Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі
С. Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университеті
Жылуэнергетика кафедрасы
ЖҰМЫСТЫҚ БАҒДАРЛАМА
ЖЫЛУЭНЕРГЕТИКАЛЫҚ ЖҮЙЕЛЕР ЖӘНЕ
ЭНЕРГИЯНЫ ПАЙДАЛАНУ
Павлодар
Ф СО ПГУ 7.18.1/06
БЕКІТЕМІН
ОЖ бойынша проректор
«___» ______ 200_ ж.
Құрастырушы: аға оқытушы_____________ Тілеубай Ж.Ж.
Жылуэнергетика кафедрасы
ЖҰМЫСТЫҚ БАҒДАРЛАМА
050717 «Жылуэнергетика» мамандығының студенттеріне арналған жалпы орта білім негізінде, оқу түрі күндізгі.
Бағдарлама «Жылуэнергетика» мамандық студенттері үшін арнайы Мемлекеттік ҚР МБС 3.07.09 - 2001 және ҚР білім және ғылым министрлігімен 11 мамыр 2005 ж № 289 типтік оқу бағдарламасының негізінде өңделген.
Кафедра отырысында ұсынылған «__»_________ 200__ж. Хаттама № ___
Кафедра меңгерушісі ___________________ К.Т. Баубеков
Энергетика факультетінің әдістемелік кеңесімен жақталған
«___» _____________ 200_ ж. Хаттама № ____
ӘК төрағасы ______________ М.М. Кабдуалиева
КЕЛІСІЛГЕН
Факультет деканы_____________ Кислов А.П. “____”____________2006 ж.
ЖАҚТАЛҒАН ОӘБ
ОӘБ ТӨРАҒАСЫ_____________ Головерина Л.Т. «____» _________2006 ж.
1 ПӘН МАҚСАТЫ МЕН МІНДЕТТЕРІ, ОҚУ ПРОЦЕССІНДЕГІ АЛАТЫН ОРНЫ
1.1 Пәннің мақсаты :
студенттердің әр түрлі жылу электр станцияларының жалпы ережелері, құрылымы және жұмыс істеуі жөнінде білімдерін қалыптастыру;
ЖЭО-да электр энергиясы мен жылуды қиюлас өндіру туралы түсініктерін қалыптастыру;
өндірістік кәсіпорынның жылу және электрмен жабдықтау жүйелерінің жалпы ережелері, құрылымы және жұмыс істеуі жөнінде, жылу технологиялық өндірісте энергияны қолдану мәселелерін шешу жөнінде білімдерін қалыптастыру;
өндірістік мекеменің және коммуналдық сектордың жылумен жабдықтау жүйесі туралы білімдерін қалыптастыру;
электрмен жабдықтаудың энергетикалық және технологиялық жүйенің бір бөлігі екені туралы, электр жүйелерінің негізгі түрлері жіне сипаттамалары, өнеркәсіптік қолданушылар мен электр энергиясын қолданушылар туралы білімдерін қалыптпстыру;
қолданушыларды нормаға сәйкес сапалы, сенімді және тиімді электр энергиясымен қамтамасыз етумен байланысты мәселелерге дайындау;
энергияны электр механикалық процестерде түрлендіру, электр машиналары мен аппараттарының құрылымдары, қасиеттері сипаттамалары, пайдалану ережелері жөнінде теориялық және практикалық ережелері жөнінде теориялық білімдерді игеру;
технологиялық энергия тасымалдағыштарды өндіру және тарату жүйелері, жылу технологиялық құрылымдардың құрылымы және жұмыс істеу ережелері туралы білімдерін қалыптастыру;
суды ЖЭС-те және өндірістік кәсіпорындарда қолдану технологиясы туралы, технологиялық өнімдер ретінде қарастырылатын су мен су буының сапасына қойылатын талаптар туралы;суды дайындау ережелері және әдістері туралы; жылу электр станцияларында және өндірістік кәсіпорындарда суды дайындау мен тазартудың технологиялық процестерін аппараттық және сызбалық көркемдеп қолдану туралы білімдерді игеру;
отынның физико- химиялық қасиеттері, ларды зерттеу әдістері төңірегіндегі білімдер беру, отынды өңдеу қондырғыларын және сызбаларын технонлогияларын таңдау қабілеттерін жетілдіру.
1.2 Курстың міндеті :
әр түрлі жылу электр станцияларының жалпы ережелерін, құрылымын және қызмет істеу жолын үйрету;
ЖЭО-да электр энергиясын мен жылуды қиюлас өндіру туралы білімдер беру;
әр түрлі ЖЭС-тердің жұмыс процестері туралы білімдер алу;
ЖЭС-тағы жылу қондырғыларының жұмыс істеу принціпі және конструкциялық мағлұмат беру;
жылу техникалық өндірістің құрамы және құрылымын, өндірістік кәсіп орынның жылуды өз мұқтаждықтарына қолдану сипаттамалары, жылытулық желдетуі және ыстық сумен қамтамасыз етумен танысу;
өндірістік өнеркәсіптің жылуэнергетикалық жүйесінің сипаттамасымен танысу;
жылу технологиялық аспектінің энергетика, техника, технологияларымен өзара байланыстылығын меңгеру;
жүйені электрмен жабдықтауды меңгеру барысында, білім алумен қатар практика жүзінде электір қондырғыларының сенімді және апатсыз эксплуатациялау қарастырылады;
өндірістік жүйелерді және энергияны тасымалдауды тарату сызбаларын, сығылған ауаны тарату және өндірістік жүйенің сызбасын, суықтықты, жеке ауаның өнімдерін, отынды және т.б рационалды таңдауды үйрену;
жылутехникалық қондырғыладың және ондағы процесстердің сипаттамаларымен конструкциясын оқып үйрену;
жылумаңызалмасу аппараттарын есептй білу;
кептіру, буландыру, тұнбалау ректификациялық қондырғылардың жылу техникалық және құрылымдық, жылулық сызбаларын оқып үйрену және энергия үнемдеу технологиясын жетілдіру;
электр станцияның су- бу контурындағы өтетін физико-химиялық процесстердің негізімен (таттану, күл-қлждану, қақ тұру, будың ластануы), желілік және бастапқы су сапасымен танысу;
су-химиялық режимнің шарттарын қанағаттандыру үшін, құрылғының құрамы мен су дайындаудың физико- химиялық әдістерін меңгеру;
жылу транспорттық шаруашылықты жобалау элементтері мен сызбалары олардың эксплуатациясы, автоматтандырылуы, механизациялануы оқып үйретіледі;
ЖЭС жылуэнергетикалық қондырғыларының құрылымы және жұмыс істеу ережесінен қондырғы туралы түсінік алу;
жылутехнолгиялық өндірістің құрамымен және құрылымымен, кәсіпорынның технологиялық мұқтаждарға, және ыстық сумен жабдықтауға қолданылатын жылулық жүктемелерімен таныстыру;
кәсіпорынның жылуэнергетикалық жүйесінің құрамымен және сипаттааларымен таныстыру;
жылутехнологиялық, техникалық энергетикалық аспектілерінің өзара байланысы туралы түсініктер алу;
энергиямен жабдықтау жүйесін білу, электр қондырғыларын сенімді және қауіпсіз пайдалану жөніндегі білімдер және практикалық үрдістер алу;
энергия тасымалдағыштарды өндіру және тарату жүйелері туралы білімдер алу, салқын ауаны, суықты, ауаны ажырату өнімдерін, отынды өндіру және тарату жүйелерінің тиімді сызбасын іріктей білу;
жылутехникалық қондырғылардың құрылымын және олардағы процестер сипаттамасы туралы білімдерді қалыптастыру;
жылу-масса алмастырушы аппараттарды есептеу биімділіктерін қалыптастыру;
жылутасығыштар қасиеттері және оларды қолдану салалары туралы білімдерін қалыптастыру;
кептіруші, буландырушы, сорбциялық, ректификациялық қондырғылардың жылулық, жылутехникалық және құрылымдық сызбалармен танысу, энергияны үнемдеуші технологиялардың негізін ашу;
электр станциясын су-бу контурында өтетін негізгі физико- химиялық процестермен (коррозия, таттану, қалдықтар мен тұнбаның пайда болуы, будың ластануы және т.б), станциядағы және бастапқы сулардың қасиеттерімен танысу;
суды дайындаудың негізгі физико-химиялық әдістері туралы және су- химиялық тәртіптің тиімді жағдайларын туғызатын қондырғылардың құрамы туралы білімдерді қабылдау;
отын тасымалдау шаруашылығын жобалау сызбасы және оның элементтерімен, отынды дайындау және өңдеу жүйесімен таныстыру, оларды дұрыс пайдалану, механикаландыру және автоматтандыруды білу.
1.3 Перереквезиттер
Бұл пәнді оқу алдында келесі пәндер меңгерілуі қажет:«Физика», «Химия», «Материалтану», «Электротехника және электроника», «Техникалық термодинамика», «Жылумаңызалмасу», «Сұйық және газ механикасы», «Отын жағудың арнайы сұрақтары».
Оқу соңында студенттер міндетті түрде:
білуі қажет :
- әр түрлі ЖЭС- тар мен ЖЭО-ын ажырата білу керек;
- өндіріс масштабында жылу мен электроэнергияны алудың әдістерін білу;
- бу газ қондырғылары мен МГД- қондырғыларында энергияны алу әдістерін жетік меңгеру;
- жылу мен электроэнергияны алуда ЖЭО-ның маңызын білу;
- бутурбиналы және газтурбиналы қондырғылардың жұмыс көрсеткіштері және сызбасы жөнінде;
- шықтатқыш және жылытулық энергия блогінің сызбаларын есептеу әдістерін;
- өндірістік өнеркәсіпте жылу мен электроэнергия жүйелерінің құрамы мен жалпы принціпі;
- өндірістік өнеркәсіптерді және үйлерді жылумен жабдықтау, жылутехнологиялық прцестермен аппараттардың энергетикалық сипаттамаларын;
- өндірістік кәсіпорында жылуэнергетикалық насаналарды құру принциптері мен құрамын, жылутехнологияның энергетикалық және жылутехникалық негізін түсіну;
- жылутехнологиялық процестер мен аппараттардың энергетикалық сипаттамалары;
- электрмен жабдықтау жүйелерін,электр желілермен негізгі түрлерінің сипаттамасы;
- жылутехнологиялық процестер мен қондырғылардың сан-алуан түрлері туралы, жылу- масса алмастырушы қондырғылардың негізгі түрлері мен топтары туралы;
- энергия тасығыштарды өндіру және таратудың көлемділігі, бағыттары және жетістіктері туралы;
- ЖЭС және ӨК-да суды дайындау мақсаттары және мәселелері туралы;
- суды дайындаудың негізгі әдістері туралы;
- суды дайындау жүйесін жобалау ережелері туралы;
- отынның сапасына қойылатын талаптар туралы;
- қатты, сұйық және газ тәріздес отынды жағушы ЖЭС отын шаруашылығының технологиялық сызбалары туралы;
- істей білу қажет:
- ЖЭС сызбасын іріктеуді негіздеу;
- ЖЭС-тың әр түрлі жылулық айналымдарының энергетикалық көрсеткіштерін анықтауды;
-әр түрлі жылу технологиялық процестердің энергия және жылу мұқтажын анықтау;
- өндірістік кәсіпорынның жылу көзінің және жылумен жабдықтау жүйесінің негізгі қосалқы қондырғыларын іріктеу;
- электр желілерінің сызбасын, құрылымын және элементтерін іріктеуді негіздеу;
- нақты жағдайлар үшін электр машиналары мен аппараттарын таңдау;
- электр машиналары мен аппараттары бар жүйелердегі процестерді талдау және сипаттау;
- электр желілерінің жұмыс тәртібін есептеу;
- жылу технологиялық қондырғыларда өтетін процестерді талдау;
- жылу-масса алмастырушы аппаратты есептеу;
- энергия тасығыштар қажеттілігін анықтау;
- энергия тасығыштардың өндіруші станцияның негізгі және қосалқы қондырғыларын іріктеуді негіздеу;
- энергия тасығыштарды өндіру және тарату жүйелерінің жылу технологиялық қондырғыларын есептеу үшін компьютерлік технологияларды қолдану;
- суды баптаудың жеке кезендерінің негізгі параметрлерін есептеу;
- бастапқы мәліметтер мен қойылған талаптарды ескере отырып суды дайындау сызбасын іріктеуді негіздеу;
- нақты отынның түрін және сапасын ескере отырып отын дайындау сызбасын іріктеуді негіздеу ;
2 Пән мазмұны
| Ф СО ПГУ 7.18.1/13
|
ПӘННІҢ ТАҚЫРЫПТЫҚ ЖОСПАРЫ
|
Тақырып аты
|
Сағаттар саны
|
|
Дәріс
|
Тәж
|
Зерт
|
СӨЖ
|
1
|
2
|
3
|
4
|
5
|
1 Кіріспе.
|
5
|
|
|
|
2 Жылу және электр энергиясын өндіру және қолдану.
|
5
|
4
|
|
7
|
3 Жылуэнергетикалық қондырғылар.
|
5
|
3
|
|
7
|
4Өнеркәсіпте және жылу технологиялық өндірісте энергияны қолдану.
|
5
|
4
|
|
7
|
5 Электр желілері және өнеркәсіпорындарын электрмен жабдықтау
|
5
|
3
|
|
7
|
6 Электр машиналары және аппараттары.
|
5
|
3
|
|
7
|
7 Жылутехнологиясының процестері мен аппараттары.
|
5
|
4
|
|
7
|
8 Өндірістік кәсіпорындар энергия тасығыштарын өндіру және тарату жүйелері.
|
5
|
3
|
|
7
|
9 ЖЭС және өндірістік кәсіпорындарындағы су және отын технологиясы: теория негіздері, өңдеу әдістері және құралдары.
|
5
|
3
|
|
7
|
10 Жылуландыру жүктемесін сапалық реттеудің температуралық графигін анықтау
|
|
|
3
|
6
|
11 Жылулық тораптар құбырларының температуралық ұзаруларын компенсациялауды зерттеу
|
|
|
3
|
6
|
12 Өнеркәсіп орынның жылдық жылутұтынуы
|
|
|
3
|
6
|
13Дисперстік материал қабатта құрғатудағы жылумаңызалмасу
|
|
|
3
|
6
|
14 Жылулық пункттың жұмысын зерттеу
|
|
|
3
|
5
|
15 Қалалардың сулық жылумен жабдықтау жүйелерінде жылутасығыш температуралары мен шығындарының графиктерін зерттеу
|
|
|
3
|
5
|
Жалпы
|
45
|
27
|
18
|
90
|
Достарыңызбен бөлісу: |