Ережелері


-ші САБАҚ СҮТТІҢ ОРТАША СЫНАМАЛАРЫН ІРІКТЕУ



жүктеу 172,51 Kb.
Pdf просмотр
бет2/36
Дата21.01.2022
өлшемі172,51 Kb.
#34153
түріСабақ
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   36
Сүт ЗЕРТХАНАЛЫҚ ЖҰМЫС

1-ші САБАҚ

СҮТТІҢ ОРТАША СЫНАМАЛАРЫН ІРІКТЕУ

СҮТ ТЫҒЫЗДЫҒЫ МЕН ОРГАНОЛЕПТИКАЛЫҚ

КӨРСЕТКІШТЕР АНЫҚТАМАСЫ

Құрал-жабдықтар:

мутовка, сынама іріктеуіш,черпачка, мензурк, 250 мл

цилиндр, 200-250 мл сынама жинауға арналған шөлмек, 1 және 2 мл пипетка,

штатив, сүтке арналған ареометр. 



Реактивтер:

калий екі көмір қышқыл ерітіндісі,



 

38-40% формалин, 30 %

сутегі перекисі. 

Сүттің   орташа   сынамасын   іріктеу   –   оның   сапасын   дұрыс   анықтаудың

маңызды   шарттарының   бірі   болып   табылады.   Сүттің   тазалығын,

тығыздығын,   ақуызын,   қанттың   дәрежесін   анықтаған   кезде   сынаманың

көлемі   250   мл-ден   кем   болмауы   керек.   Майлылығы   мен   қышқылдығын

анықтау кезінде 50 мл сүт  болса болғаны. 

Орташа   сынаманы   іріктеу   сүттің   көлеміне   пропорционалды   әртүрлі

әдістермен   жүргізіледі.   Сүттің   сынамасын   іріктеу   алдында   цистернада,

ваннада,   3-4   минут   механикалық   араластырғыш   арқылы,   ал   құтылар   мен

сауғыш шелектерде 8-10 рет араластырады. 

Сынамаларды  келесі әдістермен іріктейді:

- Сүт цистерналары мен танкілерінен өлшеуіш ыдыспен (250 мл немесе

50 мл) ұзартыған қолымен немесе темір түтікпен (диаметрі 9 мм). 

- Құтыдан – сынама іріктеуішпен

- Сауу шелектерінін – сиырлардан жекелеп (тәуліктік сынама)

А) сынама іріктеуші арқылы;

Б) арнайы ожау арқылы;

В) өлшеуіш ыдыс арқылы.

Цистерна,  құты,   сауу  шелектерінде  орташа  сынаманы  іріктегенде   сүтті

сынама   іріктеушпен   ұқыпты   араластырғаннан   кейін   оны   сүттің   ортақ

массасына перпендикуляр және баяу салады,  сынама іріктеуіштегі сүт пен

салу кезіндегі  ыдыстағы сүттің деңгейі бірдей болу есебімен. Осыдан кейін

сынама іріктеуіштің үстіңгі жағы үлкен бармақпен жабылады, сүт сынамаға

арналағн   шөлмекке   ауыстырылады.   Осыдан   әрбір   көлемнен   және   әрбір

сауылымнан   бірдей   көлемдегі   сынама   іріктеуіштегі   сүттен   алынады.

Өлшеуіш   ыдыс   пен   ожаудың   көмегімен   екі   реттік,   үш   реттік   сауылымнан




сынама   алынады.   Тәуліктік   сауылымнан   екі   реттік   сауылымда   бірдей

аралықпен таңертең және кешке бірдей көлемдегі сүт алынатыны белгілі, ал

үш   реттік   сауылымда   таңертеңгі   сауылым   40%   құрайды,   ал   күндізгі   мен

кешті   30%-дан   әрқайсысы.   Егер   анализ   үшін   200   мл   сүт   керек   болса,   екі

реттік сауылымда, таңертеңгі және кешкі 100 мл –ден алынады, ал үш реттік

сауылымда таңертең 80 мл, түсте және кешке 60 мл-ден әрқайсысы. Ақуызы

мен майлылығын анықтаған кезде экспресс әдіспен 50 мл сүт қана қажет, екі

реттік сауылымда 25 мл-ден алынады, ал үш реттік сауылымда – таңертең 20

мл, күндіз және кешке әрқайсысынан 15 мл-ден. Сынаманы іріктеу кезінде

арнайы 25 мл ожау болғаны жөн, ал үш реттік сауылымда 20 және 15 мл

арнайы    ожау керек. 

Өнеркәсіптік   сүт   кешендерінде   бақылау   сауылымында   әрбір   сиырдан

сүтті   арнайы   шыны   баллондарға   сауып   алады,   олардан   арнайы   шүмек

арқылы сынамаға сүтті өлшеп алады, сынама іріктеуіш  немесе ожау арқылы

іріктейді. 

Тәуліктік   сауылымды   дәл   іріктеу   үшін   сиырлардан   жекелей   іріктеуге

дейінгі сауылым сүттің көлеміне пропорционалды болуы керек, ал сынамада

алдын   ала   есеп   жүргізеді,   ол   үшін   сынамасы   алынатын   және   орташа

сынамаға керекті сүттің көлемін білу керек. 

Мысалы, «Қарлығаш» сиырының тәуліктік сауымы 20 кг, талдау үшін 200

мл  сүт   қажет.  Орташа  сынаманың  көлемін  анықтайды,  оны  әрбір   литрден

өлшейді: 200:20=10мл. 

Егер   сиырдың   сауымы   таңертең   11   кг,   кешке   9   кг   болса,   онда

сауыншылардан керекті көлемін алады: 

10х11=110 мл

10х9=90 мл

Қорытынды 100 мл. Бұл дәл, бірақ сынаманы іріктеудің қиын тәсілі. 


жүктеу 172,51 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   36




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау