н2О2 ерiтiндiсiн құйыңдар. Кәдiмгi жағдайда ыдырау байқалмайды. Пробиркаға аздап шпательмен марганец (IV) оксидiн салыңдар. Қандай өзгерiстi байқадыңдар ? Пробирканың ауыз жағына шала жанған шырпыны жақындатып көрiндер. Қандай газ бөлiнедi ? Реакция теңдеуiн жазыңдар.


Тәжiрибе 4 - Химиялық тепе-теңдiкке заттар концентрациясының әсерi

Бұл тәжiрибеде темiр (III) хлоридi мен калий роданидi ерiтiндiлерiнiң арасындағы түсті қайтымды реакция арқылы заттар концентрациясының тепе-теңдiктің ығысу бағытына әсерiн бақылайсыздар. Бiр пробиркаға 4-5 тамшыдай FeСI3 мен КSСN-ң ерiтiндiлерiн құйып араластырыңдар. Реакция нәтижесiнде Ғе(SСN)3 түзiлгендiктен, ерiтiндi қан-қызыл түске боялады:

ҒеСI3 + 3КSСN ↔ Ғе(SСN)3 + 3КСI

Түзiлген ерiтiндiнi түсі ашық қызылға ауысқанша сумен сұйылтыңдар, сосын төрт пробиркаға бөлiңдер.




Пробирка номерi

Қандай зат қосылды ?

Ерiтiндi түсiнiң өзгерген реңi

Тепе-теңдiктiң ығысу бағыты

1










2










3










4










Бiрiншi пробиркаға 2 тамшы конц. ҒеСI3, екiншiсiне 2 тамшы конц. КСNS, ал үшiншiсiне КСI-дың бірнеше кристалдарын салындар. Төртiншi пробирканы салыстыру үшiн алып қойындар. Пробиркаларды жақсылап араластырып, әр пробиркадағы ерiтiндi түсiнiң өзгерген реңiн кестеге жазыңдар. Ерітінді түсінің өзгеру реңіне қарап тепе-теңдiктiң ығысу бағытын көрсетiңдер. Байқалған өзгерiстердi Ле-Шателье принципi тұрғысынан түсiндiрiңдер. Осы реакцияның тепе-теңдiк константасының өрнегiн жазыңдар
2.3 Бақылау тапсырмалары:
1. Химиялық реакцияның жылдамдығы деген не ? Қайтымды және қайтымсыз реакциялардың анықтамаларын беріңіз ?
2. Химиялық тепе-теңдiк деген не ? Тепе-теңдiк константасы деген не, ол қандай факторларға тәуелді, қандай факторға тәуелді емес ? Қандай сырткы әсер арқылы тепе-теңдiктi ығыстыруға болады ?
3. Мына келтірілген теңдеулердің тура және керi реакцияларының жылдамдығының өрнектерін жазыңдар:

H2 + CI2 ↔ 2HCI; 2H2 + O2 ↔ 2H2O; CuO + H2 ↔ Cu + H2O


4. Мына реакциялардың тепе-теңдiк константаларының формулаларын жазыңдар:

N2 + 3H2 ↔ 2NH3; 2NO2 ↔ N2O4; FeO + CO ↔ Fe + CO2


5. Мына жүйелерде:

2CO + O2 ↔ 2CО2 + Q

2HBr ↔ H2 + Br2 - Q

2SO3 ↔ 2SO2 + O2 - Q

2H2 + O2 ↔ 2H2O + Q
тепе – теңдiк қай бағытта ығысады ?

а) температура төмендегенде

б) температураны жоғарлатқанда

в) қысымды төмендеткенде

г) қысымды жоғарлатқанда

6. Мына реакцияда: 2NО + O2 ↔ 2NO2 азот (II) оксидiнiң концентрациясы 4 есе көбейтiлгенде, реакцияның жылдамдығы неше есе өседi ?


7. Мына реакцияда N2 + 3H2 ↔ 2NH3 cутектiң концентрациясы 2 есе азайғанда, реакцияның жылдамдығы неше есе төмендейдi ?
8. Реакцияға түскен қоспаның температурасын 500С- тан 900С- қа көтергенде жылдамдық неше есе артады, егер температуралық коэффициент γ = 3 болса ?

9. Не себептен катализатор қатысында реакцияның жылдамдығы артады ? Реакцияның активтелу энергиясы деген не ?


10. Мына келтiрiлген жүйелердiң қайсысы гомогендi, қайсысы гетерогендi жүйелер ?

А) N2 + O2 ↔ 2NO

Б) Fe2O3 + 3CO ↔ 2Fe + 3CO2

В) AI2O3 + 6HCI ↔ 2AICI3 + 3H2O

Г) 4Ag + O2 ↔ 2Ag2O

Д) 2СO + O2 ↔ 2CO2


11. Мына реакция: N2 + 3H2 ↔ 2NH3 + Q бойынша аммиактың шығымын арттыру үшiн:

а) температураны жоғарлату керек

б) қысымды азайту керек

в) қысымды арттыру керек

г) сутектi азайту керек
12. Мына қайтымды реакцияның: 2NH3(г) + СО (г) ↔ СО(NH2)2 (к) + H2O(г)

тепе –теңдiк константасы 2,6·104 -ке тең. Төмендегi тұжырымдардың қайсысы дұрыс ?

а) тепе – теңдiк жағдайда бастапқы заттардың концентрациясы басым;

б) тепе – теңдiк солға ығысқан;

в) тепе –теңдiк ығыспаған;

г) тепе –теңдiк жағдайда реакция өнiмдерiнiң концентрациясы басым.


13. Мына қайтымды реакцияның N2 (г) + О2 (г) ↔ 2NO (г) тепе –теңдiк константасының мәнi 4·10–3 . Төмендегi тұжырымдардың қайсысы дұрыс ?

а) тепе – теңдiк оңға ығысқан;

б) тепе – теңдiк солға ығысқан;

в) тепе –теңдiк ығыспаған;

г) тепе –теңдiк жағдайда реакция өнiмдерiнiң концентрациясы бастапқы зат концентрациясынан 4 есе артық.
14. Қай реакциялардың жылдамдығына әрекеттесушi заттардың ұсақталу дәрежесi әсер етедi?

N2 + О2 ↔ 2NO

2СO + O2 ↔ 2CO2

С + H2O ↔ CO + H2

CaCO3 + HCI ↔ CaCI2 + CO2 + H2O
15. Мына реакциялардың тепе – теңдiктерi температура жоғарлағанда және төмендегенде қай бағытта ығысады ?

2H2 + O2 ↔ 2H2O Δ Н = -579 кдж

N2 + О2 ↔ 2NO Δ Н = 180 кдж

Зертханалық жұмыс № 3

Берілген проценттік концентрация бойынша
қатты затты еріту арқылы ерітінді дайындау


Жұмыстың мақсаты:

1.Берiлген проценттiк концентрация бойынша ерітінді дайындау үшін есептеулер жүргізе білу.

2. Дайындалған ерітіндінің тығыздығын ареометрмен өлшеуді үйрену.

3.Ерітіндінің ареометрмен анықталған тығыздығына сәйкес проценттік концентрациясын интерполяция әдісімен есептеу жолын меңгеру.


3.1 Ерітінділердің концентрацияларын сипаттайтын әдістер
Ерiтiндiлер - екi немесе одан да көп компоненттерден тұратын гомогендi жүйелер. Ерітіндiдегі еріген зат пен еріткіштің арақатынасы (ерітіндінің концентрациясы) бiрнеше әдiстермен сипатталады:

- массалық үлес немесе проценттiк концентрация;

- молярлық концентрация;

- моль-эквиваленттiк (нормальдық) концентрация;

- моляльдық концентрация;

- ерiтiндiнің титрi.




жүктеу 3,12 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау