46
үйренушілер шеберлік сырларын үйреніп қана қойған жоқ, сондай-ақ
айырбастау, сату үшін дайындалатын бұйымдардың жасалу процесіне қатысты.
Отбасында және жаппай үйрету балалық кезеңнен үйретілді. Олардың
алғашқы үйретушілері болып ата-аналары, ата-әжелері, ағалары, әпкелері және
ауылдың үлкендері саналды. Осы кәсіпшілікте бұйымдардың үй-ішілік,
тұрмыстық және сату қажеттілігіне байланысты дайындалатындықтан олардың
сапасы жағынан үлкендер бұйымдарынан кем түспеуі және өтімді болуы
(қазіргі тілде бәсекелестік) тиіс болды. Ал бұл болса, балалар мен жастардан
сәндік-қолданбалы өнер бұйымдарын жасау барысында күш-қуаты мен
төзімділігін танытуын талап етті.
Осы тәрбиелеу жүйесінде үйренушілер балалар мен жасөспірімдер үшін
де, үйретушілер үшін де өмірлерінің ажыралмас бір бөлігі саналды. Сондықтан
да сәндік-қолданбалы өнерге үйрету балаларды еңбекке баулуға және олардың
кешенді тәрбиесіне табиғи тұрғыда еніп, ажыралмас құрамды бөлігіне айналды.
Отбасы жағдайында балалар мен жасөспірімдердің қолөнері, дағдылары
мен дәстүрлерін меңгеруі олардың қалыптасқан жүйеге табиғи түрде енуімен
анықталды және мұнда кәсіби білім мен мамандық алу мақсат тұтылған жоқ.
Адамның кәсібі туған отбасының, ауылы-аймағының еңбек ету түрлеріне, яғни
әрбір мүшесінің атқаратын іс-әрекеттеріне қарай белгіленді.
Мәселен, метал өңдеу өнерін алып қарасақ, металмен жұмыс істейтін
шеберлерді ұста, зергер, темірші, темір ұстасы деп атайды. Ал қаңылтырдан әр
түрлі пеш, керней, қалақ, қолжуғыш т.б. бұйымдар жасайтын, қаңылтырмен
үйдің төбесін жабатын шеберлерді қаңылтыршы дейді. Қаңылтыр, мыс, жез
т.с.с. жұқа металдардан жасалған бұйымдарды дәнекерлеп жамайтын, әр түрлі
металл ыдысқа қалайы жалататын, дәнекерлеу әдісімен әр түрлі тұрмыста
тұтынатын мүлік әзірлейтін шеберді – дәнекерші т.б. деп атайды.
Аталық кәсіпті таңдау олардың шеберлік дәстүрлеріне негізделген
көркемдік талғамды қалыптастыруға ықпал етті. Олардың жасаған бұйымдары
танымал, басқалардан өзгеше болу үшін ата кәсіптік дәстүрлер мен
қағидаларын ұстану үлкен мәнге ие. Әйткенмен оның оң және кері әсері болды:
- бір жағынан, үйренуші бұйымды өз қолымен жасайтындығына
жауапкершілік сезініп, бар күшін жұмсауға талпынды және оның жұмысы
нақты қолданысқа ие болғандығын мақтаныш тұтты;
- екінші жағынан, үйретушінің жұмыс ережелерін, оның кезеңдерін қатаң
сақтамаудың, оның тапсырмаларын дәл орындамаудың бұйымның сатылмай
қалуына себеп болуы үйренушінің шығармашылық қабілеттері мен жеке
шығармашылығының дамуына, әсіресе өзінің нұсқасын жасағысы келген
тілектерінің артуына кедергі келтірді.
Сонымен отбасы жағдайында және жаппай үйретуде ата-аналар мен
үлкендердің алдына қойған ең басты міндеті болып сенімді көмекшілер
тәрбиелеу табылды. Оның үстіне үйрету үлкендердің шеберлігін қайталау мен
жасауға дағдылануға бағытталды. Бұған қоса өздері жұмыс істейтін
материалдарды сезінуі мен жақсы білуі тиіс болды.
Осы процесте балалар бірқатар тұлғалық сапаларды:
47
1) еңбексүйгіштікті;
2) өзінің еңбегіне сын көзбен қарауды.
3) дәстүрді құрметтеуді игерді.
4) Қажетті кәсіби білім, іскерліктер мен дағдыларды:
-
материалдар, бояулар және т.б. олардың қасиеттері туралы білімдерді;
-
өз бояулары мен сылақтарын, жіптері мен терілерін және т.б. жасай алу
іскерліктерді;
-
құрал-саймандарды игеру іскерліктерін;
-
құрал-саймандарды қолдан жасау іскерліктерін үйренді.
5) Қолөнер кәсіпшілігінде қабылданған қағидаларды механикалық
тұрғыда меңгеру ғана емес, олардың сұлулығын, мәнін ұғыну мен жете
түсінуге;
6) Үлгілерге салып жұмыс істеуге;
7) Шеберліктің дәстүрлі әдіс-амалдарын игеруге:
-
суреттерін орындауға;
-
ою-өрнектердің дәстүрлі мотивтерін салуға;
-
бояу түстерін құрастыру әдістерін жете білуге;
8) Күрделі бұйымдарды жасауға;
9) Шығармашылық жұмыстарды жеке орындауға;
10) Жас ұрпаққа өз білімдерін үйретуге қол жеткізді.
Егер бала қабілеттілігін көрсете алса, ата-аналары, үлкендер олардың жеке
шығармашылықпен айналысуына мүмкіндіктер берген, сондай-ақ олар
баласының немесе қызының шеберлігі өздерінен асып түскендігін мақтан
тұтқан. Осы тұста айта кететін жәйт ата-аналар бұйымды жеке тапсырысқа
өндіргендіктен, оның әрі қысқа мерзімде, әрі тапсырыс берушінің талғамынан
шығатындай етіп орындауы қажет болған, сол себепті шығармашылықпен
барлық уақытта айналыса алмады. Сондықтан да олар балаларының жұмысқа
жанын салып айрықша бұйымдар дайындаған кезде ерекше қуанған [37,с.115].
Шәкірттік үйрету дәстүрі жоғарыда айтылып өткендей үш түрлі жолмен
қалыптасқан:
1) объективті және субъективті жағдайларға байланысты барлық
отбасында немесе онда балалардың барлығын бірдей шебер етіп тәрбиелеудің
мүмкін болмауынан;
2) белгілі шеберлердің өзіне ізбасарлар даярлау қажеттілігінен;
3)атақты шебердің дайындық жұмыстарына көмекшілердің қажеттілігінен.
Жалпы бұл процесте шәкірттер белгілі бір шеберден тәлім алады,
үйренеді. Шәкірттің шеберден үйрену мерзімі 2-5 жыл, деп батыл айта аламыз.
Өйткені мына деректер біздің ойымыздың жарқын айғағы бола алады:
«Көшебенов Оспан 11-12 жасынан Жұмкей Кенжебаев зергерге шәкірт болып,
13-14 жасында атағы жайылған зергер атанады... Әметов Мұқаш шешесі дүние
салғанда нағашысының малын бағып жүрген жерінен ... Созаққа келіп ағасы
Атахан ұстаға шәкірт болып, көрігін баса жүріп, зергерлік өнерін үйренуге
құмартады. Ағасы да қоймай әкеңнің өнерін үйреніп ал деп, үш жылда үйретіп
шығарады... Нұржаубаев Омар 13-14 жасқа келгенде бұрынғы Ақмола
Достарыңызбен бөлісу: |