63
негізделуі саналады. Кәсіби стандарттарды әзірлеуді салалық мемлекеттік
органдар, қызметкерлердің бірлестіктерімен бірлесіп тікелей жұмыс берушілер,
жұмыс берушілердің бірлестіктері жүзеге асырады. Мамандардың біліктілігінің
сәйкестілігін растау және біліктілік беру тәртібіне, сондай-ақ персоналға
сертификат берудің бекітілген схемаларына сәйкес біліктілікті растаудың
тәуелсіз жүйесін енгізу іске асады [57].
Қазақстанның кәсіби білім беруіне дуальді оқытуды ендіру бойынша
жоғарыда айтылып өткен мәліметтерді кестеде көрсеттік (кесте 3).
Кесте 3 – Қазақстанның кәсіби білім беру жүйесіне дуальді оқытудың ендірілуі
жөніндегі хронологиялық кесте
Іс-шаралар атауы
Жылдар
1
2
ҚР Білім беруді дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған
мемлекеттік бағдарламасы.
16 қазан 2010 ж.
ҚР «Білім туралы» Заңына өзгерістер енгізіліп, кооперативтік
оқытуға анықтамалар берілді.
24 қазан 2011ж.
Мемлекттік басшысының Германияға іс-сапары барысында
«Кәсіпорындарда және оқу орындарында дуальды оқытуды енгізуді
қарастыру» туралы тапсырмасы;
7-8 ақпан 2012ж.
ҚР дуальды оқытуды енгізу бойынша келісімге қол қоюға негізгі
себебі «Назарбаев-Меркель бастамасы»;
2012 жылы
Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың «Жас Отан» жастар қанатының II
съезіндегі сөйлеген сөзінде: «Жаңа университеттер,
кәсіптікколледждер - сіздер үшін. Жаңа зауыттар мен жұмыс
орындары олар да сіздер үшін...» -деп айтқан;
16 қараша 2012 ж.
ҚР Білім және ғылым министрлігі Қарағанды қаласының
әкімшілігімен бiрлескен Теміртау қаласында өткен біріншi
форумында «Техникалық және кәсiптік білім беруге
оқытудыңдуальды жүйесін енгiзу бойынша жұмыс тәжiрибесiн
зерделеу»;
6 сәуір 2012 ж
ҚР Білім және ғылым министрлігі Қарағанды қаласының
әкімшілігімен бiрлескен Теміртау қаласында өткен екiншi
форумында «Техникалық және кәсiптік білім беру дуальды оқыту
жүйесін енгiзу бойынша жұмыс тәжiрибесiнде»;
26 сәуір 2012
ҚР Президенті Н.Ә. Назарбаевтың «Қазақстан-2050» стратегиясы
қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» атты Қазақстан
халқына Жолдауы.
14 желтоқсан 2012
Германия қоғамымен халықаралық ынтымақтастық (GIZ)
бойынша келісімге қол қойылды;
1 сәуір 2013 ж.
ҚР Білім және ғылым министрлігінде дөңгелек үстел;
18 маусым 2013ж.
Дуальды оқыту бойынша Балқаш қаласында Республикалық
семинар-кеңес өтті;
10-11 қазан 2013
РҒӘО базасында «Дуальды оқыту жүйесін енгізіу» пилоттық
жобасы бойынша семинар кеңес;
2013-2016
жж.
аралығында
Мемлекет басшысы Н.Ә.Назарбаевтың «Қазақстан халқына
жолдауы», «Қазақстан - 2050»«Бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ
Қазақстан халқына Жолдауы.
17 қаңтар 2014ж.
64
3 – кестенің жалғасы
1
2
«ТжКББ дуальды жүйесін ендіру тәжірибесі» ІІІ-ші
Республикалық форум;
15 мамыр 2014ж.
ҚР БжҒМ, халықаралық ынтымақтастық жөніндегі Германия
қоғамы (GIZ) және ҚР ҰКП арасында «Дуальды оқытуды енгізу»
пилоттық жобасын іске асыру отырысы;
8 шілде 2014 ж.
Дуальды оқытудың Жол картасы іске асты;
14 қаңтар 2014 ж.
Елбасының Қазақстан халығына жолдауында «Жақын 2-3 жылда
техникалық білім беру және дуальдық оқыту жүйесінің ұлттық
ядросың құру»,-деп атап өтті.
2014 жылғы
Германия кәсіпорындарымен бірлесіп, дуальды оқыту бойынша
стратегиялық альянстың жұмысы басталды.
1 наурыз 2015 ж.
Германия қоғамымен халықаралық ынтымақтастық (GIZ)
бойынша келісім ұзартылды;
1
сәуір
2015
жылдан 31наурыз
2018 жылға дейінгі
аралықта
ҚР Білім және ғылым министрінің дуальды оқытуды
ұйымдастыру қағидасы №50 бұйрығы бекітілді;
21 қаңтар 2016 ж.
Қарағанды политехникалық колледжінде семинар кеңес өтті.
2 наурыз 2016 ж.
ҚР білім беруді және ғылымды дамытудың 2016-2019 жж. арналған
мемлекеттік бағдарламасы
2016-2019 жж.
Астана қаласында таукен секторы бойынша кадрлар даярлау
мәселесіне қатысты ҚР БжҒМ мен GIZ бірлескен заңнамалық
жұмыстарының нәтижесінде ірі көлемде конференция өтті.
6-7
желтоқсан
2016ж.
«Дуальды оқытуды ұйымдастыру мәселелері» бойынша Алматы
және Өскемен қалаларында дөңгелек үстел өтті;
Ақпан 2017 ж.
Тараз қаласында «Педагогикалық кадрларды даярлауда дуальды
оқыту жүйесін ендіру» халықаралық форум өтті.
27-28 сәуір 2017
ж.
ҚР Білім және ғылым министрілігі мен «Холдинг «Кәсіпқор»
комерциялық емес акционерлік қоғамы бірлесіп, «Дуальді оқыту:
үздік тәжірибелер, трендтер және стратегиялар» тақырыбында
халықаралық конференциясын өткізді.
21 қараша 2017 ж.
«Дуальді кәсіптік білім – кәсіпорындардың бәсекеге қабілеттіліктері
және инновациялылықтары. Қазақстанға және қазақстандық-
германиялық
ынтымақтастыққа
арналған
цифрландыру
нәтижесіндегі жаңа көкжиектер» тақырыбына конференция өтті.
20-21 ақпан 2018 ж.
Қ.А.Ясауи атындағы ХҚТУ ректоры Б.С.Абдрасилов және Кентау
трансформатор
зауытының
Бас
директоры
С.И.Қожабаев
Ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды.
30 қазан 2018 ж.
«Дуальді оқытуды ұйымдастыру қағидаларын бекіту туралы»
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2016 жылғы
21 қаңтардағы № 50 бұйрығына өзгеріс енгізілді.
7 қараша 2018ж.
Бағдарламаның жүзеге асуы мен жетілдірілуінде Қазақстанда 2011 жылы
құрылған «Кәсіпкер» холдингінің маңызы зор. Холдингтің миссиясы жоғары
деңгейдегі кәсіби мамандар даярлау. Шетелдік серіктестермен, колледждермен
келісімшарттарға отыру [58].
Достарыңызбен бөлісу: |