48
қаласындағы атақты зергер Мұқаметжанға шәкірт болған. 18 жасында қолынан
келмейтіні жоқ шебер болып өз алдына ұста дүкенін ашқан.» [40].
Үйрету процесінің мамандандырылуға көшуі шәкірттің қабілеттілігіне
қарай жүргізілді. Мысалы, зергерлік өнерінде шәкірттер алғашында жұмысқа
материалдарды (темір, мыс, жез, түрлі-түсті тастар т.б.) іріктеуді, темір
жалпайтуды, ысуды, тегістеуді және с.с. жеңіл жұмыстарды үйренді. Содан
кейін олардың ою-өрнектерін қиыстыру, атап айтқанда бедерлеу, безеу,
шекімелеу, қаралау, сіркелеу, эмальдау және т.б. жұмыстарын меңгерді.
Шебердің көмекшісі бояуларды өз бетінше дайындауға тиіс болды, егер
қажетті реңкті шығара алмаған жағдайда оларға шебер көмектесті. Мысалы,
олар темір ерітетін көрікке көмір жағумен айналысты.
Шебер мен шәкірт арасындағы қарым-қатынаста шебердің беделі жоғары
болды. Шәкірт жеңіл жұмыстардан күрделі жұмыстарға қарай, шеберге
көмекші болудан жеке шығармашылық жұмысына қарай кезеңдермен меңгерді.
Шәкірт үйренудің бастапқы кезеңдерінде көп жұмыстарды қайтара істеп
көріп, қаншама рет өзінің ең үлгілі жұмыстарын көшірмелеп отырды.
Ал
олардың
шығармашылық
жұмыстарында
шебердің
барлық
нұсқауларын сөзсіз орындауы талап етілді. Шебер шәкіртінің шебер деңгейіне
жеткенін байқағанда оған батасын берген. Олар оқу аяғында өздерінің бір
шығармашылық жұмыстарын жасап көрсеткен, оны қазіргі «диплом»
жұмысына теңестіруге болады. Ол өз алдына шебер атанғанда ғана
шығармашылық тұрғыдан еркіндікке ие болады және өзінің ой-қиялын, мәнерін
қолдана отырып жеке жұмыстарын жасады.
Осы кезеңде ол өз дүкенін құрып, жұмысын бастайды. Бірақ олар көп
жағдайларда өзінің шәкірттік кезеңде үйренген қағидалар негіздерін ұстанды.
Ертедегі шеберлер жұмысында кездесетін жиі көшірмелер үйрету
жұмыстарының бір кемшілігі саналады. Өйткені шәкірттің шығармашылық
ойының белсенді тұрғыдан дамуына кедергі келтіруі мүмкін.
Ертеректе қолөнері түрлеріне үйрету отбасында, ауыл арасында, шебер
тәрбиесінде жүргізілді. Отбасында ата-анасының, үлкендердің немесе өнер
иелерінің берген тәлімдері болашақ қолөнершілерді өнердің тарихы мен
теориясы білімдерімен толық қаруландырмады. Оған қоса ісмерлігі асқан
шеберлердің барлығы бірдей өзінің бай тәжірибесін мұрагерлеріне қалдыра
алмады.
ХІХ
ғасырда
сәндік-қолданбалы
өнерін
үйретуде
жеке
шығармашылықты арттыру қажеттілігі түсінілді.
Сол себепті де ХІХ ғасырдың аяғында балаларға қолөнері түрлерін
үйретуге арналған мектептер ашудың қажеттілігі артты, болмаған жағдайда
қолөнершілер өздерінің бай тәжірибелерін барлық уақытта өз ізбасарларына
жеткізу мүмкіндіктері бола бермеді. Әсіресе қолөнерінің құлдырап, нарық
сұранысынан қалыс қалып бара жатқан түрлері үшін мектептер ашу аса қажет
болды. 1880 жылдардан бастап қолөнерін дамыту бағытында мектеп-
шеберханалар ашыла бастады. Қазақстанда бұл істі қолға алып жүзеге асырған,
алғашқы қолөнер мектептерін ашқан қазақтың ағартушы педагогы
Ы.Алтынсарин болды. Ол 1887 жылдың 19 наурызында Н.И.Ильминскийге
49
жазған хатында былай деген болатын: «...Қазақтардың тез қадаммен
отырықшылық тұрмысқа көшіп жатқанын еске алып, халыққа осы жөнінде
көмектесу мақсатымен ағаш ұсталығы үйретілетін ерекше, тек қана ерекше екі-
үш қолөнері мектептерін ашуды ұсынып едік. Міне, енді біздің бақытымызға
бұл алғашқы тәжірибеміз жақсы жеміс беріп отыр. Торғайда ашылған Яковлев
атындағы қолөнері мектебінде ағаш ұсталығы және киім тігу (машинамен тігу)
жұмыстары қазір өте жақсы жүріп жатыр...» [41]. Сонымен ол ашқан қолөнер
мектептерінде ер балалар үшін ағаш ұсталығы, былғары илеу, қыш, құмыра
жасау өнерлері, ал қыздарға киім тігу, киім пішу, шәлі тоқу, жіп шалу, және
қазақтардың қолында көп болатын жүн, қыл секілді материалдардан өрмек
тоқу, киіз басу, бау және тақыр кілемдер тоқу сияқты әйелдер істейтін
жұмыстар үйретілді.
Қолөнері мектептерінің ашылуы ұйымдастырылуы жағынан ғана емес
теориялық тұрғыдан да қиындықтар тудырды. Бастапқы күндерден-ақ болашақ
қолөнер шеберлерін кімнің және қалай оқыту қажеттігі айқын болмады. Халық
өнерінің өркендеуін жақтаушылар бір жағынан, халық өнерін жаңа уақыт өнері
жетістіктері негізінде қайта өңдеу керек деп ұғынса, екінші жағынан қолөнеріне
үйрету тек қана көркемөнер мектептері мен училищелері жүйесінде құрыла
алмайтындығын, халық шығармашылығының өзіне тән ерекше формалары бар
екендігін, сондықтан да халық шеберлерінің тәжірибесін негізге алу қажеттігін
де түсінді. Әйткенмен халық өнерін жаңа өнер негізінде дамытуды
жақтаушылар да, халықтың шәкірттерді қолөнерінде тәрбиелеу тәжірибесінің
тарихына сүйеніп ұйымдастыруды көздеген ғалымдар, суретшілер, земстволық
қайраткерлер де дәл сол уақытта курстың нақты оқу бағдарламасын жасай
алмады.
Сәндік-қолданбалы өнерге үйретуді жалпыға ортақ көркемсурет
училищелері аясында ғана жүргізу мүмкін еместігі аян болды, бірақ шеберлерді
кім оқыту керек және қалай оқыту керек деген мәселелер түсініксіз болды. Бір
жағынан, шеберлердің дәстүрлі амал-әдістерін сақтап қалу тиістігіне сәйкес
тәжірибелі шеберлерге қажеттілік басым болса, екінші жағынан жаңа уақыттың
өнердегі жетістіктеріне бағытталуына сай кәсіби білімді оқытушы-суретшілер
қажет болды.
Кәсіби мамандығына ие оқытушылар мен суретшілер, сондай-ақ жергілікті
органдар халықтың көркем шығармашылығындағы шәкірт тәрбиелеу тарихы
тәжірибесін жинақтау принциптері негізінде ұйымдастыруға ұмтылды.
ХІХ ғасырдың аяғында қолөнер мектептері – оқу шеберханаларын
ашудың аса қажеттілігіне сәйкес Ағарту Министрлігінің 1903 жылдың 21
сәуірдегі және 1904 жылдың 16 наурыздағы Қаулыларымен бастауыш
мектептерде қол еңбегі сыныптарының және қолөнер бөлімдерінің ашылуына
рұқсат етілді. Орыс-қазақ мектептерінде бұл оң мәнге ие болды. Мұнда қолөнер
туындыларын жасаудың алуан түрлі тәсілдері үйретілді. Дейтұрғанмен мұндай
бөлімдер Қазақстан аймағындағы барлық мектептерде жаппай ашылған жоқ.
Торғай облысында 1903 жылы 4 қолөнер бөлімі, бір қол еңбегі сыныбы болды.
Үш қыздар мектебінде қолөнер сабақтары жүргізілді. Жетісу облысы
Достарыңызбен бөлісу: |