Энциклопедия indd


С. Торайғыров атындағы облыстық.   Кітапхана энциклопедиясы



жүктеу 2,93 Mb.
Pdf просмотр
бет47/116
Дата24.01.2020
өлшемі2,93 Mb.
#27241
1   ...   43   44   45   46   47   48   49   50   ...   116

98
С. Торайғыров атындағы облыстық.   Кітапхана энциклопедиясы
теріндегі  мақалалармен  танысты-
ру.  Отырыстар  ай  сайын  әр  түрлі 
тақырыптарда  өткізіледі:  «Психо-
логическое  мышление  и  здоровье», 
«Очищение  организма»,  «Мед  и 
медолечение»,  «Культура  эмоций», 
«Тренировка иммунитета» және т.б. 
Серіктестері:  СӨС  қалыптастыру 
орталығы, «Көмек» фитоорталығы, 
«Наринэ» компаниясының өкілдері 
және т.б.
Статистикалық есеп пен бақылау 
секторы –  Оқырмандардың  тірке-
луі  мен  есепке  алуын  жүзеге  асы-
ратын  кітапхананың  құрылымдық 
бөлімшесі.  Сектор  қызметкерлері 
оқырман  билетін  хаттайды,  пайда-
лану ережесімен және кітапхана ре-
сурстарымен  таныстырады,  қызмет 
көрсетудің  статистикалық  есебін 
жүргізеді,  оқу  жайларына  кіргенде 
және шығар кезде бақылау жүргізеді.
Стратегиялық жоспарлау – Кітап-
хананың  мақсатты  жаңашыл  да-
муы.  Стратегиялық  жоспарлау 
кітапхананың ұзақ мерзімді дамуын 
қамтиды.
«Сценарийлер» – ДБ 2009 ж. жүр-
гізіледі.  Көпшілік  іс-шаралардың 
сценарийлері,  даярламалар  топтас-
тырылған. 
Сыйлау –  Кітапханаға  жеке  тұл-
ғалардың,  мекемелердің  немесе 
басқа кітапханалардың құжаттарды 
ақысыз  беруі.  Сыйлық  облыстық 
кітапхана  қорын  толықытратын 
қосымша  көз.  Мысалы,  2011  ж. 
сыйлыққа 800 дана алынды.
Съезд –  Қоғамдық  топтардың  не-
месе  халық  топтары  өкілдерінің 
жиналысы.  Қазақстандағы  кітап-
хана  қызметкерлерінің  І  съезі 
1960  ж.  Алматы  қ  өтті.  «ХХІ  ға-
сыр  кітапханалары»  атты  кітап-
ханашылардың  Алматы  қ.  өткен 
ІІ  съезіне  1998  ж.  директор  
М.А.  Жиенбаева,  ғылыми-әдісте-
мелік  бөлім  меңгерушісі  Н.И.  Бон-
даренко қатысты.
Сергеева  Тамара  Семеновна –  
1936  ж.т.  Облыстық  кітапханада 
1988-2006  жж.  жұмыс  істеген.  Бух-
галтерлік  мектеп  бітірген  (1969). 
1988  ж.  облыстық  кітапхананың 
әкімшілік-шаруашылық  жұмы сы 
бойынша  директор  орынбасары.  
Кітапхананың  техникалық  қызмет-
терінің  жұмысын  қамтамасыз  етті, 
кітапхананың  ғимаратын  ұстауда 
жауапкершілікпен  қарады  Ерең 
еңбекқорлығымен  ерекшеленетін. 
Кітапхана  қызметкерлер  арасында 
сыйлы  болатын.  Облыстық  кітап-
хананың  грамоталарымен  ма ра пат-
талған.
Серимова  Маргарита  Шайзада-
қызы –  1970  ж.т.  Облыстық  кітап - 
ханада  2011  ж.  жұмыс  істейді. 
Новосібір  облыстық  мәдениет  учи-
лищесінің  кітапхана  бөлімін  (1991) 
бітірген.  1991-1992  жж.  –  «Элек-
тросигнал»  АҚ  кітапханасының 
абонемент  бөлімінің  меңгерушісі 
1992-1996 жж. – мәдени-спорт орта-
лығының  кітапханашысы,  1996- 
1998  жж.  –  «СПЭЛ»  ЖАҚ  кітап-
ха нашысы  (Новосібір  қ.),  1998- 


99
С. Торайғыров атындағы облыстық.   Кітапхана энциклопедиясы
2009  жж.  –  Успен  ауданының  Оль - 
гинка,  Тимирязевка  орта  мектеп - 
терінің  кітапханашысы,  2011  ж.  
облыстық  кітапха наның  ауыл  ша - 
руа шылық  және  техни калық  әде-
биеттер  бөлімінің  кітапхана шысы. 
«Мақалалар» ДБ, «Наш очаг», «Фи-
алочка»  клуб тарының  жұмысын 
жүргізеді.
Скульская  Татьяна  Юрьевна – 
1985  ж.т.  Облыстық  кітпаханада 
2008  ж.  жұмыс  істейді.  ПМПИ-
дің  филология  факультетін  (2008) 
бітірді.  Челябинск  мемлекеттік 
мәде ниет және өнер академиясының 
магистранты.  2008  ж.  абонмент 
бөлімінің  кітапханашысы.  Жасөс-
пірімдер  кафедрасының  жұ мысын 
ұйымдастырады.  «Айтол қын»  клу-
бының  жұмысын  жүргізіп,  оқыр - 
ман қыздардың арасында салауатты 
өмір салтын насихаттайды. Оқитын 
жастардың  оқу  қызығушыларын 
жақсы  біледі,  жасөспірім  оқыр-
мандардың  сұра ныстарын  қалып-
тастырады.  «Қаладағы  демалыс» 
жазғы  жобасының  іске  асыру - 
шылардың  бірі,  «Жанашыр»  бағ-
дарламасының  белсенді  қаты-
сушысы.  Бөлім  қорын  ретрокон-
версияла,  өлке тану  басылымда-
рын  сандық  форматқа  көшіруге 
қатысады.  Кітапхананың  кәсіподақ 
комитетінің мүшесі.
Смағұлова  Гүлжанат  Талғат-
қызы –  1982  ж.т.  Облыстық  кітап-
ханада  2011  ж.  жұмыс  істейді. 
ҚазМҚУ  (2003),  ПМПИ-нің  тарих 
факультетін  (2006)  бітірді.  2003-
2007  жж.  –  Ақтоғай  аудандық  со-
тының бас маманы, 2007-2011 жж. –  
Комитет  Басқармасының  құқық 
статистикасы  және  арнайы  есеп-
тер  маманы.  2011  ж.  –  облыстық 
кітапхананың  библиографы.  «Ма-
қалалар»  ДБ,  «Павлодар  Ертіс 
Өңірі» толық мәтінді ДБ жүргізеді. 
«Әділет» орталығының пайдалану-
шыларын құқықтық сұрақтары бой-
ынша кеңестер береді.
Смағұлова  Сауле   Қайроллақызы – 
1956  ж.т.  Облыстық  кітапханада 
1978  ж.  жұмыс  істейді.  Қазақ  мем-
лекеттік  әйелдер  педагогикалық 
институтының  кітапхана  факуль-
тетін (1978) бітірді. 1973-1974 жж. –  
Павлодар  ауданының  Пресновка 
ауылдық  кітпахананың  кітапха - 
нашысы, 1978-1988 жж. – облыстық 
кітпахана әдіскері, 1988-1997 жж. –  
кітап  өндеу  бөлімінің  кітапха на - 
шысы,  1997-2005  жж.  –  әдіскер,  
2005  ж.  кітап  сақтау  бөлімінің 
кітапханашысы.  Облыс  кітпахана-
ларында қазақ тіліндегі әдебиеттер-
ді  насихаттауды  ұйымдастыру  мә-
селерімен  айналысқан,  облыстық 
кеңестерде,  семинарларда  осы  сұ - 
рақ тар  бойынша  баяндамалар  жа-
сады.  Қазақ  тілінде  10-ға  жуық  
басылымдарды  дайындады:  «Қ.  Ыды- 
рысовқа  75  жыл»,  «М.  Әлім баевқа 
80  жыл»,  «Өлеңмен  өріп  өмірін»,  
«С.  Дөнентаевқа  110  жыл».  Кітап 
сақтау  бөлімінде  қазақ  тіліндегі 
қорды  сақтауға  жауапты,  бөлім 
қорын  жақсы  біледі.  «Сирек  кі-
тап тар»  ДБ  толықтырады,  ретро-


жүктеу 2,93 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   43   44   45   46   47   48   49   50   ...   116




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау