30
иедеологияға қарамастан) бұл жайдан жақсы хабардар. Соған қарамастан,
көптеген жастар шәкірттік жүйесіне оқуға түстіп жатты, олар онда кәсіптік
білім идеологиясы тартымды болғандықтан емес, халықтық мектеп
жібергендіктен барды. Селективті деп атауға болатын мектеп жүйесін сарапқа
салсақ, бұл болжамды оп-оңай дәлелдеуге болады.
Германияның көптеген облыстарында оқушылар бағыттау сатысы деп
аталатын (Orientierungsstufe) төртжылдық бастауыш мектепті бітіргеннен кейін
оқуын ары қарай жалғастыру үшін жалпы білім беретін мектептің үш түріне
таңдалатын және күні бүгінге дейін таңдалады: гимназия (Gymnasium) - 9 жыл,
реаль мектеп (Realschule) - 6 жыл, негізгі (жаппай көпшіліктік) мектеп
(Hauptschule) - 5 жыл.
Бастауыш мектептен гимназияға таңдалған азғантай оқушы ғана толық
орта білім алып (Abitur), университетке оқуға түсетін, ал оқушылардың басым
көпшілігі үшін шәкірттік жүйеден басқа таңдау болмады. Реаль мектеп негізгі
мектепке қарағанда едәуір жоғары деңгейде жалпы білім берді, және негізгі
мектепке қарағанда қызметкер немесе одан да тартымды мамандықтарға
дайындалуға жақсырақ мүмкіндік ұсынды. Қабылдаудың шектеулілігіне
қарамастан гимназия оқушылары мен университет студенттерінің саны
жылдан-жылға арта түсті. 1980 жылы елде 972 мың университет студенті және
2 716 мың шәкірттік жүйесінде болды. 1990 жылы Германияның тарихында
алғаш рет студенттердің саны шәкірттік жүйесінің оқушыларының санынан
артып түсті: 1 559 мың студент және 1 500 мың шәкірт. Жұмыс берушілер бұл
жайлы «маманданған жұмыс күшінің жетіспеуі» деген атпен газеттерде
жариялады. Араға жарты жыл салып олар «білім беру мен жұмыспен қамту теп-
теңдік жойылды» деп жар салып, орта және жоғары білім инфляциясын сынға
алды. Abitur (аттестат) иелері мен студенттердің күткені олар меңгерген
іскерліктер деңгейімен салыстырғанда әлдеқайда жоғары болды, ал оларды
университтік білім алуға бағыттау шәкірттік саласында көптеген маңызды
мамандықтарда оқитындардың санының күрт төмендеуіне әкеп соқтырды.
Мысалы, 1991жылы өңдеу өндірісінде шәкірттік салада орынның жартысына
жуығы бос қалды.
Жұмыс берушілер проблеманы әсірелеп жіберген болуы мүмкін, дегенмен,
оның мәнісін дәл анықтап отыр. Германияда кәсіптік оқытудың дуальді
формасының
табысты
болуы
мектептің
үш
типі
ұсынатын
альтернетиваның шектеулілігіне байланысты болды. 90 жылдардың басына
дейін оқушылардың басым бөлігі шәкірттік жүйесіне қосылғанға дейін негізгі
және реаль мектептерде оқыды. Hauptschule (негізгі мектеп) деген атауының өзі
білім беру жүйесінің саяси мақсатын көрсетеді, яғни оқушылардың басым
көпшілігінің академиялық білімнен бас тартуына ықпалетті. Алайда жақсы
білім алуға деген әлеуметтік қажеттілік реаль мектеп пен гимназия
оқушыларының санының артуына әкеп соқтырды (кейбір қалаларда олардың
әрқайсысы 60% дейін артуы), ал «негізгі жаппай мектеп» төменгі әлеуметтік
топтар мен мигранттарға қалды.
31
XX ғасырдың 90-жылдары Германияда ГДР мен ФРГ бірігуімен
байланысты үлкен саяси өзгерістер орын алды және Елдің бүкіл
территориясында кәсіптік білім беру жүйесінің қызметіне әсерін тигізбей
қойған жоқ.
Шығыс Германияның жалпы білім беру жүйесі батыс германиялық жүйеге
бейімделді. Жалпы мектептік білім беру жүйесінің дәстүрлі батыс германиялық
үш звенолық жүйесіне қауіпті болуы мүмкін деп саналып, оның кейбір
элементтері сол заматта жойылды. Парламент, өкімет және кәсіптік білім беру
Федеральды институты кәсіпорындарға кәсіптік оқытуды енгізу, яғни
шәкірттікті енгізуді қолдап дауыс берді. ГДР-ғы онжылдық мектеп дәстүрлі
батыс германдыққа ауыстырылды. Бұрын ГДР-да болған кәсіптік оқытудың
толық орта білім алумен ұштасқан формасы (Abitur/ аттестат) енді мүмкін
болмады. Бұрын Шығыс Германияда 6% жуық жастар осы қос квалификацияны
алды, ал олардың көбі оқуды ЖОО жалғастырды. Жастардың осы қос
квалификацияны алуын экономикалық тұрғыдан объективті бағалай келе ресми
ведомостволар кәсіби білім алуды рационалды емес деп тапты.
Дегенмен, ГДР кәсіптік білім жүйесі батыс германдық жүйеден мектеп тік
білім беру жүйесіндей қатты ерекшеленбегенін айтқан жөн.Кәсіптік білім
жүйесі кәсіпорындар мен кәсіптік мектептерде ұйымдастырылды. Германия
біріккеннен кейін фирмалар жеке меншікке айналды, ал кәсіптік мектептер
мемлекеттік болды.Оқытудың дуальді формасы қайта енгізілді, бірақ бұл
жолы «ескі облыстардың» стандартталған схемасы бойынша. Көптеген
мамандықтар
бойынша
дайындық
ұзақтығы
батыс
германдық
стандарттарға сәйкестендірілді және екі жылдың орнына 3 немесе 3,5 жыл
болды. Маман дайындау ұзақтығы негізінен практикалық іскерліктерді
қалыптастыру үшін қажет деп саналды. Көптеген шығыс еуропалық
фирмалардың құлдырауына байланысты шәкірттердің саны 135 мыңнан (1989
ж.) 90 мыңға дейін (1991 ж.) азайды.
"Konkurslehrling" - шәкірт-банкрот деген жаңа термин, және мамандық алу
мүмкіндігінің болмауы экономикалық кризис тұсында шәкірттік жүйенің
осалдығын көрсетеді. Шығыс Германиядан 20 мыңнан астам немістің
шәкірттіктен өту үшін шығыс еуропалық фирмаларға орналасуы. Ал Шығыс
Германияның метал өңдеу және құрылыс өндіріс шәкірттік жүйесінде жұмыс
орындарын
компенсациялауда
үлкен
қиындықтарға
кездесті.
Батыс
Германиядағы сияқты мамандықтың жасырын иерархиясы белгілі болды.
Жастар шәкірттікке негізінен беделді мамандықтар: коммерсант, сақтандыру
агенті, банк қызметкері бойынша өтуге талпынды.
Екінші дүниежүзілік соғыстан кейін Батыс Германияның өнеркәсібі
экономикалық жаңаруды бастан кешті. Оның жылдам дамуының шешуші
факторы 1948 жылы экономикалық басқарудан нарықтық экономикаға көшу
болды. Нарықтық экономиканың ерекше белгісі кәсіпкердің жеке
жауапкершілігі болып табылады, ол тек өзінің фирмасының өсуіне және оның
өзгермелі жағдайларға бейімделуіне қамқорлық жасауы керек болды.
Экономика саласындағы мемлекеттік саясат негізінен шағын және орта
Достарыңызбен бөлісу: |