Әож 74. 58 Білім сапасын жақсартудағы оқытудың педагогикалық технологиялары



Дата15.01.2020
өлшемі54 Kb.
#26757

ӘОЖ 74.58
БІЛІМ САПАСЫН ЖАҚСАРТУДАҒЫ ОҚЫТУДЫҢ

ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ТЕХНОЛОГИЯЛАРЫ
Турекельдиева Р.Т.

М.Х. Дулати атындағы ТарМУ, Тараз
Дамыта оқыту технологиясы – күрделі құрылымды, біртұтас педагогикалық жүйе. Оның нәтижесінде әр білімгер өзін-өзі өзгертуші субъект дәрежесіне көтерілуі көзделіп, оқыту барысында соған лайық жағдай жасалады.

Дамыта оқытудың дәстүрлі оқытудан айырмашылығы:

• көзделген мақсатына

• мәнінде

• мазмұнында дамытушылардың негізгі факторында.

Бұл бағдарлы идеялар бүгінгі білім беру аясында қолдау табуда. Педагогикалық ғылымның зерттеушілері тәлім-тәрбие беру үрдісінің негізгі мақсаты білімгер тұлғасын дамыту деп таниды.

Бірақ дамуы туралы ізденуші психологияның айтуы бойынша, әр адамның өз қолында, оны сырттан әсер ететін күшпен дамытуға болмайды, тек оңтайлы ықпал жасауға болады. Осы пікірден туған білім беру мақсатының басқа да тұжырымы бар. Білімгер тұлғасын дамыту, ол оның толық өзіндік жетілуінің амалы ретінде қарастырылады.

Сондықтан негізгі мақсат - баланың табиғи күштері мен мүмкіншіліктерінің өзіндік ашылуына қолайлы жағдай жасау болып табылады. Ол үшін тұлғаның дамуын көздейтін білім беру үрдісін, ұйымдастырудың түрлі әдістері мен амалдарын анықтап, жүзеге асыру қажет.

Деңгейлеп оқытудың ерекшелігі білімгерлердің сабақ барысында бірнеше жұмыс жасай алатындығында, сонымен бірге қазіргі жаңа технологиямен оқыту барысында компьютерлермен оларды басқарушы алгоритмдер біздің қоғамымыздың маңызды бөлігіне айналады. Олай дейтініміз, бүгінгі таңдағы жаңадан шығып жатқан электронды оқулықтар білімгерлерге жаңаша оқытуды, жаңа оқу әдістерін жаңа мазмұнды қажет етеді.

Білімгер деңгейге бөліп оқытуға бола ма? Деңгейге бөліп оқытудың өзіндік қандай ерекшеліктері мен жеке тұлға тәрбиелеуде қандай көмегі бар деген сауалдарға тоқталсақ, деңгейге бөліп оқыту кезінде қандай білімгерлердің тәжірибелік-теориялық дайындығын, оқуға деген ынтасын, дара қасиетін, әлеуметтік психологиялық танымын, сұранымын ескеруді талап етіледі.

Деңгейлеп тапсырудың ауқымы өте кең – оқулықтағы жаттығулар мен өткен ережелер бойынша қайталау, пысықтау, бекіту жұмыстарына арналған тілдік, грамматикалық жұмыстар жүйесі.

Білімгерлерді деңгейге бөліп оқыту үшін жаңаша жоспарланады. Білімгерлерге деңгейлік тапсырмалар беру арқылы сан түрлі жұмыс жүргізіледі. Білімгерлердің алған білімін жүзеге асыра алатындығы тексеріледі, өз бетімен жұмысты орындауға бейімділігі бақылауға алынады. Қорытындысында деңгейлік тапсырмалар арқылы жұмыс жасаудың тиімділігі байқалады. Білімгерлердің белсенділігі мен іскерлігі артып, шығармашылыққа ұмтылады. Деңгейлік оқыту барысында біліктілікке жетеді.

Деңгейлеп оқыту оқылатын ақпараттың азаюы арқылы емес, білімгерлерге қойылатын талаптардың әртүрлілігі арқылы жүзеге асырылады.

Бұл технология білімгерлердің білім деңгейіне сәйкес жеңілден қиынға қарай оқытылады. Деңгейлеп оқыту төрт бөліктен тұрады:

1. Оқушылық деңгей. Бұл міндетті деңгей болғандықтан барлық білімгерлер тапсырманы толық орындауы тиіс.

2. Алгоритмдік деңгей. Бұл деңгейде өтіп кеткен материалды білімгерлер талдап, бұрынғы тапсырмаларға ұқсас орындайды. Бірақ бұларды орындау үшін алған білімдерін түрлендіріп пайдалану керек.

3. Эвристикалық деңгей. Өз бетіндік жұмысты қалыптастыру мақсатында білімгерлер жаңа тақырып бойынша меңгерген қарапайым білімдерін жетілдіріп тереңдетеді. Тағы жаңа білімдерін меңгеріп, өзі үшін жаңалық ашады. Эврика, анализ бен синтез, салыстыру арқылы анықтау, қорытындылау. Бұл деңгейде ребус, сөзжұмбақ, анаграмма құрастыру, зертханалық жұмыс жүргізу, эвристикалық сұрақтар болуы қажет.

4. Шығармашылық деңгей. Бұл деңгейде берілген тақырыпқа өз бетімен реферат, баяндама, эссе, өлең, жұмбақ, жаңылтпаш құрастыра білуі қажет. [1]

Деңгейлеп оқыту технологиясының мақсаты - әрбір білімгер өзінің даму деңгейінде оқу материалын меңгеруін қамтамасыз ету.

Даму педагогикалық оқыту үрдісінің негізгі, терең мағыналы мәніне айналды. Осы жаңа педагогикалық технологиялардың бірі – витагенді технология. "Витагенді" сөзі латын тілінен аударғанда "өмір", "тіршілікке қатынасты құбылыс" деген мағына береді.



Витагенді технологияны оқыту үрдісінде тиімді пайдалануға болатындығы ғылымда дәлелдеген. Мұны голографиялық тәсіл деп атайды. Голография – заттың көлемді кескінін алуға мүмкіндік беретін әдіс.

Голографиялық әдіс тек біртұтас оқыту үрдісінде ғана емес, білім алу кезінде де пайдаланылады. Бұл кезде проекциялар білім алуға негізделеді, бірақ векторлар бағыты түрліше болады.



І-проекция витагенді проекция тұрақты болып келеді;

ІІ-проекция – стереопроекция әр түрлі білім көздерінен алынған білім, әр түрлі болады;

ІІІ-проекция – голографиялық проекция - әр адамның ойлау мен танымдық қабілеті негізінде білім кездерінен ойша білімнің үлгісін түзе алу мүмкіндігі туады. Витагенді технология негізінде білімгерлер өз білімін анықтай алады, оған жаңа білімді қосады, шығармашылық мүмкіндігін көрсетеді, құбылыстар арасындағы байланысты көрсете алады, жоба түзе алу мүмкіндігі туындайды, қиялдай алатын болады, білімгер алдына қойған мақсаты бойынша жұмыс істеуге дағдыланады. [2]

«Сыни ойлау» анықтамасына еш келмейтін ойлаудың үшінші түрі – ол шығармашылық немесе көкейкесті ойлау. Сонымен сын тұрғыдан ойлау төрт бөліктен тұрады:



Біріншіден, сыни тұрғыдан ойлау болып табылады. Ал сабақ сын тұрғыдан ойлау қағидаларына негізделген болса, әркім өз ойлары мен пікірлерін және бағалауларын басқалардан тәуелсіз құратын болады. Бұл үшін басқа біреу сыни ойлай алмайды, біз барлығын өзіміз үшін жасаймыз. Сонымен ойлау өзіндік сипатқа ие болғанда ғана сыни тұрғыдан ойлағандық боып есептеледі. Өз бастарымен жұмыс істеп, ең қиын деген мәселені өзі шеше алулары үшін білімгерлерге жеткілікті түрде бостандық берілуі керек. Мысалы, білімгер оқытушының тапсырмасын жаттанды түрде қайтып айтып беруі мүмкін.

Сыни тұрғыдан ойлауда идеяның ерекше болуы міндетті емес: біздің басқа біреудің идеясы мен нанымын өзіміздікі етіп қабылдауға толық құқығымыз бар. Сыни тұрғыдан ойлайтын адам басқаның көзқарасымен жиі келісе бермейді.

Екіншіден, ақпарат сыни ойлаудың соңғы емес, бастапқы пункті болып табылады. Білімді адамның сыни ойлауы онсыз мүмкін болмайтын дәлелдемелерді тудырады. Терең ойлау үшін фактілер мен идеялар, мәтіндер мен теориялар, мәліметтер секілді көптеген «шикізаттарды» өңдеу керек болады. Сыни тұрғыдан ойлауға үйрету – оқытушының көп жақты жұмыстарының бір бөлігі ғана. Кез-келген жаста сыни тұрғыдан ойлауға болады: бұл үшін тек білімгерлердің ғана емес, бірінші сынып оқушыларының да тәжірибелері мен білімдері жеткілікті.

Үшіншіден, сыни тұрғыдан ойлау сұрақтар қойып, шешімін табуды қажет ететін мәселені анықтаудан басталады. Жалпы адамзат баласы тумысынан білуге құмар болып келеді. Егер біз жаңа бір нәрсені байқай қалсақ, оның не екенін білуге құмартамыз. Дегенмен нағыз таным үрдісі өзінің кез-келген кезеңінде мәселелерді шешу мен өзінің жеке қызығушылығы мен қажеттіліктерінен пайда болатын сұрақтарға жауап беруге деген талпыныспен сипатталады.

Төртіншіден, сыни тұрғыдан ойлау көңілге қонымды дәлелге ұмтылады. Сыни тұрғыдан ойлайтын адам мәселені шешудің өзі іздеп табады да, сол шешімдердің негізі бар, саналы дәлелдермен нақтылай түседі.

Оқыту барысында озат тәжірибелер, тиімді әдіс-тәсілдерді пайдаланып, сабақ өткізудің ең жаңа түрлерінің бірі – ұжымдық оқыту әдісі. Бұл әдістің артықшылығы – білімгер мен оқытушы арасындағы қарым-қатынасты өзгертеді. Ұжымдық оқыту әдісін ұйымдастыруда 4 түрлі тәсілді (жекелей, жұптық, топтық, ұжымдық) қолданады. [3]

Мұнда жеке адамның басымдылығы жоқ, әркім өзінше мұғалім. Өзі екінші біреуді оқытушы және білімгер озат ретінде сынау, қабілетіне қарай еңбек етуіне жағдай туғызу мақсаты қойылған. Бұл үлкен жауапкершілікті керек етеді. Мұндағы ерекшелік – білімгер білімді саналы меңгереді, біреуге үйрету, біреуден үйрену арқылы логикалық ойлау, салыстыру, дәлелдеу, т.б. дағдыларды қалыптастырады. Осы сабақта қалыптасуға және тексеруге тиісті біліктер мен дағдыларды мен үш топқа біріктіруге болады. Биология және жалпы пәндерді оқытуда оны мына сызбанұсқада көрсетуге болады:

Дағды біліктер




Оқу жұмысын

ұйымдастыру

Даму өрісін

көрсететін



Еңбек істей білуі

- жоспарлау;

- оқулықпен жұмыс;

- білім құралдарын

пайдалана білу;

- беретін жауабыңды

жоспарлау;

- айтқанын дәлелдей

білу;


- өзін-өзі бақылау;

- талдау;

- бағалау;

-мадақтау.



- анализ және синтез;

- салыстыру;



- жіктеу;

- жалпылау;

- негізін таба білу;

- аналогия жасау;



- себеп-салдар байланысын ашу;

- жорамал жасай білу;

- дәлелдей білу;

- әсемдей, көркемдей

білу (үстел, костюм);

- әдемі сөйлей білу;



- шеше білу (ойындарды);

- қорытындысын шығару.



- еңбек етуге ыңғайы;

- көрнекілікті пайдалана білуі;

- көрнекіліктермен жұмыс істей білуі;

- сарамандық жұмыс техникасын меңгеруі;

- құбылыстарды бақылай білуі;

- уақытты ұтымды пайдалана білуі;

- отырған орнының тазалығы;

- экологиялық еңбек сауаттылығы;

- мәдениеттілігін көрсете білуі.

ҰОТ оқушының жеке тұлға ретінде және ақыл-ой зердесін дамытуда үлкен рөл атқарады.

Негізгі мақсат - әр білімгердің қабілетін дамыту, еңбек етуге баулу, ұжымдық қабілетін ояту, ынтымақтастыққа тәрбиелеу, өзін-өзі басқаруға, бақылауға, байқампаздыққа жетелеу.


Әдебиеттер


    1. Әбдіғалиев Қ. Осы заманғы педагогикалық технологиялар Қазақстан Мектебі – 2001.№2.

    2. Бұзаубақова К.Ж. Жаңа педагогикалық технология. Алматы 2004

    3. Жұматаева Б. Деңгейлеп, саралап оқыту технологиясы. Биология және салауаттылық негізі. – 2005


Достарыңызбен бөлісу:




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау