Әож 371. 315 Информатикада алгоритмдік тілдерді оқыту әдістемесі нысамбаев Жеңіпалды



жүктеу 0,56 Mb.
Pdf просмотр
Дата19.11.2018
өлшемі0,56 Mb.
#20461


ӘОЖ 371.315  

 

ИНФОРМАТИКАДА АЛГОРИТМДІК ТІЛДЕРДІ ОҚЫТУ ӘДІСТЕМЕСІ 

 

Нысамбаев Жеңіпалды, ф.-м.ғ.к.,доцент, 

Базильбекова Ляйлә Сыдыковна, магистр   

                І. Жансүгіров атындағы ЖМУ, Талдықорған қаласы, zhenipaldy_45@mail.ru 

 

           Алгоритмдік тілдердің табиғат құбылыстарын оларға арналған программаларды 

жасау негізінде ЭЕМ-нің көмегімен зерттеу ерекше орын алатыны белгілі. Бұл мақалада 

алгоритмдік тілдер туралы, олардың программалар құрудағы рөлі атап айтылған.    

 

            Как известно, алгоритмические языки играют важную роль при решении задач 

изучения различных природных явлений. В данной работе приведены методические аспекты 

применения  языков программирования. 

 

As is well known, algorithmic languages play an important role in solving tasks in the study 

of various natural phenomena. In this work some methodological aspects of application 

programming languages. 

            Кілттік сөздер: алгоритм, тіл, программа, команда, блок-схема. 

 

          Информатика  пәнін  оқытудың  негізгі  мақсаттарының  бірі  ЭЕМ-да  есеп  шығару 

тәсілдерін үйрету, оқушылардың алгоритмдік ой-өрісін калыптастыру. Бұл мақсатқа жетудің 

басты  жолы  алгоритмдік  тілді  үйрену.  Әр  машинаның  өзіне  лайықталған  программалық 

тілдері  бар.  Алгоритмдік  тіл  алгоритмдерді  адам  орындау  құралы  ретінде  жасалған, 

программалық  тілді  меңгерудің  алғашкы  баспалдағы  болып  табылады.  Алгоритмдік  тілдің 

және  оны  пайдалану  ережесінің  кұрылымы  көптеген  программалау  тілдерінің құрылымына 

ұксас.  Сондықтан  бұл  тілді  игеру  келешекте  программалау  тілдерін  үйренгенде  жеңілдік 

жасайды [1]. 

Алгоритм  тілі  –  бұл  алгоритмдер  мен  оладры  орындаудың  біртекті  және  дәл 

жазбаларына арналған белгілер мен ережелер жүйесі. 

Алгоритм  тілі,  бір  жағынан,  кәдімгі  тілге  жақын,  сондықтан  әдеттегі  мәтін  ретінде 

оқылады және жазылады. Екінші жағынан, алгоритм тілі пішіні жөнінен программалау тіліне 

жақындайды, бұл ЭЕМ үшін программалау тілін тез үйренуге мүмкіндік береді. 

Алгоритм тілінің өз сөздігі бар. Оның негізін осы тілдің командасын жеткізетін сөздер 

құрайды.  Алгоритм  тілінде  сондай-ақ  мағынасы  мен  қолдану  әдісі  өзгермейтін  сөздер 

пайдаланылады. Олар қызмет етуші сөздер деп аталады. 

Алгоритм  тілінің  қызмет  етуші  сөздері  әдетте  қыскартылған  нұсқада  ерекшеленеді 

және жазылады да, алгоритмді безендіру үшін пайдаланылады. 

Алгоритмнің аты қызмет етуші алг (алгоритм) сөзінен кейін жазылады жэне мүмкіндігінше 

ол осы алгоритммен сипатталатын есептің шешуін көрсетуі керек. 

Алгоритм атынан соң командалар келеді, олар алгоритмнің басталуы мен аяқталуын 

көрсететін кызмет етуші басы (начало) және соңы (конец) сөздерінің арасында тұрады. 

Алгоритмнің жалпы көрінісі мынадай болады: 

алгоритмнің аты 

басы 


алгоритм командалары (серия); 

соңы 


Алгоритм командалары рет-ретімен жазылады. Бір  жолда бірнеше команда жазылуы 

мүмкін. Мұндай жағдайда олар нүктелі үтірмен «;» бөлінеді (ажыратылады). 




Бірінен  кейін  бірі  орындалатын  бірнеше  команданың  жиынтығы  серия  деп  аталады. 

Серияның бір командадан тұруы да мүмкін. 

Алгоритм  тілінде  ұсынылған  алгоритмдердің  орындаушысы  адам  екенін  ескере 

отырып,  біз  қажетіне  қарай  жаңа  командаларды  айқындаймыз  және  енгіземіз,  олардың 

әрекеттері біздің орындаушыға түсінікті. 

Алгоритмдерді  алгоритм  тілінде  сипаттау  бізге  алгоритмдерді  программалау  тілінде 

тиімді ұсынуға косымша кызмет етеді. Алгоритм тілінің ыңғайлы болатыны: командалар ана 

тілінің  сөздерінен  тұрады,  жалпыға  белгілі  символикаларды  пайдаланады,  өйткені  олардың 

орындаушысы адам және командаларының мағынасы адамның түсінуіне ыңғайластырылған  

[2]. 


Алгоритм тілінің болуы мүмкін командаларын келтіреміз:  

енгізу  параметрлер  тізімі,  бұл  команда  бойынша  орындаушы  айнымалылардың  мағынасын 

енгізеді, олардың аттары параметрлер тізімінде көрсетілген;  

шығару  параметрлер  тізімі,  бұл  команда  бойынша  орындаушы  есептеулер  нәтижелерін 

шығарады;  

Алгоритмдерді  сипаттауда  орындаушыға  шамаларға  қатысты  әрекеттерді  орындау 

және осы әрекет нәтижесі ретінде жаңа шаманы құру ұйғарылады. 

Мысалы,  "А  және  В  шамалар  мәнін  қосу,  ал  нәтижесін  С  шамасымен  көрсету" 

нұсқауы.  Бұл  жағдайда  орындаушы  мынадай  әрекеттер  жасайды:  А-ның  (компьютер  болса 

онда жад ұяшығынан), В-ның (жад ұяшығынан) мәндерін алады, оларды қосады, нәтижесін С 

шамасы түрінде жад ұяшығында сақтап қояды. 

Алгоритм  тілінде  шамаларға  қатысты  әрекеттерді  белгілеу  ұшін  ":="  командасы 

пайдаланылады.  Енді  карастырылған  мысалдың  нұсқауын  С:=А+В  командасымен  жазуға 

болады. 


Алгоритм командасы ":=" белғісінің көмеғімен жазылса, меншіктеу командасы деп, ал 

":=" белгісі меншіктеу белгісі деп аталады. 

1-мысал. Ү мәнін Ү = (АХ - В) (СХ + Ә) формуласы бойынша Х-тің кез келген мәнін 

есептеп шығару. 

Бұл  есепті  шешу  үшін  төмендегі  алгоритмде  тұжырымдалған  әрекеттерді  ретімен 

орындау жеткілікті: 

алг есептеу 

басы 


А*Х көбейту; нәтижені R1 деп белгілеу 

R1-В азайту; нәтижені R2 деп белгілеу  

С*Х кобейту; нәтижені RЗ  деп белгілеу  

RЗ+О қосу, нәтижені R4 деп белгілеу  

R2*R4 көбейту; нәтижені Ү мәні деп есептеу.  

соңы 


Енгізілген меншіктеу командасын ескеріп, осы алгоритмді былай жазуға болады: 

алг есептеп шыгару 

басы 

 

R1=АХ; 



R2=R1 – В 

RЗ=С*Х; 


R4=RЗ+D; 

Y:= R2*R4   

соңы 

Алгоритмдік тіл табиғи тілге жақын. Алгоритмдік тіл − алгоритмдерді  жазу құралы. 



Ол келесідей мәселелердің орындалуын қамтамасыз етеді: 

Алгоритмдік  тілдің  ережесі  алгоритмді  тек  авторға  ғана  түсінікті  етіп  қоймай, 

баскаларға да, компьютерге де түсінікті етеді; 



Алгоритмдік тілдің ережелері  оқушыға алгоритмді талқылау  әр түрлі  мәнді  болуына 

мүмкіндік бермейді; 

Алгоритмдердің берілу тәсілдерінің түрлері көп. Біз төртеуіне тоқталамыз: 

 



табиғи тіл; 

 



графикалық тіл; 

 



алгоритмдік тіл; 

 



программалау тілі. 

Берілу  тәсілінің  әр  түрінің  алгоритмдерді  сипаттаудың  өз  орындаушысына 

бағытталған өзіндік құралдары бар: 

табиғи тіл (орындаушы - адам) - орыс, қазақ, ағылшын тілдерінің сөздері; 

графикалық  тіл  (орындаушы  -  адам)  -  әрекеттер  сипаттамасы  бар  графикалық  схемалар 

(блок-схемалар); 

алгоритмдік  тіл  (орындаушы  -  адам)  -  әрекет  немесе  орындаушыға  арналған  командалар 

мағынасы берілетін табиғи тілдің белгілі сөздері; 

программалау тілі (орындаушы - компьютер) - программалау тілінің командалары. 

Алгоритмдердің  құрылымын,  құру  әдістерін  үйрену  үш  көрсетімде  бірден  жүреді: 

блок-схемалар  түрінде,  алгоритмдік  тілде,  программалау  тілінде.  Берілу  әдістерінің 

әрқайсысының  алгоритмдерін  сипаттайтын  құралдардың  элементтері  қажеттігіне  қарай 

енгізіліп отырады. 

Алгоритм 

дискретті  ақпараттармен  жасалатын  әрекеттерді  тағайындайды  және 

өрнектейді.  Алгоритмге  катысты  әрекеттердің  бәрі  дискретті  болады.  Алгоритмнің 

жұмысына қажетті материалдар ретінде символдық мәтіндер және сандар пайдаланылады. 

Алгоритм біздің қалауымызға қарай өзгертуге болмайтын нақты нұсқау. Алгоритмде 

не істеу керектігі алдын ала айқын беріледі. Мысалы, бір есепті шешудің алгоритмі берілсе, 

онда  ойланбай-ақ,  алгоритмде  қандай  нұсқаулар  берілсе,  сол  нұсқауларды  берілу  ретімен 

орындасақ,  есеп  шығады.  Алгоритмнің  осы  қасиетін  анықталғандық  қасиеті  дейміз.  Бұл 

жағдай  адам  сияқты  емес,  ойлау  қабілеті  жоқ  құрылғылардың,  мысалы,  компьютердің 

көмегімен  есептерді  шешу  мүмкіндігіне  кепілдік  берді.  Мұндай  құрылғылар  алгоритмнің 

жарлықтарын  ойланбастан,  формальді  түрде  орындайды.  Сондыктан  алгоритмде  есепті 

шығаруға қажеттінің бәрі бір мәнде анықталуы және атқарушыға түсінікті әрі нақты болуы 

тиіс. 


Бір алгоритмнің өзін бірнеше есептің шешімін табу үшін пайдалану мүмкіндігі, яғни 

бастапқы  деректер  мәндерінің  жиынына  пайдаланылу  мүмкіндігі  бар.  Алгоритмнің  мұндай 

қасиетін көпшілікке бірдейлік, басқаша айтқанда, жалпылық қасиеті деп атайды. 

 

 



                               1-сурет. 

Алгоритмді бейнелеу әдістерінің логикалық құрылымы. 


 

Осы айтылғандардан алгоритм бастапқы деректерді пайдаланып іздеген нәтижеге қол 

жеткізетін реттелген әрекеттер тізбегі деген қорытынды жасауға болады. Мұндай әрекеттер 

тізбегінің  орындалуы  алгоритмдік  процесс,  ал  әрбір  әрекет  оның  қадамы,  әрбір  нұсқау 

алгоритмнің командасы болып табылады. 

Алгоритмнің ең маңызды касиеті жоғарыда анықталған қасиетінде айтылғандай, оның 

орындалу нәтижесінің атқарушыға тәуелсіздігі[3]. 

Сонымен алгоритм туралы мына төмендегідей тұжырымдар жасауға болады.  

Алгоритмдер  әртүрлі  есептерді  шешу  үшін  пайдаланылады.  Алгоритмді  құрушыға 

қарағанда  алгоритмді  атқарушыдан  білімді  аса  талап  етпейтіндіктен,  есеп  шығару 

айтарлықтай оңайлатылады; 

Алгоритмдік  тілді  пайдалану  оны  кұрушының  өзіне  ғана  түсінікті  командаларды 

көпшілік қауымның пайдалануына мүмкіндік береді. Алгоритмді жазудың бірнеше тәсілдері 

бар. 


Алгоритмді  атқаруды  тек  адамға  емес,  компьютерге  де  жүктеуге  болатындығы 

есептеу процесін автоматтандыруға мүмкіндік береді. 

Алгоритмнің  құрамы  дараланып  және  оның  әрекеттері  анықталғаннан  кейін 

алгоритмді жазып көрсету тәсілін және тілін білу керек. 

Блок-схема  компьютерге  программалар  жасау  практикасында  кеңінен  қолданылатын 

алгоритмдерді  жазудың  графикалық  тәсілі,  басқаша  айтқанда,  алгоритмнің  логикалық 

құрылымын график түрінде бйнелейтін тіл десек те болады. Есепті шешу үшін алгоритмнің 

блок-схемасын  құрған  кезде  есепті  шығару  процесі  кезеңдерге  бөлінеді.  Әрбір  кезең 

есептелетін операцияның сипатына байланысты [4].    

  

Алгоритмді  бейнелеу  әдістерінің  ішінен  біз  блок-схема  мен  алгоритмдік  тілді 



пайдаланамыз.  Алгоритм  белгілі  конфигурациясы  бар  бір  геометриялык  фигурамен 

(блокпен) белгіленеді. Мысалы, жұмыр (сопақ), параллелограмм, тіктөртбұрыш, ромб т.с.с. 

         Блок деп аталатын мұндай фигуралардың ішіне кезеңдердің мазмұны жазылады.  

 

 



      

  2



-сурет. Блок-схеманы құру мысалы

 



 

          Есептелу  процесінің  бағыты  блоктарды  косатын  стрелкалармен  көрсетіледі.  Осы 

аталғандардың  бәрі  блок-схема  тілінің  алфавитін  құрайды  және  олардың  мағынасы  алдын 

ала келісілген келісім бойынша беріледі. 

Басы, соңы блоктарынан басқа әрбір блоктың бір ену және бір-екі шығу сызықтары болады. 

          Атқаратын қызметі жағынан блоктар негізгі және қосымша болып бөлінеді. 

Негізгі блоктар енгізу мен баспаға шығару және ақпараттарды өңдеу әрекеттерін білдіреді, ал 

қосымша  блоктар  блок-схеманы  түсіндіру  және  байланыстарды  таңбалау  үшін 

пайдаланылады. 

          Блоктардың анықтайтын әрекеттері, яғни, түсініктер блокты бейнелейтін геометриялық 

фигуралардың іштеріне жазылады. 

Тексерілетін шарт тікелей блокта көрсетіледі. Мысалы, Х< 100, а2 + С *0. 

Егер  тексерілетін  шарт  орындалатын  болса,  онда  есептелу  процесінің  шығысы  «иә» 

тармағы  бойынша,  ал  шарт  орындалмайтын  болса,  онда  «жоқ»  тармағы  бойынша  өтеді  (2-

сурет). 

Блоктардың  құрамына  және  олардың  өзара  байланысына  тәуелді  алгоритмдер 

сызықтык,  тармақталушы,  қайталанушы,  еселі  (ішіне  салынған),  қайталанушы  болып 

бөлінеді. 

Әсіресе  алгоритмдерді  құру  және  олардың  құрылымын  талдау  кезінде  алгоритмнің 

блок - схемасына қатты көңіл бөлінеді. 

           Алгоритмдік тіл – деп орындалатын әрекеттерді, амалдарды бірыңғай және дәл жазуга 

арналган, өз тіліміздің кейбір сөздерін пайдаланатын белгілермен ережелер жүйесін айтады. 

Алгоритмдік  тіл  бір  жағынан  табиғи  тілге  жақын,  алгоритмдерді  және  алгоритмдік  тілде 

құрылған амалдар тізбегін компьютерге түсінікті командалар мәтіні түрінде жазуға арналған 

жасанды тілдерді программалау тілдері деп атайды.  

 

Паскаль,  Си,  Дельфи,  Пролог  тәрізді  программалау  тілдері  −  ағылшын  тіліндегі 



кейбір  сөздерді  алгоритм  құруда  кеңінен  пайдаланады.  Ол  сөздердің  саны  онша  көп  емес, 

оларды  түйінді  немесе  қызметші  сөздер  деп  атайды.  Ал  алгоритмдерді  өрнектейтін 

қарапайым  алгоритмдік  тілдерде  сол  түйінді  сөздердің  қазақшасы  немесе  орысшасы 

қолданылады.  Алгоритм  алғашқыда  қарапайым  алгоритмдік  тілде  кұрылып,  содан  кейін  ол 

программалау  тілінде  қайта  жазылып,  ең  соңында  машина  тіліне  түрлендіріліп  барып 

орындалады.  Әр  компьютердің  өзінің  машиналық  тілі  болады,  ол  командалар  тілі  немесе 

кодтар тілі деп аталады [5].  

 

Қазіргі кезде дүние жүзінде үш жүзге жуық алгоритмдік программалау тілі таралған. 



Олардың  әрқайсысы  белгілі  бір  мақсатта  қолданылады.  Мысалы,  Фортран  −  ғылыми-

техникалык (инженерлік) есеп шығаруда, Паскаль − өндірісте, оқу-ағарту саласында, Бейсик 

−  алғашқы  үйренушілер  үшін  дербес  компьютерде  диалогтік  режимде  жұмыс  атқаруға 

арналған және т.б. 

 

 

ӘДЕБИЕТТЕР: 



1.  В.Н.  Крупский,  В.Е.  Плиско.  Теория  алгоритмов. 

–М.:  Издательский  центр 

«Академия». 2009. стр. 204. 

2.  В.П.  Долматов.  Методические  проблемы  разработки  базовго  курса  информатики 

для средней школы. –М.: Просвещение, 1997. 

3.  И.В.  Роберт.  Концепсии  внедрения  средств  новых  информационных  технологий  в 

учебный процесс общеобразовательной школы. – М.: ротапринт АПП, 2011. 

4.  В.А.  Сластенин,  Л.С.  Подымова.  Педагогика:  инновационная  деятельность.

 –М., 

1987. 


5.  Н.В.  Софронова.  Разработка  обучающих  программ  на  основе  инструментальных 

средств. – Чебоксары, 1995. 



жүктеу 0,56 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау